Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pedagogika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
181.71 Кб
Скачать

31) Студенттердің оқу еңбегінің мәдениеті туралы түсінік

Студенттердің оқу еңбегінің мәдениеті – студенттің өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – студент мәдениет саласының өрісі кең. Оның дәрежесі мен сипаты оқу орнындағы қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: студенттің мәдени әрекет,студенттің мәдени ортасы, оқу еңбегі барысында қолданатын мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Қазіргі таңда студент үшін мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым оның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай қажеттіліктерді жатқызамыз: оқудың мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары.

32) Студенттердің оқу жұмысының әртүрлі формаларында оқу әрекетін ұйымдастыру

Студенттердің оқу жұмысының әртүрлі формаларында яғни реферат жазу, шығармашылық тапсырыс, курстық диплом, диплом және конкурстық жұмыс, ғылыми-практикалық конференцияда баяндама,мақала,тезис,хабарлама, олимпиада және сайыстар. Бұл жұмыстар болашақ мұғалімнің ұстаздық кәсіби маман ретінде даярлау ретінде ықпалы зор. Ал сайысқа қатысулар ұтымдылықты сондай-ақ болашақ маманның кәсіби біліктілігін арттырады. Студенттердің оқу жұмыстары жобалау кезеңдерінен өтіп жүргізу технологиялары арқылы іске асады.Яғни пратикада зерттеліп отырған жағдайымен таныстырылып, нәтижесін қорытындылап,қолданысқа енгізу. Ғылыми баяндаманы ұйымдастыру ең алдымен баяндаманың өзектілігін талқылау, мақсатын құру,баяндаманы оқуға жаттығу, даярлық жүргізу. Тундайтын проблемаларды зерттеу жоспарын құруда оған даярлық және баяндама әзірлеу кезеңінің технологиясын тәжірибе жүзінде қарастыру.

33) Бірінші курс студенттерінің оқу еңбегінің мәдениетін меңгеру маңыздылығы

Қазіргі кезде жоғары оқу орнында 1 курс студенттердің жалпы және арнайы дағды, білік, білімдер жүйесін қамтамасыз етіп қоймай, білімді өз бетімен игеру қажеттілігін және оқу еңбегінің мәдениетін меңгеру маңыздылығын қалыптастыруды қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар қазіргі уақытта ғылыми-техникалық апараттар ағыныны орасан зор болуы оны оқытуды қысқа мерзмінде оқу бағдарламасына сыйдырып, студенттер санасына жеткізуде қиындықтар туғызады.Сол себепті студент өзіндік жұмыстар жасаудың аясын кеңейту керек. Өз бетімен жұмыс оқытушы студентті сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы әрекетін ұйымдастыратын оқытудың дидактикалық құралы болып келеді. Сыртқы өзіндік жұмыс оқытуды құралы ретінде әр түрлі тапсырмалар түрінде берілсе, ішкі өзіндік жұмыс студенттердің ойына оқу енетін танымды және практикалы тапсырмалар түрінде өрнектеледі. Студенттердің оқу жұмысының әртүрлі формаларында оқу әрекетін ұйымдастыруда өзіндік жұмыстын қабылдау орасан зор маңызға ие. Студенттерінің оқу еңбегінің мәдениетін меңгеру маңыздылығы ол математикалы ойлауды дамытады, танымды қызыушылыққа және білуге құмарлыққа трбиелейді, қажетт білік пен дағдыны қалыптастырады, материалды саналы мегеруін көрсетеді, оқу жұмыстарынрын орындауда жауапкершлік сезімін, еңбек сүйгіштікке, табандылыққа жне мақсата жетудегі шыдамдылыққа тәрбиелейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]