Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жасик желдету.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.03 Mб
Скачать

3.2 Желдеткіш қондырғыларын жөндеу кезіндегі техника қауіпсіздігі

Өндіріс үдерісінің қауіпсіздігі МЕСТ 12.3.002 - 75 және ОСТ 46.0.141 – 83 - ке сәйкес ұйымдастырылады.

Өндірістік үдерістің қауіпсіздігі төмендегідей жолдармен қамтамасыз етілуі тиіс:

  • өндірістің озат технологиясын пайдалану арқылы және өндіріс жабдықтарының күтімін тәртіпке сәйкес сапалы жүргізу арқылы;

  • салынатын құрылыстарды, мал қораларын, астық қоймаларын, басқа да қоймаларды мемлекеттік стандарттың нормалары мен талаптарына сай етіп салу керек;

  • құрама жем дайындау мен өңдеудің әдістерін дұрыс таңдау арқылы;

  • жұмыс орындарын дұрыс жабдықтап, жұмысшыларды денсаулығына, біліміне, қабілетіне қарай іріктеу арқылы;

  • арнайы киімдер мен жеке қорғану құралдарын пайдалану арқылы;

  • қауіпсіздік талаптарын үнемі бақылауға алып отыру арқылы.

Осылардың іске асырылуына бас мамандар мен бөлімше басшылары жауапты болып саналады.

Шаруашылық жұмыстарын жоспарлау мен ұйымдастыру барысында еңбек қауәпсіздігіне байланысты төмендегідей шаралар ескерілуі тиіс:

  • жұмысты механикаландыру, автоматтандыру, қашықтан басқаруды енгізу;

  • жабдықтарды дер кезінде жөндеп реттеу;

  • жұмысшыларды қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың көздерінің тікелей әсеріне ұшыратпау;

  • қауіпті немесе зиянды операцияларды алмастыру;

  • өндірісте қауіпті немесе зиянды жағдайлардың орын алғандығын дер кезінде сезіп, алдын алу.

Технологиялық үрдістердің тәртібі төмендегідей жағдайларды қамтамасыз ету керек:

  • машиналар мен механизмдердің жұмысын қауіпсіз етіп ұйымдастыру;

  • машиналардың жүктелуі оның өнімділік дәрежесіне сәйкес болуы.

Жұмыс орындарын ұйымдастырудың талаптары:

  • СНиП стандартына сәйкес жұмыс орны қажетті жарықпен қамтамасы з етілуі;

  • жабдықтардың арасында ені м адам жүретін ашық жер қалдырылуы тиіс;

  • технологиялық желілерді басқару пульті адамға ыңғайлы және қауіпсіз жерге орналастырылуы қажет;

  • жұмыс орындары дәрі дәрмектермен, ауыз сумен, қол жуғышпен, душпен қамтамсыз етілуі тиіс;

  • электр тогы жүретін объектілер изоляцияланған, адамға зақым келтірмейтін жерде орналастырылуы тиіс.

4. Астық өңдеу кәсіпорнындағы қоршаған ортаны қорғау

Атмосфералық ауаны қорғау туралы заң қабылданған. Бұл заңмен атмосфераға ластағыш заттардың жіберілетін шекті нормасын бекіту туралы талаптар қарастырылған. Ластанудың әрбір қайнар көзіне нормаларды бекітеді. Атмосфераға зарарлы заттектердің шығарылуы жіберілетін шекті концентрациядан аспауы тиіс.

Заң бойынша стационарлы қайнар көзбен атмосфераға зарарлы заттектердің шығарылуы атмосфералық ауаның қорғалуын қамтамасыз ететін нормалар мен басқа талаптарды сақтау барысында жіберілуі мүмкін.

Егер өнеркәсіп ауаға зарарлы заттардың және физикалық ластаушы заттардың ықпалын төмендете алмаса, онда бұл кәсіпорындар жабылады немесе өнеркәсіптік профильге өзгерістер енгізеді.

Атмосфералық ластануды төмендету үшін зарарлы заттардың құрамындағы шаңның жоғары қосындысын аздату қажет.

Атмосфераға шаңның шығарылуын төмендетудің келесі негізгі жұмыстары: атмосфераға ауаның шығарылуын төмендету; оның шаңдық құрамын төмендету.

Ауаның шығарылуын төмендету. Бұл жабдықтан сорып алынатын ауаның санын төмендету барысында; жабдықтан сорып алынатын ауаның бекітулі циклін қолдану барысында; ауаның бекітулі циклі бар жабдықты қолдану барысында; периодты жұмыс істейтін жабдықтарда ауаны шығаратын қондырғыларды орнату барысында; ауаның рециркуляциясы барысында мүмкін.

Ауаның бекітілу циклі бар жабдықты қолдану. Бұл жабдыққа мыналарды жатқызады, мысалы, ауалық сепараторлар, бұл жабдықтарда ауа жабдықтың ішінде айналып, өнімді аэродинамикалық қасиеттермен ерекшелетін қоспалардан тазалайды.

Ауаның рециркуляциясы. Аспирационды қондырғылардан шығатын ауаның жартысын цехтерді жылыту негізінде бөлмелерге қайтадан оралту болар еді. Бірақ бұл үшін ауаның құрамындағы шаң 30%-дан жоғары болмайтындай ауа шаңнан тазалануы керек. Өрт пен жарылыстардан қорғалу үшін шаңның жіберілетін шекті концентрациясын қадағалау қажет.

Шығарылатын ауаның шаңдық құрамын төмендету. Бұл шара келесі жағдайда мүмкін:

  • Жабдықтан алынып тасталынатын ауамен бірге шаңның мөлшерін төмендету;

  • Шаңнан ауаны тазартудың рационалды сұлбасын қолдану;

  • Шаңды ұстайтын жабдықтардың сапасын және жұмыс істеуін жоғарылату.

Жобаланатын мекемеде қазіргі нормаларға сәйкес жалпы және арнайы тұрмыстық бөлмелерді және қондырғыларды салады: гардероб пен душ бөлмесі, жуынатын, жиналатын, шылым шегетін және т.б., сонымен қатар асхана мен алғашқы көмек көрсетілетін медициналық пункт. Өз кезегінде еңбек өнімділігі мен нәтижесі көбіне санитарлы-гигиеналық нормалар мен шарттарға тәуелді болады. Жобаланатын мекемеде жұмыскерлерге барлық материалдық және еңбектің санитарлы- гигиеналық шарттары дайындалады. Өндірістік бөлмелердегі шарттар адам денсаулығына және еңбек қабілеттілігіне үлкен әсерін тигізеді. Ауа ортасын тазалау үшін және еңбектің қалыпты шарттарын жасау үшін ауаны вентиляциялау қарастырылған. Ғимараттар мен құрылыстарды жетілдірген кезде қолданылатын жабдықтардың акустикалық берілгендерін есептеу қажет және оның акустикалық активтілігін төмендетуге арналған шаралар дайындау қажет. Жіберілетін шаң концентрациясы 4 мг/м2 аспауы қажет.

Астыққа кететін жанармай астық сапасының санитарлы-гигиеналық бағалауына, қоршаған ортаның экологиялық жағдайына үлкен әсерін тигізеді, себебі жанармайдың толық жанбауынан қалған өнімдерде көп таралған канцерогенді заттардың бірі – тензапирен болады. Астық кептіргіштердің ағындық қондырғыларының жұмысын қамтамасыз ету қажет, оладың техникалық жағдайын бақылау қажет, жанармайдың толық жанып кетуін қадағалау қажет.

Цехта метеорологиялық шарттар үшін ауа келіп – кетіп тұратын желдеткішті орнату.

Цехта метеорологиялық шарттар үшін ауа келіп – кетіп тұратын желдеткішті орнату.

ҚРҚН ж Е №4. 02-05.06 сәйкес жұмыс істеу шартында ең маңызды мәселе ол микроклимат яғни өндірістік цех ішіндегі ауа кеңістігінің метеорологиялық факторға сәйкес келуі. Жалпы микроклимат адам баласының денсаулығына, жұмыс істеу кезеңіне және физиологиялық іс - қимылдарына тікелей байланысты. Өте қатты жылулық әсері адам ағзасына және бойында тез шаршауды, жұмыс істеуде қарқындылығының төмендігін туғызуы мүмкін. [9]

Жобалаушы аймақта табиғи және механикалық желдеткіштер қарастырылған. Табиғи желдеткіш бөлме ішіндегі температураға сәйкес қарайластырады.

Механикалық желдеткіш, ол ауаның ауысуының арнайы желдету механизмі бар құрылғы арқылы іске асырылады. Өнімділігі мПа болған жағдайда мың сағ/м3 желдеткішті таңдап аламыз. Таңдап алған радиал Ц4-70 жұмыс істеу тәртібі А – нүктесіне сәйкес болады. Осы нүкте арқылы доңғалақ өткізгіш бөліктері мен жерлендіру мен қондырғысының арасындағы электр кедергісі 0,1 Омнан аспауы керек.

Қондырғыларды пайда болатын дыбыстық қысымның көлемі МЕСТ 1210-03 сай болуы керек. Ал дірілдің мүмкін болатын мәні МЕСТ 12 1 12 сай болуы керек.

Барлық қондырғылардың айналатын бөлшектері қауіпсіздік қоршаумен қоршалған болуы керек.

Қорытынды

Курстық жобада ұн зауытының дайындау бөліміндегі жабдықтардың аспирациясы үшін желдеткіш қондырғылардың негізгі есебі және астық өңдеу мекемелері үшін олардың маңызы қарастырылған. Курстық жұмыстың түсіндірме бөлімі 42 беттен, графикалық бөлімі А1 форматына сызылған 2 сұлбадан тұрады.

Жобалау сұрақтары және желдеткіш қондырғыларды құрастыру технологиялық бөлімінде қарастырылған.

Ұн зауытының майдалау бөлімінің аспирациясы үшін қабылданған желдеткіш қондырғылар туралы мәліметтер берілген, бұл бөлімде 3 машина орнатылды, олар: 4БЦШ-450 типті батареялы циклон, РЦИЭ 15,6-24 типті фильтр – циклон және ВР-120-45-5 типті желдеткіш.

Желдету желісінің есебі қарастырылған, магистральді бағыты анықталған, желдеткіш, шаңсорғыш және электроқозғалтқыш таңдалып алынған.

Сонымен қатар желдеткіш қондырғыларға жүргізілетін қызметке қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау шаралары қарастырылған.

Қолданылған әдебиеттер көздерінің тізімі:

  1. Оңғаров С.Т. «Желдету» оқу құралы, -Алматы, ҚазМСҚА, 1998. -150 б.

2 Зарницына Э.Г., Терехова О.Н. «Вентиляционные установки и пневмотранспорт» - Барнаул, АлтГУ, 2011-230с.

3 Мерко И.Т. «Проектирование зерноперерабатывающих предприятий с основами САПР» - Москва, ВО “Агропромиздат”, 1989.-366с.

4 Веселов С.А., Веденов В.Ф. «Вентиляционные и аспирационные установки предприятий хлебопродуктов» -М. КолосС, 2004, -240с.

5 Вайсман М.Р., Грубиян И.Я. «Вентиляционные и пневмотранспортные установки» - М. КолосС, 1984,-367с.

6 ГОСТ 31350 – 2007. Вибрация. Вентиляторы промышленные. Требования к производимой вибрации и качеству балансировки.

7 Аляшковская В.В., Краюшкин Б.А. «Вентиляционные и аспирационные установки» -М, Агропромиздат, 1986-285с.

8Дзядко А.М., Кеммер А.С. «Пневмотический транспорт на зерноперерабатывающих предприятиях» -М, КолосС, 1967-285с.

9 Қазақстан Республикасы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» заңы.- ҚРҚН ж Е №4. 02-05.06ж.

36