Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
30-44.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
45.5 Кб
Скачать

42.Транзитология ғылымының дамуының бірінші кезеңінің ерекшеліктері

Саяси транзитология – модернизацияның классикалық емес теориясы, ол классикалық модернизацияның талаптарын тым қиын деп бағалап, постмодернистік қоғам перспективаларын анықталмаған деп санайды. Транзитология модернизацияның тек екі параметрлерінің – демократизация мен маркетизацияның орындалуын талап етеді. Қысқаша айтқанда, транзитология бұл тоталитарлық және жабық қоғамдардан демократиялық қоғамдарға өту теориясы. Алғаш, өтпелі кезең идеяларын грек ойшылдары Аристотель, платон ұсынған болатын. Шын мәнінде транзитология идеяларының дамуы ХІХ ғасырдағы гуманизм принциптерінен бастау алады десек те болады. Кезеңдер:

  1. Алексис де Токвиль, Карл Маркс идеялары, Томас Пейннің «Памфлеті».

  2. ХХ ғасырдың 50 жылдарында транзиттік қоғам идеяларының алғаш пайда болуы. (модернизациялық теорияларға жауап ретінде), теоретиктері ішінде Ростоудың демократиялық қоғам теориясын атауға болады.

  3. 80жылдары демократизацияның кең етек алуы. С. Хантингтонның демократиялық толқындары.

Бірінші кезең идеяларының басты ерекшелігі – демократизация процесстерінің ортақ түсінігінің болмауы және соған байланысты туған теориялық алшақтықтар. Айталық, токвиль пікірінше, демократияға өтудің бірден бір жолы – реформалар. Ал Карл Маркс, өзінің «Капитал» еңбегінде таптық күрес теориясын ұсынып, онда пролетариат диктатурасын орнату қажеттілігі туралы айтып өтеді. Мәселен, бұл «ұжымдық демократия» деген терминмен сипатталады. Коммунизм орнату арқылы революциялық жолмен демократияға келу мүмкіндігі айқын суреттеледі.

43 Транзитология ғылымының дамуының екінші кезеңінің ерекшеліктері

Саяси транзитология – модернизацияның классикалық емес теориясы, ол классикалық модернизацияның талаптарын тым қиын деп бағалап, постмодернистік қоғам перспективаларын анықталмаған деп санайды. Транзитология модернизацияның тек екі параметрлерінің – демократизация мен маркетизацияның орындалуын талап етеді. Қысқаша айтқанда, транзитология бұл тоталитарлық және жабық қоғамдардан демократиялық қоғамдарға өту теориясы. Алғаш, өтпелі кезең идеяларын грек ойшылдары Аристотель, платон ұсынған болатын. Шын мәнінде транзитология идеяларының дамуы ХІХ ғасырдағы гуманизм принциптерінен бастау алады десек те болады. Кезеңдер:

  1. Алексис де Токвиль, Карл Маркс идеялары, Томас Пейннің «Памфлеті».

  2. ХХ ғасырдың 50 жылдарында транзиттік қоғам идеяларының алғаш пайда болуы. (модернизациялық теорияларға жауап ретінде), теоретиктері ішінде Ростоудың демократиялық қоғам теориясын атауға болады.

  3. 80жылдары демократизацияның кең етек алуы. С. Хантингтонның демократиялық толқындары.

Екінші кезеңде транзитология жеке пән ретінде қалыптасты деуге де болады. Осы орайда Ростоу еңбектерін ерекше атап өткен жөн. Ол өзінің «демократиялық қоғам теориясында» демократиялық қоғамның нақты өлшемдерін анықтай отырып, демократизация процесттерінің маңызды бағыттарын сипаттаған. Осы кезде де ғалымдардың екі жаққа бөлінуі пайда болды: Егер бір тарап эволюциялық, өтпелі жолды қолдаса, екінші ғалымдар пікірінше демократизация тез арада, барлық қажетті құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]