- •30.Болленнің "саяси демократия индексі"
- •31.Гаррдың (Politi III) "институционалдық демократия индексі".
- •32.Транзитологияның даму кезеңдері және негізгі проблемалар кешені.
- •33.Консалидология: негізгі мәні және проблемалар кешені
- •34.Транзиттің бастапқы шарттары: демократиялық емес режимдердің үш типі.
- •35.Транзит жағдайындағы қоғамның консолидация және тұрақтылық факторлары
- •36. Қазақстан тарихындағы демократия белгілері және ол туралы қазақ ойшылдарының пікірлері.
- •37.Қазіргі Қазақстанның саяси ғылым саласындағы демократия мәселелері
- •38.Жаһандық демократияландыру: түсіндіру тәсілдері
- •40.Ф. Шмиттердің толқындар концепциясы
- •41.Демократияның дамуын өлшейтін демократиялық аудит-метод
- •42.Транзитология ғылымының дамуының бірінші кезеңінің ерекшеліктері
- •43 Транзитология ғылымының дамуының екінші кезеңінің ерекшеліктері
- •44.Саяси трансформацияның модельдері мен кезеңдері.
40.Ф. Шмиттердің толқындар концепциясы
Американдық саясаттанушы Филипп Шмиттер (1936) копоративизм, сондай ақ демократизация мәселелрімен айналысқан. Ол С. Хантингтон ұсынған ғаламдық демократизация толқындарынан өзгеше периодизация ұсынған болатын. Ол демократизация толқындарының мынадай кезеңдерін ұсынады:
1848 жылғы Германия мен Италиядағы революциялар. Революциялар демократиялық сипатта болып, алайда ол нәтиже бермей, көптеген елдер автократиялық режим түріне оралды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейінгі Еуропаның саяси картасының өзгеруі. Нәтижесінде, бірнеше жаңа мемлекеттер пайда болып, ал соғыста жеңілген тарап елдерінде революциялар өтті. Мысал ретінде Веймар республикасы мен Францияны айтуға болады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі қайта құрулар.
1974 жылғы Португалиядағы «Қызыл қалампыр» революциясынан бастау алатын әрекеттер. Еуропа, Латын Америкасында авторитарлық режимдер құлап, демократиялық реформалар көрініс тапты.
Көрініп отырғандай, бұл периодизацияның Хантингтон ұсынғаннан елеулі ерекшелігі – Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңді жеке қарастыру. Алайда, мұндай периодизация толқындарды тек Еуропа кеңістігімен ғана шектетіп тастайды. Уақыт белгілеуде бұл екі автордың теориялары бір біріне сәйкес келеді. Көпшілік жағдайларда Хантингтон ұсынған теория басшылыққа алынатыны сөзсіз.
41.Демократияның дамуын өлшейтін демократиялық аудит-метод
Демократиялық аудит әдісі – алуан түрлі елдерде демократияның сапасы мен жағдайын зерттеуге бағытталған талдау кешені. Алғаш рет Ұлыбританияда 1996 жылы «Демократиялық аудит» (DemocraticAudit) тәуелсіз сараптамалық ұйыммен әзірленген болатын. Демократия сапасын өлшеу үші ағылшын мамандары келесі категорияларды қолданған:
азаматтық, жеке адам құқығы мен позитивті құқықтар;
өкілетті және бақыланатын үкімет (үкімет ретінде барлық жоғарғы басқару органдары түсініледі):
азаматтық қоғам және саясатқа халықтың араласуы;
мемлекеттен «тыс» демократия.
Бірінші категорияның басты критерийлері болып келесілер саналады:
Қоғамда ортақ азаматтық туралы дискримнациясыз түсініктің болуы;
Қоғамның барлық мүшелеріне азаматтық және саяси құқықтардың тең кепілдемесі;
Қоғамның барлық мүшелері үшін әлеуметтік және экономикалық құқықтар кепілдігі;
Мемлекет және қоғамның тең дәрежеде құқықтар мен заңдарға бағынатының мойындау.
Екінші категорияның критерийлері:
Еркін және әділетті сайлаулар болуы;
Саяси партиялардың рөлі:
Үкіметтің жауапкершілігі мен тиіділігі
Парламенттің демократиялық процесстерге лайықтығы;
Әскер және полицияға азаматтық бақылаудың болуы
Бұқаралық саясатта ашықтықтың болуы
Үшінші категорияның критерийлері:
БАҚ қызметінің демократиялық құндылықтарды қолдауға бағытталуы;
Азаматтардың саясатқа араласуының толыққындығы
Мемлекет пен қоғамдағы децентрализация деңгейі
Төртінші категория талаптары:
Сыртқы ғаламдық процесстерге ұлттық демократияға әсер етуі;
Мемлекет жүргзіп жатқан сыртқы саясаттың әлемдік дәрежеде демократияның нығаюна бағытталған шаралары;
