- •30.Болленнің "саяси демократия индексі"
- •31.Гаррдың (Politi III) "институционалдық демократия индексі".
- •32.Транзитологияның даму кезеңдері және негізгі проблемалар кешені.
- •33.Консалидология: негізгі мәні және проблемалар кешені
- •34.Транзиттің бастапқы шарттары: демократиялық емес режимдердің үш типі.
- •35.Транзит жағдайындағы қоғамның консолидация және тұрақтылық факторлары
- •36. Қазақстан тарихындағы демократия белгілері және ол туралы қазақ ойшылдарының пікірлері.
- •37.Қазіргі Қазақстанның саяси ғылым саласындағы демократия мәселелері
- •38.Жаһандық демократияландыру: түсіндіру тәсілдері
- •40.Ф. Шмиттердің толқындар концепциясы
- •41.Демократияның дамуын өлшейтін демократиялық аудит-метод
- •42.Транзитология ғылымының дамуының бірінші кезеңінің ерекшеліктері
- •43 Транзитология ғылымының дамуының екінші кезеңінің ерекшеліктері
- •44.Саяси трансформацияның модельдері мен кезеңдері.
36. Қазақстан тарихындағы демократия белгілері және ол туралы қазақ ойшылдарының пікірлері.
Қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың саяси білімдерінің үш түрі: мифологиялық, діни және практикалық қатар дамыды деуге болады. Саяси өмірдің жедел өзгеруі саяси сананың дамуына әсер етті. Сондықтан бұл тайпалардың саяси санасы мифологиялық деңгейден рационалдық танымға тез ауысты. Қоғамдық жүйенің дамуындағы осындай ерекшеліктер Қазақстан территориясын мекендеген ежелгі тайпалардың өміріндегі алғашқы қауымдық-саяси қатынастардың қалыптасуына негіз болып, ұжымдық меншіктің шығуы ру мүшелерінің арасындағы байланысты нығайтты. Барлық мәселелерді тайпа мүшелерінің жиналысы шешіп отырды. Жиналыста ру басшыларын сайлап, немесе орнынан босатты және рудың салт-дәстүрлерінің қатаң сақталуын қадағалады. Айыптылар халық алдында жазаланды. Сонымен, бүкіл тайпа мүшелері сайлаған тайпа көсемі – бас қолбасшы болды. Сақ тайпаларында патшалар сайланатын, яғни, билікті мұра ретінде алған жоқ. Бірақ олар жауынгерлердің арасынан ғана сайланатын еді. Осы себептен бұл кезең әскери-демократия құрылысының пайда болған кезеңі болып саналады. Таңғаларлық жағдай - ежелгі заманның өзінде-ақ Евразия даласында демократияның айқын көріністері өмірге келген. Қазақ елінің Ресей империясына қосылғанға дейінгі аралықта қызмет атқарған билер институты көшпелі халықтың саяси өміріне тән ең тиімді құқықтық тәртіп сақтаушы билік түрі болып табылады. Бұл билік түрінің тиімділігі сондай: қазақ жерінде түрменің, тәртіп сақшыларының (мысалы, полицияның), әртүрлі мемлекеттік кеңселердің қажеттілігінің болмауы, себебі барлық әлеуметтік мәселе нақты, тез уақытта шешелетін еді.
37.Қазіргі Қазақстанның саяси ғылым саласындағы демократия мәселелері
Қазақстан Республикасының Конституциясында: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы.
Қазіргі Қазақстан Республикасында демократиялық белгілер бар, қазір соны жүзеге асыру үшін көптенген жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы өзін егеменді, зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде деп жариялады. Қабылданып жатқан заңдарда адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтары көрсетіліп, заң мен сот алдында теңдестірілген. Әркім өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы, соның ішінде сынау құқығы да заң жүзінде бекітілген. Экономика саласында жеке мештікке үлкен жол ашылды. Халық демократиялық жағдайда өмір сүруге үйренуде. Дамыған Батыс Еуропа елдеріндегі тарихи тәжірибелерін демократия орнату жолындағы рәсімдерін, тәртіп, қағидаларын енгізіп, тиімді және нысаналы пайдаланған абзал.
Қазіргі жағдайда тек күшті атқарушы өкімет демократялық өзгерістерге мүдделі бола отырып, ескі режимнің қайта қалпына келуін тойтара алуы мүмкін.Сол сияқты ол “демократияшыл шыдамсыздықты” да тоқтата алады.
Бүгінгі таңда біз Қазақстанды батыстық ұғымдағы демократиялық мемлекетке де, авторитарлық мемлекетке де жатқыза алмаймыз. Екеуі үшін де бізде жеткілікті әлеуметтік, саяси, институттылық және басқа да негіздер жоқ. Алайда біздің өзгерістеріміздің демократияға бағышталғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Орнықты демократия дамыған жеке меншікті, орнықты парламентаризм дәстүрлерімен астасатын азаматтық қоғамды талап етеді. Бұл алғышарттардың бәрі Қазақстанда әзір қалыптасу үстінде деп айтар едік. Оларды дамытуды мемлекет өз мойнына алып отыр.
