- •30.Болленнің "саяси демократия индексі"
- •31.Гаррдың (Politi III) "институционалдық демократия индексі".
- •32.Транзитологияның даму кезеңдері және негізгі проблемалар кешені.
- •33.Консалидология: негізгі мәні және проблемалар кешені
- •34.Транзиттің бастапқы шарттары: демократиялық емес режимдердің үш типі.
- •35.Транзит жағдайындағы қоғамның консолидация және тұрақтылық факторлары
- •36. Қазақстан тарихындағы демократия белгілері және ол туралы қазақ ойшылдарының пікірлері.
- •37.Қазіргі Қазақстанның саяси ғылым саласындағы демократия мәселелері
- •38.Жаһандық демократияландыру: түсіндіру тәсілдері
- •40.Ф. Шмиттердің толқындар концепциясы
- •41.Демократияның дамуын өлшейтін демократиялық аудит-метод
- •42.Транзитология ғылымының дамуының бірінші кезеңінің ерекшеліктері
- •43 Транзитология ғылымының дамуының екінші кезеңінің ерекшеліктері
- •44.Саяси трансформацияның модельдері мен кезеңдері.
33.Консалидология: негізгі мәні және проблемалар кешені
Консолидология - өтпелі процесстерді зерттеумен айналысатын пән. Консолидолгия демократия концепциясының орнына келіп, транзитологиямен бірге салыстырмалы алдыңғы қатарлы жетістіктеріне айналды. Консолидология мақсаты – ықпалдасу демократиясына қол жеткізу.
Ықпалдасу демократиясының негізінде компромисс жатыр.
Бұл процесс мынадай ерекшеліктермен сипатталады:
Идеологиялық және институционалды сәйкессіздікті тез арада шектеу мен оларға жол бермеу;
Демократия орнауын бөшет болатын элита элементтерін бақылауда ұстау;
Азаматтық қоғамды саяси қатысуды жоғарлату үшін жұмылдыру;
Партиялық жүйені дамыту мен саяси плюарализмді қамтамасыз ету;
Хантингтон пікірінше, консолидологияның басты үш мәселесі:
Өтпелі кезең мәселесі;
Демократиялық орнатуларға бөгет болатын ескі режимнінің саяси тұлғаларымен не істеу керек?
Әскерилердің саясатқа араласуын қала шектеуге болады?
Теориялық мәселелер. Оның басты проблемаларының бірі мәдени алғышарттар. Мәдениет қандай трансформацияға ұшырау керек және оның жолдары.
Жүйелік мәселелер. Демократизация революциялық әлде эволюциялық жолмен өту керек пе?
34.Транзиттің бастапқы шарттары: демократиялық емес режимдердің үш типі.
Демократиялық емес режим - халықтың билік жүргізу ісінен алшақтатылуы. Олардың түрлері сан алуан болады.
1. Тоталитарлық - (латын сезінен - totalis барлық, толық) қоғамдағы мемлекеттік билік бір топтың, бір партияның қолында шоғырланған, елде демократиялық бостандық пен саяси оппозицияның болуына тыйым салған режим. Мемлекет жеке адамның барлық істерін бақылауға алады. Тоталитарлық режимде:
Тек бір партия билік жүргізеді.
Басқару қатаң түрде бір орталықтан жүргізіледі.
Бір идеология ғана жарияланады.
Еркін пікір айтуға тыйым салынады.
Репрессия, күш қолдану мемлекеттің ең негізгі функциясы болып табылады.
Бұл режимнің қалыптасуы халықтың белсенділігімен болады. Әдебиетте тоталитаризмді «бұқаралық қозғалыстың диктатурасы» деп атайды. (Сталин, Мао Цзе Дун, Гитлер, Муссолини), әйгілі ғалым Ф.Хайектің пікірі бойынша «Тоталитаризмнің ұрығы әр формадағы коллективизмге және индивидтті, оның дара ұмтылыстарын қандай да болсын қоғамдыққа бағындыруда».
2. Авторитарлық (француз сөзі autoritaire - билік) азаматтарды тырп еткізбей мемлекет саясатына бағындыру. Тоталитаризмнің айырмашылығы авторитаризм халыққа бір идеологияны мойындатпайды, либералдық дамуға жол ашады, оппозицияға кедергі жасамайды, адамдардың жеке өміріне араласпайды. Бірақ, саяси билікке халық жаппай тартылмайды, шектеулі дәрежеде болады, бірақ бір ғана саяси лидердің, немесе арнайы топтардың, отбасының қолында болады.
3. Аристократиялық (грек сөзі - aristokratia) - қоғамдағы ақ сүйектер әулетінен құрылған топтардың мемлекетте саяси билікті жүргізуі, негізінде тарихта Греция, Афина, сияқты т.б. мемлекеттерде дамыды.
35.Транзит жағдайындағы қоғамның консолидация және тұрақтылық факторлары
Cаяси тұрақтылық - негізгі саяси және әлеуметтік күштер арасында қоғамдық даму мақсаттары мен әдістері бойынша салыстырмалы келісіммен сипатталатын қоғамдық өмірдің бір жағдайы. Ол әрекет етуші әлеуметтік топтар арасындағы мүдделер үйлесімділігі мен қайшылығы негізінде, пайда болатын шиеленістерлі консенсунс арқылы шешуге негізделеді. Осындай саяси тұрақтылық негізінен демократиялық мемлекеттерге тән.
Қоғамдық өмірдегі тұрақтылық саяси модернизацияның кепілдес құралы болып танылады. Себебі, шиеленістер мен қайшылықтар орын алып жатқан қоғамда жаңғыруларға орын табылмайды. Бұл саладағы мемлекеттік биліктің тұрақтылықты нығайту шаралары тек модернизацияның ғана емес, даму мен прогресстің негізгі алғышарты болып табылады.
Қазақстанда саяси тұрақтылықтың басты қайнар көздері ретінде мыналарды атап өтуге болады:
Заманауи Конституцияның бар болуы және конституциялық режидің мызғымастығы.
Мемлекеттік биліктің әлеуметтік және саяси саладағы прагматикалық саясаты;
Халықтың саяси саналылығының жоғары болуы мен шиеленістік потенциалдың төмендігі.
