Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
30-44.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
45.5 Кб
Скачать

30.Болленнің "саяси демократия индексі"

Боллен өзінің саяси демократия индексін 1960 жане 1965 жылғы әлемдегі демократиялық ахуалдың жағдайын зерттеу үшін қолданды. Талдаудың салыстырмалы параметрлері ретінде ол саяси бостандықтар мен сайлау науқанында көрінетін халықтық егемендікті қарастырады. Осы салыстырмалыларды зерттей отыра, Боллен бірқатар индикаторларды әзірлеп, шкалалық жүйені енгізген болатын.

Саяси бостандықтың үш индикаторы ретінде Боллен келесілерді анықтайды:

  • Баспасөз бостандығы; яғни БАҚ саны мен цензура деңгейі,

  • Топтық оппозиция бостандығы яғни саяси плюарализм мен партиялық жүйе,

  • Үкіметтік санкциялар; яғни үкіметтің азаматтық қоғамды дамыту шаралары,

Халықтық егеменділікті анықтау үшін үш индикатор қолданылады.Олар:

  • Сайлаулардың әділеттігі;

  • Атқарушы биліктің сайламалығы;

  • Заң шығарушы биліктің сайламалығы;

Қортыныды баға 0 ден 100 ге дейінгі баллдармен есептеліп, демократия индексінің жоғарылығы не төмендігі анықталады. Индекс бойынша, қазіргі кезде ең демократиялық болып Скандинавия елдері саналады.

31.Гаррдың (Politi III) "институционалдық демократия индексі".

Американдық саясаттанушылар Гарр мен Джагерс пікірінше, саяси қатысу деңгейі неғүрлым ашық және бәсекелі, атқарушы билік сайлануы дәрежесі жоғары, басшылардың билігі шектеулі болған жағдайда демократиялық институттар мен шынайы демократия арасында алшақтық болмайды.

Демократияның институционалды шараларына назар аудара отырып, олар келесі индикаторларды басшылыққа алады:

  1. Саяси қатысудың бәсекелестігі,;

  2. Саяси қатысуға бақылау орнату;

  3. Атқарушы билік қалыптастыруының бәсекелестігі;

  4. Атқарушы билік ашықтығы;

  5. Үкімет басшысы билігінің шектеулігі мен қадағалануы.

Алынған нәтижелер 0 ден 10 ға дейінгі шкаламен анықталады. Индекс бойынша, ең үздік нәтижелер Батыс Еуропа мен Скандинавияның парламенттік республикаларның үлесіне тиеді.

32.Транзитологияның даму кезеңдері және негізгі проблемалар кешені.

Саяси транзитология – модернизацияның классикалық емес теориясы, ол классикалық модернизацияның талаптарын тым қиын деп бағалап, постмодернистік қоғам перспективаларын анықталмаған деп санайды. Транзитология модернизацияның тек екі параметрлерінің – демократизация мен маркетизацияның орындалуын талап етеді. Қысқаша айтқанда, транзитология бұл тоталитарлық және жабық қоғамдардан демократиялық қоғамдарға өту теориясы. Алғаш, өтпелі кезең идеяларын грек ойшылдары Аристотель, платон ұсынған болатын. Шын мәнінде транзитология идеяларының дамуы ХІХ ғасырдағы гуманизм принциптерінен бастау алады десек те болады. Кезеңдер:

  1. Алексис де Токвиль, Карл Маркс идеялары, Томас Пейннің «Памфлеті».

  2. ХХ ғасырдың 50 жылдарында транзиттік қоғам идеяларының алғаш пайда болуы. (модернизациялық теорияларға жауап ретінде), теоретиктері ішінде Ростоудың демократиялық қоғам теориясын атауға болады.

  3. 80жылдары демократизацияның кең етек алуы. С. Хантингтонның демократиялық толқындары.

Транзитологияның негізгі проблемалары ретінде келесілерді атап өтуге болады:

  • Бірыңғай демократизация теориясының болмауы. Транзит революция немесе эволюция, модернизация немесе үдемелі даму арқылы жүретіні түсініксіз.

  • «Көп жасайтын авторитаризм» проблемасы. Транзитологтар пікірінше, авторитаризм бұл тоталитаризм мен демократия арасындағы өтпелі кезең. Кейбір авторитарлы режимдердің бұл ережеге қайшы келуі, немесе тоталитарлы мемлекеттердің әлі күнге дейін бар болуы теория үшін проблемалар туғызады.

  • Транзитология мәртебесі. Ол жеке ғылым болып табылады ма, әлде оны модернизацияның бір түрі ретінде қарастыру керек па?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]