Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Event Tourism Ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
218.15 Кб
Скачать

6. Театралдық шоуларды оқиғалы туризмнің объектісі ретінде сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз.

Оқиғалы туризмде ерекше орынды театрларда өтетін қойылымдар алады. Осыған байланысты көптеген мемлекеттерде театрларда өтетін қойылымдар жайлы конференциялар өтеді. Өз кезегінде конференциялар да аудиторияны көп жинайды. Мысалыға, XIV Халықаралық театрлар фестиваліне қатысуына арналған баспасөз конференциясын келтіруге болады.

2012 жылдың сәуір айының 24-і күні сағат 11.00-де «М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының», үстіміздегі жылдың сәуір айының 9-15 күндері аралығында Санк-Петербор (Ресей) қаласында өткен, «Встречи в России» атты ТМД және Балтық елдері орыс театрларының XIV Халықаралық фестиваліне қатысуына арналған баспасөз конференциясы өткізілді. Баспасөз конференциясына қатысушылар: театр директоры «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Еркін Қасенов, театрдың бас суретшісі, Н.Садурдың «Панночка» қойылымының суретші-сахналаушысы «Мәдениет қайраткері» Қанат Мақсұтов, театрдың бас режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бекпулат Парманов, театрдың алдыңғы қатарлы әртістері, бас кейіпкерлерді сомдаушы Светлана Фортуна және Данил Хомко. «Встречи в Росии» атты ТМД және Балтық елдерінің XIV Халықаралық орыс театрлары фестивалі «Балтық үйі» театр-фестиваль сахнасында өтті. Аталған фестивальдың мақсаты шет мемлекеттерде тұратын отандастармен мәдени байланысты дамыту. Фестиваль орыс сахна өнерінің және орыс театр мектебі дәстүрлерінің таралуы мен дамуы жолында қызмет етіп келеді. Сонымен қатар, ТМД және Балтық елдерінің XIV Халықаралық орыс театрлары фестивалі жаңа саяси шындық – Евразиялық одақ құрылуының шарттары негізінде орыс тілді театрлардың маңызын айқындайды. Экономикалық интеграция  – болашақта осы халықаралық ұйымға мүше болатын Қазақстан, Ресей және Белоруссия мемлекеттері арасындағы мәдени байланыстардың дамуына септігін тигізеді.

Евразиялық одақтың құрылуына арналған, биылғы «Встречи в России» атты фестивальға Белоруссия, Украина, Ресей, Латвия, Эстония, Израиль және Қазақстанның театрлары қатысты. Біздің елімізді бұл фестивальда үш жыл көлемінде Астана қаласының М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры танытып   келеді. Бұл жолы астаналықтар көпшілік назарына классикалық емес Н.Гогольдің әйгілі «Вий» повесі негізіндегі Нина Садурдың «Панночка» философиялық триллерін ұсынды. Қойылым премьерасы 2011 жылдың қараша айының 11-і күні театрдың 111-ші маусымының ашылуы қарсаңында болды. «Втсречи в России» фестивалінің халықаралық әділқазылар алқасы құрамында Элеонора Макарова (театр сыншысы, Ресей мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, Мәскеудегі театр қайраткерлері одағының театртану және сын кабинетінің жетекшісі), Екатерина Павлюченко (театр сыншысы, Халықаралық тілшілер одағының мүшесі, Санк-Петербор), Павел Руднев (театр сыншысы, РАТИ педагогі, А.Чехов атындағы МКТ-ның көркемсурет жетекшісінің көмекшісі және арнайы жобалар институтының мектеп студиясының ректоры) сияқты танымал тұлғалар бар. Қазылар тарапынан горькийлықтардың қойылымы тек оң баға ғана алып қоймай, көрерменді мына өмірге басқаша қарауға, адамның өзіне көрінбейтін тұстарын тануға мүмкіндік беретін, Қазақстанда жаңа, қарқынды орыс сахна өнері дамып келеді деген ыстық, шынайы пікірлерге ие болды. Әділқазылардың пікірі бойынша, театрдың «Панночка» қойлымы көрерменнің ыстық ықыласына бөленген, майталман шеберлердің қызықты талқылауына түскен фестивальдағы айтулы оқиғалардың бірі болды. М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының «Встречи в России» атты халықаралық фестивальға қатысуы, қазақстандық өнер шыңының шетелде танылуының лайықты көрсеткіші болып қана қоймай, ұлтаралық және халықаралық байланыстардың дамуына негіз болды. Жергiлiктi деңгейдегi рекреациялық инфрақұрылымды қалыптастыру өңiрлердi дамытудың орта мерзiмдi жоспарларын, елдi мекендердi дамытудың бас жоспарларын iске асыру шеңберiнде жүзеге асырылатын болады. Туристік имиджді жоғарылату үшін Қазақстанның 2007 жылы Дүниежүзілік туристік Ұйымының атқарушы кеңестігіне (ЮНВТО) өтуі мен 2009 жылы Астана қаласында ЮНВТО-ның Бас Ассамблеясын өткізу еліміздің туризм саласы үшін маңызды роль атқарады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]