- •1. «Оқиға» терминін түсіндіріп беріңіз, туризм дамуында оқиғалардың ролі қандай?
- •2. Оқиғалы туризмнің анықтамасын беріңіз.
- •4. Оқиғалы туризм қалай жіктеледі?
- •5. Халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерді сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз.
- •6. Театралдық шоуларды оқиғалы туризмнің объектісі ретінде сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз.
- •7. Кинофестивалдарды оқиғалы туризмнің объектісі ретінде сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз.
- •9. Гүлдер фестивалі мен көрмелерді оқиғалы туризмнің объектісі ретінде сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз
- •11. Спорттық оқиғалы туризмді суреттеп беріңіз.
- •13. Әлемдегі оқиғалы туризмнің объектісі ретінде карнавалдың негізгі даму тенденцияларын құрастыру.
- •14. Тмд елдеріндегі оқиғалы туризмнің даму жағдайына талдау жасау.
- •15. Ресейдің карнавалдарын суреттеп беріңіз.
- •16. Дүние жүзіндегі әйгілі іс-шараларға талдау жасау.
- •18. «Event» деген не? Event құрудың негізгі кезеңдері қандай?
- •19. Event - маркетинг және Event – менеджмент түсініктерін ашып көрсетіңіз
- •20. Event шаралар қалай жіктеледі?
- •21. Event-тердің типологиясын құрастыру.
- •26. Оқиға мен брендтің үйлесуін ашып көрсетіңіз.
- •28. Оқиғаның тақырыбы бойынша оқиғалы туризм қалай жіктеледі?
- •29 Көрмелер және жәрмеңкелердің оқиғалы туризмнің дамуындағы ролін ашып көрсетіңіз.
- •30. Kitf көрмесінің ұйымдастыру ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •31. Ивент-менеджердің құзіреттіліктерін құрастыру.
- •34. Олимпиада ойындары оқиғалы туризмнің объектісі ретінде суреттеп беріңіз.
- •35. Оқиғалы туризмнің дамуына әсер ететін факторларды құрастыру.
- •36. Оқиғалы туризмнің даму мәселелерін суреттеп беріңіз.
- •37. Оқиғалы туризмнің даму перспективаларын суреттеп беріңіз.
- •38. Персоналді брендингті қалай түсінесіз, оның оқиғалы маркетингтегі ролі қандай?
- •39. Заманауи туризм классификациясында оқиғалы туризмнің орнын анықтау.
- •40. Еуропадағы оқиғалы туризмнің дамуын талдау.
- •41. Америкадағы оқиғалы туризмнің дамуын талдау.
- •42. Азия-Тынық мұхит аймағындағы оқиғалы туризмнің дамуын талдау.
- •43. Африкадағы оқиғалы туризмнің дамуын талдау.
- •44. Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азиядағы оқиғалы туризмнің дамуын талдау.
- •45. Ресейдегі карнавалдардың даму тарихы.
- •46. Қазақстандағы оқиғалы туризм объектілерінің тізімін жасау.
- •47. Қазақстандағы оқиғалы туризм дамуының анализін жасау.
- •48. Қазақстандағы оқиғалы туризм дамуының ерекшеліктерін қалыптастыру.
- •49. Қазақстандағы белгілі оқиғалы туризмнің іс-шараларын суреттеп беріңіз.
- •50. Оқиғалы туризмнің даму тарихы.
- •51. Карнавал турлары және оларды өткізу аймақтары.
- •52. Конгрестер оқиғалы туризмнің объектісі ретінде.
- •53. Ресейдегі карнавалдардың дамуының үш негізгі бағытын сипаттап беріңіз.
- •54. Сән фестивальдары оқиғалы туризмнің объектісі ретінде сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз.
- •55. Спорттағы халықаралық жарыстар және олардың оқиғалы туризмдегі ролі.
- •56. «Формула‑1» жарыстары оқиғалы туризмнің маңызды сегменті.
- •57. Ивенттердің мақсатты аудиторияға тигізетін әсерін дәлелдеп беріңіз.
- •58. Музыкалық фестивальдарды оқиғалық туризмнің объектісі ретінде сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз.
- •59. Туризмдегі ивент-компаниялардың ролін ашып көрсетіңіз.
- •60. Event-турларды құрастыру.
- •1. «Оқиға» терминін түсіндіріп беріңіз, туризм дамуында оқиғалардың ролі қандай?
54. Сән фестивальдары оқиғалы туризмнің объектісі ретінде сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз.
Қазақстандағы 2014 жылдың көктем-күз маусымына арналған Сән аптасының өтетін уақыты белгілі болды.
Биыл Kazakhstan Fashion Week 24-26 қазан аралығында Almaty Towers көпфункционалды кешенінде өткізіледі деп жоспарлануда.
Бұл шара барысында 2014 жылдың көктем-күз маусымдарына арналған туындыларын еліміздің танымал дизайнерлерімен қатар, өнер жолын енді бастаған дизайнерлер де еңбектерін көпшілікке таныстырады. Сән аптасына шетелдік дизайнерлердің қатысуы әбден мүмкін. Kazakhstan Fashion Week-ке қатысушылардың толық әрі нақты тізімі жақын арада жарияланатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, Kazakhstan Fashion Week жобасының тарихы2003 жылдан бастау алады. Осы кезде жас әрі энергияға бай қазақстандық дизайнерлер тобы бір ортаға жиналып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, қазақстандық сән индустриясын қуатты мәдени күшке айналдыру жөнінде шешім қабылдады.
Осыған дейін Almaty Fashion Week деп аталып келген шара, 2007 жылы Kazakhstan Fashion Week болып ауыстырылып, еліміздегі сән мәдениеті жоғары деңгейде дами бастады.
Бүгінде Kazakhstan Fashion Week кеңсесінде отандық және шетелдік дизайнерлердің жобаға қатысуға арналған өтініштерін қабылдау жұмыстары басталып кетті. Сән апталығына қатысушылар өз коллекцияларын подиумда таныстырып қана қоймай, үш күннің ішінде қойылатын еліміздің сән-орталықтарының көрмесіне қатыса алады.
55. Спорттағы халықаралық жарыстар және олардың оқиғалы туризмдегі ролі.
Халықаралық спорттық сайыстар (Олимпиада ойындары, әлем және құрлық чемпионаттары, универсиадалар) миллиондаған адамдарды қызықтырады. Шет елге шығып, өз елінің командасын қолдау үшін немесе спорттық мерекеге қатысуды көздеген туристтерді, тіпті заманауи байланыс жүйелері, теледидар , интернет – туристер ағымын азайта алмайды. Спорттық сайыстарды тамашалау, бұл ежелгі саяхаттардың бірі деп айтуға болады.
Қазіргі таңдағы спорттық оқиғалық туризмде спортшылар мен олардың қамқоршылары туристік ағымның аз ғана бөлігін құрайды, басым бөлігін әрине оларды қолдайтын жанкүйерлер тобы. Мәселен, Еуроп футбол чемпионаттарында бірнеше он мыңдаған жанкүйерлер өзге елден келген қатысады. Спорттық шараларға қатысу әдетте қысқа уақытқа созылады және бір туристке шаққанда анағұрлым қаожылай шығын кетпейді. Алайда туристер санының көп болуымен мемлекетке едәуір туристік табыс түсіреді.
Барлық туристік шаралардың ішінде туристік ағым және одан түсетін пайданың көбі жағынан қыстық, әсіресе жаздық Олимпиада ойындары. Ежелгі Грекияда Олимпиада ойындары б.з.д. 766 ж.ж. өткізілген сол кездің өзінде әлемнің түкпірінен көрермендерді тарта білді.
Қазір Олимпиадалық ойындар жанкүйерлерге 1000-2000 доллар тұрады. Олимпиада ойындарын өткізу орындары көбінесе әлемдік тартымды туристік орталықтар болады: Париж (1900, 1924), Рим (1960), Лондон (1908, 1948, 2012), Афины (1896, 2004), Инсбрук (Австрия, 1964, 1976), Саппоро (1972), Нагано (1998). Олимпиада ойындары сол орталықтың туристік құндылығын арттырады. Мәселен Оңтүстік Кореяда өткізілген Олимпиада ойындары, біріншіден, олимпиадаға дайындық кезінде туризмнің мықты материалдық-техникалық базасын құруға, екіншіден, Сеулді туристік центр ретінде демонстрациялауға мүмкіндік берді. Бұл ақыр соңында кіру туризмнің жылдам дамуына әкеп соқтырды.
Туристердің назарын тағы да қызықтыратын шараларға: жыл сайын 1839 жылдан бастап Лондонда, Темза өзенінде өтетін Корольдік регата (небәрі бес күннің ішінде 1,2 млн доллар жұмсалады), Женева көліндегі (Швейцария) яхтамен жарыс, Үлкен шлем турнирлері (заманауи теннистегі престижді сайыстар Австралия, Франция, Англия, АҚШ), ФИФА футболдан әлем чемпионаты, Формула-1 (автоспорт әлеміндегі ең танымал сайыс), велоспорт сайыстары (Тур де Франс, Испания Вуэльтасы, Джиро ди Италия).
Олимпиада ойындары немесе Олимпиада (гр. Ολυμπιακοί Αγώνες) төрт жылда бір рет өткізілетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс.
Ежелгі Грекияда болған дәстүр, XIX ғасырдың соңында француздық қоғам қайраткері барон Пьер де Кубертенмен жаңартылды. Алғашқы кезде тек қана жазғы Олимпиада ойындары, төрт жылда бір рет өткізіліп отыратын, дүниежүзілік соғыстар болған жылдарды қоспағанда. 1924 жылы жазғы ойындарымен қатар қысқы Олимпиада ойындары да өткізіле бастады. Бірақ 1994 жылдан бастап жазғы және қысқы ойындар екі жылдық айырмашылықпен өтіп тұрады.
Олимпиада ойындарының ұраны — Citius, altius, fortius немесе "тезірек, жоғарырақ, күштірек".
Олимпиада ойындары ежелгі адамзат баласының өткен тарихының дамуымен байланыстырады. Осы күнге дейін ойынның пайда болу мерзімі нақты айтылмаған. Олимпиада ойындарының пайда болу себебі нақты болмаса да, олимпиада ойындарының пайда болуы жайында эллиндерде бірнеше қызықты аңыздар бар. Алғашқы ойындар Зевс құдайының құрметіне б.з.д. 776 жылдан бастап төрт жылда бір рет Олимпия қаласында өткізілетін.
Алғашында ойын өтуі бір күнге созылса, кейінірек ойынның ұзықтығы бір айға дейін жетті. Ойынды әр төрт жылда астық пен жүзім жинау арасында үнемі өткізіп тұру туралы шешім шығарды. Қоғам қайраткері - Пьер де Кубертеннің олимпиялық ойындар өткізу жөніндегі ұсынысын қабыл алған
Францияның оқу ағарту министрі оған дене тәрбиесін дамыту жөніндегі халықаралық конгресс шақыруды табыстады. Содан 1894 жылы маусым айында 12 елдің қатысуымен конгресс өз жұмысын өткізді. Оған қатысушылар Пьер де Кубертэннің баяндамасын талқылап, 1896 жылы
1-олимпиялық ойындарын Афина қаласында өткізу жөнінде шешім қабылдады.
Футболдан әлем чемпионаты (немесе Футболдан Әлем Кубогы, ФИФА әлем чемпионаты деп те атайды), ресми атауы ФИФА Әлем Кубогы (ағылш. FIFA World Cup) - футболдан халықаралық жарысы. Әлем Чемпионаты ФИФАның ұйымдастыруымен өткізіледі, және оған ФИФАға мүше барлық ерлер құрама командалары қатыса алады.
Финалдық турнирлер 4 жылда 1 рет болады. Бірақ іріктеу турнирлерін қосқан 3 жылға дейін созылады. 2010 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне барлығы 204 құрама қатысты. 4 жыл сайын өтетеін әлем чемпионатының финалдық турниріне барлығы 32 (31 құрама іріктеу кезеңінен жолдама алады, 1 құрама чемпиоантты өткізуші ел бірден жолдама алады; 2006 жылғы әлем чемпионатына дейін чемпион атанған команда келесі чемпионатқа бірден жолдама алатын еді, 2006 жылдан бастап чемпионда іріктеу кезеңіне қатысады) құрама қатысады. Әлем чемпионатын өткізуші ел алдын ала белгіленіп қояды.
Тур де Франс немесе Франция Туры - әлемдегі ең белгiлi және мәртебелi велосипед жарысы, Францияда жыл сайын өткiзiлетiн көпкіндік сайыс. Бейресми атауы - үлкен топса.
Giro d'Italia (Италия туры), сонымен қатар жай Giro (Джиро) есімімен белгілі, Италия өңірінде үш апта бойы Мамырда немесе Маусым басында өтетін ұзын қашықтықтағы кәсіпқой велошабадоздар жарысы. Ол Тур де Франстан кейінгі әлемдегі ең маңызды кезеңдік жарыстардың бірі.
Испания Вуэльтасы (Испания Туры, Вуэльта, ис. Vuelta a España) — белгілі үш апталық тас жол веложарысы, әлемдегі ең беделді үш веложарыстарының қатарына кіреді (Тур де Франс және Джиро д’Италиямен қатар).
