- •1. «Оқиға» терминін түсіндіріп беріңіз, туризм дамуында оқиғалардың ролі қандай?
- •2. Оқиғалы туризмнің анықтамасын беріңіз.
- •4. Оқиғалы туризм қалай жіктеледі?
- •5. Халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерді сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз.
- •6. Театралдық шоуларды оқиғалы туризмнің объектісі ретінде сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз.
- •7. Кинофестивалдарды оқиғалы туризмнің объектісі ретінде сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз.
- •9. Гүлдер фестивалі мен көрмелерді оқиғалы туризмнің объектісі ретінде сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз
- •11. Спорттық оқиғалы туризмді суреттеп беріңіз.
- •13. Әлемдегі оқиғалы туризмнің объектісі ретінде карнавалдың негізгі даму тенденцияларын құрастыру.
- •14. Тмд елдеріндегі оқиғалы туризмнің даму жағдайына талдау жасау.
- •15. Ресейдің карнавалдарын суреттеп беріңіз.
- •16. Дүние жүзіндегі әйгілі іс-шараларға талдау жасау.
- •18. «Event» деген не? Event құрудың негізгі кезеңдері қандай?
- •19. Event - маркетинг және Event – менеджмент түсініктерін ашып көрсетіңіз
- •20. Event шаралар қалай жіктеледі?
- •21. Event-тердің типологиясын құрастыру.
- •26. Оқиға мен брендтің үйлесуін ашып көрсетіңіз.
- •28. Оқиғаның тақырыбы бойынша оқиғалы туризм қалай жіктеледі?
- •29 Көрмелер және жәрмеңкелердің оқиғалы туризмнің дамуындағы ролін ашып көрсетіңіз.
- •30. Kitf көрмесінің ұйымдастыру ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •31. Ивент-менеджердің құзіреттіліктерін құрастыру.
- •34. Олимпиада ойындары оқиғалы туризмнің объектісі ретінде суреттеп беріңіз.
- •35. Оқиғалы туризмнің дамуына әсер ететін факторларды құрастыру.
- •36. Оқиғалы туризмнің даму мәселелерін суреттеп беріңіз.
- •37. Оқиғалы туризмнің даму перспективаларын суреттеп беріңіз.
- •38. Персоналді брендингті қалай түсінесіз, оның оқиғалы маркетингтегі ролі қандай?
- •39. Заманауи туризм классификациясында оқиғалы туризмнің орнын анықтау.
- •40. Еуропадағы оқиғалы туризмнің дамуын талдау.
- •41. Америкадағы оқиғалы туризмнің дамуын талдау.
- •42. Азия-Тынық мұхит аймағындағы оқиғалы туризмнің дамуын талдау.
- •43. Африкадағы оқиғалы туризмнің дамуын талдау.
- •44. Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азиядағы оқиғалы туризмнің дамуын талдау.
- •45. Ресейдегі карнавалдардың даму тарихы.
- •46. Қазақстандағы оқиғалы туризм объектілерінің тізімін жасау.
- •47. Қазақстандағы оқиғалы туризм дамуының анализін жасау.
- •48. Қазақстандағы оқиғалы туризм дамуының ерекшеліктерін қалыптастыру.
- •49. Қазақстандағы белгілі оқиғалы туризмнің іс-шараларын суреттеп беріңіз.
- •50. Оқиғалы туризмнің даму тарихы.
- •51. Карнавал турлары және оларды өткізу аймақтары.
- •52. Конгрестер оқиғалы туризмнің объектісі ретінде.
- •53. Ресейдегі карнавалдардың дамуының үш негізгі бағытын сипаттап беріңіз.
- •54. Сән фестивальдары оқиғалы туризмнің объектісі ретінде сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз.
- •55. Спорттағы халықаралық жарыстар және олардың оқиғалы туризмдегі ролі.
- •56. «Формула‑1» жарыстары оқиғалы туризмнің маңызды сегменті.
- •57. Ивенттердің мақсатты аудиторияға тигізетін әсерін дәлелдеп беріңіз.
- •58. Музыкалық фестивальдарды оқиғалық туризмнің объектісі ретінде сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз.
- •59. Туризмдегі ивент-компаниялардың ролін ашып көрсетіңіз.
- •60. Event-турларды құрастыру.
- •1. «Оқиға» терминін түсіндіріп беріңіз, туризм дамуында оқиғалардың ролі қандай?
51. Карнавал турлары және оларды өткізу аймақтары.
Карнавал түсінігін сараптауға келетін болсақ біз оның тарихының аяғына дейін анықталмағанын және сөздің этимологиясы анық емес екенін ескергеніміз жөн. Көптеген зерттеушілер ежелгі пракарнавал маусым ауысымы кезінде болып, аграрлық мейрам болғанын айтады. Көптеген нұсқалардың бірі бойынша, «карнавал» сөзі латын сөзінен шыққан, carrus navalis – Еуропада қола дәуірінде мейрам күндері пұтқа табынушыларды таситын салт-дәстүрлік кеме-арбы болып табылады. Басқа нұсқа бойынша, «карнавал» сөзі латынның екі түбірінен carno(ет) және vale(қош бол) тұрады. Бұл мейрам ежелден-ақ құмар аптаға 40 күн қалғанда атап өтіліп, Ұлы ораза алдындағы ерекше межесі болды.
Қазіргі карнавалдардың басты ерекшелігі еделгі римдіктердің сабантойлары болып табылады. Егістік пен құнарлық Сатурн құдайына арналған күндері римдіктер жалпыға бірдей теңдік пен өркендеудің алтын ғасырын жандандыратын мейрамды атап өтетін. Мейрам уақытындағы құл мен мырзаның айырмашылығы – құлдар ерікті, азат адамдармен бір үстел үстінде тамақтанып, мейрамды тойласа, ал мырзалар оларға қызмет көрсетті. Мереке күндері жалған патша сайланып, сабантой соңында ол өз-өзіне қол жұмсап немесе пышақ, от және ілгек көмегімен өлуге тиіс еді.
«Карнавал» және «маскарад» жиі синонимдес сөздер ретінде қолданылады. «Маскарад» сөзі итальян «mascherata» - бал, маска киген адамдар жиыны мағынасын білдерітен сөзден шыққан. Карнавал анықтамасына қарағанда маскарад оның бөліге болып табылады, карнавал түсінігі маскарад сөзіне қарағанда кең мағынада қолданылады. Сондықтан, карнавалды мына негізгі элементтерден: би, театрлық ойындар, маскарад, шерулер және т.б. тұратын ұлттық мейрам ретінде қарастыруға болады.
В.П.Рудневтің айтуынша, крнавал адамзат мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады: «Карнавал – халықтың екінші өмірі,... ол оның мерекелік өмірі. Мейрам (барлығы) – адамзат мәдениетінің ең маңызды бастапқы формасы. Оны қоғамдық еңбектің тәжірибелік міндеттері мен мақсаттарына бөліп қарастыруға болмайды. Мейрам әрдайым маңызды және кең мағыналы түсінік болып табылады». М.М.Бахтиннің пайымдауынша, карнавалдық мәдениет әмбебаптықты қамтитын кең өмірлік философия болып табылады. Егер ресми мерекелер тұрақтылық, бірқалыптылық және бейбітшіліктің мәңгілігін білдіретін салтанатты қамтыса, ал карнавал сол әдеттегі ресмилікті уақытша тоқтату іс-әрекетімен сипатталады.
Карнавал кезінде барлық адамдар басқаша киініп(жаңа киімдер алып, өздерінің әлеуметтік деңгейін ауыстырып), сайланып, содан кейін жай күндері бас иіп, қызмет көрсететін патшалар мен мырзаларды сайық-мазаққа айналдырып, ұрып-соғып, оларды төмендетті, әдептілік нормаларынан жойды. Бұл сәт өте кең мағынаны қамтыды: халықтың қазіргіден жақсы болашақты аңсайтынын, әделетті әлеуметтік-экономикалық басқаруды, жаңа шындықты қалайтынын білдірді. Сонымен, карнавал бұрын да, қазіргі де қоғамдық ортадағы проблемаларды, шиеленісуді шешетін, әлеуметтік, эконокикалық және саясатқа деген халық ызасын білдіретін құрал ретінде қолдануға болады.
Бүгінде карнавалдық қозғалыс әлемде нағыз ренессансты бастан кешуде: карнавалдар, тіпті карнавалдық емес елдерде пайда болуда, мысалы Жапония және Финляндия. Замануи карнавалдар 2түрлі тарихи бағытта дамуда- еуропалық ( Еуропаның ескі карнавалдарының дәстүрлері) және карибтік (еуропалық негіздегі карнавалдар бірақ африкалық негрлер мәдениетінің ықпалынан пайд болған)
Еуропалық карнавал римдік және германдық салттардың қосындысынан туған. Ақырындап карнавалдар өзінің шыққан түбірлерін ұмытып, көктемнің келуіне байланысты дәстүрлі мейрамға айналды.
Орта ғасырларда аскетизм рухының қысымымен карнавалдық дәстүрлер жарқын болашақпен дамыды. Уақыт өте еуропалықтар әлемге таралғанда, өздері келген континенттерге карнавалдарды ала келді, жергілікті тұрғындар бұл дәстүрді қуана қарсы алды.
Еуропалық карнавалдың отаны Италия. Көптеген жүзжылдықтарда карнавал ашық аспан астындағы халық мейрамы, көптеген маскарадтар, театрлық ойындар, мерекелік көше салтанаттары итальяндықтардың дәстүрі болып табылады.
Венециядағы карнавал әлемдегі ең атақты карнавалдардың бірі болып табылады. Жыл сайын мұнда 500000 астам венециалық мейрамның табынушылары келеді. Басқа жердегілермен салыстырғанда венециалық карнавал бүкіл қаланы қамтиды.
Әлемдегі ең керемет карнавал бұл – Бразилия карнавалы . Католик храмы өзінің күнтізбесінен бұл карнавалға күн белгіленген болатын. Осыдан бастап Пасха күніне 7 апта қалғанда басталатын болған . Карнавал бұл әрбір бразилиялық тұрғынға негізгі оқиға болып табылады .Әлемге ең әйгілі карнавал Рио-де – Жанейро қаласындағы ең қызық, әлемдегі көпшілікке арналған ең қымбат карнавал болып табылады . Халықтық мейрамдар туристік орталықтардан алыс орналасқан – Салвадорға , Ресифи- Лезе қалаларында болады . Бұл жақта тарихи оқиғалар қойылады . Карнавал қала мэрінің қаланың кілтін « карнавалдың короліне » беруден басталады . 4 күн бойы карнавал королі қаланың қожайыны аталады және кез- келген өзгертуге құқығы болады .Бұл күннің негізгі заңы барлығына мерекені тойлау болып табылады . Басында карнавал португал халқының әуенімен басталса кейін сло кездің сәнді әуенднрі польшаның,италияндық әуендермен басталған болатын. 1870жылдан бастап бразилиялық стиль maxixe стилінде басталатын болған . Кейін рончос болса, кейін самба биімен басталатын болды . Бұл би басында Африканың « семба » биінен шыққан болатын .1916 жылы карнавал үшін алғашқы самба жазылған болатын . 1928 жылы алғашқы самбабиін үйрететін мектеп ашылған болатын . самба мектебі Бразилиядағы негізгі институт болып табылады . Карнавал фабрикасы жыл боцы жұмыс атқарады . Карнавал жыл сайын атақты самба мектептерінің өткізуімен белгілі бір тақырып бойынша өткізіледі . Соған байланысты мектеп жыл бойы карнавалға арнап костюмдер, сахналарды , өздерінің самба биін жазады . Мұның барлығын 700 метрлік самбадромнан барлығынан да артық жүріп шығуы үшін істейді . Әрбір мектептен 3 пен 5 мың адамнан шығады . Олардың ішінде әйгілі спортшылар және әртістерде қатысады . 1984 жылы бастап карнавалдық кеш осы карнавалға арнайы салынған алаңда өткізіледі . Самбадромға 70 мыңнан астам халық сыяды және 40 мың орын орындықтармен жабдықталған. Карнавалдың ең қызықты кезеңі жексенбі, дүйсенбі күніне сәйкес келеді бұл күні 1-ші категориядағы самба мектептері өтеді . Карнавал маршы « қанаттарын жазу » мен басталады . Бұны арнайы мерекеге 1899 жылы Искинья Гонзага жазып берген болатын . Әрбір мектептің жүріп өтуі 1,5 сағатты алады . Алғашқы қатарды бастап атақты бишілер шығады , сосын мектеп қызметкерлері және атақты адамдар карнавал костюмдарымен лардың артынан мыңдаған бишілер және жүздіген әншілер шығады және бұлардың арасында 600 доллар төлеп кез- келген адамдар шыға алады . Жоғарғы лиганығ 14 бишілер мектебі 2 күн бойы шығады . Олар тек қана көрермендердің көңілінен емес төрешілердіңде көңілінен шығу керек . Төрешілер барлығын есептейді әуенді оның сөзін биді дұрыс орындалуын барлығын есепке алады . Бұл карнавалды көру үшін әрбір турист 250 доллар , креслода отыру үшін – 450 доллар , ал vip орындарға 100 доллар төлейді . Карнавалдық туризм 21 ғасырдың феномені болып табылады .
