Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Event Tourism Ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
218.15 Кб
Скачать

49. Қазақстандағы белгілі оқиғалы туризмнің іс-шараларын суреттеп беріңіз.

Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспенат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын.

Наурыздан кейінгі 2-ші күні жұрт жаппай көктемгі егіске кірісетін. Малшы қауым да төл алуға қатысты іс-қарекетімен айналысатын. Наурызды кейінге қалдыра тұратын ауылдардың өзінде де мейрамнан ;;кейінгі 2-ші күні жаппай егіске кірісетін.

Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі.Наурыз туралы көптен бері,жыл сайын газеттерде жазылып келеді.Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ.Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар.Ызғарлы қыстың кетіп,жан йесі өмір қуатын туғызған жыл,жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. ˝Қыс бойы өлімнің есігін күзетіп,үңгірде жатқан кәрі құйрық,мертік-шортықтар да қыбырлап дүниеде бар екендіктерінбілгізе бастайтын,аурулар сауығамын деп,аттар тойынамын деп,жалаңаштар киімсіз де күн көремін˝ дегендей жұрттың бәріне үміт,әркім деп жылы шырай сезіне бастап, ˝ бәріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз ˝ дегендей сағынышты көрісілері, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алатын. ˝ Бүгінгі күні Самарқанның көк тасы да жібіпті ˝ - десіп Наурыз күні бейілінкеңітпеген адамды тастан да қатты қылып шығарғысы келіп,аңыз қылысатын.

Еңбекші қазақ елі,шығынды тыртаңнан аттарыңның басын тарта ұстап,тарихи мейрамдарының Наурызды жаңа тұрмысқа лайықты мейрамдап өткізудің жолына түсіңдер.Жаңа жылға жаңа тілек,игі үмітпен шығуымыз керек.

50. Оқиғалы туризмнің даму тарихы.

Оқиғалы туризм анықтамасы Еуропада 80 жылдары пайда болған. Онда оқиғалы туризм экологилық, гастрономиялық туризм ішінде болған. Кейіннен ол бөлініп жаңа туризм түрі болып бекітілді. Бірақта оқиғалы туризм тарихы тереңде жатыр. Қазіргі фестивальдер мен қатар мерекелер, дәстүрлер осының қатарында.

Оқиғалы туризм өз ішіне мәдени, спорттық, этнографиялық, көркемөнер туризм салаларын қамтиды. Бірақ барлық іс-шараны оған жатқызуға болмайды, тек пайда әкеліп ресурстардың барлығы қамтылатынын айта аламыз.

Оқиғалы туризмдегі іс – шараның экономикалық жағынан маңызы зор. Мұнда туристік индустрияның барлық объектілері жұмылдырылады. Сұраныстың көптігі байқалады. Мәдени дәстүр мен салттар, ұлттық құндылықтар насихатталды.

Оқиғалы туризм – саяхат барысында бір іс-шараға бағытталған туризм түрі. Ол оқиға мәдениетке, спортқа, бизнеске қатысты болуы мүмкін. Мысалы:оқиғалы туризмде көп мәнге ие олимпиадалар, чемпионаттар, рок-фестивальдер, кинофестивальдер, карнавалдар, экономикалық форумдар, ависалондар.

Оқиғалық туризм – бұл мерекенің дағдылы қалыптасқан атмосферасы, жеке демалу шарты мен естен кетпес әсерлер. Оқиғалық туризмнің ең басты ерекшелігі – жарқын қайталанбайтын кездердің көп болуы. Бұл перспективті және өзгермелі дамушы туризм түрі болып табылады. Оқиғалық туризм көп жағдайда мерекелік көңіл күймен толтырылған демалыстың жеке бір түрі. Дәл осы туризм түрімен айналысуға шыққан адамдар олардың өмірлерінде мәңгілік қалатын көптеген жарқын естен кетпес сәттерді бастап өткереді.

Оқиғалық туризмнің мақсатты аудиториясы – орта табыстан жоғары кірісі бар туристер болып келеді, сонымен қатар бірнеше қос адамдардан тұратын компаниялар. Оқиғалық туризмді оқиғаның масштабы (ұлттық және халықаралық дәрежедегі) және оқиғаның тақырыбы бойынша жіктеуге болады. Ережеге сәйкес масштабты оқиғаларды көп адамдар көргісі келеді, сондықтан да бұл периодтарда авиатасымаолдаулар мен қонақ үйлердегі номерлер қымбаттап кетеді. Саяхатқа жиналып жатқан туристерге ескерту, олар оқиғалық іс-шараға бару – арзан рахат алу емес екенін білуі керек. Саяхатқа алдын-ала дайындық жүргізу керек, себебі қонақ үйдегі орынмен немесе рейстерде белгілі бір мәселе туындап қалуы әбден мүмкін.

Бағалардың жоғарылауы оқиғаның масштабына сәйкес болады: егер мереке жыл сайын өткізіліп тұратын болса, оның бағасы 30% ұлғаяды, ал егер кейде ғана өткізілетін болса (Еуропа чемпионаты секілді) – онда қонақ үй бағалары 3 – 4 есеге көтеріледі. Дегенмен де м ұндай оқиғалардан алған әсер оған кеткен ақшадан әлде қайда көп болады. Масштабты іс-шараларға қатысушы клиент халықтың топ болып жиналуына дайын болуы керек. Егер бұл оқиға белгілі бір орында өтсе, ол орынға дейін жетудің және көпсағаттық кептелісте қалып қоюы мүмкін екендігіне алдын ала дайын болуы тиіс.

Оқиғалық турлардың қатысушылары орналастыру орындарына, әсіресе олардың классикалық түрлері – қонақ үйлер, транспорт (оқиға орнына жеткізіп салудын жайлылығы), қоғамдық тамақтандыруорындарына және гид қызметкерлеріне, аудармашыларға деген жоғары қажеттілік туындайды. Оқиғалық туризмнің ерекшелігі ол жыл сайын қарапайымнан жиі қткізіліп отыруға ауысатын жаңа оқиғалық турлармен толықтырылып отырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]