- •1. «Оқиға» терминін түсіндіріп беріңіз, туризм дамуында оқиғалардың ролі қандай?
- •2. Оқиғалы туризмнің анықтамасын беріңіз.
- •4. Оқиғалы туризм қалай жіктеледі?
- •5. Халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерді сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз.
- •6. Театралдық шоуларды оқиғалы туризмнің объектісі ретінде сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз.
- •7. Кинофестивалдарды оқиғалы туризмнің объектісі ретінде сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз.
- •9. Гүлдер фестивалі мен көрмелерді оқиғалы туризмнің объектісі ретінде сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз
- •11. Спорттық оқиғалы туризмді суреттеп беріңіз.
- •13. Әлемдегі оқиғалы туризмнің объектісі ретінде карнавалдың негізгі даму тенденцияларын құрастыру.
- •14. Тмд елдеріндегі оқиғалы туризмнің даму жағдайына талдау жасау.
- •15. Ресейдің карнавалдарын суреттеп беріңіз.
- •16. Дүние жүзіндегі әйгілі іс-шараларға талдау жасау.
- •18. «Event» деген не? Event құрудың негізгі кезеңдері қандай?
- •19. Event - маркетинг және Event – менеджмент түсініктерін ашып көрсетіңіз
- •20. Event шаралар қалай жіктеледі?
- •21. Event-тердің типологиясын құрастыру.
- •26. Оқиға мен брендтің үйлесуін ашып көрсетіңіз.
- •28. Оқиғаның тақырыбы бойынша оқиғалы туризм қалай жіктеледі?
- •29 Көрмелер және жәрмеңкелердің оқиғалы туризмнің дамуындағы ролін ашып көрсетіңіз.
- •30. Kitf көрмесінің ұйымдастыру ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •31. Ивент-менеджердің құзіреттіліктерін құрастыру.
- •34. Олимпиада ойындары оқиғалы туризмнің объектісі ретінде суреттеп беріңіз.
- •35. Оқиғалы туризмнің дамуына әсер ететін факторларды құрастыру.
- •36. Оқиғалы туризмнің даму мәселелерін суреттеп беріңіз.
- •37. Оқиғалы туризмнің даму перспективаларын суреттеп беріңіз.
- •38. Персоналді брендингті қалай түсінесіз, оның оқиғалы маркетингтегі ролі қандай?
- •39. Заманауи туризм классификациясында оқиғалы туризмнің орнын анықтау.
- •40. Еуропадағы оқиғалы туризмнің дамуын талдау.
- •41. Америкадағы оқиғалы туризмнің дамуын талдау.
- •42. Азия-Тынық мұхит аймағындағы оқиғалы туризмнің дамуын талдау.
- •43. Африкадағы оқиғалы туризмнің дамуын талдау.
- •44. Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азиядағы оқиғалы туризмнің дамуын талдау.
- •45. Ресейдегі карнавалдардың даму тарихы.
- •46. Қазақстандағы оқиғалы туризм объектілерінің тізімін жасау.
- •47. Қазақстандағы оқиғалы туризм дамуының анализін жасау.
- •48. Қазақстандағы оқиғалы туризм дамуының ерекшеліктерін қалыптастыру.
- •49. Қазақстандағы белгілі оқиғалы туризмнің іс-шараларын суреттеп беріңіз.
- •50. Оқиғалы туризмнің даму тарихы.
- •51. Карнавал турлары және оларды өткізу аймақтары.
- •52. Конгрестер оқиғалы туризмнің объектісі ретінде.
- •53. Ресейдегі карнавалдардың дамуының үш негізгі бағытын сипаттап беріңіз.
- •54. Сән фестивальдары оқиғалы туризмнің объектісі ретінде сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз.
- •55. Спорттағы халықаралық жарыстар және олардың оқиғалы туризмдегі ролі.
- •56. «Формула‑1» жарыстары оқиғалы туризмнің маңызды сегменті.
- •57. Ивенттердің мақсатты аудиторияға тигізетін әсерін дәлелдеп беріңіз.
- •58. Музыкалық фестивальдарды оқиғалық туризмнің объектісі ретінде сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз.
- •59. Туризмдегі ивент-компаниялардың ролін ашып көрсетіңіз.
- •60. Event-турларды құрастыру.
- •1. «Оқиға» терминін түсіндіріп беріңіз, туризм дамуында оқиғалардың ролі қандай?
47. Қазақстандағы оқиғалы туризм дамуының анализін жасау.
2011 жылы қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда VII Қысқы Азиада ойындары болып өтті. Бұл шара біздің елдің тарихындағы халықаралық деңгейдегі ең маңызды және ірі спорттық оқиғаға айналды. Азиада ойындары Қазақстанның екі қаласында – Астана мен Алматыда өтті.
Ойындардың өтуі көп жағдайда Қазақстан Президентінің саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды. Әлемдік қаржылық дағдарыстың салдарларына қарамастан, Нұрсұлтан Назарбаев осынау ауқымды іс-шараның өтуі үшін қажетті қаражатты бөлуге тапсырма берді. Сөйтіп, Азиада ойындарына арналып республиканың негізгі екі қаласында бірегей спорттық нысандар салынды.
Азиаданың ашылуы «Астана Арена» атты жаңа стадионда болып өтті. Бұл жылжымалы жүйедегі төбесінің көлемі 10 000 шаршы метр болатын әлемде бар осындай алты ғимараттың бірі. Астанада коньки тебу, хоккей және кёрлинг спорты бойынша жарыстар өткізуге арналған «Алау» жаңа мұз айдынды сарайы тұрғызылды. AD Sportwereld голландиялық басылымының нұсқасы бойынша «Алау» мұз айдынды сарайы ғаламшардағы коньки тебу стадиондары рейтингінде бірінші орынды иеленеді. Елордадағы тағы бір жаңа спорт кешені – «Сарыарқа» республикалық велотрегі. Сыртынан қарағанда велошабандоздың шлемін еске салатын бұл спорттық ғимаратта шорт-трек және мәнерлеп сырғанаудан жарыстар өткізілді. Көптеген халықаралық сарапшылардың пікірі бойынша, «Сарыарқа» – әлемдегі ең үздік велотректердің бірі.
Алматыда К-125, К-95 халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешені салынды. Халықаралық шаңғы спорты қауымдастығы өткізетін жылдық сауалнаманың нәтижесі бойынша, Қазақстанның жаңа кешені 2010 жылдың ең үздік трамплині аталған. Сонымен қатар, Алматыдағы тау биігінде орналасқан «Медеу» спорттық кешені, «Шымбұлақ» тау шаңғысы базасы және ойындардың жабылу рәсімі өткен Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы қайта жасақталды. Шаңғы жарысын, шаңғыға лайықталған биатлонды өткізу үшін Алматы облысында Шаңғы-биатлон стадионы салынды.
Азиада ойындарының жалпы бағдарламасына 11 спорт түрі енгізілді VII Қысқы Азиада ойындарына әлемнің 27 елінен мыңнан астам спортшы қатысты. Астанада 30 қаңтарда өткен Ойындардың салтанатты ашылуы Азиаданың ең әдемі, жарқын және орасан оқиғасына айналды. Оған елдің басшылығы, Халықаралық Олимпиадалық комитеттің және Азия Олимпиадалық кеңесінің президенттері, өзге де құрметті қонақтар қатысты. Азиаданың жабылу рәсімі Алматыда өтті.Ғаламшардың 500 миллионнан астам тұрғыны Қазақстандағы жарыстың барысын тамашалады, спорттық бәсеке туралы 17 елден келген 2 мыңнан астам журналист және 20-дан аса әлемдік телеарна мәлімет таратты
Қысқы Универсиада 2017 — 28-ші қысқы Универсиада, Қазақстандағы Алматы қаласында 2017 жылы өтеді.
Универсиада — дүниежүзілік студенттік спорт ойындары. Универсиада – Халықаралық Университеттік Спорт Федерациясының (ағылш.International University Sports Federation (FISU)) ұйымдастыруымен студенттер арасында өтетін халықаралық жарыс. Бұл дүбірлі доданы «Бүкіләлемдік студенттік ойындар» немесе «Бүкіләлемдік университеттік ойындар» деп те атайды. Мыңдаған талантты жастардың басын қосатын бұл ойындар екі жылда бір болып тұрады. Яғни бір жылы қысқы спорт түрлерінен өтсе, келесі жылы жазғы ойындар ойналады.
