Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Event Tourism Ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
218.15 Кб
Скачать

43. Африкадағы оқиғалы туризмнің дамуын талдау.

2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өткізілген футболдан он тоғызыншы Әлем чемпионаты. Бұл сайысқа 32 ел қатысып, арасынан футболдан жаңа Әлем чемпионы анықталды. Бұл турнирде Испания құрамасы финалда Нидерланд командасын жеңіп, өз тарихында бірінші рет Әлем чемпионы атағын алды. Әлем чемпионаты 2010 жылы бірінші рет Африка құрлығында өтті.

2010 жылғы футболдан әлем чемпионатын ФИФА ережелері бойынша Африкада өтуі міндет болды. Бұл турнирді өткізуге 5 үміткер болды

2004 жылы 15 мамыр күні Цюрихте (Швейцария) өткізілген конференцияда Зепп Блаттер келесі 2010 жылғы Әлем чемпионаты Оңтүстік Африка Республикасында өтетінін жариялады.

Бұл өткізілген спорттық шара ФИФАға 1,1 млрд АҚШ доллар көлемінде таза пайда түсірген.

44. Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азиядағы оқиғалы туризмнің дамуын талдау.

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды. 

 Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символын” салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады. Шығыс халықтары үшін жыл қайыру, яғни күнтізбе жасау наурыздан бастау алады. Наурыз (Ноу – жаңа, руз – күн) деген сөз бізге парсы тілінен енген. Орта Азия халықтары оны мыңдаған жылдар бойы Жаңа жыл басы ретінде тойлап келді. Кейіннен Ислам діні халықтардың бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрпын сыйлап, Наурызды мейрам ретінде қабылдады.  Орта Азия халықтары, көне Персия ғалымдары күн мен түннің теңелетін уақытын, күнін, сағатына, минутына дейін тура астрономиялық дәлдікпен есептеп шығарған. Күн мен түннің теңесуі тура 21 мартқа сәйкес келеді. Бұл туралы қолымызда Алматыдағы Астрофизика институтынан алынған анықтама бар. Сондықтан да, Орталық Азия, Таяу Шығыс мемлекеттерінің Жыл басын 21 март деп белгілегені дұрыс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]