Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Event Tourism Ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
218.15 Кб
Скачать

41. Америкадағы оқиғалы туризмнің дамуын талдау.

Оқиғалы туризмнің басымдылығы оның басқа туризм түрлерімен сәйкес келуі: рекреациялық туризммен, ауыл туризмімен және басқа да түрлерімен байлныстырады. . Әртүрлі марапаттау шараларының өткізілуі, сән көрсетілімдері, шоу-бизнес және эстрада жұлдыздарының концерттері – бұның барлығы оқиғалы туризмі. Келесі мәліметтерге тоқталсақ. Ұлттық мерекелерге қызығушылар үшін – АҚШ-қа қош келіпсіздер! Бұл жерде ай сайын мереке: ақпандағы бәліш күні және сурка күні, наурыздығы қасиетті Патрик күні, сәуірдегі арболистер күні, мамырдағы аналар күні, маусымдағы әкелер күні және тағы басқалар. Шынында, бұндай жағдайда тек бір ғана штатқа бару жеткіліксіз.

АҚШта Чикаго қаласында жыл сайын қала арқылы ағып өтетін өзенді бояйды. Ол үшін өзеннің суына 40 фунттай жасыл азық бояғышын ерітеді. Бұл бояғыш бірнеше сағаттай тұрады. Мейрамның атрибуттарына Ирландияның ұлттық түстері - жасыл, ақ және қызыл түс жатады; трилистік-шамрок (беде). Әулие Патриктің Үштікті (Троицы) түсіндіруінше, ол ирландықтарды христиан дініне айналдырғанда: жасыл түсті киім, түтік пен лепрекона қалпағы, гном кебісшесі (тап сол себептен алтынның түсі, жасыл түс осыдан танымал) ұлттық киімге саналған. Әлбетте, сондықтанда Ираландиямен ұлттық отырыс әндері, волынкалар мен барабандар, арфа-елтаңбасы, әртүрлі конфеттинің түстері, күлкі мен "Kiss me, IamIrish" сүйісулер барлығы тығыз байланысты. Және ең бастысы - бұл мейрамға жақсы көңіл күймен, шын жүрекпен бару керек, бұл жерде мұң мен ренішке орын жоқ!

Оңтүстік Америка Бразилияда да карнавал ақпан айында өткізіледі. Ол 7 күнге созылады және «чемпиондар парады» аяқталады. Парадта әртүрлі самба би мектептерінің өкілдері қатысады. 1984 жылы арнайы самбодром салынды, 700 м ұзындықтағы және 13 м ендіктегі аллеямен бірге. Карнавалға қатысу Буэнос Айрес - Монтевидео (Уругвай) - Порто Бело (Бразилия) - Бузгос (Бразилия) - Рио-де -Жанейро круизімен бірлестіреді

42. Азия-Тынық мұхит аймағындағы оқиғалы туризмнің дамуын талдау.

Қытайдың дәстүрінде амал мен мереке-мейрамдарға өте көңіл бөледі. Бұл қарбалас еңбек барысындағы демалыс. Демалуды өмірдің ырғағын ұстану деп ұғынады. Қылаяғы бақыт тілегенде де табиғат пен адамның үндесуін тілейді.

8 – қаңтарда қаңтар Көктем мерекесі – қытайлықтардың ең басты мерекесі. Бізше жыл басы наурызбен бірдей. Ал 23-қаңтарда «Кіші жыл» мерекесін өткізіп, дастархан тәңіріне тасаттық береді. Дастархан тәңірі ел қойған құдай, кейбір кітаптарда оның тегі Су, аты Жили, әйелінің тегі Уаң екен делінеді. Бейжіңдегі ел арасында мынадай сөз бар: «Дастархан тәңірінің тегі Жаң, бір шыны суық су, үш тал майшам». Дастархан тәңірі мен Уаң әжейге тасаттық беруде тасаттық бұйымдары мол болса да, қарапайым болса да болады. Ол әр отбасының еркімен және әл-ауқатына қарай әзірленеді. Кейбіреулер тасаттыққа жабысқақ бал, домалақ тәтті (мармелад, мәмпәси) қояды. Бұл ерлі-зайыпты дастарқан тәңірі балдомалақты (мармелад) жегенде ауыздары жабысып қалады да, аспан тәңіріне ел арасындағы өсекті айта алмайтын болады деген мағынаны білдіреді. Суық су, бір тәрелке топан мен бұршақ тәңірге арналады. Одан үш сіріңке жағылып ерлі-зайыпты дастархан тәңірлерін тастай қараңғы асханадан сыртқа шақырады. Сіріңке темір табақта жанып күлге айналған кезде ерлі-зайыпты дастархан тәңірлері маздаған шоқтың үстінен аспанға ұшып шығып аспан құдайына жұмысынан мәлімет бергелі кетеді. Осы салтанатты ырымды ер адам ғана орындайды.

7 шілде – аңыздарда аспандағы сиыршы жігіт пен тоқымашы қыздың кездесетін күні. Сол күні үзім сөресінің түбіне тұрып тыңдасаңыз екеуінің күбірі естіледі дегенде аңыз бар. Сондықтан бұл күн қытайдың ғашықтар мерекесі саналады. Бүгінгі таңда батыстың ғашықтар мерекесі қытайға кең таралып отыр. Әр жылы 14-ақпанның қарсаңында роза гүлі мен шоколадтың саудасы қызады. Еліктегіш халықтың бұл да бір қызығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]