- •1. «Оқиға» терминін түсіндіріп беріңіз, туризм дамуында оқиғалардың ролі қандай?
- •2. Оқиғалы туризмнің анықтамасын беріңіз.
- •4. Оқиғалы туризм қалай жіктеледі?
- •5. Халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерді сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз.
- •6. Театралдық шоуларды оқиғалы туризмнің объектісі ретінде сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз.
- •7. Кинофестивалдарды оқиғалы туризмнің объектісі ретінде сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз.
- •9. Гүлдер фестивалі мен көрмелерді оқиғалы туризмнің объектісі ретінде сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз
- •11. Спорттық оқиғалы туризмді суреттеп беріңіз.
- •13. Әлемдегі оқиғалы туризмнің объектісі ретінде карнавалдың негізгі даму тенденцияларын құрастыру.
- •14. Тмд елдеріндегі оқиғалы туризмнің даму жағдайына талдау жасау.
- •15. Ресейдің карнавалдарын суреттеп беріңіз.
- •16. Дүние жүзіндегі әйгілі іс-шараларға талдау жасау.
- •18. «Event» деген не? Event құрудың негізгі кезеңдері қандай?
- •19. Event - маркетинг және Event – менеджмент түсініктерін ашып көрсетіңіз
- •20. Event шаралар қалай жіктеледі?
- •21. Event-тердің типологиясын құрастыру.
- •26. Оқиға мен брендтің үйлесуін ашып көрсетіңіз.
- •28. Оқиғаның тақырыбы бойынша оқиғалы туризм қалай жіктеледі?
- •29 Көрмелер және жәрмеңкелердің оқиғалы туризмнің дамуындағы ролін ашып көрсетіңіз.
- •30. Kitf көрмесінің ұйымдастыру ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •31. Ивент-менеджердің құзіреттіліктерін құрастыру.
- •34. Олимпиада ойындары оқиғалы туризмнің объектісі ретінде суреттеп беріңіз.
- •35. Оқиғалы туризмнің дамуына әсер ететін факторларды құрастыру.
- •36. Оқиғалы туризмнің даму мәселелерін суреттеп беріңіз.
- •37. Оқиғалы туризмнің даму перспективаларын суреттеп беріңіз.
- •38. Персоналді брендингті қалай түсінесіз, оның оқиғалы маркетингтегі ролі қандай?
- •39. Заманауи туризм классификациясында оқиғалы туризмнің орнын анықтау.
- •40. Еуропадағы оқиғалы туризмнің дамуын талдау.
- •41. Америкадағы оқиғалы туризмнің дамуын талдау.
- •42. Азия-Тынық мұхит аймағындағы оқиғалы туризмнің дамуын талдау.
- •43. Африкадағы оқиғалы туризмнің дамуын талдау.
- •44. Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азиядағы оқиғалы туризмнің дамуын талдау.
- •45. Ресейдегі карнавалдардың даму тарихы.
- •46. Қазақстандағы оқиғалы туризм объектілерінің тізімін жасау.
- •47. Қазақстандағы оқиғалы туризм дамуының анализін жасау.
- •48. Қазақстандағы оқиғалы туризм дамуының ерекшеліктерін қалыптастыру.
- •49. Қазақстандағы белгілі оқиғалы туризмнің іс-шараларын суреттеп беріңіз.
- •50. Оқиғалы туризмнің даму тарихы.
- •51. Карнавал турлары және оларды өткізу аймақтары.
- •52. Конгрестер оқиғалы туризмнің объектісі ретінде.
- •53. Ресейдегі карнавалдардың дамуының үш негізгі бағытын сипаттап беріңіз.
- •54. Сән фестивальдары оқиғалы туризмнің объектісі ретінде сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз.
- •55. Спорттағы халықаралық жарыстар және олардың оқиғалы туризмдегі ролі.
- •56. «Формула‑1» жарыстары оқиғалы туризмнің маңызды сегменті.
- •57. Ивенттердің мақсатты аудиторияға тигізетін әсерін дәлелдеп беріңіз.
- •58. Музыкалық фестивальдарды оқиғалық туризмнің объектісі ретінде сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз.
- •59. Туризмдегі ивент-компаниялардың ролін ашып көрсетіңіз.
- •60. Event-турларды құрастыру.
- •1. «Оқиға» терминін түсіндіріп беріңіз, туризм дамуында оқиғалардың ролі қандай?
38. Персоналді брендингті қалай түсінесіз, оның оқиғалы маркетингтегі ролі қандай?
39. Заманауи туризм классификациясында оқиғалы туризмнің орнын анықтау.
Танымалдылығымен көзге түскен оқиғалы туризм қазірде туристердің мол ақпарат алуына қол жеткізе алмауда. Туристік нарық анализіне қарасақ көптеген адамдар жағажай туризмі мен экскурсиларға қарағанда фестивальдерге, іс-шараларға деген қызығушылығы артуда. Оқиғалы туризм дегеніміз не?Әлемді дүр сілкіндіретіндей қандай оқиғалар бар және оның бағасы қандай болмақ?
Оқиғалы туризм анықтамасы Еуропада 80 жылдары пайда болған. Онда оқиғалы туризм экологилық, гастрономиялық туризм ішінде болған. Кейіннен ол бөлініп жаңа туризм түрі болып бекітілді. Бірақта оқиғалы туризм тарихы тереңде жатыр. Қазіргі фестивальдер мен қатар мерекелер, дәстүрлер осының қатарында.
Оқиғалы туризм өз ішіне мәдени, спорттық, этнографиялық, көркемөнер туризм салаларын қамтиды. Бірақ барлық іс-шараны оған жатқызуға болмайды, тек пайда әкеліп ресурстардың барлығы қамтылатынын айта аламыз.
Оқиғалы туризмдегі іс – шараның экономикалық жағынан маңызы зор. Мұнда туристік индустрияның барлық объектілері жұмылдырылады. Сұраныстың көптігі байқалады. Мәдени дәстүр мен салттар, ұлттық құндылықтар насихатталды.
Оқиғалы туризм – саяхат барысында бір іс-шараға бағытталған туризм түрі. Ол оқиға мәдениетке, спортқа, бизнеске қатысты болуы мүмкін. Мысалы:оқиғалы туризмде көп мәнге ие олимпиадалар, чемпионаттар, рок-фестивальдер, кинофестивальдер, карнавалдар, экономикалық форумдар, ависалондар.
Туристік бағытта нақты оқиға болмаса оны ойдан табады.Сонымен қатар компания сұраныстарға жауап берумен қатар сол мекеннің қонақжайлылығын көрсетеді. Оқиғалы туризмде алдыңғы қатарда болу үшін – Қазақстан және Ресей мемлекеттері алға ұмтылады. Олардың алға ұмтылуыда жөн, себебі мұнда оқиғалы туризм дамуына потенциалдар баршылық.
40. Еуропадағы оқиғалы туризмнің дамуын талдау.
Еуропалық карнавалдың отаны Италия. Көптеген жүзжылдықтарда карнавал ашық аспан астындағы халық мейрамы, көптеген маскарадтар, театрлық ойындар, мерекелік көше салтанаттары итальяндықтардың дәстүрі болып табылады.
Венециядағы карнавал әлемдегі ең атақты карнавалдардың бірі болып табылады. Жыл сайын мұнда 500000 астам венециалық мейрамның табынушылары келеді. Басқа жердегілермен салыстырғанда венециалық карнавал бүкіл қаланы қамтиды. 1296 ж Венеция Республиканың Сенаты мерекелік күн деп Ұлы аштық күннен бір күн бұрынғы күнді белгілейді.
Венециалық карнавалдар 18 ғ шарықтау шегіне жетті. Ол кезде олар жылдың ең басты оқиғасына, сонымен қоса тіршіліктің негізіне айналды. Карнавал ешнарсе де аса ұят, аса батыл енмесе аса бұзық көрінбеді. Революция басталған соң карнавалдар ұмытыла бастады. 200 жылдай Венеция карнавалсыз өмір сүрді, 1980 ж бастап қайта қалпына келе бастады.
Қазіргі кезде ол 2 аптадай тойланады. Қалалық алаңдарда тарихи концерттер қойылып, фейерверктер атылды. Бұл күндері концертті көруге келген толы адамдар мен қайталанбас костюмдер мен маскаларды тамашалауға болады. Музыка және әуендер теңіздей ағылады. Театрларда карнавал тақырыбында спектакльдер қойылады. Ескі алаңдарда элиталық халық үшін бал-маскарадтар қойылады. Виареджодағы карнавал венециалық карнавалдан кем түспейді, бұл карнавал көркемділігімен, күлкілілігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар Флоренция мен Веронада мерекелік оқиғалар- бұл карнавалдық поезд, бал –маскарад, концерттер мен театрлық шоулар болып тұрады. Бүгінде итальяндық карнавалдарда туристер байқаушы болып қалғанды дұрыс көреді.«Айрықша карнавалдық дүниесезім оның бүкілхалықтығы, именбеушілігі, келешекке серпінділігі жай мейрамдық көңіл күйге айнала бастайды» М.М.Бахтиннің айтуы бойынша.
Мүмкін толығымен көңіл көтеруге Венецияның келешегі алаңдатты, Себебі оның ғимараттары, бағаналардан тұрғызылған теңіз маңында орналасуында. Карнавалдардың қайта қалпына келуіне Венеция экс-мэр Антонио Казеллати қосқан үлесі мол болды. Оның қатысуы бойынша 20 жыл бұрынғы дәстүрдің қайта тірілуіне амалдар карнавалдық заңдар негізінде еркіндік пен батылдық әрекет қыла бастады. Бұл амалдар табыс әкелді және одан әрі созылуда.
Нәтижесінде бүкіл католикалық Еуропаға тарады, Францияға, Испанияға, Португалияға келді. Тұңғыш рет француздық карнавал 1924 ж Прованс Шарль Анжуйскийдің лептеуін еске түсіреді: «Эх, Ницца карнавалдарының бақытты күндері»
Бірнеше ғасырлар бойы карнавалдар стихиялық түрде болды, 1873 ж Ницца тұрғыны Andriot Saetone Мейрамдық комитет құруға тілек білдірмеді. Мейрамдар муниципалитеттердің басқармасымен өтіп отырды. Andriot Saetone ның қабілеттілігінің арқасында содан бері карнавалдардың жеке тақырыптары болады. Мысалы, 1953 ж мейрам «Цирк королі», ал 57ж Гастрономия королі, 64 ж Би королі, 90 ж Күлкі королі, 97 ж спорт королі деп аталды.
Карнавалдар ақпан, наурыз айларында өтеді, оның қонақтары миллиондаған туристер. Фестиваль салтанатты түрде король мен королеваның келуінен басталады, бұл іс шаралар дәстүрлі түрде карнавалдың ашылуы. Бұл нағыз ортағасырлық костюмдермен, ат жарақтармен, салт аттылармен, қасқырлармен және азулы құстармен көрініс табады. Мейрамның айрықша салтанаты Гүлдерді тамашалау, әрбір карнавал күндері Англия жағалауынан тамашалауға болады.
Европадағы ең ірі карнавалдардың бірі болып Германиядағы Кельн карнавалы болып табылады . Кельн бұл аумағы бойынша Германиядағы 4 – ші қала және ең көне қалалардың ішіндегі ең үлкені болып табылады . Оның аты латын сөзінен « колония, отар » сөзінен шыққан. 2000 жыл бұрын бұл жерде Римдіктер , Рейн өзенінің жағалауында « Colonia Romana » қаласын салған болатын . Римдіктер қазіргі Кельн қаласына өздерінің көптеген салт-дәстүрлерін үйреткен болатын . Бірақта бұл салт-дәстүрлер христиан дінімен сәйкес келмегендіктен орта ғасырда карнавалды ұйымдастыруға рұқсат болмаған . Тек қана 1800 жылы ғана карнавалды өткізуге деген тыйым алынып тасталынған болатын .Осы уақыттан бастап Германияда карнавал өткізілетін болды . Карнавал тек қана екінші дүние жүзілік соғыс кезінде ғана өткізілмей қалған болатын . Кельн тұрғындары өздерінің карнавалдарын жылдың ең қызықты карнавалы деп санайды . Жыл сайын 1 миллиондай турист келеді және 2 апта тойланады . Кельн карнавалы өтерде барлығы әр түрлі костюмдермен сәнденіп карнавалға қатысады , тек қана дәрігерлермен полицейлерден басқасы . Карнавал өтетін күндері халықтың барлығы алаңдарда немесе кабактарда болады . Мейрамханалармен кабактарда карнавал өтетін 2 апта ішінде Кельн тұрғындары мен қонақтары жыл сайын 40 миллион марок және карнавал костюмдары үшін 60 миллион марк жұмсайды екен . Кельн тұрғындары карнавал өтуге 3 ай қалғанда дайындалады екен . Кельн қаласындағы Немәс экономика институтының қызметкерлерінің есептеуі бойынша карнавал уақытысында немістер 3 пен 5 миллиард евро қаржыларын жұмсайды екен . Карнавалдың өтуінен еңбек нарыңында ұтады екен . Мамандардың есептуі бойынша осы уақытта Германияда 40 пен 50 мың шамасында қосымша жұмыс орындары ашылады екен . Немістек карнавалға жыл сайын 3 миллион костюм, 900 мың парик, 500 мың маскі, 2 миллион шляпі сатып алынады . Осы өнімдерді сатып алғандағы өнім айналымы 295 миллион евро құраған . Германиядағы карнавалда « әйелдер бейсенбесінен » басталады . Көне алаңда – көптеген әйелдер жиналады . Барлығы сағаттың 11 сағат 11 минут болғанын күтеді . Уақыт болғанда карнавал қатысушылар қалалық ратушаны бағындырады . Осы уақыт карнавалдың басталғанын білдіреді . « Әйелдер бейсенбісінде әйелдерге барлығы рұқсат . Сондықтан олар еркектердің галстугін кесіп өздерінің қожайын екенін көрсетеді . Ал жұма , сенбі күндері карнавал мейрамханалар мен сыраханаларда тыныш өтеді .Бұл күндері алаңдарда « карнавал әуендері айтылады жәнесусындарғы жеңілдіктер болады » . Ал сенбі күні аруақтарды еске алады . Кез- келген қалаған адам аруақтардың костюмімен алаңдағы карнавалға қатысса болады . Жексенбі күні балалар күні болады . Дүйсенбі күні « қызғылт дүйсенбі » болады . Оған Кельн орталық алаңында 1,5 миллиондай көрермендер жиналады . Келесі күні « майда көк гүл күні ». Ал сәрсенбі күні барлығы бір – біріне кресттің суреттерін салады және мейрамханалар мен сыраханаларда балық тағамдары ұсынылады . Кельн карнавалына ұқсас Дания мемлекетіндегі Festelavn « тәтті бөшке» . Бұл карнавал Ақпанның аяғы мен наурыздың басында өтеді . Бұл күні қалалар мен ауылдарда балалар бірінші тұрып ата- аналарын мерекелік әуенмен оятады . Кейін олар әдемі мерекелік костюмдерін, маскілерін киіп орталық алаңға шығады .
Лондонда өтетін – Кариб карнавалы . 60 жылдың басында Наттинг- Хиллде Индиядан келген тұрғындар жаулап алған болатын . Индиядан келген тұрғындар жұмыстың , үйдің жоқтығынан үйлеріне қайтуды аңсайтын .Осыны сезбес үшін олар Лондонның алаңдарында « өзге елде деген » мереке ұйымдастыруға тырысады . Бұл карнавалдың европада пайда болуына « темір бактегі барабаншылар » әсер еткен болатын . Бұл стиль екінші дүние жүзілік соғыста американдық теңізшілер Тринидад- Табаго жағалауына бос майдың бактерін лақтырғаннан басталған болатын . Тұрғылықты тұрғындар бұл темір бактерден әуендер шығаратын болған . « Темір бак » Тринидад –Табагоның ұлттық музыкалық аспабына айналған болатын . Қазір Наттинг – Хилл қаласы ең қалталы адамдар тұратын қала болып табылады . Карнавал тамыздың соңғы жексенбісінде басталады . Бұл күні карнавал балалар үшін болады . Ал дүйсенбі күні алаңдарға улкенгдер ұлттық әуендерді тыңдау үшін келеді . Мұнда әр турлі стилдегі рок, хип-хоп, джаз , фанк т.б. әуендер шырқалады . Кариб карнавалы енді дамып келе жатқан жас карнавал болып табылады . Әлемдегі ең керемет карнавал бұл – Бразилия карнавалы . Католик храмы өзінің күнтізбесінен бұл карнавалға күн белгіленген болатын. Осыдан бастап Пасха күніне 7 апта қалғанда басталатын болған . Карнавал бұл әрбір бразилиялық тұрғынға негізгі оқиға болып табылады .Әлемге ең әйгілі карнавал Рио-де – Жанейро қаласындағы ең қызық, әлемдегі көпшілікке арналған ең қымбат карнавал болып табылады . Халықтық мейрамдар туристік орталықтардан алыс орналасқан – Салвадорға , Ресифи- Лезе қалаларында болады . Бұл жақта тарихи оқиғалар қойылады . Карнавал қала мэрінің қаланың кілтін « карнавалдың короліне » беруден басталады . 4 күн бойы карнавал королі қаланың қожайыны аталады және кез- келген өзгертуге құқығы болады .Бұл күннің негізгі заңы барлығына мерекені тойлау болып табылады . Басында карнавал португал халқының әуенімен басталса кейін сло кездің сәнді әуенднрі польшаның,италияндық әуендермен басталған болатын. 1870жылдан бастап бразилиялық стиль maxixe стилінде басталатын болған . Кейін рончос болса, кейін самба биімен басталатын болды . Бұл би басында Африканың « семба » биінен шыққан болатын .1916 жылы карнавал үшін алғашқы самба жазылған болатын . 1928 жылы алғашқы самбабиін үйрететін мектеп ашылған болатын . самба мектебі Бразилиядағы негізгі институт болып табылады . Карнавал фабрикасы жыл боцы жұмыс атқарады . Карнавал жыл сайын атақты самба мектептерінің өткізуімен белгілі бір тақырып бойынша өткізіледі . Соған байланысты мектеп жыл бойы карнавалға арнап костюмдер, сахналарды , өздерінің самба биін жазады . Мұның барлығын 700 метрлік самбадромнан барлығынан да артық жүріп шығуы үшін істейді . Әрбір мектептен 3 пен 5 мың адамнан шығады . Олардың ішінде әйгілі спортшылар және әртістерде қатысады . 1984 жылы бастап карнавалдық кеш осы карнавалға арнайы салынған алаңда өткізіледі . Самбадромға 70 мыңнан астам халық сыяды және 40 мың орын орындықтармен жабдықталған. Карнавалдың ең қызықты кезеңі жексенбі, дүйсенбі күніне сәйкес келеді бұл күні 1-ші категориядағы самба мектептері өтеді . Карнавал маршы « қанаттарын жазу » мен басталады . Бұны арнайы мерекеге 1899 жылы Искинья Гонзага жазып берген болатын . Әрбір мектептің жүріп өтуі 1,5 сағатты алады . Алғашқы қатарды бастап атақты бишілер шығады , сосын мектеп қызметкерлері және атақты адамдар карнавал костюмдарымен лардың артынан мыңдаған бишілер және жүздіген әншілер шығады және бұлардың арасында 600 доллар төлеп кез- келген адамдар шыға алады . Жоғарғы лиганығ 14 бишілер мектебі 2 күн бойы шығады . Олар тек қана көрермендердің көңілінен емес төрешілердіңде көңілінен шығу керек . Төрешілер барлығын есептейді әуенді оның сөзін биді дұрыс орындалуын барлығын есепке алады . Бұл карнавалды көру үшін әрбір турист 250 доллар , креслода отыру үшін – 450 доллар , ал vip орындарға 100 доллар төлейді . Карнавалдық туризм 21 ғасырдың феномені болып табылады .
