Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Event Tourism Ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
218.15 Кб
Скачать

37. Оқиғалы туризмнің даму перспективаларын суреттеп беріңіз.

Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында бес жылдың ішінде халықты жұмыспен қамту үшін, сыртқы және ішкі туризм көлемінің артуы есебінен кірістің тұрақты өсімі үшін, сонымен қатар Қазақстанды 2011 жылы Ортаазиялық аймақтың туризм орталығына айналдыру үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру қарастырылған. Аталмыш бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 59 млрд. теңгеден астам сома көлемінде қаржы бөлу жоспарланып отыр. Баяндамада бүгінгі таңдағы мемлекеттік және жеке меншік секторлардың өзара әрекеттерінің кластерлік моделі өзін өзі ақтағаны баяндалған. Мұның нақты факторы ретінде «Туризм» кластерінің пилоттық жобасын іске асыру болып табылады. Кластерлік инициатива шеңберінде туристік инфрақұрылымды дамыту үшін инвестиция жұмылдыру мүмкіндігі маңызды болып саналады. Қонақүйлер жүйесін, Ұлы Жібек Жолы үлгісінде керуен-сарайлар мен өзге де маңызды туристік маршруттардың құрылысына жағдай жасалатын болады. Инвестжобалар бойынша ұсыныстар негізінде аймақтық мөлшерде база қалыптасқан. Алғашқы кезеңде 90 инвестжоба сарапталып, жинақталды. Олардың 11 – і 386 млн АҚШ долларына өзектірек саналып алынды, және «Қазына» тұрақты даму қорына мемлекеттік қолдау көрсету үшін жіберілді.

Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстарында әлемдік деңгейдегі заманауи көпфункционалды туристік орталықтар құрудың Тұжырымдамасы жасалды, оны Елбасы мен ел Үкіметі мақұлдап отыр. Аталмыш жоба бойынша инвестиция жұмылдыруға жоспарланып отырған сома 30 млрд АҚШ долларын құрайды.

Туристік кадрларды даярлау деңгейін жоғарылату. Бүгінгі күні кадрларды даярлау деңгейін көтеру жұмыстарына айрықша көңіл бөлінеді. 2006 жылы туристік фирмалардың саны 921-ді құрады және өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға көтерілген. Министрлік туристік кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын өткізіп тұрады. Бұл жылы Астана қаласында бірінші республикалық ақпараттық туристік орталықты ашу, келесі жылы Алматы, Түркістан, Атырау және Ақтау қалаларында ашу жоспарланып отыр. 2005 жылдан бастап ҚР Үкіметінің қолдауымен «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде туризм саласына кадрлар даярлануда. ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып жоғарыда аталған Бағдарлама аясында білім алушыларға арналған квотаны арттыратын болады.

Қазақстанның тартымды туристік имиджін нормалау. Әлемдік туристік рыноктағы Қазақстанның тартымды туристік имиджін қалыптастыру мақсатында Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетудің мақсатты Бағдарламасын жасалды. Онда халықаралық туристік форумдарға қатысуды, көрме, жәрмеңке өткізу, әлемнің жетекші телеарналарында жарнамалық бейнероликтерді орналастыру және беру, сонымен қатар шетелдік БАҚ өкілдеріне инфотурлар өткізу және жарнамалық-ақпараттық өнім шығаруды қарастырылған. Имиджді жоғарылату үшін Қазақстанның 2007 жылы Дүниежүзілік туристік Ұйымының атқарушы кеңестігіне (ЮНВТО) өтуі мен 2009 жылы Астана қаласында ЮНВТО-ның Бас Ассамблеясын өткізу маңызды роль атқарады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]