Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Event Tourism Ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
218.15 Кб
Скачать

4. Оқиғалы туризм қалай жіктеледі?

Оқиғалы туризмді шаралар масштабы бойынша және шаралар тематикасы бойынша жіктеуге болады (ұлттық және халықаралық деңгейде).Оқиғалы туризмнің жіктелуін тек қана тематикасы бойынша ғана бөлуге болмайды, оқиғалы туризмді бұдан бөлек ұйымдастыру ерекшелігіне қарай да бөліп қарастыруға болады. Көбінесе адамдар мерекелік шаралардың ұйымдастырылуына көп көңіл бөледі. Себебі, оқиғалы туризмнің басқа туризм салаларынан ерекшелігі оның ұйымдастырылуында. Мерекелік шаралар ұйымдастырылуы арқылы өзіне туристерді тартады. Мысалыға, Германиядағы Октоберфест фестивалін алатын болсақ, онда осы мейрам күндері тегін сыралар, сыраға арналған тіскебасарлар ұсынады, көптеген сыра шатырларын тігеді, осы арқылы шаралар өзіне туристерді тартуы мүмкін (кесте 1) [6].

Оқиғалы туризмінде бірнеше тематикалық түрлерге бөлуге болады.

1 ұлттық фестивальдар және мерекелер:

- Лондондағы Қасиетті Патрик фестивалі (Ұлыбритания)

- Дублиндегі Қасиетті Патрик фестивалі ( Ирландия)

- Берлиндегі мәдениет фестивалі (Германия)

- Берлиндегі Махаббат аралы (Love parade) (Германия)

- Эдинбургтегі әскери татиуровка парады (Шотландия)

- Наполеон Бонапарттың туған күнін тойлау( Аяччо, Корсика)

2 Театрланған шоу:

- Мұз үстіндегі мереке Romanza шоуы ( Германия)

- Lord of the Dance шоуы (Ұлыбритания)

- Мұз үстіндегі мереке, Mystery шоуы (Германия)

- «Болашақ» циркі фестивалі, Париж (Франция)

- Мұз үстіндегі мереке, Романза шоуы, Вена (Австрия)

3 Кино және театр фестивальдары:

- Оберхаузендегі қысқаметражды фильмдер фестивалі (Германия)

- Канны фестивалі, Канны (Франция)

- Spierlart театрланған фестивалі, Мюнхен (Германия)

- «Шие орманы» фестивалі, Мәскеу (Ресей)

- Опера өнерінің фестивалі, Верона( Италия)

4 Гастрономдық фестивaльдар:

- Халықаралық сыра фестивалі, Берлин (Германия)

- Үлкен британдық фестиваль, Лондон (Ұлыбритания)

- Октоберфест , Мюнхен (Германия)

- Өнімдер фестивалі Гров қаласы( Испания)

- Божоле Нуво жас шарап мерекесі (Франция)

- Париждік шоколад салоны (Франция)

5 Гүлдер көрмесі және фестивалі:

- Челсидағы гүлдер көрмесі, Лондон (Ұлыбритания)

- Хэмптон Корт сарайындағы гүлдер көрмесі Лондон (Ұлыбритания)

Маусым айында бұл қала баққа айналады, яғни үйлер, көшелер, қала арналары, барлығы гүлмен безендіріледі.

- Хризантем фестивалі (Жапония)

- Қызғалдақтар көрмесі (Нидерланды)

-Бонсай фестивалі, Нара (Жапония)

6 Аукциондар:

- Сотби аукциондары

- Кристи аукциондары

- Дрюо аукциондары, Париж (Франция)

7 Музыка фестивалі және музыкалық конкурстар:

- Capricies фестивалі, Кранс Монтана (Швейцария)

- Ars musica фестивалі, Брюссель (Бельгия)

-«Қар және симфония» фестивалі Санкт Мариц( Швейцария)

- TDK TIME WARP фестивалі, Маннхайм( Германия)

- Pink Pop поп музыка фестивалі Ландграаф (Нидерланды )

- Монтредегі джаз фестивалі (Швейцария)

- Хенлидегі музыка және өнер фестивалі (Ұлыбритания)

- Стокгольмдегі джаз фестивалі( Швеция)

- П.И.Чайковскиий атындағы музыкалық конкурс Мәскеу (Ресей)

- Музыкалық конкурс «Евровидение»

8 Спорттық шаралар:

Олимпиада және халықаралық жарыстар

-‘Формула 1’ автожарысы

-NASCAR автожарысы, АҚШ

-Ралли

-мотожарыстар

9 Халықаралық техникалық салондар

- Ле Бурже авиасалоны, Париж (Франция)

- Жуковсскийдегі авиакосмостық салоны( Ресей)

- Чжухаедегі авиасалон (КХР)

- Лаюкави аралындағы авиасалон (Малайзия)

- Женевадағы автосалон (Швейцария)

- Мәскеудегі автосалон ( Ресей)

- «Сағаттар салоны», Женева, Цюрих (Швейцария)

Оқиғалы туризмі туризм саласының жаңа бағыты болып табылады. Қазіргі заманда адамдар туризмнің жаңа бағыттарына көп көңіл бөледі. Оқиғалы туризмінің ең басты ерекшелігі жарқын және қайталанбас сәттердің көптігі. Туризм саласының ең тартымды бағыттарының бірі оқиғалы туризмін ұйымдастыру [6].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]