Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Event Tourism Ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
218.15 Кб
Скачать

35. Оқиғалы туризмнің дамуына әсер ететін факторларды құрастыру.

Оқиғалы турға қатысушылар орналастыру құралдарына жоғарғы талаппен қарайды, әсіресе олардың классикалық типіне қонақүй, транспорт (шара өтетін орынға жайлы жету), қоғамдық тамақтандыру мекемелеріне және гид, аудармашының қызмет көрсетуіне. Оқиғалы туризмнің ерекшелігі жыл сайын кездейсоқ шаралардан тұрақты шаралар тізіміне өтетін, жаңа оқиғалы турымен толығып отырады. Оқиғалы туризмде тұрақты орынды қысқы және жазғы олимпиадалық ойындар алады. Қазіргі уақытта оқиғалы туризмінің ірі және тұрақты сегменті «карнавалдық» турлар болып табылады. Карнавалдық турлар ұйымдастыру кезінде туристер талабының бүкіл тізімін есепке алу керек.

  • Отельдің орналасу орны карнавалдық шаралар өтетін жердің жанында

  • Отель архитектурасы ескі стиль

  • Номерлер интерьері және гүлді гамма

  • Қызмет көрсетуші персоналдардың саны

  • Магазиндер саны және карнавалдық костюмдер жалға беру пункті

Туризм саласының дамуына сыртқы факторлар ықпал етеді: әлемдегі экономиканың жағдайы, құқықтық реттеу, ел ішіндегі және шет елдердегі экономикалық және саяси жағдай және т.б. Саланың дамуына ішкі факторлар да өз әсерін тигізеді, оларға кадрлық саясатты, туристік өнімнің кәсіби маркетингін жатқызуға болады. Туристік өнімнің маркетинг жоспарында шет мемлекеттерден туристерді тарту бойынша туристік операторлардың жұмысын күшейту қажет, бұл шығу туризмі ағымының тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, туристік саланың табыстылығын да жоғарылатады. Әлемдік нарықта мемлекет туризмінің бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасқан деңгейін сақтап қалу кезінде отандық туризмді дамыту мүмкіндіктері өмір сүру деңгейін көтеруге және тұрғындарды жұмыспен қамтуға, сапалы туристік қызметке деген сұранысты қанағаттандыруға және елдегі туризмнің тұрақты дамуына жағдайлар жасауға жеткіліксіз болады. Туристік саланың дамуына негізінен сыртқы факторлар әсер етеді, соның ішінде әлемдік экономиканың жағдайы, құқықтық реттеу, ел ішіндегі және де шетелдегі саяси және экономикалық жағдайлар. Бүгінгі күні туристік сала дамуының негізі Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы) (бұдан әрі - ҮИИДМБ) болып табылады. ҮИИДМБ аясында Қазақстан Республикасының басым туристік бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы бекітілген болатын. Сондай-ақ, салaның дамуына ішкі факторлар да әсер етеді, оларға кадрлық саясатты (кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, еңбекті ұйымдастыру), отандық туристік өнімнің кәсіби маркетингін жатқызуға болады. Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау Оқиғалы туризмінің және спорттық шаралардың даму жағдайына бірқатар ішкі, негізінен, әлеуметтік-экономикалық факторлар әсер етеді. Ішкі факторларды қарастыру кезінде келесіндей негізгі қырларын белгілейді: тұрғындардың дене тәрбиесіне деген белсенділігінің жеткілікті деңгейде реттелмеуі, бұл спорттық орталықтарда бос уақытта жаттығу үшін бағаның жоғарылығымен және спорттық құрылымдар санының аздығымен негізделеді. Балалар, жасөспірімдер және үлкендер арасында дене тәрбиесі және спортты насихаттау жұмысы жеткілікті деңгейде жүргізілмейді. Сонымен қатар, сыртқы факторлардың әсер етуі әлемдік аренадағы спортшылар бәсекесінің өсуімен сипатталады, сондықтан отандық спортшылардың кәсіби шеберліктерін арттыру үшін уақытында шаралар қолдану қажет. Оқиғалы туризмінің дамуына әсер етеін әлеуметтік-экономикалық факторларға сонымен катар тұрғындардың білім, мәдениет, эстетикалық кажеттілік деңгейлерінің өсуі де жатады. Эстетикалық қажеттілік элементі ретінде адамдардың әр түрлі түрмысымен, тарихымен, мәдениетімен, өмір сүру жағдайымен танысу құштарлығын айтуға болады. Сонымен қатар, сыртқы факторларға саяси және құқықтық реттеу өзгерістері: технологиялық өзгерістер: транспорт инфрақұрылымы мен сауданың дамуы, саяхаттаудың қауіпсіздік жағдайларының өзгеруі жатады. Ішкі (эндогендік) факторлар - бұл туризмге тікелей әсер ететін факгорлар. Оған ең бірінші материалды-техникалық факторлар жатады. Олардың бастысы орналастыру объектілерінің, транспорттың, қоғамдық тамақгандыру кәсіпорындарының, бөлшек сауданың және т.б. дамуымен байланысты. Ішкі факторға туристік нарықтың төмендегі факторлары жатады.

а) Ұсыныс, сұраныс және тарату факторлары (қазіргі нарықгық кдтынастардың ерекшелігі ретінде туристік өнімге деген сұраныстың түрақты сұраныска айналуын, сонымен катар жеке туризмнің өсуін айтуға болады).

б) Нарықты сегменттеу ролінің өсуі (аймақ ішінде жаңа туристік сегменттердің пайда болуы, саяхат баратын жерлердің қашықтығының ұлғаюы, демалысты әр түрлілігі және т.б.).

в) Туристік қызмет пен монополия процесіндегі сәйкестілік ролінің өсуі (көлденең интеграцияны күшейту, яғни ірі фирмалардың орта және кіші фирмалармен серіктік кдтынастарының өсуі: туристік одақтарды қүра отырып тікелей интеграциялау және т.б.)

г) Туризмдегі кадрлар рөлінің өсуі (жұмысшылар санының өсуі, маманданған құрылымның дамуы, еңбекті ұйымдастыруды жақсарту және т.б.)

д) Жеке туристік кәсіпкерліктің рөлінің артуы.

Жоғарыда келтірілген факторлар өз кезегінде экстенсивті, интенсивті және негативті болып бөлінеді. Экстенсивті факторлар: жұмысшылар айналымына енгізілетін материалды ресурстар көлемінің өсуі, туризмнің жаңа объекгілерін салу. Интенсивті факторлар: жеке адам іскерлігін көтеру, маманданған іскерлік құрылымды дамыту: ғылыми-техникалық прогресс жетістіісгерін пайдалана отырып материалды базаны техникалық жетілдіру: қолда бар материалдық ресурстарды тиімді пайдалану және т.б. Негативті факторлар: экономиканы милитаризациялау; тұтыну заттарына бағаның өсуі; жүмыссыздық; ақшаның тұрақсыздығы, жеке түтыну көлемінің қысқаруы, қолайсыз экологиялық жағдай, туристік фирмалардың банкротка үшырауы және т.б. Туризмнің дамуына негативті әсер ететін факторларға мысал ретінде мына жағдайды келтіруге болады: қызмет көрсету тарифының тұрақсыздығы; туристік қызмет көрсетуге бағаның тұтасымен өсуі; қонақ үй қызметінің нашарлауы; сапардың ұзақтығының, оған кететін шығынның қысқаруы; шетелге шығу сүранысының төмендеуін айтуға болады. Бұл факторлар осы жағдайларда өздерін әлсіз сезінетін әлеуметтік және жастар туризміне маңызды әсерін тигізеді. Казіргі кезде негативті факторлар Қазақстанда туризмнің дамуына үлкен кері әсерін тигізуде. Республикамыздың Президенті Н. Назарбаевтың Казақстан халқына арналған: "Казақста-2030" жолдауында қызмет көрсету, оның ішінде туризмге тікелей қатысы бар салаларды дамытудағы ұзақ жылдық мақсаттар мен оны жүзеге асырудағы нақты міндеттер көрсетілген. Мұнда туризмді дамытуға катысты төмендегідей ерекше стратегиялық мәселелерге тоқталуға болады. Олар: туризм саласы болашағының жалпы алғандағы "моделінің" көрінуі; әрбір Министрліктер мен ведомстволардың туризм индустриясын дамытуға, оның мақсаты мен басты бағыттарына қатысты функциональдық жауапкершілікті сезінетіндей "туризм" жүйесінің қалыптасуы; туризм саласына қатысты кабылданатын зандар мен зандылықгардың, шешімдердің қоғамды дамытудың жалпы мемлекеттік стратегиясының даму аясында кабылдануы; туристік қызметті басқаруға, стратегиялық жоспарлауға негізделген жүйенің кажеттілігі.

Туризмнің стратегиялық дамуына өзіндік ықпалы зор төмендегідей мүмкіндіктерді атауға болады: өзінің білімділігімен, ғылыми және шығармашылық мүмкіндіктерінің жоғарылығымен ерекшеленетін адам ресурсының болуы; экологиялық саясатты басшылыққа ала отырып, табиғат ресурстарын сапалы түрде пайдалану арқылы туристік-реакрациялық шаруашылықгы дамытуға қолайлы табиғи ресурстардың молдығы; шет мемлекеттерден келетін туризмді дамытуға қажетті саяси түрақгылықгың болуы; қазақ халқының табиғатындағы өзіне ғана тән қонақ жайлылығы; халықаралық туристік бағыттардың тоғысында орналаскан географиялық жағдайы мен оның территориясында тарихи Ұлы Жібек жолының болуы; әртүрлі халықаралық ұйымдардың (БҰҰ, ЮНЕСКО, ДТҰ және т.б.) қолдануы: экономика саласына тиімді ыкпалы болуы. Ал, туризмнің дамуына тікелей немесе жанама түрде кері әсері тигізетін факторлар:

- қызмет көрсету саласында қалыптасқан жаңаша құндылықтар жүйесі негізінде өзгертуді кажет ететін жалпы теңгермешілік пен жарқын болашаққа кепілдік берердей менталитеттің ескілігі;

- туристік қызмет көрсету рыногында шаруашылықгы жүргізудің жаңа тәсілдері мен бәсекелестікке сай менеджменттің болмауы;

- өз ақшасымен каржыландыратындай, соның негізінде туристік қызмет өндірісінің ішкі рыногы мен жұмыссыздық деңгейін тұрақгандыруға ықпалды орта буынның өте баяу қалыптасуы:

- мемлекеттік баскарудың тиісті дәрежеде туризмді үйымдастыра алмауы және туристік кәсіпорындардың менеджерлік корпустарының ұйымдастырушылық-құқықтың, әлеуметтік-экономикалық деңгейдегі дайындықтарының сапасыздығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]