- •1. «Оқиға» терминін түсіндіріп беріңіз, туризм дамуында оқиғалардың ролі қандай?
- •2. Оқиғалы туризмнің анықтамасын беріңіз.
- •4. Оқиғалы туризм қалай жіктеледі?
- •5. Халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерді сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз.
- •6. Театралдық шоуларды оқиғалы туризмнің объектісі ретінде сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз.
- •7. Кинофестивалдарды оқиғалы туризмнің объектісі ретінде сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз.
- •9. Гүлдер фестивалі мен көрмелерді оқиғалы туризмнің объектісі ретінде сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз
- •11. Спорттық оқиғалы туризмді суреттеп беріңіз.
- •13. Әлемдегі оқиғалы туризмнің объектісі ретінде карнавалдың негізгі даму тенденцияларын құрастыру.
- •14. Тмд елдеріндегі оқиғалы туризмнің даму жағдайына талдау жасау.
- •15. Ресейдің карнавалдарын суреттеп беріңіз.
- •16. Дүние жүзіндегі әйгілі іс-шараларға талдау жасау.
- •18. «Event» деген не? Event құрудың негізгі кезеңдері қандай?
- •19. Event - маркетинг және Event – менеджмент түсініктерін ашып көрсетіңіз
- •20. Event шаралар қалай жіктеледі?
- •21. Event-тердің типологиясын құрастыру.
- •26. Оқиға мен брендтің үйлесуін ашып көрсетіңіз.
- •28. Оқиғаның тақырыбы бойынша оқиғалы туризм қалай жіктеледі?
- •29 Көрмелер және жәрмеңкелердің оқиғалы туризмнің дамуындағы ролін ашып көрсетіңіз.
- •30. Kitf көрмесінің ұйымдастыру ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •31. Ивент-менеджердің құзіреттіліктерін құрастыру.
- •34. Олимпиада ойындары оқиғалы туризмнің объектісі ретінде суреттеп беріңіз.
- •35. Оқиғалы туризмнің дамуына әсер ететін факторларды құрастыру.
- •36. Оқиғалы туризмнің даму мәселелерін суреттеп беріңіз.
- •37. Оқиғалы туризмнің даму перспективаларын суреттеп беріңіз.
- •38. Персоналді брендингті қалай түсінесіз, оның оқиғалы маркетингтегі ролі қандай?
- •39. Заманауи туризм классификациясында оқиғалы туризмнің орнын анықтау.
- •40. Еуропадағы оқиғалы туризмнің дамуын талдау.
- •41. Америкадағы оқиғалы туризмнің дамуын талдау.
- •42. Азия-Тынық мұхит аймағындағы оқиғалы туризмнің дамуын талдау.
- •43. Африкадағы оқиғалы туризмнің дамуын талдау.
- •44. Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азиядағы оқиғалы туризмнің дамуын талдау.
- •45. Ресейдегі карнавалдардың даму тарихы.
- •46. Қазақстандағы оқиғалы туризм объектілерінің тізімін жасау.
- •47. Қазақстандағы оқиғалы туризм дамуының анализін жасау.
- •48. Қазақстандағы оқиғалы туризм дамуының ерекшеліктерін қалыптастыру.
- •49. Қазақстандағы белгілі оқиғалы туризмнің іс-шараларын суреттеп беріңіз.
- •50. Оқиғалы туризмнің даму тарихы.
- •51. Карнавал турлары және оларды өткізу аймақтары.
- •52. Конгрестер оқиғалы туризмнің объектісі ретінде.
- •53. Ресейдегі карнавалдардың дамуының үш негізгі бағытын сипаттап беріңіз.
- •54. Сән фестивальдары оқиғалы туризмнің объектісі ретінде сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз.
- •55. Спорттағы халықаралық жарыстар және олардың оқиғалы туризмдегі ролі.
- •56. «Формула‑1» жарыстары оқиғалы туризмнің маңызды сегменті.
- •57. Ивенттердің мақсатты аудиторияға тигізетін әсерін дәлелдеп беріңіз.
- •58. Музыкалық фестивальдарды оқиғалық туризмнің объектісі ретінде сипаттаңыз, мысалдар келтіріңіз.
- •59. Туризмдегі ивент-компаниялардың ролін ашып көрсетіңіз.
- •60. Event-турларды құрастыру.
- •1. «Оқиға» терминін түсіндіріп беріңіз, туризм дамуында оқиғалардың ролі қандай?
30. Kitf көрмесінің ұйымдастыру ерекшеліктерін сипаттаңыз.
KITF туристік көрмесі 2001 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан Орталық Азия аймағының жетекші халықаралық көрмесі атағын бекітті. Көрменің экспоциясы демалыс пен саяхаттаудың ен атақты деген түрлерін қарастырады: яғни, олар – емдік, іскерлік, спорттық, жағажайлық және т.б. KITF көрмесінде аймақтағы ұлттық туризмді дамыту мен жылжыту мәселелері ғана талқыланып қоймай, сонымен қатар, өсіп келе жатқан болашақ жастардың арасында дұрыс өмір сүру қағидаларымен таныстыру, аймақта балалар арасында спортты дамыту және рекрациондық қызметті жалпы дамыту мәселелері қарастырылады. Көрменің ұйымдастырушылары Iteca (Қазақстан) және ITE Group PLC (ҰлыБритания) болып табылады. Көрме Дүниежүзілік Туристік Ұйым ДТҰ және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің, Алматы қаласының Әкімшілігінің қолдауымен жүзеге асырылады.
31. Ивент-менеджердің құзіреттіліктерін құрастыру.
Еvent-management (от англ. event – событие и management – управление) немесе оқиғалы менеджмент- әр түрлі жиындарды ( жыиндар, семинарлар, конференциялар және т.б, көңіл көтеретін жиындар, сауық кештері,конкурстар, мерекелі жиындар және т.б ) есте сақталатын оқиғаларды ұйымдастырады.
Ұйымдастырушы ( event manager ) өзінің қандай жиын ұйымдастыратынын және келушілер қатысуын назарға алуы керек. Ұйымдастырушы және шақырылған қонақтар осы ивент жиынның мән-мағынасын түсінуі керек. Мұның өзі комфортты жағдай туғызады.
32. Оқиғалардың типологиясын жасау.
Әрбір типология объект, субъект және құбылыстарды шартты түрде топтарға бөлген кезде белгілі бір критерийлерге сүйенеді. Бөлу шарттылығы мұндай критерийлердің көп болуына негізделеді. Олардың ішіндегі ең маңыздылары мыналар:
1.Маркетингтік ортаға байланысты оқиға ішкі және сыртқы деп бөлінеді. Берілген оқиғалардың нақты формасын анықтау қиын. Бұл маркетингтік субъектке байланысты, себебі субъект ретінде кәсіпорын ғана емес, саясат партиясы, мемлекет, жеке тұлға,т.б. бола алады.
2.Маркетингтік орта типі бойынша(бренд-коммуникациялар іске асатын қоғамдық өмірдің нақты саласы) оқиғаларды саясаттық, әлеуметтік, мәдени және спорттық деп бөлуге болады. Саясаттық оқиғаларға митинг, демонстрация, сайлаушылармен кездесу, мемлекеттік мейрам, Федаралды жиналысқа қатысу, инаугурация,т.б. жатады. Корпоративтік оқиға – бизнес секторында ұйымдастырылатын және соңғы мақсаты табыс табу болып табылатын оқиғалар: корпоративтік сауық кеші, тренинг, өнім презентициясы, көрме, проакциялар,т.б. Әлеуметтік оқиғалар қатарына коммерциялық емес субъекттермен ұйымдасмтырылатын, қайырымдылық қорына қаражат жинайтын және әлеуметтік құндылықтарды алға жылжытатын әс-шаралар жатады. Әлеуметтік оқиғаға фандрайзинг акциялары, қайырымдылық концерттері жатады. Мәдени оқиға - концерт, фестиваль, арт-көрме,т.б. Ғылыми оқиғалар жеке өндірістің маркетингтік құралы болып табылады және ғылыми конференция, ғылыми семинар, ғылыми-техникалық жетістіктер көрмесі, т.б. жүзеге асады. Спорттық оқиғаларға спорттық жарыстар, спорттық жиындар, олимпиада,т.б. жатады.
3.Қатысушылардың әрекеттесу сипаттамасы бойынша оқиға формальды және формальды емес болады. Олардың нақты формасы маркетингтік ортаның типіне байланысты және көп түрде ұсынылады. Автор ғылыми іс-шараны да формальды емес оқиғаға айналдыруға болатынын жеке тәжірибесі бойынша біледі.
4.Мақсатты аудитория масштабы бойынша оқиғалар халықаралық, мемлекеттік, корппоративтік және микрооқиға болып жіктеледі.Халықаралық оқиғаларға маркетингтік ортаның әр түрлі типіндегі оқиғалар: саясаттық саммиттерден бастап спорттық жарыстарға дейінгі оқиғалар жатады. Мемлкеттік – ел мастабында болатын барлық оқиғалар(саясат меркетингі мен мемлекеттіік басқарумен шатастыруға болмайды). Жалпы мемлекеттік іс-шараны тек администратор ресурстарының көмегімен ғана жүзеге асыруға болады. Көптеген кәсіпорындар барлық елдің мақсатты аудиториясы үшін ортақ маңызды оқиғаға айналдыруға күш-қуаты жетпейді. Корпоративтік оқиғаға кәсіпорынның ішкі және сыртқы маркетингтік ортасына жататын барлық оқиғаны жатқызуға болады. Микрооқиға көбінесе маркетингтік теорияда назарға алынбайды. Себебі бұл оқиға минималды адам санынан тұратын мақсатты аудиторияға бағытталған. Микрооқиға бренд туралы ақпаратты толық таратпайды. Ол көбінесе маңызды жеке тұлға немесе микротоппен қарым-қатынас орнатқан кезде және осы мақсатты аудиторияны бренд құндылықтарымен таныстырғысы келген кезде қолданылады. Микрооқиға категориясына іскерлік кездесу, романтикалық кездесу, «қаңды кездейсоқтық» жатады. Микрооқиға жеке брендинг практикасында қолданылады. Сондай-ақ, шпиондық технологияларды қолданлады, себебі мақсатты аудиторияның күнделікті жұмыстары туралы ақпарат алу қажет және осы күнделікті ісін бренд жаңалығы арқылы «дейін» және «кейінге» бөледі.
5.Маркетингтік міндеттер бойынша оқиғаны қол жеткілізген қорытынды және мақсатты аудитория мен бренд қарым-қатынасын түбегейлі өзгертуге бағытталған деп бөлуге болады. Негізінен, қорытынды оқиғалар да өзгерістер енгізеді. Бірақ бұрын белгіленген маркетингтік стратегия бойынша ғана. Түбегейлі өзгерістерге бағытталған оқиғаларға ребрендинг, нарыққа жаңа өнімді шығару жатады.
33. Ұлттық мерекелер оқиғалы туризмнің объектісі ретінде суреттеп беріңіз. Оқиғалы туризм Батыста бұрыннан белең алып келеді. Оның мақсаты бір оқиғаға, фильмдерге, кітаптардың премьераларына байланысты компаниялардың тур және қызмет көрсетулер ұсынумен байланысты. Бұл елестері бар үйлерге бару және тарихи турлар болуы мүмкін, мысалы, Фермопилге бару. Сонымен қатар, коммерциялық жағынан поп мәдениет әлеміндегі танымал шаралрға арналған турларды айтуға болады.
Оқиғалы турға қатысушылар орналастыру құралдарына жоғарғы талаппен қарайды, әсіресе олардың классикалық типіне қонақүй, транспорт (шара өтетін орынға жайлы жету), қоғамдық тамақтандыру мекемелеріне және гид, аудармашының қызмет көрсетуіне. Оқиғалы туризмнің ерекшелігі жыл сайын кездейсоқ шаралардан тұрақты шаралар тізіміне өтетін, жаңа оқиғалы турымен толығып отырады. Оқиғалы туризмде тұрақты орынды қысқы және жазғы олимпиадалық ойындар алады.
Қазақстан Республикасындағы өтіп жатқан іс-шаралар, мысалы, Азиада 2011, «Азия дауысы» музыкалық фестивалі, «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалі, Астана саммиті, және тағы да басқа оқиғалар Қазақстанда оқиғалы туризмнің дамып келе жатқандығын көрсетеді.
Қазақстанның рекреациялық ресурстар мәселесін шешу мен туризм индустриясын құру үшін арнайы жаратылыстық тарихи, экономикалық және техникалық мінездемесі бар жұмыстарды жүзеге асырылуы қажет. Алайда, бұл жұмысты бастамастан бұрын, территорияның рекреациялық потенциалдың алдын-ала жалпы географиялық бағалау жүзеге асырылуы керек,бұл жұмыс территорияның перспективтілігінің дәрежесін анықтауға және зерттелудің одан аса детальдардың негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.
Мемлекетте халықаралық ұйымдардың эгидасының атымен халықаралық маңызы бар іс-шаралар және мерекелер өтті және өткізіліп жатыр: Қазақстанға Рим Папасының келуі, Қазақстанның УЕФА кубогына кіруі, әлемдегі басшылардың съезді, ОБСЕ- ге басшылық жасау, Астана саммиті, Азия ойындары-2011.
Ренжимендер осыдан баска жок улттык мерекеге байланысты бирдене ойдан шыгарып окигамен байланыстырындар.
