Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эконом теория.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
738.3 Кб
Скачать

Мерзімді

Келісімді

Мерзімді сыйлықты

Жай мерзімді

Кесімді сыйлықты

Аккордты

Тікелей кесімді

Кесімді прогрессивті

Прямая соединительная линия 9 Прямая соединительная линия 8 Прямая соединительная линия 7 Прямая соединительная линия 6 Прямая соединительная линия 5 Прямая соединительная линия 4 Прямая соединительная линия 3 Прямая соединительная линия 2

№ 12 Емтихан билеті

  1. Протекционизм . Сыртқы сауда саясатының типтері

Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі.

1. Протекционизм - жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты. Импортты шектеу негізінде үш негізгі шаралар қолданылады:

  • Кеден, баж салығы немесе тарифтік кедергілер жүргізу. Шетел тауарларына салық арқылы олардың бағасын көтеріп, сұранысты азайту.

  • Тарифтік емес кедергілер (импортқа тыйым салу немесе шектеу қою: квота, лицензия және т.б. шаралар арқылы).

  • Экспортты қолдау. Артықшылықтары: Төлем балансын теңдес-тіреді, демпингтен қор-ғайды. Жаңа салаларды қорғайды, өндіріс көле-мінің өсуін ынталан-дырады.

2. Фритредерство немесе еркін сауда саясаты, яғни ішкі нарықта шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдау. Артықшылықтары: Бәсекені ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі.

Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын сипаттауға төлем балансы қолданылады. Төлем балансы дегеніміз белгілі бір кезендік статистикалық есеп беру және келесі құбылыстарды көрсетеді:

  • белгілі бір елдің басқа елдер арасындағы тауарлық, қызметтік, табыстық операциялар;

  • меншіктегі өзгерістер және сол елдің қаржылық талаптар мен міндеттемелеріндегі өзгерістер;

  • бір жақты аудармалар.

Төлем балансына сыртқы саудадан, тасымал құралдары төлемінен, шетелге капитал шығарудан, шетел туризмінен және валюталық несиелік операциялардан және т.б. түскен табыстар кіргізіледі. Дәл осындай баптар төлем балансының шығын бөлімінде көрсетіледі. Төлем балансының көрсеткіштері сол елдің белгілі бір кездегі экономикалық жағдайы туралы мәлімет береді. Егер төлем балансында теріс сальдо болса, онда сол ел дүниежүзілік нарықта сенімсіздікке ұшырайды, мұның өзі ұлттық валютаның басқа елдердің ұлттық валютасымен салыстырғанда, төмендеуіне әкеліп соғады.

  1. Экономикалық теория және Экономикалық саясат

Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым.

Экономикалық ойлау адамзат қағамының құрдасы болып табылады. Оның алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады.

Ең алғаш рет б.э.д. III-ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше нұсқаулары дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады. Экономика деген гректің сөзі, сөзбе сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізудің өнері» деген мағынаны білдіреді.

Қазір оның мазмұны айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Шаруашылық тек отбасы төңірегінде емес, сондай ақ аймақ, ел, әлемдік шеңберде жүргізіліп, басқарылатын болды және тек теориялық белгілеріне ғана емес, сондай ақ өндірістік белгілеріне байланысты (фирма, кәсіпорын, сала) ұйымдастырылатын болды.

Экономикалық теория дербес ғылым болып XVI­-XVII ғасырларда тауар – ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады.

“Мемлекеттің экономикалық саясаты экономикалық үрдістерді реттеуге, оларға ықпал жасауға немесе олардың ағымын тікелей алдын-ала анықтауға бағытталған тұтас шараларды көрсетеді. Экономикалық саясат екі түрлі міндетті орындауға бағытталған: 1. рыноктың дұрыс дамуы үшін инфрақұрылымды құру және оны тиісті деңгейде ұстап тұру; 2. нарықтық тепе-теңдіктің «сыпайы» түзетілуі өзін өзі реттейтін нарықтық құрылым «жаңылыстық» берген кезде болады.

Инфрақұрылым − нарықтық экономикаға жұмыс істейтін қызметтер саласының жүйесі. Инфрақұрылымның құрамдас элементтері болып мыналар саналады:

1.Экономикалық объектілер: а) елдің валюталық жүйесі; б) мемлекеттің ақша-қаржылық жүйесі. 2. Материалдық объектілер: а) энергиямен қамтамасыз ету жүйесі; б) ұлттық экономиканың аумақтық-экономикалық құрылымы, в) жолдар, құбырлар, порттар, аэродромдар жүйесі. 3. Әлеуметтік объектілер: а) білім беру жүйесі; б) денсаулық сақтау жүйесі; в) ұлттың қолы жеткен білім беру, ғылым және мәдениет деңгейі.

Қазақстанның экономикалық саясатының басымды мақсаттары “Стратегия–2030” бағдарламасында анықталған. Экономикалық өсу қарқынын жеделдету үшін ҚР - ның үкіметі жуық жылдарда инфляцияның жылдық орташа деңгейін дәйектілікпен төмендетуді, басқаруға болатын бюджет дефицитін сақтауды және ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қолдауды көздеуде. 2000 жылы, негізінен, экономикадағы құрылымдық реформа аяқталды, ЖІӨ-ге жекеменшік секторының үлестік өсуі жалғасты және экономика жоғары деңгеймен өсе бастады. Инфляцияның төменгі деңгейіне жету және соны ұстап тұру мақсатында ақшалай-несиелік және қаржылық реттеуді, еліміздің банк жүйесін нығайтуды және қаржылық секторды дамытуды жетілдіре түсу жөніндегі жұмыстарды жалғастырумен бірге ақша-несие және бюджет саясатын қатайту көзделуде.

Қолда бар өнеркәсіптік кәсіпорындардың және ғылыми-техникалық әлуеттің негізінде қорғаныс-өнеркәсіп кешенін құрылымдандыру және дамыту жөнінде шаралар қабылдау ойластырылуда. Бұл жағдайда жекеленген ғылыми-өндірістік бірлестіктердің бағыттары бойынша “талдау-жобалау-әзірлеу” деген тұйық циклды жасау мақсат етіп қойылуда, бұл республикамызды отандық өнімдермен қамтамасыз ету деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Экономикалық саясатқа қол жеткізудің құралдары мына төмендегілер бола алады: 1. Әкімшілік; 2. Институционалдық; 3. Экономикалық: а) қаржы жүйесі; б) ақша-несие жүйесі.

Осынау құралдар жиынтығы экономикада тұрақтылыққа , макроэкономикалық тепе-теңдікке жету үшін қолданылады. Бұл ретте экономикалық саясатты жүзеге асырудың әр түрлі нұсқалары бар: кейнсиандық, монетарлық. Өндірістің құлдырауы жағдайында кейнсшілер мыналарды ұсынады: а) жетімсіз сұранымның орнын толтыру үшін; бұл жағдайда бюджет тапшылығы мен инфляциядан қорықпай, тауарлармен қызметтерді сатып алуға мемлекет шығындарын көбейту керек; б) мемлекет қосымша жұмыс орындарын ашуы керек; в) арзандау несие беру және инвестицияны кеңейту мақсатында банк пайызының нормасына ықпал ету керек.

Экономиканың өрлеуі жағдайында кейнсшілер мыналарды жөн деп санайды:

а) тауарлар мен қызметтерге тұтас сұранымды азайту үшін мемлекеттік сатып алуды қысқарту және инвестиция көлемін төмендету керек; б) тұтынушылық және инвестициялық шығындарды қысқарту үшін салықтық ставканы көбейту керек; в) несиені қымбаттатуға шаралар қабылдау керек

Дискрециялық емес фискальдық (қазналық) саясат жанама тұрақтандырғыштар арқылы жүзеге асырылады. Оған салықтық жүйе, ең алдымен прогресивті салықтар жатады. Жанама тұрақтандырғыштар – бұл автоматты түрде іске қосылатын нормалар, ол үкімет тарапынан қандайда бір арнайы қадамдар жасаудың қажетінсіз-ақ күшіне енеді. Жалпы ұлттық өнімнің өсуіне орай өркендеу кезеңінде салықтық түсім автоматты түрде молаяды, ол экономикалық өрлеуді тежейді. Керісінше, жалпы ұлттық өнім құлдырау кезінде азайса, салықтық түсім автоматты түрде кемиді және бұл азаю экономикалық құлдырауды тежейді, баяулатады.

Дискрециялық фискальдық саясат. Бұл ұлттық өндірістің және жұмыспен қамтылудың нақтылы көлемін өзгерту, инфляцияны бақылау және экономикалық өсуді тездету мақсатында саналы түрде бюджетпен (салықтармен және үкіметтің шығындарымен) жүргізілетін саясаты. Мұндай шаралардың ішіне салықтық ставкалардың, салық түрлерінің және шығындар көлемінің өзгерістері кіреді. Оның мысалы ретінде қомақты сомаға тауарлар мен қызметтер сатып алу туралы үкімет шешімін немесе жалпы өнімнің көлеміне байланыссыз жаңа салықты ендіру ісін атап өтуге болады.

Кейнсиандық саясат екінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен қолданыла бастады. Алайда осы жылдар ішінде мемлекеттік шығындардың өсуі нәтижесінде айтарлықтай бюджет дефициті жинақталды, ал инфляция 20 ғасырдың 60-70-ші жылдарының аяғында жорғалаудан шапқылауға көшті. Осы кезеңде кейнсиандық теория қатты сынға ұшырай бастады. Бұл сынды Чикаго мектебі мен оның жетекшісі М. Фридмен бастады. Оның теориясының басты идеясы: тек ақшаның ғана мәні бар, барлығы елдегі ақша массасының санына байланысты. Ақша, оның ойынша, шаруашылыққа ықпал ететін барлық импульстердің ішінде басты орын алады. Ол сұраныс мен ұсынысты ең қуатты экономикалық тетіктер және әулиеті ең пайдалы деп санайды. М.Фридмен мынандай байламға келеді: мемлекеттің экономика мен әлеуметтік салаға араласуы аз болуға тиіс және ол ақшалай ұсынымды бақылауға әкеп соғады. Егер мемлекет ақша ұсынысын қатаң бақылайтын болса, қолда бар ақша санының және несие ақшаның күрт көтеріліп кетуін болдырмаса, онда соның арқасында экономикалық дамудың тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Инфляциямен күресте монетарлық тұжырымдама айрықша тиімді.

Дамыған елдердегі қалыптасқан экономикалық саясаттың тәжірибиесі мынаны көрсетеді: «мемлекеттік реттеу» терминіне қарағанда «экономикалық саясат» түсінігінің мәні кеңірек. Экономикалық саясатты жүргізе отырып, мемлекет бастаушы, негізгі буын болып көрінеді. Алайда бұл рөлде мемлекеттің кәдімгі үлкен оркестрдің дирижері болып көрінетіндігін дұрыс түсіну керек. Макроэкономикалық реттеу бойынша әрекеттердің табыстылығы – мемлекеттің тоталитарлық үкіметінде емес, оның жүргізілген саясатқа орай барлық қатысушылардың бірлескен әрекеттерін ұтымды ұйымдастыра білу мүмкіндігіне байланысты. Олардың басын біріктірмей, мемлекет оркестрі жоқ дирижер рөлінде көрінетін болады.

Экономикалық саясат әрқашанда белгілі бір мақсаттарды жүзеге асырудың үрдісін байқатады. Өмір қоғамның даму үрдісінде бір мезгілде көптеген мәселелерді шешу қажеттілігін көрсетіп отыр. Әбден сәтті шыққан құрылым келбеті мынадай түрде көрінеді. Барша қоғамның барынша жақсы тұрмыс, молшылыққа жетуін көздеген экономиканың негізгі мақсатын ғаламдық, жоғары деңгейде белгілеу қажет. Алайда практика бұл түсініктің теориялық жағынан соншалықты күрделі екендігін көрсетіп отыр. Мұның мәні, тұрмыс жағдайы туралы айта отырып, осы мақсатты нақтылы, санмен тұжырымдау қиын. Бұл мақсат айтарлықтай дәрежеде салыстырмалы сипатта болады. Экономикалық саясатты іс жүзінде жүзеге асыру барысында тұрмыс-жағдай мәселесі өзінің тікелей статистикалық нұсқасында тіпті аталмайды да. Негізгі мақсаттан басқа екінші деңгейлі тәрізді мақсаттардыңда болуы мүмкін. Экономикалық әдебиеттерде олар кейде мемлекеттік функциялар белгілерін алады.

Нақтылы экономикалық бағыттардың ықпал ету қатарына жатқызылатындары мыналар:

  • қаржы (бюджет, қазналық) саясаты;

  • ақша-несие (монетарлық) саясаты;

  • әлеуметтік-экономикалық бағдарламалары;

  • болжамдау.

Мақсаттардың иерархиялық бағыныштылығын «мақсаттар пирамидасы» деген ұғыммен атау қабылданған. Ұсынылып отырған схема сырттай осындай құрылымды көрсетеді: оның негізгі мақсаты молшылықпен байланысты және оны нақты цифрлармен белгілеу мүмкін емес, ол белгілі бір нақтылы тапсырмалар қатарына бөлшектенеді. Алайда, экономикалық саясатты жүзеге асыру барысында осынау нақты тәсілдердің жиынтығынан үйлесімді жүйе тудыру өте қиын. Бұл екі түрлі жағдайлармен байланысты. Біріншіден, нақты міндеттің тұжырымдалуының өзі белгілі бір қиындықтардың элементтерін көрсетеді. Қоғамның әртүрлі топтарында, көбінесе, мақсаттар туралы әрқилы түсініктер болады. Екіншіден, іс жүзіндегі реттеудің жүзеге асуы мынаны көрсетеді: бір мақсатты орындау екіншісінің орындалуын тежейді немесе тіпті, жалпы оған жету мүмкін де болмайды. Бірқатар нақтылы мақсаттарды жүзеге асыру үшін олардың қисындарын қалыптастыра отырып, экономистер оны «мақсаттардың дуалы қөпбұрышы» деп атаған.

  1. Шерман заңы.

Шерман заңы дегеніміз не? Шерман заңы (1890 жыл). Бұл заң сауданы құпия монополияландыруға, бір салада жалғыз үстемдік етуге, баға жөнінде келісімге келуге тыйым салады. Монополияға қарсы заңдарды жүзеге асрушы мемлекеттік қызметтер екі принципті басшылыққа ала алады. Біріншіден, заңды қатал сақтап отыру, екіншіден «парасаттылық принципін» ұстау. Өйткені көп жағдайларды трестерге қарсы заңдардың  (мысалы Шерман заңы) ресми жалпы түрде жазылғаны сонша, АҚШ федеральдық соты осы заңның қолдану сферасына іс істемекші болған қандай да болсын келісімге келуші екі жақты жатқыза алады. Сондықтан «Парасаттылық принципі» бойынша тек жөнсіз, ақылға сыймайтын сауданы шектеулер ғана Шерман заңының қолдану сферасына жатады. Мемлекет қиратушы монополизм қаупі мен бәсекені шектеу қаупінің ( мемлекеттің қандай да болсын араласуы, тіпті бәсекені қолдау мақсатымен, әрбір бәсекелестік мүмкіндіктерді шектеуге әкеліп соғады) арасындағы жіңішке соқпақ жолда өзін тең ұстауға тиісті. Монополияға қарсы істер өндірушілердің ( тұтынушылардың) бір тобына басқа топтардың есебінен барынша жеңілдік жасаудың орнына бәсекені қолдау керек.

№ 13 Емтихан билеті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]