Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эконом теория.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
738.3 Кб
Скачать

1.Сауда

Экономикалық өнімнің өндірушілерден тұтынушыларға қарай жылжумен байланысты қызмет аймағы айналым сферасы деп аталады. Айналым сферасында өнім сатушының қолынан сатып алушының қолына өтеді, яғни меншік иесін өзгертеді. Тауардың бірінші меншік иесі сатушы мен екінші меншік иесі сатып алушының арасында пайда болатын тауар - ақша қатынастарының агенті немесе делдалы сауда болып табылады.

Сауда - бұл адамдардың тауар айырбасын және сату - сатып алу актін жүзеге асырумен байланысты қызметі. Тауарлардың сауда саттық операциялары өнім жасамайды, тек тауарды өткізудегі қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандырады. Берілген жағдай бұл әрекетті қызметке жатқызуға негіз береді.

Отандық экономикалық ғьлымда сауда қызметтерін негізгі және қосымша қызметтерге бөлу қабылданған. Негізгі сауда қызметтеріне тауарды, жарнамаларды өткізумен, сатып алушының сұранысын зерттеумен, жәрмеңкелерде, аукциондарда тауарларды көрсетумен байланысты әрекет жатады. Қосымша сауда қызметтеріне айналым сферасындағы өндіріс процесінің жалғасуымен байланысты қызметтер жатады: тасымалдау, сорттау, сақтау және тауарларды орау.

Сауда әрекетін жүзеге асыру үшін капитал қажет. Оның алғашқы формасы сауда әрекетінің дербес түріне бөлінгенде үшінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісі кезеңінде пайда болған көпес капиталы болды. Мұнан былай көпес капиталының орнына сауда капиталы келді. Сауда капиталы - бұл айналым сферасында жүзеге асатын және өнеркәсіп капиталынан бөлектенген капитал. Алғашқы кезеңде өнеркәсіпшілер, олардың тарапынан нарықты зерттеуге және сауда торабын құруға қосымша шығындарды қажет ететін тауар өткізумен өздері айналысты. Біртіндеп бұл функциялар сауда кәсіпорындарына өтті. Нәтижесінде сауда капиталы өнеркәсіптіктен бөлініп дербес болды. Бұл процесс екі жаққа да тиімді болып шықты: өндіруші уақыт пен ақшаны үнемдейді, ал саудагер сатып алу мен сату бағасының арасындағы айырмашылық ретінде пайда болатын сауда пайдасын алады.

Қазіргі кезеңнің өзгеше ерекшелігі ірі компаниялардың өткізуді бақылау мақсатымен өзінің жеке өткізетін немесе сататын торабын құра отырып, өнімінің сатылуын қайтадан өз қолына алғандағы процесс.

Сауда тек сатқанымен ғана емес, сонымен қатар қалай сатуымен де сипатталады. Ұйымдастыру әдістеріне байланысты:

  • Нақты ақшаға сату;

  • Нақты емес ақшаға сату. Бұл жағдайда тұтынушының орнына нарық инфрақұрылымының қажетті элементі болатын банк есептеседі.

  • Тауарларды несиеге сату;

  • Тауарларды сатып алушының мүлкін кепілге алу арқылы сату;

  • Тауар айырбасымен сату, яғни бартер.

Сатудың көлемдік белгілеріне байланысты көтерме және бөлшек сауда деп бөледі. Олар сонымен катар бағаларымен ерекшеленеді: бөлек сатқан тауарлардың көтермелеп сатқан тауарлардан бағалары төмен болады. Сатушы үшін тиімді тауар сату есебінен табыс алуға бағытталған сауда әрекеті коммерция деп аталады. Коммерцияның өзегін сатып алу және келесі сатумен байланысты сауда операциялары құрайды, яғни тауарларды қайта сату. Сәтті коммерция үшін екі ең басты шарттар сақталуы қажет:

• Тауардың сатып алу бағасы тауарды нарықта сата алатын бағадан әлдеқайда төмен болуы керек;

• Берілген тауардың түріне төлем қабілеті бар сұраныс көтере сатып алынатын тауарды, оны иемденген бағасынан аспайтын бағамен сату үшін жеткілікті болу керек.

Сауда дүкендерде, аукциондарда, жәрмеңкелерде жүзеге асады. Дүкен (фран. - қойма, амбар) - тауарды сататын немесе сақтайтын бөлме. Дүкендерде әдеттегідей бөлшек сауда жүргізіледі. Бір текті тауарларды өндіру аукциондарда, жәрмеңкелерде үлгімен көтерме сауда жүргізуге мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]