- •Қоғамдық шаруашылықтың түрлері: натуралды, тауарлы шаруашылық мәні, пайда болу себептері
- •2.Дағдарыс түрлері, мәні
- •3.«Қазақстан-2030» Стратегиясының басымдықтары
- •Екінші дәрежедегі банктердің қызметтері:
- •Мерзімді
- •Аккордты
- •1.Кәсіпкерлік түрлері (қаржылық, өндірістік, инновациялық, классикалық, серіктестік, ао, шағын, орта, ірі және т.Б.), мәндері
- •2.Экономикалық өсу мәндері. Экономикалық өсудің негізі
- •3.Банк дегеніміз не?
- •1.Экономикалық теорияның зерттеу нысандары, әдістері
- •2.Негізгі капиталдың тозу түрлері
- •3.Мемлекеттік бюджет.
- •1.Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны
- •2.Меншік объектілері мен субъектілірі
- •3.Экономикалық цикл себептері (неоклассикалық, кейнсиандық, ақша-несие, маркстік, толық тұтынбайтын концепция) мәні.
- •1. Микроэкономикалдық артықшылықтары:
- •2. Макроэкономикалық артықшылықтары
- •3. Шетелдік инвестициялар үшін пайдалы болуы
- •1. Маркстік тұжырым б-ша:
- •2. Маржинализм тұжырым б-ша:
- •3. Бәсеке түрлері
- •Макроэкономикалық көрсеткіштер, анықтамалары
- •Мұндағы: жұө1 - есепті жылғы жалпы ұлттық өнім
- •Ақша-несие саясатының құралдары, мәні
- •2)Шығындар түрлері(тұрақты, өзгермелі, жалпы, шекті, орташа, экономикалық, бухгалтерлік, айқын, айқын емес және т.Б.), олардың мәндері және оларға не жатады.
- •Ш ығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:
- •Бухгалтерлік шығындар
- •Экономикалық шығындар
- •Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •3)Макроэкономика, микроэкономика дегеніміз не, нені зерттейді, негізгі мәселесі?
- •1)Валюта жүйе түрлері (алтын стандарт, алтын-девиздік және т.Б.), жылдары, мәні
- •2)Икемділік дегеніміз не?
- •3)Экономикалық ресурстар дегеніміз не?
- •1)Экономикалық жүйе дегеніміз не? Экономиканың негізгі үш мәселесі?
- •2)Экономикалық цикл фазалары: құлдырау, тоқырау, жандану, өрлеу. Мәндері
- •3)Экономикалық жүйе түрлері, мәні.
- •Несие функциялары:
- •Несиенің түрлері
- •1.Сауда
- •2. Еңбекке сұраныс бағасы
- •1.Лоренц қисығы
- •2.Ақша-несие саясаты
- •Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары:
- •Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары:
- •3. Сұраныс заңы мен Ұсыныс заңы
- •1.Нарықтың негізгі элементтері
- •3.Халықаралық сауда
3)Макроэкономика, микроэкономика дегеніміз не, нені зерттейді, негізгі мәселесі?
микроэкономика – жеке өндірушілердің қызмет-әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптастыру заңдылықтарын зерттейді. Бұнда жеке тауарлардың бағасы, ресурстар, шығындар, пайда, фирманың қызмет атқару механизмі, бағаның құрылуы және т.б. категориялар талданады.
макроэкономика – мемлекеттің жалпы экономикасы зерттелінеді, ұлттық экономикалық жүйенің қызмет-әрекеттерін зерттейді, талдау объектісіне жататындар: қоғамның жалпы табысы, жұмыссыздық, инфляция және т.б.
Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер:
1- ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;
2- жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың мәселелері;
3- инфляция мен инфляция қарсы саясат;
4- экономикалық өсудің түсінігімен факторларын зерттеу;
5- экономикалық дамудың циклдары;
6- ұлттық экономиканың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;
7- мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мәселелері.
№ 23 Емтихан билеті
1)Валюта жүйе түрлері (алтын стандарт, алтын-девиздік және т.Б.), жылдары, мәні
Валюта - 1. елдің ақша бірлігі; 2. шетелдің ақша белгісі, халықаралық есеп айырысуда қолданылатын төлем құжаттары
Валюталық курс – бір елдің ақша бірлігінің басқа елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Валюта қатынастары тарихында үш валюта жүйесі белгілі.
Алтын стандарты негізінде 1879-1934 жылға дейін: ақша бірлігінде алтын үлесінің болуы, алтын қоры мен ішкі ақша ұсынысының тең болуы, осының нәтижесінде мемлекет валюталық курсты қатал шектеуде ұстап отырады.
Бреттон Вуд жүйесі 1944-1971 ж. ақша айналымына алтын девиза енгізілді, яғни мұндай өлшеуіш алтынның орнына алтыны аз елдердің кейбір ұлттық немесе бірлескен валюталардың жүруіне жол берілді. (алтын-доллор стандарты)
1971 жылдан бастап дүниежүзілік ақша міндетін алтын емес, ұлттық валюта мен біріккен валюта атқара бастады да бұл жүйе - еркін өзгеріп отыратын валюталық курс жүйесі деп аталды, яғни валюталық курс мемлекет әсерін тигізіп отыратын сұраныс пен ұсынысқа қарай өзгеріп отырады.
2)Икемділік дегеніміз не?
Икемділік - бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады.
Сұраныстың бағалық икемділігі – тауар бағасының 1% өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемінің осы тауар бағасының өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады.
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
ЕPD = ∆ Q%
∆ Р%
Мұнда ЕPD – сұраныстың бағалық икемділігінің коэффиценті;
Q% - сұраныс көлемінің қатысты өзгеруі;
Р% - бағаның қатысты өзгеруі;
Сұраныстың табыстық икемділігі – бұл көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі осы тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінен көрсетеді. Бұл коэффициент тауардың сапалылығын анықтайды.
ЕіD = ∆ Q%
∆ I %
Мұнда: ЕіD – сұраныстың табыстық икемділігінің коэффициенті,
Q % - сұраныстың өзгеруі,
І % - табыстың өзгеруі.
Егерде ЕіD> О бұл тауарлар сапасыз болады, себебі тұтынушының табысы өскен сайын қарастырып отырған тауарға сұраныс азаяды.
ЕіD>О - әдеттегі қолдануға жарамды тауарлар.
Егерде О< ЕіD< 1 – бірінші қажеттіліктегі тауарлар
ЕіD> 1 – қымбат жиһаздар, сән-салтанат тауарлары.
Ұсыныстың икемділігі – бұл бағаның 1% -ке өзгеруі ұсыныс көлемінің қанша %-ке өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш.
ЕРS =Qх%
Ру%
Мұнда: Ер S - ұсыныстың икемділігі,
Q% - ұсыныстың көлемінің қатысты өзгеруі
Р% - бағаның қатысты өзгеруі.
Икемділік – бір айнымалы өлшемінің өзгеруіне байланысты екінші бір айнымалы өлшемінің өзгеріске ұшырау реакциясының дәрежесі. Икемділіктің сандық мәнін есептеу ушин икемділіктің коэффициенті қолданылады. Икемділік коэффициенті бір айнымалының 1 пайызга озгеруі нәтижесінде екінші бір айнымалының соган байланысты канша пайызга ошгеретінін көрсететін сандық көрсеткіш болып табылады. Икемділіктің мәні 0ден шексіздікке дейін өзгеріп отырады.Икемділік сұранысқа да ұсынысқа да әсер етеді
