
- •Қоғамдық шаруашылықтың түрлері: натуралды, тауарлы шаруашылық мәні, пайда болу себептері
- •2.Дағдарыс түрлері, мәні
- •3.«Қазақстан-2030» Стратегиясының басымдықтары
- •Екінші дәрежедегі банктердің қызметтері:
- •Мерзімді
- •Аккордты
- •1.Кәсіпкерлік түрлері (қаржылық, өндірістік, инновациялық, классикалық, серіктестік, ао, шағын, орта, ірі және т.Б.), мәндері
- •2.Экономикалық өсу мәндері. Экономикалық өсудің негізі
- •3.Банк дегеніміз не?
- •1.Экономикалық теорияның зерттеу нысандары, әдістері
- •2.Негізгі капиталдың тозу түрлері
- •3.Мемлекеттік бюджет.
- •1.Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны
- •2.Меншік объектілері мен субъектілірі
- •3.Экономикалық цикл себептері (неоклассикалық, кейнсиандық, ақша-несие, маркстік, толық тұтынбайтын концепция) мәні.
- •1. Микроэкономикалдық артықшылықтары:
- •2. Макроэкономикалық артықшылықтары
- •3. Шетелдік инвестициялар үшін пайдалы болуы
- •1. Маркстік тұжырым б-ша:
- •2. Маржинализм тұжырым б-ша:
- •3. Бәсеке түрлері
- •Макроэкономикалық көрсеткіштер, анықтамалары
- •Мұндағы: жұө1 - есепті жылғы жалпы ұлттық өнім
- •Ақша-несие саясатының құралдары, мәні
- •2)Шығындар түрлері(тұрақты, өзгермелі, жалпы, шекті, орташа, экономикалық, бухгалтерлік, айқын, айқын емес және т.Б.), олардың мәндері және оларға не жатады.
- •Ш ығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:
- •Бухгалтерлік шығындар
- •Экономикалық шығындар
- •Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •3)Макроэкономика, микроэкономика дегеніміз не, нені зерттейді, негізгі мәселесі?
- •1)Валюта жүйе түрлері (алтын стандарт, алтын-девиздік және т.Б.), жылдары, мәні
- •2)Икемділік дегеніміз не?
- •3)Экономикалық ресурстар дегеніміз не?
- •1)Экономикалық жүйе дегеніміз не? Экономиканың негізгі үш мәселесі?
- •2)Экономикалық цикл фазалары: құлдырау, тоқырау, жандану, өрлеу. Мәндері
- •3)Экономикалық жүйе түрлері, мәні.
- •Несие функциялары:
- •Несиенің түрлері
- •1.Сауда
- •2. Еңбекке сұраныс бағасы
- •1.Лоренц қисығы
- •2.Ақша-несие саясаты
- •Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары:
- •Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары:
- •3. Сұраныс заңы мен Ұсыныс заңы
- •1.Нарықтың негізгі элементтері
- •3.Халықаралық сауда
3. Бәсеке түрлері
Бәсеке - нарықта реттеушілік қызметін атқарады. А. Смит – бәсекені нарықтың - «Көрінбейтін қолы» деп атаған. Бәсеке арқылы нарықтық субъектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам үшін тиімділіктің негізін қалайды. Осы айтылған элементтердің өзара қатынасы арқылы нарық қалыптасады. Бәсеке – нарық субъектілерінің пайданы барынша ұлғайтуға, яғни қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күрес қатынастар ретінде көрінетін экономикалық жарысы.
Бәсекені бірнеше белгілері бойынша мынадай түрлерге бөлуге болады:
Даму масштабы бойынша:
Жеке бәсеке – жеке бір қатысушы нарықтың аса қолайлы жағдайларын таңдап алуға талаптанады.
Жергілікті бәсеке – жергілікті қайсыбір территорядағы тауар иелерінің жарысы.
Сала ішіндегі бәсеке – сала ішіндегі жарыс.
Сала арасындағы бәсеке - әртүрлі сала субъектілерінің жарысы.
Ұлттық бәсеке – ел ішіндегі жарыс.
Ғаламдық бәсеке - әр түрлі мемлекет субъектілерінің жарысы.
Жүргізу әсеріне қарай:
Бағалық бәсеке – бағаны төмендету арқылы
Бағасыз бәсеке – тауар сапасы, жарнама, қызмет көрсету арқылы.
Ниет тәсілдері бойынша:
Адал ниеттілік бәсеке
Ниетсіз бәсеке – нарықтық ережелерін бұзу, жалған жарнаманы қолдану және т.б. арқылы.
Бәсеке даму сипатына қарай:
Жетілген бәсеке
Жетілмеген бәсеке (олигополия, монополия, монополистік бәсеке).
Бәсеке - дегеніміз латын тілінен аударғанда " соғысып- қалу" деген сөз.
Бағалы бәсеке - өндірушілер өзінің өнімін өткізу үшін, нарықта монополиялық жағдай алу үшін бағамен манипуляция жасайды, бағаны арзандатады, кұпия сыр ретінде өзгертеді.
Бағалы емес бәсекеде өндірушілер өнімнің белгілі бір артықшылығын пайдаланады: өнімнің сапасы, дизайны, дамыған технология, кепілді жөндеу мерзімі т.б.
Еркін бәсеке нарығында тауар өндірушілер және тұтынушылардың саны өте көп болады. Тауар өндірушілер біртекті тауар өндіреді. Нарықта өндірушілер мен түтынушылар саны көп болғандықтан бір өндіруші немесе бір тұтынушы бағаға, сұраныс пен ұсьнысқа әсер ете алмайды. Еркін бәсеке нарығының ерекшеліктері:
Тұтынушылар мен өндірушілердіңсаны өте көп болады;
Бағаға бақылау болмайды;
Салаға кіру мен шығу оңай;
Бағалы бәсеке қолданылады.
Еркін бәсеке нарығында экономикалық билік кеңінен жайылған және бұл жағдайды дамыған экономикалык бәсеке дейді.
18-билет
1. Монополия,олигополия.Түрлері.Монополияға қарсы заңдарМонополия – ерекше тауардың бір ғана сатушысы, монопсопия – тауарды бір ғана сатып алушының болуы. Сипатына және пайда болу себептеріне байланысты монополияны бөлуге болады:
Табиғи монополия – сирек кездесетін және өндірілмейтін өндіріс факторына биіктеу жағдайында пайда болады (тұтынушыларға – су отын, энергия қуатын, газ беру және т.б. фирмалар).
Жасанды монополия - фирмалардың бірігу және келісу нәтижесінде пайда болады.
Кездейсоқ монополия - өз шеңберіндегі тұтынушылардың сұраныстының ұсыныстан уақытша артуы жағдайында пайда болады.
Монополияның пайда болуының басты себебі- өндірістің және капиталдың шоғырлануы
Монополияның ұйымдастыру формалары:
Картель - өндірістің көлемі туралы, бағалар туралы келісу
Синдикат – кәсіпорындардың тәуелсіздігі сақталып, бірлесіп тауар өткізу мақсатымен ұйымдасқан бірлестік.
Концерн - бірнеше бағыттағы формалардың бірыңғай қаржы орталығына бірлесуі.
Конгломерат – шаурашылық іс-әрекетіне байланысы жоқ компаниялардың бірлесуі .
Монополияны шектеуге және тыйым салуға монополияға қарсы заңдылықтар қолданылады
Олигополия- нарықта бірнеше ірі фирмалар стандартталған немесе ерекшеленген тауарлар өндірумен айналысатын, олардың әрқайсысы тауар бағасына айтарлықтай бақылау жасай және шешім қабылдауда бір-бірінен ықтимал реакцияларын ескеріп отыратын жетілмеген бәсекенің түрі.
Олигопсония- бірнеше сатып алушыларға әрекет ететін нарықтың жағдайы.
Олигополистік нарық стандартты және дифференциалды болады.
Стандартты олигополиядаауыр өнеркәсіп өнімдері өндіріледі. Мысалы: құрыш, мыс, т.б.
Дифференциалды олигополиядатұтыну тауарлары өндіріледі: автомобиль, киім, т. б. Олигополистік нарықта бірнеше фирмалардың маңызда үлесі бар. Бұл фирмалар бір-біріне тәуелді болады. Олигополиялардың болуы масштаб әсерінен. Олар ҒТП - тің және капиталды орталықтандыру нәтижесінде пайда болған. Көп фирмалар өз әрекеттерін аз ғана капиталмен бастап, басқа фирмалармен бірігіп әрекет етеді. Салаға кіру үшін бірден ірі фирма болу керек, себебі олигополистік нарықта патенттер, лицензиялар, жарнамаларды, стратегиялық тауарларды бақылауға көп шығындар кетеді. Олигополистік нарықта тек қана бағалы емес бәсеке қолданылады, өйткені баға өзгерісіне басқа фирмалар тез арада жауап бере алады. Сондықтан олар жарнамаға көп шығын жұмсай алады. Монополияның пайда болуы ғылыми техникалық прогрестің тоқтауына алып келеді. Сонымен қатар монополия өнім сапасының төмендеуіне және бәсекенің жойылуына ықпал етеді. Сондықтан да мемлекеттің басты мақсаттарының бірі ол нарықта фирманың монополизациясын жою. Сол үшін белгілі бір шаралар қолданылады. Олар әкімшілік және нормативтік реттеу. Әкімшілік реттеу ол монополияға қарсы заңдар шығарып, мемлекет тарапынан бақылау жүргізу арқылы жүргізіледі. Монополияға қарсы акт бірінші рет 1889ж. Канадада пайда болды.
2. . Салық – заңмен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу табысты реттеу мен мемлекеттің қаржыларын толықтыру тәсілі. Мемлекетте түсетін салықтардың және басқа да төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесі деп аталады.
Салық жүйесінің элементтері:
Салық субъектісі – заң бойынша салық төлеу міндетті адам. Бірақ, салықтың ауыртпашылығы бағалар механизмі арқылы басқа тұлғаға жіктелуі мүмкін, сондықтан арнайы салық төлеу қызметін атқарушы тұлға белгіленеді.
Салық объектісі – салықтың есебі неге жүргізіледі (жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүлік).
Салықтың көзі – салық неден төленеді.
Салық ставкасы – салық салыну бірлігіне келетін салықтың көлемі.
Салық жеңілдіктері.
Салық қызметтері:
Фискальды (тіркелген) немесе жұмылдыру қызметі. Салық түсімі арқылы алынатын қаражаттар мемлекеттің саяси-шаруашылық қызметін атқарудың қаржы негізі болып табылады.
Бөлу қызметі. Салық механизм арқылы мемлекеттік бюджетке жалпы ұлттық өнімнің көп бөлігі жұмылдыруда болады. Салық арқылы мемлекет әскери, әлеуметтік бағдармаларды қаржыландырады. Салық мемлекетке қаржыны әртүрлі топтардың арасында территория, облыс, аудандар бойынша барынша біркелкі бөлуге мүмкіндік береді.
Реттеуші қызметі, мемлекет салықтың көмегімен тұтыну және қорлану арасындағы пропорцияны реттейді. Салықтар дағдарыстық құбылыстарды жоюға, нарық конъюнктурасына әсер етуге, экономиканы тұрақтандыруға пайдаланады.
Ынталандыру қызметі, мемлекет өндіріс пен техникалық прогресті дамыту үшін әртүрлі ынталандыру шараларын жүзеге асырады.
Бақылап-есептеу қызметі, мұнда кәсіпорын мен тұрғындар топтарының, қаржы қоры көлемінің табысын есептеуді жүзеге асырады.
Салық сипаты тұрғысынан:
Тікелей салықтар. Олар мемлекет тарапынан тікелей кәсіпорындар тұрғындар табысынан алынады. Тікелей салықтар төлем қабілеттілігіне тікелей пропорционалды болады. Осы салықтың түрлеріне – пайдадан, табыстан, жылжымайтын мүліктен, құнды қағаздар операциясынан, жалақыдан т.б. алынған салықтар жатады.
Жанама салықтар – мемлекет тікелей емес, баға арқылы айналдыра отырып алады. Бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстеме жасалып алынады. Оған – акциздер, кеден баж салығы, қосымша құнға салынған салық жатады.
Бюджет деңгейіне байланысты салықтар бөлінеді:
Жалпы мемлекеттік салықтар. Олар мемлееттік бюджетті реттеудің қайнар көзі саналады. Жалпы - мемлекеттік салыққа жататындар: заңды және жеке тұлғалардың айлығынан (табысынан) салық; қосымша құн салығы; акциздер; құнды қағаздар операциясынан салық; арнайы төлемдер мен жер байлығын пайдаланғандар салығы.
Жергілікті салықтар жергілікті бюджет табысының негізгі көзі болып табылады. Жергілікті салық пен алымға жататындар: заңды және жеке тұлғалар мүлкінің салығы; көлік, құрал-жабдық салығы; кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларды тіркеудегі алым; қызметтің кейбір түрімен айналысуға құқылы адамдардан алым; аукцион сатылымынан алым.
Тұрақты салық табыстар көлемінің мөлшеріне байланысты емес, салым бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді.
Регрессивтік салық, яғни табыс өскен сайын салық мөлшерлемесі төмендейді. Регрессивтік салық үлкен табыстары барларға пайдалы.
Пропорционалды салық. Табыс өзгерсе де салық өсімінің мөлшері тұрақты болып қалады (қосымша құн салығы - 16%).
Прогрессивтік салық. Мұның мағынасы – табыстың өсуіне қарай салық өсімінің мөлшері өседі. Мысалы, Қазақстандағы жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы. Прогрессивтік салық үлкен табыстары барларға тиімсіз.
Табысқа салынатын жоғары салық кәсіпкердің белсенділігінің төмендеуіне, басқа да жағымсыз факторларға әкеледі. Осы проблемаларды американ экономисі Артур Лаффер 80-шы жылдардың басында зерттеп келесі қорытындыға келді: табыс салығы өсімінің жоғары болуы қай бір елде болмасын оның өндірісінің тоқырауына, инфляция деңгейінің тереңдеуіне және халық байлығының төмендеуіне әкеледі. А.Лаффер салықтардың бюджетке түсуі және оның мөлшері арасындағы тәелділікті зерттеген. Графиктегі мұндай көріністі «Лаффер қисығы» деп атайды.
Лаффер қисығы салық мөлшерімен келіп түсетін салық көлемінің арасындағы байланысты көрсететін қисығы. Корпорациялардың табыстарына салық мөлшерінің тым көп өсуі олардың капиталдық салымдар жасауға ынтасын жоққа шығарады, экономикалық өсуді төмендетеді. Соның нәтижесінде мемлекет бюджетінің түсімі азаяды. Осы қисық көмегімен келіп түсетін салық көлемдерінің сомасының ең жоғары деңгейде болатын салықтың мөлшерің анықтауға болады. Артур Лаффер ойы бойынша, табыс салығы 50% асқанда фирмалар мен адамдардың іскерлік белсенділікгі төмендейді.
Лаффер қисығы. |
|
бюджетке
салық түсімі
М 400
300
L N 200
100
0 15 30 45 60 75 салық өсімі (%) |
Егерде салық өсімі О –ден 100% -ке көтерілсе, онда салық болмайды. Салық түсімі максималды деңгейге 50% (М-нүктесінде) көтеріліп, онан соң 0-ге дейін төмендейді. Салық түсімі LN шартты нүктесінде тепе-тең, бірақ L –нүктесіндегі өсімнің төмен дейгейін құптауға болады, ал N-нүктесіндегі түсім жайсыз жағдайдың көрінісі. |
3.Экономикалық тиімділік - экономикалық қызметтің, экономикалык бағдарламалар мен шаралардың нәтижелілігі, яғни экономикалық жүйенің атқарымына жұмсалған шығын мен осы атқарымнан алынған нәтиженің ара қатынасы тұрғысынан осы жүйенің сипаттамасы. Салыстырмалы өлшемдермен бағаланады, яғни шығынның нәтижеге қатынасы — шығынның бір өлшеміне шаккандағы нәтиже. Экономикалық тиімділік алынған экономикалық пайданың, нәтиженің осы нәтижені алуға септігін тигізген факторлар, ресурстар шығынына қатынасымен сипатталады
№ 19 Емтихан билеті
1. Экономикалық теория адамның шектеусіз қажеттіліктерінің қанағаттандырудағы қоғам өндірісінің сирек, шектелген ресурстарын бөлу, айырбастау және тұтыну туралы ғылым.Экономикалық теорияның зерттейтін құбылыстардың мәні экономиялық категория мен экономикалық заңдарда қарастырылады
Экономикалық заңдар - бұл экономикалық құбылыстар арасындағы тұрақты қайталанатын байланыс.
Экономикалық категория - экономикалық құбылыстардың маңызды жақтарын көрсететін жалпылама ұғымдар.
Экономикалық категориялар - адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастарының теориялық көрінісі (тауар, баға, пайда және т.б.).
Қолдану мерзіміне қарай барлық экономикалық заңдар 3 түрге бөлінеді
1.Арнайы экономикалық заңдар-шаруашылық жүргізудің нақты бір белгілі нысандарын дамытумен байланысты заңдар.
2.Ерекше экономикалық заңдар-олардың іс-әрекет жүргізу жағдайлары сақталатын нақты бір тарихи дәуірлерге тән заңдар
3.Жалпы экономикалық заңдар-адамзаттың барлық тарихи дәуірлеріне тән заңдар
2.
3.Тауар- бұл сатушға арналған жіне айырбас ұшін өндірілген адам іс-әрекетінің нәтижесі
Тауардың 2 қасиеті бар:
1. Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті.
2.Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі.
Тауар – сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім. К.Марстың ойынша, тауардың екі қасиеті бар:
адамның сұранысын қанағаттандыру, яғни тұтыну құны;
басқа затқа айырбастау мүмкіндігі, яғни айырбас құны (өз құны).
Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті.
Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі.
№ 20 Емтихан билеті
ЖҰӨ-ді табыстар арқылы есептеу, шаруашылық іс-әрекеттер субъектілерінің табыстарын бөлу (еңбек ақысы, ренталық толем-дер, процепг, пайда) және табыстар төлемімен байланыссыз бөлінетін қаржылардың құрылу тәртіптерін сипаттайды
Жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық нарықтық құны. Экономикалық теорияда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. номиналды және нақты түрге бөлінеді. Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның номинальды түрін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды жалпы ұлттық өнімді Ж.Ұ.Ө.-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы есептеумен анықталады.
Нақты ЖҰӨ = номиналды ЖҰӨ
баға индексі
Номиналды жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық өнімге қатынасын жалпы ұлттық өкілінің дефляторы деп атайды.
ЖҰӨ дефляторы = номиналды ЖҰӨ
нақты ЖҰӨ
Шығындар бойынша ЖҰӨ өлшегенде шығындардың келесі түрлері қосылады:
жеке тұтыну шығындарына халықтың ағымды тұтыну үшін тауарлар сатып алуға, ұзақ мерзімде пайдаланатын тауарлар сатып алуға, қызметтер үшін төлем жасауға жұмсалатын ақша құралдары жатады;
кәсіпкерлердің машиналар мен жабдықтар сатып алудан тұратын және құрылыстар мен айналым қорларының өзгертуге жұмсалатын барлық шығындардан тұратын жалпы инвестициялар. Инвестицияға тек ғана физикалық инвестицияны қоспай, оған адамзат капиталындағы инвестицияны да есептейді. Капиталдың бір бөлігі моралды және физикалық тозу нәтижесінде кетеді. Соның нәтижесінде, жалпы инвестициялар дегеніміз амортизациялар мен таза инвестициялардың қосындысы.
тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы, бұл шығындарға жатпайтын мемлекеттің бюджеттік шығындарының түрі трансферттік төлемдер, себебі олар тауарлар мен қызмет көрсету қозғалысымен байланысты емес.
таза экспорт – шетелдіктердің осы елдің тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемі мен осы елдің шетел тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемінің айырмашылығы.
ЖҰӨ = С+G+І+Х;
Мұндағы: С – жеке тұтыну шығындары; G – мемлекеттің сатып алуы; І – жалпы инвестициялар,
Х – таза экспорт.
Табыстар бойынша есептеу шаруашылық іс-әрекеттер субъектілерінің табыстарын бөлу және табыстар төлемімен байланыссыз бөлінетін қаржылардың құрылу тәртіптерін сипаттайды:
ЖҰӨ =W+R+I+P;
Мұнда: W- жалдамалы жұмысшының жалақысы; R – ренталық төлемдер; I – жинақ капиталының пайызы (%); P- фирма мен корпорацияның пайдасы.
ЖҰӨ-ді есептеу тағы бір әдісі – қосымша құнға негізделген әдіс өндірістің әр сатысында қосылған шығындарды алудан сауда көлемін ескереді. Бұл әдістің ерекшелігі - өндіріс көлемін өлшеген кезде қос есепті болдырмау керек.
Тепе-теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға.
Егерде нарықтық баға – Р1 теңдік бағадан - Ре төмен болса, нарықта тауардың тапшылық жағдайы орнайды яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артады. Егерде нарықтық баға Р2 теңдік бағадан жоғары болса, онда артықшылық орнайды, яғни ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады
. Тепе-теңдік баға. Тепетеңдіктің бұзылуы.
Тепе-теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға.
Егерде нарықтық баға – Р1 теңдік бағадан - Ре төмен болса, нарықта тауардың тапшылық жағдайы орнайды яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артады. Егерде нарықтық баға Р2 теңдік бағадан жоғары болса, онда артықшылық орнайды, яғни ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады.
|
Теңдік бағаның өзгеруі |
Тауардың теңдік көлемінің өзгеруі |
Сұраныстың өсуі |
Өсуіне |
Өсуіне |
Сұраныстың азаюы |
Төмендеуіне |
Азаюына |
Ұсыныстың азаюы |
Өсуіне |
Азаюына |
Ұсыныстың өсуі |
Төмендеуіне |
Өсуіне |
3)Экономикалық теория бірнеше қызметтер атқарады:
1.Танымдық қызметі – экономикалық заңдарды,құбылыстарды зерттеу және түсіндіру.
2.Практикалық қызметі – іс жүзінде зерттелген объектілерді қолданып экономикалық саясаттың негізін жасау.
3.Болжамдық қызметі – экономикалық дамудың жалпы ғылыми болжамын жасау
4. Дүниетанымдылық көзқарас қызметі – экономикалық құбылыстардың сипаттамасына тіршілік позиция құруына жағдай жасайды.
5.Сыншыл қызметі- әртүрлі экономикалық теориялардың артықшылыұтары мен әдіснамалық негіз жасау
6.Әдіснамалық қызметі –барлық экономикалық ғылымдар үшін теориялық және әдіснамалық негіз жасау
№ 21 Емтихан билеті