- •Қоғамдық шаруашылықтың түрлері: натуралды, тауарлы шаруашылық мәні, пайда болу себептері
- •2.Дағдарыс түрлері, мәні
- •3.«Қазақстан-2030» Стратегиясының басымдықтары
- •Екінші дәрежедегі банктердің қызметтері:
- •Мерзімді
- •Аккордты
- •1.Кәсіпкерлік түрлері (қаржылық, өндірістік, инновациялық, классикалық, серіктестік, ао, шағын, орта, ірі және т.Б.), мәндері
- •2.Экономикалық өсу мәндері. Экономикалық өсудің негізі
- •3.Банк дегеніміз не?
- •1.Экономикалық теорияның зерттеу нысандары, әдістері
- •2.Негізгі капиталдың тозу түрлері
- •3.Мемлекеттік бюджет.
- •1.Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны
- •2.Меншік объектілері мен субъектілірі
- •3.Экономикалық цикл себептері (неоклассикалық, кейнсиандық, ақша-несие, маркстік, толық тұтынбайтын концепция) мәні.
- •1. Микроэкономикалдық артықшылықтары:
- •2. Макроэкономикалық артықшылықтары
- •3. Шетелдік инвестициялар үшін пайдалы болуы
- •1. Маркстік тұжырым б-ша:
- •2. Маржинализм тұжырым б-ша:
- •3. Бәсеке түрлері
- •Макроэкономикалық көрсеткіштер, анықтамалары
- •Мұндағы: жұө1 - есепті жылғы жалпы ұлттық өнім
- •Ақша-несие саясатының құралдары, мәні
- •2)Шығындар түрлері(тұрақты, өзгермелі, жалпы, шекті, орташа, экономикалық, бухгалтерлік, айқын, айқын емес және т.Б.), олардың мәндері және оларға не жатады.
- •Ш ығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:
- •Бухгалтерлік шығындар
- •Экономикалық шығындар
- •Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •3)Макроэкономика, микроэкономика дегеніміз не, нені зерттейді, негізгі мәселесі?
- •1)Валюта жүйе түрлері (алтын стандарт, алтын-девиздік және т.Б.), жылдары, мәні
- •2)Икемділік дегеніміз не?
- •3)Экономикалық ресурстар дегеніміз не?
- •1)Экономикалық жүйе дегеніміз не? Экономиканың негізгі үш мәселесі?
- •2)Экономикалық цикл фазалары: құлдырау, тоқырау, жандану, өрлеу. Мәндері
- •3)Экономикалық жүйе түрлері, мәні.
- •Несие функциялары:
- •Несиенің түрлері
- •1.Сауда
- •2. Еңбекке сұраныс бағасы
- •1.Лоренц қисығы
- •2.Ақша-несие саясаты
- •Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары:
- •Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары:
- •3. Сұраныс заңы мен Ұсыныс заңы
- •1.Нарықтың негізгі элементтері
- •3.Халықаралық сауда
1.Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны
Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет.
Иемдену – затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізі, тамырлы белгісін құрайды. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұлардың жеке ұғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады.
Иемдену – шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды. Алғашқы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап, аң мен балық аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылық қалыптасады – иемденуші (табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылықтар.
Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.
Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:
1. Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану.
2. Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару
3. Жекелендіру - әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.
4. Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.
5. Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.
6. Табысты бөлу әдістері.
Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша):
1. Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш қуаттылық) бақылау құқығы.
2. Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.
3. Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.
4. Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.
5. Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.
6. Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.
7. Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы
8. Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.
9. Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құқығы.
10. Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы
11. Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына кеттіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.
2.Меншік объектілері мен субъектілірі
Меншік-бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді өндіру,бөлу,айырбастау және тұтыну салаларындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар.
Меншік субъектілері-бұл олардың арасында меншік қатынастары туындап отыратын тұлғалар, орларға жеке индивидтер,отбасы,әлеуметтік топтпр,ұым,алық,мемлекет,басқару органдары.
Меншік объектісі-бұл осылар арқылы меншік қатынастары туындап отыратын қандай да бір заттар немесе құралдар,т.б.Меншік объектілеріне мыналар жатады: жер,ғимараттар,табиғи ресурстар,өндіріс құрал-жабдықтары,мүлік,ақша,бағалы заттар,ақпарат,жұмыс күші,білім,құнды қағаздар,ұлттық құндылықтар,т.б.
