Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Налоговый учет К4.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189.02 Кб
Скачать

16, Бағамдық айырманы есептеудің бухгалтерлік ж/е салық есебінде айврмашылық барма

Бағамдық айырмашылығы — ұлттық валютаның шетелдік валютаға шаққандағы бағамының өзгеруі кезіндегі айырмадан пайда болатын coмa. Шарт жасасылған сәттен бастап ол бойынша төлем төленетін уақытқа дейін пайда болады. Бухгалтерлік есеп пен қаржы есептемесі жүйесінде бағам өзгерген жағдайда шетелдік валюта өлшемдерінің есептік валютаға (Қазақстанда теңгеге) шаққандағы мөлшерін көрсету нәтижесінде туындайды. Айырмалар шаруашылық операция жасалған күн мен осы операция бойынша есеп айырысу күні немесе есеп беру күні арасындағы кезеңде пайда болады. Валюта бағамының қолайлы серпінінде оң Бағамдық айырма (бағамдық пайда), бағамдық арақатынастың қолайсыз өзгеруі кезінде теріс Бағамдық айырма болып бөлінеді Салық салу мақсатымен оң Бағамдық айырма табыста есептелмейді, ал теріс Бағамдық айырма шығында есептелмейді. "Бағамдағы қиғаштық" — ресми және нарықтық бағамдардың сай келмеуі ұғымы да Бағамдық айырмамен байланысты. Бағамдық айырмашылығы валюталық ашық позицияның жойылуы немесе оның қайта бағалануы кезіңце валюталар бағамдарының өзгеруі нәтижесінде пайда болады. Бағам қолайлы қалыптасса, валюталық по зиция жағымды бағамдық айырмашылыққа, қолайсыз жағдайда - теріс бағамдық айырмашылыққа (бағамдық ұтылысқа) әкелуі мүмкін. Ашық позицияны қолдап отыруға байланысты шығынға бару тәуекелін банкаралық рынокта немесе биржаларда эр түрлі мерзімді валюталық мәмілелер жасау, сондай-ақ келісімшарттар мен келісімдерге қорғану ескертгіелерін енгізу арқылы сақтандыруға болады.Бағам бойынша айырмашылығы мұндай бола алады:оң терiс

2003 жылы, 2002 жылғы сияқты, бухгалтерлердің алдында салық салу мақсатында өткізілген бағамдық айырманы айқындау міндеті тұр. Бағамдық айырманы есепке алуға қатысты қандай есеп саясатын таңдау керек: өткізілген бағамдық айырманың есебін жыл бойы әрбір операция бойынша тұрақты жүргізіп, бұл есептерді бухгалтерлік есеп жүйесіне енгізу (1-нұсқа) немесе оның өткізілмеген бөлігінің есебін кезеңнің соңында жүргізу (2-нұсқа) керек пе - мұны әр бухгалтер дербес шешуге құқылы. Салық есептілігін жасау принципін - дер кезділікті ұстанып, жыл бойы салық салынатын табысты кезең-кезеңмен есепке алатын компаниялар үшін - әсіресе егер компанияда 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2002 жылдан бері өткізілмей, 2003 жылы өткізілген бағамдық айырма орын алса, бірінші нұсқаның неғұрлым қолайлы екендігін (және тәжірибеде ойдағыдай қолданылып жүр) тәжірибе көрсетіп отыр. Бухгалтерлік және салықтық есеп бойынша бағамдық айырма арасындағы айырмалары аз компаниялар неғұрлым ұтымды - екінші әдісті таңдады

17.Оң бағамдық айырма бойынша табыс қалай танылады?

Бағамдық айырма (оң, теріс) - шетелдік валютамен жасалған операциялар бойынша пайда болатын айырма. Бұл айырма бухгалтерлік есепте операция жасалған күн мен ұлттық валютамен жасалған операцияны көрсету нәтиже-сінде осы операция бойынша есеп айырысқан күн арасында пайда болады. Сөйтіп, салық салу мақсатында бағамдық айырма солар бойынша есеп айырысулар жүргізілген шетелдік валютамен жасалған операциялар бойынша ескеріледі, ал бухгалтерлік есепте бағамдық айырма шетелдік валютамен жасалып өткізілген операциялар бойынша да, өткізілмеген операциялар бойынша да ескеріледі. Бұл орайда операция жасалған күн де, онымен есеп аиырысу күні де орын алған операциялар өткізілген операциялар деп танылады.Салық салу мақсатында шетелдік валютамен жасалатын операция операция (төлем) жасалған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен қайта есептеледі.Валюта айырбастаудың нарықтық бағамы ұғымы берілген - ол қазақстандық қор биржасының негізгі сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп белгілеген тәртіппен анықталған теңгенің шетел валютасына орташа салыстырылған биржалық бағамы; теңгенің қазақстандық қор биржасында сауда-саттық жүргізілмейтін шетел валютасына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп белгілейтін тәртіппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептеледі. Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері, оған қоса оң бағамдық айырма енгізіледі. Теріс бағамдық айырманы шегерімге жатқызу жөніндегі ережелер біраз күрделі болып белгіленген. Мәселен, 102-бапқа сәйкес құрылысқа алынған кредиттер (қарыздар) бойынша және құрылыс кезеңіндегі төлемдер бойынша туындаған теріс бағамдық айырма объект құнына енгізіледі; шегерімге жатқызылуға тиіс теріс бағамдық айырманың ең жоғары сомасы салық төлеушінің салық салынатын табысының 50% мөлшеріндегі сомаға оң бағамдық айырма түрінде алынған табыс қосылған сомамен шектеледі. Осы баптың мақсатында салық салынатын табыс салық төлеушінің бағамдық айырма бойынша табыстары мен шығыстары есепке алынбай, оның жылдық жиынтық табысы мен шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады. Теріс бағамдық айырма орын алған салық кезеңінде осы тармақтың ережелеріне байланысты шегерімге жатқызуға болмайтын теріс бағамдық айырманың қалған сомасы Салық кодексінде белгіленген талап қою мерзімі ішінде осы тармақтың ережелеріне сәйкес келесі салық кезеңдерінде, яғни салық кезеңі аяқталғаннан кейін бес жылдың ішінде өтеледі.

Оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі орын алған жағдайда ол табыс ретінде танылады.

100.17.020 жолында:

А бағанына 100.00.019 жолы көшіріледі;

В бағанында оң бағамдық айырманың теріс бағамдық айырмадан артуы көрсетіледі;