- •1.Қр салық жүйесіне анықтама беріңіз
- •2.Қр салық механизміне не жататынын атаңыз
- •3. Салық төлеушілердің құқығы мен міндеттерін атаңыз?
- •5.Ұйымның салық саясатын қалай түсінесіз?
- •8.Жылдық жиынтық табысты (жжт )бухгалтерлік есеппен салық есебінде тану ерекшелігі бар ма ?
- •9.Дайын өнімді сатудан түскен табысқа не жатқызылады?
- •10.Құн өсімінен алынған табыс қай кезде пайда болады?
- •11. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс қай кезде пайда болады?
- •12. Күмәнді міндеттемелер бойынша табыс түріне не жатқызылады?
- •14. Өтеусіз алынған мүлік бойынша табыс тануда бух есеп пен салық есебінде айырмашылық бар ма?
- •16, Бағамдық айырманы есептеудің бухгалтерлік ж/е салық есебінде айврмашылық барма
- •17.Оң бағамдық айырма бойынша табыс қалай танылады?
- •18.Мойындалған айыппұл мен өсімпұл бойынша табыс қай кезде пайда болады?
- •19.Салықтық есеп бойынша шегерім дегеніміз не
- •20. Шегерімдер түрлерін атаңыз?
- •21. Өткізілген тауарлар (істелінген жұмыстар, көрсетілген қызметтер( бойынша не жатқызылады?
- •21.Өткізілген тауарлар (істелінген жұмыстар, көрсетілген қызметтер) бойынша шегерімдерге не жатқызылады?
- •22. Еңбек ақы шығындары бойынша шегерімге қандай шығындар апарылады
- •23. Сыйақы бойынша шегерімдер қалай есептелінеді?
- •24. Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерімдер қашан пайда болады?
- •25 Күмәнді талаптарға анықтама беріңіз
- •26. Күмәнді талаптар бойынша шегерімдер қай кезде пайда болады және не себептен?
- •27. Бухгалтерлік есепте күмәнді дебиторлық қарызды калай есептейді және оның күмәнді талаптардан айырмашылығы бар ма?
- •28. Өкілдік шығындар дегеніміз не және ол қай мақсатқа пайдаланылады?
- •29. Өкілдік шығындар бойынша шегерім қалай есептелінеді?
- •30. Өкілдік шығындар есептеудің бухгалтерлік және салық есебінде айырмашылығы бар ма?
- •31 Қызметтік іссапарлар кезінде төленетін өтемақылар қай кезде пайда болады?
- •32. Қызметтік іссапарлар кезінде төленетін өтемақылар сомасының шегерімге қалай апарылады? Қызметтік іссапарлар кезінде өтемақылар сомасының шегерімі
- •33. Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерімдерді атаңыз? Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің шегерімі
- •34. Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерім қалай есептелінеді?
- •35. Салықты және бюджетке мөленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша шегерім сомасы бух есептегі салық сомасымен бірдей болуы мүмкін бе
- •35.Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерім сомасы бухгалтерлік есептегі салық шығындары сомасы мен бірдей болуы мүмкін бе?
- •36. Сақтандыру сыйақылары және жарналары бойынша шегерімге не жатқызылады?
- •37. Теріс бағамдық айырма бойынша шегерім қай қезде пайда болады?
- •38. Әлеуметтік төлемдер бойынша шегерім дегеніміз не?
- •40.Шегерімге апарылмайтын шығындарды атаңыз? Шегерімге апарылмайтын шығындар бухгалтерлік есепте шығынға апарылмайды ма?
- •41. Мүшелік жарна төлемі шегерімге қанша мөлшерде апарылады?
- •44.Тіркелген актив ұғымына анықтама беріңіз?
- •50. Осы салық кезеңі соңындағы және келер жылы салық кезеңі басындағы топтың, бөлімшенің құндық балансы қалай анықталады?
- •51.Тіркелген активтер бойынша амортизация қалай есептелінеді?
- •52. Тіркелген активтер бойынша амортизация есебі бух амортизация есептеу мен бірдей ма
- •56 Залалардың салық есебі дегеніміз не?
- •57.Тұрақты айырмаға қандай айырма жатқызылады
- •58. Уақытша айырмаға қандай айырмалар жатқызылады
- •59.Ктс бойынша аванстық төлемдер дегеніміз не?
- •60. Салық ставкасына анықтама беріңіз?
- •61. Салық кезеңі дегеніміз не
- •62. Ктс бойынша аванстық төлемдер сомасын есептеу тәртібі қалай жүргізіледі
- •63. Ктс бойынша аванстық төлемдер төлеу мерзімін атаңыз
- •64. Әлеуметтік салада қызмет ететін мекемелерге салық салу тәртібі қалай жүргізіледі?
- •65. Салық режимін қалай түсінесіз?
- •66. Арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата?
- •67. Арнайы салық режимінде кімдер жұмыс істей алады?
- •68. Патент негізіндегі арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата
- •69. Патент негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз
- •Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата?
- •Оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз?
- •Шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші үшін арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата?
- •73.Шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз
- •74.Жер қойнауын пайдаланушы төлейтін арнайы төлемдер мен салықтарға не жатады.
- •75. Қр қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар дегеніміз кімдер ?
- •76.Қр қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі қалай жүргізіледі?
- •78. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құру арқылы жүзеге асырған Резидент емес заңды тұлғаның қызметінен алынған табысына салық салу тәртібі қалай жүргізіледі?
10.Құн өсімінен алынған табыс қай кезде пайда болады?
. Құн өсiмiнен түсетiн табыс:
1) амортизацияға жатпайтын активтердi өткізу;
2) амортизацияға жатпайтын активтердi жарғылық капиталға салым ретiнде беру;
3) бірiгу, қосылу, бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесiнде амортизацияға жатпайтын активтердiң шығып қалуы кезiнде құралады.
Осы баптың мақсатында амортизацияға жатпайтын активтерге:
1) жер учаскелерi;2) аяқталмаған құрылыс объектiлерi;3) орнатылмаған жабдық;4) табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланылмайтын, бір жылдан астам қызмет мерзiмi бар активтер; 5) бағалы қағаздар;6) қатысу үлесi;7) әлеуметтiк сала объектілеріне жатқызылған мүлiк жатады.
Өсiм әрбір актив бойынша өткізу құны мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.
Бағалы қағаздар, сондай-ақ қатысу үлесi бойынша:
1) өткізу кезiнде - өткiзiлу құны мен бастапқы құн (салым) арасындағы оң айырма;
2) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде - заңды тұлғаның құрылтайшы құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған бағалы қағаз, қатысу үлесі құны мен бағалы қағаздардың, қатысу үлесінің бастапқы құны арасындағы оң айырма;
3) бірiгу, қосылу, бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесiнде шығып қалу кезiнде - беру актiсiнде немесе бөлiну балансында көрсетiлген құн мен бастапқы құн (салым) арасындағы оң айырма әрбір бағалы қағаз, қатысу үлесi бойынша құн өсiмi болып танылады.
Борыштық бағалы қағаздар бойынша:
1) өткізу кезiнде - дисконттың амортизациясы және (немесе) өткiзiлген күнгi сыйлықақы ескерiле отырып, өткiзiлу құны мен бастапқы құн арасындағы купон ескерiлмеген оң айырма;
2) жарғылық капиталға салым ретiнде беру кезiнде - дисконттың амортизациясы және (немесе) берiлген күнгi сыйлықақы ескерiле отырып, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған борыштық бағалы қағаз құны мен бастапқы құн арасындағы купон ескерiлмеген оң айырма;
3) бірiгу, қосылу, бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесiнде шығып қалу кезiнде - дисконттың амортизациясы және (немесе) өткiзiлген күнгi сыйлықақы ескерiле отырып, беру актiсiнде немесе бөлiну балансында көрсетiлген құн мен бастапқы құн арасындағы купон ескерiлмеген оң айырма әрбір бағалы қағаз бойынша құн өсiмi болып танылады.
8. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген құн жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.
12. Егер амортизацияға жатпайтын активтер өтеусiз алынған болса, онда осы Кодекске сәйкес өтеусiз алынған мүлiктiң құны түрiнде жылдық жиынтық табысқа енгiзiлген осы активтердiң құны осы баптың мақсатына орай бастапқы құн болып табылады.
11. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс қай кезде пайда болады?
Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыстарға:
1.шаруашылық жүргізуші субъекті таратылған жағдайда тарату балансы бекітілген сәтте кредитор талап етпеген міндеттемелерді қоса алғанда ; шаруашылық жүргізуші субъектінің міндеттемелерін оның кредиторының есептен шығаруы;
2.күмәнді деп танылған міндеттемелерді қоспағанда Қзақстан публикасының заң актілерінде белгіленген талап мерзімінің өтуіне байланысты міндеттемелерді есептен шығару;
3.сот шешімі бойынша міндеттемелерді есептен шығару жатады.
Міндеттемелерді есептен шығару нәтижесінде алынған табыс сомасы есептен шығарылған кредиторлық берешек сомасына тең болады.
Иемденіп алынған тауарлар (жұмыстар,қызмет көрсетулер) бойынша сондай-ақ қызметкерлерге есептелген табыстар мен айқындалатын басқа да төлемдер бойынша туындаған және туындаған кезінен бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған міндеттемелер күмәнді деп танылады және кредиторлық берешек туындаған кезде қабылданған ставка бойынша бюджетпен өзара есеп айырысуда қалпына келтірілуге тиіс қосылған құн салығын қоспағанда,шаруашылық жүргізуші субъектінің жылдық жиынтық табысына қосылуға тиіс.Борышкер банктің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның талабын орындаған кезде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялар сомалары жасалған провизиялардың мөлшерін азайтудан түсетін табыстар деп танылады.Бұл ретте, борышкер орындаған талап сомасына барабар мөлшердегі провизиялар сомасы табысқа енеді.Сондай-ақ цессия шартын жасасу жолымен жол беру туралы шарт ,новация шарты ,талап құқығын басқа- ға қайта беру негізінде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздерде борышкерге талаптар мөлшерін азайту кезінде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялар сомасы да табыстар деп танылады.Сонымен қатар талаптарды қайта сыныптау кезінде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялардың азайтылған сомасы табыстар деп танылады. Шаруашылық жүргізуші субъектінің негізгі борышты талап етуі бойынша борышкер төлейтін сома ,ол негігі борыштан тыс төлейтін соманы қоса және шаруашылық жүргізуші субъек тінің борышты иемденіп алу құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалатын табыстары борышты талап етуді басқаға беруден түсетін табыстар болып табылады.Егер ішкі топтың шығып қалған тіркелген активтерінің құны салық кезеңінің басында ішкі топтың балансынан асып түссе ,салық кезеңінде келіп түскен тіркелген активтер құны есепке алына отырып ,артық мөлшері жылдық жиынтық жылдық табысқа енгізілуге тиіс. Осы ішкі топтың құн балансы салық кезеңінің соңына дейін нөлге тең болады. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндіруге әзірлік жұмыстарына жұмсалған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түскен табыстар егер Салық Кодексінің 101-бабына сәйкес жеке топтарды құрайтын шығыстарды түзететін табыстардың мөлшері салық кезеңінде жұмсалған шығыстар ескеріле отырып , салық кезеңінде басында соңғысының мөлшерінен асып түссе ,артық мөлшері жылдық жиынтық табысқа жатқызылуға тиіс.Бұл топтың мөлшері салық кезеңінің соңында нөлге тең болады. Егер жер қойнауын пайдаланушы тиісті мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен кен игеру салдарын жою бағдарламасында көзделген кезеңде кен орындарын игеру салдарын жою жөніндегі жұмысты жүргізбеген жағдайда, шегерімдерге жатқызылған,кен игеру салдарын жою қорына (резервтік қор) аударымдар сомалары олар жүргізілуге тиіс салық кезеңінің жылдық жиынтық табы- сына енгізілуге тиіс.
