Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Налоговый учет К4.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189.02 Кб
Скачать

8.Жылдық жиынтық табысты (жжт )бухгалтерлік есеппен салық есебінде тану ерекшелігі бар ма ?

Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын (алынған) табыстарынан тұрады.

Мыналар салық салу мақсатына орай табыс ретінде қарастырылмайды:

1) жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүліктің құны;

2) эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан алған ақша сомасы;

3) мүлікті өтеусіз негізде беретін салық төлеуші үшін өтеусіз берілген мүліктің құны. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады;

4) салық міндеттемесінің мөлшерін азайту сомасы;

5) басқа тұлғадан алынуға жататыннан (алынғаннан) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте табыс деп танылатын активтердің және (немесе) міндеттемелердің құнын өзгертуге байланысты туындайтын табыс;

6) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес активтерді қайта бағалауға арналған резервтерді азайту есебінен бөлінбеген пайданы арттыру.

7) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес іс жүзінде орындалуға тиіс міндеттеме мен бухгалтерлік есепте танылған осы міндеттеменің құны арасындағы оң айырма түрінде бухгалтерлік есептегі міндеттеменің танылуына байланысты туындайтын табыс.

Жылдық жиынтық табыс заңды тұлғалардың 1 жыл ішінде түрлі көздерден алынған табыс.

Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері: 1) өткізуден түсетін табыс; 2) құн өсімінен түсетін табыс; 3) туынды қаржы құралдары бойынша табыс; 4) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс; 5) күмәнді міндеттемелер бойынша табыс;6) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс; 7) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім бергені үшін алған табыс; 8) тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс; 9) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс; 10) бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар; 11) өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс;12) дивидендтер; 13) оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі.

9.Дайын өнімді сатудан түскен табысқа не жатқызылады?

Жылдық жиынтық табыс заңды тұлғалардың 1 жыл ішінде түрлі көздерден алынған табыс.Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері: 1) өткізуден түсетін табыс; 2) құн өсімінен түсетін табыс; 3) туынды қаржы құралдары бойынша табыс; 4) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс; 5) күмәнді міндеттемелер бойынша табыс;6) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс; 7) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім бергені үшін алған табыс; 8) тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс; 9) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс; 10) бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар; 11) өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс;12) дивидендтер; 13) оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі. Салық есебінде сатудан түскен табыс бухгалтерлік мәліметтерден құралады. Егер кәсіпорын бірнеше қызметпен айналысса, онда табыс та қызмет бойынша жіктелуі тиіс. Сонымен қатар әр табыстың үлесі көрсетілуі тиіс. Сатудан түсетін табыс түзетіледі : 1)тауар толық н/е жартылай қайтарылғанда ; 2)келісімшарт өзгерген кезде; 3)сатылған тауарға жеңілдік берілген кезде.Түзеті өзгеріс болған кезеңнің жиынтығына жүргізіледі . Сатудан түскен табысты анықтау үшін 1) кассалық құжаттар , 2) ағымдағы валюталық есепшоттар бойынша түбіртектер мен қосымшалар 3) өткізу қабылдау акітісі , накладной шот фактураСатудан түскен табысты кқрсету үшін декларцияның 1-ші қосымшаны толтырады. Құнның артуынан болатын табыс- үйлер мен ғимараттардың амортизацияланбайтын активтерді сатудан, жарғылық капиталға салым ретінде сатудан, қосылу, бірігу, бөліну жолымен қайта ұйымдастырылу нәтижесінде құн өсімінен пайда болған табыс.Амортизацияланбайтын активтерге- жер учаскелері, аяқталмаған құрылыс объектілері, орнатылмаған құрылғылар қызмет көрсетуде, тауар сатуда қолданылмайтын мекемелердің негізгі құралдары : 1)құнды қағаздар, 2)З.Т-ң басқа мекемедегі қатысу үлесі 3)салық кодексі баптарына сәйкес құны шығысталатын инвестициямен келген активтер, 4)салық клдексінің баптарына сәйкес әлеуметтік сала объектілер мен жатқызылған мүлік, тс.с. Салық есебінде құнның артуы негізгі құралдың сату құнымен қалдық құнының айырмасы болып табылады. Негхгі құралдың сату құны 6210 шотында көрсетіледі. Құнды қағазды сатудан түскен табыс 6250 сатып алу құнының сату құнын оң айырмасы табысты болып табылады.Егер Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы Кодекстiң 87 - 98-баптарына сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгiзiлетiн табыстардан, сондай-ақ осы Кодекстiң 111-бабының 1-тармағында көрсетiлген шығыстардың сомасынан аспайтын бөлiкте осы Кодекстiң 111-бабының 2-тармағында көрсетiлген табыстардан басқа, өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң құны өткізуден түсетiн табыс болып табылады.

Өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң құнына қосылған құн салығының және акциздiң сомасы енгiзiлмейдi.2. Қызметтер көрсетуден түсетін табысқа осы бөлімнің мақсатында, сондай-ақ:1) кредит (қарыз, микрокредит) бойынша, репо операциялары бойынша сыйақылар түріндегі табыс;2) мүлікті қаржы лизингіне беру бойынша сыйақылар түріндегі табыс;3) роялти;4) мүлікті жалға беруден түсетін табыс жатады.