- •1.Қр салық жүйесіне анықтама беріңіз
- •2.Қр салық механизміне не жататынын атаңыз
- •3. Салық төлеушілердің құқығы мен міндеттерін атаңыз?
- •5.Ұйымның салық саясатын қалай түсінесіз?
- •8.Жылдық жиынтық табысты (жжт )бухгалтерлік есеппен салық есебінде тану ерекшелігі бар ма ?
- •9.Дайын өнімді сатудан түскен табысқа не жатқызылады?
- •10.Құн өсімінен алынған табыс қай кезде пайда болады?
- •11. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс қай кезде пайда болады?
- •12. Күмәнді міндеттемелер бойынша табыс түріне не жатқызылады?
- •14. Өтеусіз алынған мүлік бойынша табыс тануда бух есеп пен салық есебінде айырмашылық бар ма?
- •16, Бағамдық айырманы есептеудің бухгалтерлік ж/е салық есебінде айврмашылық барма
- •17.Оң бағамдық айырма бойынша табыс қалай танылады?
- •18.Мойындалған айыппұл мен өсімпұл бойынша табыс қай кезде пайда болады?
- •19.Салықтық есеп бойынша шегерім дегеніміз не
- •20. Шегерімдер түрлерін атаңыз?
- •21. Өткізілген тауарлар (істелінген жұмыстар, көрсетілген қызметтер( бойынша не жатқызылады?
- •21.Өткізілген тауарлар (істелінген жұмыстар, көрсетілген қызметтер) бойынша шегерімдерге не жатқызылады?
- •22. Еңбек ақы шығындары бойынша шегерімге қандай шығындар апарылады
- •23. Сыйақы бойынша шегерімдер қалай есептелінеді?
- •24. Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерімдер қашан пайда болады?
- •25 Күмәнді талаптарға анықтама беріңіз
- •26. Күмәнді талаптар бойынша шегерімдер қай кезде пайда болады және не себептен?
- •27. Бухгалтерлік есепте күмәнді дебиторлық қарызды калай есептейді және оның күмәнді талаптардан айырмашылығы бар ма?
- •28. Өкілдік шығындар дегеніміз не және ол қай мақсатқа пайдаланылады?
- •29. Өкілдік шығындар бойынша шегерім қалай есептелінеді?
- •30. Өкілдік шығындар есептеудің бухгалтерлік және салық есебінде айырмашылығы бар ма?
- •31 Қызметтік іссапарлар кезінде төленетін өтемақылар қай кезде пайда болады?
- •32. Қызметтік іссапарлар кезінде төленетін өтемақылар сомасының шегерімге қалай апарылады? Қызметтік іссапарлар кезінде өтемақылар сомасының шегерімі
- •33. Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерімдерді атаңыз? Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің шегерімі
- •34. Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерім қалай есептелінеді?
- •35. Салықты және бюджетке мөленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша шегерім сомасы бух есептегі салық сомасымен бірдей болуы мүмкін бе
- •35.Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерім сомасы бухгалтерлік есептегі салық шығындары сомасы мен бірдей болуы мүмкін бе?
- •36. Сақтандыру сыйақылары және жарналары бойынша шегерімге не жатқызылады?
- •37. Теріс бағамдық айырма бойынша шегерім қай қезде пайда болады?
- •38. Әлеуметтік төлемдер бойынша шегерім дегеніміз не?
- •40.Шегерімге апарылмайтын шығындарды атаңыз? Шегерімге апарылмайтын шығындар бухгалтерлік есепте шығынға апарылмайды ма?
- •41. Мүшелік жарна төлемі шегерімге қанша мөлшерде апарылады?
- •44.Тіркелген актив ұғымына анықтама беріңіз?
- •50. Осы салық кезеңі соңындағы және келер жылы салық кезеңі басындағы топтың, бөлімшенің құндық балансы қалай анықталады?
- •51.Тіркелген активтер бойынша амортизация қалай есептелінеді?
- •52. Тіркелген активтер бойынша амортизация есебі бух амортизация есептеу мен бірдей ма
- •56 Залалардың салық есебі дегеніміз не?
- •57.Тұрақты айырмаға қандай айырма жатқызылады
- •58. Уақытша айырмаға қандай айырмалар жатқызылады
- •59.Ктс бойынша аванстық төлемдер дегеніміз не?
- •60. Салық ставкасына анықтама беріңіз?
- •61. Салық кезеңі дегеніміз не
- •62. Ктс бойынша аванстық төлемдер сомасын есептеу тәртібі қалай жүргізіледі
- •63. Ктс бойынша аванстық төлемдер төлеу мерзімін атаңыз
- •64. Әлеуметтік салада қызмет ететін мекемелерге салық салу тәртібі қалай жүргізіледі?
- •65. Салық режимін қалай түсінесіз?
- •66. Арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата?
- •67. Арнайы салық режимінде кімдер жұмыс істей алады?
- •68. Патент негізіндегі арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата
- •69. Патент негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз
- •Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата?
- •Оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз?
- •Шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші үшін арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата?
- •73.Шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз
- •74.Жер қойнауын пайдаланушы төлейтін арнайы төлемдер мен салықтарға не жатады.
- •75. Қр қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар дегеніміз кімдер ?
- •76.Қр қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі қалай жүргізіледі?
- •78. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құру арқылы жүзеге асырған Резидент емес заңды тұлғаның қызметінен алынған табысына салық салу тәртібі қалай жүргізіледі?
Шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші үшін арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата?
Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимi бiрыңғай жер салығын (БЖС) төлеу негiзiнде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртiбiн көздейдi және өзi өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмдерiн, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндiру, қайта өңдеу және оны өткiзу жөнiндегi қызметке қолданылады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен ауылдық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі жалпы белгіленген тәртіпте есептелген КТС, ҚҚС, әлеуметтiк салықтың, жер салығының, жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердің, мүлiк салығының, көлiк құралдары салығының 70% төмендеуін көздейдi.
Осы режим ауыл шаруашылығы өнімдерін, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының, ара шаруашылығының, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнiмдерiн өндіру, қайта өңдеу және өткiзу қызметiне және ауылдық тұтыну кооперативтерінің қызметіне қолданылады.
Шаруа қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың айырықша тәртібін көздейді және акцизделетін өнімдерді өндіру, ұқсату және сату жөніндегі қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсату және оны өткізу жөніндегі шаруа қожалықтары қызметіне қолданылады.
Шаруа қожалықтары осы арнаулы салық режимін немесе салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін дербес таңдауға құқылы.Шаруа қожалықтары арнаулы салық режимін 20 ақпанға дейін таңдау керек, таңдап алынған арнаулы салық режимі салық кезеңі ішінде өзгертуге жатпайды. 20 ақпаннан кейін құрылған шаруа қожалықтары Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін алған күні АСР қолдану құқығына өтініш береді.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимі патен негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейді және заңды тұлғаларды:
Жерді пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсату және оны өткізу жөніндегі;
Толық кезеңді мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының, ара шаруашылығының ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру жөніндегі, сондай-ақ , өзі өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсату және оны өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.
Мыналардың:
Еншілес ұйымдары, филиалдары мен өкілдіктері бар заңды тұлғалардың;
Заңды тұлғалар филиалдарының, өкілдіктері мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің және т.б. АСР-н қолдануға құқығы жоқ.
73.Шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз
Шаруа немесе фермер қожалықтары осы тарауда белгіленген арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті дербес таңдауға құқылы. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейді және акцизделетін өнімдерді өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және оны өткізу жөніндегі шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметіне қолданылады. Күнтізбелік жыл бірыңғай жер салығы бойынша салық кезеңі болып табылады. Шаруа немесе фермер қожалықтары арнаулы салық режимiн қолдану үшiн осы режим қолданылған бiрiншi жылдың 20 ақпанынан кешiктiрмей жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына салықтық өтiнiштi табыс етедi.Аталған мерзiмде салықтық өтiнiштi табыс етпеуi, салық төлеушiнiң бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға келiсiмi деп есептеледi. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері осы бапта белгіленген арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті дербес таңдауға құқылы.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі (бұдан әрі – арнаулы салық режимі) корпорациялық табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, жер салығын, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді, мүлік салығын, көлік құралдары салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.
Арнаулы салық режимі: 1) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалардың: жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өзі өндірген осы өнімді қайта өңдеу және өткізу; толық кезеңді (төлді өсіруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (оның ішінде, асыл тұқымды), ара шаруашылығының өнімдерін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген осы өнімдерді қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне; селолық тұтыну кооперативтерінің: шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу; шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және осы өнімдерді қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады. Салық төлеушi арнаулы салық режимiн қолдану үшiн орналасқан жерi бойынша салық органына салықтық өтiнiштi табыс етедi.
Салықтық өтiнiш арнаулы салық режимiн қолдануға арналған өтiнiште көрсетiлген жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
Аталған мерзiмде салықтық өтiнiштi табыс етпеуi, салық төлеушiнiң бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға келiсiмi болып есептеледi.
