Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Налоговый учет К4.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189.02 Кб
Скачать
  1. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата?

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін төмендегілер қолданады: тоқсандағы табысы 10,0 млн. теңгеден (68 000 АҚШ долл.) аспайтын және қызметкерлерінің саны дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда 25 адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер, сондай-ақ тоқсандағы табысы 25,0 млн. теңгеден (170 000 АҚШ долл.) аспайтын және қызметкерлерінің саны 50 адамнан аспайтын заңды тұлғалар. Оңайлатылған декларация бойынша салық есептеу үшін 3% бірыңғай ставка қолданылады.

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне салық кезеңі басталғанға дейін көшу үшін ШБС-рі өз қызметін жүзеге асыратын жері бойынша салық органына уәкілетті мемлкеттік орган белгілеген нысанда өтініш береді. Жаңадан құрылған заңды тұлға - өтінішті Мемл-к тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей салық органына береді. Жаңадан құрылған жеке кәсіпкер өз қызметін жүзеге асыратын жері бойынша тіркеуге қойылған күні өтініш береді.

Салық кезеңі болып –тоқсан табылады.

Мынадай талаптарға сәйкес келетін шағын бизнес субъектілері:

  1. Жеке кәсіпкерлер үшін: 1 жеке кәсіпкердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде 15 адам болса; 2 Салық кезеңі ішінде шекті табысы 4500,0 мың теңге болса;

  2. Заңды тұлғалар үшін: 1 қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде 25 адам болса; 2 Салық кезеңі ішінде шекті табысы 9000,0 мың теңге болса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданады.

Жеке кәсіпкер көрсетілген талаптар өзгерген жағдайда ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген кездегі заңды тұлға ретінде оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға құқылы. Салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібінен оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне көшкен кезде әлеуметтік, корпорациялық салық немесе жеке табыс салығын төлеу және олар бойынша есептілікті тапсыру жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Оңайтылған декларация тоқсан сайын, есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 10-нан кешіктірілмей салық органына табыс етіледі. Осы бойынша есептелген салықты бюджетке төлеу жеке табыс салығы және әлеуметтік салық-ҚР міндетті сақтандыру туралы заң актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы алып тасталғаннан кейінгі түрінде есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-нен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі. Оңайлатылған декларацияны табыс ету және салықтарды төлеу оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға өтініш берген жер бойынша салық органында жүргізіледі. Кіші кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларға арналған оңайлатылған декларация - 910.00 формада жүргізіледі .

  1. Оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз?

Оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін келесі шарттар орындалуы тиіс:

  • дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде жиырма бec адам болса;

  • салық кезеңі ішінде шекті табысы 10 000,0 мың теңгені құраса.

Салықты оңайлатылған декларация негізінде есептеуді шағын бизнес субъектісі салық салу объектісіне есепті салық кезеңіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес жүргізеді.

Егер, есепті кезеңнің қорытындысы бойынша жалдамалық қызметкерлердің орташа айлық жалақысы Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген ең төменгі айлық жалақының жеке кәсіпкерлердің кемінде 2 еселенген мөлшеріндей болса, онда жеке кәсіпкердің табысына көрсетіліп кеткен ставкалар бойынша салық салуға сәйкес салық кезеңі ішінде есептелген салық сомасы, қызметкерлердің орташа тізімдік санын негізге ала отырып, әрбір қызметкер үшін салық сомасының 1,5%-ы мөлшеріндегі сомаға азайтылу жағына қарай түзетілуге тиіс. Кіші кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларға арналған оңайлатылған декларация - 910.00 формада жүргізіледі

Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған АСР: Ойын бизнесі саласында; Ақшасыз ұтыс ойын автоматтарына; Боулинг бойынша; Картинг бойынша; Бильярд бойынша; Лото ойын ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсететін жеке кәсіпркерлердің, заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының, өкілдіктерінің және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне қолданылады.

АСР осы тұлғалар үшін:

  • КТС немесе ЖТС және ҚҚС есептеудің және төлеудің;

  • Акциз бойынша оңайлатылған тәртібін белгілейді.

Корпорациялық (жеке) табыс салығы-тіркелген жиынтық салық мөлшерінің 30%, ҚҚС- тіркелген жиынтық салық мөлшерінің 70% құрайды. Салық төлеуші тіркелген жиынтық салықты төлеумен бірге акциз төлейді, оның сомасы жалпы белгіленген тәртіппен анықталады.

Күнтізбелік бір жылда төленуге тиісті тіркелген жиынтық салық = салық салу объектісіне * тиісті жылдың салық ставкасын қолдану арқылы анықалады. Есепті кезең үшін төленуге итісті тіркелген жиынтық салық жыл бойынша есептелген соманы 12 бөлу жолымен анықталады.

Акциз және тіркелген жиынтық салық сомасы есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей, ай сайын алу объектілерінің орналасқан жері бойынша бюджете төленуге тиіс. Күнтізбелік ай тіркелген жиынтық салықты және акцизді есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі б/т. салық төлеушілер тіркелген жиынтық салық және акциз бойынша бірыңғай оңайлатылған декларацияны есепті айдан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей, ССО-ң орналасқан жері бойынша салық органына табыс етуге міндетті.