- •1.Қр салық жүйесіне анықтама беріңіз
- •2.Қр салық механизміне не жататынын атаңыз
- •3. Салық төлеушілердің құқығы мен міндеттерін атаңыз?
- •5.Ұйымның салық саясатын қалай түсінесіз?
- •8.Жылдық жиынтық табысты (жжт )бухгалтерлік есеппен салық есебінде тану ерекшелігі бар ма ?
- •9.Дайын өнімді сатудан түскен табысқа не жатқызылады?
- •10.Құн өсімінен алынған табыс қай кезде пайда болады?
- •11. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс қай кезде пайда болады?
- •12. Күмәнді міндеттемелер бойынша табыс түріне не жатқызылады?
- •14. Өтеусіз алынған мүлік бойынша табыс тануда бух есеп пен салық есебінде айырмашылық бар ма?
- •16, Бағамдық айырманы есептеудің бухгалтерлік ж/е салық есебінде айврмашылық барма
- •17.Оң бағамдық айырма бойынша табыс қалай танылады?
- •18.Мойындалған айыппұл мен өсімпұл бойынша табыс қай кезде пайда болады?
- •19.Салықтық есеп бойынша шегерім дегеніміз не
- •20. Шегерімдер түрлерін атаңыз?
- •21. Өткізілген тауарлар (істелінген жұмыстар, көрсетілген қызметтер( бойынша не жатқызылады?
- •21.Өткізілген тауарлар (істелінген жұмыстар, көрсетілген қызметтер) бойынша шегерімдерге не жатқызылады?
- •22. Еңбек ақы шығындары бойынша шегерімге қандай шығындар апарылады
- •23. Сыйақы бойынша шегерімдер қалай есептелінеді?
- •24. Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерімдер қашан пайда болады?
- •25 Күмәнді талаптарға анықтама беріңіз
- •26. Күмәнді талаптар бойынша шегерімдер қай кезде пайда болады және не себептен?
- •27. Бухгалтерлік есепте күмәнді дебиторлық қарызды калай есептейді және оның күмәнді талаптардан айырмашылығы бар ма?
- •28. Өкілдік шығындар дегеніміз не және ол қай мақсатқа пайдаланылады?
- •29. Өкілдік шығындар бойынша шегерім қалай есептелінеді?
- •30. Өкілдік шығындар есептеудің бухгалтерлік және салық есебінде айырмашылығы бар ма?
- •31 Қызметтік іссапарлар кезінде төленетін өтемақылар қай кезде пайда болады?
- •32. Қызметтік іссапарлар кезінде төленетін өтемақылар сомасының шегерімге қалай апарылады? Қызметтік іссапарлар кезінде өтемақылар сомасының шегерімі
- •33. Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерімдерді атаңыз? Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің шегерімі
- •34. Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерім қалай есептелінеді?
- •35. Салықты және бюджетке мөленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша шегерім сомасы бух есептегі салық сомасымен бірдей болуы мүмкін бе
- •35.Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерім сомасы бухгалтерлік есептегі салық шығындары сомасы мен бірдей болуы мүмкін бе?
- •36. Сақтандыру сыйақылары және жарналары бойынша шегерімге не жатқызылады?
- •37. Теріс бағамдық айырма бойынша шегерім қай қезде пайда болады?
- •38. Әлеуметтік төлемдер бойынша шегерім дегеніміз не?
- •40.Шегерімге апарылмайтын шығындарды атаңыз? Шегерімге апарылмайтын шығындар бухгалтерлік есепте шығынға апарылмайды ма?
- •41. Мүшелік жарна төлемі шегерімге қанша мөлшерде апарылады?
- •44.Тіркелген актив ұғымына анықтама беріңіз?
- •50. Осы салық кезеңі соңындағы және келер жылы салық кезеңі басындағы топтың, бөлімшенің құндық балансы қалай анықталады?
- •51.Тіркелген активтер бойынша амортизация қалай есептелінеді?
- •52. Тіркелген активтер бойынша амортизация есебі бух амортизация есептеу мен бірдей ма
- •56 Залалардың салық есебі дегеніміз не?
- •57.Тұрақты айырмаға қандай айырма жатқызылады
- •58. Уақытша айырмаға қандай айырмалар жатқызылады
- •59.Ктс бойынша аванстық төлемдер дегеніміз не?
- •60. Салық ставкасына анықтама беріңіз?
- •61. Салық кезеңі дегеніміз не
- •62. Ктс бойынша аванстық төлемдер сомасын есептеу тәртібі қалай жүргізіледі
- •63. Ктс бойынша аванстық төлемдер төлеу мерзімін атаңыз
- •64. Әлеуметтік салада қызмет ететін мекемелерге салық салу тәртібі қалай жүргізіледі?
- •65. Салық режимін қалай түсінесіз?
- •66. Арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата?
- •67. Арнайы салық режимінде кімдер жұмыс істей алады?
- •68. Патент негізіндегі арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата
- •69. Патент негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз
- •Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата?
- •Оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз?
- •Шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші үшін арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата?
- •73.Шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз
- •74.Жер қойнауын пайдаланушы төлейтін арнайы төлемдер мен салықтарға не жатады.
- •75. Қр қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар дегеніміз кімдер ?
- •76.Қр қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі қалай жүргізіледі?
- •78. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құру арқылы жүзеге асырған Резидент емес заңды тұлғаның қызметінен алынған табысына салық салу тәртібі қалай жүргізіледі?
66. Арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата?
1. Бірыңғай жер салығын төлеушілер салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мынадай түрлерін:
1) осы арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметінен түскен табыстан алынатын жеке табыс салығын;
2) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түскен айналым бойынша қосылған құн салығын;
3) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны;
4) аталған салық салу объектілері бойынша көлік құралдары салығын;
5) салық салу объектілері бойынша мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағында аталмаған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу, төлеу және олар бойынша салық есептілігін табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Бірыңғай жер салығын төлеушілер қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына салықтық өтінішті ерікті түрде беруге құқылы.
3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде, бірыңғай жер салығын төлеушілер кірістер мен шығыстардың, мүліктің бөлек есебін жүргізуге және осы Кодексте белгіленген тәртіппен көрсетілген қызмет түрлері бойынша тиісті салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті. Бірыңғай жер салығын төлеушілер әрбір қызметкер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелері үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және әлеуметтiк салықты есептеу жүргiзiлетiн айдың бiрiншi күнi қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 20 процент ставкасы бойынша әлеуметтік салық сомасын ай сайын есептеп отырады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелері олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап туындайды.
Әлеуметтік салықтың есептелген сомасы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуға жатады.
Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтік салықтың сомасы нөлге тең болады.
67. Арнайы салық режимінде кімдер жұмыс істей алады?
Арнаулы салық режимі шағын бизнес субъектілері үшін, төлем көзінен ұсталынатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтік салықты ж.е корпорациялық н.е жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерлерде алынған (алынуға жататын) табыстардың барлық түрлерінен тұратын салық кезеңі ішіндегі табыс патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады.
Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін табыс етудің төменде санамаланған тәртіптерінің біреуін ғана дербес таңдауға құқылы:
1) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;
2) патент негізіндегі арнаулы салық режимі;
3) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.
Арнайы салық режимі келесі тұлғалар:
Шағын бизнес субъектілері үшін;
Шаруа н.е фермерлік қожалықтар үшін;
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер мен ауылдық тұтынушылар кооперативтері үшін қолданылады.
