
- •1.Қр салық жүйесіне анықтама беріңіз
- •2.Қр салық механизміне не жататынын атаңыз
- •3. Салық төлеушілердің құқығы мен міндеттерін атаңыз?
- •5.Ұйымның салық саясатын қалай түсінесіз?
- •8.Жылдық жиынтық табысты (жжт )бухгалтерлік есеппен салық есебінде тану ерекшелігі бар ма ?
- •9.Дайын өнімді сатудан түскен табысқа не жатқызылады?
- •10.Құн өсімінен алынған табыс қай кезде пайда болады?
- •11. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс қай кезде пайда болады?
- •12. Күмәнді міндеттемелер бойынша табыс түріне не жатқызылады?
- •14. Өтеусіз алынған мүлік бойынша табыс тануда бух есеп пен салық есебінде айырмашылық бар ма?
- •16, Бағамдық айырманы есептеудің бухгалтерлік ж/е салық есебінде айврмашылық барма
- •17.Оң бағамдық айырма бойынша табыс қалай танылады?
- •18.Мойындалған айыппұл мен өсімпұл бойынша табыс қай кезде пайда болады?
- •19.Салықтық есеп бойынша шегерім дегеніміз не
- •20. Шегерімдер түрлерін атаңыз?
- •21. Өткізілген тауарлар (істелінген жұмыстар, көрсетілген қызметтер( бойынша не жатқызылады?
- •21.Өткізілген тауарлар (істелінген жұмыстар, көрсетілген қызметтер) бойынша шегерімдерге не жатқызылады?
- •22. Еңбек ақы шығындары бойынша шегерімге қандай шығындар апарылады
- •23. Сыйақы бойынша шегерімдер қалай есептелінеді?
- •24. Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерімдер қашан пайда болады?
- •25 Күмәнді талаптарға анықтама беріңіз
- •26. Күмәнді талаптар бойынша шегерімдер қай кезде пайда болады және не себептен?
- •27. Бухгалтерлік есепте күмәнді дебиторлық қарызды калай есептейді және оның күмәнді талаптардан айырмашылығы бар ма?
- •28. Өкілдік шығындар дегеніміз не және ол қай мақсатқа пайдаланылады?
- •29. Өкілдік шығындар бойынша шегерім қалай есептелінеді?
- •30. Өкілдік шығындар есептеудің бухгалтерлік және салық есебінде айырмашылығы бар ма?
- •31 Қызметтік іссапарлар кезінде төленетін өтемақылар қай кезде пайда болады?
- •32. Қызметтік іссапарлар кезінде төленетін өтемақылар сомасының шегерімге қалай апарылады? Қызметтік іссапарлар кезінде өтемақылар сомасының шегерімі
- •33. Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерімдерді атаңыз? Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің шегерімі
- •34. Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерім қалай есептелінеді?
- •35. Салықты және бюджетке мөленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша шегерім сомасы бух есептегі салық сомасымен бірдей болуы мүмкін бе
- •35.Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерім сомасы бухгалтерлік есептегі салық шығындары сомасы мен бірдей болуы мүмкін бе?
- •36. Сақтандыру сыйақылары және жарналары бойынша шегерімге не жатқызылады?
- •37. Теріс бағамдық айырма бойынша шегерім қай қезде пайда болады?
- •38. Әлеуметтік төлемдер бойынша шегерім дегеніміз не?
- •40.Шегерімге апарылмайтын шығындарды атаңыз? Шегерімге апарылмайтын шығындар бухгалтерлік есепте шығынға апарылмайды ма?
- •41. Мүшелік жарна төлемі шегерімге қанша мөлшерде апарылады?
- •44.Тіркелген актив ұғымына анықтама беріңіз?
- •50. Осы салық кезеңі соңындағы және келер жылы салық кезеңі басындағы топтың, бөлімшенің құндық балансы қалай анықталады?
- •51.Тіркелген активтер бойынша амортизация қалай есептелінеді?
- •52. Тіркелген активтер бойынша амортизация есебі бух амортизация есептеу мен бірдей ма
- •56 Залалардың салық есебі дегеніміз не?
- •57.Тұрақты айырмаға қандай айырма жатқызылады
- •58. Уақытша айырмаға қандай айырмалар жатқызылады
- •59.Ктс бойынша аванстық төлемдер дегеніміз не?
- •60. Салық ставкасына анықтама беріңіз?
- •61. Салық кезеңі дегеніміз не
- •62. Ктс бойынша аванстық төлемдер сомасын есептеу тәртібі қалай жүргізіледі
- •63. Ктс бойынша аванстық төлемдер төлеу мерзімін атаңыз
- •64. Әлеуметтік салада қызмет ететін мекемелерге салық салу тәртібі қалай жүргізіледі?
- •65. Салық режимін қалай түсінесіз?
- •66. Арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата?
- •67. Арнайы салық режимінде кімдер жұмыс істей алады?
- •68. Патент негізіндегі арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата
- •69. Патент негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз
- •Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата?
- •Оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз?
- •Шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші үшін арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата?
- •73.Шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз
- •74.Жер қойнауын пайдаланушы төлейтін арнайы төлемдер мен салықтарға не жатады.
- •75. Қр қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар дегеніміз кімдер ?
- •76.Қр қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі қалай жүргізіледі?
- •78. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құру арқылы жүзеге асырған Резидент емес заңды тұлғаның қызметінен алынған табысына салық салу тәртібі қалай жүргізіледі?
52. Тіркелген активтер бойынша амортизация есебі бух амортизация есептеу мен бірдей ма
1. Тіркелген активтердің құны осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда амортизациялық аударымдарды есептеу жолымен шегерімге жатады.
2. әрбiр кіші топ, топ бойынша амортизациялық аударымдар амортизация нормаларын қолдану жолымен, бірақ салық кезеңінің соңында кіші топтың, топтың құндық балансына осы тармақта белгiленген нормалардан жоғары болмайтындай етіп анықталады:
рет №
|
топ № |
Тіркелген активтердің атауы |
Амортизацияның шекті нормасы (%) |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
І |
Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылыстар |
10 |
2 |
ІІ |
Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдық |
25 |
3 |
ІІІ |
Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтар |
40
|
4 |
ІV |
Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, соның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтары |
15 |
2-1 топтардың (кiшi топтардың) құндық баланстары бойынша амортизациялық аударымдар салық кезеңiнiң соңында топтардың (кiшi топтардың) мұндай құндық баланстарына осы бапта белгiленген амортизацияның шектi нормаларын қолдану жолымен айқындалады.
3. Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстар бойынша амортизациялық аударымдар әрбір объект бойынша жеке анықталады.
4. Салық төлеуші таратылған немесе қайта ұйымдастырылған, оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға корпоративтік табыс салығын есептеуге көшкен жағдайда, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдануды тоқтатқан кезде амортизациялық аударымдар салық кезеңіндегі қызмет кезеңіне түзетіледі.
5. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін, келетін өндірістік мақсаттағы ғимараттарды және құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды:
тіркелген активтер деп тануға және олардың құнын шегерімге жатқызуға немесе
преференциялар объектілері деп тануға және олардың құнын белгіленген талаптар сақталған кезде және тәртіппен шегерімге жатқызуға құқылы.
6. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілген тіркелген активтер бойынша жер қойнауын пайдаланушы пайдаланудың бірінші салықтық кезеңінде осы тіркелген активтерді жылдық жиынтық табыс алу мақсатында кемінде үш жыл пайдаланған жағдайда амортизацияның екі еселенген нормалары бойынша амортизациялық аударымдар есептеуге құқылы. Осы тіркелген активтер пайдаланудың бірінші салық кезеңінде топтың құндық балансынан бөлек ескеріледі. Келесі салық кезеңінде осы тіркелген активтер тиісті топтың құндық балансына қосуға жатады.
Осы тармақтың ережелері бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
1) өздерін пайдалану ерекшеліктеріне орай жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылатын;
2) салықтық есепте жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпайтын тіркелген активтерге ғана қолданылады.
53. Тіркелген активті ағымдағы жөндеу шығындары қайда апарылады?
1. Келесі шығыстар деп активтерді пайдалану, жөндеу, ұстау және тарату кезінде шеккен, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары шегерімге жататын тарату қорының қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарын қоспағанда, салық төлеушінің резервтік қорлары есебінен жүргізілетін іс жүзіндегі шығыстар түсіндіріледі.
2. амортизацияға жатпайтын активтердiң бастапқы құнын ұлғайтатын келесi шығыстарды қоспағанда, келесі шығыстар олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерімге жатқызылуға тиіс.
Мынадай активтерге:
1) тіркелген активтерге және (немесе)
2) мыналарда:
қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есебiнде ескерiлетiн және табыс алуға бағытталған қызметке пайдалануға арналған негiзгi құралдарға, жылжымайтын мүлiкке инвестицияларға, материалдық емес және биологиялық активтерге қатысты осы тармақтың ережелерi қолданылады.
3. бухгалтерлік есепте активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылатын келесі шығыстардың, сондай-ақ келесі шығыстардың сомасы:
1) топтың (кіші топтың) актив түріне сәйкес келетін құндық балансын ұлғайтады;
2) топтың (кіші топтың) актив түріне сәйкес келетін құндық балансы болмаған кезде ағымдағы салық кезеңінің аяғында топтың (кіші топтың) актив түріне сәйкес келетін құндық балансын қалыптастырады.
келесі шығыстар салық салу мақсатында олар бухгалтерлiк есепте активтердiң баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған салық кезеңінде танылады.
4. Жалға алушы жалға алынатын негізгі құралдарға қатысты жұмсаған келесі шығыстардың сомасы шегерімге жатқызылады.
5. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалатын келесі шығыстар инвестициялық салық преференцияларын қолдануға құқығы бар салық төлеушінің таңдауы бойынша осы баптың 3-тармағына немесе сәйкес шегерімге жатқызылуға тиіс.
6. активтер бойынша пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап шеккен келесi шығыстардың бухгалтерлiк есепте мұндай активтердiң баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылатын сомасы салық кезеңiнiң соңында, оның iшiнде мұндай сома салық кезеңiнiң соңында нөлге тең болған жағдайда амортизацияланатын активтердiң тобы бойынша жинақталған шығыстардың сомасын ұлғайтады.
Осы тармақта көзделген келесi шығыстар салық салу мақсатында олар бухгалтерлiк есепте активтердiң баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған салық кезеңiнде танылады.
54. тіркелген активтің күрделі жөндеудің шығындары қайда апарылады? 1. Келесі шығыстар деп активтерді пайдалану, жөндеу, ұстау және тарату кезінде шеккен, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары шегерімге жататын тарату қорының қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарын қоспағанда, салық төлеушінің резервтік қорлары есебінен жүргізілетін іс жүзіндегі шығыстар түсіндіріледі. 2. амортизацияға жатпайтын активтердiң бастапқы құнын ұлғайтатын келесi шығыстарды қоспағанда, келесі шығыстар олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерімге жатқызылуға тиіс. Мынадай активтерге: 1) тіркелген активтерге және (немесе) 2) мыналарда: осы тармақтың 1) тармақшасында; коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiнгi кезеңде – қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есебiнде ескерiлетiн және табыс алуға бағытталған қызметке пайдалануға арналған негiзгi құралдарға, жылжымайтын мүлiкке инвестицияларға, материалдық емес және биологиялық активтерге қатысты осы тармақтың ережелерi қолданылады. 3. бухгалтерлік есепте активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылатын келесі шығыстардың, сондай-ақ келесі шығыстардың сомасы: 1) топтың (кіші топтың) актив түріне сәйкес келетін құндық балансын ұлғайтады; 2) топтың (кіші топтың) актив түріне сәйкес келетін құндық балансы болмаған кезде ағымдағы салық кезеңінің аяғында топтың (кіші топтың) актив түріне сәйкес келетін құндық балансын қалыптастырады. келесі шығыстар салық салу мақсатында олар бухгалтерлiк есепте активтердiң баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған салық кезеңінде танылады. 4. Жалға алушы жалға алынатын негізгі құралдарға қатысты жұмсаған келесі шығыстардың сомасы шегерімге жатқызылады. 5. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалатын келесі шығыстар инвестициялық салық преференцияларын қолдануға құқығы бар салық төлеушінің таңдауы бойынша осы баптың 3-тармағына немесе сәйкес шегерімге жатқызылуға тиіс. 6. активтер бойынша пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап шеккен келесi шығыстардың бухгалтерлiк есепте мұндай активтердiң баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылатын сомасы салық кезеңiнiң соңында, оның iшiнде мұндай сома салық кезеңiнiң соңында нөлге тең болған жағдайда амортизацияланатын активтердiң тобы бойынша жинақталған шығыстардың сомасын ұлғайтады. Осы тармақта көзделген келесi шығыстар салық салу мақсатында олар бухгалтерлiк есепте активтердiң баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған салық кезеңiнде танылады.
55. Табыстар мен шегерімдерді түзетуді қалай түсінесіз? Табыстар немесе шегерімдер мынадай жағдайларда: 1) тауарларды толық немесе ішінара қайтарғанда; 2) мәміленің шарттарын өзгерткенде; 3) сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін бағаны, өтемақыны өзгерткенде; 4) бағадан жеңілдіктер, сатудан жеңілдіктер жасалғанда; 5) шарттың талаптарын негізге ала отырып, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төленуге тиіс сома өзгергенде түзетуге жатады. 2. Табысты түзетуді салық төлеуші-кредитор: заңды тұлғадан: дара кәсіпкерден; Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша талапты есептен шығарған кезде жүргізеді. көзделген табысты түзету: 1) салық төлеуші-дебитор таратылған кезде оны тарату балансын бекіту күніне салық төлеуші-кредитор талап қоймаған; 2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша талап есептен шығарылған жағдайларда жүзеге асырылады. Түзету бір мезгілде мынадай талаптарды сақтаған кезде: 1) талаптардың туындауын растайтын бастапқы құжаттар болғанда; 2) талап бухгалтерлік есепте табысты түзету күніне көрсетілгенде не алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылғанда (есептен шығарылғанда) жүргізіледі. Табысты түзету есептен шығарылған талаптың және осындай талап бойынша бұрын танылған табыстың сомасы шегінде жүргізіледі. күмәнді деп танылған талаптарға осы тармақтың ережелері қолданылмайды. 3. Табысты түзету талаптардың мөлшерін оларды кәсіпорынның сатып алу-сату шарты бойынша мүліктік кешен ретінде беруге байланысты азайтылған кезде жүргізілмейді. 4. Табыстар мен шегерімдерді түзету осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайлар басталған салық кезеңінде жүргізіледі. |
|
|