Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Налоговый учет К4.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189.02 Кб
Скачать

50. Осы салық кезеңі соңындағы және келер жылы салық кезеңі басындағы топтың, бөлімшенің құндық балансы қалай анықталады?

1. Өтеусіз беруді қоспағанда, кіші топтың (І топ бойынша) тіркелген активтері шығып қалғаннан кейін кіші топтың салық кезеңі соңындағы құндық балансы мөлшеріндегі сома І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан болған залал деп танылады.

Осы кіші топтың құндық балансы нөлге теңестіріледі және шегерімге жатқызылмайды.

2. Топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) барлық тіркелген активтері шығып қалғаннан кейін тиісті топтың салық кезеңі соңындағы құндық балансы, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шегерімге жатқызылады.

3. Кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) барлық тіркелген активтерін өтеусіз берген кезде тиісті кіші топтың немесе топтың құндық балансы салық кезеңінің соңында нөлге теңестіріледі және шегерімге жатқызылмайды.

4. Салық төлеуші кіші топтың (топтың) салық кезеңі соңындағы құндық балансының республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген және салық кезеңiнiң соңғы күнi қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен кем соманы құрайтын шамасын шегерімге жатқызуға құқылы.

51.Тіркелген активтер бойынша амортизация қалай есептелінеді?

1. Тіркелген активтердің құны осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда амортизациялық аударымдарды есептеу жолымен шегерімге жатады.

2. әрбiр кіші топ, топ бойынша амортизациялық аударымдар амортизация нормаларын қолдану жолымен, бірақ салық кезеңінің соңында кіші топтың, топтың құндық балансына осы тармақта белгiленген нормалардан жоғары болмайтындай етіп анықталады:

 

рет №

 

топ

Тіркелген активтердің атауы

Амортизацияның шекті нормасы (%)

1

2

3

4

1

І

Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылыстар

10

2

ІІ

Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдық

25

3

ІІІ

Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтар

40

 

 

4

ІV

Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, соның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтары

15

 

2-1 топтардың (кiшi топтардың) құндық баланстары бойынша амортизациялық аударымдар салық кезеңiнiң соңында топтардың (кiшi топтардың) мұндай құндық баланстарына осы бапта белгiленген амортизацияның шектi нормаларын қолдану жолымен айқындалады.

3. Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстар бойынша амортизациялық аударымдар әрбір объект бойынша жеке анықталады.

4. Салық төлеуші таратылған немесе қайта ұйымдастырылған, оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға корпоративтік табыс салығын есептеуге көшкен жағдайда, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдануды тоқтатқан кезде амортизациялық аударымдар салық кезеңіндегі қызмет кезеңіне түзетіледі.

5. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін, келетін өндірістік мақсаттағы ғимараттарды және құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды:

тіркелген активтер деп тануға және олардың құнын шегерімге жатқызуға немесе

преференциялар объектілері деп тануға және олардың құнын белгіленген талаптар сақталған кезде және тәртіппен шегерімге жатқызуға құқылы.

6. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілген тіркелген активтер бойынша жер қойнауын пайдаланушы пайдаланудың бірінші салықтық кезеңінде осы тіркелген активтерді жылдық жиынтық табыс алу мақсатында кемінде үш жыл пайдаланған жағдайда амортизацияның екі еселенген нормалары бойынша амортизациялық аударымдар есептеуге құқылы. Осы тіркелген активтер пайдаланудың бірінші салық кезеңінде топтың құндық балансынан бөлек ескеріледі. Келесі салық кезеңінде осы тіркелген активтер тиісті топтың құндық балансына қосуға жатады.

Осы тармақтың ережелері бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:

1) өздерін пайдалану ерекшеліктеріне орай жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылатын;

2) салықтық есепте жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпайтын тіркелген активтерге ғана қолданылады.