- •1.Қр салық жүйесіне анықтама беріңіз
- •2.Қр салық механизміне не жататынын атаңыз
- •3. Салық төлеушілердің құқығы мен міндеттерін атаңыз?
- •5.Ұйымның салық саясатын қалай түсінесіз?
- •8.Жылдық жиынтық табысты (жжт )бухгалтерлік есеппен салық есебінде тану ерекшелігі бар ма ?
- •9.Дайын өнімді сатудан түскен табысқа не жатқызылады?
- •10.Құн өсімінен алынған табыс қай кезде пайда болады?
- •11. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс қай кезде пайда болады?
- •12. Күмәнді міндеттемелер бойынша табыс түріне не жатқызылады?
- •14. Өтеусіз алынған мүлік бойынша табыс тануда бух есеп пен салық есебінде айырмашылық бар ма?
- •16, Бағамдық айырманы есептеудің бухгалтерлік ж/е салық есебінде айврмашылық барма
- •17.Оң бағамдық айырма бойынша табыс қалай танылады?
- •18.Мойындалған айыппұл мен өсімпұл бойынша табыс қай кезде пайда болады?
- •19.Салықтық есеп бойынша шегерім дегеніміз не
- •20. Шегерімдер түрлерін атаңыз?
- •21. Өткізілген тауарлар (істелінген жұмыстар, көрсетілген қызметтер( бойынша не жатқызылады?
- •21.Өткізілген тауарлар (істелінген жұмыстар, көрсетілген қызметтер) бойынша шегерімдерге не жатқызылады?
- •22. Еңбек ақы шығындары бойынша шегерімге қандай шығындар апарылады
- •23. Сыйақы бойынша шегерімдер қалай есептелінеді?
- •24. Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерімдер қашан пайда болады?
- •25 Күмәнді талаптарға анықтама беріңіз
- •26. Күмәнді талаптар бойынша шегерімдер қай кезде пайда болады және не себептен?
- •27. Бухгалтерлік есепте күмәнді дебиторлық қарызды калай есептейді және оның күмәнді талаптардан айырмашылығы бар ма?
- •28. Өкілдік шығындар дегеніміз не және ол қай мақсатқа пайдаланылады?
- •29. Өкілдік шығындар бойынша шегерім қалай есептелінеді?
- •30. Өкілдік шығындар есептеудің бухгалтерлік және салық есебінде айырмашылығы бар ма?
- •31 Қызметтік іссапарлар кезінде төленетін өтемақылар қай кезде пайда болады?
- •32. Қызметтік іссапарлар кезінде төленетін өтемақылар сомасының шегерімге қалай апарылады? Қызметтік іссапарлар кезінде өтемақылар сомасының шегерімі
- •33. Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерімдерді атаңыз? Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің шегерімі
- •34. Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерім қалай есептелінеді?
- •35. Салықты және бюджетке мөленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша шегерім сомасы бух есептегі салық сомасымен бірдей болуы мүмкін бе
- •35.Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерім сомасы бухгалтерлік есептегі салық шығындары сомасы мен бірдей болуы мүмкін бе?
- •36. Сақтандыру сыйақылары және жарналары бойынша шегерімге не жатқызылады?
- •37. Теріс бағамдық айырма бойынша шегерім қай қезде пайда болады?
- •38. Әлеуметтік төлемдер бойынша шегерім дегеніміз не?
- •40.Шегерімге апарылмайтын шығындарды атаңыз? Шегерімге апарылмайтын шығындар бухгалтерлік есепте шығынға апарылмайды ма?
- •41. Мүшелік жарна төлемі шегерімге қанша мөлшерде апарылады?
- •44.Тіркелген актив ұғымына анықтама беріңіз?
- •50. Осы салық кезеңі соңындағы және келер жылы салық кезеңі басындағы топтың, бөлімшенің құндық балансы қалай анықталады?
- •51.Тіркелген активтер бойынша амортизация қалай есептелінеді?
- •52. Тіркелген активтер бойынша амортизация есебі бух амортизация есептеу мен бірдей ма
- •56 Залалардың салық есебі дегеніміз не?
- •57.Тұрақты айырмаға қандай айырма жатқызылады
- •58. Уақытша айырмаға қандай айырмалар жатқызылады
- •59.Ктс бойынша аванстық төлемдер дегеніміз не?
- •60. Салық ставкасына анықтама беріңіз?
- •61. Салық кезеңі дегеніміз не
- •62. Ктс бойынша аванстық төлемдер сомасын есептеу тәртібі қалай жүргізіледі
- •63. Ктс бойынша аванстық төлемдер төлеу мерзімін атаңыз
- •64. Әлеуметтік салада қызмет ететін мекемелерге салық салу тәртібі қалай жүргізіледі?
- •65. Салық режимін қалай түсінесіз?
- •66. Арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата?
- •67. Арнайы салық режимінде кімдер жұмыс істей алады?
- •68. Патент негізіндегі арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата
- •69. Патент негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз
- •Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата?
- •Оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз?
- •Шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші үшін арнайы салық режимі ерекшеліктерін ата?
- •73.Шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші негізінде жұмыс істейтін кәсіпкердің салық есебін жүргізу тәртібін атаңыз
- •74.Жер қойнауын пайдаланушы төлейтін арнайы төлемдер мен салықтарға не жатады.
- •75. Қр қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар дегеніміз кімдер ?
- •76.Қр қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі қалай жүргізіледі?
- •78. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құру арқылы жүзеге асырған Резидент емес заңды тұлғаның қызметінен алынған табысына салық салу тәртібі қалай жүргізіледі?
2.Қр салық механизміне не жататынын атаңыз
Мемлекеттің салық саясатын жҥзеге асыру ҥшін салық механизмінің
барлық жиынтық элементтерін іске қосу керек.Салық механизмі-қаржы механизмінің құрамдас бөлігі болып табылады және ол салық саясатын ұтымды жҥзеге асыру ҥшін қолданылады. Салық саясатын жүзеге асырудың тұрақтылығы мен нақтылығы салық механизмінің салықтық зандар жүйесі немесе салық кодексі сияқты ерекше элементтерден тұрады. Салық механизмі мемлекет қолындағы ең күшті құрал. Осы құрал арқылы орталықтандырылған экономикалық саясатты еркін бәсекелестік және кәсіпкерлік жағдайында қоғамның экономикалық дамуының нақты алға қойған мақсатына сәйкес, экономикалық және қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық бағдарламаларын ұсынады.Салық механизмінің қҧрылымы келесі элементтерден тұрады:
-салық түрлерінің жиынтығы (салық жүйесі);
-салықтық төлемдерді жоспарлау және болжамдау;
-салықтық құқық және салықтық заңдылықтар;
-салық салу қағидалары;
-салықтарды басқару жүйесі;
-салық элементтері;
-салықты төлеу қабілеттілігі және реттілігі;
-салықтық федерализм;
-салықтық бақылау;
-ақпараттық қамсыздандыру;
-салықтық есеп қисаптар.
3. Салық төлеушілердің құқығы мен міндеттерін атаңыз?
Салық төлеушінің құқықтары: 1) салық қызметі органдарынан қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат, салықтық нысандарды толтыру тәртібі бойынша түсіндірмелер алуға; 2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарда жеке өзі не өзінің өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен өзінің мүдделерін білдіруге; 3) жағдайларда салықтық бақылау нәтижелерін алуға; 4) салық органында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын, салықтық өтініштердің белгіленген нысандарының бланкілерін және (немесе) электрондық түрде салық есептіліктері мен өтініштерін беру үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етілімді тегін алуға; 5) өтініш бойынша салық органында бұрын өзі тапсырған салық есептілігінің көшірмесін алуға; 6) салық қызметі органдарына салықтық бақылау нәтижелері бойынша салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі түсіндірмелерді табыс етуге; 7) салық органы салықтық өтініш алған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы жеке шоттан үзінді көшірме алуға; 8) салықтық өтініш бойынша тәртіппен және мерзімде мынадай: салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы; салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы; резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар мен ұсталынған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама түрлерін алуға; 9) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мақсатында төлем құжатын толтыру үшін қажетті деректемелер туралы мәліметтер, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу тәртібі туралы ақпаратты салық органына көрсетілген ақпарат үшін өтініш жасалған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде алуға; 10) Қазақстан Республикасының басқада заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға; 11) салықтық құпияның сақталуын талап етуге; 12) салық қызметі органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді тегін алуға; 13) салықтық тексеру жүргізу барысында салық қызметі органдарының лауазымды адамында туындаған сұрақтарды жазбаша тіркеуге және осы сұрақтар көрсетілетін құжатты онымен келісуге; 14) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру мен олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасында тікелей көзделген ақпарат пен құжаттарды қоспағанда, салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге жатпайтын ақпарат пен құжаттарды бермеуге құқылы. Салық төлеушінің міндеттері 1) салық міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға; 2) салық қызметі органдары лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ олардың қызметтік міндеттерін атқаруы кезіндегі заңды қызметіне кедергі жасамауға; 3) нұсқама негізінде салық қызметі органдары лауазымды адамдарының салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті зерттеп-тексеруіне жол беруге; 4) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген ақпарат пен құжаттарды беруге; 5) бақылау-кассалық машиналарды қолдануға және оларды қолданудың осы Кодексте белгіленген тәртібін сақтауға; 6) дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, тұрақты мекеменің, резидент емес заңды тұлғаның қызметін тоқтатуына, заңды тұлғаның бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына және (немесе) таратылуына байланысты құжаттық тексеруді жүргізу туралы салық органына салықтық өтініш беруге; 7) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртіппен, Кеден одағына мүше мемлекеттерден импортталатын акцизделетін тауарларды (жеңіл автомобильдерді қоспағанда) алдағы уақытта алатыны туралы салық органдарына хабарлауға міндетті.
4. Салық бақылауы мен салық тексерулері түрлерін атаңыз?
Салық түсімдерінің арқасында өмір сүретін мемлекет, бюджетке ақша қаражатының толық және дұрыс түсуін қадағалайды. Осы тапсырманың орындалуын әрдайым мемлекет тарапынан қадағалап, бақылау жасап отыру керек. Осындай мемлекеттік бақылауды басқару механизімі тарапынан қаралады. Соның арқасында салық бақылауы мемлекеттік бақылаудың ең жақсы ұйымдастырылған түрі болып келеді. Салық бақылауы келесі көрсеткіштерімен бейнеленеді: 1) Салық бақылауы мемлекеттік бақылаудың бір түрі болады. Яғни салық заңдамасының нормативтік актілерде көрсетілген бақылауды мемлекеттік уәкілетті органмен жүзеге асырылады. 2) Салық бақылауы - қаржы бақылауы ретінде қаралады. 3) Салық бақылауы - мемлекеттік бақылаудың арнайы бір түрі болып табылады, яғни салық бақылауын жүзеге асыруға құқығы бар органдар қарастырады. Салық бақылауының келесі элеметтері бар: 1. нені тексеру керек - ол бақылаудың субъектісін айқындайды. 2. Кімді тексереді - бақылаудың объектісін; 3. Не тексеріледі - бақылаудың затын; 4. Не үшін тексеріледі - бақылаудың мақсаты; 5. Қалай тексеріледі - бақылаудың әдісін.
Көптеген негіздер бойынша салық бақылауы келесі классификациялауға болады: • Жүзеге асырылу нысаны (формасы) бойынша: 1) непосредственный (тікелей) 2) опосредованный (жанама) тікелей салық бақылауы ол салық объектінің өзінде, тексеруші салық есептілігіне қатысты бастапқы құжаттарды тексеру мен талдаумен мінезделеді. Опосредованный (жанама) салық бақылауы ол салық субъектісі мен салық объектісі тікелей контактқа (жанасу) түспей жанама түрде мінездемеледі және тексерушілер тек салық органдарына тапсырылған салық есептілігімен жұмыс істейді. • Жүзеге асырылу уақыты бойынша: 1) болжамды (предварительный) 2) ағымдағы (текущий) 3) жалғасы (последующий). • Салық бақылауының ішкі және сыртқы мінездемесі бар: Ішкі бақылау - ұйымның ішкі жүйесінде бақылаудың субъектісі мен объектісі бір түйін болып табылса. Сыртқы бақылау - ол бір-бірімен бағынышты емес субъектілер арасындағы қатынас (Салық комитеті салық төлеушіні тексереді).
Салық тексеруі – салық қызметі органдары жүзеге асыратын тексеру, ҚР салық заңының орындалуы. Салық тексеруіне қатысушылар жазбада көрсетілген салық қызметі органдарының лауазымды тұлғалары, Салық Кодексіне сəйкес тексеруді өткізуге тартылатын өзге де тұлғалар жəне салықтөлеуші; тек қана салық қызметі органдары тарапынан жүзеге асырылады.
Арнайы білім мен машықтануды талап ететін сұрақтарды зерттеу жəне кеңес алу қажет болған жағдайларда салық қызметі органдары салық тексеруіне оның ақырғы нəтижесіне мүдделі болып табылмайтын маманды тартуына болады.Қойылған сұрақтар бойынша сол маман өзінің қорытындысын шығарып, бұлқорытынды салық тексеруі актісіне қосылады.
Құжатты тексеру:
· кешенді тексеру – барлық салық түрлері жəне басқада бюджетке тиесілі
міндетті төлемдер бойынша салық міндеттерінің орындалуын тексеру;
· тақырыптық тексеру — салық түрінің жеке бір түрі жəне басқада бюджетке
тиесілі міндетті төлем бойынша салық міндеттерінің орындалуын, ұсталулар
мен (немесе) аударулардың толық жəне орынды болуын тексеру;
· қарама-қарсы тексеру –салық тексерулерін өткізу барысында, салық
органында, көрсетілген тұлғаларға қатысты, салықтөлеушінің салық есебінде
көрсетілген операцияларының дұрыс көрсетілгендігі туралы толығырақ
мағлұмат алу қажеттілігі туған жағдайда үшінші бір тұлғаларға қатысты
жүргізілетін тексеру.
Рейдтік тексеру: салық қызметі органдары, салықтөлеушілердің ҚP заңдарының кейбір жекелеген талаптарын орындауына, салықтөлеушілерді салық органдарында тіркеу есебіне қоюға, фискальді жады бар бақылау-кассалық машиналардың дұрыс пайдаланылуына, лицензияның, бір реттік талонның жəне өзге рұқсат құжаттардың болуына, лицензиялау жəне өндіріс шарттары ережелерін, акциз үстемелі тауарлардың жекелеген түрлері мен салық қызметі органдарының құзырындағы іс- əрекет түрлерін сақтау жəне жүзеге асыру ережелерін сақтауға қатысты жүргізетін тексерулер.
Хронометражды тексерулер: салық органдары тарапынан салықтөлеушінің нақты табысын жəне табыс табумен байланысты нақты шығындарын анықтау мақсатында құзіретті мемлекеттік орган бекіткен тəртіп бойынша жүргізіледі. Хронометражды тексерулер құзыретті мемлекеттік орган бекіткен тəртіп бойынша жүргізіледі.
Салық тексерулерін жүргізу салық төлеушінің жұмысын тоқтатпау керек, ҚР заң актілерінде көрсетілген жағдайлардан тыс.
Салық органы заңды тұлғаның өзінде салық тексерулерін жүргізбей, оның құрылымдық бөлімдерінде тексеру жүргізу құқына ие.
