Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Налоговый учет К4.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189.02 Кб
Скачать

35. Салықты және бюджетке мөленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша шегерім сомасы бух есептегі салық сомасымен бірдей болуы мүмкін бе

35.Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегерім сомасы бухгалтерлік есептегі салық шығындары сомасы мен бірдей болуы мүмкін бе?

Салықты және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша шегеру мыналарды қамтиды:

-жылдық жиынтық табыс айқындалғанға дейін бюджетке төленген салықтардан

-Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің аумағында төленген корпоративтік табыс салығынан және заңды тұлғалардың табыстарына салынатын салықтардан

-жеңілдіктісалық салынатын елдерде төленген салықтардан

-үстеме пайда салығынан басқа,салық төлеушінің салық салу объектілері б/ша Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің бюджетіне төленген салықтардан.

Алдыңғы салық кезеңдері үшін есепке жазылып,есептеліп,ағымдағы салық кезеңінде төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ағымдағы салық кезеңінде шегерімге жатады.

«Салық ж/е бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» декларациясының 100.00.050 жолында жинақталып,Салық кодексінің 114-бабына сәйкес шегерімге жатқызылады.

36. Сақтандыру сыйақылары және жарналары бойынша шегерімге не жатқызылады?

Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйақыларын қоспағанда, сақтанушының сақтандыру шарттары бойынша төлеуіне жататын немесе төлеген сақтандыру сыйақылары шегерімге жатады.

Жеке тұлғаның депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беруге байланысты аударылған міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарының сомасын шегерімге жатқызуға құқылы.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруге байланысты аударылған міндетті, төтенше және қосымша жарналардың сомасын шегерімге жатқызуға құқылы.

Сақтандыру ұйымының сақтанушыға жинақтаушы емес сақтандыру шартының әрекеті аяқталғаннан кейін немесе оны мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда қайтаруға тиіс (қайтарылатын) және сақтанушы бұрын шегерімге жатқызған сақтандыру сыйақыларының сомасы олар шегерімге жатқызылған салық кезеңінің жылдық жиынтық табысына жатқызылады, сақтандырушы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіп пен нысанда өзінің тіркелген жері бойынша салық органдарын кірістің пайда болуы туралы міндетті түрде хабардар етеді.

Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы мақта өңдеу ұйымдары мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік берумен байланысты аударылған жыл сайынғы міндетті жарналар сомасын шегерімге жатқызуға құқылы.

Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы астық қабылдау кәсіпорындары астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік берумен байланысты аударылған жыл сайынғы міндетті жарналар сомасын шегерімге жатқызуға құқылы.

Кепілдік беру жүйесінің қатысушыларының жарналары деклорациясы -100.14-нысанын жасау арқылы айқындалады.