Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Налоговый учет К4.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189.02 Кб
Скачать

24. Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерімдер қашан пайда болады?

Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерім.Егер салық төлеуші бұрын табыс деп танылған күмәнді міндеттемелерді кредит берушіге төлесе,онда жүргізілген төлемнің шамасында шегерім жасауға жол беріледі.Мұндай шегерім төлем жасалған салық кезеңінде бұрын табысқа жатқызылған шама шегінде жүргізіледі.Осы бапта көзделген шегерімдерге жатқызу тәртібі бұрын табыс деп танылған міндеттемелерді төлеген жағдайда да қолданылады. Күмәнді қарыз талабы бойынша шегерім тиісті құжаттармен расталса және ол бухгалтерлік есепте көрсетілсе ғана жасалады. Күмәнді қарыз талабы – негізінен Қазакстан Республикасының заңды тұлғалары және жеке кәсіпкерлері көрсеткен қызметінің, атқарған жұмысының, сатқан тауарының нәтижесінде шығатын талап; сондай-ақ ҚР/да тұрақты ұйымдар арқылы қызметін жүзеге асырып жүрген заңды тұлға-резидент еместердің де және үш жылға дейін талабын қанағаттандырмаған кезде н/е ҚР/ң заңына сәйкес салық төлеуші-дебиторларды банкрот деп таныған жағдайда шығады.

Күмәнді талаптар б/ша шегерім.1.Күмәнді талаптар деп заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге,сондай-ақ тұрақты мекеме,филиал,өкілдік арқылы ҚР/да қызметін ж.а/н резидент емес заңды тұлғаларға тауарлар өткізу,жұмыстар орындау, қызметтер көрсету нәтижесінде туындаған және туындаған кезден бастап 3жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар танылады.Өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар,көрсетілген қызметтер б/ша туындаған ж/е салық төлеуші-дебиторды ҚР/ң заңнамасына с/с банкрот деп тануға б/ты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді талаптар б.т.2.Осы Кодекске с/с күмәнді деп танылған талаптар шегерімге жатады.

Салық төлеуші/ң күмәнді талаптарды шегерімге жатқызуы бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде жүргізіледі.1)талаптар туындауын растайтын құжаттардың болуы; 2)шегерімдерге жатқызу кезінде бухгалтерлік есепте талаптардың көрсетілуі не осындай талаптарды алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есептегі шығыстарға жатқызу.3.Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, көрсетілген құжаттардан басқа,оған қосымша конкурстық іс жүргізудің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы көшірмесінің болуы қажет.Салық төлеуші жоғарыда көрсетілген шарттар сақталған кезде,конкурстық іс жүргізу аяқталғаны туралы сот ұйғарымы күшіне енген салық кезеңінің қорытындылары б/ша күмәнді талаптың сомасын шегерімге жатқызуға құқылы.4.Күмәнді талаптар бұрын тауарлар өткізуден,жұмыстар орындаудан,қызметтер көрсетуден түсетін табыс деп танылған табыстың мөлшері шегінде шегерімге жатқызылады.

25 Күмәнді талаптарға анықтама беріңіз

Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге, сондай-ақ тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету нәтижесінде туындаған талаптар және талаптар туындаған кезден бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар күмәнді талаптар болып танылады. Өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша туындаған және салық төлеуші-дебиторды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді талаптар болып танылады.

провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушілердің 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін аударылған:

1) басқа банктерде орналастырылған корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттер бойынша сыйақыларды;

2) басқа банктер мен клиенттерге берілген кредиттер (қаржы лизингін қоспағанда) бойынша сыйақыларды;

3) құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекті;

4) өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерді төлеу жөніндегі талаптары күмәнді талаптар болып танылмайды.

2. күмәнді деп танылған талаптар шегерімге жатады.

Салық төлеушінің күмәнді талаптарды шегерімге жатқызуы бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде жүргізіледі:

1) талаптар туындауын растайтын құжаттардың болуы;

2) шегерімдерге жатқызу кезіне бухгалтерлік есепте талаптардың көрсетілуі не осындай талаптарды алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есептегі шығыстарға (есептен шығаруға) жатқызу.

3. Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, оған қосымша конкурстық іс жүргізудің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы көшірмесінің болуы қажет. Салық төлеуші жоғарыда көрсетілген шарттар сақталған кезде, конкурстық іс жүргізу аяқталғаны туралы сот ұйғарымы күшіне енген салық кезеңінің қорытындылары бойынша күмәнді талаптың сомасын шегерімге жатқызуға құқылы.

4. Күмәнді талаптар бұрын тауарлар өткізуден, жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыс деп танылған табыстың мөлшері шегінде шегерімге жатқызылады.