Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Налоговый учет К4.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189.02 Кб
Скачать

23. Сыйақы бойынша шегерімдер қалай есептелінеді?

1. Сыйақы шегерімі Кодекс/ң ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Осы баптың мақсатына орай мыналар сыйақылар б.т: 1) осы Кодекстің айқындалған сыйақылары; 2) өзара б/сты тараптар арасындағы кредит (қарыз) шарты б/нша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл); 3) өзара б/сты тарапқа кепілдік үшін төлемақы.

2. Сыйақыны шегеру мынадай формула б/нша есептелетін сома шегінде жүргізіледі:

(А+Д)+(ЖК/МС)*(ШК)*(Б+В+Г),

мұнда: А - Б, В, Г, Д көрсеткіштеріне енгізілген соманы қоспағанда, осы баптың 1-тармағында айқындалған сыйақы сомасы; Б - Д көрсеткішіне енгізілген соманы қоспағанда, өзара байланысты тарапқа төленетін сыйақы сомасы; В - Б көрсеткішіне енгізілген соманы қоспағанда, осы Кодекске сәйкес айқындалатын жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетін сыйақы сомасы; Г - В көрсеткішіне енгізілген соманы қоспағанда, кепілдіктерді, кепілгерлікті немесе қамтамасыз етудің өзге нысанын орындаған жағдайда депозитке немесе қамтамасыз етілген кепілдікке, кепілгерлікке немесе өзара байланысты тараптардың қамтамасыз етуінің өзге нысанына берілген қарыздар бойынша тәуелсіз тарапқа төленетін сыйақы сомасы; Д – ҚР/нда құрылған кредиттік серіктестік беретін кредиттер (қарыздар) үшін сыйақы сомасы; ШК - шекті коэффициент; ЖК - жеке капиталдың орташа жылдық сомасы; МС - міндеттемелердің орташа жылдық сомасы.

А, Б, В, Г, Д сомаларын есептеу кезінде құрылысқа алынған және құрылыс кезеңіне есепке жазылған сыйақылар алып тасталады.

Өзара б/сты болып табылмайтын тарап осы баптың мақсатына орай тәуелсіз тарап деп танылады.

1) жеке капиталдың орташа жылдық сомасы есепті салық кезеңінің әрбір айының соңындағы жеке капиталдың орташа арифметикалық сомасына тең. Жеке капиталдың орт. жылдық сомасының теріс мәні осы баптың мақсаты үшін нөлге тең деп танылады;

2) міндеттемелердің орташа жылдық сомасы есепті салық кезеңінің әрбір айындағы міндеттемелердің орташа арифметикалық ең көп сомасына тең. Міндеттемелердің орташа жылдық сомасын есептеу кезінде мыналар:

салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

қызметкерлердің жалақысы және өзге де табыстары;

өзара байланысты тараптан алынатын табыстарды қоспағанда, болашақ кезеңдердің табыстары;

сыйақылар мен комиссиялар;

дивидендтер бойынша есепке жазылған міндеттемелер есеп-қисапқа алынбайды;

3) шекті коэффицент қаржылық ұйымдар үшін - 7-ге, өзге заңды тұлғалар үшін 4-ке тең.

4. Резидент емес заңды тұлғаның ҚР/ндағы тұрақты мекемесінің жеке капиталы/ң сомасы тұрақты мекеменің активтері мен міндеттемелері арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Бұл ретте, резидент емес заңды тұлғаның ҚР/ндағы тұрақты мекемесінің жеке капиталының сомасы осы тармақтың қолданылу мақсатына орай осы тұрақты мекеме оқшауландырылған және жеке заңды тұлға болғандай және өзі тұрақты мекемесі болып табылатын резидент емес заңды тұлғадан тәуелсіз әрекет ететіндей түрде қарастырылады.