Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Налоговый учет К4.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
189.02 Кб
Скачать

21. Өткізілген тауарлар (істелінген жұмыстар, көрсетілген қызметтер( бойынша не жатқызылады?

21.Өткізілген тауарлар (істелінген жұмыстар, көрсетілген қызметтер) бойынша шегерімдерге не жатқызылады?

Өткізілген тауарлар (қызметтер,жұмыстар) бойынша шығындарға өндіріске сатып алуға байланысты және салық заңнамасымен тәртіптелген шығындардан басқа барлық шығындар қосылады.

Дайын өнімдер мен тауар/ң(қызметтер,жұмыстар),өзіндік құны-өнімнің(қызметтер,жұмыстар) өзіндік құнына қосылатын құрамының қалыптасу бөлігі мен шығындарды жіктеудегі «Қорлар» ҚХЕС 2 әдістемелік ұсынылымдарға сәйкес анықталады.Бұл шығындардан басқа кезең шығыны қосылады.

Өткізілген өнімдер(қызметтер,жұмыстар) б/ша шығындарды анықтау үшін «Қорлар» 1300-бөлімшелері шоттарының,(«Шикізаттар мен материалдар-1310-шоты, «Аяқталмаған өндіріс»-1340-шоты, «Тауарлар»-1330-шоты), «Өткізілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны»-7000-шоты немесе 7010 шоты, «Өнімдер мен қызмет көрсетуді өткізу б/ша шығындар»-7100-шоты немесе 7110 шоты, «Әкімшілік шығындары»-7200-шоты,7210-шоты, «Қаржыландыру шығындары»-7300(7310-7240), «Басқа да шығындар»-7400(7410-7470-шоттар) бухгалтерлік есеп карточкасының деректері б/ша іріктеу жүргізу қажет.

Өткізілген өнімдер мен көрсетілген қызметтер б/ша шығындарға мыналар қосылады:

-сатып алынған тауарлар,материалдар,жұмыстар мен қызметтер

-негізгі қорларды жөндеудегі жұмыскерлердің еңбекақысын қоспағандағы еңбекакке ақы төлеу

-әлеуметтік салықты аудару

-өткізілген дайын өнімдер(тауарлар,жұмыстар,қызметтер) б/ша қосылатын және Декларацияның басқа жолында көрсетілмеген басқа да шығындар.

Жоғарыдағы шығындарды бейнелеу үшін КТС(корпоративтік табыс салығы) бойынша Декларацияның «Сатылған тауарлардың(жұмыстар,қызметтер) шығындары 12-ші, «Еңбекақы б/ша шығындардың» 10-Қосымшасы арналған.

Еңбекақыны төлеу б/ша шығындарға,жұмыс берушімен ақшалай не/се жұмыс берушімен материалдық,әлеуметтік игілік не/се басқа да материалдық пайда түріндегі табиғи қатысты ескерген жөн.

Өткізілген тауарлар(жұмыстар,қызметтер) бойынша шығындардың қалыптасуы кезінде,салық салу мақсаты үшін,кәсіпкерлік қызметте пайдалану жоспарланған қорлардың құны есептеледі.Өткізілген тауарлар б/ша шығындар сомасы жылдық табыстың жиынтығын алу мақсатында пайдаланбаған сол қордың құнының азаюына жатады.Олар 12-қосымшаның 100.12.009-жолында көрсетіледі.

Корпоративтік табыс салығы б/ша декларацияға қосымшалардың нысандары бірі осы өткізілген тауарлар,орындалған жұмыстар,көрсетілген қызметтер б/ша шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін.Осы қосымшаның нысаны қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін өнім берушілер бойынша белгіленуі мүмкін.

22. Еңбек ақы шығындары бойынша шегерімге қандай шығындар апарылады

Салық Кодексінің 92-бабына сәйкес шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушінің жылдық жиынтық табыс алуымен байланысты шығыстары салық салынатын табысты анықтау кезінде шегерілуге тиіс.

Салық Кодексінде шығыстарды нормалар шегінде шегерімдерге жатқызу жағдайлары айқындалған.

Шегерімдерді жылдық жиынтық табысты алуға байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде салық төлеуші жүргізеді. Бұл шығыстар болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргізілген салық кезеңінде шегерілуге жатады.

Егер шығыстардың бірнеше баптарында белгілі бір шығындар көзделсе, салық салынатын кірісті есептеу кезінде көрсетілген шығындар тек бір рет шегеріледі.

Салық төлеуші шегерімдерді жылдық жиынтық табыс алуға байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргізеді.

Еңбек ақы-бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттеледі. Еңбек ақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтынысына және олардың бағасына елеулі әсер етеді.

Еңбек ақының номиналды және шынайы түрлері болады. Номиналды еңбек ақы дегеніміз жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды еңбек ақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл-ауқаты жайлы айту мүмкін емес.

Шынайы еңбек ақы - алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.

Еңбек ақы өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып табылады, сондықтан да еңбек ақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.