Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тюркский мир и Европа 41-65 (Аманат).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
77.65 Кб
Скачать

41. XІV-ХV ғ.ғ Осман сұлтандарының Балқанды иеленуі. XIV ортасында түрік-османдар Балқан түбегін жаулап алуға кірісті. 1352 жылы түріктер сербтер, болгарлар мен византиялық әскерлердің біріккен күшін жеңіп, Цимпе қаласын басып алды. 1354 жылы түрік әскерлері Галлиполиді жаулап алып, Шығыс Фракияға басып кірді. Жалпы 1352-1354 жылдар арасында түріктер Дарданелл жағалауын, Галлиполи және бірқатар қалаларды жаулап алды. 1360 жылы осман сұлтандарының әскері Адрианопольды қаласын алып, өздерінің астанасы айналдырды. 1371 жылы түріктер македон әскерлерін жеңді. Осман экспансиясына қарсы тұру үшін серб және болгар князьдері бірігуге тырысты. Олардың ішіндегі ең қуаттысы серб Лазарь Хреблянович болды. Ол Сербияның көп бөлігіне билік жүргізген. 1382 ж І Мұрад сербтерге шабуыл жасап, Цателица қамалын алды. Түріктер Сербияны толық бағындыру мақсатымен 1386 жылы қайта жорыққа шықты. І Мұрад Ники қаласын алса, князь Лазарь түріктерді Плочник түбінде жеңді. Шешуші шайқас 1389 жылы 15 шілдеде Косово жазығында болды. Сербтердің оң қанатын Лазарьдың күйеу баласы Богдан Вратко, сол қанатын Оңтүстік Сербия иесі Вук Бранкович , ал орталық қанатын Лазарьдың өзі басқарды. Түрік әскерінің оң қанатын Евренос-бег қолбасшы, сол қанатын сұлтанның үлкен ұлы Якуб, ал орталығын Баязет басқарды. Шайқас барысында І Мұрад сұлтан Лазарьдың күйеу баласы Милош Обиличтің қолынан қаза тапты. Әскерді басқару Баязет сұлтанның қолына көшті. Шайқас нәтижесінде түріктер жеңіп, Лазарь мен Милош Обиличтің басы алынды. Осы шайқастан кейін түріктер Балканда гегемон атанды. Сербия 1389 жылдан түріктердің вассалы атанса, 1459 жылдан Осман империясының құрамына кірді. 1396 жылы түріктер Болгар хандығын талқандап, Македония мен Фессалияны алды. Сол жылы Баязет сұлтан Никополь түбінде кресшілерді жеңіп, Боснияны бағындырды.

42. Түріктердің Константинопольді алуы және Византияның тағдыры. Мұсылмандық арабтар, одан кейін түріктер ғасырлар бойы Константинопольға шаубылдап ,қаланы қоршап отырды. Константинополь – мұсылмандар үшін қасиетті мақсаттарының бірі. Жалпы 14ғ-да Византия әлсіреді. Император билігі тек Константинополь мен оның предместьяларына, Кіші Азия жағалауындағы грек аралдарына және Пелопоннеске жүрді. Византия территориясы жан-жағынман өзінің басты қарсыласы Осман империясының жерлерімен қоршалып жатты. Осман сұлтаны ІІ Мехмед Константинопольды алам деп өзіне уәде берген, сондықтан бұл жорыққа өте тиянақты дайындалды. Ол әсіресе артиллерия мен осадный машиналарға көп көңіл бөлді. ІІ Мехмедтің билікке келуінен Византия басынан қорыққан болатын. Император Константин ХІ жанындағы партия өзін агрессивті ұстанды. Олар Мехмедтің жастығын пайдаланбақ болып, одан осман тағына үміткер Орханды Константинопольде ұстау үшін өте үлкен мөлшерде төлем талап етті. Бұл орындалмаған жағдайда ОРханды босатып, осылайша хан тағына талас тудырмақ болды. Алайда бұл жағдай ІІ Мехмедтің Константинопольге шабуылын жеделдетті. Сөйтіп 1453 жылы сәуірде Константинопольге жорық басталды. Түріктер армиясы 80мың тұрақты әскерден, 20мың башибузуктан және 1000-ға жуық тыл еңбеккерлерінен тұрды. Сұлтанның флотында 6 трирема, 10 бирема, 15 галер, 75 фуст, 20 парандарий кемелері болды. Флотты Сүлеймен Балтоглу басқарды. Константинополь қамалындағы ең осал жер – Золотой Рог шығанығы болды. 1 айға жуық қоршаудан кейін, Константинополь түрік армиясының алдында тізе бүкті. Император Константин ХІ қаза тапты. Константинопольдың алынуы Византия империясының құлауы деген сөз болды. Империяның иеліктері Осман сұлтандарының иелегіне өтті. Сұлтан ІІ Мехмед өзін Византия императорынның мұрагері деп танып, Кайзер-и Рум(Рим цезарі) деген атақ алды. Бұл титулды Осман сұлтандары І Дүниежүзілік соғыс аяқталғанша иемденді.

43. ХV-ХVІ ғ.ғ. Осман империясының Орталық және Шығыс Еуропадағы үстемдігі. Осман империсына XVI-XVII ғасырлары қол астында болған Еуропа елдері: Болгария, Кавказ елдері, Албания, Грекия, Сербия, Хорватия, Босния, Герцоговина,Македония,Черногория,Словения,Румыния,Бессарабия(Молдавия),Венгрия,Қырым(Украйна)хандығы,Кипр.Ұлы Сүлеймен I(Великолепный) кезінде (билік еткен кезеңі 1520-1566 ж.) Селим сұлтан кезіндегі жорық бағытын ауыстырып,жорық жоспарлары батысқа қарый ауысты. Османдықтар Еуропаға жорықтардың жаңа фазасын бастады.1526 жылғы Мохаче түбіндегі (Венгрия) шайқаста біріккен христиандық күштерді шешуші шайқаста жеңе білді. Сондай-ақ 1529 жылы Еуропаның қақ жүрегіндегі Вена қаласын қоршауға алуға қол жеткізді. Түріктердің Венаны қоршауы христиандық әлем үшін үлкен дүрбелең туғызып, Томас Мюнцер бұны құдайдың бізге жіберген қаһары деп те атады . Османдықтар Вена қаласын қоршап ала алмады. Осылай Еуропамен ұзаққа созылған күрес басталды.Христиандық державалардың сәттіліктерге жетуінің эпизоды ең үлкен теңіз шайқастарының бірі Лепантода көрінді. 1571 жылы Патрайкос шығанағында (Грекия) христиандық державалар өздерінің теңіз соғысын жақсы меңгергендіктерін көрсетіп, түріктерді жеңіліске ұшыратты. XVI ғ. Мажарстан жерлері үшін болған соғыстар нәтижесінде 1562 жылы Осман империясы мен Австрия арасында сегіз жылдық келісімшарт жасалынған болатын. Шекара басшылары бұл келісімді жаңартуға әрекеттенді, бірақ қандай да бір шекара қақтығыс орын алған жағдайда екі елдің әскерлері бір-бірін шабуға дайын тұрды. Шекарадағы негізгі оқиғалар гайдуктердің әрекеттерінің арқасында өріс алып отырды. Османдар Австрия территориясына бұған дейін Мажарстан соғыстары кезінде барып, Венаны қоршауға алған болатын.

Осы уақыттарда, Босния шекарасында Далмациядағы Ускок деген гайдуктердің бір бөлігі түрік шекараларына герман императоры мен Венеция Республикасының басшыларының қолдауы арқылы көтеріліс жасап отырды. Бұған жауап ретінде Осман мемлекетінің шекара қызметкерлері қарсы шабуыл ұйымдастырып отырды. Осындай шекара мәселелерін нақты шешу үшін 1590 жылы тағы да сегіз жылдық келісім жасалды. Осман мемлекеті бұл кезде Иранмен соғысып жатқандықтан, бұл оған өте тиімді болды.

44. ХV-ХVІ ғ.ғ. Осман сұлтандары мен еуропалық билеушілер арасындағы саяси, экономикалық қатынастар тарихы. Орталық Азия территориясынан келіп Кіші Азияға қоныстанған оғыздардың мол шоғырлы емес, тайпаларын кейіннен үлкен күшке айналады деп ешқандай мемлект ойламаса керекті. Ертоғырылбейдің баласы Осман негізін қалаған Осман империясы деп тарихта өз ізін қалдырған, алып мемлекет шынында ислам дүниесінің ең қуатты мемлекетіне айнала білді. Түрік-османдар ең алдымен өз іргесіндегі Рим империясының сұлбасын елестетін Византия империясын құлатпаққа әрекет жасады. Анатолия қаласын жаулап алған соң, 1453 жылы Османдықтар жас пері (23 жасар) Фатих Мехмет сұлтанның бастауымен Константинополъ қаласын басып алып, христиан шаһарында азан шақырып, атын Стамбул қаласы деп өзгертті . Осы уақыттан осман түріктері жеңісті жорықтарын жалғастырып, Еуропа аспанына түнерген бұлт секілді төнді де отырды. 1474 жылы османдықтар Қара теңіз жағасындағы үлкен теңіз сауда порттарына ие болып есептелетін, Қырым хандығын жаулап алып, өзінің солтүстіктегі саяси жағдайын нығайтып алды. Осман мемлекеті өздеріне Қасиетті Рим империясының бәсекелестері діни жағынан бір болып келетін, мұсылман елдерімен де саяси шиелінісіп отырды. Ұлы Сүлеймен I(Великолепный) кезінде (билік еткен кезеңі 1520-1566 ж.) Селим сұлтан кезіндегі жорық бағытын ауыстырып,жорық жоспарлары батысқа қарый ауысты [3.29-б]. Османдықтар Еуропаға жорықтардың жаңа фазасын бастады.1526 жылғы Мохаче түбіндегі (Венгрия) шайқаста біріккен христиандық күштерді шешуші шайқаста жеңе білді. Сондай-ақ 1529 жылы Еуропаның қақ жүрегіндегі Вена қаласын қоршауға алуға қол жеткізді. Түріктердің Венаны қоршауы христиандық әлем үшін үлкен дүрбелең туғызып, Томас Мюнцер бұны құдайдың бізге жіберген қаһары деп те атады [2.49-б]. Османдықтар Вена қаласын қоршап ала алмады. Осылай Еуропамен ұзаққа созылған күрес басталды.Христиандық державалардың сәттіліктерге жетуінің эпизоды ең үлкен теңіз шайқастарының бірі Лепантода көрінді. 1571 жылы Патрайкос шығанағында (Грекия) христиандық державалар өздерінің теңіз соғысын жақсы меңгергендіктерін көрсетіп, түріктерді жеңіліске ұшыратты [1.12-б]. Шынында бұл жеңіс Еуропада үлкен мерекеге айналды. Бүкіл христиан әлемі шаттанып, Шотландия королі Яков I (кейінгі Англия королі) жеңіс туралы шаттық поэмасын жазды

45. Хvіі-хіх ғ.Ғ. Осман империясының Еуропадағы сыртқы саясаты

Австриямен арадағы соғыс XVII ғасырда да жалғасты. Австрия XVII ғасырда отыз жылдық соғыстың әсерінен қиын жағдайда еді. Түріктермен қайта соғысу үшін және сыртқы жағдайды бір қалыпқа келтіру үшін, жан-жақтан көмек іздей бастады. Осы мақсатпен, Испания, Венеция, Польша мемлекеттері, Папа және Бранденбург графтығы мен Бавария, Саксония, Швабия графтарына өтініш білдірді. Франция өзінің көмектеспейтіндігін және оған дұшпандық пиғылда екендігін білдірді. Ақыры, өзінің ұсыныстары мен өтініштерін қабыл еткізіп, келісімшартқа отырды. Венеция ұсынысты қабылдаумен бірге ірі соғыс жағдайына көшіп, бірақ өзінің одаққа кіргендігін сездірмеді .

Папа ХІ Иносан өзінің көмек беретіндігін білдіріп, католиктік бағытта болған мемлекеттердің барлығын Осман империясына қарсы соғысуға шақырды. Осыған байланысты, Австрияға жан-жақтан ақшалай және басқа да көмек түрлері келе бастады. Ең маңызды шекаралас күшті мемлекет Польша болды. Оның королі болған Жан Совесский, османдарға қарсы соғысуда Австрия билеушісі көмектеспегендіктен, оған өкпесі бар болатын. Бірақ, араға папа түсіп, бұл екі мемлекетті бір-бірімен табыстырып, екі ел арасында қуатты бір одақ құрылады. Поляктар соғысың соңына дейін австриялықтармен бірге соғысуға келісті және қырық мың әскер беріп, оған король өзі басшылық жасайтын болды. Сондай-ақ, егер түріктер жеңіліс тапса, поляктар Бужаш келісімі бойынша османдарға өтіп кеткен жерлерді, тіпті, Богдан мен Ефлакты алатын болды. 1683 жылы қаңтарда сұлтан кеңес шақырып, Австриямен жаңа соғысқа дайындалады, жан-жаққа адам жіберіп, өзіне әскер жинайды. Жоспар бойынша, барлық әскер Белградқа жиналып, оған уәзір-ағзам басшылық жасайтын болды. Әскерлер 1683 жылы ақпанның соңында Эдирнеде жасақталған әскерлер Белградқа келді. Ал Австрияның жағдайына келер болсақ, 31 наурызда Осман империясына Австрия-Польша одағына қол қойылды. , Занта соғысы Осман империясының тарихындағы құлдырау кезеңінің ең ірі соғыстарының бірі болды. 1697 жылы қыркүйекте болған бұл соғыстан кейін-ақ түріктер жағы келісімге келуді ойластыра бастады. Занта соғысындағы австриялық әскердің басшысы болған Принц Ожен осы соғыстан кейін бір ай уақыт өткен соң, Босния территориясына кіріп, Боснияның үлкен қаласы Сарай қаласын тонап, оны өртеп [117. 7 п.]. кері қайтты. Осындай сәтсіздіктер, Осман империясын 1699 жылы Австрия империясымен және басқа да еуропа мемлекеттерімен болған атақты Карлович келісімін жасауға мәжбүр етті. XVI-XVII ғ.ғ. Осман империясы, Еуропа мемлекеттерінің ішінде Австрия империясымен ұзақ уақыт бойы соғысып, бұл мемлекет Осман империясының әлсіреуіне бірден-бір себеп болады.

46.Хvіі-хіх ғ.Ғ. Осман империясы және Ресей: саяси, діни мәселелер мен оның салдары

Османдықтар вассалы Қырым хандағы арқылы солтүстікте Ресеймен қарама қайшы саясат ұстанды. Ресей үшін әрине халықаралық аренадағы теңіз суларына шығу керек болды. Иван III патша тұсында Ливон соғысында Балтық теңізіне шығу әрекеті сәтсіз болғаннан кейін, Ресей бір жағынан Азов теңізі мен Қара теңізге шығуды көздеді.Бірақ бұл ниеті екі жүз жылдан соң ғана орындалды. 1696 жылы І Петр Азов бекінісін түріктерден тартып алды. 1700 жылғы Ресеймен жасасқан бітім шарты бойынша Ресей өзіне азов пен оған жақын жатқан жерлерді қаратып алды. 1768-1774 жж орыс-түрік соғысы Осман империясының сыртқы саясатта беделінің түскендігін көрсетті. 18ғасырдың 2 жартысында Ресейге арқа сүйеген болгар, гректер, албандар, молдовандар,валахтар наразылықтарын күшейтті. 18 ғасырда Ресей Туркиядан Қара теңіз жағалауы мен Балқандағы бірқатар жерлерді жаулап ала бастады. Ресей империясының күшеюі тек Осман империясының ғана емес, Англия мен Франция үкіметтерін алаңдатты. Бұлар 2 мемлекетті әлсірету үшін қарсыластарды соғысқа айдап салып отырды. Бұған жағдай жасаған католиктер мен православтардың Түркия жеріндегі «қасиетті жерлерді»(Вефлием және Иерусалим) иемдену болды. Ресей Түркиядан Вифлиемдегі храмдарды православ шіркеуіне беруді талап етті. Бұған Түркия қарсы болды. Осыдан соң Ресей Түркиямен дипломатиялық қатынастарын үзіп, 1853 жылы Молдавия мен Валахияға орнықты. 1853 жылы қазанда Түркия Ресейге соғыс жариялады, осылайша Қырым соғысы(1853-1856) басталды. Соғыс барысында Түркия жағында Англия мен Франция, Австрия соғысқа араласып отырған. Нәтижесінде, 1855 жылы Венада келіссөздер жүргізілді. Австрия және Швеция тарапынан соғыс ашуынан қауіптенген Ресей жеңілдіктергі барып, 1856 жылы 18 наурызда Париж бейбіт келісімшартына қол қойды.

47.ХVІІ-ХІХ ғ.ғ. Осман империясы және Ұлыбритания: саяси және экономикалық ықпалдастық. Осман империясының әлсіздігін пайдаланып, Батыс Еуропа мемлекеттері Англия мен Франция және Австрия, Ресей оның иеліктерін иемденуді ойлады. Бұл «Шығыс мәселесі» деп аталды. Египет халқының Осман империясына қарсы ұлт-азаттық қозғалысын Англия мен Франция қолдады. Бұл елдер осылайша Осман империясын әлсірете отырып, оны бағындыруға ұмтылды. 1821 жылы Грекияда көтеріліс басталды. Нәтижесінде, билік басындағылар «кәпірлерге қарсы қасиетті соғыс» деп, гректерді қырып-жоюға кірісті. Сұлтан І Махмут көтерілісті басу үшін Египет патшасы Мұхаммед Әлиден көмек сұрады. 19 ғ 1 ширегінде Осман империясында ішкі дағдарыс орын алды. Провинцияларды бас көтерулер көбейді. Елді басқару еуропалық үлгіге ауыстырыла бастады, әрі 1828 ж орыс-түрік соғысынан кейін Грекия, Сербия мен Дунай княздіктері өзін-өзі басқару құқығына ие болды. Осман империясы өнеркәсібі артта қалған, қаржылық дағдарыс тереңдей бастап, батыс елдеріне, соның ішінде Англияға тәуелділігі күшейді. 19 ғ аяғына қарай империя Болгария, Сербия, Черногория, Румыния деген иеліктерінен айырылды. Франция Алжир мен Тунисті, Англия Мысы мен Каирды түріктерден тарытп алды. 19 ғ соңында Англия Парсы шығанағы мен Қосөзен аймағына үстемдік етуге ұмтылды. Айта кетер болсақ, Англя өзге еуропалық мемлекеттер секілді Осман империясының иеліктерін бағындыруға тырысты. Мысыр, Парсы шығанағы, Қосөзен аймақтарын басып алды. Осман империясын алдымен экономикалық жағынан бағындырды. Осман империясы 1878 жылы банкротка ұшырағаннан кейін, Англия мен Франция мемлекеттік кіріс көздеріне өз бақылауларын орнатты.

48. ХІХ ғ. Осман империясының ішкі саясатында жүргізген реформалары. 19 ғ 1 жартысында Осман империясының жағдайы нашар еді. Көтерілістер, әскер арасында толқулар орын алды. ІІ Махмуд сұлтан 1826 жылы янычар әскерін таратып орнына жаңа әскер құрмақ болды. Янычарлар бұған көтеріліспен жауап қайтарды, ал үкімет оларды аяусыз жаныштады. Янычарлар корпусы таратылды. ІІ Махмуд мемлекетті басқару ішінде реформалар енгізді. Елдің аумағы аймақтар мен губернияларға бөлінді. Еуропалық үлгідегі министрліктер құрылды. Осман империясында жерге жеке меншік құқығы енгізілді. 20-30 жж реформалар кемшілігін билік басындағылар түсінді. Олардың арасында еуропалық өмірмен таныс, білімді қайраткер керек болды. Соның бірі Мұстафа Рашид паша болды. Ол бірнеше жылдар бойы Англия мен Франция елшілігінде қызмет атқарған. Оның жетекшелігімен жаңа реформаның жоспары жасалды. Реформа туралы жарлық ІІ Махмуд сұлтан кезінде әзірлене бастап, оны жариялау оның баласы сұлтан Абдул Меджид тұсында іске асты. 1839 ж қарашада сұлтанның жазғы сарайы Гюльхане алдында «Қасиетті жарлық» - «Гюльхане хатт-и шериф» халыққа жарияланды. Бұл Түркия тарихындағы жаңа реформалық кезең – танзимат – қайта ұйымдастырулар аталған реформалар дәуірін бастап берді. Жарлық 3 негізгі жаңарту мақсатын жария етті: 1)діни сенімдеріне қарамастан империяның барлық бағынышты халықтарының өмірін, ар-ұжданын және дүние-мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2) салықтарды дұрыс және әділетті бөлу; 3) әскери қызмет мерзімін қысқарту. Жер туралы, қылмыстық іс және азаматтық кодекстері қабылданады. Сұлтан таққа отырған соң, қабылданған заңдарды бұзбауға міндеттеме алды. Ақша реформасы жүргізілді. Қызметкерлердің жалақысына қатаң шек қойылды. Орта мектептер ашылды. Империя аумағында теміржолдар мен байланыс тораптары салынды. Алғашқы өнеркәсіп орындары пайда болды. 1839-1870 жж жүргізілген танзимат реформалары елді жаңартуға, оны артта қалудан сақтауға бағытталды. Танзимат реформалары мұсылмандардың, соның ішінде түріктердің де көңілінен шыққан жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]