Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-30 теория.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
113.37 Кб
Скачать

20.Жобаның орындалуын бақылауға тоқталыңыз. Бақылаудың түрлерін атаңыз.

Жоба менеджері өнім жобасының орындалуын қадағалайды және бақылайды. Жобаны бақылау бірнеше тәсілдермен орындалуы мүмкін:Жобаны құрастырушылар тобының мүшелері жұмыстың орындалуын және орын алған мәселелерді уақытында талқылау, жобаның күйін анықтау үшін жиналыстар өткізу керек.Инженерлік қызмет үрдісінде жүргізілген барлық үлгілер нәтижесін бағалау.Әрбір есептің нақты басталу уақытын жоспарланған уақытпен салыстыру - «дэдлайнмен» бақылау нүктесін орнату.Орын алған қиындықтар мен мүмкін болатын мәселелер және жұмыстардың орындалу мерзімін болжамдау жөнінде құрастырушылар тобымен формальді емес кездесулер.Аталған қадамдар жұмыс барысында тәжірибелі менеджерлерде қолданылады, құрастырушылар штатын басқару мен мәселелерді шешу үшін, ресурстарды басқару үшін жобаның орындалуын бақылау кезінде де қолданылады. Егер бақылау жобаның графикке сійкестігін, бөлінген құралдар көлеміндегі шығындарды көрсетсе, онда басқару жеңіл және нақты болады.Мәселелер туындаған жағдайда оларды шешу үшін қажетті басқарушылық шешімдерді табу қажет. Орын алған мәселелердің себептерін анықтағаннан кейін оны шешу үшін қосымша ресурстар бөлінуі мүмкін және жұмыстардың орындалуы үшін график қайта құрылуы мүмкін.

21.Программалық жабдықтауды жасайтын жоба қызметкерлерін басқару жолдарына тоқталыңыз. Жобаға қатысушылар анықтамасын беріңіз.

Программалық жабдықтауды жасауға қажетті басты ресурс болып адамдар саналады. Бірінші кезекте, әрине жоба мүшелерінің техникалық дағдылары маңызды. Дегенмен сол дағдыларды қажетті уақытта және қажетті орында қолдану керек. Бұл топпен жұмыс жасау мен көшбасшылықты қиыстыруға септігін тигізеді. Құрастырушылар жұмыстарының қызықты болғанын қалайды, өздерін көрсетуге мүмкіндіктер алғысы келеді, олар өздерін басқалардың байқағанын және марапаттағанын қалайды, ұжымжа достық қарым-қатынаста болғылары келеді.Топтың оңтайлы шамасы:Жобаны орындаушылар тобы мүшелерінің әрқайсысы үнемі байланысуға тура келетін қызметкерлер саны әдетте үштен сегізге дейін болады. Негізінде программист-құрастырушы кіммен болса да жеке қарым-қатынас жасамай-ақ жұмыс істей алады. Бірақ бұлайша оқшаулану құрастырушының өзіне қойылған талаптарды дұрыс түсінбеуіне, ақырында нәтиженің төмен деңгейде болып шығуына әкеліп соғады. Екінші жағынан, егер жоба мүшесі аса үлкен топта жұмыс істесе, әріптестердің әрқайсысымен ұдайы қарым-қатынаста болу дегеніміз әлдекіммен бір аптада екі сағаттай уақыт әңгімелесу дегенді білдіреді. Осылайша егер қызметкер ұжымындағы он адаммен үнемі қарым-қатынаста болатын болса, оның жұмыс уақытының жартысы әңгімелесуге кетеді. Жоба қатысушыларының бағынышты-лығы. Жобалық-бағытталған ұйымдарда жоба қызметкері жоба жетекшісінің алдында есеп береді. Менеджер қызметкердің бастығы болып саналады. Құрастырушы үнемі қандай да бір жобаға бекітілген болады және компания ішіндегі басқа да жобалардың құрастырушыларымен ұйымдық жағынан байланысты болмайды. Оның басымдығы болып билік вертикалінің жеңілдетілуі саналады. Жалпы айтқанда, есеп беру жүйесі жобалық – бағытталған ұйымдарға қарағанда тәжірибеде анағұрлым күрделі және кешенді құрылымға ие. Бұл ұйымдарда матрикалық құрылымның қолданылуы-нан болады. Мұндай құрылым қызметкерлердің функционалды бөлім-шелерге жататынын (мысалы, өңдеу бөлімі, сату бөлімі және т.б.) және осы немесе басқа бір жобаға қатысу үшін тура сондай бөлімшелерге бөлінетінін қарастырады. Осылайша өз қарамағындағыларға жауап беретін программисттің басшысы өзіне сәйкес функционалды бөлімшенің мүшесі болып саналады. Дегенмен құрастырушы қатысатын әрбір жобада ол жоба менеджеріне бағынады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]