Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
486.98 Кб
Скачать

1944 – 1945 Жылдары салынған жаңа өнеркәсіп обьектілері:

Текелі қорғасын – мырыш комбинатының алғашқы кезегі. Белоусов байыту фабрикасы. Ақмола ауылшаруашылық машина заводы. Алматы вагон жасау заводы, Атырау мұнай өңдеу заводы. 1941 – 1945 жылдары барлығы 460 завод, фабрика, шахта салынды. Өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37 % - ке өсті.

Ауыл шаруашылығындағы жағдай төмендеді.

Ауылшаруашылық еңбеккерлерінің саны 1939 жылмен салыстырғанда 1942 жылы 600 мыңға кеміді. Колхоз өндірісінде әйелдер еңбегінің үлесі артып, 1940 жылғы 48%-ң орнына 1942 жылы 75% -ға жетті. 76 мың механизаторлардың 55 мыңнан астамы әйелдер болды. Бүкілодақтық социалистік жарысқа 10 мыңнан астам тракторшы қыз – келіншек қатысты.

1942 жылы егіс көлемі 1941 жылмен салыстырғанда 842 мың гектарға көбейді. 1943 жылы 775 мың га жаңа жер алқаптары егістікке арналды.

Сөйтіп, республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге асырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналына айналып, майдан мен тылды қару – жарақпен, оқ – дәрімен, азық – түлікпен қамтамасыз етуші аймақ болды.

Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен жұмысшылар ерлігі аңызға айналды. Георгий Хайдин мыңдықщылар қозғалысының жетекшілері А. Семиволос мен И. Янкиннің әдісін қолданған республикадағы үздік бұрғылаушы болды. Соғыс жылдарында Ы. Жақаев, Ш. Берсиев, Б. Самжүрекова, Ким Ман Сам, В. П. Кривич, И. Я. Кудлай есімдері бүкіл елге әйгілі болды.

№82 сұрақ. Бейбіт құрылысқа өтудің Қазақстандағы қиыншылықтары (1946-1950 жж.). Соғыс аяқталғаннан кейін елдің жағдайы өте ауыр болды. Түрлі қиындықтарға қарамастан тезірек халық шаруашылығын қалпына келтіру керек еді. Қазақстан тұрғындары Ленинград, Сталинград, Брянск, Донбасс, Украина және т.б. бүліншілікке ұшырапан аймақтарды қалғына келтіруге көмектесті.1946 жылы 18 наурызда қабылданған 4-ші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан асып түсу белгіленді. Онда Қазақстан экономикасын көтеруге мән берілді. Қазақстанның өзі де экономиканы бейбіт құрылысқа қайта құруға кірісті. Өнеркәсіпті дамытуға баса көңіл бөлінді. Алты жаңа көмір шахтасы қатарға қосылды.Жеңіл және тамақ өнеркәсіптері онан әрі дамыды. 65 жеңіл өнеркәсіп өз өнімдерін берді.Ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымы артты. Ірі қара малдың, қой мен жылқының жаңа түрлері өсіп жетілді. Қазақтың ақ бас қойы, алатау сиыры, қазақтың биязы жүнді қойы, арқар-меринос қойы, Қостанай жылқысы будандастырылып, жаңа тұқым алынды. Соған қарамастан мал шаруашылғы ауыр жағдайда еді.Қазақстандықтардың өздерінің тұрмыс жағдайларының, халықтың әл-ауқатының төмендігіне, нашарлығына қарамастан республика металл, шикізат қорлары, отын, құрылыс материалдары, өнеркәсіп тауарлары, азық-түлік, асыл тұқымды мал және т.б. беруге мәжбүр болды.халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында республика жазушылары Екінші дүниежүзілік соғыс туралы еңбектер жазды. Ғ.Мүсіреповтың "Қазақ солдаты", Ә.Нұрпейісовтың "Курляндиясы". Еңбек тақырыбына жазғандар С.Мұқановтың "Сырдария", Ғ.Мұстафиннің "Миллионер", Ғ.Слановтың "Кең өріс" туындылары болды.1946-1964 жж. қазақстандағы ғылым мен білімнің дамуыСоғыстан кейінгі жылдарда мәлениеттің материалдық базасы әлсіз болды. Тек 1950 жылдар ішінде мәдениетті дамыту жағдайы біртіндеп түзеле бастады. 1946 жылдың маусым айында КСРО ҒА-ның Қазақ филиалының негізінде Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы республиканың ғылыми және мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. Қазақстанда жаңа ғылым ордасын құруға көрнекті орыс ғалымдары С.И.Вавилов, И.П.Бардин, А.М.Панкратова т.б. ұйымдастырушылық көмек көрсетті. Академияның тұңғыш президенті болып көрнекті ғалым, Кеңестік Қазақстан ғылымын ұйымдастырушы Қаныш Имантайұлы Сатбаев сайланды.1950-1965 жылдар арасында республикадағы ғылыми-зерттеу институттарының, филиалдар мен бөлімшелерінің саны 38-ден 84-ке дейін, ал оларда істейтін ғылыми қызметкерлердің саны 3,3 мыңнан 18,2 мыңға дейін өсті. Өскеменде Қарағандыда, Шымкентте ірі ғылыми орталықтар бой көтерді. Жаратылыстану мен нақты ғылым салалары жоғары қарқынмен дамыды. Ғылым академиясында Қаз ғалымдары жемісті еңбек етті. Қазақ КСР ҒА-ның ғылыми мекемелері 1946-1949 жылдары халық шаруашылығына енгізу үшін 900-ден асиам ұсыныстар мен зерттеулер ұсынды. Минералды шикізаттар кен орындарының табиғатта таралу заңдылықтарын ашып, металлогендік және болжамдық карта жасағаны үшін Қ:И:Сатбаев бастаған бір топ ғалымға Лениндік сыйлық берілді. 1950 жылдар ішінде қоғамдық ғылымдарды зерттеу ауқымы кеңейтілді. Ш.Уалихановтың, Ы.Алтынсаринның шығармаларын жинап, жарыққа шығару қолға алына бастады. ҚазМУ-де философия факультеті ашылды. 1958 ж Қазақ КСР ҒА-ның Философия мен құқық институты құрылды. 1961 ж Тіл білімі, әдебиет және өнер институттары шаңырақ көтерді. Философтар Қазан төңкерісіне дейінгі Қаз-дағы қоғамдық-саяси және философиялық ойдың тарихын зерттеді, диалектикалық логика саласында зерттеулер жүргізе бастады. Тарихшылар 1957-1959 жылдары «Қазақ КСР тарихының» екі томдығын жариялады. Ә.Марғұлан көшпенділердің қола дәуіріндегі тарихы мен мәдениетін зерттеді.Сонымен қоса республикадағы қоғамдық ғылымдардың даму барысында келешекте тоқырауға соқтырмай қоймайтыны келеңсіз тенденция да орын алды. Оның себебі, ол жылдары қоғамдық ғылымдар коммунистік идеология үстемдігі жағдайында дамыған еді. Қоғамдық ғылымдар түгелдей партиялық құжаттарда тұжырымдалған бағыттарды дәріптеуге жұмылдырылды. Партия тарихы жоғары оқу орындарында өтілетін ең негізгі пәнге айналды. Партиялық әкімшілік қоғамтанушы ғалымдардан тек коммунистік идеологияны қуаттаған зерттеулер талап етті.1950 жылдардың соңында «КСРО-да социализм толық және түпкілікті жеңіске жетті» деген ресми партиялық тұжырым қабылданғаннан кейін, бүкіл одақтағы сияқты, Қаз-да да қоғамдық-саяси ой осы формула шеңберінде дамылатын болды. Қоғамтанушы ғалымдар капитализмнің «іріп-шіріп бара жатқандығын», таяу арада оның «мүлдем құритынын» «дәлелдеп» бақты. Соғыстан кейінгі бесжылдықтарда қуғын-сүргіннен аман қалған танымал қаламгерлер оқырмандарын жаңа туындыларымен қуантса, олардың соңынан соны серпін танытқан жас жазушылыр мен ақындар өсіп жетілді. Көрнекті мәдениет қайраткерлерінің саяси қуғындау әдебиет пен өнердің даму қарқынын тежегенімен, мүлдем тоқтатып тастай алмады, ұлттық көркемөнер үнемі өрлеу үстінде болды.Соғыстан кейінгі кезеңде Қаз-да қуғын-сүргін жаңа қарқын алды. 1940-1950 жылдары зиялы қауымның көрнекті өкілдері қудаланды. Олардың арасында А.Жұбанов, Е.Бекмаханов, Қ:Сәтбаев, М:Әуезов болды.Соғыстан кейінгі жылдарда ағарту ісіне бөлінетін қаржы көлемі біртіндеп арта бастады. Республиканың бірқатар аудандарында балалардың бәрі бірдей мектептерге қамтылмады, ондағы сабақтар бірнеше ауысыммен жүргізілді. Жалпыға бірдей міндетті жетіжылдық білім беру ісі 1949ж қайтадан қолға алынды. 1948ж республикада оқуға тартылмай жүрген 15 жасқа дейінгі 200 мың бала болған еді. 1955ж олардың саны16 мыңға түсті. 1950ж ішінде мектептерде политехникалық білімді тиянақтауға, оқушылардыөндірістік еңбекпен араластыруға бағытталған шара жүргізілді. 1959ж жаңа заң бойынша, 1962-63 оқу жылынан бастап жалпыға бірдей міндетті 8 жылдық білім беруге көшу, 11 жылдық еңбек-политехникалық мектептерін құру,жұмысшы жастар мектептерін көбейту, мектеп-интернаттар жүйесін кеңейту шаралары көзделді. Осы кезеңде кәсіптік-техникалық училищелер мен техникумдар қатары да өсті.1946-1956ж аралығында республиканың кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде 344,5 мың жас маман жұмысшылар дайындалды. Соғыстан кейінгі жылдарда Қаз-ң жоғары білім беру жүйесінде педагогика мамандықтарын даярлау басым болды. 1965-1966 оқу жылында 39 ЖОО-ында 144,7 мың студент оқыды. Соғыстан кейінгі 20жыл ішінде жоғары білімді мамандар даярлау 11 есе өсті. 1965ж республика халық шар-да 0,5 млн-нан астам дипломды маман жұмыс істеді.1950-1970ж ішінде сабақ орыс тілінде оқытылатын мектептердің саны 1,5 мыңнан артқанда, қазақ мектептерінің саны кеміп, 3891-ден 2577-ге түсті. Республикада 40377 ғылыми қызметкерлер жұмыс істеді. Олардың 864-іғылым докторы, 650-і ҒА-ң академиктері, корреспондент мүшелері, профессорлары болды.Қорыта келгенде, өндірістік мәні бар салаларында ішінара қол жеткен табыстар болғанына қарамастан, Қаз ғылымының даму барысында тоқырау көрінісі айқын байқалды. Қоғамдық-әлеуметтік ғылымдардың тығырыққа тірелуі айқын сезілді. Қазақ тілінде ғылыми еңбектер жазылмады. Қазақ мектептерінде білім сапасы төмен болды. Орсышаға ойысу айқын белең алды.

83 сұрақ. Тың және тыңайған жерлерді игеру XX ғасырдың 50- жылдарында елде астықтың тапшылығы айқын байқалды. 1953 жылы 31 миллион тоннаға жетер-жетпес астық дайындалды, бірақ 32 миллион тоннадан астам астық жұмсалды. Әсіресе азық-түлік дақылы-бидай өте тапшы болды. Мал шаруашылығының жағдайы да мәз емес болатын. Ендеше Кеңес үкіметі дағдарыстан шығудың жолы тың игеру деп тұжырымдады. Сонымен КОКП ОК-нің 1954 жылғы Ақпан-Наурыз Плеиумында Қазақстанда, Сібірде, Оралда, Солтүстік Кавказ және Қиыр Шығыстың кейбір аудаидарында жаңа тың және тыңайган жерлердің есебінен астықты дакылдар егістігінің колемін кеңейту көзделді. Пленум Қазакстанның жөне Сібірдің ұжымшарлары мен кеншарларында әр гектардан 14-15 центнерден астықалуға және екі жылдан кейін қосымша 1 млрд. 200 млн. пұт астық өндіру ге толық мүмкіндік бар деп санады. Пленумда 1954-1955 жылдары жалпы елде кемінде 13 млн. га, оның ішінде 6,3 млн. га жерді Қазақстанда жырту көзделді. 1954 жылы 13 тамызда кабылданған партия және үкіметтің ” Астық өндіруді молайту үшін тың жерлерді онан әрі игеру туралы” каулысында аталған жерлердің аумағын 1956 жылы 28-30 млн. гектарга жеткізу белгіленді. 1955 жылы елде жаңа тың және тыңайған жерлер көлемі 29,7 млн. гектар, соның ішінде Қазақстанда 18 млн. Гектар қажетті. Тың белсенді игерілген 1954- 1960жылдарда РКФСР-да 16,6млн. гек-тар, ал Қазакстанда 25,5 млн гектар тың және тынайған жерлердің игерілгені қазір мәлім болып отыр. Республика бүкіл егістігінің көлемі 1953 жылы 11 млн. гектардай еді, енді тын игерілгеннен кейін оның көлемі 36 млн. гек-тардан асты. Қазакстан территориясы 272 млн. гектарды (2 млн. 717 мын шаршы шакырымды) кұрайды десек, ауыл шаруашылығының балансындағы жер 223 млн. гектарға жетті. Тың игерілген жылдардағы Қазақстанның астық жинаудағы көрсеткіштері мынандай: 1) 1955 ж. республика475 млн. пұтастык жинады; 2) 1956 жылы 1 млрд. тұтастықты мемлекетке тапсырды; 3)1954-1964 жж. одақ колемінде 3 рет қана (1956,1958,1964 жж.) астық сату жоспары орындалды; 4) тың игерілгеннен кейін Қазақстан небәрі 6 рет мемлекет қоймасына 1 млрд. немесе одан да артық астық өткізді. Қазақстан КП ОК-нің XX Пленумында (1990 жыл) белгілі ғалым Мэхлис Сүлейменовтың айтканындай, шын мәнінде мол астық табиғаттың қолайлы болған жылдарында ғана алынды. Тың игеру басталғанға дейінгі Қазакстанда (1953 жыл) 2 960 ұжымшар мен 219 кеңшар болса, кейін керісінше кеңшар 2 122-ге жетіп, 394 ұжымшар әрекет етті. Тың жылдары кеңшарлар 127,3 мың трактор, 46,2 мың астық комбайнын, 29,6 мың жүк автомобильдері мен арнайы тасу көліктерін, 45,1 мың тракторлык жер жырту сокасын, 74,4 мың себу мәшинелерін т.б. алды. Тың игерудің жағымды жақтары: 1) Қазақстан елдің астық балансын нығайтуда елеулі рөл атқарды. Республика бидайдын бағадьққатты және кушті сорттарын өндірудің орта лығына айналды. Аталған бидай сорттарынын 60%-ы тың өлкесінде өсірілді 2) 1954-І977жылдараралығында республикадаауыл шаруашылығынын барлыксалаларына 21,1 млрд. сом каржы жұмсалып, шығын 27,2 млрд. сом болып өтелді. 1990 жылғы акпанның 15-жұлдызында Н.Ә. Назарбаеп (ол кезде республика партия ОК-нің 1-хатшысы болатын) ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің республикалық кеңесінде ‘Тың игеру басталғані іан астык өндіру 7 есеге, ет – 5, сут – 3 есеге кебейді. Тың көтеруге жұмсалған қаржы 1977 жылға қарай толықөтелді” – деп атап көрсетті. Сөйтіп, 20 жылдан аса уақытта шығын қайтарымын тапты; 3) әсіресе тың әлкесінде темір жолдар, электр көздері желілері және байланыс линиялары тартылып, инфрақұрылымның дамуына мүмкіндік жасалды. Тың игеруде қол жеткен оң нәтижелерге қарағанда жіберілген қателіктер басым болды: 1) тың игеру тым шұғыл және асығыс жүргізілді. Республикада 25 млн. ғектардан асатын және тыңайған жерлер өте қауырт жағдайда игерілді; 2) Қазақстан топырағы жайындагы 50-жылғы мағлуматтар үстірт және түзілген жер қыртысының картасы сапасыз болды. Бұл аздай, Ресейден, Украина мен Белоруссиядан шақыртып әкелінген ғалымдар, әсіресе шаруашылық директорлығына жіберілген Мәскеу белсенділерінің (шаруашылықты басқаруға Қазақстанда лайықты азаматтар табылмағандай) басым көпшілігі республиканың жер жағдайына жетік, білікті мамандар емес еді; 3) тың игерудің тағы бір қателігі-агроэкологиялық зандылықтардың бузылуы: • жер елді мекендерге, алқаптарға, көлдер және өзен жағалауларыла тақап жыртылды; • егістік көлемін ұлғайтудың салдарынан жайылым жер қыскарды. Асыра сілтеушілікке бой ұрмай Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді жырту көлемі ары кеткенде 10-12 млн. гектардан аспағанда оны интенсивті даму жолына түсіру әлдеқайда оңайтайлы болып, 13 млн. гектардан астам құнарлы жерлер шабындықтар мен жайылымдықтар үшін сақталып, бұл, өз кезегінде, мал басының дамуына жағдай жасар еді. Мал шаруашылығының жагдайы күрт нашарлады: • 1951-1965 жылдарда республикада қазақтың ежелгі түлігі – жылқының саны 365,7 мың басқа шұғыл азайып кетті, тек жылқы саны 80-жылдары ғана әсім бере бастады; • керісінше шошқа басы 4 еседен астам өсіп, Солтүстік Қазақстан, Целиноград (қазіргі Ақмола), Қостанай, Көкшетау облыстарында ерекше қарқынмен жүрді; • 1941-1951 жылдары соғыс және халықшаруашылығын қалпына келтіру кезеңінің алапат ауыр киыншылықтарына қарамастан, республикада қой басы 2 еседен астам өскен болса, ал тынмен сәйкес келетін онжылдықта (1951-І961 жж.) оның басы 3 есеге азайыи кетті. Себебі тын игеруге дейін әртұяқтың дұрыс өсіп-өнуіне кажетті деп табылатын жайылым 3-4 гектардан асып жығылса, енді бұл көрсеткіш орта есеппен әртұякқа 2 гектардан ғана келді. I 4) Мыңдаған жылдар топырақ түзілу үрдісіғіде пайда болган жер құнары үрленіп, шанданып, тозанданды, сөйтін ұлан-ғайыр жер жел, су эрозиясына ұшырады: • терістіктегі алқаптар негізінен тегіс болғанымен, оның ой-шұңқыры мол, микро-мезорельефі әркпылы дамыған, осыған орай топырак түзілімі дебіркелкі емес-гі, әдетте сортан топырактар араласа келетін. Тың игеру жылдары сортаң топырақтар тараған шандак жерлерді жыртқанда айналып өтпей,бір ретпен жыртыла берді.Сонын салдарына нәсіресе кұмдақ алқаптар жел эрозиясына ұшырады және 1955-1958 жылдары мұндай жерлер келемі 1,5 млн. гектарға жетті. Бір ғана Павлодар облысында 805 мын га. 5кер жарамсыз болып қалды; • галымдардын. есептеуінше, Қазақстанның солтүстік облыстарында жыртылған жердің көлемі 26,4 млн. га болса, оның 14,5 млн. гсктары жел эрозиясына бейімді екен; • 90-жылдардыцбасындагы мәлімет бонынша, республикада 106 млн. гектар жер әртүрлі дәрежедегі жел эрознясына ұшыраган; • топырақ кұнарының негізі, яғни қара шірігі (гумус) тың игерілген жылдарда 15-30%-га кеміген. 90-жылдарда Көкшетау облысында топырақтың қара шірігі 4,3%-дан 3,6%-ға, Қостанай облысында – 3,7%-дан 2,7%-ға азайыпкеткен; • бүгінгі күнде су эрозпясына бейімді жерлер Казакстанда миллиондаған гектарға жетіп отыр. 5) Тың игеру ата мекеннің халқьь қазактардың үлес салмағыиың кемуіне әкеліп соқтырды. • Тын өлкесі деген аймактың құрамына кірген бес облыстың – Солтүстік Қазақстан, Акмола, Костанай, Көкшетау, Павлодар-жеріи игеруге 1,5 млн. адам келді, ал жабык әскери объектілер мұның үстіне 150 мын адамды қабыл-дады. 1954-1956 жылдары тынды игеруге 391,5 мың механизатор әкелінді. 1959 жылғы санак бойынша казақтар республиканыц 30%-ы.н, орыстар 42,7%-ын, 1962 жылы қазақтар сан жағынан өз мекенінде жалпы тұрғыңда-рының уштсн бірінсн де аз немесе 29 пайызды ғана қурады. 1897 жылгы мәлімет бойынша, олар өз жерінде мекендеушілердің 85 пайызына тең еді. • Тың игеру науканы басқа одақтас республикалардағы қазақтарды ерікті түрде ата мекеніне қайтаруға жағдай жасайтын таптырмас мүмкіндік болғаны сөзсіз. Мұның өзі халықтың тұрактанып, тың өлкесінің демографиялық дамуына, мал шаруашылығының өсуіне игі ықпал жасайтын еді Сөйтіп, біріншіден, тың 2 еседей аз жыртылғанда, екіншіден, одақтас республикалардағы қазақтар өкелінгенде қазақстандықтар тынды өздерінің күшімен-ақ игеретін жағдайда болды. Бірақ Кеңес үкіметі мұның бірін де жасамағаны белгілі. • Осы мәселеге калам тартқан авторлардың пікірінше, 954-1964 жылдарда тың өлкесі құрамына енген 5 облыста Ақмола каласын Целиноград және аудандық, облыстық атауларды қоспаған күннің өзінде, тек 200-деЯ астам селолық және ауылдық Кеңестердің аттары орыс тіліне өзгертіліп аталған. • Осылардың барлығы қазақ тілі аясының тарылуына, кейіннен тұрғылықты ұлт өкілдерінің ана тілінен гөрі орыс тіліне бейімделуіне, қазақ мектептерінің жабылып, орыс тіліндегі мектептердің қанат жаюына әкеліп соқты. Тың эпопеясының кейбір түстарын айғақтай түссек, оңда: 1) Кеңестер Одағында 1954-1960 жылдары игерілген тың және тыңайған, жерлердің жалпы көлемі 42 млн. гектарды құрады, оның 25,5 млн. гектары Қазақстандаласыңда жыртылды; 2) астықты бес – Крстанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау жөне Павлодар – облыстарындағы жыртылған жер көлемі 600 мың шаршы шақырымнан асып түсіп, бұл Франция (551 мың шаршы шақырым) тәрізді мемлекеттің аумағынан едәуір ұлкен алқапты қүрады; 3) тынды көтеруге Кеңес Одағының тукпір-түкпірінен адамдар көптеп тартылды. 1954 жыддың мамыр айының езіңде ғана республиканың тың өлке-сіне 130 мың адам жөнелтілді. 1954-1955 жылдарда мұңда 360 мыңнан астам механизаторлар мен құрылысшылар жөне басқада мамандық иелері орын тепті. Республикаға 1954-1962 жылдар арасында Кеңес Одағының еуропа-лық бөлігінен 2 миллионға жуық адам келді; 4) Қазақстанның үлесіне 1953 жылы КСРО-дағы бидай егістігі алқабының 11,3 пайызы тисе, 1960 жылға таман ол көрсеткіш 30 пайызға жетті. Сөйтіп, КО-дағы астық алқабының өрбір ушінші гектары Қазақстанның үлесінетиді; 5)республика 1956 жылы Імлрд. Пұтастықтапсырып соғанорай Қазақстанға алғашқы Ленин ордені тапсырылды. 6) республикада тың экстенсивті жолмен игерілді. Қазақстанда 2004 жылы тың игеруге 50 жыл толды. ҚР Президенті айтулы оқиғаға орай Жарлық шығарып, “Тыңға-50 жыл” мерекелік медалін тағайыңдады және онымен 3,5 мың тың ардагері марапаттадды. 4.1965 жылғы шаруашылық реформасы және оның Қазақстандагы қорытындалары 60 және 80-жылдардын басындағы тарихи кезенде социализм бірқа-лыпты дамыған жоқ. Дәуір 2 кезеңге бөлінді жөне оның аралық уақыты 70-жылдың басымен айқы ндалды. Бірінші кезеңде (1960-70 жылдар) елде қоғамдық өмірді жацартудың жолдары табысты ізденістермен ұштастырылды. Екінші кезенде (1971-1985 жж.) жаңашылдыққа деген ұмтылыс әлсіреп, коғамдық құрылымның әрекет етіп отырған принциптері мен түрлерін, ескі төртіпті сақтау бағыты басым болды. 50-жылдардыңортасынан бастап Кеңес өкіметі иемденіп отырған шаруашылык механизмінің белгілі бір дәрежеде ескіргендігі айқын көрініс тапты. Ол механизм көбіне 20-30-жылдардағы төтенше жағдайларда орнықкан еді. 1966 жылдың қарсанында кеңес экономикасында өнеркәсіптің ЗОО саласы өрекететіп, 47 мың кәсіпорын мекемесі, 13 мың құрылыс ұйымы, 12 мың кеңшар, 37 мың ұжымшар болды. Мүндай жағдайда басқарудың тікелей жұмыс тәртібін белгіленетін әкімшілдік әдіс экономикалық жағынан қолайсыз, техникалық жағынан тиімсіз болып табылды. Өндірісті басқаруда киыншылықтар ерістей бастады. Әрекет етіп отырған орталықтандыру дәрежесі өз кезегінде кайшылықтарды шиеленістірді, мұнын әзі кәсіпорындардың шаруашылык дербестігін улғайтудың қажеттілігін көрсетгі. Кадр потенциалында да өзіерістер болған еді. Егер бұрын жоғары білімді мамандардың біраз бөлігі басқару жүйесінде шоғырланган болса, ал 50-60-жылдары олардың көп бөлігі ондіріс сферасында еңбек етті. Сондай-ақжұмысшылар мен шаруалардың білімдік және мамандықдәрежесі өсті.Осындай жағдайда өмір енбекшілердің білімі мен тәжірибесін толық және тиімді пайдалануды және бәрінен бұрын, жергілікті жерлерге мейлінше дербестік беруді талап етті. Оның бержағында, мемлекетте басшылықауысты. 1964жылы қазанда КОКП ОК-нің Пленумы Н.С.Хрущевті (1953 жылғы қыркуйектен бері мемлекет басшылығындагы) шаруашылық мәселелерді шешкенде субъективизмге, волюнтаризмге (омірдің негізі ерік деп түсіңдірді), басқарудын әкім-шілдік әдісіне бой ұрды деп сынаи, оны өз еркімен қызметінен кетті деуге саятын отінішін қанағаттандьфды. Сонымен Пленум Н.С.Хрущевты ОК-тің І-хатшысы, ОК-тің Төралқа мүшесі және КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы міндеттерінен босатты. Пленум КОКП Орталық Комитетінің 1-хатшысы етіп Л.И.Брежневті сайлады, мұнымен қатар КСРО Министрлер Кеңесінің төрагасы болып А.Н.Косыгин тағайыңдалды.

84 сұрақ. 1964 жылы СОКП Орталық Комитетінің қазан Пленумында партия басшылығы ауысты. Пленум Н.С. Хрущевті партияның ОК-нің бірінші хатшылығынан босатты. Оның орнына Л.И. Брежнев, үкімет басына А.И. Косыгин тағайындалды.

60-жылдардың ортасында шаруашылық реформалары жүрпзілді. 1965 жылы қыркүйек айында партияның ОК-І Пленум өткізіп, онда экономиканы басқарудың әкімшілік әдісі сыналып, кәсіпорындардың өз еркімен дамуына, шаруашылық есепті дамытуға, экономиканы дамыту үшін материалдық жа-ғынан ынталандыруға көңіл бөлінді. Бұның бәрі сегізінші бесжылдық (1966-1970) кезінде халық шаруашылық кешеніне жоспарлы экономиканы енгізген уақыттан бәрі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге алып келген еді. Бұл бес-жылдық тіпті «алтын бесжылдық» деген атқа ие болды.

60-жылдары Қазақстанда өнеркәсіп құрылысы кең көлемде жүрпзілді, бірақ республиканың экономикасы шикізаттық бағытта болғандықтан, негізінен өндіруші салалар ғана дамыды 1961-1970 жылдар арасында Қазақстанда 1709 жаңа кәсіпорын, сондай-ақ көпшілігі қайта жөндеуден өткізілген және жаңа техникамен жабдыкталған нысандар іске қосылды

Қара металлургия алу Соколов-Сарыбай және Қарағанды комбинаттарында, Ермак темір балқыту зауытында, ал түсті металлургия алу Лени-ногор, Жезқазған, Павлодар, Өскемен комбинаттарында қарқынды дамы-ды. Бұл кезеңде Маңғыстау мұнай кені де маңызды мұнай аймағына айнал-ды. Ең ірі химия өнімін дайындайтын Қаратау тау-кен химия комбинаты бол-ды. Қазақстан сары фосфордың бұкілодақтық өнімінің 90%-ын, жемдік фос-фаттың 40%-ын, мыс, мырыш, қорғасынның 70%-ын берді. Республика хром өндіруден КСРО бойынша бірінші орын, ал көмір, шойын және марганец өндіруден ұшінші орынды иемденді.

1965 жылы Компартияның ОК-нің наурыз Пленумы болып, онда тиімді аг-рарлықсаясат жасау мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылықенімдерінің бағасын өсіріп, жоспардан тыссатылуы үшін қосымша қаржы теленді, колхоз-дар мен совхоздардың материалдық базасы нығайтылды, салық саясаты өзгертілді. Аграрлық салаға шаруашылық есепті енпзу шаралары белпленді. Бұл шаралар жартылай сипатта жүрпзілгенімен, біршама алға жылжулар да көрініс берді. 1970 жылы өндірістің тиімділігін арттыру нәтижесінде енеркәсіп өнімдерінің өсу керсеткіші 70%-ды құрады. 60-жылдардың екінші жартысында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі де 28%-ға өсті

60-жылдары, 70-жылдардың басында басталған реформалар бірте-бірте тежеле бастады. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру жүзеге аспады.

Экономикалық әлеуетті арттыру республиканың қорын пайдалану, шикізат және отын-энергетикалық ресурстарын айналымға енпзу арқылы жүрді. 1970-1985 жылдар арасында өнеркәсіп енімінің жалпы көлемі екі есеге өсті, ал машина жасау, химия енеркәсібі өнімі үш есе артты. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. Олар Қазақ газ өңдеу зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резеңке-техникалық бұйымдарын шығара-тын зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай өңцеу зауыттары, Қарағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр шығару цехы, Екібастұз және Ермак ГРЭС-І, Қапшағай ГЭС-і, Жәйрем тау-кен комбинаты және т.б. болды. Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл және Павлодар-Екібастұз аумақтық-өнеркәсіптік кешендері құрылды.

Кеңестік экономика непзінен директивалық ұстаным мен орталықтың жоғарыдан бұйрық беру әдісі арқылы басқарылды. Қазақстан енеркәсібінің 50%-ы одақтық министрліктердің қарауында болды. Одақтық министрліктер республиканың мүддесін көздемеді, әлеуметтік салада, ұлттық кадрларды дайындауда, қоршаған ортаны қорғауда (Семей полигоны мен Аралдың эко-логиялық апатқа ұшырауы) қиыншылықтар туындады. Мысалы, сол кезеңде Арал теңізінің деңгейі 14 метрге, аумақтық көлемі 40%-ға, су келемі 60%-ға төмендеді. Тартылған теңіз түбі тұз ошағына айналды. Мұндай жағдай гепа-тит, туберкулез сияқты эпидемиялық аурулардың өсуіне әкеп соқты, соны-мен қатар онкологиялық аурулардың көрсеткіші бұл елді мекенде одақ көрсеткішінен 15 есе асып түсті. 6717 км2 аумақты алып жатқан Байқоңыр ғарыш айлағында да экологиялық мәселе өте күрделі болды. Қазақстан террито-риясыныңт 4,6 млн га аумағы оның пайдаланылған зымырандар қондырыла-тын жерге айналды. Онымен қоса Семей атом полигонында зиянды 200 жер асты нысаны (штолня) болды. КСРО-да жасалынған 715 ядролық жарылыстың 470-і Қаэақстанда жасалды. Каспий маңы ойпатындағы Азгир полигонында 17 жер асты жарылысы, республиканың басқа жерлерінде тағы 21 жарылыс іске асырылған.

70-80-жылдары Қаэақстанның экономикасында шикізат өндіру басым-дыққа ие болғандықтан, халық тұтынатын тауарлардың 60%-ы басқа одақ-тас республикалардан әкелінді, ал оның көпшілігі Қазақстанда өндірілген шикізаттардан дайындалды.

Экономикадағы дағдарыстық ахуалдың пісіп жетілуі өнеркәсіп өнімдерін шығарудың төмендеуі мен ұлттық табыстың азаюынан айқын көрінді. Егер 1970-1975 жылдары өнеркәсіп өнімінің жылдық өсуі 8,4% болса, 1980-1985 жылда-ры 3,8%-ға, ал ұлттық табыс осы жылдары 4,4%-дан 1,4%-ға дейін төмендеді.

Осындай жағдайда 1977 жылы КСРО-ның жаңа Конституциясы қабылда-нып, онда Кеңес халқы «дамыған социализм» кезеңіне өтті деп жарияланды.

Экономиканы әміршіл-әкімшіл басқару әдісі материалдық ынталандыру-ды жоққа шығарып, экстенсивті даму, мемлекеттік меншіктің үстемдігі, жұмыс-шыларды өнеркәсіп қүралдарынан алшақтату, орталықтың билеп-төстеу жағдайына алып келді. Қазақстан экономикасы 1980 жылдары дағдарысқа тірелді.

Республикада егістік көлемі өте үлкен болды, тек астықтың өзі 25 млн га жерге себілді. Солай бола тұрса да, өнім жинаудың темендеуі тұрақты құбылысқа айналды. Мал шаруашылығының құс асыраудан басқа салалары кіріссіз шаруашылықтарға айналды. Егер 1970 жылы өзін-езі ақтай алмаған колхоз-дар мен совхоздардың үлес салмағы 15% болса, 1985 жылы бұл көрсеткіш 51%-ға жетті. Мысалы, қойдың саны 1971-1981 жылдары 3,4 млн басқа өссе, 1981-1985 жылдары өсу тоқтаған. Қой етін өндіру 1970-1985 жылдары 19%-га қысқарды, оның қоңдылығы да төмендеді.

Дуние жүзіндегі ауыл шаруашылығына жарамды ең үлкен (603 миллион га) жері болса да, (мысалы, АҚШ-та ол 431,5 млн га, Канадада 78 млн га), Кеңес Одағы 1981-1985 жылдары әлемдеп ең ірі азық-түлік сатып алушы елге айналды. Бүл кезеңде КСРО жыл сайын шеттен 3,8 млрд долларға азық-түлік сатып алып отырды. 1985 жылы КСРО-дағы әрбір үшінші бөлке нан, әрбір екінші қораптағы макарон шет елдерден - АҚШ, Канада, Аргентина, Түркиядан сатып алынған астықтан дайындалды.

1970-1980 жылдары халықтың нақты табысы төмендеп кетті. Халық тұтынатын тауарлар тапшылығы өсіп, күні бойы дүкендерде кезекте тұру дағдыға айналды. 1985 жылы Қазақстанның орташа жағдайдағы тұрғыны көпшілік түтынатын тауар алу үшін екі-үш айлық жалақысын жұмсаса, ал қалған тоғыз-он айдың жалақысы тауар тапшылығына байланысты жұмсал-май қалды. 1985 жылы КСРО-да тауар үшін дүкендерде кезекке тұруға халық шаруашылығында жұмыс істейтін 35 млн адамның жылдық қорына жұмса-латын жұмыс уақыты шығындалған.

Кеңес Одағында қоғамдық саяси өмірде «басқаша ойлауға» қысым көрсетілді. Оның нақты мысалы, О. Сүлейменовтың 1975 жылы шыққан «Аз и Я» деген кітабына тыйым салынды. Оған пікір жазған «Молодая гвардия», «Москва», «Звезда» және т.б. журнал беттерінде авторды идеологиялық талаптардан ауытқып кетті деп айыптады. Автордың езі идеологиялық қысымға алынды.

1979 жылғы Целиноград оқиғасы ұлттық қатынастардың шиеленісуінің және қазақ халқының мүддесімен санаспаған орталықтың өктемдік саясатының керінісі болды. СОКП ОК Саяси бюросы 1979 жылы көктемде Қазақстанда, орталығы Ерейментаүда болатын, неміс автономиялық  облысын құру туралы шешім қабылдады. Оған Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау облыстарының немістер тығыз қоныстанған бірқатар аудандарын беру көзделді. Орталықтың бұл әділетсіз шешіміне қазақ жастары бірден жауап берді. Партия шешіміне қарсы Целиноградта, Атбасарда, Ерейментау және Көкшетауда бейбіт шерулер мен демонстрациялар болды. Міне, қазақ халқының осындай саяси белсенділігінен қаймыққан Компартияның ОК қабылдаған шешімін өзгертуге мәжбүр болды.

КСРО сыртқы саясатта халықаралық беделін нығайту және Ауғанстанда саяси үстемдік орнату мақсатында 1979 жылы 27 желтоқсанда Ауғанстанға Кеңес әскерін кіргізді. Бұл саясатқа жауап ретінде АҚШ Кеңес Одағына астық сатуға тыйым салып, Мәскеуде өтетін жазғы олимпиадалық ойындарға қаты-судан бас тартты.

Б¥¥-да 104 мемлекет Кеңес Одағының Ауғанстанға қарулы күштерін енгізуге қарсы шығып, бұл қадамын айыптады. Кеңес әскерлерінің «шектелген контингенті», яғни 80 мың әскер Ауғанстанда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Ресми деректер бойынша, Ауған соғысында Кеңес Одағынан барлығы 13 мың адам қаза болды, 37 мың солдат пен офицер әр түрлі жарақат алып, мүгедек болып қалды, ал жүздеген жауынгер елге қайтып оралмады.

1982 жылы қарашада КОКП ОК Бас хатшысы Л. Брежнев қайтыс болғаннан кейін партия жетекшілігіне Юрий Андропов келді. Ол КеңесОдағын 1984 жылға дейін ғана басқарды. Ю. Андропов мемлекет басшылығына келгенге дейін КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетін басқарған еді. Сол себепті оның басшылығы елдегі қоғамдық және еңбек тәртібіне ерекше маңыз беруден басталды. Ю. Андроповтың саясаты партиялық биліктің өз ішінде қатаң тәртіл орнату мен қоғамдағы парақорлық пен маскүнемдікке қарсы күрес жүргізу болды. Бірақ та белгіленген шаралар жүзеге аспай қалды. Себебі Ю. Андропов 1984 жылы ақпанда қайтыс болып, КОКП ОК Бас хатшылығына К. Черненко келді (1984-1985). Ол Ю. Андропов бастаған істі ескерусіз қалдырып, елді басқаруда әміршіл-әкімшіл әдістерге сүйенді.

Сонымен 1970-1980 жылдардағы дағдарыс құбылысы қоғамдық өмірдің барлық саласында тереңдей берді.

85 сұрақ. 1986 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы ОК Пленумы өтті, ОК Бірінші хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен босап, орнына осыған дейін Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбин қойылды. Қазақстанды басқару тағы да бұрынғы әдіс бойынша шешілген еді. Бірақ бұл жолы жергілікті халық оған көнген жоқ. Қарсылықты қазақ жастары бастады. 17 желтоқсанда ертеңгісін партияның ОК орналасқан алаңға жастар жиналды. Демонстрацияны үкімет қарулы күшпен таратты. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. 1990 жылдың 21- мамырында КОКП ОК бұл айыптауды қате деп тауып, “желтоқсан оқиғасына” баға беруде “қазақ ұлтшылдығы” айдарынан бас тартты.Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді. 86-ның желтоқсаны бүгін біз үшін артында қалдырған тарихи сабақтарымен қымбат. Ол, ең алдымен, Қазақ елі үшін мемлекеттік тәуелсіздіктен биік құндылықтың болуы мүмкін емес екендігін көрсетіп берді. Желтоқсан күндері осы жалпыұлттық идеяны көтеріп, оның жолына өз өмірін арнаған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Жансая Сәбитова, Хасен Қожахмет және басқа мыңдаған ұл-қыздарымыз ұлт тарихында әрқашанда құрметпен аталуға лайық. Кеңестік империяның абақтысында өлтірілген Қайрат — 86-ның желтоқсанында алаңға теңдік талап етіп шыққан қазақ жастарының жинақы көрінісі, қазақ халқының азаттыққа ұмтылысының мәңгі мұқалмас символдық бейнесі. Желтоқсан қаһармандары өздерін жаппай соққыға жығып, қақаған аязда мұздай су шашқанына қарамастан, өздеріне қарсы иттер, БТР-лер жіберіп, сапер күректерімен және шоқпарлармен қаруланған милицияның ерекше отрядтары, арнаулы әскерлердің курсанттары мен солдаттарының айдап салынып, “бейбіт жасақтар” дейтіндердің темір сыммен, арматурамен соққының астына алғанына, жаппай тұтқындауға қарсы тұрып, бірнеше күн бойына бүкіл Қазақстанда бір жерде ашық, бір жерде жасырын түрде халықтың еркі мен мұң-қайғысын жанына жалау етіп, республиканың дербестігіне, еркіндігіне және тәуелсіздігіне қол жеткізу жолындағы күресті жалғастыра берді.

86 сұрақ. Мемлекеттік егемендік туралы декларация - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша қабылданған тарихи құжат. Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Конституциялық құрылысқа қарсы жасалатын кез келген күштеу әрекеттері, оның аумағының тұтастығын бұзуға шақыратын, ұлт араздығын қоздыратын жария-ұрандардың заң бойынша жазаланатыны ескертілді. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды. Президент - Республиканың басшысы, ең жоғарғы әкімшілік-атқарушылық биліктің иесі ретінде танылды. Жер, оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, бүкіл экономикалық, ғылыми-техникалық әлеует Республика егемендігінің негізін құрай отырып, оның ерекше меншігінде болатыны көрсетілді. Деклараңияда: "Қазақ КСР-і Республика үлесіне сәйкес жалпыодақтық мүліктегі, оның ішінде алмас, валюта қорлары мен алтын қорындағы өз үлесіне құқылы, республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлері (хим., бактериолог., биолог., т.б.) үшін сынақ полигондарын салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады" деп жазылды. "Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мен Президентке бағынатын, солардың бақылауында болатын өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауға Қазақ КСР-нің құқы бар" делінді. Декларациядағы бағдарлама негізінде 1991 ж. 16 желтоқсанда"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заң қабылданды.

Конституциялық Заңы 1991жылдың 16желтоқсанында қабылданды. Заң 7тараудан, 18баптан тұрады.Ол ҚР-ның тәуелсіздігін бүкіл ғаламға жария еткен бірден-бір маңызды тарихи құжат болып табылады. Қабылданған құжаттың I тарауында ҚР тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет болып жарияланды. Қазақстан территориясының қазіргі шекарасының біртұтастығы, бөлінбейтіндігі және қол сұғуға болмайтындығы бекітілд II тарауында республика азаматтары ұлтына,діни сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатысына, шыққан тегіне, әлеуметтік және дүние-мүліктік жағдайына қарамастан бірдей құқықтар пайдаланып,міндеткерліктерін атқаратындығы атап көрсетілген. III тарауда ҚР-ында мемлекеттік өкімет билігі оның заң шығару, атқару және сот билігіне бөлу принципіне негізделінгені анықталды.IV тарауда республиканың мемлекеттік тәуелсіздігінің экономикалық негіздері анықталды. V тарауда ҚР әлемдік қоғамдастықтың тең құқықты мүшесі болып жарияланды

87 сұрақ. Елтаңба.Он екінші сайланған ҚР Жоғарғы кеңесінің VIII сессиясында 1992жылы 4маусымда қабылданды. Қ-ның бүгінгі Елтаңбасы – Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов жемісі. Елтаңба идеясының басты нышан белгісі-шеңбер ішіндегі шаңырақ. Шаңырақ-қазақ ұғымында отбасы амандығының , бейбітшілік пен тыныштықтыңмайғағы. Түндік көк аспан күмбезіндегі асыл шырақ – күн бейнесін елестетсе, уықтары одан тарап жатқаналтын сәулелердей әсем әсер қалдырады.Қос тұлпар бейнесінде алтын қанаттары астықтың алтын масақтарын бейнелейді, яғни бұл еңбектің, молшылықтың белгісі іспеттес. Республиканың бейбітшіл, қорғанысшыл бағыты әскери атрибутика мен соғыс құралдарынсыз, еліміз бен жерімізді қорғап қалуға мүмкіндік беретін күш-құралдар алтын қанатты ат бейнесінде берілген.Дәл ортадағы бес бұрышты жұлдыздың орналасқандығы құшағымыз бен жүрегіміз бес құрылыққа ашық екендігін көрсетеді.2.Мемлекеттік Ту. Он екінші сайланған ҚР Жоғарғы кеңесінің VIII сессиясында 1992жылы 4маусымда қабылданды. ҚР Мемлекеттік Туының авторы – Шәкен Ниязбеков.Тудағы таза көгілдір бояу әлем әр түрлі халықтар мен ұлттардан тұратынына қарамастан, аспан олар үшін ортақ, сондықтан да көгілдір бояу жалпы адамзаттың біртұтастығын көрсетеді.Күн - өмір мен энергияның көзі,сондықтан ол өмірдің бейнесі блып табылады.Бүркіт бейнесі – күш,кеңдік, бостандық, биікке көтерілу, болашаққа қол созу нышаны ретінде қабылдайды.Ою-өрнек – халқымыздың қолданбалы өнерінің бір тармағы, онда әлем мен сұлулықты түсіндірудің эстетикалық заңдылықтары қамтылған.3.ҚР Мемлекеттік Әнұраны.1992жылғы 11желтоқсан – ҚР мемлекеттік Әнұранының мәтіні бекітілді. Мәтінін жазғандар-М.Әлімбаев,Қ.Мырзалиев,Т.Молдағалиев,Ж.Дәрібаева.Әуенін жазғандар – М.Төлебаев,Е.Брусиловский,Л.Хамиди. Ал 2006жылдың 7 қаңтарында “ҚР-ның мемлекеттік нышандары туралы”ҚР-ның Конституциялық заңына Назарбаев қол қойды. Сонда,Әнұранның жаңа мәтіні қабылданды.Әнін жазған – Шәмші Қалдаяқов,сөзін жазғандар – Жұмекен Нәжімеенов,

88сұрақ. 1993 ж. 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 ж. 30 тамызда Респ. референдум өткiзу (бүкiл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемл. билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемл. мереке — ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi. Кейiнгi екi Конституцияның алдыңғы екеуiнен елеулi айырмашылығы сол — бұлар тұңғыш рет мемл. тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрi орнықтырды. Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеол. және саяси әр алуандығы (сөз және шығарм. бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демокр. амалдар, экон. қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған.

89 сұрақ. Қазіргі Қазақстанның қоғамдық дамуына алдымен саяси плюрализмнің орнығуы мен дамуы тән. Бұл әртүрлі қоғамдық және саяси бірлестіктердің пайда болуы мен дамуына байланысты. Олардың көбі бұрынғы клубтардан пайда болған. Мысалы, 1988 жылдың жазында «Көк майдан» ассоциациясы пайда болды. Ол астана ауасын ластайтын және Сорбұлақ көлі плотинасының бұзылып кету қаупі сияқты мәселелерімен айналысты. Бірінші рет көпшілік ұйымдара да пайда бола бастады. Солардың бірі халықаралық антиядролық «Невада–Семей» қозғалысы. Бұл ядролық сынақтарды тоқтатуда ұлкен рөл атқарды. 1988 ж. соңында «Мемориал» қозғалысымен бастауымен, оның бөлімшелері Алматы, Ақмола, Семей, Петропавловск қалаларында құрылған болатын. Халықаралық қоғамға айналған оның мүшелері Сталин кезеңінде қуғын сүргінге ұшырағандар туралы тарихи–архив жұмыстарымен айналысып және оларға қайырымдылық көмек көрсетті.  1989 жылдың сәуір–мамыр айларында студенттер мен басқа да жастар ұйымдары пайда болды. Қоғамдық саяси ұйым «Форум» бірнеше студенттік ұйымдар негізінде ұлттық бағытта құрылды. Республикалық студенттер кеңесі олардың әлеуметтік құқығын қорғаумен айналыса бастады. 1990 ж. Қаңтарында «Бірлік» тобы негізінде әскери–саяси ұйым мен тәуелсіз студенттер Одағы құрылды. 1990 жылдың көктемінен саяси партиялар мен саяси – қоғамдық қозғалыстардың пайда болу процесі басталды. Бұл кезде социал–демократия партиясы «Азат» азаматтық демократия қозғалысы сияқты бірлестіктер ұйымдастырыла бастады. 1990 ж. сәуір–мамыр айларында «Алаш» ұлттық партиясы, «Желтоқсан» ұлттық демократия партиясы құрылды. Ол кездегі ұйымдасқан саяси–қоғамдық құрылымдардың негізгі айырмашылығы, оларда Республиканың тәуелсіздігі туралы жаңа ұрандардың пайда болуы. Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың уставын тіркеу Республикада Әділет министрлігінде жүргізіледі. Бұл процедура бірлестіктерге мемлкеттік қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар мен қарым–қатынаста, сондықтан оған кіретін азаматтар арасында шектеу орнатады. Бірлестіктерге заңды құқық береді. Қоғамдық бірлестіктер деп–азаматтардың өз еркімен, олардың тілегі негізінде құырлған ұйымдарды айтамыз. Қазақстан Республикасы аумағында саяси партиялар, көпшілік ұйымдар, кәсіподақтар, әйелдер, арагерлер, ғылыми, техникалық, жастар және балалар ұйымдары, мәдени–ағартушылық т.б. ерікті қоғамдар, шығырмашылық одақтар, жерлестер, қорлар, ассоциациялар–қоғамдық бірлестіктер болып танылады. Қоғамдық ұйымдардың партиядан айырмашылығы олар бірінші орынға саяси мәселелер қоймайды, саяси бағдарлама жасамайды.  Қоғамдық – саяси қозғалыстар – ол әлеуметтік, экокномикалық, саяси және рухани тілегі бір әрдайым қозғалыстағы көптеген адамдардың бірлестік тобы. Қоғамдық бірлестіктерді құру және жұмыс істеуінің негізгі принциптері мыналар: еріктілігі, мүшелерінің (қатысушыларының) тең құқықтығы, өзін–өзі басқару, заңдылығы, ашықтылығы. Қоғамдық бірлестіктер құрылуы мен құқығы және қызметінің тоқтату шарты «Қазақ ҚСР–дағы қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңның 2,3 тарауларында баяндалған. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында тең құқықты. Олардың құқықтары жарғыларында белгіленеді. Қоғамдық бірлестіктер өздерінің мақсаты мен қызметі жөнінде еркін хабар тарата алады, өз органдары арқылы өз инициативасын жүргізеді, өз мүшелері мен қатсушыларын көрсете біледі және олардың тілегін қорғай алады, сонымен қатар сол сияқты заңға қарсы емес уәкілдіктер жүргізе алады. Қоғамдық бірлестіктер мен мемлекет арасындағы қарым–қатынас 1995 ж. 30 тамызда қабылданған ҚР конституциясы негізінде реттеліп отырылады. Мәселен, конституцияның 5–бабында «Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей. Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік органдарына, қызметін жүктеуге, қоғамдық бірлестіктерді, мемлекеттік қаржыландыруға жол берілмейді» – делінген. Конституция нормаларын бұзуға бағыттлаған мақсаты мен қимыл көрсеткен қоғамыдық бірлестіктерді құруға немесе қызмет істеуге рұқсат етілмейді.

Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады:  1) Экологиялық бағыттағы ұйымдар. Оларға жататындар "Невада-Семей" қозғалысы, "Арал-Азия-Қазақстан" халықаралық қоғамдық комитеті, "Табиғат" комитеті, т.с.с.;  2) Тарихи - ағартушылық қоғамдар: "Мемориал", "Әділет", "Ақиқат" және т.б.;  3) Әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: "Атамекен", "Алтынбесік", "Жерұйық" "Шаңырақ" және т.с.с.; Сонымен қатар республикада ардагерлер, әйелдер, жастар одақтары және т.б. көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бар. Осылардың бәрі, өз ерекшеліктері болуына қарамастан, еңбекшілердің белсенділігін арттырып, Қазақстанның гүлденіп өркендеуіне, тұрақты дамуына үлестерін қосқанда ғана мақсаттарына жетпек. Енді соңғы мәліметтер бойынша, бір ғана Қарағанды облысында 6 саяси партия, 8 саяси мақсаттағы қоғамдық қозғалыстар, 16 жастар ұйымдары, әйелдер ұйымдары, 13 ұлттық мәдени орындар, 2 табиғат қорғау қозғалысы, 15 тәуелсіз кәсіподақ, 85 діни бірлестікітер, 273 басқа да әр түрлі ұйымдар мен бірлестіктер бар. Енді барлық облыстардың қоғамдық қозғалыстары мен бірлестіктерінің қанша екендігін ескерсек, түсінігіміз кеңейе түспек. Егемендік, тәуелсіздік алу қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың жұмысын түбірінен қайта құруға объективті негіз қалады. Ұйымдар мен қозғалыстар саяси процеске тартылды, өмірді өзгерту және жақсарту олардың іс-әрекетіне де байланысты деген түсінік әрбір адамның санасына ене бастады. Бұл тоталитарлық саяси режімнен демократиялык өмірге енудің айғағы болды. Бұқараның іс-қимылының артуына, көптеген саяси-қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың өмірге келуіне жағдай жасады. Жеке ұйымдар мен қозғалыстар. "Азат" азаматтық қозғалысы. Бұл ұйым 1990 жылдың шілде айында Алматы қаласында құрылды, әр түрлі партия, кәсіподақ, әйелдер, ардагерлер, діни, жастар, т.б. ұйымдарды біріктіреді. Іс-әрекеттің нысаны мен тәсілдерінің негізі: мемлекеттік билік органдарын конституциялық жолмен қалыптастыру; баламалы заң жобаларын жасау; жоғарғы және жергілікті ұйымдардың қабылдайтын саяси шешімдеріне; жиналыс, митингі, шеру тарту ісіне қатынасу. "Азаттың" бөлімшелері барлық облыстарда бар, жоғарғы органы - съезд, 300-ден астам мүшелері бар. Ең көп мүшелері Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында. "Азат" басқа елдердегі осындай қозғалыс ұйымдары мен тікелей байланысты. "Азат" газетін шығарады, "Қазақ тілі" қоғамымен тікелей байланыста. "Азат" қозғалысы республика жерінде өз жарғысына, Конституцияға сәйкес жұмыс жүргізеді. Негізгі мақсаты - толық саяси-экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу, әлеуметтік әділеттілік жөне демократия принциптерін іске асыру, барлық азаматтардың материалдық және рухани өмірін қамтамасыз ету. Экономика саласында жер, кен байлықтары, су, орман және басқа да байлықтар республиканың меншігі. Жер сатылмауы керек, бірақ қажеттілікке қарай жалға беріледі. Ұлт мәселесінде барлық азаматтар тең құқықты, ұлтына, дініне қарай бөлінбеу керек. Қазақ мектебінің және тәрбиенің ұлттық тұжырымдамасы жасалуы керек. Қазақстан тарихы, қазақ тілі және әдебиеті барлық оқу орындарында дербес пән ретінде оқытылуы қажет. Басқару жүйесінде тоталитарлық үстемдікке, әкімшіл-әміршіл жүйеге қарсы күрес жүргізілуі кажет. "Әділет" тарихи-ағартушылық қоғамы - жарғысы, бағдарламасы бар. Қоғам мүшелері 19 халық комиссарының (министрдің), 1938 жылы Алматы маңында атылғандардың көмілген жерлерін анықтады. Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу үшін қаржы жинады. Қазіргі уақытта "Әділеттің" Астана, Қарағанды, Шымкент, Алматыда жергілікті ұйымдары бар. Қоғам мүшелері 1500-ге жуық, негізінен студенттер және қоғам қайраткерлері. "Ақиқат" тарихи-ағартушылық қоғамы 1988 жылы желтоқсанның 13-інде құрылды. Қоғамның мақсатының бірі - халықтың ескі әдет-ғүрпын қалпына келтіру, туған өлкенің тарихын зерттеу, қазақ және басқа халықтардың ұлттық тілін дамыту. Қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы бірнеше мақалалар және кітаптар жариялады. Қоғамның үш мыңнан астам мүшесі бар. Алматы, Оңтүстік Казақстан, Жамбыл, Қарағанды, Ақмола облыстарында бөлімшелері бар. Қоғам жүмысына негізінен зиялы қауым өкілдері мен студент жастар қатынасады. Орыс қауымы (русская община) Әділет министрлігінде қыркүйектің 1-інде тіркеуден өтті. 14 облыста бөлімшелері бар. Жалпы саны 70 мың адамнан асады. Қауымның іс-әрекеті жарғы және бағдарламасына сәйкес орыс және басқа да славян халықтарының рухани өркендеуінің, олардың мәдениетін, білімінің барлық дәрежесін дамытуға бағытталған, Қазақстаңда азаматтық қоғам құруға әсер етуі қаралған. Қауым "Русский вестник" атты газет шығарады, жастарды мүше етіп тартуға көптеген шара қолдануда. Қауым 1992 жылы мемлекеттік екі тілділікті жақтап қол жинады, Шығыс Қазақстан облысында өткізілген митингілерді жақтады. 1993 жылдың қаңтар айында президент атына Орыс университетін ашуды сұрап хат жолдады. Жастардың рухани және дене шынықтыру дайындығын жақсарту мақсатында олардың спорттық-патриоттық клубқа мүше болуын насихаттайды. Жастар клубын ұйымдастыру үшін спорт залдарын жалға алуға қаражат бөлді. Көркем өнер ұжымдарын құруға ат салысады. Республикалық қоғамдық славян қозғалысы "Лад" 1993 жылы наурыз айында құрылды, 10 мыңнан астам мүшесі бар, орталығы — Астана қаласында. Қозғалыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасында тұратын славян халықтарының тілін, мәдениетін, рухани өмірін гүлдендіру, республикада демократияны, азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени құқықтары мен бостандығын, бейбітшілікті, халықтар достығын дамыту, нығайту. Қ азақстанның әйелдер одағы. Бұл қоғамдық ұйым 1991 жылдың мамыр айында құрылды. Құрылу мақсаты - әйелдердің қоғамдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани өмірдегі рөлін арттыру. Одақ республикадағы реформаны жақтайды. Соңғы 7-8 жылда бүл салада қыруар ұйымдастыру жұмысын атқарды. Әйелдер қозғалысының мәселелері туралы семинар, мәслихаттар өткізді, ардагер әйелдерге, көп балалы аналарға, балалар үйіне материалдық көмекті үнемі ұйымдастырып келеді. "Әйелдер қазіргі қоғамда" деген халықаралық конференция өткізді. Қазақстанның әйелдер одағы- Орталық Азия елдерінің халықаралық конгресінің мүшесі. Қазақстан Республикасының әйелдер кеңесі 1991 жылы қазанның 21-інде тіркеуден өтті. Басқарма және президиум мүшелері 1991 жылы тамыздың 20-да сайланды, ұйымның Жарғысы бар. Бірнеше рет республикалық пленумы өтті. 1992 жылы маусым айында Тараз қаласында "Әйелдердің кәсіпкерлік іс-қызметі туралы" конференция, Семей қаласында акушер-гинекологтар-дың республикалық съезін, 1993 жылдың қырқүйек айында Орта Азия елдері әйелдерінің халықаралық конференциясын өткізді. Қазақстанның жастар одағы. Құрамында 500 мыңнан астам мүшесі бар. Одақтың мүшелері - Қазақстанның мамандары мен жас ғалымдарының ассоциациясы, жастар кәсіпкерлігін дамыту "Асар" ассоциациясы, спортшы балаларға көмек беретін "Алтын шабақ" қоғамы. Қазақстанның жастар одағы - дербес қоғамдық ұйым, республиканың жастарын ерікті түрде біріктіреді. Республика Конституциясына, заңдарына негізделген жарғысы және бағдарламасы бар. Одақтың негізгі мақсаты - жас азаматтардың еркін дамуына жағдай жасау, олардың экономикалық, әлеуметтік-мәдени құқықтары мен бостандығын қорғау, іске асыру. Одақ жастардың мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарда жігерлілігін және дербестігін арттыру, олардың ғылыми-техникалық және көркемөнер шығармашылығын дамыту саласында сан қырлы жұмыстарды іске асырып жатыр. Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің ұйымы. Бұл -тіркеуден өткен қоғамдық ұйым. Негізгі мақсаты -Ауғанстандағы соғыс ардагерлерін әлеуметтік бейімдеу, оларға медициналық көмек көрсету, оларды құқықтық және әлеуметтік қорғау, олардың отбасына моральдық-психологиялық, материалдық көмек ұйымдастыру, соғыста қайтыс болғандардың атын, ерлігін мәңгілік есте қалдыру, жастарды патриоттық және интернационализм рухында тәрбиелеу. Ұйым соғыс ардагерлерімен үнемі кездесу ұйымдастырып, олардың тілек-мүдделерін зерттеп отырады. Беделі өте жоғары. Адам құқығы бюросы. Бұл қоғамдық ұйым адам құқығын іске асыру туралы қоғамдық бақылауды іске асырады, республикадан тыс жерлерге қоныс аударғысы келетін азаматтардың құқығын, республикадағы демократияның іске асырылуын қорғайды. Жұртшылық қауым бұл ұйымды өте жақсы біледі, тиісті көмектерін алып отырады. Қазақстан Республикасындағы Кәсіподақ федерациясы кеңесі. Кәсіподақ федерациясы - ерікті қоғамдық ұйым, кәсіподақ мүшелерінің құқығын және мүддесін қорғайды. 14 облыста облыстық және 22 салалық кәсіподақ бірлестіктері бар. Федерацияның құрамында Ғылым академиясының, архитектура, Жобалық және Зерттеу институттарының, инновациялық және ұсақ кәсіпкерлер, мұнай, газ, көмір, т.б. кәсіподақтары бар. Қазірде федерация 7,5 млн. кәсіподақ мүшелерінен, 43 мыңнан астам бастауыш ұйымдардан тұрады. Кәсіподақ ұйымдарына жергілікті жерлерде басшылық жасайтын 835 аудандық және қалалық, 209 облыстық кәсіподақ; қоғамдары бар. Федерация жұмысының негізгі бағыты - мүшелік ұйымдардың әлеуметтік-экономикалыұ, құқықтары мен мүддесін қорғау, еңбек, тұрмыс, мәдениет, спорт мәселелері туралы үкіметпен келісім жасау. Федерация кеңесі Парламенттің заң қабылдау мәселесіне қатысып, заң жобаларын жасайды. Кәсіподақ федерациясы өтпелі кезеңде көмір, түсті металлургия, т.б. шаруашылық салаларындағы еңбекшілердің жұмысқа орналасу, жалақы, әлеуметтік көмек алу ісіне үнемі араласып келеді. Республикалық "Бірлесу" кәсіподағы және Қазақстанның тәуелсіз кәсіподақ орталығы. Қазақстан Республикасының "Бірлесу" кәсіподағы 1989 жылдың қараша айында үйымдастырылды. Оның қүрылтайшысы - экономиканың мемлекеттік емес секторының қызметкерлері. Оларды мұндай ұйым құруға итермелеген жағдай - еңбекшілердің еркін еңбегі құқығына шенеулік тарапынан тыйым салынуы, заң алдында өздерін қорғай алмайтындығы, оларды әкімшіл-әміршіл жүйеден қорғауы. "Бірлесу" кәсіподағы республикадағы ғана емес, бұрынғы КСРО-дағы да бірінші тәуелсіз кәсіподақ ұйымы болды. "Бірлесу" қысқа мерзім ішінде сотта 50-ден астам одақ мүшелерінің мүддесін қорғады, 500-ден астам еңбекшілердің мекеме бастықтарына наразылығын жолдады, олардың басым көпшілігі қанағаттандырылды.  "Невада-Семей" халықаралық ядролық соғысқа қарсы қозғалыс. Бұл - еңбекшілердің еріктілік негізінде құрылған ұйымы. Ұйым халықаралық "Невада - Семей -Морура - Лобнор - Новая Земля" ядролық соғысыңа қарсы бірлестікке кіреді. Қозғалыстың негізгі мақсаты - ядролық қаруды және соғысты адамзат өркениетінен аластау, ядролық сынақ жүргізілген аймақтар халқын экологиялық және әлеуметтік қорғау, табиғатты, адамды, мәдениетті қайта жаңғырту. Осы қозғалыстың бастамасына сәйкес Қазақстанда ядролық сынақ жүргізуге тыйым салынады, "ядролық қарусыз ел" деп жарияланды. Бүкіл әлем халқы бұл бастаманы қолдады. "Арал-Азия-Қазақстан" халықаралық қоғамдық комитеті. Бұл комитет 1987 жылы белгілі ақын М.Шахановтың бастамасымен құрылып, республика жұртшылығы "оны мақұлдады. Оның мақсаты: Арал теңізі жағдайына, республикадағы экологиялық дағдарысқа қоғамдық пікірді аудару, Арал теңізін қалпына келтіру туралы жобалар мен бағдарламалар жасау. Комитеттің бастамасымен Арал қорына қаражат түсірілді, Қазақстанның белгілі ақындарының қатысуымен поэзия кеші, дөңгелек үстел, Мәскеуде Арал күні, Арал аймағындағы экологиялық апат туралы телемарафон өткізілді. 1996жылы халықаралық "Арал-Азия-Қазақстан" коғамдық комитеттің мәртебесі бекітілді. Аралды сақтау туралы, Арал аймағындағы экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешу туралы шараларды іске асыруда көптеген шаралар іске асырылуда. Осы мақсатпен "Халықаралық Арал сыйлығы" құрылып, ол Арал аймағындағы мәселелерді шешуге үлес қосқан ғалымдарға, қоғамдық қайраткерлерге беріледі. Комитет жанынан Арал және Қазақстан экологиясы туралы Қоғамдық Академия құрылды. Жоғарыда қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстарға біршама сипаттама берілген. Олардан шығатын қорытынды - қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар тәуелсіз республикамыздың күрделі мәселелерін шешуге зор үлес қосуда.

90 сұрақ. Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Он жеті жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.

Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.

Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.

Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, кәріс және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой дәстүрге айналды. Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады. Сондықтан 2010 жылы сәуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы қабылданды. Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы – халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл – бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні.

Ел Президенті еліміздегі тіл мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Этносаралық қатынастар жүйесінде мемлекеттік тіл ел бірлігін қалыптастырудың маңызды факторы болып танылған. Сондықтан да Ассамблея қызметінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту маңызды орынға ие.

Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық беделінің өсуіне ықпал етуде. Бүгінде Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісі әлем назарын аударып отыр.

Қазақстандық үлгі Біріккен ұлттар ұйымында, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерде, Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халықаралық форумдарда таныстырылып оң бағаға ие болды, ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 мемлекет тіліне аударылды.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун елімізге сапары барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен танысып Ассамблея принципі БҰҰ-ның жұмыс принципімен толық сәйкес келеді деп атап өтті.

Қазақстандық үлгі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар ісі жөніндегі Жоғары комиссары арасындағы өзара іс қимылдың негізгі бағыттарының біріне айналды. Қазақстандағы қоғамдық келісім үлгісіне қызығушылық танытушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар саны күн санап артып келеді.

2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті. Этносаралық қатынастар субъектілерінің жұмысының елімізде жүргізіліп келе жатқан саяси бағытпен үндес жаңа жүйесін қалыптастырды.

Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

Заңға сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы ол – заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме.

Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады, Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды, Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығы тиесілі. Ассамблеяның құрылымын Ассамблея Сессиясы, Ассамблея Кеңесі, Ассамблея Хатшылығы, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары құрайды.

Ассамблея Сессиясы – Ассамблея мүшелерінің жиналысы Ассамблеяның жоғары басқарушы органы болып табылады. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады. Кезекті Сессияны шақыру туралы өкім кезекті Сессияның еткізілетін күні, орны жене күн тәртібі көрсетіліп, ол басталғанға дейін отыз күннен кешіктірілмей қабылданады, бұл туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады. Кезектен тыс Сессия Ассамблея Төрағасының, Ассамблея Кеңесінің бастамасы бойынша немесе Ассамблея мүшелері жалпы санының кемінде үштен бірінің өтініші бойынша шақырылады жене оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде өткізіледі.

Ассамблея тарихында 18 сессия өткізіліп, онда қоғам өмірінің маңызды мәселелері мен мемлекет дамуының негізгі бағыттар талқыланды. Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен құрылатын Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады. Кеңестің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс органы оның Хатшылығы дербес құрылымдық бөлім ретінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрамына кіреді. Ассамблеяның және облыстар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеяларының құрамы - этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерінің, мемлекеттік органдар өкілдерінің және олардың қоғамдағы беделі ескеріле отырып Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан қалыптастырылады. Қазіргі уақытта Ассамблеясының құрамында 390 мүше бар. Ассамблеяға мүшелікке кандидатуралар облыстардың этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктерінің ұсыныстары негізінде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары сессияларының шешімі бойынша, сондай ақ республикалық, өңірлік этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдарының шешімі бойынша ұсынылады. Ассамблея қызметін ғылыми сүйемелдеу үшін Ғылыми-сарапшылық кеңес құрылып, қызмет атқаруда. Ғылыми-сарапшылық кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ ғалымдар, тәуелсіз сарапшылар мен мамандар кіреді. Этносаралық мәселені жариялаудың ерекшелігі ескеріле отырып Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан Журналистер мен сарапшылар клубы құрылған. Клуб жұмысының басты бағыты журналистер мен сарапшылар үшін этносаралық тақырыпты жариялаудың лайықты дәстүрін қалыптастыру, сондай-ақ Ассамблея мен БАҚ арасындағы байланысты тереңдету болып табылады. Барлық аймақтарда Достық үйлері өз жұмысын тиімді атқарып келеді, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласында – Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Мұнда жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиялары, әлемдік дәстүрлі діндер съездері, өзге де маңызды іс-шаралар өтеді.

91 сұрақ. Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 780 880 адам тұрады (1 ақпан 2013)[1]. Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Астана қаласының Бас жоспары — Астана қаласының тіршілік-тынысының қолайлы ортасын құру және оны орнықты дамыту, экологиялық қауіпсіздікті, табиғат пен мәдени мұраларды сақтау мақсатында жасалған қала құрылысының жоспары. Бұл жоба Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен іске асып жатыр. Астана қаласы халқының саны 2000 жылмен салыстырғанда 169,2 мың адамға көбейіп, 2006 жылдың басында 550,2 мың адам болды. Халық саны бойынша Қазақстандағы Алматы қаласынын кейінгі 2-орында.

Астана қаласы халқының табиғи қозғалысының оң факторы бала туу мен неке қию деңгейінің артуы болып табылады. 2005 жылы қалада 8,8 мың бала өмірге келді, ол 2000 жылы туылғандармен салыстырғанда 4,3 мыңға көп. 2005 жылы бала туудың коэффициенті 1 мың тұрғынға шаққанда 6,3, өлім — 6,7 құрады.

Қала халқының өсуі негізінен көші-қон ағыны есебінен қамтамасыз етілуде. Көші-қон сальдосының елеулі түрде өсуі (50 мыңнан асатын шекте) 2000—2001 жылдары байқалды.

Келгендердің санының кеткендерден асып түсуі негізінен азаматтардың республиканың ішіндегі көші-қон есебінен қамтамасыз етілді. Алайда соңғы жылдары оның салыстырмалы түрде тұрақтануы байқалады (2002 ж. — 6,8 мың, 2003 ж.- 5,4 мың, 2004 ж. — 14,2 мың, 2005 ж. — 15,7 мың адам). Халықтың табиғи өсімі осы кезеңде 2000 жылғы 1513 адамнан 2005 жылы 5,2 адамға дейін көбейді.

Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.

1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды.

1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.

1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.

1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.

1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.

1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.

92 сұрақ. 1. Бірінші басымдық: Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі. Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын” иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз. Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те, өйткені олар біздің жаһандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық-географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді. Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге міндетті. Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық “серпілісті” әлемдік экономикаға кірігудің қажетті шарты ретінде пайымдай отырып, мен мынадай бағыттарға баса назар аудару керек деп санаймын.1.1. Халықаралық маңыздағы “серпілістік” жобаларды іске асыру, индустрияны дамыту, әлемдік рыноктың белгілі бір тауашаларында бәсекеге қабілетті бола алатын тауарлар мен қызметтерді өндіру1.2. Қазақстанның өңірлік және халықаралық экономикалық бірлестіктер мен ассоциацияларға қатысуы жолымен халықаралық экономикаға кірігуі.1.3. Қазақстанды экономикалық жаңарту мен халықаралық рыноктарда бәсекеге қабілеттілігін нығайтудың қосымша құралы ретінде БСҰ-ға кіру. 1.4. Экспорттық-импорттық кредиттеуді дамытуды мемлекеттік қолдау. Шикізаттық емес тауарлардың экспорты мен жоғары технологиялық жабдықтардың импортын қолдау мен кредиттеу басымдыққа айналуға тиіс. 1.5. Қазақстанның жаңа технологияларды әзірлейтін және дамытатын халықаралық компаниялардың құрылтайшысы және акционері ретінде қатысуы. 1.6. Қазақстанда зиаткерлік меншік құқығымен және сауда маркасымен қорғалған тауарлар өндірісі үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру1.7. Ең жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін академиялық орталықтар мен оқу орындарын құру. Қазақстанда халықаралық ұйымдардың қатысуымен осы заманғы ғылыми орталықтар мен “технологиялық парктер” құру мен дамыту, жаңа технологияларды игеру үдерісіне қолдау көрсету мен кадрлардың білігін бағдарлаудың икемді жүйесін қалыптастыруымыз керек. 1.8. Осы заманғы және бәсекеге қабілетті көлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту. Қазақстанның көлік-коммуникация кешенінің басты мақсаты еуразиялық көлік жүйесіне кірігу болып қала береді. 1.9. Табиғат ресурстарын пайдаланудың ашық саясатын іске асыру. Біз табиғи ресурстарды пайдаланудың, трансұлттық компаниялармен және өңірдегі басты көршілерімізбен ынтымақтастықтың айқын әрі тұрақты шарттарын қамтамасыз етудің ашық саясатын жүргізуге бастама көтердік және оны одан әрі жүргізе беретін боламыз. 1.10. Алматыны қаржы және іскерлік белсенділіктің ірі өңірлік орталығы ретінде дамыту . Орталық Азия өңірінің басты қаржы орталығы ретінде Алматының серпінді дамуы Қазақстанның ірі қаржы ұйымдарын өңірлік үлкен бизнес-жобаларға арналған займдар беру, сақтандыру мен қаржы қызметін көрсету саласында негізгі “мердігерлерге” айналдыру үшін қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер туғызу мақсатына бағытталуға тиіс. 1.11. Нақты іске асыруБірінші басымдықты нақты іске асыру мақсатында Үкіметке мына міндеттерді тапсырамын: 2006 жылы қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық базаға талдау жасап, ретке келтіретін болсын. Қазақстан Республикасының “Бәсекелестік және монополистік қызметті шектеу туралы” Заңының жаңа редакциясын, “Концессиялар туралы” және “Өңірлік қаржы орталығы – Алматы қаласы туралы” заңдарды әзірлесін.Салықтық және кедендік әкімшілік жүргізу реформасын іске асырсын, отандық өндірушілерге мемлекеттік көмек көрсетуді қайта бағдарласын, техникалық реттеудің ішкі стандарттарын БСҰ-ның халықаралық стандарттарына сәйкес келтірсін, қаржылық қызмет рыногын реформалауды жалғастырсын. БСҰ-ға кіру шеңберінде біздің экономикамыздың кейбір салаларын, әсіресе, шикізатты өңдеуді дамыта отырып, ауыл шаруашылығын қолдауға мүмкіндік беретін арнаулы экономикалық “бейімделу бағдарламасын” әзірлеп, іске асыратын болсын.• Халықаралық рыноктың Қазақстан бәсекеге қабілетті өнім беруші бола алатын барлық секторларын ізерлей зерделеуді жалғастырсын және соны ескеріп, халықаралық бәсекеге қабілетті ұлттық тауарлар мен қызметті қолдаудың нақтылы және нысаналы бағдарламасын жасайтын болсын.• Даму институттарымен және жетекші қазақстандық компаниялармен бірлесіп, мақсатты орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік жобалар тізбесін түзетін болсын. Индустриялық аймақтардың, атап айтқанда, Астанадағы аймақтың, арнаулы экономикалық аймақтардың, көлік-логистикалық орталықтардың мәселелерін пысықтасын. Қытаймен шекаралық ынтымақтастықтың “Қорғас” орталығын дамытуға ерекше назар аударылуға тиіс.• Мемлекеттік даму институттарының іс-қимылын үйлестіру үшін құрамына барлық даму институттары кіретін Басқару компаниясын жасақтасын.• Биылғы жылы Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясы бекітіліп, онда мемлекет-жеке меншік серіктестігі негізінде инфрақұрылымды дамыту бойынша бизнеспен арадағы тиімді ынтымақтастық қамтамасыз етілсін. Еуропа – Азия аралығында сапалы тасымалды қамтамасыз ету үшін кем дегенде 2-3 авиациялық торап құрылсын. Әуе тасымалына сапалы қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету үшін Астана қаласында қызмет көрсету орталығы құрылсын.2.Екінші басымдық: Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру. 2.1. Ақша-кредит саясаты. Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. 2.2. Қадағалау тәртібі мен тиімді салық саясаты. Салық және кеден саясатын реформалау күллі экономикалық жаңару саясатының маңызды құралы болуы керек. 2.3. Экономиканың отын-энергетика және өндіруші секторларының тиімділігі мен экономикалық қайтарым деңгейін арттыру. Ішкі және әлемдік рыноктардың жаңа тауашаларын біз өндіруші өнеркәсіптің мұнай, газ және басқа салаларында терең өңдеуді дамыту есебінен игеруіміз керек. 2.4. Мемлекеттік активтерді тиімді басқару. Үкімет мемлекет активтерін басқарудың ашық және айқын жүйесін жасауы қажет. 2.5. Нарық қағидаттары негізінде мемлекет пен жеке меншік сектор арасындағы экономикалық өзара қатынастардың тиімділігін арттыру2.6. Кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту. 2.8. Экономиканы теңдестіре дамыту қажеттігіне сай келетін аумақтық даму .2.9. Астананы осы заманғы әлемдік стандарттарға сай келетін қала ретінде, Еуразиядағы халықаралық ықпалдастықтың ірі орталықтарының бірі ретінде дамыту. 2.10. Нақты іске асыруЕкінші басымдықты нақты іске асыру мақсатында Үкіметке мыналарды тапсырамын:• Валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін оңайлату арқылы “Валюталық реттеу туралы” Заңға тәуелді актілерді әзірлеу жұмыстарын аяқтайтын болсын.• 2007 жылдан бастап қосымша құн салығының ставкасын 1%-ға, ал 2008-2009 жылдары қосымша тағы да 1-2 %-ға азайту.• 2008 жылдан бастап әлеуметтік салық шамамен 30%-ға азайтылып, ол жұмыс берушілерді жұмысшылар жалақысын өсіруге ынталандыруы керек.• 2007 жылдан бастап, барлық жеке тұлғалар үшін табыс салығының 10%-дық белгіленген мөлшерлемесі енгізілсін. Еңбекақысы аз жұмысшылар санатының табыс деңгейін сақтау мақсатында айлық есептік көрсеткіштің орнына олардың салық салынатын табысынан ең аз жалақы мөлшерін алып тастауды ұсынамын. 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын бизнес субъектілері үшін салық салудың кемітілген бірыңғай мөлшерлемесі енгізілсін.Алты ай ішінде жоғарыда айтылған Салық қызметінің арнайы бөлімін құру жөнінде нақты ұсыныс әзірлесін.2006 жылы мұнай-химия өндірісін дамытудың таяудағы он жылға арналған кешенді Бас жоспарын белсенді түрде іске асыруды қолға алсын• Пайдалану мен тиімділік өлшемінің нақты мақсаттарын айқындау арқылы Мемлекеттік меншіктің бірыңғай тізілімін жасасын• 2006 жылдың ішінде келісім-шарттық міндеттемелерді орындау үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған қосымша шаралар кешенін әзірлеп, талқылауға ұсынатын болсын.• Ұлттық банк пен Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу жөніндегі агенттік компаниялардың жарғылық қорындағы үлестері аз инвесторлардың, акционерлер мен құрылтайшылардың құқықтарын қорғау туралы заңды әзірлесін.• “Электрондық үкімет” жобасын іске асыруды жеделдетсін. Ол үшін биылғы жылы “Біріздендірілген номерлердің ұлттық тізілімі туралы” Заң қабылдануға және “Ақпараттандыру туралы” Заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілуге тиіс. Нақты іске асырылған жағдайда мұның өзі әрбір азаматтың енді қазіргі кезде жиі талап етіліп жүрген СТН, ӘЖК, төлқұжат нөмірі және басқа да құжаттардың орнына өзінің әмбебап дербес кодын иеленуіне мүмкіндік береді.• Алты ай ішінде монополияға қарсы және бәсекелестікті қорғау туралы заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізілсін. 2006 жылы Қазақстанның 2015 жылға дейінгі Аумақтық даму стратегиясын әзірлеуді аяқтайтын болсын.Үш ай ішінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру тұжырымдамасын әзірлесін және 2006 жылдың қыркүйегіне дейін нақты көрсетілген өңірлерде ӘКК құрайтын болсын. 2006 жылы Астана қаласының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын және Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды қолға алсын.Алты ай ішінде заңнамаға “Самұрық” мемлекеттік холдинг компаниясының қызметіне қатысты өзгерістер енгізсін және ұлттық компаниялардың құнды қағаздарын қаржы рыногына шығару бағдарламасын әзірлесін.3. Үшінші басымдық: Халықтың неғұрлым “әлжуаз” топтарын қорғайтын және экономиканың дамуына қолдау көрсететін осы заманғы әлеуметтік саясат3.1. Халықтың неғұрлым “әлжуаз” топтарына қолдау көрсету 3.2. Әлеуметтік қолдау көрсету жүйесінің нарықтық экономика талаптарына сай қайта бағдарлануы 3.3. Тұрғын үй құрылысы және жылжымайтын мүлік рыногын дамыту мәселелері3.4. Денсаулық сақтау саласын ұйымдастыруда осы заманғы қағидаттар мен стандарттарға көшу 3.5. Халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету 3.6. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің халықаралық стандарттарын енгізу3.7. Еңбек ресурстарын дамытудың тиімді жүйесін құру3.8. Нақты іс жүзіне асыруХалықты әлеуметтік қорғаудың жоғарыда аталған мәселелерін шешу үшін Үкіметке:• 2007 жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 30 пайызға көбейтуді;• 2006 жылдың 1 шілдесінен арнайы әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін:- соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдарға 2,4 есе (2472 теңгеден 5974 теңгеге дейін);- соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 1,2 есе (5871 теңгеден 7313 теңгеге дейін);- Ұлы Отан соғысы кезеңінде қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне 1,6 есе (2781 теңгеден 4326 теңгеге дейін);- қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына бір жарым есе (2884 теңгеден 4429 теңгеге дейін);- қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдеріне, ерлеріне 2,7 есе (927 теңгеден 2472 теңгеге дейін);- Ұлы Отан соғысы жылдарында қажырлы еңбегі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ тылда алты айдан аз емес уақыт жұмыс істеген (қызмет еткен) адамдарға екі есе (1030 теңгеден 2060 теңгеге дейін);- 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апат зардабын жоюға қатысушылар қатарындағы адамдарға төрт есе (515 теңгеден 2060 теңгеге дейін) көбейтуді тапсырамын.• Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуетті құрылымдардың зейнеткерлері үшін зейнетақы мөлшерінің бір жолғы сараланған өсімі жүргізілсін.Сонымен қатар мен Үкіметке республикамыздағы әлеуметтік жүйені жақсарту үшін тағы да бірқатар шараларды іске асыруды жүктеймін:• 2007 жылдан бастап зейнетақылық және әлеуметтік төлемдерді ағымдағы айдан кешіктірмей төлеуді жүзеге асыруға көшу керек, бұл мақсатқа шамамен 30 миллиард теңге бөлінсін.• 2007 жылы Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс жобасы әзірленсін.• Кәсіби-техникалық және жоғары білім беру мекемелері жүйесі арқылы білікті ұлттық кадрларды жұмысшы мамандықтары бойынша оқыту және кәсіби жағынан даярлау жөніндегі бағдарлама әзірленсін.Бағдарламада кәсіби-техникалық білім беру жүйесіне қатысуы үшін ынталандыру және оның тетіктерін жасау арқылы Қазақстанда жұмыс істейтін ұлттық компаниялар мен жеке бизнестің әлеуеті іске қосылуы қажет.• 2006 жылы тұжырымдамасы барлық халықаралық стандарттарға, Халықаралық еңбек ұйымы мен Бүкіләлемдік сауда ұйымының талаптарына сай келетін Еңбек кодексін қабылдау қажет.• Үкімет 2006 жылы оралмандардың білімі мен біліктілігін ескере отырып, оларды иммиграция квотасына енгізудің объективтік өлшемдерін әзірлейтін болсын.Қымбатты қазақстандықтар! Экономикалық игілігімізді арттыра түскен сайын біз әр кездерде түрлі жағдайларда өздерінің туған елі үшін қажет болғанда өмірі мен денсаулығын қиған жандарды, олардың отбасылары мен жақындарын ешқашан естен шығармауымыз қажет. Қазақстан да олардың алдарындағы өзінің әлеуметтік жауапкершілігін ешқашан ұмытпайды. 2002 жылдан бастап 2006 жылға жоспарланған шығынды қоса есептегенде, республикалық бюджеттегі әлеуметтік көмек көрсету мен әлеуметтік қамсыздандырудың жыл сайынғы шығыны 160 миллиард теңгеден 362 миллиард теңгеге дейін, яғни екі еседен астамға өсті. Өздеріңіз көріп отырсыздар, мүмкіндігінің артуына қарай мемлекет оларға көрсетілетін көмек мөлшерін одан әрі көбейте беретін болады.4. Төртінші басымдық: Осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі4.1. Осы заманғы білім беру және білікті кадрлар даярлау жүйесін дамытуБілім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. 4.2. Қазақстанның көпұлтты және көпконфессиялы болуы негізінде мәдениеттің ел мемлекеттілігінің қалыптасу үдерісіндегі рөлін нығайту5. Бесінші басымдық: Демократияны одан әрі дамыту және саяси жүйені жаңарту 6. Алтыншы басымдық: Осы заманғы қауіпқатерлер мен қыр көрсетулерге қарсы бара-бар ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру2006-2010 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздіктің жаңа стратегиясыҚазақстанның мемлекеттілігін, ұлттық егемендігі мен тұтастығын нығайту жаңа Әскери доктринаның негізінде жүзеге асырылуға тиіс.Тәуелсiздiк алғаннан кейiн (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бiрнеше тәсiлi қолданылды. Мемл. экон. саясаттың базалық бағыттары мыналар болды: 1) соц. экономикадан кейiнгi қайта құру; 2) дағдарысқа қарсыбағдарлама; 3) макроэкон. тұрақтандыру; 4) дүниежүз. экон. дағдарысты еңсеру; 5) экон. өрлеудi қамтамасыз ету.

93 сұрақ. 1991 жылы 16 желтоксанда «Қазақ-СФаиҒРеспубликасының төуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы төуелсіз мемлекет деп жарияланды. Республикадағы барлык үлттардың өкілдері жергілікті қазақтармен бірдей Қазақстанның тең қүқықты азаматы деп саналады. Олар республикадағы мемлекеттік өкіметтің қайнар көзі жөне егемендіктің бірден-бір қоргаушысы болып табылады.

Біздің Ата заңымызда Қазақстанда өз ©кілдері өмір сүретін үлттардың үлттық жөне азаматтық теңдігіне, тілі мен мөдениетінің дамуына жагдай жасалуына кепілдік берілген. Бүл бағытта Негізгі заңда қазақ тілі — мемлекеттік тіл ретінде заңдастырылды да, орыс тілі ресми мекемелерде қолданылатын тіл деп танылды. Мемлекеттік тілмен катар Қазакстанда өмір сүріп отырған басқа халықтар өкілдері тілдеріне де өкімет тарапынан қамқорлық жасау анық айтылган. Бүл тілдердің терезесі теңдігін сақтай отырып, мемлекеттік тілге деген күрметті күшейте түсу болып саналады.

Қазақстандағы тіл саясатының басты бағыты — қазақ тілінің мемлекеттік мөртебесін накты шаралармен бекіту. Мүнымен бірге мемлекеттік қазақ тілін дамыту зорлықты, асығыстықты кетермейді. Қазақстандағы тіл саясаты икемді, түрлі үстанымдағы мүдделерді тоқайластыруға дайын саясат болғаны дүрыс. Қазіргі қалыптасқан ахуалда қазак тілін өкімшіл өдістермен, жоспармен, зорлықпен елге таныту мүмкін емес. Полиэтностық елде қазак тілін жөне елдегі басқа халықтар тілдерін дамытудың ғылыми түжырымдалған, ешқандай қысым мен зорлыққа жол бермейтін саясаты кажет.

Айтылған ойлардың барлығы коп үлтты Қазакстандағы тіл саясатының қоғамдық өмірде аса маңызды рөл атқаратындығын дөлелдейді. Тіл автономды өздігінен дами алмайтын күбылыс.

94 сұрақ. «Қазақстан Республикасында тілдер туралы Заңның» қабылдануы. (Қазақстандағы тілдер қызметінің құқықтық негіздері белгіленді).1997 ж. сәуір – Президенттің «Қазақстан Респуликасының Әкімшілік – териториялық құрылысын реттеу жөніндегі Шаралар туралы» жарлығы: Талдықорған (територисын Алматы облысының құрамына ендіру) және Торғай (териториясын Ақмола және Қостанай облыстарының құрамына ендіру) облыстарын тарату. мамыр – Жезқазған (Қарағанды облысымен біріктіру), Көкшетау (Солтүстік Қазақстан облысының құрамына ендіру) және Семей (Шығыс Қазақстан облысының құрамына ендіру) облыстарын таратылуы.қараша – Н.Ә. Навзарбаевтың АҚШ-қа сапары,мұнай – газ саласындағы бірсыпыра келісімдерге қол қою және Қазақстан – Амареика қатынастарын «стратегиялық – серіктестік» денгейіне жеткізу.желтоқсан – БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 52- сессиясының (Қазақстан бастамасымен) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық қаруларды сынаудың зардабын жоюға көмек көрсету туралы шешім қабылдауы.1998 ж. шілде – Қазақстанмен Қырғыстан Республикалары арасындағымемлекеттік шекараларды бөлуді ретке келтіру жөніндегі Меморандумға қол қойылды.Қазақстан Республикасының жаңа астанасы – Астана қаласының тұсау кесері.Қазақстан Республикасының Парламентінің 1999 жылдың 10 қаңтарындаБелгіленген ҚР Президентінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы шешімі.1999 ж. 10 қаңтар – Қазақстан Республика Президентін бірінші реет альтернативті негізде сайлау. Аса баса дауыстарымен жеті жылдық мерзімге Н.Ә., Назарбаев президент болып сайланды.Әлеуметтік – экононмикалық даму.1997 жыл Қазақстан Республикасы экономикасына шетел капиталын жан-жақты таратуға бағыт ұстау.Бір қызметкердің номиналдық орта жалақысын (1994 жылдан 1998 жылдың басына дейін) 2,6 есе өсіру.1997 жыл «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» базалық Заңның қабылдануы.Шаруа (фермерлік) қожалықтарының санының өсуі (1991 жылдың 1-қаңтарындағы 324 – тен 1998 жылғы 1 – қаңтарда 51347 –ге жетті). 1998 жыл Республикалық «Халық Денсаулығы» бағдарламасы жарияланды.1999 ж. тамыз – Шағын кәсіпкерлікті дамытудың Мемлекеттік қоры құрылды.Бұл бағдарлама еліміздің саяси,әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 басымдылық:Ұлттық қауіпсіздікті сақтау.Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту.Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу.Қазақстан азаматтарының денсаулығы,білімі мен әл-ауқатын көтеру.Энергетика ресурстарын жете пайдалану.Инфрақұрылым, көлік, байланысты дамыту.Демократиялық кәсіби мемлекет құру.

95 сұрақ. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді.

Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 6 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.

Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 6 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.

Сонымен бірге, әлемге ұлттық рухани ескерткіштер байлығын паш етеді. Бағдарламаны қабылдағаннан кейін 2004 жылы 51 тарихи және мәдени ескерткіштің реставрациялық жұмысы аяқталып, 39 қалашық пен қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізілді. 218 нысанды қамтыған Қазақстанның тарихи-мәдени және тарихи ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі дайындалды. Ұлттық мәдениет үшін аса маңызды 30 сәулеттік және археологиялық қосымша ғылыми зерттеулер жүргізілді.

Ұлттық мәдени мұраны толық зерттеу жүйесінің құрылуы бағдарламаны құруда аса маңызды болмақ. Республика тәуелсіздік алғаннан кейін толық гуманитарлық білім беру қорын құру мақсатында мемлекеттік тілде алғашқы қадамдар жасалды. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан, Армения, Құрама Штаттар және Батыс Еуропа елдеріне ғылыми зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. Олардың қорытындысы бойынша ғылыми топтарда бұдан бұрын белгілі Қазақстанның сәулеті, этнографиясы, тарихы бойынша шамамен бес мың жазба және баспалар алынды. 350-ден астам кітап, олардың ішінде этнография, археология, тарих бойынша сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды.

Бағдарламаның жүзеге асуын мәдениет, әдебиет, философия, тарих, этнография, және тіл білімі т.б. бойынша академиялық институттар құрылуынан, бағдарламаның тиімді жоспарларының орындалуынан көреміз. Ұлттық кітапхана елдің жоғары оқу орындарының бірі. Нұрсұлтан Назарбаев «Мәдени мұра» бағдарламасын мемлекеттің мәдениетіне қолдау көрсететін стратегиялық ұлттық жоба деп атаған. Бағдарлама халықтың гуманистикалық курсы және потенциалын көрсетіп, оның тарихи тәжірибесін байытып, болашақтың сенімді тірегі болмақ.

Қазақстан тарихында гуманитарлық акция ретінде жүргізілетін «Мәдени мұра» бағдарламасы бұдан әрі қарыштап дами бермек.

96 сұрақ. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған СТРАТЕГИЯСЫ Астана, 2008 жыл  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауларынан:       "Біздің экономикалық жетістіктеріміз Қазақстанның Орталық Азия экономикасында көш басына шығуына жол ашты. Ендігі жерде біздің қолымызда Қазақстанды экономикалық дамудың "өңірлік локомотивіне" әрі оны әлемдік экономиканың оңтайлы "ойыншысына" айналдыра алатындай күш бар."       "Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр."       "Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық "орнын" иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз."       "... өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл - жеке меншік институты мен келісім шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика."       "Экономиканың өсуін басқаруды біз халықаралық нарықтың осы заманғы талаптарына сай келетін Қазақстанды одан әрі индустрияландыру саясатының негізінде қамтамасыз етуге тиіспіз".  Мазмұны Стратегияның паспорты  Кіріспе  1.  Әлемдік экономиканың үрдістерін талдау және Қазақстан экономикасының бәсекелестік қабілетін арттыру проблемалары 1.1. Әлемдік және өңірлік экономикалар дамуының негізгі үрдістерін талдау және олардың Қазақстанның экономикалық дамуына әсері 1.2. Стратегияның 2003-2007 жылдары іске асырылуының тиімділігін талдау 1.2.1. Қазақстан экономикасын одан әрі әртараптандыру мәселелері 2.  Стратегияны іске асырудың мақсаттары, міндеттері және принциптері 3.  Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтарын айқындау 3.1. Мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру қағидаттары 4.  Стратегияны іске асыру бағыттары 4.1. Шикізаттық емес сектор кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыру 4.1.1. Ұлттық инновациялық жүйені дамыту 4.1.2. Технологиялар трансферті 4.1.3. Ғылымды дамыту 4.1.4. Индустриялық инфрақұрылымды дамыту 4.1.5. Сауда саясаты және қазақстандық экспортты қолдау 4.2. Индустриялық-инновациялық саясаттың басым бағыттарын дамыту үшін экономиканың өндіруші салаларының әлеуетін пайдалану 4.2.1. Мұнай-газ саласының мүмкіндіктері 4.2.2. Тау-кен және металлургия саласының мүмкіндіктері 4.2.3. Өндіруші салалардың әлеуетін іске асырудағы мемлекеттің белсенді рөлі 4.3. Жаһандық орнықты қазақстандық корпорациялар құру 4.4. Ауыл шаруашылығының әлеуетін дамыту 4.5. Қолайлы кәсіпкерлік ахуал жасау мен шағын және орта бизнесті дамыту 4.5.1. Кластерлік бастаманы іске асыру 4.5.2. Бизнес-ортаны жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту 4.6. Мемлекеттік холдингтер қызметін үйлестіру 4.7. Материалдық және материалдық емес инфрақұрылымды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау 4.7.1. Электр энергетикасы саясаты 4.7.2. Көліктік-инфрақұрылымдық даму 4.7.3. Телекоммуникацияны дамыту 4.7.4. Білім беруді дамыту және кадрлар даярлау 4.7.5. Қаржы секторын дамыту 4.7.6. Фискалдық саясат 4.7.7. Тариф саясаты және бәсекелестікті қорғау 4.7.8. Техникалық реттеу мен өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесін дамыту 4.7.9. Экологиялық саясат 5.  Стратегияны іске асырудың кезеңдері мен тетігі 5.1. Іске асыру кезеңдері 5.2. Іске асыру тетігі 6.  Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері 7.  Стратегияны іске асырудан күтілетін нәтижелер  Стратегияның паспорты Атауы                       Қазақстан Республикасының                              Индустриялық-инновациялық дамуының                              2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы                              (бұдан әрі - Стратегия) Әзірлеу үшін негіз         Стратегия Қазақстан Республикасы                              Президентінің "Елдегі жағдай және                              2002 жылға арналған ішкі және сыртқы                              саясаттың негізгі бағыттары туралы"                              Қазақстан халқына Жолдауына,                              Мемлекет басшысының "Қазақстан өз                              дамуындағы жаңа серпіліс жасау                              қарсаңында (Қазақстанның әлемдегі                              бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің                              қатарына кіру стратегиясы)" атты                              2006 жылғы 1 наурыздағы және                              "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты                              2007 жылғы 28 ақпандағы жолдауларына,                              "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі                              Даму стратегиясын одан әрі іске асыру                              жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан                              Республикасы Президентінің 2007 жылғы                              6 сәуірдегі N 310 Жарлығымен                              бекітілген Мемлекет басшысының                              2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына                              жыл сайынғы жолдауларын іске асыру                              жөніндегі негізгі бағыттардың                              (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспары                              және "Мемлекет басшысының 2005-2007                              жылдардағы Қазақстан халқына жыл                              сайынғы жолдауларын іске асыру                              жөніндегі негізгі бағыттардың                              (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарына,                              Қазақстан Республикасы Үкіметінің                              2007-2009 жылдарға арналған                              бағдарламасын орындау жөніндегі                              іс-шаралар жоспарын бекіту туралы"                              Қазақстан Республикасы Үкіметінің                              2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319                              қаулысымен бекітілген іс-шаралар                              жоспарына сәйкес әзірленген Әзірлеушілер                Қазақстан Республикасы Индустрия және                              сауда министрлігі Қазақстан                              Республикасы Экономика және бюджеттік                              жоспарлау, Білім және ғылым, Қаржы,                              Көлік және коммуникация, Энергетика                              және минералдық ресурстар, Ауыл                              шаруашылығы, Еңбек және халықты                              әлеуметтік қорғау, Қоршаған ортаны                              қорғау министрліктерімен, Табиғи                              монополияларды реттеу агенттігімен                              және т.б. бірлесіп әзірледі Мақсаты                     Басты мақсат ұлттық экономиканы                              шикізаттық бағыттылықтан арылуға ықпал                              ететіндей етіп одан әрі жаңғырту,                              әртараптандыру және бәсекеге                              қабілеттілігін арттыру жолымен елдің                              орнықты дамуына қол жеткізу, ұзақ                              мерзімді көздегенде                              сервистік-технологиялық экономикаға                              өту үшін жағдайлар жасау болып табылады Міндеттері                 Алдағы кезде оң трендтің өсуімен                              ЖІӨ-дегі өңдеуші өнеркәсіп үлесінің                              қысқаруы үрдісін еңсеру және                              экономика мен өнеркәсіп өндірісінің                              құрылымын одан әрі өзгерту;                              корпоративтік көшбасшыларды                              қалыптастыру мақсатында Қазақстанның                              нақты жаһандық артықшылықтарын дамыту;                              елдің экспорттық әлеуетін жоғары                              қосылған құнды тауарлар мен қызметтер                              ыңғайына дамыту, шикізаттық емес                              экспорттық жеткізулердің географиясын                              әртараптандыру және шикізаттық емес                              тауарлар үлесін ұлғайта отырып оны                              қайта құрылымдау;                              еңбек өнімділігін арттыру және ЖІӨ-нің                              энергия қажетсінуін төмендету;                              индустриялық дамуды кадрлық қамтамасыз                              ету және білім беру жүйесін жетілдіру;                              қаржы жүйесінің орнықтылығын арттыру;                              отандық тауарлар мен көрсетілетін                              қызметтердің әлемдік нарыққа қол                              жеткізуін және ел ішінде ықпалдасуын                              қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы                              инфрақұрылымды дамыту;                              өңірлік деңгейде кластерлік бастаманы                              тиімді іске асыру жолымен шағын және                              орта бизнес саласының жеделдете өсуін                              қамтамасыз ету;                              жеке сектордың дамуын ынталандыратын                              қолайлы кәсіпкерлік ахуал жасау;                              өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық                              кешендердің ынтымақтастығын                              ынталандыру және өндірістік                              байланыстарын орнату үшін жағдайлар мен                              алғышарттар жасау;                              мемлекеттік стандарттардың халықаралық                              талаптармен үйлесімділігі деңгейін                              арттыру Іске асыру мерзімі        2003-2015 жылдар                              1 кезең - 2003-2005 жылдар                              2 кезең - 2006-2010 жылдар                              3 кезең - 2011-2015 жылдар Қажетті ресурстар          Инвестициялық сипаттағы шығындарды және қаржыландыру         қоспағанда, Стратегияны іске асыруға көздері                   тікелей шығындардың болжамды көлемдері                           2015 жылды қоса алғанда 10 млрд. АҚШ                              долларына (1226 млрд. теңге) тең соманы                              құрайды.                              Республикалық бюджеттен қаржыландыру                              көлемі тиісті жылға арналған бюджетті                              қалыптастыру кезінде нақтыланатын                              болады. Стратегияның іс-шараларын                              қаржыландыру үшін даму                              институттарының, ұлттық холдингтердің,                              ұлттық компаниялардың, әлеуметтік-                              кәсіпкерлік корпорациялардың                              қаражаттары тартылатын болады.                              Бұған қоса, жаңа технологиялық және                              ғылымды қажетсінетін өндірістер                              құруға, инфрақұрылымды дамытуға                              бағытталған неғұрлым басымды және                              тиімді жобаларды іске асыру үшін                              халықаралық ұйымдар мен донор елдердің                              көмегін тарту көзделеді. Негізгі қаржы                              жүктемесін жеке сектор көтеруі тиіс.                              Алдын ала бағалау бойынша мемлекеттік                              және жеке капиталдың қатысуы бірдің                              екіге арақатынасын құрауы тиіс Күтілетін нәтижелер        Стратегияны белсенді іске асыру 2015                              жылға қарай мынадай нәтижелер алуды                              қамтамасыз етеді:                              2008-2015 жылдары ЖІӨ-нің орташа жылдық                              өсуін 6,8 % деңгейінде қамтамасыз ету;                              2015 жылға қарай ЖІӨ-нің құрылымындағы                              шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін                              43 %-ке дейін ұлғайту;                              өнеркәсіптік өндірісте шағын және орта                              кәсіпкерліктің қатысу үлесін 20 %-ке                              дейін жеткізу;                              ЖІӨ-нің өсуінің 6,8 % орташа жылдық                              қарқынын ескере отырып, ғылымды                              қажетсінетін және жоғары технологиялық                              өндірістердің үлесін 1,3 %-ке дейін                              ұлғайту;                              өткізудің әлемдік нарықтарына сапалы                              қол жеткізуді және ішкі ықпалдасуды                              қамтамасыз ету үшін көлік-логистикалық                              инфрақұрылымының тиімді жүйесін құру;                              Қазақстанның аумағы арқылы транзит                              көлемін: 114,6 млн. тонна жүктен (2006                              жылғы) 320,2 млн. тонна жүкке дейін                              (2015 жылы) ұлғайту;                              ЖІӨ құрылымындағы ғылыми және ғылыми-                              инновациялық қызметтің қызмет көрсетуі                              үлес салмағын 2005 жылғы 0,5 %-тен                              2015 жылға қарай 1,7 %-ке дейін арттыру;                              ЖІӨ құрылымындағы тауарлар өндірудің                              үлес салмағы 46,8 %-ті құрайды                              (Стратегияны іске асыру ескерілмесе                              тауарлар өндірісінің үлесі 45,9 %-ті                              құраған болар еді);                              ЖІӨ құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің                              үлесі шамамен 13 %-ті құрайды                              (Стратегияны іске асыру ескерілмесе                              өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 11,9 %-ті                              құраған болар еді);                              өңдеуші өнеркәсіптегі өсу қарқынын                              2015 жылға қарай 8 %-ке дейін жеткізу;                              қазіргі шикізаттық емес экспорт                              көлемінің өсуі және географиясының                              ұлғаюы;                              негізгі капиталға инвестициялардың жыл                              сайынғы көлемі 8-10 трлн. теңгеге                              дейін үш-төрт есе ұлғаяды,                              одан өңдеуші өнеркәсіптің,                              көлік-коммуникациялық және                              энергетикалық салалардың негізгі                              капиталына инвестициялар кемінде                               50 %-ті құрайтын болады;                              2000 жылға қарағанда еңбек                              өнімділігінің кемінде 3 есеге ұлғаюы;                              2000 жылға қарағанда энергия                              қажетсінудің 2 есеге төмендеуі;                              мемлекеттік стандарттардың халықаралық                              талаптармен үйлесімділігінің деңгейін                              65 %-ке дейін арттыруды қамтамасыз ету.

97 сұрақ. Білім саласындагы өзгерістер.Жоғары оку орындары (1997ж.)40-тан астам коммерциялыкЖоғары оку орындары (2000 ж. басы)100-ден астам коммерциялыкКазакстанның барлык жогары жэне арнаулы орта оку орындарында казак тілінде оку бөлімдері ашылды. Соңгы жылдарыЗОО-ден астам жалпы орта білім беретін казак мектептері ашылып, олардың саны - 3,3 мыңга жетті. Республикада:17 ұлттілінде 100-деген мектеп;12 тілде шығатын газеттер мен журналдар;11 және 6 тілде хабар жүргізетін теле радио кызмет етеді.1999 жылғы 11 маусым – Қазакстан Республикасының «Білім туралы» заңы жарияланды.2000 жылдың басында республика бойынша 252.800 ұстаз енбек етуде.Қазакстан тәуелсіздік алуымен байланысты халыкка білім беру жүйесінің халыкаралык байланысы кеңейді. Білімді мамандарды көбейту максатында жастарды шетелдердің беделді оку орындарына жіберу өзекті сипат ала бастады.1993 жылғы 5 караша – Президенттің «Болашак» атты 250 халыкаралык стипендиясы белгіленді.Ғылымды, технологияларды және инновацияларды дамытуТехнологиялар мен инновациялар саласындағы тиімді мемлекеттік саясат елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың түйінді факторларының біріне айналуы тиіс. Үкімет отандық, сондай-ақ шетелдік ғылыми әлеует пен технологияларды пайдалану негізінде бәсекеге қабілетті соңғы өнім жасауды қамтамасыз ететін ашық үлгідегі инновациялық жүйені одан әрі қалыптастыру үшін шаралар қабылдайтын болады.Технологиялар мен инновациялар саласындағы мемлекеттік саясат қысқа мерзімді кезеңде мынадай ережелерге негізделе отырып жоспарлануы тиіс:1.       Мемлекет «озық технологиялар импортын» қолдау есебінен, сондай-ақ Қазақстанда операция жасайтын ірі корпорациялармен ынтымақтастық арқылы экономиканың нақты секторы салаларының технологиялық базасын жаңғыртуды қамтамасыз етуге тиіс, бұл болашақта инновациялық бағдарламалар үшін негізге айналуы тиіс.2.       Мемлекет жеке сектордың бастамаларын қолдайтын инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыруға белсенді қатысуға тиіс.3.       «Инновациялар импортын» қолдау әлемдегі қазіргі заманғы жоғары технологиялы бағыттардың дамуын оларды Қазақстанға енгізу нысанына егжей-тегжейлі талдау және мониторингілеу нәтижелеріне негізделетін болады, өйткені Қазақстанның артта қалуы бірқатар объективті себептерге байланысты экспоненциальды түрде өсіп келе жатқан бағыттар бар және бүгінгі таңда қазақстандық технологиялық және ғылыми әлеуеттің оларға қатысуы мүмкін емес. Озық шетелдік технологиялар трансфертін ынталандырудың мемлекет тарапынан тікелей қаржылық (гранттар, жеңілдікті қаржыландыру, лизинг және т.б.) және жанама (салықтық жеңілдіктер мен инвестициялық преференциялар) қолдауды қамтитын кешенді жүйесі мемлекеттік саясатты іске асырудағы негізгі құралдардың біріне айналуға тиіс. Бұл ретте озық технологиялар трансфертіне мемлекеттік ұстаным экономика қажеттіліктеріне және қазіргі ресурстарға негізделуге, технологиялық шектеулерді ескеруге, сондай-ақ құрылған және көшірілген технологияларды одан әрі дамытуды қамтамасыз етуге бағытталуға тиіс.Осылайша, Үкіметтің технологиялар мен инновациялар саласындағы жұмысы төрт бағыттағы міндеттерді шешуге бағытталады:1.Экономиканың нақты секторы үшін озық шетелдік технологиялар импортын басқару тетігін құру.2.Телекоммуникациялар және технологиялық сервис саласында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру.3.                      Әлемнің технологиялық жағынан неғұрлым дамыған өңірлерінде қазіргі заманғы үрдістердің тұрақты мониторингінің тетіктері арқылы серпінді секірісті инновациялық технологиялар импорты жүйесін қалыптастыру.4.                      Технологиялар мен инновациялар импортын қолдаудың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру.Инновациялық жүйе элементтерін ақпараттық қамтамасыз ету үшін «Ауани технопарк» инновациялық дамудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру болжанып отыр.«Ұлттық инновациялық қор» АҚ тиісті халықаралық сараптамалық қолдау жағдайында шетелдік компаниялардың активтерін сатып алу жолымен шетелде перспективалы жобаларды қаржыландыру жөніндегі жүйелі жұмысты бастайтын болады.Қазақстан Республикасының аумағында отандық және шетелдік инвесторлармен бірлесіп, венчурлік қорлар құру және шетелдік венчурлік қорларға инвестициялау жолымен венчурлік қаржыландыру инфрақұрылымын қалыптастыру жалғасады.Үкімет индустриялық-инновациялық дамуды басқару, даму институттарының жұмыс істеуі, заңнамаға қажетті өзгерістер енгізе отырып, мемлекеттік-жеке серіктестік салаларындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайтын болады.Мысал ретінде мынадай жобаларды атауға болады: «Бәйтерек» зымыран-ғарыш кешені, Мойнақ СЭС-ін, алюминий шығару жөніндегі электролиз зауытын салу, ақпараттық және ядролық технологиялардың ұлттық парктері, мұнай-химия паркі және басқалары.Осыған байланысты Үкімет таяудағы уақытта серпінді секіріс жобаларының тізбесін сәйкестендіруі және қалыптастыруы, сондай-ақ тікелей қаржыландыруды қоса алғанда, оларды мемлекет тарапынан қолдаудың кешенді жүйесін құруы қажет.Ғылымды дамыту Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру стратегиясын табысты іске асырудың ажырамас шарты болып табылады.Білім беруді дамытуБүгінгі таңда білім беру саяси, әлеуметтік және экономикалық прогрестің басты факторы ретінде әділ қаралып отыр. Қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінде болып жатқан өзгерістер білім беру жүйесінен ұтқырлықты және экономиканың даму қажеттіліктеріне сәйкестікті талап етеді.Үкімет білім беру саласында қазіргі заманғы білім берудің бәсекеге қабілетті жүйесін құруды, Қазақстанның анағұрлым дамыған елдер қатарына кіруінің басты факторларының бірі ретінде кадрлар даярлау мен қайта даярлауды өз мақсаты етіп қояды.Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:   ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын арттыру; индустриялық-инновациялық дамуды іске асыруды қамтамасыз ету үшін кадрларды қайта даярлау жүйесін қалыптастыру; халықаралық білім беру кеңістігіне ықпалдасу.Осы мақсаттарда мыналар әзірленетін болады: жаңа «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы;2006 – 2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» мемлекеттік бағдарламасы; 2006 – 2010 жылдарға арналған азамттарды патриоттық тәрбиелеудің мемлекеттік бағдарламасы;12 жылдық орта жалпы білім беруге көшу жоспары;«Балабақшаға барамыз» атты мектепке дейінгі тәрбие беруді қолдау бағдарламасы;Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар.Ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын арттыру, білім беру жүйесіне халықаралық индикаторлармен үйлестірілген индикаторларды енгізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану жолымен халықтың кең жігінің білім беру және ғылыми қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету, барлық дейгейлерде мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттарын жетілдіру, барлық дейгейдегі білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базасын нығайту, білім беру қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің сараланған жүйесін енгізу жөніндегі шаралар қабылданатын болады.Мектепке дейінгі және орта білім беру саласында мектепке дейінгі ұйымдардың балаларды қамту деңгейі ұлғайтылады, 2008 жылы 12 жылдық орта жалпы білім беруге кезең-кезеңмен көшу жүзеге асырылады, отандық оқулықтар, оның ішінде электрондық оқулықтар әзірленеді және енгізіледі; «Оқып-үйрету теледидары» құрылады. 2008 жылға қарай оқушылардың компьютерлермен қамтамасыз етілу арақатынасы 20-ға 1-ге дейін жеткізілетін болады.Жоғары кәсіптік білім беру саласында мыналар болжанады:- жетекші техникалық университеттер базасында білім беру мен ғылымның басым бағыттары бойынша өңірлік академиялық қалашықтар құру;- батыстың жетекші технологияларын пайдалана отырып, жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа қағидаттарын қалыптастыру; жоғары оқу орындарына түсу кезінде өту балын 50-ге дейін, ал медициналық жоғары оқу орындары үшін 60-қа дейін ұлғайту жолымен талаптарды күшейту;онымен қатар мұғалімдер мен оқыту әдістемелеріне қойылатын талаптарды да күшейту қажет; білім беруге кредит беру жүйесін жетілдіру жолымен жоғары білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету; мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде оқитын мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарының түлектерін бекітіп беру тетігін енгізу; халықаралық сыртқы сарапшыларды тарта отырып, жоғары оқу орындарын аккредиттеудің халықаралық үлгісіне көшуді жүзеге асыру; ЭЖДҰ елдері пайдаланатын қызметтің нәтижелерін бағалау стандарттарына көшу.Үкімет индустриялық-инновациялық дамуды іске асыруды қамтамасыз ету үшін кадрларды қайта даярлаудың тұтас жүйесін қалыптастыруды жоспарлап отыр. Осы мақсатпен мыналарды көздейтін жүйелі шаралар қабылданады:1. Кадрларды кәсіптік даярлаудың үш құрылым құрушы құрауыштарын пайдалану негізінде жұмыс күшінің кәсіптік-біліктілік деңгейін арттыру: білім беру ұйымдарында жастарды кәсіптік оқыту;кәсіпорындар мен мекемелердің персоналын өндіріс ішінде оқыту;жұмыссыз азаматтарды кәсіптік қайта даярлау және оқыту;Жұмысшылар мен мамандарды жұмыс берушілердің өндіріс ішінде даярлауы мен қайта даярлауын ынталандыру.Мыналар көзделеді: еңбек нарығын, кадрлар даярлау қажеттілігін бағалау және болжау мониторингін жетілдіру;экономиканың жекелеген салалары бойынша кадрлар даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталықтар құру; бастауыш және орта кәсіптік білім мамандарын даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту; шетелдік инвесторлармен келісім-шарт шеңберінде кадрлар даярлау мен қайта даярлауға бөлінетін аударымдарды пайдалану тетігін қайта қарау. Денсаулық сақтау ісін дамытуДенсаулық сақтау ісі Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің базалық өлшемінің бірі болып табылады және оның дамуына ерекше көңіл бөлінетін болады:2005 жылдан бастап Денсаулық сақтау ісін дамыту мен реформалаудың мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы мен іске асырылуы 2010 жылға дейін саланы дамытудың таңдап алынған стратегиялық бағыттарының дұрыстығын және тиімділігін дәлелдеп берді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қойған мақсаттар Үкіметтен мынадай міндеттерді шешуді талап етеді:1. Денсаулық сақтау ісін дамыту мен реформалаудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды және іске асырылуының түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуді жеделдету;2. Мемлекеттік бағдарламаны халықтың денсаулық көрсеткіштері бойынша Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруін жеделдетуге жәрдемдесетін жаңа іс-шаралармен толықтыру.Қойылған міндеттерді шешу үшін мыналар көзделеді:1. 2006 жылы халықаралық стандарттарға көшуді ескере отырып, саладағы заңнамалық және әкімшілік реформалар пакетін іске асыру жөніндегі жұмысты аяқтау. Бұл алғашқы медициналық-санитарлық көмек, ана мен баланы қорғау, емдеу хаттамалары, медициналық білім мен ғылым, әлеуметтік мәні бар аурулар, пациенттердің құқықтары, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыра, білікті медициналық бірлестіктердің қатысуын кеңейте отырып, оны қаржыландыру және ырықтандыру мәселелеріне қатысты.2. 2008 – 2009 жылдарға көзделген мемлекеттік бағдарламаның бірқатар іс-шараларына тексеріс жүргізу және оларды іске асыруды 2006 – 2007 жылдарға ауыстыру.Мемлекеттік бағдарламада жаңа және қосымша іс-шаралар қатарында мыналар: қаржылық қамтамасыз ету, медициналық қызметтердің қол жетімділігі мен сапасын арттыру, халықаралық медициналық көмек стандарттарына жақындату жүйесін дамыту жөніндегі;медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ынталандыру және олар көрсететін қызметтердің сапасын жақсарту үшін денсаулық сақтау саласында сараландырылған еңбекақы төлеуді енгізу жөніндегі;халықаралық стандарттарға негізделген ана мен баланы қорғау жөніндегі;мақсаты адами әлеуетті дамытумен қатар, денсаулық сақтау жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету болатын медициналық білім мен ғылымды дамыту жөніндегі;жаңа республикалық медициналық орталықтарды салуды аяқтау, алдыңғы қатарлы халықаралық менеджмент тәжірибесін және қазіргі заманғы технологияларды енгізу жөніндегі; алдын алу жұмысын күшейту және туберкулезбен аурушаңдық мен АҚТҚ/ЖҚТБ, балалардың өлім-жітімі мен өмірдің ұзақтығы сияқты көрсеткіштерді жақсарту үшін халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі шаралар көзделуге тиіс.Барлық белгіленген шаралар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін денсаулық жай-күйінің жекелеген көрсеткіштері бойынша Қазақстанның дамыған 50 елдің қатарына кіруіне бағдарланатын болады.Үкімет маңызды жаңалықтар мен ауқымды жобаларды қамтитын Мәдениет саласын дамытудың 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасын қабылдады. Осы жоспарлардың тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет.2006 жылы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңі аяқталады. Үкімет осы бағдарламаның 2007 – 2009 жылдарға арналған жалғасын әзірлеуді жоспарлап отыр. Екінші кезең шеңберінде тарихи-мәдени мұраның неғұрлым мәнді объектілерін қалпына келтіру жөніндегі жобаларға, Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени өмірінде маңызды рөл атқарған орта ғасырлық қала орталықтарының тарих және мәдениет ескерткіштерін археологиялық зерттеулерге ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл туристік кластерді дамыту тұрғысынан аса маңызды. Үкімет классикалық, халық өнерінің озық дәстүрлерін сақтау және әлемдік мәдени кеңістікке ықпалдастыру үшін мәдениетті дамытуға жағдай жасау жөніндегі шараларды қабылдайды.Үкіметті дене шынықтыру және спорт құралдарымен салауатты өмір салты қағидаттарын одан әрі бекіту жөніндегі жұмысты жалғастыру, жоғары жетістікті спортты дамыту және халықаралық спорт аренасында республиканың имиджін арттыру, саланың материалдық-техникалық базасын нығайту күтіп тұр.Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2006 – 2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қабылдау қажет.Спорт саласының материалдық-техникалық базасын нығайту, еліміздің әрбір ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу, білікті жаттықтырушы-оқытушы кадрларды даярлау, дене шынықтыру мен спортты ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді дамыту, спортты насихаттау жаңа мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттары болып табылады. Жаппай балалар-жасөспірімдер спортын дамыту, спорт резервін және жоғары сыныпты спортшыларды даярлау басым бағыт болып табылады.

98 сұрақ. Біріншіден, басқа елдермен, оның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау.

Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және болжауға болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол – еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді.

Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын және ірі көрші мемлекеттер – солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси-экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап көрсетілді.

Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың одан әрі дамуында 1998 ж. 6-шілдеде Мәскеуде қол қойылған мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Декларация маңызды рөл атқарды. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара  келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр космодромын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді. 2000 ж. 25 қаңтарында Қазақстан Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путиннің кездесуі болды. Онда екі жақты қарым-қатынасты одан әрі жетілдіре түсуге жете мән берілді. Ал 2002 ж. желтоқсанда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапары барысында екі ел арасында қалыптасқан достық байланыстарды барынша тереңдетуге күш салынатыны баса айтылды. Сондай-ақ, аймақтық және халықаралық көкейкесті проблемалар төңірегінде жан-жақты пікір алмасылды. Екі жақты деңгейдегі, ТМД, ЕурАзЭқ, ШЫҰ шеңберлеріндегі ынтымақтастық қарым-қатынастар аймақтағы елдер қауіпсіздігінің, интеграциялануының басты кепілі болып табылатыны атап көрсетілді.

2003 жыл Ресейдегі Қазақстан жылы, 2004 жыл Қазақстандағы Ресей жылы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтті. 2004 жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 7 млрд. долларға жетті, мұның өзі 2003 жылғы сондай көрсеткіштен 40% дерлік көп (Егемен Қазақстан, 12.01.2005). 2005 жылдың басында Қазақстанда тұтастай жарғылық қоры 250 миллион АҚШ долларынан асатын, Ресеймен бірлескен 1100 кәсіпорын болды.

Тәуелсіздік жылдары оңтүстік-шығыстағы үлкен көрші мемлекет - Қытай Халық Республикасымен тату көршілік және достық қатынастар орнатуда едәуір табыстарға қол жетті. 1990 ж. Қазақстан мен Қытайдың темір жол арқылы өзара байланысы іске асты, сөйтіп, біздің республика Тынық мұхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының дамуы өте жоғары қарқын ала бастады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қытай Халық Республикасына 1992 ж. тамызда барған алғашқы сапарынан бастап, барлық байланыс жолдарын ашудың сәті түсті. Екі елдің арасында сауда соңғы жылдары ондаған есе өсті. 1997 ж. 25 қыркүйекте Алматыда өткен Қазақстан және Қытай делегациялары арасындағы келіссөз барысында Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырына шығыстағы көршіміз тарапынан 9,5 млрд. доллар жұмсалатыны жөніндегі шартқа қол қойылды. Мұның өзі саяси-экономикалық байланысты нығайтуға, шекара маңында тыныштық пен бейбіт өмірді сақтауға кепілдік берді.

1998-1999 жж. белсенді дипломатиялық әрекеттер арқылы Қытай мен Қазақстан арасында тағы да жаңа маңызды уағдаластықтарға қол жетті. Ең алдымен шекараны нақтылау негізінен аяқталды. Қытаймен арадағы шекараны айқындап белгілеу Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қосымша кепілдіктер берілгенін білдірді.

Қазақстан Президентінің Қытай мемлекетіне 2002 ж. желтоқсан айында жасаған сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін айқындады. Екі мемлекет басшыларының кездесуі барысында 5 құжатқа қол қойылды. Оның ең маңыздысы “Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарт” болып табылады. Сондай-ақ, бұдан басқа екі ел деңгейінде халықаралық ланкестікпен, сепаратизммен және экстремизммен күресте ынтымақтастық жөнінде, екі мемлекет арасындағы қауіпті әскери әрекетті болдырмау туралы және т.б. құжаттарға қол қойылды. Екі арадағы сауда-экономикалық байланыстар жылдан-жылға артып, 2004 жылы оның көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асты. Жалпы соңғы жылдары ҚХР басшыларымен өзара кездесу, келіссөздер жүргізу біздің елдің сыртқы саясатындағы тұрақты құбылысқа айналды.

Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынасының маңызы өте зор. АҚШ Қазақстан Республикасын тәуелсіз мемлекет ретінде таныған 1991 ж. 25 желтоқсаннан бастап, екі мемлекет арасында елші дәрежесіндегі толыққанды дипломатиялық қатынастар орнады. 1991 ж. желтоқсанында Мемлекеттік хатшы Дж. Бейкер Алматыға келіп, Н.Ә.Назарбаев және басқа да ресми адамдармен келіссөздер жүргізді. 1992 ж. көкек айында Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және қарым-қатынастар жөніндегі АҚШ Конгресі комиссиясының делегациясы келді. Сол жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Америка Құрама Штаттарына алғашқы сапармен барды. Осы сапардың барысында: “Сауда қатынастары жөніндегі келісім”, “Қаржы салымдарын өзара қорғау жөніндегі шарт”, “Қазақстан Республикасы және АҚШ үкіметтері арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандум”, “Қос қабат салық салуды болдырмау жөніндегі конвенция келісімі туралы бірлескен мәлімдемелерге” қол қойылды. Сөйтіп, екі жақты қарым-қатынастардың шарттық-құқылық негіздері қаланды.

Осыдан кейінгі жылдары Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынастары серпінді түрде дамып келеді. Қазіргі кезде АҚШ Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы болып отыр. Вашингтон Қазақстанға Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздік тұғыры, өзінің осы аймақтағы басты серіктесі ретінде қарайды. 1999 ж. желтоқсан айында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев АҚШ-қа тағы да бес күндік сапар жасап, екі ел арасындағы байланысқа жаңа жол ашты. Екі мемлекет арасындағы келісім барысында ХХІ ғ. басындағы басымдық беретін басты бағыттары айқындалды.

Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігіне он жыл толуына орай жіберген құттықтау хатында АҚШ Президенті Дж. Буш Қазақстан Халықаралық қоғамдастық үшін аймақтағы тұрақсыздық пен жанжалдарға қарсы шешуші рөл атқаратынын қуаттады. 2001 жылы желтоқсанда Президент Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары барысында "Жаңа Қазақстан-Америка қатынастары туралы” бірлескен  мәлімдемеге қол қойылды.

Сонымен қатар, Қазақстан үшін Түркия, Пәкістан, Үндістан, Иран мемлекеттерімен, сондай-ақ Азияның Жапония, Оңтүстік Корея сияқты және басқа елдерімен ынтымақтастықтың да мәні өте зор.

Қазақстанға ортақ шекарасы, қалыптасқан шаруашылық, тарихи және мәдени-этникалық байланыстары бар Орта Азиядағы - Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас жасау өте маңызды. Осы бағытта 1994 жылы Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан кейіннен 1998 ж. 4-ші мемлекет Тәжікстан қосылды. Осы елдер арасындағы жасалған Шартқа сәйкес Мемлекетаралық кеңес пен оның негізгі институттары – Премьер-министрлер кеңесі және олардың тұрақты органы – Атқару комитеті құрылды. Ортақ экономикалық кеңістік туралы шартқа қол қойылғаннан кейінгі жылдар ішінде көп жақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттары, көкейкесті халықаралық күрделі мәселелер және республикалардың экономикалық интеграциясы бойынша 200-ден астам құжаттар қабылданды. Солардың ішіндегі ең маңыздысы – Орталық Азия экономикалық қауымдастығының 2005 жылға дейінгі интеграциялық даму стратегиясы. 2002 жылдың ақпан айынан бастап Орталық Азия экономикалық қауымдастығы жаңа келісілген құжат негізінде “Орталық Азия ынтымақтастығы” болып қайта құрылды.

Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты көңіл аударып отырған мәселелердің бірі – елдің шекаралық қауіпсіздігін сақтау. Бізбен солтүстікте бірнеше мың шақырым шекараласатын Ресеймен, оңтүстік-шығыста Қытаймен шекараны тұрақтандырып бекіту өте қажет іс еді. Шекара – мемлекеттік егемендіктің басты белгілерінің бірі. Сондықтан бұл маңызды саяси проблема Ресей мен Қазақстан үкіметтері арасындағы кездесулерде әлденеше рет әңгіме арқауы болды. Осының нәтижесінде екі ел арасында 1992 ж. 15 мамырда ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа және 1999 ж. 28 наурызда Қазақстан мен Ресей арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Бұл шарттар бойынша Қазақстан мен Ресей әрі қарай да аймақтық қауіпсіздікті бірлесіп нығайту және қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сөйтіп сыртқы саясат саласында өзара бірлесіп әрекет ету көзделген. Ресей мен Қазақстан арасындағы қауіпсіздік және сыртқы саясат мәселесі екі ел арасындағы 1998 жылы шілдеде қабылданған “Мәңгі достық және одақтастық туралы декларацияда”, сондай-ақ, экономикалық ынтымақтастық туралы алдағы 10 жылға (1998-2007 жж.) арналған экономикалық бағдарламада өзінің даму көрінісін тапты. Осы келісімдер негізінде Қазақстан-Ресей шекара белдеулерінде делимитациялау шаралары жүргізіле бастады. Ал 2000 жылы қаңтарда Мәскеуде өткен екі мемлекет басшыларының кездесуінде басты үш бағыт туралы келісім жасалды. Біріншісі – екі ел саясатындағы қарым-қатынастың сабақтастығы. Екіншісі - қауіпсіздік мәселесіндегі ынтымақтастық. Үшіншісі – шекараны нақтылау мәселесі.

Қазақстанның көрші мемлекеттермен шекарасының жалпы ұзындығы 15 мыңға жуық шақырымды құрайды. Соның ішінде Қазақстанның Қырғыз Республикасымен мемлекеттік шекарасы шамамен 1050 шақырым, Ресей Федерациясымен – 7,5 мыңнан астам шақырым, Туркменстанмен – 400 шақырым, Өзбекстанмен – 1660 шақырым. Ресеймен шекараны делимитациялау мәселесі 1998 жылғы 6 шілдеде екі ел басшыларының бірлескен мәлімдемесінен және сол жылғы 12 желтоқсандағы мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі хаттамадан басталды. Алты жыл аралығындағы құжаттарды әзірлеумен тыңғылықты айналысқан сарапшылар шекаралық сызықтың барлық нүктелері бойынша ортақ келісімге келді. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Ресей президенті В.Путин 2005 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қойды. Шын мәнінде, тарихи деп бағалауға болатын осы құжат бойынша екі ел үшін де айрықша маңызы бар шекара мәселесі халықаралық нормаларға сәйкес шешімін тапты. Елбасы атап өткендей, “қадым замандардан қазақ-орыс елдері арасында шекара бірінші рет заңды түрде тартылып отыр”. Әлемдегі жерүстілік ең ұзын саналатын, жалпы аралығы 7591 шақырымды құрайтын бұл шекара сызықтары белгіленіп және мойындалып, екі мемлекет арасындағы мызғымас достықтың сенімді кепілі ретінде бағаланды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қытаймен арадағы шекараны заңдастыруға кірісті. Өзара түсіністік пен мүдделілік бұрын-соңды болмаған табысқа қол жеткізді. 1994 жылдың сәуір айында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен ҚХР Премьер-министрі Ли Пэн екі ел арасындағы шекара сызығын заңдастырып, белгілеу (делимитация) жөніндегі келісім-шартқа қол қойды. Жалпы ұзындығы 1718 шақырымға созылып жатқан желінің екі шағын учаскесінен (бұрынғы Талдықорған және Семей облыстарындағы) басқасы түгел заң жолымен бекітілді. Келесі кезектегі мәселелерді шешу үшін делимитациялық комиссия құрылды. Жоғары дәрежелі кездесу кезінде шекара мәселелерін толық реттеуге қатысты келіссөздерді одан әрі жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жетті. Бұл бағытта 1996-1998 жж. үш арнайы келісім болды. Соның нәтижесінде 1999 ж. қарашада Цзянь-Цземинь мен Н.Назарбаев шекаралық мәселелердің толық үйлестірілуі туралы арнайы коммюникеге қол қойылды. Сөйтіп, Қытаймен шекараны межелеу негізінен аяқталды.

Сонымен қатар, Қазақстан бұл жылдары өзінің жақын көршілері - Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Түркменстанмен арадағы шекара мәселелерін іс жүзінде түпкілікті реттеуге қол жеткізді.

Шекара мәселесін Азия елдерінде тұрақты шешуде Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) маңызды рөл атқарады. 1996 жылғы сәуірде Шанхайдағы кездесу кезінде Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан басшылары шекараларды бұзбау, олардың арасындағы бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу келісіміне қол қойылды. Кейін бұл келісімге Өзбекстан қосылды.

“Шанхай келісімі” негізінде алты ел басшыларының жыл сайынғы кездесуі 1997 ж. Мәскеуде, 1998 ж. Алматыда, 1999 ж. Бішкек, 2000 ж. Душанбе, 2001 ж. Алматыда болып өтті. Онда аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту мәселелері жан-жақты талқыланып, осының нәтижесінде Декларациялар қабылданды. 2002 жылғы маусымда Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммиті Санкт-Петербург қаласында болып өтті. Оның жұмысында ШЫҰ құрылымын орнықтыру іс жүзінде көрініс тапты. ШЫҰ-ның Секретариаты Пекинде, ал Аймақтық терроризмге қарсы құрылымның штабпәтері Бішкекте орналасатын болды. Бұл кездесуде 3 құжатқа – ШЫҰ Хартиясына, аймақтық терроризмге қарсы құрылым жөніндегі Келісімге және ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер басшыларының Декларациясына қол қойылды.

Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты мақсат – бейбітшілік, соғысты болғызбау. 1992 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында Президент Н.Назарбаев Азияда өзара ынтымақ пен сенім шараларын орнықтыру туралы мәселе көтерді. Оған сәйкес 1993 ж. көктемде Алматыда осы мәселеге байланысты шақырылған бірінші бас қосуға оннан аса мемлекеттен өкілдер келген болса, сол жылғы тамыз айындағы кездесуге 17 елден сарапшылар тобы келді. Қазақстан Хельсинки процесіне қосылып, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның жұмысына қатысты (1992 ж.). Ал 1996 ж. 31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қол қойды.

Қазақстанның СШҚ-І-Шарты мен ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуы әлемдік маңызы бар оқиға. Мұның өзі елдің қауіпсіздігінің кепілдіктерін күшейтті. 1994-1995 жж. басты ядролық державалар – АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, ҚХР мен Франция Қазақстанға қауіпсіздіктің бірлескен және жан-жақты кепілдіктерін берді.

Қазақстан саяси-әскери одақ - НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық “Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы аясында дамып, еліміздің қарулы күштері үшін кадрлар даярлауға қызмет етеді.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен шекарасының тұтастығын қорғау үшін өзінің жеке Қарулы Күштерін құрудың зор маңызы болды. Оны іске асыру Елбасының 1992 ж. мамырдағы “Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы” жарлығымен басталды. 2000 ж. 10 ақпанда 1999-2005 жылдарға арналған жаңа әскери доктрина және ұлттық қауіпсіздік стратегиясы қабылданды. Осы құжаттарға сәйкес армия елдің ішкі жалпы өнімінің бір пайызынан кем емес көлемде қаржыландырылатыны көзделді. Доктрина негізінде Қазақстан жерінде әскери аумақтық құрылымға көшіру жүзеге асырылып, елдің барлық аймағын қамтыған Оңтүстік, Шығыс, Батыс және Орталық әскери округтері құрылды. Сөйтіп, біздің елімізде қауіпсіздікті қамтамасыз ету ең басты мәселе болып қала береді.

1992 ж. наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылдануы республика үшін орасан зор маңызы бар оқиға болды. Осыдан кейін елімізге басқа да халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге жол ашылды. Атап айтқанда, Қазақстан негізгі валюта-қаржы ұйымдарына – Халықаралық Валюта қорына, Дүниежүзілік қайта құру және даму банкіне, Еуропа және Азия даму банкіне мүше болып енді. 1997 ж. басында Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Нәтижесінде Қазақстанның шет елдермен экономикалық байланыстары арта түсті, оған берілетін инвестициялық қаржылардың көлемі артты. Мысалы, 1992-1995 жж. халықаралық қаржы институтының Қазақстанға бөлген қаржысының мөлшері 2 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. Тәуелсіздік алғалы бері 800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.

Қазақстанға тікелей инвестиция берушілердің тізімінің басында АҚШ орналасқан, одан кейін Ұлыбритания, Италия, Канада, Нидерланды, Германия, ал Азия аймағынан Қытай, Жапония, Индонезия және Оңтүстік Корея бар. Қазақстан АҚШ-пен экономикалық қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөледі. Американдық “Шеврон” компаниясымен Теңіз мұнай көздерін игеру жөніндегі ірі шартқа қол қойылды. Қазіргі кезде АҚШ Қазақстанның ең маңызды экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. Біздің елімізде 350-ден астам Қазақстан-Американ бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді, сондай-ақ 100-ден астам американ компанияларының өкілдіктері тіркелген.

Қазақстан экономикасының дамуында сыртқы сауданың маңызы зор. Егемендік алған жылдардан бері Қазақстан дүние жүзінің 180-нен астам елімен сауда қатынасын орнатты. Осының нәтижесінде сыртқа шығаратын және сырттан бізге алып келетін тауарлардың көлемі жылдан-жылға өсіп келеді. 2001 ж. Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 14 млрд. доллардан асты. Қазақстанның сауда айналымының шамамен 62% ТМД елдерінің үлесіне, 24% Еуропа елдерінің (35 ел), 13% Азия аймағы елдерінің үлесіне тиеді.

Біз ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізіп келеміз. Айталық, 2004 жылы сыртқы сауда айналымы көлемінің оң сальдосы (Сальдо – белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай түсімдер мен шығындар арасындағы айырма) 7 млрд. доллардан асатын 33 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті деген сөз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында негізінен ТМД-ның ауқымымен шектелген біздің сыртқы саудамыздың географиясы да біршама тарамдала түсті. Қазақстан тауар айналымының құрылымында 2004 жылы Еуропалық одаққа мүше елдер, Ресей, Швейцария мен Қытай алғашқы орындарға шықты. Осылайша біз әлемдік экономиканың бөлінбес бөлігіне айналып, жаһандық бәсекелестік арнасына ендік (Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 ақпан 2005 ж.).

2007 жылы 30 қарашада Мадридте ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан Ұйымның 2010 жылғы төрағасы болып сайланды. 2010 жылы Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық ету мүмкіндігін берген әлемнің 56 мемлекетінің шешімі – еліміз қол жеткізген тағы бір ірі жетістік. Бұл – елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық зор беделінің ерен табысы, еліміздегі ұлан-ғайыр оң өзгерістердің, біздегі демократияның айшықты нәтижесі. Біздің еліміз халықаралық мойындауда және өзінің дамуында жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. ЕҚЫҰ – дүние жүзіндегі аса беделді халықаралық ұйымдардың бірінен саналады. Қазақстан – ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін бірінші ТМД елі, ол бірінші түркі елі, ол тарихи тұрғыда өркениетті ислам кеңістігіне жататын бірінші ел, ең соңында, ол бірінші азиялық ел.

Қорыта келгенде, тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орнатты. Тәуелсіздік жылдары еліміздің сыртқы саясаттағы күш-жігерінің арқасында орасан зор тарихи маңызы бар міндеттер орындалды. Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықта лайықты өз орнын алды. Егер 1991 жылы әлемдік қоғамдастықтың іс жүзінде Қазақстанға қандай да бір ықыласы аумай келсе, бүгінгі күні Қазақстанды әбден танып, құрметтеп отыр. Қазақстан Орталық Азияның көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналды.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапты және нақты іс жүзіне асырылып отырды. Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды. 

№99 сұрақ. Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшысы жөне ең жоғарғы лауазым иесі. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды.Республика Президенті — халықтар бірлігінің, мемлекеттік өкіметтің символы мен кепілі. 1995 жылғы Конституция бойынша Дауыс беру — жалпыға бірдей, тіке сайлау тәртібімен жүргізілді. 1998 жылы Конституцияға енгізілген өзгерістерге байланысты Президент жеті жылға сайланатын болды. Конституция бойынша Қазақстан Республикасының Президенті болып Қазақстанда кемінде 15 жыл түрған, мемлекеттік тілді жетік меңгерген Қазақстан Рес-публикасының азаматы сайлана алады.Қазакстан төуелсіздік алғаннан бері төрт рет: 1991, 1995, 1999 және 2005(4 желтоқсан) жылдары Қазақстан Республикасының Президент сайлауы болды. Төртеуінде де бүл жоғары орынға Нурсулгпан Әбищлы Назарбаев сайланды«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі. Конституциялар басты міндеттер — тұрақтылықты нығайтуға, халықтың әл-ауқатын көтеруге ықпал жасап, демократияның дамуының басты міндеттерін шешті», – деп атап өтті.Елбасы ұсыныстары бойынша, мемлекет қызметінің негізін қалайтын қағидаттар Конституцияның бірінші бабында бекітілді. Бұл ұсыныс Президенттің «Негізгі заңда мемлекеттік саясат басымдықтары анықталуы қажет» деген ойының жемісі еді. Кейбір құқық қорғаушылар бұл қағидалар заң нормалары болып табылмайтындығын алға тартып, қарсылық білдірді. Дегенмен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастамасы бойынша жобаға келесі қағидалар: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халық игілігі үшін экономиканы дамыту, қазақстандық патриотизм, мемлекеттің өміріндегі аса маңызды мәселелерді, соның ішінде республикалық референдум немесе Парламентке дауыс беру демократиялық әдістермен шеш 007 жылы 16 мамырда Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің Конституциясына қоғамның өзекті мәселелерін, атап айтқанда, билік құзыреті және жауапкершілігін қайта бөлу, Парламенттің рөлін арттыру, саяси партиялардың рөлін бекіту, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, сот жүйесін жетілдіру, ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету, азаматтық қоғам институтын одан ары жетілдіру, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау жүйесін бекітуге қатысты жаңа өзгерістер мен толықтырулар туралы ұсыныстар жасады.Кеше Алматыда Орталық Азияның демократияны дамыту қоры “Политон” тәуелсіз ақпарат агенттігімен бірлесіп, “Қазақстан Президентін сайлау: жеке тұлғаны немесе дамудың жаңа жолын таңдау” деген тақырыпта қоғамдық-саяси форум өткізді. Оған Қазақстан Республикасының президенттігіне экс-кандидаттар, алыс және жақын шет елдерден келген халықаралық байқаушылар, Ресей, Украина, Израиль және Қазақстан талдау қызметі ұйымдарының, ғылыми-зерттеу институттарының, қоғамдық-саяси бірлестіктерінің сарапшылары, дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Пікірталас барысында Қазақ­стан­дағы сайлау кезіндегі және сайлаудан кейінгі ішкі саяси ахуал жан-жақты талқыланды. Жинал­ған­дар өткен сайлау туралы, еліміздің болашақ экономикалық және саяси даму барысы туралы өз ойларын ашық білдіру мүмкіндігіне ие болды. Форумның бірінші секциясы Президент сайлауының нәтиже­ле­рін ой сарабынан өткізуге арналды. Ондағы талқылаулар сайлауда дау­ыс беру қорытындылары Қазақстан қоғамының нақты ерік-жігерін таныта ма, Президентті сайлау стратегиялық, экономикалық саяси бағыттың сақталатындығын білдіре ме, саяси жаңғырту, саяси рефор­ма­лар үдерісі дегенді қалай түсі­не­сіз деген сұрақтар төңірегінде өрбідіАлдымен сөз алған Президент кеңесшісі Ермұхамбет Ертісбаев Елбасының командасы өзге қарсыластарынан көш ілгері алда болғанын, президенттік электорат­ты толық жұмылдыра алғанын атап көрсетті. Сондай-ақ төңкеріс деген ұғымның мәнін, оның неге соқ­тыра­тынын ұғындыру халықтың төң­керіс деген атаудың өзінен бой­ын аулақ ұстауына алып келді. Ха­лық­тың сайлау учаскелеріне ағы­лып келуінің бір сыры осында жатыр. Егер Н.Назарбаевтың кейінгі жеті жылдағы саяси, мемлекеттік қызметтерінің қорытындысын тізіп жатпай-ақ, 1999 жылғы сайлауда оның 5 млн. 839 мың дауысқа ие болғанын еске алсақ, – деді Е.Ер­тіс­баев, – бұл көрсеткіштің қазір 6 млн. 100 мыңды құрап отырғаны нақты жағдай. Оның үстіне Қа­зақстанның ғана емес, ТМД елдері­нің тарихында дауыс санау осын­ша­лықты таза, мөлдір жүргізіліп көр­ген емес. Оны барлық дерлік халықаралық байқаушылар атап көрсетіп отыр. Экс-кандидат Ерасыл Әбіл­қа­сымов өзінің елді аралағанда көз жеткізгеніндей, сайлауға екі күн қалғанда журналистермен кездесуде Н.Назарбаевтың жеңіске жететін­дігін айтқанмын, деді. Ол халық дұ­рыс таңдау жасады деген ойда. Экс-кандидаттың бірі Мэлс Елеу­сізов Н.Назарбаевтың айқын же­ңіс­ке жетуі оппозицияның стратегия­ны дұрыс таңдай алмағандығының да көрінісі екендігін алға тартты. Олардың қателіктерін Президент командасы тамаша пайдалана алған. Н.Назарбаевтың жаңа мерзімге қайта сайлануы елдің стратегиялық, саяси, ішкі және сыртқы сая­саттағы бағыты сақталатындығын көрсетеді. Осы орайда Е.Ертісбаев Президент алда ауқымды міндеттер белгілеп отырғанына назар аудартты. Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 50 елдің қатарына қосу міндеті еліміз көз тіккен биіктердің қаншалықты асқаралы екендігін айтпай-ақ аңғартып тұрғандай. Осының өзі Қазақстанның жедел даму жолымен келе жатқанын көрсетеді. Экс-кандидаттар Әбіл­қа­сымов пен Елеусізов те алға қой­ыл­ған мақсаттардың орындала­тын­дығына күмәнданбайды. Әйтсе де олардың пікірінше, еліміздің дұрыс бағытта дамуы жалғасу үшін саяси реформалар жасау қажет. Ал олардың бірқатарын Президент бұған дейін де мәлімдеп қойған. Президент кеңесшісінің ай­туын­ша, біз қатарына қосылуды көз­деген 50 ел – дамыған демокра­тиялық елдер. Олармен бір сапта болу осы клубтың ережелерін сақ­тау дегенді де білдіреді. Е.Ертісбаев Парламент депутаттарының санын 134-ке жеткізуді, оның тең жар­тысы округтар бойынша, екінші бө­лігі партиялық тізіммен сай­лануын дұрыс көретіндігін жеткізді. Менің еркімде болса, Парламент сайлауын ертерек тағайындар едім дегенді де сөз арасында қыстыра кетті. Е.Әбілқасымов, кеңесшінің кейбір пікірімен келіспейді. Оның ойынша, саяси партияларға Парла­менттегі орынның жартысын беру артық, 20 пайызы да жеткілікті. Ары кетсе үштен бірінен аспауы керек. Экс-кандидат Е.Әбілқасымов әдеттегіше, кешегі сайлаудағы бәсекелестерінің бірі Жармахан Тұяқбайдың бақшасына “тас лақтыра” кетуді де ұмытқан жоқ. Олардың “әділеттілік және тәртіп” деп жарнамалап жүрген ұраны өздерінікі емес, басқалардан “ұрлап алынған”, “Асар” партиясы бұдан екі жыл бұрын “тәртіп және әділеттілік” деп ұран көтерген, деді.Форумға қатысушылар пікір­сайысының екінші кезеңінде Президент сайлауы Қазақстанды 2009 жылыЕҚЫҰ-да төрағалық етуге жақындата түсті ме деген сауалды да назардан тыс қалдырған жоқ. Айтылған ойлардың түйіні сайлауға 1999 жылғы берілген баға мен қазіргі бағаның арасы жер мен көктей дегенге саяды. Сарапшылар сайлау әділ әрі ашық болды деген пікірде. Олар Орталық сайлау комиссиясының жұмысына да оң баға берді. Әрине, кейбір техни­калық тұрғыдағы кемшіліктер жоқ емес, бірақ олар сайлаудың түпкі­лікті қорытындыларына еш әсер етпейді. Шығыс Еуропа және ТМД елдері институтының директоры Александр Цинкер (Израиль), “Әділеттілік және прогресс” саяси партиясының төрағасы Мұратбек Иманәлиев (Қырғызстан), Киев саяси зерттеулер орталығы дирек­торының орынбасары Михаил Белецкий (Украина), ТМД істері жөніндегі және отандастармен байланыс комитеті төрағасының көмекшісі Максим Мейер (Ресей) өздері байқаушы ретінде болған сайлау учаскелерінде сайлаудың қалыпты өткендігіне куә болған­дарын мәлімдеді. Сайлау халық­аралық стандарттарға сай келеді. Халықаралық стандарттар демекші, М.Мейер ол стандарттардың өзі сырттан келетін болғандықтан, халықаралық өлшемдер сайлау өткізіліп отырған елдің, қоғамның ішкі қажеттіліктеріне жауап бере ме деген мәселені де ескермеуге болмайтынын айтып өтті. Сарапшылар сондай-ақ бірқатар республикаларда орын алған “түрлі-түсті революцияға” Қазақ­станда негіз жоқтығын да салмақты ойларымен дәйектеді. Украина өкілі өз еліндегі “түрлі-түсті рево­люция” күткендегідей нәтижеге жеткізбей отырғанын, жаңа өкіметтің әлсіздігін, олардың арасындағы өзара келіспеушілік барын айтты. Форумның үшінші секциясы сайлаудан кейінгі жағдайдың мүмкін болатын даму сценарий­лерін талқылауға арналды. Қазақ­стандық жетекші сарапшылар бұл сайлауда жеке тұлға жеңді ме, әлде елдің даму стратегиясы жеңді ме деген сұраққа жауап іздеді. Бұл ретте Н.Назарбаевтың Президент болып сайлануы халық оны жеке тұлға ретінде де, ол жүргізіп отырған елдің стратегиялық даму бағытын да қолдағанының айғағы. Сайлаушылар Президентті жақтай­тындықтарын білдіру арқылы, елдегі тұрақтылықты, тыныш­тықты қымбат тұтатындықтарын көрсетті. Дей тұрғанмен, ха­лық­тың Елбасын жаппай жақтауы оны құлай сүю дегенді емес, бүгінгіден де артық жақсылықтар күтетінін білдіреді. Бұл тәуелсіз саясаттанушы Ерлан Қаринның пікірі. Жаңа мерзімге сайланған Президенттің алғашқы қадамдары қандай болуы мүмкін? “Репутация” коммуникативтік технологиялар орталығының директоры Гүлмира Елеуованың пікірінше, Үкіметте ауыс-түйіс болуы мүмкін. Ұлттық зерттеулер институтының жобалар жөніндегі үйлестірушісі Андрей Чеботарев те солай ойлайды. Енді тек жай ғана ауыс-түйіс жасалмай, кадрлардың кәсіби деңгейіне көбірек назар аударылатын болар, дейді ол. Ерлан Қарин Президент­тің сайлаудағы ірі жеңісіне кадрлардың еңбегі де зор болған­дықтан көп ауыс-түйіс болмауы мүмкін деген ойды аңғартты. Сұрақ-жауап барысында Ғ.Жа­қияновтың жаза мерзімін қыс­қар­тып, босату, Ә.Қажыгел­диннің елге оралуына мүмкіндік беру сияқты мәселелер де сөз болды. Е.Ертіс­баев Жақияновты бостандыққа шығару қажеттігі жөнінде бұрын­нан да айтып жүргенін, ал экс-премьерге келгенде мәселенің басқашалау екенін алға тартты. Ол алдымен рақымшылық жасау ту­ралы өтініш жазуы керек. Сол кез­де барып Президент тиісті шешім қабылдауы мүмкін. Е.Әбілқа­сымов болса Қажыгелдин батыстың барлау қызметінің агенті дегенге дейін барды. М.Елеусізов экс-премьердің Президенттен рақым­шылық жасауды сұрай қоятынына күмән білдірді. Форумда қойылған тағы бір сұрақ Н.Назарбаев Президент лауа­зымына соңғы мерзімге сайланып отыр ма деген тұрғыда болды. Бұ­ған Е.Ертісбаев: соңғы деген сөздің өзі жақсы сөз емес дей келіп, егер Назарбаев өз бағдар­ламасын орын­дап шықса, ол тек Қазақстанның ғана тарихына кіріп қоймай, ойға алғандарын орында­ған реформатор ретінде әлемдік тарихқа енуі де мүмкін деген сыңайда жауап берді. Сондықтан 2012 жылға дейін аман-есен жетейік, ары қарай уақыт көрсетер, Өткен сайлауда жолы болмаған экс-кандидаттар Жармахан Тұяқбай мен Алихан Байменовтің қаты­суын­сыз өткен форумда өзге де көптеген көкейкесті мәселелер жөнінде бүкпесіз пікір алысылды. Басқосу өтіп жатқан кезде форум модераторларының бірі, “Политон” тәуелсіз ақпарат агенттігінің директоры Н.Масанов А.Байме­новтен келіп түскен хабарды жиналғандарға жеткізді. Онда экс-кандидат Астанада “Ақ жол” партиясы президиумының мәжілісі өтіп жатқанын, сайлау қорытын­дылары туралы мәлім­демесін сонда жасайтындығын хабарлапты.Қоғамның болашағын ойлау, аңды орындау басты мүддеге айналуы тиісБірлігі мен берекесі жарасқан елдің ырысы мол, келешегі де көрікті болары сөзсіз. Демократиялық даму жолына түскен республикадағы экономикалық-әлеуметтік көрсеткіштер де біршама жоғары деңгейде. Атап айтарлығы Қазақстан –қазір өз дамуының кезекті бір белесінде тұр. Бұл белес –еліміздің саяси өміріндегі ең маңызды науқан – Қазақстан Республикасының президентін сайлау. Отан тағдыры, оның болашағы – қазақстандықтардың қолында. Соған орай, “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Заңның сақталып, заңнан ауытқушылыққа жол бермеу ең басты міндет. Бұл бағытта өзге де қоғамдық ұйымдармен қатар, “Заңгерлер әділетті сайлау үшін” республикалық қоғамдық бірлестігі де жұмыс істеуде. “Заңгерлер әділетті сайлау үшін” бірлестігінің басқарма төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Калимолла ХАЛИКОВПЕН газет тілшісінің әңгімесі осы мәселелер төңірегінде өрбіді. Көпшілікке белгілі, бүгінде Қазақстанда мақсаттары мен бағ­дар­ламалары және көзқарастары әр­түрлі көптеген саяси партиялар, қо­ғамдық бірлестіктер жұмыс істейді. Калимолла Халикұлы, ең алды­мен өзіңіз жетекшілік ететін “Заң­гер­лер әділетті сайлау үшін” рес­публикалық қоғамдық бірлестігінің алға қойған мақсат-мүддесі және міндеттері жөнінде айтып берсеңіз. Ашығын айту қажет, бірлес­тікті құру – бүгінгі күн талабынан туындап отыр. Біздегі мақсат біреу – ол алдағы саяси науқанның әділетті өтуіне ықпал жасау, көмек­тесу. Сонымен бірге ҚР Консти­ту­циясының шеңберінде республи­када халықтық биліктің тікелей нысанын іске асыруды дамытып, олардың заңдастырылуы мен заң­дылығын, сондай-ақ Конституция мен сайлау құқығын, сайлау жүйесі мен референдумға қатысты Қазақ­стан Республикасының өзге де заңды актілерінің тұрақтылығын нығайту және олардың тиімді түрде іске асырылуын қамтамасыз ету болып отыр. Мұнымен қоса, элек­трондық үдерістің барлық субъек­тілерінің кәсіби дәрежесі мен құқықтық білімдерін, халықтың құқықтық санасының дәрежесін көтеруге ұмтылмақпыз.РҚБ мүшелерінің алдында тұр­ған негізгі міндеттердің бірі – халықтың билік туралы және олар­дың тікелей нысандарының іске асырылуы туралы Конституция идеяларының қағидаттары мен ережелерінің жүзеге асырылуына әрекет жасау. Заңгерлер мен мем­ле­кеттік қызметшілерді сайлау мен референдумға қатысты құқықтық реттеу дайындығы мазмұнын же­тіл­діріп, сайлау технологиясы ая­сында әртүрлі елдердің тәжірибесін зерделеу мен таратуға басты назар аударылып отыр. Мемлекеттік ор­гандармен, қоғамдық бірлестіктер­мен, жекелеген азаматтармен және халықаралық ұйымдармен арадағы байланысты одан әрі жетілдірудің де маңызы зор. Бұл орайда элек­торалдық және референдумдық заңнамалар, қағидаттар мен норма­ларды бұзушылыққа қатысты төз­беушілік жағдайларды жүзеге асыру міндеті де тұр. Сөз реті келгенде ай­та кететін жәйт, сайлау мен рефе­рен­дум туралы Конституция мен заңнаманы насихаттау, олардың ережесін электронды және басқа бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндірудің қажеттілігі де естен шықпауы тиіс. Республикалық қоғамдық бірлес­тік 21 қарашада “ҚР Президентін сайлаудың ресмилігі мен заңдылығы кепілдіктерінің жүйесіндегі мемле­кет­тік бақылау мен қадағалау: рөлі, тиімділігі, азаматтық қоғаммен се­рік­тестігі” деген тақырыпта ғылыми-практикалық “дөңгелек үстел” өт­кізді. Онда сайлау науқанының заңдылығы құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау шаралары жөнінде кеңінен сөз бол­ды. Соңғы кезде құқықтық жауап­кершілікті туындататын заңнамалар қабылданды. Дегенмен әлі де болса бұл іс мардымсыз жүргізілуде. Мем­лекеттік бақылау ұйымдары мен азаматтық ұйымдар арасындағы байланыс нашар. Бұл – өте күрделі мәселе. Оны шешуге екі жақты ұмтылыс жасалуы тиіс. Сондықтан да мемлекеттік мекемелер мен саяси партиялар, БАҚ және заңгер-ғалым­дар ҚР азаматтарының сайлау құ­қық­тарын, сайлау туралы заңның мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету­ге бірлесе атсалысуы қажет. Сайлау науқаны кезінде заң бұзушылыққа себеп болуы мүмкін деген “нәзік қылдарды” тауып, айқындап және оларды болдырмау үшін жедел іс-әрекет жасалуы тиіс. Өзіңізге белгілі, Қазақстан құқықтық жүйесінің дамуына негізді талдау жүргізу, ҚР Президентінің кезекті сайлауының мерзімі туралы және науқан кезінде оларды қолдау, қолдар жинап, сондай-ақ сайлауалды үгіт жұмыстарын қадағалау істеріне қандай қорытындылар жасауға негіз бар деп ойлайсыз? Ең алдымен, Қазақстанда Ел­басы, Үкімет, Парламент және Ор­та­лық сайлау комиссиясы еркін және әділ сайлау жүргізуге қажетті құқықтық кепілдіктер құрды. Саяси жүйенің мемлекеттік емес субъек­тілері – саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдары, МЕҰ, соның ішінде үкіметке оппозициялық көз­қарастағылар да сайлау үдерісінде оның барлық сатыларына белсенді түрде қатысу үшін заңда қарас­тырылған мүмкіндіктерді жүзеге асыруға қажетті жағдайларға ие болып отыр.Сөз реті келгенде атап айту қа­жет, мемлекеттік органдар өткен жы­лы Мәжіліс сайлауы барысында жіберілген кейбір кемшіліктермен жұмыс жүргізді. Оларды болдырмау мақсатында мемлекеттік және қоғамдық бақылау күрт күшейтілді. Қазақстан ЕҚЫҰ, басқа да беделді ха­лықаралық ұйымдар мен шетел­дерден байқаушылар шақырды, олар әлі де келіп жатыр. Демек, сайлаудың әділ өтуін қамтамасыз ету мүмкіндігі жасалуда.Қол жеткен тиімді нәтижелер­мен қатар, ел Конституциясына, Сайлау туралы Конституциялық заң­ға және басқа да нормативтік-құ­қықтық актілерге қайшы келетін те­ріс көріністердің кездесуі мүмкін бе? Әрине, сайлау үдерісінде же­ке­леген мемлекет қызметкерлерінің өз лауазымдық міндеттерін нақты үміткерге немесе саяси партияға де­ген жекелеген құрметіне негіздей отырып атқару, сайлауға байла­ныс­ты заңда қарастырылмаған ақпарат­тарды сұрастыру әрекеттері, сондай-ақ “теріс салдарлардың болу мүм­кін­дігі” туралы алдын ала ескертуді кіргізе отырып, қандай да бір тәсілдермен сайлаушылардың және дауыстардың артықшылығын қалып­тастыруға ықпал етуі сияқты кереғарлықтар болуы мүмкін. Сайлауға жекелеген қатысу­шы­лардың өздеріне қатаң шаралар қол­данылғаны туралы жалған арандату­шылығы, тәртіп бұзушылардың кейін “үкіметтен қиянат көруші” бей­несін жасай отырып, құқыққа қия­­нат жасауы және біле тұра құ­қыққа қарсы әрекет ету істері өз мін­деттерін атқарушылар мен поли­цейлердің, прокуратура қызмет­керлерінің және соттардың беделін түсіріп көпшілік арасында қобал­жушылық тудырады. Калимолла Халикұлы, сонда сіздердің бұл алаңдаушылықтары­ңыз­дың себептері тағы да қандай күрде­ліліктерге байланысты болып отыр?– Шынымды айтсам, алаңдау­шылық төмендегідей себептерге байланысты. Атап айтқанда көп жағдайда қандай да бір заңға қарсы акциялар мен әрекеттердің бас­тамашылары, ұйымдастырушылары, қатысушылары немесе қатардағы атқарушылары қоғамдық бірлес­тіктер мен мемлекеттік құрылым­дарда әралуан қызметтегі немесе қыз­мет атқарып жүрген заң маман­дықтарының өкілдері болып табы­лады. Конституцияға қызмет жа­сау­дың және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын жоғары қоюды қамтамасыз етудің орнына, олар саяси мүдделер мен жеке шамшылдығының алдында бас июде. Құқықтық тәрбие беріп, заңды түсіндіру жұмыстарын жүргізудің орнына, олар заңдардың маңызы мен оны қолдану тәжірибесінің мәнін қасақана бұрмалап түсін­діреді. Қынжыларлығы, құқықтық кеңістіктегі “зиян тигізбе” қағи­даты бойынша заң нормаларын қолданудың әртүрлі қиыншылық­тарынан шығу жолын қарас­тыру­дың орнына олар халықтың, соның ішінде жастардың құқық қорғау органдарына қарсы тұруларын ашық түрде қолдай отырып, аза­маттардың заңға қарсы іс-қылық­тарын жігерлендіріп отырады.Біздер, заңгерлер, әділ сайлау жолында РҚБ басқармасының мүшелері еліміз үшін осы бір тари­хи жауапты сәтте сайлау науқаны­ның барлық қатысушыларын қол­даныстағы заң актілерін сөзсіз сақ­тауға, ал қандайда бір дау-жанжал туындап жатса, оларды заң жо­лымен шешуге болатындығын ашып айтқымыз келеді. 4 жел­тоқ­сан­да сайланатын жоғары мемле­кеттік биліктің жариялылығы мен заңдылығын Конституция және қолданыстағы заңдар негізінде анықтауға болады. Сізге соңғы сауал. “Заңгерлер әділ сайлау үшін” қоғамдық бірлестігі басқармасы мүшелерінің барлық сайлаушылармен қатар, өз әріптестеріне айтар пікірі, ой-тұжырымы да бар шығар? Енді осы мәселе төңірегінде ой бөліссеңіз. Кәсіби қоғамдастық бойын­ша біз өз әріптестерімізді заңгер­лердің жоғары парызына лайықты болуға, Конституцияның айнала­сына бірігуге, құқықтық мемлекет негіздерін одан әрі бекітуге және құқықтық жүйені барынша нығай­туға үлес қосуға шақыратыны­мызды айтқым келеді. Дәрігерлерде бұлжымас бір қағида бар, ол – адам денсаулығына ешқашан зиян келтірмеу. Біздер, заңгерлер қоғамға зиян келтірмеу қағидасын ұстанамыз. Қоғамның болашағын ойлауда, қоғам заңын одан әрі жетілдіруде жауапкершілік қажет.Сөз реті келгенде халықаралық байқаушылардың саяси транзит жағ­дайындағы либералдық өзгеріс­тердің нәтижелерін ескере отырып, болып жатқан жағдайларды білікті, объективті бағалауын және құқық­танудың әртүрлі секторларымен қоғамның саяси топтары атынан өкілдік ететін қазақстандық заң­герлермен, сондай-ақ мемлекеттік билікпен де жүйелі байланыста болғанын қолдаймыз. Қорыта айт­қанда, Қазақстан Республика­сының президентін сайлау қолда­ныстағы Конституцияға және сай­лау заңнамаларына сәйкес өткі­зілген жағдайда еліміздің ұзақ мер­зімді, жүйелі және жан-жақты демо­кратиялық дамуының басты көрінісі болатындығына біз толық сенеміз.

100 сұрақ. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасы екі жылдың аралығында әзірленді. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы кезінде мәлімдеді.

«Біз екі жылдың аралығында  атақты дүниежүзілік сарапшылардың, Үкімет мүшелерінің және барлықтардың қатысуымен осы бағдарламаны әзірледік, бұл үлкен жұмыстың нәтижесі»,- деді Н. Назарбаев.

Елбасы 2050 жыл - жай бейнелі дата емес екендігін атап өтті.  «Неліктен дәл осы жыл? Бұл бүгінде әлемдік қауымдастық бағдар ұстап отырған нақты мерзім. БҰҰ-да 2050 жылға дейінгі өркениеттер дамуының жаһандық болжамы әзірленді. Қазір елдердің дені  осындай ұзақ мерзімді стратегиялар әзірлеп, қабылдауда. Ірі трансұлттық компаниялардың өзі 2050 жылға дейін даму стратегияларын әзірлеуде»,-деп түсіндірді Н. Назарбаев.

Дәл 15 жыл бұрын біз Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі  стратегиясын қабылдадық. Осы жылдар ішінде біздің Стратегиямыз  басты мақсатымыздан ауытқымай, шамшырақ сияқты біздің жолымызға сәуле шашып, алға басуға жігерлендірді. 2030 Стратегиясында белгіленген негізгі міндеттер орындалды.

Жаңа экономикалық саясаттың басты принципі -  өз мүмкіндіктеріміз шегінде ғана шығындануға және тапшылықты барынша мүмкіндікте қысқартуға тиіспіз.

«Ертең толығымен баспаға шығатын «Қазақстан-2050» стратегиясының тек қана негізгі қағидаларын ұсынамын. Ол өте көлемді»,-деді Н. Назарбаев.

Оның айтуынша жаңа стратегияға сәйкес әрбір он жыл бойынша стратегияның жеті басым бағыттарын орындау үшін жеке жоспарлар қабылданатын болады. Бірінші бастапқылық- жаңа бағыттың экономикалық саясаты - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм.

«Барлық қолданыстағы салық жеңілдіктеріне ревизия жүргізіп, оларды мейілінше тиімді ету керек, ал ақша-несие саясаты саласында әрбір қазақстандықтың кірістерін қорғауды қамтамасыз ету, инфляцияның экономикалық өсім үшін лайықты деңгейін ұстап тұру қажет.  2013 жылдың өзінен бастап бұл Ұлттық Банк пен Үкімет жұмысының басты мәселесі», - деді Н. Назарбаев. Президент Қазақстан-2050 стратегиясының бірінші басымдылығының шеңберінде  жаңа технологиялар мен өндіріс саласында қолайлы салық режімін енгізу қажеттілігін атап өтті.

2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіру керек, сондықтан да даярлау жұмыстарын қазірден бастау қажет. Осы сәтте ел Президенті «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауын алға тартты.

«Біз мемлекеттік тілді дамыту бойынша шаралар кешенін жүзеге асыруды одан әрі жалғастырамыз. 2025 жылы қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру бойынша дайындық жұмыстарын қазірден бастау қажет. Бұл тілдің дамуына ғана емес, оны заманауы ақпараттың тіліне айналдыруға түрткі болар», - деді Президент.

Біздің  басты мақсатымыз - 2050 жылғы қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болу. Бұл жайлы бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауын алға тартты. «Он бес жыл бұрын, «2030-Стратегиясын» қабылданғанда біздің жаңа мемлекетімізде дүниеге келген қазақстандықтардың жаңа буыны енді ғана мектепке баруға даярланып жатты. Бүгінде олар еңбек етуде немесе жоғары оқу орындарын аяқтауда. Енді екі-үш жылдан соң Тәуелсіздіктің екінші буыны дүниеге келе бастайды», - деді Н. Назарбаев.

Сондықтан қазірдің өзінде оларға дұрыс бағдар нұсқау туралы ойланғанның маңызы зор. Оның айтуынша жастарға бұрын не болғаны қызықсыз, олар үшін бүгін не болатыны маңызды.

«Сондықтан да осындай стратегиялар өте маңызды»,- деп қорытындылады Н. Назарбаев.

«Бізге мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жаңғырту қажет. Ел біртұтас корпорация секілді жұмыс істеуі тиіс, ал мемлекет оның өзегі болуға тиіс. Қазақстан - әлемдік ауқымда көлемі шағын экономика. Сондықтан оны өте тиімді басқару қажет»,- деді Н. Назарбаев.

ҚР Үкіметі елді индустрияландыруды 2050 жылғы дейін Қазақстанның даму стратегиясының негізгі мақсаты деп есептеуі қажет.

Елбасы табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет екендігін атап өтті. «Технологиялық революция шикізат тұтыну құрылымын өзгертеді. Мысалы, композиттер технологиясын және бетонның жаңа түрлерін енгізу темір кені мен көмірдің қорларын құнсыздандырады», - деді Н. Назарбаев.

Президент үдемелі инновациялық индустрияландыру бағдарламасын кеңейту және дамыту қажеттілігі туралы айтты, өйткені мұнай-газ қорларынан тәуелсіз қуатты өнеркәсіптің болашағы жоқ. Сондықтан да өнеркәсіп үшін жоғары кәсіби мамандарды даярлау қажеттілігі туындайды. Үкімет елді одан әрі индустрияландырудың егжей-тегжей жоспарын әзірлеуі тиіс және оны жаңа стратегияның басты мақсаты деп білуі тиіс. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мамандарды мағынасы бәріне түсінікті интернационалды сөздерді аудармауға шақырды.

«Терминологияда «музей» және «архив» секілді көне грек сөздері бар, біз оларды «мұражай», «мұрағат» деп аударып жүрміз. «Композитор» сөзі қазіргі кезде «сазгер», «пианино» «күйсандық» деп аударылады, ал бұл сөздер интернационалды»,- деді Н.Назарбаев.

Елбасының айтуынша егер қазіргі ғылыми терминологияны латын тіліндегі сөздер құраса, ақпараттық технологиялардың даму ғасырында ағылшын тілі өзге халықтар тілдеріне жаңа сөздер мен жаңа ұғымдар арқылы күн сайын енеді. Сондықтан да қазақстандықтар осы процесстерден қалмауы тиіс.

«Кез келген тіл басқа тілдермен өзара әрекеттесіп дамып, жетілетінін түсіну қажет».

101 сұрақ. .

1 – тарихи уақыттың жеделдеуі

2.– жаһандық демографиялық теңгерімсіздік

3– жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер

4– судың тым тапшылығы

5– жаһандық энергетикалық қауіпсіздік

6.– табиғи ресурстардың сарқылуы

7– Үшінші индустриялық революция

8– үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық

9– өркениетіміз  құндылықтарының дағдарысы

10– жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі

102 сұрақ.  1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм

 1. Түгел қамтитын экономикалық прагматизм

2. Жаңа кадр саясаты

3. Макроэкономикалық саясатты жаңғырту

3.1. Бюджет саясаты

3.2.  Салық саясаты

3.3. Ақша-кредит саясаты

3.4. Мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясаты

 4. Инфрақұрылымды дамыту

5. Мемлекеттік активтерді  басқару жүйесін жаңғырту

6. Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

7. Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары

8. Ауыл шаруашылығын жаңғырту

8.1.  Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен шағын және орта бизнесті дамыту

9. Су ресурстарына қатысты саясат

 2. Ұлттық экономикамыздың  жетекші күші – кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау

 1. Шағын және орта бизнесті дамыту

2. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің жаңа үлгісі  –

«Қуатты бизнес – Қуатты мемлекет»

3. Жекешелендірудің жаңа кезеңі – мемлекет рөлінің өзгеруі

3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер мен  жеке жауапкершілік

 1. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

1.1. Ең төменгі әлеуметтік стандарт

1.2. Атаулы әлеуметтік қолдау

1.3. Өңірлердегі әлеуметтіктеңгерімсіздіктер проблемасын шешу

1.4. Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту

 2.  Ананы қорғау. Әйелдерге қамқорлық

3. Баланы қорғау

4. Ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі

4.1. Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

4.2. Балалар денсаулығын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері

4.3. Медициналық білім беру жүйесін жақсарту

4.4. Ауылда медициналық қызмет көрсетудің сапасы

4.5. Дене шынықтыру мен спортты дамыту

4. Білім мен кәсіби машық – заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің  негізгі бағдарлары

 1. Білім беру саласындағы жұмыстың  басымдықтары

1.1. «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту

1.2. Инженерлік білім беру жүйесін дамыту

1.3. Білім беру саласындағы әлеуметтік жауапкершілік жүйесін дамыту 

1.4. Білім беру  әдістемелерін жаңғырту

2. Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты

2.1. Технологиялар трансферті

2.2. Ғылым мен бизнестің кооперациясы

2.3. Перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыратын жол картасы

3.Жастарға үндеу

 5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

 1. Мемлекетті басқарудың жаңа типі

1.1. Мемлекеттік жоспарлау мен болжау жүйесін жетілдіру

2. Басқаруды орталықсыздандыру

2.1. Орталық пен өңірлер арасындағы жауапкершілік пен өкілеттіктердің ара-жігін ажырату

2.2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы

2.3. Ауыл әкімдерін сайлау

3. Кәсіби  мемлекеттік аппарат қалыптастыру

З.1. Әкімшілік реформаның екінші кезеңі

4. Бизнес қауымдастық пен мемлекеттік аппараттың өзара іс-қимылының жаңа жүйесі

5.Тәртіпсіздікке мүлде төзбеушілік принципін енгізу

6. Жемқорлыққа қарсы күрес

7. Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерді реформалау

 6. Дәйекті де болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту

 1. Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары

2. Экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту

3.Өңірлік қауіпсіздікті нығайту

4.Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу

5. Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери  доктринаны нығайту

 7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі

 1. Жаңа қазақстандық патриотизм

2.  Барлық этностар азаматтарының тең құқықтылығы

3. Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы

4. Мәдениет, дәстүрлер және даралық

5. Ұлттық интеллигенциясының рөлі

6. ХХІ  ғасырдағы Қазақстандағы дін

7. Болашақтағы Қазақстанды қалай елестетемін?

8. Ұлтқа үндеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]