
Қожалар
Қарастырылып отырған кезде дін өкілдері — қожалардың жағдайы нығая түсті. Қазақ қоғамында олар таңдаулы топ — ақсүйектер саналды. Олар қазақтардың дәстүрлі рулық-тайпалық құрылымына кірген жоқ, өздерінің арғы аталарын Мұхаммед пайғамбардың туыстарынан тараған деп есептеді. Қожалар көшпелі қо- ғамның руханиөмірінде өте үлкен рөл атқарды. Олар ислам дінін насихаттады, оның негізгі қағидаларын уағыздап түсіндірді. Қожалар ағартушылық қызмет те атқарды. Іс жүзінде барлық салттық жоралар — балаларды сүндетке отырғызу, неке қию, үйлену, қайтыс болған адамдарды жерлеу, аруақтарға арнап ас беру міндетті түрде солардың қатысуымен өткізілді. Қазақтар қожаларды әдетте Қазақстанның оңтүстігінен және Орта Азия қалаларынан шақыртатын. Көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты жағдайында қазақтардың әрбір руында қожалардың 2—3 отбасы болатын. Олар хандардың, сұлтандардың және ықпалды билердің ауылдарында өздерінің жеке шаруашылығымен айналысып, емін-еркін жүріп жатты. Өте сирек жағдайда өз алдына жеке ауыл болып отырды. Қожалар бірте-бірте қазақ халқының өмір салтын қабылдай берді. Олар қазақтардыңгенетикалық шығу тегін, тұрмыс-тіршілігін, материалдық және рухани мәдениетін өте жақсы білді. Қожалар қатардағы қарапайым қазақтарға қыз бермейтін, некесін қидырмайтын десе де болатын. Патша үкіметі олардың Қазақстан аумағында емін-еркін көшіп-қонып жүруіне шек қою саясатын қолданды. Отаршыл әкімшілік оларды мұсылман елдерінің, соның ішінде, әсіресе Түркияның саясатын жүргізушілер деп ойлады. Ресей ислам дінін таратуда XVIII ғасырдың аяқ кезінен бастап қожаларға қарсы қысым жасап, Еділ татарларына едәуір қолдау көрсетуге көшті. Қожалар алым-салық төлеудің барлық түрінен босатылған болатын. Дәстүрлі билер соты оларға тән жазасын қолдануға рүқсат етпейтін. Қожалар қазақ халқының рухани мәдениетін дамытуда елеулі рөл атқарды. Мәселен, Күдері қожа айтыстарға түсіп, халық арасында кеңінен танылды. Белгілі ағартушы-ғалымдардың бірі — қожадан шыққан Мұхамед Салық Бабажанұлы.
Құрамалар
Дәстүрлі қазақ қоғамының құрамында халықтың әр түрлі этностық және субэтностық топтары да болды. Солардың бір тобы Құрамалар деп аталды. Өйткені бұл топ алуан түрлі рулардың, тайпалардың және халықтардың өкілдерінен құралды. Ол топтың құрамында қарақалпақтардың да, қырғыздардың да және ноғайлардың да бірнеше шағын топтары болды. Мәселен, XIX ғасырдың өзінде қырғыздардың аз ғана бөлігі Ақмола губерниясының Көкшетау уезіндеп қазақтардың ортасына біржола сіңісіп кетті. Олар жергілікті қазақ халқының тілін, мәдениетін және әдет-ғұрпын толық қабылдады. Құрамалардың едәуір топтары Ташкент қаласының төңірегінде де болды. Ондағы Құрамалардың жалпы саны 50 мың адамнан асатын еді. Құрамалар, негізінен алғанда, кең-байтақ қазақ даласының шет аймақтарын мекендеді.
Тархандар
XVIII ғасырда Ресей империясы қазақ өлкесін отарлау саясатын жүзеге асыру үшін ондағы жергілікті ақсүйектерге арқа сүйеуге мұқтаж болды. Сондықтан да патша өкіметіжергілікті ақсүйектерді әдеттегі құнды сыйлықтармен марапаттаудан басқа, ежелден бар тархандық атақты да пайдаланды. Тархандардың қоғам өмірінде ерекше артықшылығы болды. Бұл атақ патша өкіметіне айрықша сіңірген адал қызметі үшін берілетін. Қазақтар арасында тархан атағын 1743 жылы Ресей императоры II Елизаветаның арнайы жарлығымен Орта жүздің батыры Жәнібек, содан соң Кіші жүздің батыры Есет алды. Олар ерекше дипломатиялық қызметімен көзге түсті, бұрын тұтқынға түскен орыс азаматтарын және империяның қол астындағы халықтардың құл болып жүрген адамдарын Ресейге қайтарып беруге көмектесті. Тархандар қазақтардың башқүрттармен және қалмақтармен екі арадағы шиеленіскен өшпенділігін басуға белсене қатысты. Сол еңбегі үшін олар өздерінің отбасы мү- шелерімен қоса мемлекетке алым-салық төлеуден босатылды. XIX ғасырдың орта кезіне қарай тархандардың қатары азая бастады. Бұл кезде Қазақстанда тархан атағы бар 20 адам ғана қалды.
Билер
Қазақ қоғамында әлеуметтік билікке ие топ билер болды. Олар қазақтардың барынша беделді бөлігі еді. Билер өздерінің тапқырлығымен, қызыл тілге ағып тұрған шешендігімен, дәстүрлі әдет-ғұрып құқықтарын жете білетіндігімен ерекше көзге түсетін. Бұл топтың өкілдері ру ақсақалдары мен қазыларының міндетін атқарды, руаралық және тайпааралық даулы мәселелерді шешіп отырды. XVIII ғасырда қазақ даласында орасан зор беделге ие болған билер: Ұлы жүзден шыққан үйсін Төле би, Орта жүзден шыққан Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші жүзден шыққан айыр тілді алшын Әйтеке би еді. Бұлардың сұлтандар мен хандарға ықпалы күшті болды. Соңғы кезде патшалық Ресей билерді өзі тағайындауға көшті. Мұның өзі билердің дала тұғындары арасындағы беделін бірте-бірте төмендете берді.
Батырлар
Қазақ даласына сыртқы жаулар жиі-жиі шабуыл жасап келді. Кіндік кесіп, кір жуған қасиетті туған елдің, Қазақ хандығының шекарасын қорғау үшін халық жасақтары құрылды. Ол жасақтардың жаумен шайқастарда ерекше көзге түскен қолбасылары, сондай-ақ қатардағы қарапайым қазақтар да батыр деген атаққа ие болды. Жекпе-жекте жауын жеңіп шыққан сарбаздарға да батыр атағы берілді. Кейінірек батыр деп руаралык күрес кезінде көзге түскендерді де барымтаға қатысқандарды да, патшалық Ресейдің әкімшілік өктем билігіне және Орта Азия хандықтарының зорлық-зомбылығына қарсы көтеріліске қол бастап шыққандарды да атай беретін дәстүр қалыптасты. Бұл атаққа әркім өзінің жеке басының ерлігімен ғана ие болатын. Батыр атағы мұрагерлікпен берілмейтін. Ондай атаққа қарапайым адамдар да, билер де, сұлтандар да, тіпті хандар да ие бола алатын. Мәселен, XVIII—XIX ғасырларда қазақхандары Тәуке, Қайып, Әбілқайыр,Абылай және Кенесары батыр атанды. XVIII ғасырда қазақ қоғамында халық арасында шексіз сүйіспеншілікке бөленген батырлардың тұтас бір тамаша тобы пайда болды. Мұның өзі, ең алдымен, қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіне тікелей байланысты еді. Ол батырлар Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары, Олжабай, Наурызбай және басқалар. XIX ғасырда Ресей империясының отаршылдық экспансиясына, сондай-ақ Орта Азия хандықтарының зорлық-зомбылықтарына қарсы қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы кезінде ерекше көзге түскен Наурызбай, Ағыбай, Бұқарбай, Иман, Жанқожа, Есет сияқты тағы басқа да батырлардың есімдері мәңгі бақи халықтың есінде қалды.
Еркін көшпелілер («Қара сүйектер»)Қатардағы қарапайым көшпелілердің негізгі бөлігін еркін қауымдастықтың «Қара сүйектер» деп аталатын қалың бұқарасы құрады. Олар жеке бастарының өз билігіне өздері ие еркін жандар болатын. Өз руының құрамында мал жайылымының ыңғайына қарай көшіп-қонып жүрді. Қаншама көп мал ұстаймын десе де, егіншілікпен немесе басқа да кәсіп түрлерімен айналысамын десе де ерікті болды. Соғыс кезінде олар қазақтардың атты әскерінің негізгі бөлігін құрады.
Төлеңгіттер
Хандар мен сұлтандар ауылдарының төңірегінде төлеңгіттер қоныстанды, олар өз шаруашылығын өздері жүргізді. Төлеңгіттерді қазақтың әр түрлі шағын рулары мен тайпаларынан шыққан адамдар, сондай-ақ сұлтандардын қамқорлық пен қорғауына өткен өзге халықтардың өкілдері құрайтын. Мәселен, төлеңгіттер арасында өзбек, башқұрт, қалмақтар мен қарақалпақтар көп болды. Төлеңгіттер шаруашылығын өздері жүргізгенімен, өздерін қамқорлыққа алған сұлтандардың елтаңбасын пайдаланды. Мұның есесіне сұлтандарға өмір бойы қызмет етті, әскери жасағын да құрады. Төлеңгіттер барып кел, шауып кел сияқты жұмыстарды, кейде тіпті дипломатиялық жауапты міндеттерді де атқарды. Ішкі Ордада Жәңгір хан олардың арасынан руларды басқаратынстаршындарды да тағайындады. XV1II-XIX ғасырлардың бірінші жартысында төлеңгіттер негізінен сұлтандар мен хандардың әскери қызметін атқарды. Мәселен, Абылай ханға 5000 үй төлеңгіт, Кенесары ханға 1000 үй төлеңгіт қызмет етті. Кейінгі кезде рудың ақсүйек өкілдері саналатын билер мен старшындардың да өз төлеңгіттері болды. Мәселен, Бөкей хандығындағы қожа Қарауыл Бабажанұлы өз қарамағында бағынышты 200 үйге жуық төлеңгіт ұстады.
Құлдар
Бас бостандығы жоқ,тәуелді адамдардың тобын қазақтар құл деп атады. Қазақстандағы құлдық патриархалдық (үй ішілік) сипатта болды. Қазақтардың көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты құлдықтың кеңінен әріс алуына мүмкіндік бермеді. Құлдарға мал бақтыру сенімсіз еді. Мәселен, Кіші жүзде құл болып жүрген ауғандықтар, парсылар, орыстар, башқұрттар және қалмақтар аз кездескен жоқ. Орта жүздеп құлдардың арасынан жоңғарлар, қалмақтар мен алатау қырғыздары басым еді, орыс құлдар да болды. Орыс құлдар негізінен қазақтар Тобыл губерниясының Есіл және Қорған округтарына, Орал мен Орынбор шекара желісіндеп бекіністерге шабуыл жасаған кезде қолға түскен тұтқындар еді. Олар Орта Азияның құл базарларына сату үшін көптеп жіберіліп тұрды. Қазақстанның көршілес елдермен шекарасында құл сататын бірнеше базар болды. Қазақтар өз тайпаластарын құл етіп ұстамаған. Құлдар төлем орнына да, ұзатылған қыздың жасауына қоса берілетін құл не күң орнына да жүре беретін. Ат жарыстарыкезінде жүлде ретінде бәйгеге де тігіле алатын. Құлдың құлағын кесіп ен салатын. Құлдың шағым айтып, бидің алдына баруына да, куә ретінде сотқа тартылуға да қүқығы жоқ болатын. Егер сатып алынған күң ислам дінін қабылдап, қазаққа ерге шығатын болса, оған бас бостандығы толық берілетін. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғыға» сәйкес қазақтардың құл ұстауына тыйым салынды. Құлдардың қазақтармен араласып ағайындас болып кеткен кейінгі ұрпақтары толық бас бостандығын алған. Олардың біразы төлеңгіттердің қатарын толықтыра түскен, бірқатары дала қазақтарының «асырап алған балаларына» айналып кеткен.
№42 сұрақ. Қазақтардың шаруашылығы: көшудің бағыттары, жайлымы, отырықшылық, қолөнер, сауда.XV-XVII ғ.қазақтарда шаруашылықтың үш саласы анық байқалады:1)көшпелі 2)жартылай көшпелі 3)отырықшы Малдың негізгі түлігі – қой, жылқы,түйе.Ірі-қара аз болып, негізінен отырықшы аймақтарда өсірілді.Көшпелі шаруашылық малды маусымға қарай жаю тәжірибесін туғызды. Маусымды жайылым 4 кезеңге бөлінді:– қысқы көш, қарашаның ақырғы күндері қар жауып, мұз қата бастағанда көшеді. Алғашқы қар жауысымен ерлер аң аулауға шығады. Сыралғы – аңшылардың ұстаған аң- құстарын жолда кездескен сыилы адамдарға, достарына байлап кету дәстүрі. Сауда. Қазақ хандығының Орта Азия, Шығыс Түркістан, Орыс мемлекеттерімен сауда қатынасы дамыған. Ұсақ ақша саудасы қалпына келтіріліп, күміс жалатылған мыс дирхемдер негізгі айналым құралы болды. Отырарда ұсақ тиындар қызметін атқарған мыс фельстер соғылды.
№43 сұрақ. 15-18 ғғ қазақ мәдениеті қазақ халқының тек арғы тектерінен келе жатқан әдет-ғұрыппен ғана шектеліп қоймай, өз бойына өзге де елдердің мәдени құндылықтарын жинақтаған өзіндік ерекшелігі бар мол мұра. Қазақстан жерінде түркі және иран тілдес мәдениеттердің өзара ықпалы орын алды. Қазақстанның зор аумағында мәдениет біркелкі дамыған жоқ. Осы кезеңде мәдениетінің кейбір ерекшеліктері көшпелі және отырықшы халықтардың тұрмыс-салтына байланысты болды. Қазақ халқының көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын көп бөлігі көшіп-қонуға ыңғайлы баспаналарда тұрды. Жазғы баспаналары киіз үй және жылжымалы күйме болатын. Қыста жер үйлерде, шошаларда тұрды.Қазақтар әдетте көйлек сыртынан бешпет, камзол, шапандар киді. Қыста қой не түйенің жүнінен тоұылған, сырты қалың матамен көмкерілген жылы күпілер, қой терісінен тігілген тондар, дақалар, кең шекпендер киді. Сондай-ақ, әр түрлі маталардан тігілген кең шалбарлар киді: оның жазда киетіні матадан, қыста киетіні қой, ешкі жүнінен не киіктің жарғақ терісінен дайындалды. Қыста қозы не түлкітерісінен тігілген мойынын жауып жүретін тұмақтар киді. Ер адамдар киетін етіктің өкшесі биік, қонышы ұзын етіктер, ал кедейлер теріден жасалған шәркей киді. Әйелдердің киімі мақта матадан не жібек матадан, кейде барқыттан тігілген. Ауқатты қазақ әйелдерінің өрнектелген етіктері, жұқа көк теріден тігілген оюлары бар күмістелген жеңіл аяқ киімдері болған.Қазақтың қолөнеріне кестелеу, ою, өрнектеу және т.б. жатады. Өрнек салу техникасы кең пайдаланылды.Қазақтардың өмірінде ұлттық мейрамдардың рөлі ерекше. Бұл шараларға үйлену тойларын, бесік тойын, ас беруді, хан сайлауды, жеңісті тойлауды жатқызамыз. Мейрамдарда ат бәйгесі, күрес, аударыспақ сайысы, жамбы ату, қыз қуу, көкпар ұйымдастырылады. Әскери ойындар, аттардың күшін сынау, жаппай аңға шығу дәстүрлері болған. Халық мейрамында ән салып, күй тартып ақындар айтысқа шыққан. Үйлену салттарында қалың мал, әмеңгерлік тәрізді әдет-ғұрыптардың кейбіреуі сақталды.Тап осы кезеңде халықтың ауыз әдебиеті, жазба әдебиеті, шынайы музыка өнері қалыптасты. Суырып салма поэзиясы дамыды. Ақын – халықтың поэтикалық мұрасын айтушы, сақтаушы, лирикалық эпосты жырлаушы. Сал-серілер тек суырып салма ақын емес, сазгер, әнші, әннің сөзін өзі жазатын ғажап дауысты адамдар болған. Халық ауыз әдебиетінің кең тараған жанрларының бірі толғау, ол жыр түрінде жазылған ақыл-кеңес беретін өлеңдер жиынтығы. Толғауда мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, үлгі беретін тұстары өте көп.Жыраулар көбінесе өлеңдерін хандар мен сұлтандарға, феодалдарға арнаған, шығармалары романтизмге, батырлыққа, азаматтық әсерге толы болды.
№44 сұрақ.ЛОЛ !!!Сами отыщите !!!
№45 сұрақ. Қазақ қоғамы басшыларының Ресейге үміт артуы сол кезде алған күрделі жағдайдан шығудың жолы еді. Қазақ жеріне шапқыншылығын қоймаған жоңғар мемлекеті тарапынан қауіп күшейген шақта арқа сүйер тірек іздемеске болмады. 1726 ж.басында Кіші жүздің ханы Әбілқайыр Петерборға Қойбағар Көбекұлын елшілікке жібереді. Ондағы мақсаты Ресейден жоңғарларға қарсы соғыс бола қалса, қолдау табу. 1730 ж. маусымда Әбілқайыр өзіне бағынышты қазақтарды Ресейдің қол астына алуын сұранып патша Анна Ивановнаға тағыда өтініш хат жолдайды. 1731 ж. 19 ақпанда патша әйел Әбілқайыр ханға және «Бүкіл қазақ халқының олардың Ресейдің қол астына ерікті түрде қабылданғаны туралы Грамотаға қол қойылды.1730 ж. 10 қазанда Әбілқайыр және оның серіктері тиісті құжатқа қол қояды да оны Ресейдің елшісі А.И.Тевкелевке табыс етеді». Ресейдің Қазақстанды отарлауы Әбілқайыр қол қойған актіден басталады. 1731 ж. аяғында Орта жүз 1738 ж. Ұлы жүз ханы Жолбарыс ханға Анна Иоановна Грамота жібереді. 1746 ж. Албан, Суан, Үйсіндер Ресей қол астына кіреді. Қазақстанды отарлауды 3 кезеңге бөлуге болады. 1)1731-1822 бұл кезеңде Қазақстан протекторатында болды, яғни формальді бодандық (заң жүзінде тәуелді, іс жүзінде тәуелсіз). 2)1822-1867 Ресейдің әскери-әкімшілік саясатының жүзеге асырылуы. 1822 ж. Орта жүзде, 1824 ж. Кіші жүзде хандық билік жойылды. Қазақстан жерінде Ресей империясының заңдары орныға бастады. 3) 1867-1917 ж.ж осы кезеңде Қазақстан түпкілікті Ресей отарына айналды. Отарлау заманында 200-дей ұлт-азаттық көтерілістер, толқулар 1867 ж. 11 шілдеде «Жетісу мен Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже қабылданды». 1868 ж. 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығының далалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже қабылданды». Осы 2 ережеге сәйкес Қазақстан жерін 3 генерал-губернаторлыққа бөлінеді. 1) Түркістан г.-г., орталығы Ташкент (Сырдария мен Жетісу). 2) Батыс Сібір г.-г., орталығы Омбы(Ақмола, Семей). 3) Орынбор г.-г., орталығы Орынбор (Торғай, Орал).
Кіші жүздін ресей құрамына кіруі.Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қосуды бастаған Әбілқайыр хан бірнеше мақсат көздеді:Ресей империясына арқа сүйеп, жоңғар шабуылына тойтарыс беру;Башқұрттардың қазақ жеріне шабуылын тоқтату;Қазақ еліндегі билік жолындағы қарсыластарын ықтыру, хан бастаған тағына отыру;Бойындағы мал жайылымдарын реттеу;Батыс пен шығысты жалғастыратын кернеу жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Кезінде Тәуке ханның Сібір ген.губ М.П.Гагаринге көмек сұрап жіберілген елшілігі, Ресейдің Швециямен соғысып жатқаны үшін, жауапсыз қалған еді. Ал бұл кезде Ресей империясы Қазақстан жеріне біртіндеп ене бастаған болатын. Патша үкіметі Ертіс өзенінің бойына әскери бекіністерді көптеп сала бастады.Мысалы: 1716 жылы Омбы,Жәміш;1717 жылы Железинск;1718 жылы Семей;1720 жылы Өскемен,Коряков бекіністері салынды.1731 жылы 30 ақпанда Әбілқайыр хан жіберген Сейтқұл Құндағылұлы, Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілер Петербургте әйел патша Анна Иоановна Кіші жүзді Ресей бодандығына қабылдау туралы өтініш тапсырды. Бұл ұсынысты Анна Иоановна қабал алды.Анна Иоановна Әбілқайырдан ант алу үшін Кіші жүзге А.И.Тевкелев бастаған елшілерді жіберді.1731 жылы 10 қазанда Әбілқайыр хан, Кіші жүздің 27 старшыны Ресей бодандығын қабылдау туралы ант береді. Бұл жағдай Ресей империясының қазақ жерін отарлауының басы болды. 1734 жылы И.К.Кириллов басқарған экспедиция табиғат байлықтарын зерттеу, сауданы ұлғайту, Сырдария бойында бекіністер салу, Ор бекінісін тұрғызу сияқты мақсатпен қазаұ жеріне аттанды.1735 жылы Ор бекінісі салынды.1737 жылы Патша үкіметі башқұрт халқының көтерілісін басу үшін Кіші жүз әскерін пайдаланды.
Орта жүздің Ресей құрамына кіруі.1738 жылы Орынбор қаласында Әбілқайыр хан бастаған Кіші жүздің 25 старшыны, Орта жүздің 27 старшыны патша үкіметіне адал боламыз деп тағы да ант берді. Қазақ сұлтандарының антан Орынбор комиссиясының басшысын В.Н.Татищев қабылдады.1740 жылы қазақ ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан жағдайға байланысты Ресей билігін мойындағанымен, іс жүзінде патша үкіметіне бағынбады. Олар бұл жолға жоңғар шабуылына қорғану үшін барған еді.1741-1742 жылдары Қалдан Церен басқарған жоңғар әскерлері қазақ жеріне тағы да шабуыл жасап, зор шығынға ұшыратты.1742 жылы Ресей Сенаты Кіші жүз қазақтарын жоңғарлардан қорғау туралы шешім шығарды. Осы жылы Орынбор комиссия басшысы И.Неплоев қонтайшы Қалдан Церенге Кіші және Орта жүз қазақтарына тиіспеуді ескертті. XVIII ғасырдың ІІ жартысында подполковник И.Д.Бухольцтың әскери барлау экспедициясы қазақ жерін жоңғарлардан қорғауды ерекше рөл атқарды.Ал Ресей үкімет қазақ жерін толық отарлау мақсатында Қазақстанның солт-шығ. Әскери шебтерді, бекіністер мен қамалдарды көптеп сала бастады. Мысалы:Ертіс өзенінің бойына 31 әскери форпост салды.Сонымен қатар Ресей үкімет Әбілқайырдың билігін тарылтып, Кіші жүзді толығымен отарлау мақсатын алдына қойды.Осыған байланысты Ресей билеушілерімен Әбілқайрдың арасындағы қатынас біртіндеп салқындай бастады.1748 жылы Ор бекінісіне Әбілқайыр А.И.Тевкелевпен кездеседі. 1748 жылы Ор бекінісіне қайтып келе жатқан Әбілқайыр ханды жекпе-жекте қарсыласы Барақ сұлтан өлтіреді.
№46 сұрақ. Абылай (Әбілмансұр) хан — (1733—1737) билік құрған. Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы, Рахметтің досы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек.
Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, 1730-33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.
Абылайдың жиырма жасы қай жылға сәйкес келуіне байланысты, қай шайқасқа қатысқаны туралы болжам айтуға болады. Бұл, әрине, Абылай қатысқан алғашқы соғыс емес. Ел әңгімелері, тарихи жырлар Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында жорық-жортуылдарға қатысқанын айғақтайды. Аңырақай шайқасына қатыспады дегеннің өзінде де, Абылайдың 1730-33ж. Болған бір ірі шайқасқа қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи деректерден Орта жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1730 жылы да, 1731 жылы да бірнеше үлкен ұрыстар болғаны белгілі. 1732 жылы жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болады. Абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген. Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 30-40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бұқар жырау «Қалданменен ұрысып, Жеті күндей сүрісіп...» деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай т.б. қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады. Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Әз-Тәуке ханныңнемересі Әбілмәмбет ханнан өтіп, Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі. XVIII ғасырдың 30-жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен қатар аталады. Орыс тарихшысы А.И.Левшин: «1739 ж. Орта жүзде Сәмеке ханның орнына хан сайлаудан бұрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдей хандық билік жүргізген»,- деп жазды. Ш.Уәлиханов та осы пікірді қолдайды.
№47 сұрақ. Сырым Датулы бастаган кіші жуз қазақтарының көтерілісіХҮШ ғасырдың 30-шы жылдары Кіші жүзді өзіне тәуелді еткен соң патшалық Ресей біртіндеп қазақ даласындағы отарлау саясатын терендете бастады. Кіші жүз өңірінде қалыптасқан жагдайлар қазақгардың Е. Пугачев бастаған көтеріліске қатысуына себеп болды.Пугачев көтерілісіне қазақгардан басқа башқұрттар, қалмақтар, т.б., қатысқан еді. Бұл көтерілісті басуга патша әкімшілігі жақсы қаруланған жазалаушы әскерді көп жіберді. Жазалаушы эскер Қазан манында көтерілісшілерді басып-жаншыған соң, Пугачев бастаған көтеріпіс жеңіліс тапты. 1775 жылдьщ көктемінде жазалаушы әскер көтеріліске қолдау көрсеткен казак ауылдарына шапқаншылықтар жасады. Бүган шыдамаган қазақтар далага ішкерілей көшіп кетіп, бас саугалайды.Бұл келеңсіз құбылыстарға қоса хан мен патша уюметінің салган түрлі салыктары, көрсеткен зорлық-зомбылықгары халықты әбден титықтатқан еді. Патшалық Ресейдің жергілікті әкімшпіік орындарьша арқа сүйеген Нұралы хан мен оның туыскан сұлтандары 70-жылдардьщ екінші жартысында халықты канауды күшейтті. Осындай әлеумеггік-саяси себептер С.Датұлы бастаған Кіші жүз казақтарының көтеріліске шыгуына негіз болды, Ягни 1783 жьшдың көктемінде Жайық казактарының қазақтардың 4 мыңнан аса жылқысын айдап әкетуі елдің ішіндегі жагдайды одан әрі шиеленістіріп, көтерілістіц басталуына әкеп согады. Көтеріліс алғаш Кіші жүздіц батыс өңірін Тама руын қамтып, кейін Орал мен Жем өзендерінің арасьша қоныстанған басқа да руларға таралды. Көтеріліске елге жастайынан акьшдылыгымен, шешендіпмен танымал болып бала би атанган халық арасында беделі зор, ыкпалы күшті Байбақгы руының старшыны С.Датұлы жетекшілік жасады.1783 жылы көтерілісшілер қазақ ауыддарына шабуыл жасаган казак-орыс атамандарының бірі Чагановтың отрядын тапқандап, оныц өзін тұтқынга алып, кейін Хиуа хандыгына құлдыққа сатып жібереді. Осы жагдайдан кейін көтерілісшілерге қарсы Орал қаласынан әскер шыгып, 1783 жылдыч желтоқсанында күтпеген жерден С.Датұлын қолга түсіреді. Бірнеше ай түрмеде отырган Сырымды кудасы Нұралы хан 1784 жылы кепілдікке 70 жылқы, 350 рубль ақша төлеп босатып алады. 1784 жылдың мамьфында елге оралган Сырым өэ жасагымен Орал әскерлеріне қайта шабуыл бастайды. Бірақ, оның бұл әрекеті Нуралы хан тарапынан колдау таппайды. Нуралы оган керісінше карсы болып, көтерілісті басуга әкімшіліктен қосымша эскер жіберуді сұрайды. Нұралы ханнын бұл ісіне риза болмаған Сырым, онымен араздасып, енді кетеріліс тек Жайық казактарына ғаиа емес, Әбілқайыр әулетінен шыққан хан мен сұлтандарга да қарсы бағытталады.1784 жылы көтеріліске Байбақгы, Табьш, Шекті, Шеркес руларының адамдары да қатысты, кейін көтеріліс одан әрі канат жайып - Барақ, Тіленші, Оразбай, Айшуакгың баласы Жантөреніц иеліктерін, Жогаргы Орал бекінісі мен Елек қалашығына дейінгі аралықтьі қамтыды. 1784 жыддьщ күзінде көтерілісшілердің саны 1000 адам болса, 1785 жылы Сырым батырдың жасағында - 2700, Барақ батырда - 2000, Тіленші батырда - 15000 адамга жеткен. 1785 жылдыц көктемінде Сырымның жасағы Антоновск форпостына, Сахарная қалашыгына, Орал беюністеріне шабуылдар жасал, оларга көп шыгын келтіреді.Көтерілісшілер өз таралынан патша әкімшілігіне мынадай талаптар қояды: 1) Еділ мен Жайық арасыңдагы қоныстарды қайтару; 2) Орал казак-орыс әскерлерінің жазалау отрядтарын жіберуді токгату; 3) Нұралы ханды тақтан түсіру. Елшіліктен қайтып келген М.Құсайьшов патиіа П Екатеринага көтерілісшілердің талаптарын ескерпп, хабарлама жолдайды. 1785жылдың күзінде тағы да старшындар мен көтершісшшер қатысқан жиналыс өтіп, оған қатысушылар Нұралы ханды тақтан түсіру жөніндегі шешімдерін күшінде қалдырып, бұдан былай оны хан ретінде мойындамайтындыісгарын білдіреді.Орынбор генерал-губернаторы арқылы осы жағдайлармен танысқан патша П Екатеринадан "кіші жүз үш бөлікке бөлініп, билер мен сұлтандар арқылы басадрылсын" дегеи нұсқау келеді. Осыдан кейін генерал-губернатор О.А.Игельстром Кіші жүзді басқарудың империялық басқару жүйесіне жақын жобасын жасайды. Онын жобасы бойьшша Кіші жүздегі хандық билік жойылып, елді басқару Орынбор шекаралық сотына беріледі, ол генерал-губернаторга багындырылады. Тарихта "Игельстром реформасы" деген атпен кдлған бұл реформа, жалпы империядагы саяси жагдайга байланысты және жергілікті жерде түрлі карсылықтаргаушырап, толықтай іске аспайдыБилер мен сұлтандардың Сырым бастаған бөлігі болмаса, барлыгы бірдей хандық биліктің жойылуын қолдамаған еді. Хандық билік жойылғанмен, патша әкімшілігі Кіші жүзде өздеріне тұтастай тэуелді басқару жүйесін құра алмады. Бұл реформаның бір пайдалы жағы, оны жүргізу барысыңда Жайық казак-орыс әскерлерінің қазак ауылдарьша шабуыл жасауына тиым салынды. Қазақтарға Еділ мен Жайық аралыгындағы жерлерге көшіп-қонуға мүмкікдік беріліп, Жайықтан өтуге 45 мыңнан аса шаруашылыгы бар 17 ру басы рұқсат алады."Игельстром реформасы" толық нәтиже бермеген соң, патша үкіметі хандық билікті қалпына келтіру мақсатында енді сұлтандармен арадағы одақгы нығайтуды көздеді. О.А.Игельстромның орнына жаңа тагайындалган генерал-губернатор А.Пеутлинг Ндоалының інісі Ералымен байланыс жасап, казақ қоғамына қатысты қатал саясат ұстанды Губернатордың саясатына сәйкес Жайық казак-орыс әскерлері қазақ ауылдарына шабуылдарьш қайта үдетгі. Старшындарга қарсы саясат жүргізіп, олардьщ билігіне шек қоя бастады. 1790 жылы Орынборға барган билер мен старшындар қамауга алынады. Осы жьшы Уфа қаласында Н^ралы хан кайтыс болып, орнына билер мен ру басылары жиналып Есім сұлтанды Кіші жүздің ханы етіп сайлайды Бірак патша әкімшілігі бұл сайлауды мойындамай, хандыққа Ералыны ұсынды. 1791 жылы күзіне қарай генерал-губернатордың кдтысуымен Ор қаласьшьщ жанында өткен жиналыста билер мен ру басыларының шешіміне қарамастан Ералы хан сайланды. Еральгның хан сайлануы ел ішінде наразылық тудырып, сгихиялық баскөтерулер байқадды. 1794 жылы Ералы хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі жаңа хан сайлауга біршама ойланып барып, 1795 жылы Н^ралының баласы Есім хандыққа сайланады. 1795-1796 жылдардағы ауа райының колайсыздыгы Кіші жүз халқының шаруашылыгын күйзелтіп кетеді. Оган қарамастан Есім хан түрлі салық жинауды тоқтатпайды. 1797 жылы О.А.Игельстром Орынбор генерал-губернаторлыгына қайта тагайындалады. Осыдан кейін Сырымның Есім ханга қарсы қозгалысы басталады 1797 жьшы наурыздың 26-нан 27-не қараған түні көтерілісшілер Краснояр бекшісінен 5 шақырым жерде Есім ханды өлтіріп, ауылдарын тонап кетеді. Бірақ, ханды өлтіруге Сырым өзі қатыспайды. Хан өлімінен кейін патша үкіметі көтерілісшілермен күресудің дұрыс әдісі Сырымды түгцындау деп есептейді. Онымен гана шектелмей амалдар іздестіріп, Кіші жүзде хан кеңесін ұйымдастырады. Ол кеңестің басшылығына Айшуак султан, кеңес мүшелігіне алты старшын жэне патша үкіметінің өкілі Құсайынов сайланады. 1797 жьшы тамыз айында хан кеңесі шақырьшып оган 1000-га жуык адамы бар Сырым Датұлы да келеді. Осы кеңесте Сырым: "Кіші жүз халқының жагдайьшың ауырлыгына және хан кечесінің құрылуына байланысты күресті тоқтатамын", - деп малімдеме жасайды. Одан соң ол хан кеңесінің құрамына сайланады77 жастағы Айшуақ сұлтанды 1797 жылы қазан айында патша үкіметі хан етіп тагайындайды. Осылайша, 1783 жылдан 1797 жылға дейін 14 жылга созылган Сырым Датұлы бастаган ұлт-азаттық көтеріліс халықтың босқа кьгрылмауы, ел ішінде тыныштық сақтау максатында токтатылады. Көтерілістің қозгаушы күші - хальгқ болды. Оған билер мен батырлар, старшындар мен ру басылары да, қарапайым шаруалар да қатысты.Сонымен қатар Жаргы салық жүйесін енгізді, ол бойынша әр қожалық өкіметке 100 бас малдан 1 бас мал салық төлеуге тиіс бодды. Жаргының аркайы бір параграфы аға сұлтандардыц, болыс-басқарушы сұлтандардың және округтік приказ шенеуніктерінің мәртебесін жэне жылдық жалақысын белгіледі: аға сұлтандарга жьшьша 1200 сом, тілмаштарга - 800 сом, болыс сұлтандарына - 150 сом.1824 ж. Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен даярлаған «Орынбор кырғыздары туралы» Жаргы кіші жүзде жүзеге асырылды. Бұл реформа барысында Кіші жүздегі хандық билік жойылып, оның территориясы: Батыс, Орта және Шыгыс болып үшке бөлініп, Орынбор генерал-губернаторлыгына бағынды. Бұл беліктердің басында аға сұлтандар тұрды.1822 ж. Жаргыдан аиырмашылыгы Кіші жүздегі ауыл старшындарынан бастап аға сұлтандарга дейін сайланбайтын болды, оларды шекаралық комиссияның ұсынысымен Орынбор генерал-губернаторы тағайындады. 1831 ж. дистанциялар мен старшындықгар ұйымдастырыла бастады. Батыс бөлікте - 8, Ортада - 20, Шыгыста - 28 дистанция қурылды. 1837 ж. 1 сом 50 тиын күміс ақшамен түтін салығы енгізілді. Сұлтандар, старшындар және молдалар салықтан босатьшды.
№48 сұрақ. Патша үкіметінің жергілікті феодалдарға сүйеніп, халықты қанауы наразылық туғызды. Наразылық жер дауынан басталды. Ішкі Ордада қазақ байлары мен орыс помещиктері ең құнарлы жерді өздеріне алды. Кедейлерге ең құнарсызы тиді. Жәңгірдің інісі Меңдігерей Бөкейханов, би Балқы Құдайбергенов, ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанов халықты қанады.1831 ж. Ресеймен шекаралас жерлерде сұлтандар мен Орынбор Шекара комиссиясына бағынатын әкімшіліктер құрылды. Ондағы әкімдер мен старшындар жергілікті басқаруды өз қолдарына алды. Ал Жайық бойын иемденген Орал казак-орыстары қазақтарға Жайық өзенінен өтуге, оның жағасына көшіп-қонуға тиым салды.Жәңгірге наразы болған бір топ сұлтандар шаруаларды Жайықтың арғы жағына қайтадан өтуге шақырды. 1827 жылдың қысы жұт болды. Көктем шығысымен Байбақты руы бірінші болып Жайыққа бет алды. сқарды. Ресми өкімет орындары бұл көшуге қарсы болды. Мұның өзі Кіші жүз қазақтарының үкіметке наразылығын күшейтті. Көтеріліс басталды. Оны беріш руынан шыққан Исатай мен Махамбет басқарды.Оған шаруалар қаптап келе бастады. Исатай, Махамбеттер 1937 жылы қыркүйек, қазан айларында Қарауылқожаның, Балқы бидің, Шоқы сұлтанның ауылдарын шабады. Сол жылдың қараша айының соңында Исатайлар хан ордасын шабуға аттанады.Ханға Орынбордан подполковник Гекке бастапан әскер күші көмекке келді. 1837 ж. 15 қарашада Тастөбе деген жерде шайқас болды. Күші басым жазалаушылар екпініне шыдай алмаған көтерілісшілер топ-топқа бөлініп кетті. Исатай да шегінді. Исатайдың тобы қуғынна қашып, Жайықтан өтті. Сағызға қарай кетті. 1838Көктемде халық қозғалысы қайта күшейді.Бұл кезде Сібір өңірінен шегінген Кенесары әскерінің бір бөлігі Орынбор өлкесіне ауысты. Олардың Исатай тобына қосылуынан қорыққан Орынбор ген-губернаторы Перовский көтерілісшілерді талқандауға кірісті. Орск бекінісі жағынан құрамында Орал полкі казактары бар Айшуақ Сұлтанұлының жасағы шықты. Орынбордан Гекке әскері шықты. Бұл кезде Айшуақұлы әскері полковник Гекке әскерімен біріккен болатын Оны Исатай тобы білмеді.1838 ж. шілде айының 12-нде Исатайдың жасағы мен полковник Геке бастапан әскерлер Ақбұлақ деген жерде кездесті. Зеңбірек оғынан шегінген көтерілісшілерге Айшуақовтың әскерлері тап берді. Тыл жақтан казак-орыс жүздіктері қоршауға алды. Исатай қаза болды. Ол өлгеннен кейін көтіліс әлсіреді. Бытыраңқы жасақтар Ойыл бойындағы Нижневральск желісі маңында қимыл жасап жүрді. Махамбетті 1846 ж. өлтірді.
№49 сұрақ.
1781 жылы Абылай хан қайтыс болғаннан кейiн, Орта Жүзде билiкке үлкен ұлы Уәли хан тағайындалды. Уәлидiң қатыгездiгi халықтың наразылығын туғызды. Ресейге қосылғанға дейiн қазақ хандары халықтан салық жинағымен мемлекеттiң сыртқы-iшкi мәселелерiн өздерi шешiп отыратын. Ресейге қосылғаннан кейiн патша үкiметi хандар атқарып келген бiрқатар iстердi өз қолына алды. Хандық билiкке патша үкiметi таңдаған адамдар тағайындалды. Салық төлеу бұрынғыша сақталынып қала бердi. Хандар патша үкiметiнiң жергiлiктi жерлердегi шенеуiгiне айналды. Халықтың наразылығы күшейдi. Хандық билiктiң сақталуы үкiметтiң iс-қимылын тежеп отырды. 1815 жылы патша үкiметi Уәлиге қосарлап екiншi ханды – Бөкейдi тағайындады. 1817 жылы Бөкей, 1819 жылы Уәли қайтыс болғаннан кейiн Орта Жүзде жаңа хан тағайындалмады. Жаңа реформаны әзiрлеудi патша Сiбiр генерал-губернаторы граф М.М.Сперанскийге жүктедi. 1822 жылғы 22 маусымда патшаның «Сiбiр қазақтарын басқару туралы» жарғысы шықты. «Жарғының» басты мақсаты – Қазақстанның солтүстiк-шығыс өңiрiн, әкiмшiлiк, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық – феодалдық тәртiптi әлсiрету едi. Бұл жарғыға сәйкес Орта Жүзде хандық билiк жойылып, оның орнына ауыл-болыс-округ түрiндегi басқару жүйесi енгiзiлдi. Ауыл – 50-70 шаңырақтан, болыс – 10-12 ауылдан, округ – 15-20 болыстан құралды. Орта Жүз қазақтары жерi Батыс Сiбiр генерал-губернаторлығына бағынды. Округтi басқару приказдарға жүктелдi. Оның құрамында екi аға сұлтан болды. Аға сұлтандыққа тек шыңғыс ұрпақтары сайланып, оларға майор әскери шенi, ал он жылдан кейiн дворяндық атақ берiлдi. (Кесте). Аға сұлтан үш жылға сайланса, болыстық билiк мерзiмi өмiрлiк болды. Болыстық билiк мұрагерлiкпен берiлiп отырды. Ауыл старшиндары да үш жыл сайын сайланып отырды. Жарғыға сәйкес қазақтардың бiр округтен екiншi округке өз еркiмен ауысуы шектелдi. Бұл - жер алаптарын пайдаланудың қауымдық дәтүрлерiн қиратуды бiлдiрдi. Ендi қазақ ауылдары өз округтерi аумағында ғана көшiп жүруiне рұқат етiлдi. Жарғыға сәйкес барлығы 7 округ ашылды. Олар: Қарқаралы, Көкшетау (1824), Баянауыл (1826), Аягөз (1831), Ақмола (1831), Үшбұлақ (1833), Аманқарағай (1834). Патша үкiметi жүргiзген бұл реформа қазақ ақсүйек топтарының барлығының мүддесiнен шықпады. Олардың бiр бөлiгi бұл саясатқа өз наразылықтарын ашық түрде1824 жылғы Орынбор қазақтары туралы жарғы. Кіші жүздегі хандық билікті жою 1824 ынбор нубернаторы П.К.Эссен «Орынбор қырғыздарының Жарғысын» дайындады. Жаргыда 3 хан тағайындауды жоспарлағандытан уақытша icкe аспады. 1824 жыл – "Орынбор қырғыздарының жарғысы" қабылданды. Авторы Орынбор генерал -губернаторы П.К. Эссен. Kiшi жүздің әкімшілік құрылымы: Бөліктер (батыс,орта,шығыс) басқарушысы – сұлтан. -- Дистанция (54),басқарушысы – ру шонжарлары--Ауыл, басқарушысы – ауыл старшыны \ Реформаның салдары: 1)Орталық басқару нығайтылды. 2)Табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүмкіндік туды 3)1824 жыл – Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылд 1845 жыл – Бөкей Ордасындағы хандық билік жойылды.
№50 сұрақ. 1938 ж. Кенесары туының астына мыңдаған сарбаз жиналды. Оны қолдағандар арасында орта жүз бен кіші жүз рулары - қыпшақ, төртқара, жағалбайлы, шекті, алшын, керей, жаппас арғын т.б. Сондай -ақ қарақалпақ, қырғыз, өзбек түрікмен өкілдері де болды.Кенесары қарсыластары Ақмола округының аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин, Кіші жүздің басқарушы сұлтандары Ахмед пен Мұхамед Жантөриндер, сұлтан Баймағанбет Айшуақов болды. Өзінің туыстары Әли мен Сүйікте қарсы болды.1838 ж. көктемінен бастап Кенесары жасақтары патша әскеріне қарсы жоспарлы күрсе жүргізді. Ақмола қаласын қиратты. Қоңырқұлжа аулын шапты. 1840 ж. күзде Ырғыз бен Торғай маңында патша әскеріне, бай-шожарларға күрес бастады. Оның атағы жайылды. 1841 ж. қыркүйекте Кене үш жүзден адам жинап әкесіне ас берді. Осы астан кейін оны халық хан етіп сайлады.Кенесары ел билеу тәртібін өзгертті. Алым-салық реформасы іске асырылды. Егіншілікті дамытуға, көрші елдермен сауда-саттық, керуен салық алынатын болды. Мемлекеттік құрылыс өзгерді. Хандық кеңес құрылды. Кеңесіп шешетін жоғарғы органдарға ханға берілгендер кірді. Жасақтар жүздіктерге, мыңдықтарға бөлінді. Кенесары орыс үкіметімен тату көршілік жасауға тырысты. Алайда Батыс Сібір губернаторы Горчаков Кенесарыны менсінбеді. 1841-42 жж. Кенесары жасақтары Қоқандықтарға қарсы соғыс жүргізді. Созақ, Сауранды алды. Қоқандықтар Кенесарымен келіссөз жүргізуге мәжбүр болды. Бұхар әмірі, хиуа хандығы Кенесарымен оң қатынаста болды. 1843 ж. Орынбор ген-губернаторы Перовский кетіп, орнына Обручев келді. Ол Горчаковпен бірге Кенені қуғындауға кірісті. Кенеге қарсы орыс соғысы 27 маусымда басталды. Ырғыз өзені бойында патша әскерінің бір тобымен кездескен Кенесары патша үкіметімен келіссөз жүргізіп жатқанын айтып соғысты болдырмады. Кенесарыға қарсы сұлтандар Жантөрин, Айшуақов, полковник Генс және Бизянов бастапан бес мың әскер де жіберілді. 1-7 қыркүйекте екі жақ арасында соғыс жүрді. Екі жақта жеңе алмады. Күз түсе патша әскері Ор бекінсіне қайта оралды.1844-45 жж. көтеріліс өрледі. Оған Сыр бойының, оңтүстіктің қазақтары қосылды. Кенесары өз әскерінің санын 20 мың адамға жеткізді. 1844 ж.жазында Кене жасақтарын құрту, халық қозғалысын басу үшін, Ор бекінісінен, Ұлытаудан, Тобыл өзенінен патша әскерінің үш тобы шықты.Негізгі күшпен Константиновск (Ақмола) бекінісін шауып, Жантөрин әскерін қоршайды. Ондағы 44 сұлтанды өлтірген Кенесары әскері 1844 жылы 14 тамызда Екатеринск (Атбасар) бекінісін тіке шабуылмен басып алды. Кенесары жасақтары Мұғалжар тауына барып бекінеді. 1844 ж. Кенесары табысы оның даңқын асырды. Кенесарымен келіссөз жүргізу үшін патша үкіметі Долгов бастапан бір топ адам жіберді. Кенесары оларды екі ай ұстап, Орынбор генерал-губернаторына хат жазып, оларды аттандырып жіберді. Ол хатында патша бекініс-қамалдарды бұзып, зорлықты тоқтатса, Ресейге бодан болуға әзірлігін білдірді. 1845 ж. Кенесары Ұлы жүзге қоныс аударып,Қоқан хандығына шабуыл жасауды , сөйтіп олардың қол астындағы қазақтарды босатуды көздеді.1845 ж. қазан-қараша айларында Кенесары әскері Қоқан хандығына жорыққа аттанды Ақмешітті қоршайды. Бірақ жұқпалы ауру шығуға байланысты кері қайтады.1846 ж. жазда Кене мыңдай жасағымен Қырғызға бет алды. Хан солтүстік қырғыз манаптарынан өзіне бағынуды талап етті. Қырғыз манаптары Орман, Жантай, Жанғараш тайпалар құрылтайын шақырды. Бірақ қазақ ханының бұйрығын орындаудан бас тартқаннан1847 ж. сәуірде Кенесары жасақтарымен қырғыз жеріне басып кірді. Кенесары Тоқмақтың маңында Кеклік сеңгірі деген жерде қамауға түсті. Оны қамаған қырғыздар, генерал Вишневский жасағы, Қоқан хандығы әскері болды. Жау тобын бұзып өткен Наурызбай тобы болды. Бірақ аз адамымен Кенесарының қолға түскеін естіген соң, жауға өз еркімен берілді. Жау екі батырдың да басын шапты.
№51 сұрақ. 19-ғ. 2-ж. Сыр бойы қазақтарының жағдайы өте ауыр болды. Мұндағы шекті, төртқара, шөмекей рулары Отырықшы қазақтар егіншілікпен айналысты.хиуа, Қоқан феодалдары Сырдың төменгі ағысы бойындағы Ырғыз, Торғай, Ембі өзендерінің бойындағы қазақтарды билеуге тырысты. Сырдың төменгі ағысы бойындағы Жаңадария және Қуаңдария алқаптарын басып алды. Онда әскери бекіністер салды. Қазақтардан зекет пен ұшыр алды.хиуа, Қоқан езгісіне қарсы Сыр қазақтары көтерілді. Оны әлім руынан шыққан Жанқожа Нұрмұхамедов (1780-1860) басқарды. Оның жасақтары бұған дейін 1838 ж. Кенесары әскерімен бірге Созақ қамалын қамауға қатысты. 1843 ж. Жанқожа батырдың жасақтары Қуандария бойындағы хиуалықтар тұрғызған қамалды талқандады. 1847 ж. Хиуа хандығының әскері өзен бойындағы қазақтарды жақсы жерден айыру үшін, Қуандария өзенін бөгеп тастады.Бұл кезде Сыр қазақтары солтүстік-батыс жақтан қауіп туғыза бастапан орыстарға қарсы шыға бастады. Өйткені 1849 ж. Райым бекінісіне Орынбор казак-орыстарының алғашқы 26 жанұясы қоныстанды. Олар қазақтарды отырған жерінен ығыстырды. 1853 ж. орыс әскері Ақмешітті басып алды. Сөйтіп Сырдария әскерижелісі пайда болды. Оған Райым бекініснен Ақмешітке дейінгі жерлер кірді. Бұл жерде орыстар қатаң тәртіп орнатты. 1857 жылға дейін үш мың қазақ отбасы жерінен айрылды.Орыстарға қарсы Сыр қазақтарының көтерілісі 1856 ж. желтоқсан айында басталды. Көтерілістің басында Жанқожа батыр тұрды. Көтеріліс бүкіл Қазалы өңірін қамтыды. 1857 ж. қаңтарында 5000 адамға жетті. 1856 ж. соңында Жанқожа Қазалы фортын қоршады.Көтерлісшілерге Қазалы фортында орналасқан Михаиловтың отряды қарсылық көрсетті. Оның құрамында казак-орыс жүздігі, елу жаяу әскер, бір зеңбірек болды. Көтерілісшілер жеңіліп қалды.1856 ж. 19-23 желтоқсанда көтерілісшілер тобы майор Булатов бастапан тағы бір отрядпен шайқасты. Көтерілістің таралуы үкіметті қорқытты. Ақмешіттен генерал-майор Фитингоф бастапан әскери топ келді.. Көтеріліс жеңілді.Көтерілістен кейін Жанқожа халықтан бөлініп, тек бидің қызметін атқарды.
№52 сұрақ.
ХІХ ғасырдың 20-жылдары Ресей Орта жүз бен Кіші жүзде хандық билікті жойып, Ресейлік басқару жүйесін енгізгенімен, Ұлы жүз мәселесіне әлі де көңіл бөле қоймаған болатын. Жалпы, ХІХ ғ. 30-жылдарына дейін Ресей империясының “үлкен саясатынан” Орта Азия мәселесі де тыс қалды. Ресей ол тұста негізінен Түркия мен оның иеліктеріне көп көңіл бөлді.
Ағылшын-орыс бақталастығында бұл үрдістердің белсенділігі арта түсті. Ресейдің Таяу Шығыстағы жетістіктері Англия қарсылығының күшеюіне әкелді. 1841 жылы Лондон конвенциясы Ресейдің Таяу Шығыс мәселесіндегі ірі дипломатиялық жеңілісі болды. Орта Азия мен Қазақстан біртіндеп ағылшын-орыс бақталастығының негізгі аймақтарының біріне айналды. Қазақстанның стратегиялық аймақ ретінде Орта Азия хандықтары мен Ресей және Қытай аралығында орналасуын патша
әкімшілігі жақсы түсінді. Қазақстандағы өз ұстанымын нығайту үшін түрлі шаралар қарастыра бастады. Ресей Сыртқы Істер министрлігінің Азия департаментінің ұсынысымен ХІХ ғ. 30-жылдары Қоқан хандығына Н.Г.Потанин, Бұхар әмірлігіне П.И.Демезон мен И.В.Виткевич, Е.П.Ковалевский, Хиуаға Г.И.Данилевский бастаған дипломатиялық миссиялар жіберді. Бұл сапарлардың барысында Ресей Хиуа және Бұхарамен орыс-азия сауда мәселелері бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізіп, Орта Азия хандықтарының ішкі жағдайы мен Хиуа хандағының Сырдария бойындағы қазақтарға қатысты саясаты туралы бірқатар мәліметтер алып қайтты. 30-жылдардың аяғы мен 40-жылдардың басында патша үкіметі хиуалықтардың шекаралық аймақтардағы күш көрсету және тонаушылық әрекеттерін тоқтату, хиуалықтардың қолындағы орыс тұтқындарын босату, Хиуаның орыс-қазақ қатынастарына араласуын бейтараптандыру үшін Хиуаға әскери экспедиция ұйымдастыру туралы декларациясын жариялады. Ресейдің мұндай ресми мәлімдеме жасауына Англияның Орта Шығыстағы саяси ықпалын нығайту қаупінің күшеюі себеп болды.
1839 жылы қараша айының ортасында Орынбор губернаторы В.А.Перовский 12 зеңбірек, 4 мың жаяу әскер және 10 мың түйеге артқан жүгімен Хиуаға қарсы жорығын бастады. Қатты суық пен боранның салдарынан Перовский 2 мың түйесінен айырылып, үлкен шығынмен Ембі бекінісіне дейін ғана жете алды. 1840 жылы 1 ақпанда тағы да 5 мың түйе азық-түлікпен басқа да құрал-жабдықтарын жоғалтып Ақбұлаққа жетті. Ақпан айының ортасында Орынборға кері қайтты. Бірақ, жағдайдың бұлай шиеленісуіне қарамастан Хиуа жорықтың қайталануынан қауіптеніп Ресейге 124 орыс тұтқынын қайтарды және Петербургке елшілік жіберді.
Орыс билігін мойындамаған қазақтарды бағындыруға және Орта Азия хандықтарының шекарасына орыс әскерін жақындату мақсатында Ресей Сырдарияның төменгі ағысының бойына әскери бекіністер сала бастады. 1847 жылы Райым бекінісі, 1848 жылы Қазалы форты салынды. Жаңа бекіністердің салынуы орыс әскерлеріне біртіндеп Сырдарияны бойлап жоғары жылжуға және қоқандықтардың ірі бекіністерінің бірі Ақмешітке жақындауға мүмкіндік берді. 1848-1849 жылдары
А.И.Бутаковтың басшылығымен келген экспедиция Арал теңізін зерттеп, теңіздің картасын жасады. Арал теңізінде кеме айлағы ашылды. Оның болашақта Орталық Азия және Хорезммен сауда қарым-қатынасында, әскери мәселелерде маңызы зор болды.
12 күндік қоршаудан кейін 1853 жылы 28 маусымда орыс әскерлері Ақмешітті басып алды. Осыдан кейін Сырдарияның төменгі ағысында Сырдария шебі құрылды. Оған Райым бекінісінен Ақмешітке дейінгі аудандар кірді және 1864 жылы Түркістанды алғанға дейін сақталып тұрды. Ресей Қоқан және Хиуа хандықтарына саяси қысым көрсетуге мүмкіндік алды. ХІХ ғасырдың 50-жылдары Орталық Азия мен Оңтүстік Қазақстанның Ресейдің сыртқы саясатындағы маңызы арта түсті. 1854-1856 жж. Қырым соғысында Ресей жеңілуіне байланысты батыстағы рыногынан айырылып, енді оған шығыстан жаңа рынок іздестіру қажет болды. 1858 жылы Орталық Азия аймағындағы Хиуа мен Бұхараға Н.Игнатьев бастаған дипломатиялық елшілік, Шығыс Иранға көпес ретінде Ч.Ч.Ханыков бастаған экспедиция жіберді. Бұл аймақтан алынған материалдар патша үкіметіне Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азия хандықтарындағы әскери қимылдарын ұлғайтпаса, ол аймақта Англияның мүддесінің арта түсетіндігіне толық көзі жетті. Өйткені, Англияның бұл аймаққа қатысты кең көлемде жаулап алу жоспары бар екені дәлелденген болатын. 1860 жылы Қоқанға хандықтың билеушісі Маллабектің сеніміне кіріп, Үндістандағы Англия басшыларымен байланыс орнатуға ағылшын барлаушысы Абзал-Мажит жіберіледі. Біраз уақыттан кейін Қоқан хандығының басты тірек пункттеріне қару-жарақтар жеткізіліп, әскери нұсқаушылар мен қару жасайтын мамандар жіберіле бастады. Қоқан өкіметі өздерінің әскери қамалдары мен форттарын, әскери шептерін күшейтуге кіріседі.
Англия мен Қоқанның бұл әрекеттері Ресей үкіметі жағынан қарсы шаралар қолдануды талап етті. Ресей бұл аймаққа Орынбор мен Сібір шебінен екі жақтап тереңдей ену үшін дайындала бастады. ХІХ ғасырдың 60-жылдары Қазақстан территориясында Ресейдің әскери бекіністері мен қамалдары, форпостары мен шептерінің саны арта түсті. Ақтау, Ұлытау, Қапал, Сергиополь, Верный, Қастек және т.б. Ресейдің Қазақстандағы әскери тірек пункттері болды. 1856 жылы құрамына 213 мың адамнан тұратын Ұлы жүз қазақтары және 60 мың қырғыз кіретін Алатау округі құрылды. Ресей әскерлерінің оңтүстіктен де солтүстіктен де сәтті жылжуына қоқандықтардың саясатына риза болмаған Әулиеата мен Шымкент төңірегіндегі Ұлы жүз қазақтарының 1857-58 жылдарда көтерілістер жасап, Ресей жағына өтуі де қолғабысын тигізді. Патша үкіметінің ықпалды ру басыларына қатысты алдау-арбау, шен-шекпен беру, жоғары қызметтерге тағайындау сияқты жүргізген саясаты да біршама маңызды рөл атқарды. Мұндай саясат тек қазақтарға қатысты ғана емес, Орталық Азия аймағындағы басқа да халықтарға қатысты жүргізілді.
1860 жылы орыс әскерлерінің қоқандықтарға қарсы белсенді әскери қимылдары басталды. 26 тамызда Тоқмақ, 4 қыркүйекте Пішпек бекіністері алынып, 24 қазанда Ұзынағаш төңірегінде болған шайқаста қоқандықтар жеңіліс тапты. Орыс пен қоқан әскерінің екі жақты қыспағы мен тәлкегіне түскен қазақтардың жағдайы өте ауыр болды. Жергілікті халыққа қатысты екі жақта қатігездігімен ерекшеленді. Күш көрсету, тәлкек жасау мен қатыгездік туралы екі жақтың да әскери басшылары: “ауылдары өртеніп, малдары тартып алынды, оларға берген сабақты ерекше сезілетіндей жасадық” деп жазды. 1861-63 жылдары Ресей үкіметінде Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия хандықтарын мақсатты түрде және тез арада иелену жөнінде пікір-таластар жүрді. Одан кейін Сырдария мен Сібір шебінің аралығына 4 экспедиция жіберілді. Олар бұл аудандарда қоқандықтардың күшті қарсылығын кездестірмеді. Жұмғол мен Құртқа бекіністері шайқассыз берілді, Созақ пен Шолаққорғанда қоқан билігіне қарсы көтерілістер бұрқ ете қалды. 1863 жылы Ресейдің Соғыс министрі Д.А.Милютин ерекше комитетке Орта Азия хандықтарына қатысты белгіленген іс-әрекеттері туралы баяндама жасап, оны мақұлдатып алды. 1864 жылдың басында бір-біріне қарсы тұрған екі жақта әскери қимылдарға дайындала бастады. 1864 жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстандағы орыс әскерлерінің дайындығы негізінен аяқталды да полковник Н.А.Веревкин бастаған отряд Түркістанға қарай қозғалды. Веревкиннің отрядында 1593 солдат, 44 офицер, 18 зеңбірек және 150 ерікті қазақ болды. Верныйдан бір мезгілде құрамында 2571 солдат, 68 офицер, 22 зеңбірек, және құрамында сұлтан поручик Ш.Уәлиханов басқарған 1400 ерікті қазақтар бар полковник М.Г.Черняевтың отряды да қозғалды. 4 шілдеде Черняевтың отряды Меркі, 6 шілдеде Әулиеата бекінісін шайқассыз алды. Полковник Веревкиннің отряды Түркістан қаласына барар жолда қоқан әскерлерінің шабуылына ұшырады да бекіністі қоршауға мәжбүр болды. 9 маусымда Түркістан орыстардың қолына өтті. Әулиеата мен Түркістанды тез арада алуда әскери операцияларға басшылық жасағандары үшін Черняев пен Веревкиннің әскери шендері жоғарылатылып, генерал-майор атақтарын алды. Жорықтарға қатысқан солдаттар “жоғары құрмет” және түрлі ордендермен марапатталды. Жетістіктеріне көңілдері көтерілген орыс армиясы алдын-ала дайындықсыз 1864 жылдың 22-23 шілдесінде Шымкентті алуға тырысты. Бірақ бұл уақытта қоқандықтар Шымкентке едәуір әскери күштерін тартып үлгеріп, орыс әскеріне қарсы соққы береді. Бекініс-қалаларға жақын орналасқан қазақ ауылдары екіге бөлініп, бірі орыстарға, екіншілері қоқандықтарға қолдау көрсетті.
Қоқан хандығында саяси күштердің қарсылығы күшейіп, хан мен оның төңірегіндегілердің озбырлығына наразылықтар көбейе түсті. Қоқан мен Бұхара арсындағы қайшылықтар шиеленісті. Мұндай қолайлы жағдайды орыс әскерлері де өз мүдделеріне пайдалана білді. Черняевтің алты жарым рота жаяу әскермен бір жарым жүздік казактардан тұратын отряды және Лерхенің төрт рота жаяу әскер, бір казак жүздігі мен мың жарым қазақтан тұратын отряды Шымкент түбінде бірігіп қалаға шабуыл жасап, 1864 жылдың күзінде оны басып алды. Түркістан мен Шымкентті жаулап алғаннан кейін Орынбор мен Сібір шептері жалғастырылды.
1865 жылы маусымда бір апта қарсылықтан кейін орыс әскерлері Ташкентті басып алды. 1866 жылдың жазында патша ІІ Александр Ташкентті Ресейдің құрамына қосу туралы жарлық шығарды. Бір жылдан кейін 1867 жылы құрамына қайта құрылған Жетісу және Сырдария облыстары кіретін, орталығы Ташкент қаласы болған Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғандығы туралы заң жарияланды.
Ресейдің жалпы Оңтүстік Қазақстанды әскери жаулауы Ақмешіт, Түркістан, Әулиеата, Шымкент, Ташкент т.б. бекіністердің қорғаушыларына деген ерекше қатыгездікпен жүзеге асырылды. Орыс әскерлері мұсылмандардың қасиетті жерлерін (Қожа Ахмет Яссауи, т.б.) қорлап, оларды қиратты. Ақмешітті 25 күн қатарынан атқылап талқандады, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зеңбіректің 12 снаряды атылып, оның 11-і кесененің қабырғаларын ойып кетті. Шымкент қаласын қорғап, қаза тапқандардың саны 3170-ке дейін жетті, Сайрам қаласы жермен-жексен етіліп талқандалды. Шоқан Уәлиханов өзінің діндестері мен руластарына орыс әскерлерінің көрсеткен тағылық әрекеттеріне байланысты одан әрі жорыққа қатысудан бас тартуға мәжбүр болды. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия тұрғындары қарсылық көрсеткендері үшін қатыгездікпен, аяусыз басып-жанышталды. Ресей болса, бұл әрекеттерін үкіметтің, “өзіне бағынышты территориядағы елдерді көшпенділер шапқыншылығынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған үкіметтің Орталық Азиядағы саясатының қорғаныстық сипаты” деп мәлімдеді.
Осылайша, ХІХ ғасырдың 60 жылдары Оңтүстік Қазақстанды жаулап алғаннан кейін Қазақстанның бүкіл территориясы ұзақ уақытқа Ресейдің отарына айналды. 1867-68 жылдары Түркістан және Далалық өлкені басқару туралы “Уақытша Ереженің” қабылдануымен Орта Азия және Қазақстан Ресей империясының отары ретінде заңдастырылды.
№53 сұрақ. 1867 ж. 11 шілдеде Александр II-Жетісу ж/е Сырдария облыстарын басқару туралы Ережелер жобасына;1868 ж. 21 қазанда- Торғай,Орал,Ақмола ж/е Семей обл.басқару туралы Ережелер жобасына қол қойды.Сонымен,Қаз.-ды басқару жөніндегі «Уақытша ережені» үкіметтік шенеуніктердің ойластыруы негізінде, Сейдалин, Шыңғыс Уәлиханов, Мұса Шорманов сұлтандардың ж/е басқалардың белсенді қатысуымен патша өкіметі әзірледі. 1854 ж. ашылған Семей, Ақмола обл.,1866 ж. құрылған Жетісу обл.басқаруға өзгерістер енгізілді. Реформа бірінші рет бүкіл Қазақ өлкесін қамтыды. Әйтсе де хандық билік 1845 ж. өмір сүруін тоқтатқан Бөкей (Ішкі) ордасы Уақытша ереже жобасы бой/ша Астрахань губерниясының құрамына қосылтып жіберілді. Өз кезегінде облыстар-уездерге, уездер-болыстарға бөлінді.Түркістан генерал-губернаторының міндетіне әскер ж/е азаматтық биліктермен бірге, көрші Қытай,Иран ж/е басқа мемлекеттермен дипломтиялық қарым-қатынастар жүргізіп отыру тапсырылды.Басқарудың жаңа жүйесі көшпелілер өмірінің патриархальды-феодалдық құрылысын шайқалтты, сұлтан-билер мен ағамандардың билігін шектеді. 1867-1868 жж. Реформаларды жүзеге асыру рулық ақсүйектердің ықпалы әлсіреуіне ікеп тіреді, мұның өзі олардың құқықтық, экон/лық ж/е саяси жағдайларынан көріне бастады.1868 ж. далалық облыстардағы басқару туралы Уақытша ереже ж/е 1867ж. Түркістан өлкесіндегі басқару туралы ереже бой/ша болыс басқарушысы өз қолына полицейлік ж/е тәртіп орнататын билікті шоғырландырды. Ол «тыныштық пен тәртіптің» сақталуын, салықтардың төленуін ж/е халықтың әр түрлі борыштарын өтеуін қадағалап отырды. Билер сотының шешімдерін іс жүзіне асыру да оның міндетіне жатты. Ауыл ағамандары өз қызмет бабы шеңберінде болыс басқарушылары атқарған мндеттерді орындады. Қазақ шаруалары мейлінше ауыр земстволық міндеттерді де өз иықтарымен көтерді: олар ауылдық-болыстық әкімшілікті асырады, көпірлерді, почта жолдарын жөндеуге қаржы беріп, әскери бөлімдерді көлікпен қамтамасыз етіп тұрды.1867-1868 жж. Реформамен жалпыимпериялық заңдар негізінде әрекет жасайтын әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды. Осымен бірге ауылдарда билердің феодалдық соттары ж/е Сырдария облысының қыстақтарында қазылар соты сақталып қалды. Далалық облыстардан тыс жерлерде жасалған қылмыстар, қазақ малшыларының қылмысты ж/е азаматтық істерін ресей заңдары негізінде уездік судьялар қарады.1867-1868 жж. Ережелер екі жылға,тәжірибе жасау ретінде уақытша енгізілген болатын. Алайда бұл «тәжірибе» жергілікті халықтың наразылығын тудыруы ықтималдығын 20 жылдан астам уақытқа созылды
№54 сұрақ. XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар жартыкеш болып шықты. Онда қазақ халқының құқықтары тым шектелінді. Мұның өзі қазақтардың тарапынан қатты наразылық пен қарсы әрекеттер тудырды. Сондықтан да патша үкіметі 80-90-жылдары реформаны одан әрі жаяғастыруға мәжбур болды.
Реформалардың аумақтық қана емес, сонымен қатар әкімшілік тұрғысындағы сипаты күшейтілді. Генерал-губернаторға саяси тұрғыдан сенімсіз қазақтарды әкімшілік жаза ретінде жер аударып жіберуге толық құқық берілді.
Болыс басқарушыларды әскери губернатор бекітетін болды. Уезд бастықтарының әкімшілік қызмет аясы да кеңи түсті. Оларға ауыл старшындарын бекіту құқығы берілді. Ірі қалаларда полиция басқармалары құрылды. Ал бірқатар уезд орталықтарында полиция приставтықтары пайда болды. Қазақтың дәстүрлі билер сотына шектеу қойылды.
Ресейдің еуропалық бөлігінен шаруаларды Қазақстан жеріне қоныс аудару ісін ретке келтіру мақсатымен Қоныс аудару басқармалары құрылды. Түтін салығының мөлшеріартып, 4 сомға дейін жетті. Мұның өзі қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайына келеңсіз әсер етті.
1869—1880 жылдары Кіші жүзде болған көтерілістер патша үкіметі жүргізген реформалардың әлі аяқталмаған сипаты бар екенін дәлелдеп берді.
Реформаларды одан әрі жалғастыру қажеттігі басқа да себептерге байланысты болды. Қазақстанның үш генерал-губернаторлыққа бөлінуі Ресейдің еуропалық бөлігіндегі шаруаларды Қазақстанға көшіруге байланысты мәселелерді жедел әрі жүйелі түрде шешуге мүмкіндік бермеді. Орта Азияның Ресей империясына әскер күшімен қосып алудың сәті түсті. Мұның өзі орасан зор кең-байтақ аумақты басқаруды қайта құруды және қаржы мәселесін үнемдеуді талап етті. Патша үкіметі бұл міндетті қазақ өлкесін Ресейдің өзге бөліктерімен бірте-бірте біріктіру арқылы шешуді жоспарлады. 1867-1868 жылдардағы ережелердің әуел баста-ақ уақытша, яғни өтпелі сипаты болып еді.
Көп жылға созылған талқылаудан кейін Ресей императоры III Александр 1886 жылғы 2 маусымда Түркістан өлкесін басқару туралы жарлыққа қол қойды. Ол 1867 жылғы «Уақытша ережеге» кейбір қосымшалар енгізді. Жаңа Ереже бойынша Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына Сырдария, Ферғана және Самарқан облыстары кірді. Оған 1897 жылы Жетісу облысы қосылды. Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы Ташкент қаласы болды.
1890 жылдың ақпан айында «Закаспийск облысын басқару туралы уақытша Ереже» бекітілді. Бұл әкімшілік бірлігінің құрамына негізінен түркімендер тұратын бес уезд -Красноводск, Ашхабад, Теджент, Мерв және Маңгыстау уездері кірді. Маңғыстау уезінде Кіші жүз, соның ішінде адай руының қазақтары тұратын.
Үшінші құжат — «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торгай облыстарын басқару туралы ереже». Оған 1891 жылғы 25 наурызда қол қойылды. «Ереже» бойынша Дала генерал-губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Қазақстанның Сырдария облысынан өзге барлық облыстары түгел кірді. Жаңа аумақтық құрылымның орталығы Омбы қаласында болды.
Сөйтіп, бұрынғы үш генерал-губернаторлықтың орнына енді екі генерал-губернаторлық құрылды. Маңғыстау уезі олардың ешқайсысының құрамына енгізілмеді. Бұдан «бөліп ал да, билей бер» деген империялық пиғыл айқын аңғарылды. Сөйтіп бұрынғы біртұтас Кіші жүз енді үшке бөлінді. Соның салдарынан оның бір бөлігі Ішкі Ордaның, екінші бөлігі Закаспийск облысының, ал үшінші бөлігі Дала генерал-губернаторлығының құрамында болды. Патша үкіметінін мұндай қадамға баруы Кіші жүз қазақтарының қайта-қайта көтеріліс жасай беруіне байланысты еді.
№55 сұрақ. Қазақтар патша үкіметінің реформаларына ашықтан-ашық күшті наразылық білдірді. Үкіметке қарсы көтеріліс жасайтын жағдай пісіп-жетіліп келе жатты. Көтеріліс күтпеген жерден стихиялы түрде бұрқ ете қалып, 1868 жылдың желтоқсанынан 1869 жылдың қазан айына дейін созылды. Ол отаршылдыққа қарсы айқын сипат алды.
Көтерілістің басы-қасында ірі рубасылары жүрді. Қазақтар үкіметтің жіберген комиссияларын қабылдамады. Көтерілісшілер үкімет билігіне бағынудан үзілді-кесілді бас тартты. Халық қарулана бастады. Олар басқарудың жаңа ережелерін енгізуге, елді Ресей шенеуніктерінің басқаруына ашықтан-ашық қарсы болды. Ежелгі ескі тәртіпкеқайтып оралуды талап етті.
Ашу қысып, зығырданы қайнаған елді жуасыту үшін патша үкіметі бұрынғы ел билеген Б. Айшуақұлы, М. Баймұхамбетұлы, А. Сейдалыұлы сияқты сұлтандарды салып көрді. Бірақ халық олардың сөзіне құлақ қоймады. Қайта олардың өзін елдің көзінше масқара етті. Енді үкімет билігі мұсылмандардың Уфа губерниясындағы діни басшылығына қолқа салды. Бірақ оларды да тыңдаған ешкім болған жоқ. Халық арасында енгізіліп жатқан жаңа тәртіп қазақтарды христиан дініне кіргізіп, шетінен шоқындыруға, армия қатарына алуға, сондай-ақ алым-салық түрлерін еселеп арттыра түсуге алып барады екен деген қауесет қаптап кетті.
Жаңа ереженің кағазға басылған нақты нұсқалары болған жоқ. Қазақ даласына үсті-үстіне жіберіліп жатқан комиссиялар оны ауызекі айтып түсіндіре алмады.
Әуелі Орал облысында басталған толқу бірте-бірте көршілес Торғай облысын да қамтыды. Қазақтардың 600-700 адамнан тұратын жасақтары ауыл-ауылды аралап, патша үкіметінің әкімшілігіне бағынбауға, басқарудың жаңа тәртібінен бас тартуға шақырды. Қазақтарды бейбіт жолмен тыныштандырудың сәті түспеді, ол ешқандай нәтиже бермеді.
Мамыр айында Жайық бойындағы қазақ даласына жазалаушы әскери отрядтар жіберілді. Олардың құрамында жалпы саны 1700 солдат, бірқатар зеңбірек болды. Әскериқақтығыс болып, қан төгілетін кез келді.
1868 жылдың 6 мамырында қазақтар Жамансай деген жерде фон Штемпельдің құрамында 200 солдаты бар жаяу әскер ротасына шабуыл жасады. 20 мыңға жуық қазақ оларды, яғни жазалаушы отрядты жеті күн бойы қоршап, тырп еткізбеді. Сөйтіп жемшөбі мен азық-түлігі қалмаған жазалаушылар кері қайтып кетуге мәжбүр болды.Юрковский бастаған және бір жазалаушы әскер де Орынбор шекара шебіне шегініп кетті.
1868 жылғы маусымның бас кезінде Орал облысындағы көтеріліс өзінің шырқау шегіне жетті. Қарапайым көшпелі халықтың ашуызасы енді жергілікті ақсүйектерге де қарсы бағытталды. Жаңа ережені қабылдауға келісім берген ақсүйектердің ауылдарына шабуыл ұйымдастырылды. Мәселен, 1869 жылғы наурыз айынан маусым айына дейін би, сұлтандардың, болыстар мен старшындардың ауылдарына 40-тан астам шабуыл жасалды. Оған жалпы саны 3 мың адам катысты.
Торғай мен Орал облыстарындағы көтерілістің кеңінен өрістеуі матшалык Ресейдін жергілікті әкімшіліктерін ғана емес, оның орталық үкіметінің де мазасын кетіріп, үрейін ұшырды. Сондықтан да оны аяусыз басып тастау үшін патша үкіметі Петербургтан, Мәскеуден, Харьковтан және Қазаннан жалпы саны 5 мыңға жуық солдаты бар жазалаушы әскер жіберді. Соның ішінде Орал облысында подполковник Рукин мен Веревкин бастаған жазалаушы әскерлер жойқын қимыл көрсетті.
Көтеріліс нашар ұйымдастырылды, күтпеген жерден стихиялы түрде бұрқ ете қалды, оның жекелеген басшыларының арасында келісілген ауызбірлік те болмады. Соның салдарынан ол жеңіліске ұшырады. Әрине, бұған дейінгі көтерілістердегі сияқты, бұл жолы да оған өз мүддесі үшін уақытша қатысқан бірқатар старшындардым сатқындық әрекеттері де көтерілістің жеңілуіне жеткізді.
Жаңа ереже енгізілгеннен кейін Маңғыстау түбегіндегі адайларда жер мәселесі қатты шиеленісіп кетті.
1870 жылғы 15 наурызда Маңғыстау приставы подполковник Рукин құрамында 38 казак солдаты, 4 зеңбірегі бар әскери жасағын бастап және беделді деген рубасыларын ертіп, Құрып деген жерде Хиуаға қарай көшіп бара жатқан ауылдардың алдынан шықты. Оның бұл қылығы қазақтардың көтеріліске шығуына түрткі болды. Бозашы деген жерде Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы 200-ге жуық қарулы қол жинады. Кескілескен шайқас басталып кетті. Көп ұзамай Рукин бастаған әскери жасақ тас-талқан болып жеңілді. Жаралы болған Рукин өзін өзі атып өлтірді. Бұл жеңіс көтерілісшілердің рухын көтеріп, оларды жігерлендіре түсті.
Көтеріліс Маңғыстау түбегін түгел қамтыды. Александровск фортының және Николаев станицасының балықшылары жұмысқа шықпай, жаппай наразылық білдірді.Қайықтарды тартып әкету басталды. Сарытау шығанағында тартып алынған қайықтардан қазақтар өздерінше флотилия құрып алды. Кейінірек ол флотилия Александровск фортын қоршауға қатысты. Көтеріліске қатысушылардың саны 10 мың адамға жетті.
1870 жылдың сәуір айында көтерілісшілер Александровск форты мен Николаев станицасына шабуыл жасады. Олар форттың маяғын өртеді және Нижнее бекінісін қиратты. Алайда зеңбіректің үсті-үстіне жарылған снарядтарына шыдай алмай, кейін шегінуіне тура келді. Көтеріліс жергілікті отаршыл өкімет билігінің ғана емес, сонымен қатарорталық үкіметтің де зәресін ұшырды.
Осы кезде Англияның Ирандағы ықпалы едәуір күшейе түскен еді. Патша үкіметі Хиуа хандығына қарсы шабуыл жасау мақсатымен өз әскерін Красноводск төңірегіне шоғырландыра бастады. Маңғыстаудағы көтеріліс орталығы олардың ту сыртында қалды. Ондағы Көтерілісті басу Кавказдағы аймақтың бастығына жүктелді. Сөйтіп мамырайының аяқ кезінде Кавказдан Маңғыстауға едәуір мол әскер күші жеткізілді. Адай-қазақтардың жан аямай қарсы тұрғанына қарамай, көтеріліс жеңіліске ұшырады, күшті қаруланған тұрақты әсерлерге төтеп бере алмады. Патша әскерлері көтерілісшілерді Жазалау үшін оларды барлық жерден тіміскілеп іздестірумен болды. 1873 жылы адайлардың кезекті жаңа көтерілісі бұрқ ете түсті.
№ 56 сұрақ. XІX ғасырда қазақ әдебиеті ұлттық дарынды тұлғалардың көптігімен де, бір-біріне ұқсамайтын дара туындылардың сан қырлы сипатымен де ерекшеленді. Бұл дәуірде айтыс өнері дамып, даңқты ақындар Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек, Сүйінбай, Шернияз, Біржан, Бақтыбай, Жамбыл сияқты әйгілі ақындар қатары Сара, Ырысжан, Ұлбике, Тәрбие, Ақбала және басқалар сияқты ақын қыздардың есімдерімен толықты деуге болады. Түрі мен мазмұны жағынан айтыстар бір-біріне ұқсамайды. Олардың кейбіреулерінің негізгі мазмұнында халықтың өмірі, оның шаруашылық-тұрмыстық проблемалары, рулық қоғамдастықтың ерекшеліктері сөз болса, Біржан мен Сара айтысында қазақ әйелдеріне жеке бостандық беру мәселесі көтеріледі. Мұндай айтыстармен қатар бірін-бірі қалжыңмен қағыту, танысу, амандасу, көңіл көтеретін әзіл-оспаққа құрылған айтыс түрлері де аз кездеспейді.
Осы кезеңнің музыкалық мәдениетінде Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) өзіндік даралығымен көрінді. Ол 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісінің белсенді қатысушысы ғана емес, көтерілістің “жаны” мен “жылнамашысы” болды. Оның “Исатай көтерілісі”, “Исатайдың өлердегі сөзі” сияқты шығармалары көтерілісті жан-жақты сипаттады.
Сол сияқты Шернияз Жарылғапұлы (1817-1881) Кіші жүз қазақтарының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің жыршысы және ту көтерушісі болды. Жалынды жырларымен халықты күреске үндеді.
Шығармалары қайшылыққа толы, күрделі тұлға саналған зар-заман ақындары да қазақ әдебиетінде өзіндік орын алады. Зар-заман ақындарының көрнекті өкілдері - Дулат Бабатайұлы (1802-1874), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкеұлы (1843-1909). Олар қазақ халқының өмірін ақиқатпен жырлаған ақындар болды. Ахмет Байтұрсыновтың “Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай алуында” деп тұжырымдағаны сияқты, бұл ақындар да қара басын күйттеген ақын емес, халқының үнімен елдің мұңын жеткізуші болды. Зар-заман ақындары өмір сүрген кезең патшаның отаршылдық саясаты дәуірлеп, қазақ жерінің нағыз талауға түскен кезі еді. Мәселен, Мұрат Мөңкеұлы “Үш қиян”, “Сарыарқа”, “Әттең, бір қатты дүние-ай” сияқты толғау-дастандары арқылы қазақ жерін отарлаушыларды батыл әшкерелеп, озбыр саясатқа қарсы тұрса, Дулат Бабатайұлы “Бейшара менің қазағым”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа” өлеңдері арқылы қазақтың ауыр тұрмысын бейнелейді.
ХVІІІ-ХІХ ғасырларда ақын-жыраулық поэзиямен қатар шығыстық ақындық дәстүр үлкен орын алды. Қазақтың дастандары араб-парсы әдебиетімен, фольклорымен байланыста болды. Абай қазақтың классикалық әдебиетіне дастандар алып келді. (“Ескендір”, “Масқұт”, “Әзімнің әңгімесі”). Абай (Ибраhим) Құнанбайұлы (1845-1904) өзі туған ортадан шоқтығы биік тұрды. Оның пікірінше, әрбір ойлы адам қоршаған өмір шындығына өзінің саналы көзқарасын қалыптастыруға тиіс. Абайдың бүкіл шығармашылығы әрекетсіздік пен жалған ұятқа деген ымырасыздық идеяларына толы. Ол ел ішінде бірлік пен татулық болғанда ғана қоғамның негізгі күштері - ғылым, алдыңғы қатарлы идеялар, мәдениет толық көлемде дами алады және бүкілхалықтық игілік әкеледі деп санады. Қоғамды алға дамыту жолдарын үнемі іздестіріп отырды. Яғни, бұл даму егіншілікті, қолөнерді, сауданы дамытумен тығыз байланыстырылды. Ұлы ақын:
Егіннің ебін,
Сауданың те гін
Үйреніп, ойлап, мал ізде”
деген болатын. Сол сияқты ақын орыс әдебиеті мен мәдениетімен таныс болды. М.Ю. Лермонтов, А.С.Пушкин, Н.Крылов шығармаларын аударумен шұғылданды. Орыс әдебиеті үлгілерін қазақ халқы арасына тұңғыш таныстырушы болып, олардың өскелең идеяларын насихаттады.
Осы кезеңнің дара тұлғаларының бірі ретінде Ш.Уәлихановты (1835-1865) атаймыз. 1856 жылы Ш.Уәлиханов екі экспедицияға қатысады. Біреуі Орталық Тянь-Шань арқылы Алакөлден Ыстықкөлге дейінгі, екіншісі - дипломатиялық тапсырма бойынша Құлжаға сапар. 1857 жылы Уәлиханов Алатау қырғыздарына тағы да сапар шегіп, қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны “Манасты” көшіріп алды. Ыстықкөлге экспедиция кезінде Ш.Уәлиханов тарихи деректермен қатар көненің көзі - ерте заман бұйымдарының құнды үлгілерін жинады. “Ыстықкөлге барған сапардың күнделігі”, “Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы”, “Қырғыздар туралы жазбалар” деген тарихи-этнографиялық туындылары жоғарыда аталған сапарларының нәтижесі болатын. Ш.Уәлихановтың ғылыми қызметі Орыс географиялық қоғамының назарын аудартып, 1857 жылдың ақпанында ол қоғамның толық мүшелігіне қабылданады. Оның ғылыми мұрасы Қазақстанның және көп ұлтты Ресейдің, басқа да халықтардың проблемаларының өзекті тұстарын қамтиды. Шоқан Орта Азия мен оған іргелес жатқан аймақтар халқының географиясын, этнографиясы мен фольклорын зерттеуге де үлкен үлес қосты.
№57 сұрақ. Зар заман ақындары Қазақ әдебиетіндегі байырлық рух ХVІІІ ғасырда жоңғарлар мен қарсы күресте ХІХ ұлт азаттық күресте, (Махамбет, Нысанбай ) қайта көтерілгенмен , Қазақстанның Ресей құрамына өтуі нәтижесінде зар заман кезеңі басталды. Қазақ жеріне қол салған патша үкіметі халықты жарылқау үшін келмегенді. Жерінен айрылған халық әдеп – ғұрып пен қазақы мінезінен де айрыла бастады . Патга үкіметі енгізген жаңа әкімшілік шаралар қазақ болмысына тән еместі. Ұрлық, өсек, талас – тартыс , алауыздық, арызқойлық – қазақ қоғамының осы кезеңдегі жемісі болды. Осы кезде өмір сүрген қазақ ақын - жырауларының бір тобы қоғамда болып жатқан келеңсіз құбылыстарды айаусыз сынға алды.Олар Қазақстанның Ресейге қосылуымен капиталистік көзқарастардың енуін кері кеткендік деп есептеді. Өткен өмірді ансады , болашақ туралы өз болжамдары мен пікірлерін білдірді. Қоғамда болып жатқан өзгерістерге өзіндік көз қараста болған және сол бағытта жырлаған ақындарды М.Әуезов « Зар - заман » жыршылары деп атаған болатын және әдебиет тану тарихында да олар осылай айтылды. Тарих ғылымының докторы М.Қойгелдиев отаршылдық бұғауына мықтылап байлаған халықтың мың -мұхтажы мен қайғы - қасыретін жырлаушыларды « Зар -заман » мектебінің ойшылдары деп атады. (1,246 б.). Бұл термин алғаш 1927 жылы енгізілген еді. Зар - заман кезеңінде ғұмыр кешкен орталық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң – зармен жырлаған ақындар шоғыры. Оның белгілі өкілдері : Дулат Бабатайұлы , Шортанбай Қоңайұлы, Мұрат Мүмкейұлы, Әбу бәкір Кердері, Аубан Асан , т.б. Мұхтар Әуезов Аблай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып Нарманбетпен аяқталды (2,168 б.). зар – заман тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алғанын отан көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі , елді басқару жүйесінің басқа санатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар- заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Олар халықтың жай күйін ойлаған үлт- қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шоғырлары халықтың салт- дәстүрлерді қабығы бұзылмаған қалпында сақтауға , ұлттың – бітімімен ажырамауға үндейді. Еркіндікпен бостандықтың, дәстүр мен европалық метрополиядан еңген жаңа тәртіптердің шегінен шиеленісуі Шортанбай, Дулат және Мурат сияқты « зар – заман » ағымы ақындарының шығармалары арқылы қабылдады. Олар ХІХ ғасырдағы қазақ өміріне тән барлық құбылыстарды аяусыз сынайды. Әлеуметтік, үйлесімділік уақыты ретінде өткен дәуірді идеяландыра отырып , бүгінгі заманның келешегінен де үмітін үзіп, түңіледі, қауіп жұбататын ешнәрсе таппаған Зар –заман ақындарының кеудесін кернеген мұң, зар , шер әбден күнәға батқан « замандастарының құлағына » жете қоймайды. Қазақ халқының шырайлы жерлерін алып, аздырып, діннен аулақтату сияқты империялық пиғылдар жүзеге асуына қарсыласы қозғалысы Зар –заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жыраулар поэзиясын үндесіп өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөнкеұлының ( 1843 – 1906 ) жырларынан айқын байқалады ( 3,38 ). Зар – заман ақындарының шығармаларындағы ұлттық болмысы , қазақы қадір – қасиеті сақап қалуға үндеген , ой – пікірлер жанаймен шарасыздықпен соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдермен болжамдықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің өршіл үні айқын аңғарылады. Зар –заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы – мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығын налыйды, тығырықтан шығатын жол таппай қыйналады. Олар елдің барлық түсінен Нәубетті ақыр заманың келгені деп ұғады. Зар – заман мектебінің аса ірі өкілдерінің бірі – Шортанбай Қанайұлы ( 1818 – 1881 ) « зар – заман » атауы да ақынның сол дәуір халін жырлаған өлеңдерінің бірінің атынан алынған. Концерватор ақын қасиетті Түркістан маңында дүниеге келіп, қарқаралы өңірінде өмір сүреді. Ол патша өкіметінің отарлау саясатының қазақ халқының болмыс тіршілігіне кері әсер еткенін , көптеген қайшылықтарды алып келгенін, заманның азғанын , әдеп-ғұрыптың тозғанын, ел – жұртта береке қалмағанын шығармаларының басты тақырыбы етіп алады. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы мен тұрмыс салтына едәуір ықпал еткен капиталистік қатынастарды қабылдамаған ақын халық өмірінде болып жатқан өзгерістерге сын көзбен қарады. Шортанбай адамдарының әлеуметтік топқа бөлінуі олардың шыққан тегіне сәйкес болу керек деп есептедіЗаманның бұзалғанына назары болған ақын «әуелгі заманның » енді қайта келмейтіндігіне « құдасы жоқ құлдың , қонысы жоқ байдың » озатынына , « байдың тілін жарлы алмай, ханның тілі қара алмай » өздері де жөнін біле алмайтынына қынжылыс білдіреді. « заман оңайлар еді, бірақ оған әуелден бас білдірдің » деп осы жағдайға душар еткендерді ренішін айтады (4,29).Елде ұрлық пен парақорлықтың , өсек пен жалақорлықтың көбейін, ұлы атасын сыйламаған , атасы батасын бермеген әлеуметтік құбылысты заманақырға теңеген шортанбай оның себебін патша өкіметінің отарлау саясатынан іздейді. Шортанбай ақырзаманды «бүкіл адамзат ұрпағының » жойылуы деп ұқпайды. Оның ойынша , «ақырзаман »бұрынғы әдет – ғұрыптың бұзылуы адамдар арасындағы сыйластық байырмалдықтың азаюы әркімнің өз басын күйттеуі, қазақ халқының өз еркіндігінен айырылуы , орысқа бодан болуы. Хандық билікті аңсаған ақын « Жандарал ұлығың , майыр сынғаның болды », «кәпірді піріндей тілмәшті жеңгендей дуанды үйіндей көрдің », енді сені күтіп « абақты тұр қасында , қазылған қара көріндей » (5,60 ) деп сақтандырады. Шортанбай басқа халықтың заңдары мен тұрмыс ерекшеліктерінің екінші халыққа күшпен енгізілуінің қаншалықты қатерлі екендігін түсіндіреді. Ғасырлар бойы қалыптасқан биліктің, әдеп – ғұрыптың кенеттен өзгеріске ұшырауын ол халықтың адамгершілік нормаларын бұзатын құбылыс ретінде бағалады. Патшалық Ресейдің отаршылдық саясатын батыл айыптады, бұл жағдайдан шығудың жолдарын іздеп арпалысты.Зар – заман ақындарының өлең – жырларында елмен қоштасу , туған жердің өткенін аңсау сарыңы орын алған. Жалпы «алға көшу», қонысты бастау ұғымы көптеген халықтардың фольклорлық шығармаларына тән. Таласуға түскен елден кетіп, жайлы жер , ыңғайлы қоныс іздеу идеясы еркіндікке , бостандыққа ұмытылу мұраттарымен орайлас келеді. Туған жердің табиғатына қарап тұрып , өткен күннің елесін іздеу жастық дәуреннің еске алу үрдісі ата қоныстың бүліншілікке түсіп , өзгенің ойранына айналған сәтте туындаған мұң – шермен астасып жатады. Ақындардың бір қатары жұтаған жер мен көшкен елге қайырылып сөз айтып тұрып , басқыншылық пиғыл мен зорлықшыл әрекеттерді зорлана жырға қосады. Зар – заман ақындарының көпшілігіне тән ерекшелік – келешекті көрегендікпен болжап , алдағы уақыттағы ел сипатының өзгерісін қолмен ұстап, көзбен көргендей бейнелеп айтуы. Мұндай болжам өлеңдер Зар – заман ақындарының шығармашылығын алғашқы бастапқы кезеңінде , яғни отарлаушылардың ойранынан бұрынырақ айтылғандығы мен құнды . бүгінгі көз қарасақ тұрғысынан қарасақ олардың ойлаған қауіпі расқа айналғанына куә боламыз. Бұл ақындардың ішінде өлең – жырдың бар қуатын пайдаланып, ата – баба дәстүрімен астарлай айтып, батыс пен шығыстан келетін кесапатты бірдей болжап бергені. Дулат Бабатайұлы (1802 - 1874). (6,169).Зар – заман ақындарының қайраткерлік биікке көтерілуі отаршылдықдықтың белең алунан басталады. Жыр жүйріктерін бар құдреті бар қабілеті ел жұртының санасын оятуға жұмсалды. Олар қатерді, зорлық – зомбылықты , алдын – ала ескертті, зардаптарын күнілгері таңба басқандай айтып берді. Елдің берекетін кетірген отарлаушылардың құбыжық кейпіндегі бейнесін жасады. Солардың ойранына жол ашқан өз халқының кейбір жандайшаптарын айаусыз сынға алды , кей тұста ел бірлігінің келместігін де түйреп өтті. Зар-заманның бүкпесіз баяндалған оқиғаларын кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Зар-заманның бүкпесіз баяндалған оқиғаларын кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Зар-заман ақындарының шоғырының белгілі өкілі – Дулат Бабатайұлы қазақ халқының дәстүрлі жыр үлгісін түр жағынан өзгертіп, өлеңді көркемдеп кестенің жаңа үлгісін жасады. Аталған ақындардың қай қайсысында ұлттық поэзиямыздың мазмұны жағынан байытуға үлес қосты. Кеңес идеология үстемдік еткен кезде Зар – заман ақындардың шығармаларын насихатттауға тиым салынды , олар барлық оқулықтардан алынып тасталды. Соған қарамастан зар –заман ақындарының шығармалары әр жылдарда зерттеу нысанасына айналды. Қазақ әдебиетін тариқын оқып – үйренуге арналған ғылыми жинақтарда олардың кейбір олең тұлғаулары жарық көрген тұстарында болды. Мысалы , 1978 жылы Ленингратта басылып шыққан , « Поэты Казахстана » жинағында - (құрастырған М.Мағауин ) ( 7 ,149 б. ) Зар – заман ақындарын отаршылдыққа қарсы жазылған бір қатар өлеңдері орыс тілінде жарық көрді. ХХ ғасырдың соңынан бастап Зар – заманның тарихи сипаты , Зар – заманның ақындарының шоғырының белгілі өкілдері, әдеби ағым ретіндегі ерекшеліктері , көркемдік кестелері туралы бір қатар еңбектері жазылды. Зар – заман шығармаларының – жаңалығы мол, өзгеше дәстүрі бар күрделі құбылыс ретінде әдебиеттану ғылымының тұрақты зерттеу нысанасы болып қала бермек.Консерватор ақындар күшті де , әділ хан билігін құп көрді. Олар өз шығармаларында өткен дәуірді аңсады. Әз Жәнібекті , Қасым ханды , Тәуке ханды, Абылайды, Кенесарыны еске алды , олардың ел бірлігін нығайтудағы еңбектерін атады. Замананың бұзылуын ел билеудің бұрынғы дәстүрлерінің жойылуынан деп білді, сондықтан ел арасындағы келеңсіз құбылыстар тамырын тереңге жайды деп тұсіндірді. Олар патшалық отаршылдық саясатты сынаумен қатар былайша жарқын өмірдің қайта орындалатынына сенді. Зар –заман ақындарының уақыт тағдырын дұрыс түсінгені және оны әділ бағалағаны өзінің тарихымен өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бірақ олар дәстүрлі құндылықтарды қорғаны мен тығырықтан шығатын жолды, жаңа арна мен бағытты көрсете алған жоқ. Дегенмен , олар патшалық отаршылдық саясатты сынау мен қатар , болашақта жарқын өмірдің қайта орнайтынына сенді.
№58 сұрақ. Абай Құнанбаев (1845-1904) – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ойшыл, ақын, сазгер. Әкесі Құнанбай – Тобықты руының старшыны. Абайдың тәрбиесі үшін анасы Ұлжанның орны ерекше болды. Ол бастапқы білімді үйінде, кейін Семейдегі Ахмет Ризаның медресесінде алды, сол кезде өзінің ақындық талабын көрсете бастады. Ел билеу ісіне баласын тарқысы келген аға сұлтан Құнанбай Абайдың оқуын аяқтатпады. 13 жасынан бастап Абай әкесінің қасында жүріп, сот ісін жүргізуді, билік айтуды үйренді. Бірақ ру тартыстарынан көп нәрсені байқаған Абайдың әкесімен көзқарастары бір болмады. Ол өздігімен шығыс ақындарының шығармаларын, орыстың классикалық әдебиетін оқып танысты. 1882 жылы – ең алғаш Лермонтовтың «Бородино» шығармасын аударады. «Қансонарда шығады бүркітші аңға» атты өлеңін жазады. 1870 жылы орыс желтоқсаншысы Е.П.Михалиспен, 1880 жылдары Н.И.Долгополов, А.Льеонтьев танысады. 1886 жылы жазылған "Жаз" деген өлеңінен кейін, Абай шығармашылықпен айналысты. Ол Пушкиннің «Евгений Онегинін», Лермонтовтың жалпы саны 27 шығармасын аударды Жалпы, оның шығармашылығын топтастырғанда, үлкен үш салаға бөліп қарастыруға болады:өзі шығарған төл өлеңдері әлем әдебиетінің озық үлгілерінен аударған өлеңдері тәлім-тәрбиелік маңызы зор ғақлиялар (қара сөздер) Абай қазақ қоғамындағы жаңалық, прогресс атаулының бәрін өз бойында сақтаушы болды. Оның пікірі бойынша әрбір ойлайтын адам қоршаған болмысқа дегенөзінің саналы қатынасын қалыптастыруға тиісті. Ол адамзат қоғамын ізгі әрі парасатты, прогрессивті дамушы тұрғысында көргісі келді. Әрбір адам бұған өзінің шама-шарқындағы үлесін қосуға тиіс. Сондықтан Абай естілер қатарында болғысы келген барлық адамдарды: «Күніне бір рет,н/е аптасына бір рет, тіпті ең болмағанда айына бір рет өзіңе өзің есеп бер, осы уақыт ішінде сен өзіңді өмірде қалай ұстадың, ізгілік пен парасаттылыққа сәйкес келктін істер жасай алдың ба?» деген сұраққа жауап қатуға шақырды. Өз заманындағы қоғамдық қайшылықтар Абайдың діни адамдарға көзқарасынан да көрініс тапты. Дінге шын пейілмен сенуші бола тұрып, Құдайға әділдік пен сүйіспеншілік тән деп есептеп, ол сонымен бірге,Қазақстандағы дінге қызмет ететіндер молдалардың әділдік пен ар-намыстан алыс адамдар екенін көре білді. Олардың көбі өздерінің атақтарын сатып алып,оны баюдың көзі деп қарады. Еңбекшілер бұқарасы тұрмысын жақсарту жолдарын Абай қоғамның экономикалық негіздерін өзгертуден көрді. Қазақтардың прогрессивті дамуын Абай егіншілікті, қолөнер кәсібін ж/е сауданы өркендетумен тығыз байланыстырды. Экономиканы дамытудың осы үш тұтқасы қазақ ағартушысының тұрақты назарында болды, оның пікірінше халық бұқарасы міне осыларға бет қоюға тиіс.Қазақ қоғамының өмірін зерттей отырып,Абай оның кеселдерін тек бірлесіп күш жұмсау арқылы жеңуге болады деген қорытындыға келді. Әрбір адам өз тағдырының қожасы болғанымен, тұтас халықтың да өз тағдыры бар. Сондықтан қоғамнан тыс өмір сүру н/е одан жақсы болу мүмкін емес. Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз алдырған. (Абай)
Ыбырай Алтынсарин 1841-1889) – ағартушы-педагог, қоғам қайраткері, ғалым этнограф, жазушы. 1844 жылы – әкесі қайтыс болып, атасы Балғожа биден тәрбие алған.1857 жылы – Орынбор Шекаралық Комиссиясы жанындағы қазақ мектебін (1850 жылы түскен) алтын медальмен бітірді.1857 жылы Орынбор Шекаралық Комиссиясының төрағасы, шығыстану ғылымының өкілі В.В.Григорьевпен жақын танысп, кітапханасын пайдаланды.1857 жылы – атасы Балғожа бидің хатшысы-тілмашы болды1864 жылы 8 қаңтар – Ыбырайдың басшылығымен Торғайда қазақ балаларына арналған мектеп ашты. Жаңа мектеп ашуға қаржы жинауда, мұғалімдермен қамтамасыз етуде Ыбырайдың педогогикалық көзқарасытары қалыптасты. 1867-1868 жылдардағы реформалардағы отаршылдық өзгерістерді алғашқыда пайдалы іс деп қарап, кейін патша үкіметінің отаршылдық-аграрлық саясатын әшкереледі. 1879 жылы – Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды. 1887 жылы – Ырғызда қыздарға арналған мектеп-интернат ұйымдастырды. 1890-1896 жылдар – орыс-қазақ қыздар училищелері Торғайда, останайда, Ақтөбеде ашылып, барлығы 211 қыз, соның 70-і қазақ қызы оқыған.Ол педагог-ғалымдар Ушинскийдің, Тихомировтың, Бунаковтың, Фармковскийдің және ұлы жазушы Л.Н.Толстойдың педогогикалық мұрасын пайдаланып, екі оқу құралын жазды: "Қырғыз хрестматиясы", "Қырғыздардың орыс тілін үйренуіне басшылық". Қазақ халқының әдет-ғұрпын жинақтай отырып, шығармаларында әдепсіздікті сынады. Отырықшылдықты, жер шаруашылығын дамытудың жаршысы болды. "Қығшақ Сейітқұл", «Талаптың пайдасы», «Байлық неде?» шығармаларында жаңа өмірді, шаруашылықтағы өзгерістерді суреттейді.
№59 сұрақ. Бірінші орыс революциясы жеңіліс тапқаннан кейін Қазақстанда да реакция кезеңі басталды. Ол Қазақстанға қоныс аударған шаруалар тасқынының санының арта түсуінен, қаражүздіктер ұйымдарының озбырлық іс-әрекеттерінен айқын көрінді. Қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығы күйзеліске ұшырады. Міне, осы жағдайда қазақ зиялылары ұлттың сана-сезімін жаңғыртуға бағытталган қызметін күшейте түсті. 1907 жылы қазақтар сайлау құқығынан айырылды. Қазақстанда шерулер, митингілер және жиналыстар өткізуге тыйым салынды. Өлкедегі социал-демократиялық және кәсіподақ ұйымдары талқандалды. Саяси сенімсіз жандарға полициялық аңду қойылды. Кәсіпорындарда жұмысшылар мен бой көрсетулердің белсенділері қара «сенімсіз» тізімге енгізілді, алдын ала ескерту жасалмай жұмыстан қуылып жатты. Кәсіпорындардағы жұмыс нормалары, жұмыс күнінің ұзақтағы ұлғайтылды. Азық-түлік бағасы қымбаттады, айыппұл салу кең өріс алды. Қазақтар мен орыс шаруаларының бірлесе қимыл көрсетуінің жолын кесуге әскер күші қолданылды.
1907 жылы Оқу-ағарту министрі бекіткен ережеде қазақ тілінін мәртебесі төмендетілді. Қазақ балалары өздерінің ана тілін бастауыш мектептерде екі-ақ жыл, оның өзінде де қосымша пән ретінде оқытылатын болды. Өзге пәндердің бәрі де орыс тілінде жүрді. 1909 жылы Дала облыстарының әскери губернаторлары орыс тілін білмейтін адамдардың болыс, ауыл старшыны болып сайлануына тыйым салынатыны туралы жарлық шығарды.
Өкімет билігінің тікелей қолдауымен елде «Орыс халқы одағы», «Михаил Архангель одағы» және басқа қаражүздік ұйымдар құрылды. Олар елде ойран салды, ұлт араздығын тұтандырды, жергілікті өкімет орындарының бұратаналарды қудалауы күшейді.
Патша үкіметінің мұндай іс-әрекеттері Ресей халықтарының, соның ішінде қазақ халқының да наразылығы мен ашу-ызасын тудырды. Мәселен, 1909 жылғы сәуірде Қостанайға Пермь қаласынан патша өкіметінің қоныс аудару саясатына карсы шыққан қазақтардың наразылығын басу үшін қазақ жүздігі жіберілді
Ұлттық-отаршылдық езгінің күшеюі, өлкеге капиталистік қатынастардың енуі, патша өкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ халқының ұлттық сана-сезімін өсірді. Қазақ халқының отарлық езгіге қарсы белсенді әрекеттері күшейе түсті.
Қазақ зиялылары қазақ халқының империя құрамында өзгелермен тең құқықты болуына қол жеткізу жолында күресті. Олар қазақ мемлекеттілігін қалпына келтірудің әдіс-амалдарын қарастырды, өз халқының отаршылдық езгіден азаттық алу жолындағы күресіне көмектесуге ұмтылды. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, М. Шоқай, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ә. Ермеков, Ж. Ақбаев, О. Әлжанов, т.б. танымал тұлғалар ұлтты басқа халықтармен терезесі тең даму жолына бастай білді. Ұлт зиялылары қазақ қоғамының оянуына жәрдемдесіп, халықтың құкықтық, эстетикалық санасы мен өнегелі ой-өрісіне зор ықпал етті. Олар өз үлгі өнегесімен қазақтың болашақ қоғам қайраткерлері М. Жұмабаев, С. Сәдуақасов, Қ. Кемеңгеров, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, А. Сейітов, X. Болғанбаев сияқты көптеген жас ұрпақты тәрбиелеп өсірді.
Қазақ зиялылары өздерінің мақалалары мен шығармаларын Қырым татарларының «Тәржіман», Еділ бойы татарларының «Ихтисад», «Шора», «Уақыт» және «Жұлдыз» сияқты басылымдарында жариялады. Онда патша үкіметі әкімшілігінің қазақтардың ежелгі заманнан бергі ата қонысын тартып алып, оларды жаппай қуып шығу саясатын сынады. Мақала авторлары сонымен қатар қазақ халқына христиан дінін күштеп таңып, оларды шоқындыруға, қазақтардың ана тілін қолданыстан ығыстырып шығаруға тырысқан келеңсіз әрекеттерге қарсы күресті
№60 сұрақ. ХХ ғ-ң басында Ресей империясының отарлау саясаты қарқынды жүргізілді. Қазақтардың жерін жаппай тартып алу нәтижесінде көшпелілер мен қоныстанушылар арасында қақтығыстар көбейді. Бұл тур А.Байтұррсынұлы «Қзақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп жазды.1914ж 1 тамыз-Бірінші дж соғыс басталды 38 мемл. Соғысқа қатысушы басты елдер:Антанта (Англия, Франция, Ресей)Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия)Осы жылдары жұмысшылар жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы -20тиын. Жұмыс күні ұзақтығы 12-14сағат. Көтерілістің негізгі себебі ұлттық және әлеуметтік езгінің халықтың кегін қайнататын деңгейде жетуінен болды. Отаршылық болмысқа, туған елдің талануына, кіндік қаны тамған жерден айырылуға шыдамаған халық бұқарасы патша үкіметіне қарсы жаппай көтеріліске шықты. Қазақтан қара жұмысқа жігіт алу –көтеріліске желеу болған негізгі себепші фактор еді. 1916ж 25 маусымдағы патша Жарлығы бойынша қара жұмысқа 19-дан 43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды барлық ер азаматтар алыынуға тиісті болатын. Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайды дағдарысқа ұшыратты. Соғыс жылдары еңбекке жарайтын майданға шақырылған қоныстанушы ер адамадр үлесі -55%. Сол арқылы патша үкіметі көптеген орыс солдаттары мен жұмысшыларын неғұрлым көнбіс және арзан жұмыс күші ретінде «реквизацияланған бұратаналармен» ауыстырып, оларды қорғаныс құрылыстары мен басқа да тыл жұмыстарынан босатқысы келді. Түркістан мен Дала өлкесінен 500 мыңнан астам жігіт алу көзделді. Бұл жағдай қазақ даласына үлкен қобалжу туғызды. Патша жарлығына көзқарас әртүрлі болды: Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады.Революцияшыл топ өкілдері(Ә.Жангелдин, А.Иманов, Т.Бокин) қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырдыЛибералдық-деморатиялық зифлылар (Ә.Бөкейханов, а.Байтұрсынов, М.Дулатов) патша үкіметімен келісімпаздық, компромистік бағыт ұстанды Патша жарлығына жауап ретінде шілде айының басында өлкеде стихиялық бас көтерулер болып өтті Ұлт-азаттық көтерілістің негізгі қозғаушы күші –қазақ жұмысшылары, шаруалар, қолөнершілер. Жетекші күші халықпен тығыз байланысты ел басшылары, үстам тап өкілдері. Ұлттың аман қалуы, рухани түлеу проблемалары күрестің өзегіне айналды. Көтеріліске қатысушы революцияшыл-демократияшыл зиялылар өкілдері:Жетісуда–т.Рысқұлов,Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ұ.Саурықов, ж.Мәмбетов, А.ҚосақовТорғайда-Ә.Жангелдин, А.ИмановОрал облысы мен Бөкей ордасында- С.Мендешов, Ә.ӘйтиевМаңғыстауда–Ж.МыңбаевАқтөбеде-Ә.майкөтов1916ж көтеріліс бүкіл Қаз-ды, орта Азияны, Сібір мен Кавказдың бір бөлігін қамтыды. Оған қатысқан қазақ жұмысшыларының шаруа қожалықтарымен байланысты көтеріліске стихиялы қозғалыс сипатын берді. Көтеріліске шыққан халық бірінші кезекте отарлауға дейінгі мемлекеттік бақару жүйелерін қалпына келтірді. Патша үкіметінің бұған қарсы қолданған тактикасы «Бөліп ал да, билей бер». Патша үкіметі алуан айла арқылы жергілікті әкімшілікті, байлар мен бірқатар мұсылман дінбасыларын жалпыұлттық қозғалыстан бөліп ала білді.1916ж 23 тамыз –генерал-губернатор Куропаткиннің құпия бұйрығы шықты:Басқармалардың лауазымды адамдары Төменгі полициялық шенділер Имам, молда, мүдәрістер Есепші, бухгалтерлерҮкіметтің оқу орындарындағы оқушыларЖоғарғы лауазымдылар Дворяндық және құрметті азаматтық құқықтарын пайдаланатындар қара жұмысқа шақырудан босатылды Көтерілісшілер әрекеттері Қара жұмысқа шақырылушылардың тізімін жоюБорышқорлық және салық тілхаттарын, жер сату жөніндегі құжаттарды жоюБолыс басқармаларын, болыс ауылдарын талқандауПатша әскерімен қақтығыс Жетісу облысындағы қарулы қақтығыс шілде-тамызда бұқаралық сипат алды.1916ж 20шілде –генерал Куропаткин Түркістан өлкесінің ген-губы болып тағ.Жетісу облысының ген-губ-ы Фольбаум ұлтаралық қақтығыс туғызу үшін арандату шараларын қолданды.Көтеріліс үдеп, Шу өзені мен Ыстықкөлге жақын бүкіл аймақты қамтыды. 10 мыңнан астам қырғыз, қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршды. Революцияның ірі ошағы –Қарқара аймағы: 5мың көтерілісші Қарқара жәр-н қоршап, Кравченконың жазалау отрядын талқандады.Жетісу көтерілісінің жетекшілері: Б.Әшекеев, Т:Бокин, Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықов, А.Қосақов 1916ж қазан –атша әкімшілігінің «Қырғыздарды көшіру туралы» шешімі шықты1916ж 9 өыркүйек –жазалаушылар Бекболатты Боралдай асуында дарға асты.Жетісу губерниясы 53 мың шаруашылыққа кеміді.Мал азайып,1/3 бөлігі ғана қалды.Торғай көтерілісінің ерекшелігі:Табанды болып, ұзаққа созылдыБилік көтерілісшілердің қолына өшіп, бір орталықтан жүргізілдіБасқарылудың тәртіпке келтірілген жүйесі болдыКөтеріліс басшысы –сардарбек а.Иманов өзіндік тактика қолданды:Ұйымдаспаған көтерілісшілерден жүйелі әрітәртіпті әскери организм құрдыҚару өндіру ұйымдастырдыМергендер жасақтарын құрды1916ж қыркүйекте көтерілісшілер саны -20мыңға, 26 қарашада -50мыңға жетті.1916ж 22 қазан –Амангелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады.1917жыл-Торғай көтерілісі талқандалды.Салдары:3 мың адам пауапқа тартылдыОның 201-і өлім жазасына кесілді 62-і каторға айдалдыҚазақстандағы 1916ж ұлт-азаттық қозғалыс имперализмге, отаршылдыққа қарсы сипатта болды. 1916ж Қаз жеріндегі қазақтар саны жартымлнға кеміді.көтерілістің жеңілуінің себептері Бытыраңқылығы әскери қарудың жеткіліксіздігі руаралық тартыстар жергіліті халық пен қоныстанушылар расындағы қайшылықтар ұлттық демократиялық зиялылар қатарында бірлітің болмауы қазақ феодалдарының сатқындығы салдары: қазақтардың саны:қазақ өлкесінде -446 мыңға;орта Азияда -121,7 мыңға;астрахань губерниясында -51,8 мыңға;ресей империясында -617,5мыңға азайды.Тарихи маңызы:қазақ халқының таптық санасы өстіқазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығвн ұғындықозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппарты құрылдыресей империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды Патшалық отаршыл әкімшілік 1916ж ұлт-азаттық қозғалысты қатаң жазалап, Дала мен Түркістан өлкесінен 250 мыңнан астам адамды күштеп тыл жұмысына алды. 1916 жыл- ХХ ғасырдың соңында қазақ халқының қолы жеткен саяси тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттігі үшін күрестің бір белесі болып тарихта өз орнын алды.
№61 сұрақ. 1917 жылы ақпанда патша үкіметін құлатқан буржуазиялық-демократиялық төңкеріс жеңіске жетті. Төңкерістің басты ерекшелігі қос үкімет (буржуазиялық Уақытша үкімет пен Жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестері) болды. Қазақстанда да бұл жүйе пайда болды. Наурыз айында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары - облыстық, уездік, кейіннен болыстық, ауылдық, селолық, станицалық атқару комитеттері құрылды. Ұлттық интеллигенция өкілдері Ә.Бөкейханов Торғай облысының, М.Тынышбаев Жетісу облысының комиссарлары болып тағайындалды.Қазақстандағы екінші үкімет халық үкіметінің органдары ретінде пайда болған кеңестер болды. Онда негізінен, социал-демократтар, меньшевиктер мен эсерлер еді. Осындай жағдайда өлкедегі аграрлық, ұлттық, мемлекеттік құрылыс және т.б. өзекті мәселелерді шешу үшін либералдық-демократиялық қозғалыс жетекшілері облыстық съездер (Орынборда, Оралда, Верныйда, Ақмолада, Семейде) өткізе бастады. Уақытша үкімет Қазақстандағы жағдайды реттеуге арналған бірқатар шаралар енгізді. Алайда ең маңызды жер мәселесі шешілмей, болашақта шақырылатын Құрылтай Жиналысына қалдырылды. Өлкеде бұрынғы ұлыдержавалық саясат жалғаса берді. 1917 жылдың көктем, жаз айларында жұмысшы, революциялық-демократиялық жастар ұйымдары, саяси партиялар құрылды. С.Сейфуллин басқарған "Жас қазақ" Ақмолада, Т.Рысқұлов басқарған "Қазақ жастарының революциялық одағы" Меркеде, "Жас жүрек" Спасск заводында т.б. 1917 жылы 21-28 шілдеде Орынборда 1 Бүкілқазақ съезі өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе болды Олар: мемлекеттік басқару жүйесі; қазақ облыстарының автономиясы; жер мәселесі; халық милициясын құру; земство; халыққа білім беру; сот; рухани-діни мәселелер; әйелдер мәселесі; Құрылтай жиналысын шақыру және оған дайындық; бүкілресейлік мұсылман съезі; қазақ саяси партиясын құру; Жетісу облысындағы оқиғалар; Киевтегі бүкілресейлік федеративтік кеңеске және Петроградтағы халыққа білім беру жөніндегі комиссиясының жұмысына қазақтардың қатысуы туралы мәселелер. Делегаттар ұлттық автономия мәселесіне, жер мәселесінің шешілуіне, Құрылтай жиналысына әзірлікке және қазақ саяси партиясын құруға баса назар аударды. Съезд шын мәнінде, қазақтың ұлттық саяси партиясы "Алаштың" съезі болып айқындалды. "Алаш" партиясына Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ж. және Х. Досмұхамедовтер, М.Жұмабаев т.б. кірді. Бұлардың көпшілігі қазақ қоғамы сол кезеңде дайын болмағандықтан, социалистік бағдарламаны қабылдаған жоқ. Олар "Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету" ұраны төңірегіне топтасты. 1917 ж. күзінде тағы бір ұлттық-саяси ұйым - "Қырғыздың (қазақтың) социалистік партиясы" деп атаған "үш жүз" партиясы пайда болды. Жетекшісі Көлбай Тоғысов болған бұл партия большевиктік бағыт ұстағ, "Алаш" партиясына", "Алашорда" үкіметінің құрылуына қарсы болып, большевиктерге қосылып отырды.
№62 сұрақ. Бірінші жалпықазақ съезі - 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан 20-дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында өткен сиез. Ол Х.Досмұхамедұлының төрағалығымен, А.Байтұрсынұлының, Ә.Көтібаровтың, М.Дулатовтың, А.Сейітовтың хатшылығымен өтті. Бірінші жалпықазақ сиезінің күн тәртібіне сол тарихи кезендегі елдің әлеуметтік- экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне Қатысты төмендегідей 14 мәселе қойылды:
1. Мемлекеттік құрылыс.
2. Қазақ автономиясы.
3. Жер мәселесі.
4. Халық милициясы.
5. Земство.
6. Оқу мәселесі.
7. Сот мәселесі.
8. Дін мәселесі.
9. Әйел мәселесі.
10. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы.
11. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі.
12. Қазақ саяси партиясы.
13. Жетісу оқиғасы.
14. Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер сиезіне және Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына Қазақтан өкіл жіберу.
Сиез қабылданған қаулы бойынша Ресей «демократиялық федеративтік республика болып, қазақ облыстары қоныс, ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс» болды. Делегаттар жер туралы мәселені аса ұкыптылықпен талқылап, 14 тармақтан тұратын шешім қабылдады. Онда: «Қазақ халқы өзіне қарасты жерге орналасып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін» деп көрсетіліп, бұрын қазақтардың пайдасынан алынып қойған жерлерді кері қайтару талап етілді. Делегаттар «жер туралы қазақ өз алдына заң жобасын жасасын» деген ұсыныс білдіріп, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының болашақ депутаттарына жиналыста бұл мәселені талқылап, оған депутаттыққа кандидат етіп 81 адамнан тұратын тізімді бекітті. Олардың ішінде Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Ә.Ермеков, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, А.Тұрлыбаев, А.Сейітов,М.Дулатов, А.Бірімжанов, С.Қадырбаев, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, М.Тынышбаев, Ы.Жайнақов, С.Аманжолов, М.Шоқай, Ә.Кенесарин, Қ.Қожықов,Ғ.Оразаев, Б.Құлманов, У.Танашев секілді белгілі қазақ зиялылары болды. Сондай-ақ, депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылғандардың арасында Г.Н. Потанин,В.Чайкин, Т.Нарботабеков, Ә.Диваев сияқты басқа ұлт өкілдері де бар еді. [1]
Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сиез шешімімен Ақмоладан А.Тұрлыбаев, Семейден Ә.Сәтбаев, Торғайдан Ә.Байғарин, Оралдан Досмұхамедұлы, Бөкей ордасынанУ.Танашев, Жетісудан Б.Мәметов, Сырдариядан М.Шоқай, Ферғанадан Ғ.Оразаев сайланды. Бірінші жалпықазақ сиезі қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуы тиіс деп есептеп, бұл партия бағдарламасының жобасын Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Сиездің шешімі бойынша, құрылатын партия парламенттік негізде демократиялык ұстанымдарды басшылыққа алған, қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғауды мақсат тұтқан саяси партия болуы тиіс еді. Сиез жұмысы барысында бір топ делегат партия құру ісіне байланысты сөйлеген Бөкейханұлынан ресейлік кадет партиясына қатынасын ашық мәлімдеуді талап етті. Соған байланысты болашақ партия басшысы кадет партиясынан шығатынын мөлімдеді. Сиез өз қаулыларында «осы күнгі тұрақты әскер орнына халық милициясы құрылсын» деп, ұлттық әскер жасақтауды, «көшпелі елдерде отырықшылардікі секілді тоқтаусыз болыстық земство ашылсын» деп, земстволық басқару жүйесінің қазақ тұрмысына бейімделген түрін ұйымдастыруды, «қазақтың народный сотын» жойып, оның орнына «қазақ тұрмысына лайық сот - айрықша сот» құруды жақтап шықты. Сиездің оқу-ағарту ісі, әйел теңдігі және дін мәселелері бойынша қабылданған шешімдері қазақ зиялыларының бұл қоғамдық мәселелерді түсініп, шешуде өз заманындағы коғамдық ойдың алдыңғы қатарында тұрғандығын айғақтайды. Оқу-ағарту ісіне байланысты «бастауыш білім жалпыға міндетті болсын, бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде жүрсін, мектеп оқулықтары және мерзімді басылым «Қазақ» газеті емлесімен жазылсын» деп көрсетіп, ал әйел теңдігі жөнінде «әйелдер саяси құқықта ерлермен тең, ерге шығу еркі әйелдің өзінде болсын, қалыңмал жойылсын, 16-ға толмаған қызға құда түсу болмасын, неке қиярда әйел мен еркекті беттестіріп, ризалықтары ескеріліп отырсын» деп қаулы етті. Сиез Жетісу облысында туындап отырған жағдайды талқылап, Ресей ішкі істер министрі атына: «Жетісудағы қазақ-қырғызды атып-жаншып жатқан мұжықтардың және соғыстан қайтқан солдаттың қолынан қару-жарағын жиып алып, халықты тыныштандырсаңыз екен», - деген мазмұндағы жеделхат жолдады. Сонымен бірге Жетісу облысындагы ашаршылықтан қырылып жатқан қазақ-қырғызға «алаш баласының жәрдем беруін» өтініп үндеу тастады. Киев қаласында тамыз айында өтуі тиіс федералшылар сиезіне Бөкейханды, Досмұхамедұлын және Танашевты жіберу жөнінде шешім қабылданды. Санкт- Петербургтегі оқу комиссиясына С. Кенжеұлы баратын болып белгіленді. Сиездің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қабылданған қарарлар кейінірек, 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарияланған «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасында басшылыққа алынды.
№63 сұрақ. 1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ зияларының ғылыми жұмыстарымен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару әрекетімен де, көркем әдебиетімен де айналысқанын көруге болады. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде
- оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;
- жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады;
- қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға;
- оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;
- үкімет оқу ісіне кіріспеуі;
- мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы;
- ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады.
- газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп көрсетілген [8].
1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ сиезі өтеді. Сиездегі қаралған аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б..
Бұл сиезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Осы сиезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып Дулатов баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе бойынша құрамы 5 адамнан тұратын бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия құрылды. Комиссия орталық ұлттық кеңеспен бірге болу керек. Комиссияға оқулықтан басқа да жұмыстар жүктелді. Атап айтсақ: ұлттық мектептерге арналған бағдарламалар; мұғалімдерге арналған нұсқаулар; бала тәрбиесі жөніндегі кітаптар; барлық қырғыз-қазақ мектептерінде халықтық білім беру іс-шараларының Ережелерін жасау; қазақ тілінде жазу үлгілерін енгізу; қазақ тіліне пайдалы кітаптарды, брошюраларды аудару т.с.с. Комиссия 1918 жылдың басынан жұмысқа кірісу керек. Өздері құрастырған кітаптарын, бағдарламаларын баспаға жариялап отыру қажет. Комиссия құптамаған окулықтар басылымға шығарылмайды. Комиссия жұмысына қаражатты облыстық земстволар ұлттық қордан бөлуге тиіс делінген. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, жаңадан құрылып жатқан «Алашорда» үкіметі алғашқы сағатынан бастап ұрпақ тәрбиесіне, ұрпақ болашағына зор көңіл бөлген. Жас ұрпақтың туған тіліне деген сауаттылығын арттыру үшін, ана тіліндегі оқулықтарды жасауға кіріскен. Бала тәрбиесіне, оқуына осындай қиын заманда жаңаша бетбұрыс, бұл болашаққа деген сенім еді. Білімді жастар, еліне салауатты да сауатты қызмет етеріне деген үміт болатын-ды [9]. Орынбордан қайтып оралған бойында Жаһанша, Халел Досмұхамедовтер қазақтың батыс аймағын басқаратын үкімет құруға кірісті. «Ойыл уәлаяты» уақытша үкіметі – XX ғасырдың басында Жайық өңірінде орнаған мемлекеттік-автономиялық құрылым. Ол 1918 жылдың мамыр айының соңында Жымпитыда өткен ІҮ Орал облыстық қазақ сиезінің қарарымен құрылды. «Ойыл уэлаяты» уақытша үкіметінің атқарған істері: жерге жекеменшікті жойып, оны халықтың меншігі деп жариялады; халық сайлаған уәлаяттық, уездік соттар іске кірісті; ақша-финанс жүйесі жасалынды; халыққа өз саясатын жеткізу, түсіндіру үшін газет шығарылды (оның редакторы болып Ахмет Мәметов жұмыс атқарды. Ол М.Мәметованың әкесі, көрнекті Алашорда қайраткерлерінің бірі); жерді пайдалану, салық, дін, сот, білім, әскер істері жөнінде қаулы-қарарлар қабылдады.
Осыған қоса, іс-қағаздарын ана тілінде жүргізу туралы мәселе айқын жолға қойылды. Білім беру ана тілінде болуы керек делінген. Басылымдардың қазақ тілінде болуына ерекше назар аударған [10].
Алаш партиясының жетекшілері
1918 жылы 1 сәуірде Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер Мәскеуге барып, Орталық Кеңес өкіметінің басшысы В.И.Ленинмен және Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен кездеседі. «Алашорда» атты ұлттық автономиялық үкімет құрылғанын, «Алашорда» үкіметінің төрағасы Ә.Бөкейханов екенін мәлімдейді. Бірақ «Алашорда» мемлекетінің қойған талап-тілектерін Орталық Кеңес өкіметі толықтай мойындамайды. Дегенмен де РКФСР-дің ұлт істері жөніндегі комиссариатының құрамында қазақ бөлімі құрылады [11]. «Тіл адамның даңқын асырады. Адам ол арқылы бақыт табады» деп Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік» еңбегінде жазғандай [12] тіл саясатын көтерген XX ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы басты ағымдарының бірі – автономиялық басқару жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі – Мемлекеттік тіл саясаты еді. Ана тіліне деген үлкен жауапкершілік еді. Алаштың арыстарының бірі – Ахмет Байтұрсынов «Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп дүниеге келеді,» - десе [13], Күнбатыс Алашордасының идеологы саналған Ғ.Қараш: «Тіл болмаса, ұлт та болмайды, яғни ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады. Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың өнері де өршімейді», - деген [14]. Батыс Алашорда үкіметі жетекшілерінің бірі Х.Досмұхамедұлы тіл туралы: «Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздерін ғылым жолына салып реттесе, ешбір жұрттың тілінен кем болмайды», - деген пікірді айтқан.
№\64 сұрақ. 1870 ж. наурыздың 5 бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ші ауылында туған. Бұл қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы бұрынғы Қаратал кеңшарының жеріне қарасты, 1992 жылыАқтоғай аудандық кеңестің шешімімен Ә.Н. Бөкейханов есімі берілді.
Әлихан Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата тегі: Бөкей - Батыр - Мырзатай - Нұрмұхамед - Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды канағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны "техник" мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті.[3]
Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.
Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады.
Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан 1888 жылы Омбы техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды.
Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, 1894 жылы Ресей империясыныңелордасы Санкт-Петерборға барып, Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды.
Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә. Бөкейханов Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады.
«Народная свобода» (Халық бостандығы) партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.
1905 жылдан бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатындаОралда, Семейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған.
1905 жылы Әлихан Бөкейханов Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-шіМемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені Ә.Н. Бөкейханов өз жұмысын бастаған кезде Дала өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырды. Ал абақтыдан шығып Санкт-Петерборға жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кездегіФинляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә.Н. Бөкейханов да солардың артынан аттанып Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт-Петерборсот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды.
1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омич» және «Иртыш» газеттерінде, 1908 жылы Санкт-Петерборда жарық көрген меньшевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» гәзеттерінде редакторлық қызмет атқарды.
1909-17 жж. «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді.
1911-14 «Қазақ» гәзетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді.
20 ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді.
Бар күш қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самарқаласына жер аударылып, онда тек ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысуға ғана мәжбүр болды.
1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынборға келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады.
Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің IМемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі болды.
№66 сұрақ. Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі [Ерғазы] Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы,Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер ,білімді тұлғаның бірі болған.
Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде губернаторТройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне жабылды.
Ресей ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсыновты қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды. Байтұрсынұлы өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ол осы қалада 1913–1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге шақырды.
Байтұрсыновтың Орынбордағы өмірі мен қызметі Ресей үкіметінің қатаң жандармдық бақылауында болды. Ол «Қазаққа» жабылған негізсіз жала салдарынан абақтыға отырып шықты. Байтұрсынов 1917 жылы рев. өзгерістер арнасында өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған Қазақ съездері мен Қазақ к-ттері сияқты тарихи құбылыстың қалың ортасында жүрді, оларға тікелей араласып, «Қазақ газеті» арқылы саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды.
Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Байтұрсынов пен Дулатов қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру – жүзаралық алауыздыққа байланысты Алаш Орда үкіметінің құрамына саналы түрде енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемлекеттік идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын замандастары жақсы біліп, мойындады.
Алаш Орда құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсыновты бекітті. 1919 жылы наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды. Байтұрсынұлы 1919 жылы наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды, осы жылғы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-рев. к-ті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Байтұрсыновтың ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. Байтұрсынұлы бұл тарихи кезеңде «патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім артық» деген пікірде болды (ҚР ҰҚК архиві, 78754-іс, 6-т., 44-п). 1920 жылы В.И.Ленинге үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады. Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды - жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу- ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаха- наларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының [8]әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. «Тіл-құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша. Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі - ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жанғырту арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті шыққан атаулар екенің олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығы.
№67 сұрақ. 1917 жылдың жаз, күз айларының басында елде халықтың большевиктер жағына шығуы күшейе бастады. Бұған халықтың жағдайының төмендеуі, аштық, Уақытша үкіметтің шарасыздығы себеп болды.1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Ертеңіне көтерілісші жұмысшы, солдат, матростар астананың аса маңызды орындарын басып алды. 25 қазанда (7 қарашада) таңертең Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің құлатылғанын хабарлады. Бұл хабар Қазақстанға жетісімен, өлкеде Кеңес үкіметін орнату басталды. 30 қазанда Перовскіде, 1 қарашада Ташкентте, 6 қарашада Әулиеатада, сондай-ақ Черняевте, желтоқсан айында Бөкей ордасында, Петропавловскіде, Көкшетауда, Атбасарда, Қостанайда, қаңтарда Ақтөбеде, 18 қаңтарда Орынборда, 3 наурызда Верныйда және осы айда Жетісу облысында орнады. Оралда ғана Кеңес үкіметі қиындықпен түпкілікті азамат соғысы кезінде орнады.1917 жылы 22 қарашада IV Төтенше Бүкілтүркістандық съезд ашылды. Оны М.Шоқай ашты. Съезд "Түркістан автономиясын" "Түркистон мухтарияты" (төрағасы М.Тынышбаев, кейін М.Шоқай) жариялады. Оны 1918 жылы ақпанда большевиктер қуып таратты.еңес үкіметінің Қазақстанда орнауы өлкедегі түрлі жағдайлардың себебінен, 1917 жылдың қазанынан 1918 жылдың наурызына дейін созылды. Дегенмен, осы уақыт аралыпында Оралдан басқа жерде Кеңес үкіметі орнағ болды
Қазақстанда кеңестер билігінің орнауыКеңес өкіметі орнауының екі түрлі жолы болды: 1) Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда – бейбіт жолмен. 2) Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен, контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күркс жолымен.1917 ж 30 қазан – Перовскіде (Қызылордада) Кеңес өкіметі бейбіт жолмен орнады. 1917 ж 1 қараша – Ташкентте қарулы күреспен, ал Әулиеатада, Черняевта бейбіт жолмен орнады. Осы жылдың 25 желтоқсанында Қостанайда қарулы күреспен орнады Кеңес өкіметін орнату үшін Ақмола даласы мен Ертіс бойында табан тірескен шайқастар жүргізілді. Сол жылдары қарашада Петропавлда Уақытша революциялық комитет құрылды. 1917 ж желтоқсан айында Бөкей ордасында, Көкшетауда Кеңес өкіметі орнады. 1918 ж басында Семей, Павлодарда да орнады.1917 ж қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюцияляқ көтеріліс жасап, өкімет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. «Жетісу әскери үкіметі» де бүкіл үкімет билігін басып алды. Осы жылдың аяғында Торғай облысындағы саяси жағдай қиындап кетті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті.Оралда Кеңес өкіметі қиын жағдайда орнатылып, 1918 ж 15 қаңтарда жеңіп шықты. Орал қңірінде қалыптасқан контрреволюция ошағы 1918 ж 28-29 наурызда төңкеріс жасап Кеңес өкіметін құлатты. Кеңес өкіметі осындай қиындықтармен Орал өңірінде азамат соғысы жылдары кезінде ғана біржола орнатылды. Жетісуда таптық күштер арасында соғыс жағдайы енгізілді. Контрреволюциялық күштер 1917 ж желтоқсанда Верный кеңесін таратып, большевиктер жағында болған Симбирск жасағын қарусыздандырып, прапорщиктер мектебін ашты. 1918 ж наурызда революцияшыл күштер көтеріліс жасап, Верныйда Кеңес өкіметі жеңді. 1918 ж наурыз Жетісу облысында Кеңес өкіметі орнады. 1917 ж қазан – 1918 ж наурыз аралығы Кеңес қкіметі өлкеде түгел орнап бітті 59.XIXғ II жартысындағы Қазақстандағы әлеуметтік экономикалық жағдай.
№68 сұрақ. Ұлт мәселесін шешудің әскери-коммунистік әдістері, большевиктердің унитарлық мемлекет құруға, тек Кеңестер негізінде ғана автономия беруге ұмтылуы ресейлік этностардың қайта өрлеуі үшін ұлттық факторларды пайдалануға мүмкіндік бермеді.1917 ж 15-22 қараша – Түркістан өлкесінде «Түркістан халық Комиссарлар Кеңесі» орнады. Кеңестің 14 адамдық құрамында мұсылман өкілі болмады. Кеңестің төрағасы Ф. Колесов: «Мұсылмандарды жоғары өкімет органдарына өткізу мүмкін емес, өйткені жергілікті халықтың бізге қозқарасы белгісіз және олардың ешқандай пролетарлық ұйымы жоқ»-деп мәлімдеді. 1917 ж 22 қарашада Ферғана хандығының бұрынғы астанасыҚоқан қаласында Бүкілқазақстандық Төтенше ІV съезі ашылды.Съезді М.Шоқай ашты. Қаралған мәселе:Түркістан автономиясы құрылды, президенті-М.ШоқайИслам- мемлекеттік дін деп танылды.1917 жылғы 30 қарашада Қоқанда мұсылмандардың манифестациясы болып, революцияны қорғау туралы ант алынды. Коммунистік басшылар (И.О.Тоболин) 1918 ж қаңтарда Кеңестердің Өлкелік ІV съезінде Түркістан Автономиясының хариялануын мейлінше мезгілсіз деп есептеді. Съезд «Түркістан – Ресей Федерациясының құрамындағы аумақтық орналасуы жағынан автономиялық республика» деп жарияланды. Түркістан автономиясының нормаларын белгілеу Құрылтай жиналысына тапсырылды.Съезд «Түркістанды мекендейтін аз ұлттардың құқықтары барынша сақталады» деп салтанатты түрде мәләмдеді. Съезд Түркістан үкіметі – Уақытша Кеңестің құрылғанын жариялады. Министр-төраға және ішкі істер министрі болып М.Тынышбаев сайланды. Кейінірек оны М.Шоқай алмастырды. Жаңа мемлекеттік құрылым «Туркестони мухтариат» (Түркістан автономиясы) деп аталды. Съездің Түркістан халықтарына Үндеуінде: «...Қазір бұғаудан азат болған Түркістанға өз жерінің қожайының болып өз тарихын өзі жасайтын күн туып отыр»,-делінді.Түркістанда ұлт бағдарламасын нақты іске асыру нәтижесі айқындала түсті: Империялық ойлау мен шовинистік қөзқарастың ұлғаюыҰлттың өзін-өзі билеу идеологиясын большевиктердің жете бағаламауы 1918 ж қаңтарда Ташкент Кеңесі мұсылман үкіметін жоймақшы болып ұйғарды. 5 ақпанда Қоқан қаласы шабуылмен алынып, өртелді. Бұл әрекет Кеңес үкіметінің беделін түсірді. 1917 жылғы 5-13 желтоқсан – Орынбордағы жалпы қазақ съезі.Қаралған мәселелер:Территориялық –ұлттық автономия құру.Қазақ қырғыз облыстарының автономисына Алащ атауын беруАвтономиялы Алаш облыстарының территориясын Алаштың мемлекеттік меншігі деп жариялауАлаш автономиясының Конституциясын Бүкілресейлік құрылтай жиналысында бекітуАлашорда уақытша Халық Кеңесін 25 мүшеден құрып, оның 10 мүшесін орыс өкілдерінен сайлау Алашорданың уақытша орталығы-Семей 1917 жылдың желтоқсанында Орынборда өткен Жалпықазақ съезі Түркістан автономиясының басшысы М.Шоқайды тыңдап, «Қоқан оқиғасын ұлт-азаттық қозғалыстағы демократиялық мазмұндағы мойындамау – басқаша ойлағандарды қатаң жазалау, идеологиялық төзімсіздік, пролетариат диктатурасының революцияшыл ұрандарына елігушілік» деп бағалады. Мұстафа Шоқай (1890-1941)-аса көрнекті саяси, қоғам жәнемемлекет қайраткері, публицист, журналист, гуманист, демократ. ХХ ғасыр басындағы еліміздің тәуелсіздігі мен бостандығы жолындағы күрескерлердің ірі өкілі. Бастауыш білімді отбасында алып, Ташкент гимназиясын орыс тілінде бітірді. Петербург университетінің заң факультетін үздік бітірді.1917 ж ақпанына дейін Мемлекеттік Думадағы мұсылман фракциясының Түркістан жөніндегі істері бойынша хатшысы болып істеді. Петербургтен Түркістанға қайтып оралған соң либерал-демократиялық азаттық қозғалыс басшылары бірі болды. 27 жасында ол бүкіл Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалыстың басшыларының біріне айналды. Түркістан (Қоқан) Республикасының құрылуымен қорғаныс министрі, үкімет төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарды. Қазан революциясына қарсы болды. Қоқан автономиясы қуып таратылған соң шетелге эмиграцияға кетті. Антикеңестік оппозицияның көрнекті өкілі болды. Шетелде журналдар щығарып тұрды. М.Шоқай Орта Азия мен Қаз халықтарының ежелгі әрі бай мәдениеті мен тарихын насихаттаған ағартушы болды. Ол орыс әдебиетінің білгірі саналды. Бүкіл өмірін халықтардың ар-абыройы, шындығы жолындағы күреске арнады. Оның жаны мен жүрегі өз туған халқымен бірге болды. Қоқан Республикасы талқандалған соң Грузия мен Түркия арқылы қашып, Германияға, Берлинге келіп орналасты. Ол мұнда Ресейлік мұсылман эмигранттардың ұйымын басқарды, ғылыми жұмыспен айналысып, «Еңи Түркістан» мен «Яш түркістан»журналдарын басып шығарды. 1940 ж маусымда М.Шоқайды фашистер тұтұындап, Компьен лагеріне жабылды. 1941 ж желтоқсанда Берлинде жұмбақ жағдайларда қайтыс болды. А.Шульгин ол жөнінде: «бұл түркістандық сонымен бірге жоғары білімді Еуропалық болды, «жеке өзі» бүкіл елді көрсете алатын еді» деп жазады.
№69 сұрақ. Қазақстандағы шетел соғыс интеруенциясы мен азамат соғысы. "Соғыс коммунизмі" саясаты. Кеңес үкіметінің орнауы құлатылған тағтардың алғашқы сәттен-ақ қарулы қарсылығын тудырды. Әскери тұтқындардан жасақталған чехословак корпусының 1918 жылғы мамырдағы бүлігі азамат соғысын кең жайылтығ жіберді. Бүлікшілер Сібір, Орал, Орта Повольже қалаларын: Новосібір, Челябі, Том, Омбыны басып алды. 31 мамырда контрреволюционерлер Петропавлды, маусымда Ақмола, Атбасар, Қостанай, Павлодар, Семейдегі кеңес үкіметін құлатты. 1918 жылы 29 мамырда БОАК Декретімен Қызыл Армия қатарына әскери міндеткерлік енгізілдіАқтардың оңтүстікке Ташкентке ілгерілемеві үшін, Ақтөбе майданы құрылды. Дала өлкесінің Төтенше комиссары Ә.Жангелдин басқарған экспедиция осы кезде өмірге келді.. Ақтөбе майданы азамат соғысында шешуші роль атқарды, өйткені 1918 ж. қазанда ақтар Орта Азиямен Қазақстанның оңтүстігін бөліғ тастау үшін Ақтөбеге шабуыл жасайды. Бірақ олар мақсатына жете алмады. 1919 ж. Орынбор, Орал, Орск азат етілгеннен кейін Ақтөбе майданы әскерлері Шығыс майданы әскерлерімен қосылып жіберілді.1918 ж. жаз, күз айларында Жетісу облысында да ауыр соғыс қимылдары жүрді. Ақгуардияшылдар Іле өлкесін, Верныйды алып, одан әрі оңтүстік және Орта Азияға қарай жылжуды ойлады. Черкасск қорғанысы (Леғсіде) деген атпен белгілі болған бұл Черкасск селосы 1918 ж. маусымынан 1919 ж. қазанына дейін қорғанды.Басты ошақтары Ақмола, Семей облыстары, Тарбағатай мен Алтайдың "Тау қырандары" деген атпен мәлім болған партизандық қозғалыста кең қанат жайды.1919 ж. жазында Колчак армиясының Шығыс майдандағы басты күші жеңіліғ, Батыс, Солтүстік, Шығыс Қазақстан мен Жетісудің азат етілуіне қолайлы жағдай туды. 1920 жылы наурызда Солтүстік Жетісу майданының жойылуымен қазақ өлкесінде азамат соғысы аяқталды.Азамат соғысы кезінде материалдық ресурстарды мобилизациялау және оны үнемдев мақсатымен төтенше енгізілген шара "әскери коммунизм" деп аталды. "Артық" азық-түлікті халықтан жинап алып, қатаң мөлшермен ғана астық қалдырығ, азық-түлік салғыртын енгізген бұл Декрет 1919 ж. 11 қаңтарда жарияланды. Сондай-ақ міндетті еңбек тәртібі де енгізілді.
№70 сұрақ. Қазақ мемлекетінің қайта құрылуы. Қазақ АССР-І. 1920 ж. 26 тамызында РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті мен халық комиссарлары кеңесі М.И.Калинин мен Ленин қол қойған, РКФСР құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын "Қырғыз (қазақ) кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілері құқтарының Декларациясын қабылдайды, ол Декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін Қазақ АССР-і құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. С.Меңдешовті бас етіғ, Орталық Атқару комитетін және Редус-Зеньковичті бас етіғ халық Комиссарлары Кеңесін сайлады. Қазақстандағы (1921-1922 жж.) Жер-су реформасы. 1921-1922 жылдары Қазақстанда жер-су реформасы жүргізілді. Оның мақсаты Сібір, Орал казактары үшін Ертіс пен Оралдың сол жағалауындағы, Жетісу мен оңтүстік Қазақстандағы жерлерді өлкенің байырғы халқы қазақтарға қайтару болатын. Шаруалар нәтижесінде 1 млн.385 мың десятина жерге ие болды. 1921 ж. "Қосшы" атты кедейлердің одағы құрылып, олар жер реформасын жүргізуге белсене қатысты. ЖЭС жылдарындағы қазақ ауылы (Жаңа экономикалық саясат). 1921 жылы 8-16 наурызда партияның х съезі болды. Онда жаңа экономикалық саясатқа (жэс) көшу туралы шешім қабылданды. Азық-түлік салғырты салықпен алмастырылды, жаппай еңбек міндеткерлігі жойылды, еркін саудаға рұқсат берілді, жалдамалы еңбек, жерді жалға алу, кооперация дамуына қолдау көрсетілді.Жэс-тің ңәтижесі 20-жылдардың ортасында көрінді. 1925 жылға қарай халық шаруашылығы қалғына келтірілді. Өнеркәсіптің 60 проц., транспорт қатарға қосылды. Мал басы 1922 жылмен салыстырғанда екі есе өсіп, 26 млн. жетті. Ойыл, Қоянды, Темір жәрмеңкелері қалғына келтірілді. Сөйтіп, халық жағдайы, әл-ауқаты біршама көтеріле бастады.
№71 сұрақ. Азамат соғысы кезінде Қазақстанда национализацияланған 307 кәсіпорынның 230-ы жұмыс істемеді. Шегініп бара жатқан казак бандылар, патша әскері Қазақ жерін тонап, қиратты, халықты қырғынға ұшыратты. Жезқазған мен Успенск рудниктерін су басып Ембі мұнай кәсіпшіліктері қиратылды. Сол кездегі елдің экономикасын көтеру үшін 1921 ж. наурызда коммунистік партияның Х съезіне әскери коммунизм саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу белгіленді.Жаңа экономикалық саясаттың әскери коммунизм саясатынан ерекшелігі салғыртты заттай салықпен ауыстыру. Бұның мәнісі енді шаруа өзінің белгілі салығын өтегеннен кейін қалғанын өзінің керегіне жаратты. Сондай-ақ ұсақ кәсіпшілікке ұсақ жеке меншікке рұқсат етілді. Меншіктің бірнеше түрлері болды. Мемлекеттік меншік, жеке меншік, кооперация тағы басқа меншіктер.Жаңа экономикалық саясат аз уақыттың ішінде үлкен табыстарға жеткізді.Бұл саясат 1929 жылға дейін қолданылды. Ал кейіннен Сталин ауыл шаруашылығын бір ғана колхоздық меншікке айналдырды.Жаңа экономикалық саясат кезінде қазақ еңбекшілерін мемлекеттік шаруашылық құрылысқа тартуда 1921 ж. Ораз Жандосовтың басшылығында құрылған «Қосшы» одағы үлкен роль атқарды. «Қосшы» кедейлерге жер бөліп беруге қамқорлық жасады, еңбекшілердің саяси сана-сезімін, мәдени дәрежесін көтеру жөнінде көп жұмыс жүргізді. 62 1917 жылы 21-28 шілде күні Орынборда бірінші Бүкілқазақтық съезд болып, оған Ақмола, Семей, Орал, Жетісу, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан делегаттар қатысты. Күн тәртібіне 14 мәселе қойылды: мемлекетті басқару жүйесі; қазақ облыстарының автономиясы; жер мәселесі; халық милдициясын құру; жергілікті басқару мекемелерінің жүйесі; халыққа білім беру; сот; рухани-діни мәселелер; әйел мәселесі; Құрылтай жиналысын шақыру және сайлауға қазақ облыстарындағы дайындық; бүкілресейлік мұсылмандар съезі; қазақтың саяси партиясын құру; Жетісу облысындағы оқиғалар; қазақтардың Киевтегі Бүкілресейлік Федеративтік кеңесі мен Петроградтағы халыққа білім беру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысу туралы. Съезд делегаттары ұлттық автономия құру мен жер мәселесін шешуге, Құрылтай съезіне дайындыққа және қазақтың саяси партиясы «Алашты» құруға баса назар аударды.«Алаш» партиясының басшылары Ә.Бөкейханов, А.Бпйтұрсынов, М.Шоқай және басқа қазақтың буржуазиялық-демократиялық бағыттағы зиялыларының өкілдері болды, ал бұл зиялылар жалпықазақтық ұлттық-демократиялық саяси ұйымға бірікті. Партияға сондай-ақ ғылым жіне шығармашылық зиялыларының өкілдері кірді: М.Тынышпаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Ж. және Х.Досмұхамедовтер және т.б 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газеті «Алаш» партиясының 10 тармақтан тұратын бағдарламасын жариялады. Бұл бағдарлама 1917 жылы қарашаның ортасында өткен Құрылтай жиналысының сайлауында «Алаш» партиясына үлкен бедел әкелді, 1917 жылы 5-12 желтоқсанда Орынборда болған Екінші Бүкілқазақтық съезінде қазақ халқының әртүрлі таптарының өкілдерін біріктірді. Съезд құбылмалы саяси жағдайға орай партияның әртүрлі бағыттағы тәсілдерін талқылап, негізінен қазақ автономиясы мен оның үкіметін ерекше мән берді. Съезд қазақ облыстарының автономиясын құруды және оған «Алаш» атын беруді бірауыздан қабылдады. Уақытша халық кеңесі «Алаш Орда» (яғни Алаш автономиясының үкіметі) құрылды. Үкімет басшылығына – Бүкілқазақтық халық кеңесінің төрағасы етіп балама негізде Ә.Бөкейхановты сайлады.Кеңес үкіметі Қазақстанда орнай бастаған кезде, Алаш Орда үкіметі оларға қарсы шықты. Алаш Орда Кеңес үкіметінің билігін мойындаудан бас тартты. 1918 жылы көктемі мен жазында «Алаш Орда» большевиктерге қарсы коалицияны қолдап, өзінің дербес әскери күшін жасақтай отырып, Қызыл Әскерге қарсы күреске шықты. Алаш Орда Орынборды басып алған атаман Дутовпен байланыс жасап, ақ гвардияшыларға қосылды. Өзінің әскери полкін шығарып, Анненковтың және басқа ақ гвардияшылар құрамына қосылды. Бірақ ақ гвардияшылардың саясатынан көңілі қалған «Алаш Орданың» Торғай бөлімшесінің басшысы А.Байтұрсынов 1919 жылы наурызда Мәскеумен кеңес өкіметін мойындау туралы келіссөз жүргізді. 1919 жылы 10 желтоқсанда «Алаш Орданың» Батыс тобының басшылары Қызылқоға қаласында Кеңестер жағына шығуға қаулы қабылдап, ақ гвардияшыларға қарсы соғысқа кірісті. Шығыс бөлімшенің басшысы Ә.Бөкейханов та өзінің кеңес өкіметін мойындайтынын мәлімдеді. 1919 жылы 4 қарашада алашордашыларға рақымшылық жасау туралы қаулы шықты. Сол жылы 21 желтоқсанда «Алаш Орда» Кеңестер жағына шығу туралы шешім қабылдады. 1920 жылдың басында «Алаш Орда» өз қызметін мүлдем тоқтатты, яғни сол жылы 9 наурызда оны тарату туралы шешім қабылданды.Кеңес үкіметі осы қозғалысқа белсенді түрде қатысқандарды ақтап, бірнеше мәрте (1919, 1920 жж.) рақымшылық жасағанымен, ақыр соңында олар 20-шы және 30-шы жылдардың аяғында большевиктердің ұлтшылдармен және халық жауларымен күрес барысында саяси қуғын-сүргін құрбаны болды. Мысалы, И.Сталин 1925 жылы 29 мамырда «Ақжол» газетінің үстанған саяси бағытын айыптады. Содан кейін Сталиннің осы көзқарасын Ф.Голощекин нақтылай түсті. 1926 жылы Бүкілқазақтық партия конференциясында А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов сияқты қазақ зилыларын «Ұлтшыл» деп айыптады. Алаш қозғалысын қаралау бағыты 1926 жылы 25-30 қарашада өткен БК(б)П Қазақ Өлкелік Комитетінің Пленумында одан ары жалғасты. Ал А.Байтұрсыновтың 1926 жылдың ақпан-наурыз айларында Баку қаласында шақырылған Бүкілодақтық бірінші Түркологтар съезінде белсенділік көрсетіп, араб жазуын қорғауы және орыс тіліндегі кейбір ұғымдарды қазақша аударуы, сондай-ақ, Ақаңның «Мәдениет тарихы», «Тіл құралы», «Әдебиет танытқыш» тәрізді оқулық еңбектері Ф.Голощекинге тіптен де ұнамаған.Ф.Голощекин 1927 жылы 19 тамызда «Еңбекші қазақ» газетінде жарық көрген Мағжан Жұмабаевтың «Тоқсанның тобы» атты өлеңін айыптап, бұны ұлтшылдық деп айыптады. Алаш қозғалысының қайраткерлеріне деген ашық жаулық әрекет 1930 жылға қарай тіптен өрши түсті. Оларды 1928 жылдың соңынан бастап тұтқынға алып, түрмеге қамау өрістеді. Ф.Голощекин Х.Досмұхамедовтың ақ ниетпен ғылыми интеллигенция атынан жасаған құттықтауы қабыл алынбағаны былай тұрсын, тіпті оны ашықтан-ашық әділетсіздікпен айыптады. Досмұхамедовты айыптаудың басқа алаш қозғалысына қатысқан қазақ интеллигенттеріне таратылып кету қаупін аңғарған Әлімхан Ермеков 7-ші партконференциясында ғылыми және ғылыми-техникалық мекемелер атынан Досмұхамедовке қарсы арнайы сөз сөйлеуге мәжбүр болды Бұл ОГПУ-дің 42 Алаш қозғалысы мүшелерін жауапқа тартып жатқан 1930 жыл еді. Осылайша, Алаш қозғалысын сөз жүзінде айыптаудың іс жүзінде большевизм тарихынан аластау әрекеті басталды. Ол 1937 жылғы сталиндік қуғын-сүргінмен аяқталды. 1937-1938 жылдары көптеген қазақ зиялылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ә.Жангелдин, С.Сәдуақасов, Х. мен Ж.Досмұхамедовтер, М.Дулатов және т.б.көптеген қазақтың ақын-жазушылары ату жазасына кесілді.Бірақ күндердің күнінде әділдік орнайтынын, жазықсыз қараланған Алаш қозғалысы да Қазақстан тарихы төрінен өзіеің лайықты орнын алатынын большевизмге «уланған» қайраткерлер ол кезде аңғара алмады.
№72 сұрақ.
ХХ ғасырдың басында қазақ жеріндегі мемлекеттілік үшін күрес күрделі сипат алды. В.И.Лениннің идеясы бойынша басталған Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеуге қазақ саяси басшылығының көзқарастары үйлесе бермеді. Мәселен Мұстафа Шоқайдың «Тұтас Түркістан» идеясы Орта Азиядағы түркі мемлекеттерін біріктіруге арналған еді. Бірақ Кеңестік билік Мұстафаның бұл идеясынан өлердей қорықты. «Мұндағы саяси тіршілікке сын көзін қадап отырған М.Шоқайдың түрлі мысалмен дәлелдеп қорытқанындай большевизм « Түркістанда ұлттық тұтастық пен ұлттық мемлекеттің құрылуынан өлердей қорқады. Сондықтан қайткен күнде де мұндай тұтастықты болдырмауға тырысады». Тұтастықты бұзудың жалпытүркілік тұтастықты сезіну беретін қуатты әлсіреудің төте жолы — Орта Азиядан алдымен Қазақстанды оның Орта Азиялық бөлігімен қоса бір бөліп алу, сөйтіп бауырлас халықтардан қазақтарды ажыратып алшақтатып жіберу»
Тұрар Рысқұловтың да идеясы осы сипатта еді. Ол Түркістан Республикасын құру үшін талмай күресті. Осыған байланысты Т.Рысқұловты 1924 жылдың аяғына таман Монғолияға елші етіп ауыстырды. «Түркістан Республикасы Кеңестерінің ХІІ съезі Орта Азияда ұлттық-мемлекеттік межелеу саясаты іс жүзіне асырыла бастаған кезде өтті. 1923 жылдың соңына таман бұл бағыттағы шаралар тұрақты сипат ала бастаған еді. РКП (б) Орталық Комитетінің алдында Орта Азияның үш республикасының аумағын қайта межелеп, жеке-жеке ұлттық республикаға жіктеу міндеті тұрды. Ал РКП (б) Орта Комитеті Т.Рысқұловты бұл процеске қарсы тұрған адам деп санады, сондықтан да оны межелеу саясаты толық қарқынмен басталғанға дейін республикадан тысқары алып кетуге тырысты. ХІІ съезд аяқталысымен-ақ РКП (б) Орталық Комитеті бұл іске шұғыл кіріскені белгілі. 1924 жылы 24 және 31 қаңтар, 4-14 ақпан күндері бұл мәселе РКП (б) Орталық Комитетінде үсті-үстіне талқыланды. Талқылауға С.И.Гусев, М.И.Калинин, В.В.Куйбышев, И.М.Межлаук, Я.Э.Рудзутак, И.В.Сталин, Г.В.Чичерин және басқа да көптеген адамдар қатысты. Сондықтан да Т.Рысқұловтың Түркістан Республикасынан өтуі РКП (б) Орталық Комитетінің саясатының нәтижесі деп түсіну қажет.
Орта Азия республикалары арасында ұлттық-территориялық межелеуді жүргізу аса күрделі мәселе еді. Мұндағы халықтардың тарихи байланыстарының тереңде жатуы мен ұлттардың бір-бірімен аралас және тығыз орналасуы ұлттық республикалардың шекараларын анықтауда көптеген қиындықтар туғызды. Сондай-ақ, экономикалық орталықтар мен елді мекендерді бөлу мәселелері көп жағдайда тығырыққа тіреліп отырды. Экономиканың даму деңгейі мен халықтардың ұлттық құрамы туралы статистикалық мәліметтердің мардымсыздығы жағдайды одан әрі қиындатты /8/. Болашақ шекараны анықтау үшін КСРО тәжірибесінде қалыптасқан мынадай үш принциптің негізге алынуы тиіс болды:
І. Ауданның табиғи-тарихи жағдайының біртектілігі;
ІІ. Экономикалық құндылықтар;
ІІІ. Халықтарының ұлтық-мәдени және тұрмыстық жағдайларының біртектілігі
Орта Азия ұлттық мемлекеттік межелеу нәтижесінде Қазақ АКСР-ның территориясы бүгінгі Қазақстан Республикасының аумағымен шамалас болып қалыстасып бітті. Мемлекеттік шекараның қалыптасуымен қатар қазақ халқының да бір аумаққа топтасу прцесі жүріп өтті. Сонымен қатар 1925 жылғы кеңестердің бүкілқазақтық V съезі «Қырғыз ұлтының қазақтар атауын қалпына келтіру туралы» қаулы қабылданды. Бұл қаулыға сәйкес бұрындары әдейі бұрмалап қырғыздар, қырғыз- қайсақтар аталып келген халық «қазақ» деген тарихи атауын қайта қалпына келтірді.
Межелеуге дейін қазақтар республика халқының жартысына да жете алмаған болса, межелеу процестерінен соң республикада 61,3 пайызды құрады. Мұның өзі де үлкен еңбектер нәтижесінде келген жетістік.
Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеуден болған қорытынды жалпылай айтқанда үлкен мәнге ие болды. Оның мұндағы зор маңызы ұлттық-мемлекеттік межелеудің бүгінгі Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасын заңдық тұрғыда негіздеп бергенінде болса керек. Бұл тарихи кезеңнің қыр-сырлары әлі де көптеген зерттеулерді қажет етеді.
Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы шекара ұлттық-мемлекеттік межелеуден кейін құжат түрінде бекітілді. Бұл шекараның сипаттамасы РСФСР БОАК төралқасының 1925 жылғы 9 қарашадағы мәжілісінің №28 хаттамасының 9-бабында Қосымшада баяндалып, әскери- топографиялық бөлімнің он және қырық шақырымдық карталары бойынша орындалған еді. («РСФСР мен Өзбек КСР арасындағы шекараның сипаттамасы») ол кезде Қазақстан РСФСР құрамында болған /37/. Осылайша үлкен тарихи процесс аяқталды.
Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттіәк межелеу процестері аяқталған соң да Қазақстан мен Өзбекстан Республикалары арасындағы шекара бірнеше рет өзгерістерге ұшырады. Бұған біз алдағы тарауларда тереңірек тоқталатын боламыз.
№73 сұрақ. 1928 жылғы 27 тамыз – «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәнпескелеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды. Декретте бай – феодалдар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды. 657 бай жер аударылып, 145 мыңы тәркіленіп, олардың ауылшаруашылық құралдары – 877 колхозға, 24. 491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді. Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды: 1. Орташалар байлар қатарына жатқызылды. 2.Тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі біріктірілді. 3.Қанаушы элементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар да тәркіленді.
Сөйтіп, бай – кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да енгізілді. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру (коллективизация) бағыты көзделіп, бай – кулактары тап ретінде жою міндеті алға қойылды. Ұжымдастыру бай – кулактарды тәркілеуден басталды. Осы қаулының негізінде жеті жүзге жуық ірі бай шаруашылықтары тәркіленіп олардың иелері қанаушы тап ретінде атылды. Осы саясат кейіннен колхоздастыру кезінде де жалғасып, оған орта шаруалар да ұшырады. Қазақстандағы коллективтендіру аса жылдамдықпен жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруа қожалықтарының 2% колхоздарға біріксе, 1930 ж. Олардың саны 50% -ке жетті. 1931 ж. Олардың саны 65% болды. Қазақстандағы коллективтендіру қазақ халқының ғасырлардан бері қолданып келе жатқан көшпелі тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын ескерілместен жүргізілді. Шаруаларды еріксіз, зорлап колхоздарға кіргізді. Қазақтарды күштеп отырықшылыққа көшірді. Халықтың қолындағы мал еріксіз колхозға тартып алынды. Бұл істердің барлығы дайындықсыз жүргізілгендіктен және қысқы жем шөптің болмауынан Қазақстандағы мал шаруашылығы үлкен апатқа ұшырады. 1932 жылдың ақпан айына дейін колхоздардағы малдың 87% -і апатқа ұшырады. Сонымен бірге индустрияландыру жылдарында Ресейдің орталық аудандарындағы ірі құрылыстардағы жұмысшыларды етпен қамтамасыз ету мақсатында малдың біраз бөлігі Ресейге жіберілгеннен кейін 1928 жылға дейін Қазақстанда 40 миллион мал болса 1933 жылғы Қазақстанда 5 миллионға жуық қана мал қалды. Қолындағы күн-көріс малынан айырылғаннан кейін және көптеген салықтардың салынуына байланысты қазақтардың өзі де аштыққа ұшырады. Коллективтендіру жылдары жіберілген өрескел қателіктердің салдарынан 2 миллион 200 мың адам қазаға ұшырады. Бұл сол кездегі қазақ халқының 49% -і еді. 1 миллионға жуық адам шет мемлекеттерге кетті. Қазақстандағы коллективтендіру жылдарындағы жіберілген қателіктер тікелей жауапты адам 1925-1933 жылдар аралығында Қазақстан аймақтық коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып істеген Голощекин еді. Ол жергілікті халықтың әдет-ғұрпын білместен Қазақстанда ойына келгенін істеп, елді басқаруда командалық-бюрократиялық әдісті қолданды, өзінің жеке билігін орнатты. Голощекин Қазақстанда „Кіші Қазан” идеясын жүргізді. Оның бұл идеясына Рысқұлов, Нұрмақов, Сәдуақасов, Төрегожин сияқты қайраткерлер қарсы шықты. Бірақ Голощекинді Сталин қолдап отырды. Қазақстандағы аштық және оның себептері туралы Тұрар Рысқұлов Сталинге бірнеше рет хат жазды. Зорлап ұжымдастыру салықтың көп салынуы және Кеңес өкіметінің мұсылман дініндегі мешіттерді жауып тастауы, мұсылман әдет-ғұрыптарына тиым салуы халықтың наразылығын туғызды. Соның салдарынан 1929-1932 жылдар аралығында Қазақстанның көптеген аймақтарында шаруалар көтерілістері болды. Алғашқы осындай көтерілістің бірі Қазақстанның оңтүстігінде Бостандық ауданында басталды. Сондай-ақ көтеріліс Қостанай округінің Бетпаққара ауданында, Оңтүстіктегі Созақ ауданында, Қызылқұмда, Ырғызда, Маңғыстауда, Қарақалпақстанда ірі шаруалар көтерілістері болды. Бұл көтерілістерді Кеңес үкіметі арнайы әскери бөлімдер күшімен басып, оған қатысқандары қатаң жазаға тартты. 5551 адам сотталып, олардың 883-і атылды.
№74 сұрақ. 1921-25 жылдар тарихта азамат соғыс жылдарынан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңі болып табылады. Қ.-да осы жылдар индустриялық даму барысы жүрді. Халық шаруашылығын қалпына келтіру үрдісі тек1922 жылдың екінші жартысынан бастап табысты бола бастады, ал оның бетбұрыс кезеңі1923 жылға сәйкес келеді.1)Ең алдымен шаруашылық шикізаттың өңдеу мекемелері қалпына келтірілді;2)ауыр өнеркәсіп, соның ішінде тау-кен өндірісіндегі жағдай;3)транспорт. ВКП(б)-ның XIV съезінде(1925 жылдың желтоқсаны) индустрияландыру съездегі индустрияландырудың басты міндеті- КСРО-ны мәшинелер мен құрал –жабдықтарды сырттан таситын елден енді мәшинелер мен құрал–жабдықтарды өндіретін елге айналдыру болды. Егер 20-жылдардың бірінші жартысында индустрияландыру үрдісі ең алдымен әрекет етіп тұрған кәсіпорындардың жұмысын жақсарту, оларды жетілдірумен байланыстырылса,ал екінші жартысында бірінші кезекте зауыт-фабрикалар,шахталар мен мұнай кәсіпшіліктерін жаңадан салу міндеті алға шықты.1925 жылы“социалистік индустрияландыру” саясаты 1)социалистік экономиканың негізі ретінде мемлекеттік секторды жан-жақты өсірумен, 2)халық шаруашылығын дамытудың жоспарлы директивалық бастамасын енгізумен, 3)ауыр өнеркәсіпке басымдық сипат берумен сабақтастырылады. Қаз-да индустрияландырудың жолдары, жұмысшылардың ұлттық кадрларын даярлау туралы мәселе айналасында негізінен екі пікір айқын көрініс тапты:Ф.И.Голощекин Қ-ды елдің өнеркәсіпті аймақтары ның шикізат базасы ретінде қарады. Ал ірі саяси қайраткер С.Сәдуақасов пен Мыңбаев қарсы болды. Мейлінше экономикалық мүмкіндіктер мен табиғат,адам ресурстарын есепке ала отырып, индустрияландыруды республикаға пайда түсетіндей етіп жүргізуді көздеді. Бірақ Ф.И.Голощекиннің “Кіші Қазан” идеясын сынға алған өжет азаматарды қуғынға ұшырады.Индустрияландырудың ерекшеліктері. Қазақстанда индустрияландыру ісі өнеркәсіпке қажетті өлкенің табиғи ресурстарын зерттеуден басталды. КСРО Ғылым академиясы ұйымдастырған кешенді экспедициялар 20-жылдардың аяғы -30-жылдардың басында көптеген көрнекті ғалымдардың қатысуымен республика территориясын зерттеді1)Орталық Қазақстанның минералды-шикізат ресурстарын академик Н.С.Курнаковтың басшылығымен геологтар мен физиктердің үлкен бір тобы зерттеді.2)Орал,Ембі мұнай аймағын зерттеумен шұғылданған академик И.М.Губкин бұл кен орнын елдегі ең бай мұнай өңірі деп тапты.3)осымен бірге мезгілде жергілікті геологиялық барлау ұйымдары да республиканың өндірістік шикізат қорын зерттеу жөнінде үлкен жұмыстар атқарды. Қ.-ң жас инженер-геологы Қ.И.Сатбаев Жезқазған мыс кен орындарын зерттеді2. Өлкеде индустрияландыру үрдісі елдің басқа аймақтарына қарағанда біршама кешірек басталды және уақыт мерзімі бойынша КСРО-ның халық шаруашылығының бірінші бесжылдық жоспарына (1928-32)сәйкес келді және күрделі жағдайда жүрді.3. Өлкеде транспортты, әсіресе темір жолды дамыту алдыңғы қатарға қойылды.4. Қазақстанда индустриялық даму жалпы одаққа қарағанда жоғарғы қарқынмен жүрді. Соғысқа дейінгі бесжылдықтар кезінде салынған құрылыстар: Түркісіб темір жолы, Қарағанды шахталары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері,Шымкент қорғасын зауыты,Балқаш,Жезқазған кен-металлургия комбинаттары, Кенді Алтай,Ащысай полиметалл кәсіпорындары, Ақтөбе комбинаты, жылу және су электр станциялары,құрылыс материалдары өнеркәсібінің кәсіпорындары. Өлкеде болашақ өнеркәсіп топтарының негізі қаланып, басқа республикадағы экономикалық аудандармен байланыс нығайтылды:Орталық Қ-ның шикізат аймағы Оңтүстік Оралдың өнеркәсіп орындарын кенмен,металмен,көмірмен жабдықтады.Кенді Алтай Сібірдің индустриялы кешеніментұласты.Мұнайлы Ембі Еділ мен Жайық арасында жаңадан құрылып жатқан “Екінші Баку” мұнай базасының бір бөлігіне айналды. Индустрияландырудың басты міндеті КСРО-ны машиналар мен жабдықтар әкелетін елден оларды өзі шығаратын елге айналдыру тұжырымынан (И.В.Сталин)қазақ өлкесі шет қалы. 1927 жыл –Түркістан-Сібір темір жол маистралының құрылысы басталды. В.Шатов құрылыс бастығы. Респ.ка Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы –Н.Нұрмақов – Түркісібке жәрдемдесу комиссиясының басшысы. РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов – РКФСР үкіметі жанындағы Түркісіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет басшысы.Түркісіб ұзындығы 266,5шақырым болатын учаскелерінің бірі- Жетісу жолына тәулігіне 1500м жол төселіп, 7айда салынды. Құрылыс жоспарда белгіленген 5жылдың орнына 3жылда салынып бітті.Түркісіб магистралы салынуының мемлекеттік және әлеуметтік-экономикалық маңызы:Орта Азия Сібір аудандарымен жалғастырылды.Елдің шығыс аудандарының экономикасын мен мәдениетін дамытуға ықпал етті.Өлкедегі жұмысшы табын тәрбиелеу мен шыңдау мектебі болы Индустриализация саясатындағы кемшіліктер:Машина жасау,металлургия,қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары болмады Энергетика базасы,құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды. Тау-кен шикізатын дайынаушы база ретінде қала берді. Республикадан сирек кездесетін металдар,мұнай,көмір,фосфорит тегін әкетілді. Теміржол арқылы жүк тасмалдау 1913 жылғы деңгейінен 213есе асып түсті.Индустриализацияның Қазақстанға тиғізген кері әсері:Халық дәстүрі бұзылдыҚазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады Лагерьлер жүйесі орнықты Қ-н Ресейдің шикізат көзіне айналды Жергілікті мамандар дайынауға көңіл бөлінбеді. Индустриализация саясатының тарихи маңызы: Аграрлық республиканың индустриялды-аграрлық аймаққа айналуы.Республикада қалалар мен қала тұрғындарының үлес салмағының өсуі.Ұлттық жұмысшы табының құрылуы.Инженер-техникалық зиялылардың қалыптаса бастауы.Қысқа мерзімде орасан зор материалдық қазыналар, өнеркәсіп мүмкіншілігі жасалды Көп ұлтты ұжымдар пайда болып, адамдардың туысқандығы нығайды.Қазақстанның басқа индустриялық аймақтармен экономикалық байланысы орнықты.С.Сәдуақасовтың “Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды”деген сөзін индустрияландырудың машина жасау саласының жоқтығы, энергетикалық базаның артта қалуы,республикадан металл,мұнай,көмір,фосфоритті алуы,қорғаныс өндірісінің болмауын әлелдейді.Қазақстан өнеркәсібінің отарлық дәуірде негізі қаланып, кейін жалғастырылған бір жақты дамытылуы осы күге дейін зардабын тигізуде.
№75сұрақ. Коммуна - өндірісті қоғамдастыру.Артель - жердің, малдың бір бөлігін, ауылшаруашылық машиналарын, құрал-саймандарды біріктіру. ТОЗ - жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік. ЖЭС негізінде мал саны артты: 1929 жылы 40,5 млн-га жетті. 1925 жыл – Ф.И.Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдады. Шабындық және егістік жерді қайта бөлу науқаны ауылдағы жағдайды ауырлата түсті. 1926 жылғы көктемде кедейлер байлардың иелігіндегі 1,3 млн.га шабындық және 1,25 млн.га егістік жерді тартып алды.Индустрияландыру бағыты азық-түлік қорлары проблемасын күн тәртібіне қойды. 1928 жылы қаржы мен жұмыс күшін ауыл шаруашылығынан өнеркәсіпке ауыстыру жүйесін қалыптастыру процесі басталды. «Барлық формадағы кооперацияны барынша дамыту саясатын» ұжымдастыру бағытына көшіру көзделді. 1928 жылғы қаңтар-ақпан – И.В.Сталиннің Сібірге сапары.Осы сапарында (1928 жылғы 3 ақпанда) Омбы округтік комитетінің мәжілісінде астық дайындау барысында төтенше шаралар қолдануға рұқсат етті. Ф. Голощекин ауыл мен қоныстарға 4800 уәкіл жіберіп, 31 мың шаруа жазаланды. 1928 жылғы 1 қазан – 1929 жылғы 1 желтоқсан аралығы - 277 шаруа атылды.1928 жылғы 27 тамыз – «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды.Бай-феодалдар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды Кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды. 657 бай жер аударылып, 145 мыңы тәркіленіп, олардың ауылшаруашылық құралдары – 877 колхозға, 24.491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді. Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды:!0Орташалар байлар қатарына жатқызылды.2)Тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі біріктірілді.3)Уәкілдер кедейлерді қоркыту арқылы, байларды көрсетуге күштеп көндірді.4)Қанаушы элементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар да тәркіленді.5)Бай-кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да енгізілді. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру бағыты көзделіп, бай-кулактарды тап ретінде жою міндеті қойылды. Ұжымдастыру — бай-кулактарды тәркілеуден басталды;.Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.Партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады (1927 жыл желтоұсан). Негізгі ұстанымдар: 1)Еріктілік.2)Дербестік.3)Материалдық мүдделілік.4)¥жымдастыру сатыларына кезең-кезеңмен өту. \ ҚАКСР-де ұжымдастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау белгіленді. 1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС-тер (машина-трактор станциялары) құрылды.Қазақстанның астықты аудандарындағы колхоздық құрылыстың кегізгі формасы ауыл шаруашылық артелі. Малды аудандардағы колхоз құрудың негізгі формасы – жерді бірлесіп өңдеу және шөп шабу серіктестігі. Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді. Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Ресейдегі колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте-бірте өтуі, еркіндік ұстанымдары бұзылды.
№76 сұрақ. Ұжымдастыру саясатына қарсы шаруалар толқуы.
1929 – 1931 жылдары Қазақстан жарінде шаруалардың ұжымдастыру саясатына қарсы ұйымдастырылған қарулы қозғалысы болды. Семей округі - халық наразылығының ірі ошағы болды. 1930 жылғы ақпан – мамыр аралығында Зырянов, Өскемен, Самар, Шемонайха, Катонқарағай аудандарында толқулар болып өтті.
Батпаққара көтерілісі бандиттік – басмашы қозғалысының көрінісі деп бағаланды. Оңтүстік, Орталық, Батыс Қазақстанның 5000 шаруалары біріккен Қарақұм аймағы – көтерілісшілер – заңсыз тәркіленген шаруаларды айдаудан босату және мал – мүлкін қайтару, дін бостандығы, шаруаларға үдемелі табыс салығын салу, еріктілік ұстанымын сақтау, дербес ауылдар ұйымдастыруға мүмкіндік сияқты талаптар қойды.
Қарақұм көтерілісі Орынбордағы 8 – дивизия күшімен талқандалып, 75 адамды атуға, 172 адамды 2 -10 жылға соттауға, көбін Шығыс Сібірге жер аударуға үкім шығарды.
Созақ көтерілісі табандылығымен және шебер ұйымдастырылуымен ерекшеленді (басшысы Жақыпов). Көтерілісшілер Созақ ауданының орталығын алып, аудан басшыларын өлтірді. Көтеріліс Орта Азия әскери округі бөлімдерінің күшімен жанышталды.
Күштеу әдісі мен жаппай ұжымдастыруға қарсы Сарысу, Ырғыз, Балқаш, Қастек, Қордай, Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау ауданының шаруалары көтеріліске шықты.
Жазалау шараларының салдары: 1) 1929 – 1931 жылдары 5551 адам жауапқа тартылып, 883 – і атылды. 2) Барлығы 100 мыңнан астам адам жазаланды.
№77 сұрақ. Ұжымдастыру бағытында жіберілген қателіктер: 1)Қатал жаппай қуғындаумен террорга негізделді.2)Даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.3)Әкімшілдік күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.4)Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары орындалмады. Белсенділер отырықшыландыруды жоспарланған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы ауданында-70%; Жымпиты ауданында-60%; Жәнібек ауданында-95% шаруашылык ұжымдастырылды. \ Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды: 1928 жылы – 2%, 1930 жылғы 3 сәуір – 56,4%, 1931 жылғы қазан – 65%. Азық-түлікпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты 1929 жылы «әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді: Шұбартау ауданында малдың 80% -ы мемлекетке етке өткізілді. Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды (ауданда 173 мың мал болған).Торғай ауданында 1 млн. мал басынан салғырт салдарынан 98 мыңы қалды. Торғайлықтар «асыра сілте болмасын, аша тұяқ қалмасын!» ұранын көтерді. Еріктілік ұстанымы өрескел бұзылды. Колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар «бай-кулактар» қатарына жатқызылып, қатал жазаланды: жыл – 56.498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды. 1931 жыл – 5.500 отбасы жер аударылды. 1929-1933 жылдар – ОГПУ (біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үштігі – 9.805 іс қарап, оның ішінде: ату жазасына – 3.386 адам, 3-10 жылға концентрациялық лагерьге қамауға –13.151 адамға үкім шығарды. 1933 жыл - ОГПУ үштігі 21 мың адамды қамауға алды. Тұтас әулеттер мен рулар да жазаға тартылды. \ 1930 жылғы 30 мамыр – республика Үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110000 га жер бөлді. Жекедегі малды қоғамдастыру нәтижесінде, мал күтімінің кемдігінен, жем-шөптің жетпеуінен мал қырылды. Осы жылдары өлкенің одақ бойынша тауарлы астық өндіруден үлес салмағы 9%-дан 3%-ға кеміді.Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930-1932 жылдары аштық жайлады. 1932 жылғы ақпан – колхозшы қожалықтарының 87%-ы, жекешелердің 51,8% -ы малдан түгел айрылды. Ұжымдастыру қарсаңында – 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды. Бұл жағдай өлкеде аштық қасіретін туғызды: жылы-313 мың адам; 1931 жылы- 755 мың адам; 1932 жылы- 769 мың адам қайтыс болды. 1930-1932 жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40%-ы жаппай қырылды. \ \1932 жылғы 1 ақпанда Павлодар қаласынан саяси жер аударылғандар КСРО Орталық Атқару Комитеті төралқасына аштық айғақтары туралы жазды: «...аштықтың ауыр көрінісі етек алуда. Ит, және алуан түрлі өлекселер желініп жатыр. Тірі қалғандардың аштықтан әлсірегені сонша. өліктерді жерлеуге шамасы келмеуде...» 1932 жылғы шілде – аштық апаты мен себептері туралы Ф.Голощекинге «Бесеудің хаты» (Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев) жазылды. Онда көтерілген мәселелер: Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сондықтан орташалар байлар жағына шығуда. Байлар малды қырып тастауға тырысуда.«Жалған колхоздарды» ұйымдастыру жалғасуда. Өлкеде ашығушылар саны көбеюде.1933 жылғы наурыз - РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұловтың Сталинге хаты. Хатта көрсетілген деректер: «Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшушілер саны артуда: Орта Волгада-40 мың, Қырғыз жерінде-100 мың, Батыс Сібірде-40 мың, Орта Азияда-30 мың, Қарақалпақ жерінде-20 мың қазақтар бар. Көшіп кетушілер Қалмак, Тәжік жері, Солтүстік өлке, Батыс Қытайға дейін барған. Бұл аш адамдардың тамақ іздеп босуы». Ол қазақ халқын аштықтан құтқаруды өтінді.Қазақ зиялыларының өтініштеріне орталық тарапынан жауап болмады. Аштық әсерінен халық санының азаюы жалғаса берді:1)• Актөбе облысында 1930 жылы – 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы – 725800 адамға кеміген (71%).2)Балқаш ауданында 1930 жылы – 60 мың адам болса, 1932 жылы – 36 мыңы қырылып, 12 мыңы басқа аймақтарға көшіп, 12 мыңы қалған. \ Жаппай жазалау мен аштык әсері халықты түгелдей көшіп кетуге мәжбүр етті. 1930 жылғы қаңтар – 1931 жылғы маусым аралығы – 1 млн. 70 мың адам (281.230 шаруа қожалығы) Қытай, Иран, Ауған жеріне т.б. көшті. Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, 414 мыңы кейін елге оралды. Аштық зардаптары: 1930-1933 жылдары 2,1 млн. адам қырылды (барлық халық саны - 6,2 млн.)Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана қалпына келді.1930-1932 жылдардағы аштық тарихқа «ұлы жұт» ретінде енді.\ Жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылық Ұжымдастырудың сталиндік үлгісіне қарсы шаруалардың наразылығы алуан түрлі болды: 1)Қалалар мен құрылыстарға кету.2)Басқа аймақтарға, шетелге көшу.3)Белсенділерді, партия, кеңес, комсомол қызметкерлері, сот орындаушыларын өлтіру. 4)Қарулы отрядтар кұру.5)Көтеріліске шығу. \ 1929-1931 жылдарда өлкеде қарулы көтерілістер болып өтті.Ұжымдастыру бағытының 2 жағы болды: 1)Шаруалар бай-феодалдарға кіріптарлық пен күйзелістен құтылды.2)Көшпелі өркениет ерекшелігі ескерілмей күштеу әдісімен жүзеге асырылды.
№79 сұрақ. 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін шаралары бірден ала қойған жоқ. 1920 жылдан бастап әлеуметтік күштеудің мемлекеттік механизмі мен социалистік құрылымға қарсы пікір білдірушілерге қарсы террордың тәжірибесі негізделе бастады. 1930 жылдың екінші жартысында қоғамды қайта құру мен саяси, экономикалық және әлеуметтік мәдени мәселелердің шешімдерін пайдаланып, кеңестік күштеу жүйесін пайдалану өзінің кемеліне жетті. "Үлкен террор" ол заңды логикалық процесс механизмі болды. Бірақ кеңес халқына қарсы жүргізілген саяси қуғын-сүргін бір дүркін түрде емес, толқынды сипатта жүрді. Ал 1937-1938 жылдардағы жүргізілген қуғын-сүргін науқандары кең ауқымды әлеуметтік топты қамтыды. Мемлекетте қалыптаскан жағдайға байланысты осы қуғын-сүргін шараларына қарсы қозғалыстың болмауынан немесе осы сияқты процесстердің болмауынан 1937-1938 жылы үлкен террор саясаты жүзеге асты.
1937-1938 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін саясатына даярлық 1920 жылдардың ортасынан басталды. 1920 жылдың ортасына дейін ауыл шаруашылығына зиян келтіруші жәндіктер мен жануарларға қолданылған "зиянкес" сөзі 1925 жылдан бастап саяси мәнде айтылып, қуғын-сүргін тұсындағы айыптау процесстерінде, әсіресе Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарма коллегиясында 1934 жылға дейін жиі пайдаланылды. Алайда, Қылмыстық Кодекске енбей қалып, ал оның орнына Қылмыстық Кодекстің "контрреволюциялық бүлік және мемлекетті, өндірісті бүлдіру" деген 58-14, 58-7 баптары дүниеге келді [14,636.]. 1935-1938 жылдар арасындағы И.Сталин бастаған шағын арандатушы саяси топтың өзінің туған халқына қарсы жасаған аса ауқымды қылмысы заң қорғау органдары саяси қуғын-сүргін жүйесін қалыптастырып, арнайы қабылданған қаулы-қарарлар, нормативтік актілер арқылы репрессияның заңдық негізі жасалды. Бүл арқылы белгіленген немесе жасырын дұшпандар нақты таңбаланған – 1) «ұлтшыл,» 2) «алашордашыл,» 3) «троцкист-зиновьевшіл», - деген саяси атқа ие болды. Кейіннен "дүнгендер" тобына "фашистер", "шпиондар", "барлаушылар" мен "диверсанттар", сонымен қатар бүлікшілер де қосылды. Осымен бірге, "жайбарақат элементтердің," "ашық ауыздың" және "шіріген либералистердің" өмірін оқыту әдістері де анықталды. Бүдан кейінгі "дұшпандар" шеңберінің кеңеюі ішкі жэне сыртқы саяси факторлардың әсеріне байланыстырылып, 1937 жылдың өн бойында "троцкистер мен басқа екі жүзділер," "троцистік-зиновьевтік фашист-бандиттер," "азғырушылар" болып кете береді [15,69 б.].
1934 жылы 1 тамыздағы Орталық Атқару Комитетінің қаулысында төлқұжатсыз азаматтарды 2 жыл мерзіммен бас бостандығынан айыру"
- мәселесі айтылып, нәтижесінде сотталғандардың саны арта түскен. 1935 жылы 5 қаңтарда Қазак Өлкелік БК(б)П Комитетінін бюросы отырысында "Большевик Казахстана" басылымындағы "Оппортунистік галиматья (1934 жылы 30 желтоқсандағы санында жарияланған) деген мақаласында "партияға осыдан кейінгі, шұғыл түрдегі Ішкі Істер Халкомы Ежовтың қол қойылған №00447 бұйрықты айтуға болады, бұл арқылы 268 950 адамды репрессияға ұшыратып, оның 75 950 ату жазасына кесу көзделді.
№80 сұрақ. Қазақ жауынгерлері соғыста ерлікпен шайқасты. Брест қамалында аттары аңызға айналған 30ұлт пен ұлыстың өкілдерінен тұрған қаһарман батырлары 42 күн бойына күші басым жаумен арпалысты. Брест қамалын капитан И.Н.Зубачев, полк комиссары Е.М.Фомин, майор П.М.Гаврилов т.б. қайсарлықпен қорғауды ұйымдастырды. Брест қамалын жаудан қорғауға қазақстандықтар да ат салысты: қатардағы жауынгерлер А.Мүсірепов,Н.Сыдықов ; шекарашылар К.Абдрахманов және В.Лобанов; атқыш К.Иманқұлов, пулеметші Е.Качанов, курсант В.Горянов, минометші В.Фурсов, артиллерист Ғ.Жұматов және т.б. Соңғы екеуі соғыстан кейін елге оралып, ғылымның қара шаңырағы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде (қазаір әл-Фараби атында) студенттерді тәлім-тәрбиеге баулып, білімдерін ортаға салды.Мәскеу түбіндегі шайқас:Бұл шайқас екінші дүниежүзілік соғыс пен Отан соғысындағы ең ірі шайқастардың бірі болып табылады. Ол 6айға созылды.1941;жылдың 30қыркүйегінен1942жылдың 20сәуіріне дейінгі уақытты қамтиды. Екі жақтан бұл шайқасқа 3млн адам,21мыңнан аса зеңбірек-миномет,2,7мыңға жуық танкі, 2мыңға жуық самолет қатысты. Малоярославец ұрыс учаскесінің бөлімдері Мәскеу түбінде бірінші болып соғысқа кірісті. Бұл бөлімнің бастығы 312-атқыштар дивизиясының командирі полковник А.Ф.Наумов болатын. Бұл дивизия1941жылдың жазында Ақтөбеде жасақталып, оның жауынгерлері мен коиандирлерінің 44%-ын орыстар, 35%-ын қазақтар,20%-украиндар құрайтын еді.1941 жылы күз айларындағы Тула түбіндегі табан тірескен ұрыстарда 49-армия әскерлерінің құрамында полковник Г.П.Коротковтың 238-қазақстандық атқыштар дивизиясы қажырлы қорғананып,одан кейін ойдағыдайшабуылға шықты.Қазанның аяқ шенінде 238-дивизия күштерінің бір бөлігі Серпухово түбінде (Ока жағасында) немістермен қантөгіс ұрыстар жүргізді. Осы жердегі Воронино деревнясындағы өзінің ақырғы шайқасында 13 фашистің көзін жойған, қазақтың ұлттық батыры Амангелді Имановтың баласы автоматшы Рамазан Амангелдиев қаза тапты. Соғыстағы батылдығы және табандылығы үшін ол 1942жылдың 3мамырында Қызыл Ту орденімен марапатталды Мәскеу үшін соғыста қазақ жерінде құрылған генерал И.В.Панфиловтың басшылығындағы 316-атқыштар дивизиясы қатысты. Дивизияның бөлімдері Волоколамск бекініс ауданында 1941жылдың 14-25қазан аралығындағы толассыз ұрыста асқан ерлік көрсетіп, әсіресе 28 батыр-панфиловшылардың аты елге мәлім болды. Олар1075-атқыштар полкінің 28солдаттан тұратын (орыс,украин,қазақ, қырғыздардан) танкілерді жоюшы тобы болатын. Дубосеково разъезі маңындағы Волоколамск шоссесі ауданында 1941жылдың 16қарашасында оларға 50танкісімен күшейтілген жау автоматшылар ротасы шабуыл жасады. Жаудың 18соғыс мәшинесін жойып, оларды шығысқа қарай өткізбей жолын бөгеді. 17қарашада 316-атқыштар дивизиясы 8-гвардиялық дивизия болып қайта құрылды, ал 18-інде Қызыл Ту орденімен марапатталды. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда батальон командирі аға лейтенант Б.Момышұлының әскери шеберлігі айқын көрінді. Горюны, Покровское деревняларында және Матренино стансасында тіректі пункттерге орналасқан Б.Момышұлының батальоны қарашаның 8-інен 21-іне дейінгі 4тәулік бойы осы позицияны ұстап тұрып, дивизияның жаңа шепке әзірленуіне көмектесті.Волокаламск тас жолындағы ұрыстан кейін көп кешікпей лейтенант Б.Момышұлы полк коиандирі болып тағайындалды. Ол Мәскеу түбіндегі шайқаста батальонмен үш рет жау қамалында қала отырып шепті бұзып өтті. Соғысты 9-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі полковник дәрежесінде аяқтады.
№81 сұрақ. Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді (милитарландырылды).
Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды.
Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.
Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркісіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді.
Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді: 1. 1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы; 2. 1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Москва, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді.
Көшіріліп әкелінген 54 завод пен фабрика тамақ өнеркәсібі халық комиссариатының қарамағында болды. Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 53 кәсіпорны көшіріліп әкелінді. Республикада аяқ киім саласының қуаты 12 есе, былғары саласының қуаты 10 есе өсті.
Москва қаласы және Москва облысынан көшірілген кәсіпорындар: Москва авициация жасау заводы, Урюпа етконсерв заводы, Дзержинский атындағы электротехника заводы, Москва рентген заводы, № 3 Александр радио заводы, С. Орджоникидзе атындағы механика заводы т. б. Жалпы Қазақстанда Москва қаласы мен облысынан көшірілген 40 завод орналастырылды.
Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника заводы, Подольск механика заводы, Запорожье ферроқорытпа заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы т. б. Украина ККС – інен Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді.
Қазақ КСР – не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды.
Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Өнеркісіп орындарымен бірге Қазақстанға майдан өңірінен көптеген мамандар да көшірілді. Мысалы, тек қана Домбасстан 3200– ге жуық шахтер, 2000– дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер– техниктер саны 700 – дай болды.
Қазақстан КСРО – ның негізгі әскери - өнеркәсіп базасына айналды. 1942 жылы Одақта өндірілген қорғасынның 85 % - ын, көмірден 18 % -ын, молибденнің 60 % - ын, оқтанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді.
1942 жылы 21 тамызда кеншілер еңбегіне үдемі – кесімді ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді.
1942 жылы 24 тамызда Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Қарағанды көмір алабында көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» қаулысы шықты. Облыстың және ауданның еңбеккерлері Қарағанды шахталарын қамқорлыққа алу жөнінде патриоттық қозғалыс бастады. Шахтерлерді азық – түлікпен қамтамасыз ету, шахталарда тұрақты жұмыс істеу үшін адамдар жіберу, Қарағанды облысындағы 30 желісі 3 есе, оқушылар саны 5 есе көбейді. 1943 жылы забойлар желісі көбейіп, жер астында екінші Қарағанды пайда болды. Мұнайлы аудандарға көмек көрсетілді. Атырау мұнай өңдеу заводын, Каспий – Орск мұнай құбырын салу үшін қуатты құрылыс ұжымы ұйымдастырылды. Ембіге Әзірбайжаннан 400 маман мен жұмысшылар келді.
Соғыс жылдыры салынған құрылыстар:
Мақат – Қосшағыл темір жолы, Петровский машина жасау заводының екінші кезегі, Пешной аралы – Шарин құбыр жолы, Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу заводы, «Комсомол» кәсіпшілігі т. б.