
№1 сұрақ Қаз.тарихы ғылымының мақсаты мен міндеттері.
Тарих (араб сөзі-"зерттеу, оқиғалар жөніндегі әңгіме"). Тарих дегеніміз халықтың зердесі. Ол болып өткен, оны түзете алмайсың және жақында ғана жасалып келгеніндей, коньюнктураға жағынып,бір түсін екіншісімен ауыстырып, жаңадан жаза алмайсың. Біз оны бүкіл қайшылықтарымен,қаһармандық ж/е қайғылы сәттерімен қоса, ол қандай болсын сондай, бүкіл алуан түрлі, тұтас күйінде қабылдауға тиіспіз. Алыс замандарда өткен бабаларымыздың өмір-тіршілігі жайлы қазіргі түсінігіміз олар тұрған үңгірлер мен үңгіме қуыстарды зерттеп білуге негізделген, сол үңгірлер мен қуыстарда адам еңбегінің белгісі-тас құралдар,соларды дайындаудан қалған қоқыстар тамақ қалдықтары- жануарлардың сүйектері сақталған. Қазіргі заманның артта қалған халықтары дейтін жұрттар өмірінен алынған этнографиялық мәліметтердің де маңызы аз емес.Мұндай мәліметтер етелгі адамзаттың материалдық ж/е рухани мәдениеттің біраз қырлары мен сырларын анығырақ түсіндіруге мүмкіндік жасайды.Алайда ең басты хабарды алғақы қауымның бәрінен де көбірек кездесетін материалы-еңбектің тас құралдары береді.
Белгілі бір басты әлеуметтік-экономикалық формацияның дамуына байланысты адамзат тарихы ұзақ-ұзақ кезеңдерге бөлінеді. Археологияда кезеңдендірудің өзіндік әдісі жасалған,оған сәйкес адамзат тарихы тас,қола мен темір ж/е ортағасырлар дәуірлеріне бөлінеді.Ал,өзінің рет-ретімен жоғарыда айтылған дәуірлер кезеңдер мен мәдениеттерге- палеолит, мезолит ж/е неолит кезеңдеріне бөлінеді.
Көне тас ғасырының дәуірі-адамзат ж/е оның шаруашылығының қалыптасу кезі-өндіргіш күштердің төмен деңгейінде болуымен сипатталады. Анайы шаруашылық қам-харекеті табиғаттың дайын тұрған өнімдерін пайдаланумен ғана шектелген.Әуелі адам жабайы өсетін дәндерді, жемістер мен жидектердіжинап, жануарларды аулаған.Адамдардың өзара қарым-қатынасы, мүшелерінің экономикалық теңдестігіне,еңбек-бейнеті жынысы мен жасына қарай,табиғи түрде бөлісуге негізделеді, ж/е өзінің сипаты жағынан ұжымдық қатынастар болады.
Адамдардың қоғамдық ұйымы палеолит дәуірінде дамудың күрделі де ұзақ жолынан өтеді.оның бастапқы кезі алғашқы табын-тобыр-басқосы қорғану ж/е бассалу үшін,аң аулау,жиын-терін үшін бірлесу болады. Осынау рулық қатынасқа дейінгі әлеуметтік құрылымның қоғамдық қарым-қатынасы мүлде дамымаған,қауымдық-үйішілік шаруашылығы болмаған.
Алғашқы тобыр төменгі полеолиттің ертеректегі екі басқышына-шелльге дейінгі ж/е шелль кезеңдеріне сәйкес келеді.Ашель заманында жаңа әлеуметтік организм-алғашқы қауымға қажетті алғышарттар біртіндеп толысып жетіле бастайды.Мустье дәуірінде отырықшылық,еңбекті жынысы мен жасына қарап,табиғи түрде бөлу жүзеге асады,қауымның бастапқы түрлері пайда болады. Кейінгі палеолиттің адами ұжымдары әлеуметтік жағынан жаңа бір қырынан сипатталды-оларда алғашқы рулық қауымның толысқан түрлері құрылады.Көптеген зерттеушілердің пікірінше, осы бір сапалық секіріс неандерталдардың дене бітімі кәзіргі адаммен бірдей саналы жанға (Homo sapiens) айналуына сай келеді.
№2 сұрақ. Тас ғасыры, оның кезеңдері мен ескерткіштері.
Қаз.аумағындағы ежелгі адамдар іздері ерте палеолит (б.з.д. 800-140 мың ж.)кезеңіне жатады.Алғашқы адамдардың тас еңбек құралдарын жасай білуі,аң аулау,терімшілікпен айнаоысуы,тобыр болып бірігуі, хайуаннан еңбек құралдарын жасауы нәт.бөлектенуі.Климаттың жылы ж/е құрғақ болуы. Тасты жару үшін жұмыр тас қолданды.Алғашқы еңбек құралдары чоппер,чопплинг болды.Солт.Балқаш өңірінің Семізбұғы мекенінен 1611 тас құрал табылды. Алғашқы тобыр ашель дәуіріне сәйкес келді.Ескерт:Оңт.Қ. Бөріқазған, Тәңірқазған, Қазанғап, Шабақты, Қарасу, Орт.Қаз. Құдайкөл, Жаманайбат, Семізбұғы. Шығ.Қаз.Қозыбай. Бат.Қаз. Шабақтысай,Сарытас. Орта пал. (140-40 мың ж.) оңт.Қаратау жотасынан сол.Есіл өзенінің жоғарғы ағысына дейін,бат. Сарысу өз.орта ағысынан шығ. Ертіс өз.жоғарғы ағысына дейінгі аралықты мекендей бастады. От алуды үйрену, діни сенімінің қалыптасуы, аналық рулық қоғамның белгілерінің байқала бастауы, неандерталь адамның пайда болуы.Еңбек құралдардарын жасау тәсілі-неуклеустік.Мустерліктер адамның аяғын бүгіп бір қырымен жатқызып жерлеген. 1938 ж.Өзбекстанның оңт.Тесіктас үңгірінен 8-9 жасарнеандертальдық бала табылған(антрополог-Герасимов).Ескерт:Оңт.Қ. Тоқалы,Қызылрыспек,Үшбұлақ.Орт.Қ.Обалысай,Мұзбел,Өгізтау.Бат.Қ.Өніжек,Аққыр,Құмақаж.Шығ.Қ.Бөдене,Қызылсу. Кейінгі пал. (40 мың-12мың ж. аралығы). Қазіргі адамға ұқсас кроманьондықтың қалыптасуы, жеңіл найза, ілмекті сүңгі, болас жасап, баспана сала білуі, өнер мен діни сенімнің дамуы,аналық рулық қауымның орнауы. Тас құралдарын жасау тәсілі-ретушьтік. Ескерт:Оңт.Қ.Ащысай,Үсіктас.Орт.Қ.Батпақ,Қарабас,Бат.Қ.Аққыр,шақпақата. Шығ.Қ.Свинчатка,Шульбинка,Пещеры,Қанай.Мезолит (12-5 мың ж.) климат жылынып,мұз еруі басталды, ірі жануарлар азайып, кішігірім аң-құстарпайда болды,жебелі садақ, бумеранг, балық аулау құралдары,қайық шықты, дәнді дақылдарды өсіруге қадам жасалып, жануарларды қолға үйрете бастады. Ескерт: Солт.Қ.Мичурин,Тельман,Екібастұз.т.б. Орт.Қ.Әкімбек, Қарағанды. Неолит (4-3 мың ж.) жерді өңдеу,мал шаруашылығымен айналасу,қыш ыдыс жасау,тігін тігу, кен өндіру. Ескерт: Оңт.Қ.Қараүңгір,Үшбұлақ, Қарақұдық.Шығ.Қ.Нарым, Қызылсу, Сатшықыз. Солт.Қ.Қаратомар, Дамсы, Ботай. Бат.Қ. Құлсары, Сарықамыс т.б. Орт.Қ.Қосқұдық, Ырғыз,Қараторғай, Батпақ. Солт.-батыс Қ. Тұздыкөл, Дүзбай, Бестамақ, Аманкелді, Мақанжар,т.б.
№3 сұрақ. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов ж/е Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
Адамның егіншілік машығын игеру процесі, жабайы дәндерді, жеміс пен жидектерді жинап-теруден оны өсіруге көшуі сан мыңдаған жылдарға созылды. Қазақстанның таулы ж/е далалы аудандарына қола ғасырында б.з.д. III мыңжылдық аяғында келеді.Егіншілік пен бірге малшаруашылығы пайда болды. Б.з.д. II мыңжылдықтың бірінші ширегі біткен кезде евразия даласында қоланы ойлап шығарды. Ежелгі адамдар жезге қалайыны қосу арқылы металл бұйымдардың беріктігін күшейтеді. Қоладан ұңғылы балталар мен сүңгілер жасауды үйренеді. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар қола ғасырында андроновтық археологиялық мәдениетке жататын мекендер, қорымдар, рудниктер, тастағы суреттер қалдырған. Сол жердегі қазу жұмыстарын 1913 ж. Б.В.Андрианов жүргізген. 1927 ж. археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мәд.-нің ескерткіштері-шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі- орасан зор территорияға тарағанын анықтады. Кейінірек андронов ескерткіштері Қазақстанның түскейінен, Жетісу мен Орта Азиядан да табылды.
Андронов мәдениетін зерттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі хронологиямен уақыт межесін анықтау ісімен байланысты, зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын үш кезеңге бөледі: ерте қола-б.з.д. XVIII-XVIғғ.,орта қола-б.з.д.XV-XIIғғ., кейінгі қола- XV-XIIғғ. Басы. Бұл кезеңдер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сәйкес, федоров, алакөл, замараев кезеңдерін көрсетеді деп есептелді.
Андронов қауымдастығы құрамына енген тайпалардың тараған негізгі аймақтардың бірі Орталық Қазақстан болған. Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындары мен тастағы суреттер-петроглифтер,30-дан аса қоныстар мен 150-ден аса ескі қабыр табылып зерттелген. Орталық Қазақстанның андронов мәдениетіне тән сипаты-оның монументалдығы, мазарларының күрделілігі, тас өңдеумен байланысты құрылыс техникасының жетіле түскендігі.
Қоланың кейінгі кезеңі Орталық Қазақстанда жаңа мәдениет-Беғазы-Дәндібай мәд.-нің құрылуымен белгілі. Бұл мәдениетке тән бір қасиет,ол,бірінші жағынан, андронов дәстүрін сақтайды,екінші жағынан,онда жаңа элементтер: мазарлардың айрықша типі, өзіндік өзгешелігі бар жерлеу салты, қыш ыдыс-аяқтардың жаңа түрлері пайда болады. Мәйіттерді бүктеле жатқызып қоюмен бірге, оларды шалқасынан жатқызып қою да кездеседі.Бұл мәд.-тің кезіне Қарағандының оңтүстік бетіндегі Ақсу-Аюлы-II қабыры жатады.Мұндағы ең үлкен обаның биіктігі 2 м.,диаметрі-30 м. Төбешік астында дөңгелектеніп орналасқан үш қатар радиальды тас қоршау бар екен.
Бұл дәуірде жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылады. Орталық Қаз. Таулы аудандарына тұрғын үйлерді салуға ағаш кеңінен пайдаланылған. Жертөлелер қабырғалары ағаш тақталарымен көмкеріліп, оның төбесін ағаш бағандардың тұтас бір жұйесі тіреп тұрған. Мәдениетті дамытуға металл өндіріп балқыту орасан зор рөл атқарған.Орталық Қазақстанның полеометалдық ошағы көрші жатқан Алтай, Сібір, Орал өңірі сияқты аймақтар мәдениетін дамытуға да ықпалын тигізді.
№4 сұрақ. Сақтар (б.з.б. ҮІІ – ІІІ ғғ.).Б.з.д. 1 мың. Орт.нан бастап Қаз-н жеріндегі көшпелі тайпа «сақ» атауымен белгілі. Жазба дерек/р.ң мәліметі б.ша о/р Қаз-ң барлық этникалық терр-нда қоныстанып, бірнеше топқа бөлінген: оңт.те тиграхауда сақтары (гр. Дерек/рінде массагет/р, дон тайпа/ры), парадарая, хаумаварга сақтары.Солт. шығыста – аримаспы, Орта Қаз.н – исседон/р, Батыс савромат/р, Геродот б.ша савромат/р аржағында, «биік тау.р.ң етегінде», оңт.к шығыс Орал тау/ры болуы мүмкін, аргипей тайпа/ры өмір сүрген.Жазба дерек.рі:Антика.қ автор Арриан.ң дерегіне сүйенсек, сақ патшасы елді езі.ң сатрап.ры (қызметші.рі) арқылы басқарды. Олар патша.ң белгілі бір аймақтағы н.е тайпадағы өкілі болып есептелді. Сақ.р.ң басқару жүйесіндегі келесі бір буын — әскери-тайпа.қ ақсүйек.р болатын.Геродот грек автор/ры.ң көпшілігі сияқты сақ/рды "азия.қ скиф/р" деген терминмен атайды. Скиф атауы Солт.к Қара теңіз өңірі мен Алд. Азия.ң көшпелі тайпа/рына қатысты қолд.ды Ертедегі гр. географы әрі тарихшысы "География" еңбегі.ң авторы Страбон.ң (б.з.д 64 — б.з 23 ж.ж) мәлімдеуіне қарағанда, Каспий теңізі.ң шығысына қарай тұратын/р массагет/р мен сақтар делінеді. Шығ. ирандық көшпелі тайпа/р жазба.рнда сақтар жайлы "турлар" делінген.Материал.қжәне рухани мәде.і: Далалық өркениет Күнге, табиғат күш/рі мен көсемге, яғни әскери жолбасшыға табынуға негізделген өз идеологиясын жасады. Осы.ң барлығы "аң стиліндегі" олар.ң қайталанбас өнерінде көрініс тапты. Ерте темір дәуірі көшпелі/р.ң идеологиясымен танысу үшін "Есік" қорғаны бірегей мүмкіндік береді. Сақтар.ң өз мифологиясы болған, ол "Алтын адамның" киім композициясында, оны жерлеу жоралғысында көрініс тапты. Оның басында тымақ тәріздес желкелігі бар, төбесі шошақ, биік бөркі болған. Бас киіміндегі бейне/р символикалық мәнге ие болды. Жауынгер.ң бас киімін айналдыра тігілген "алтын таулар" мен "ағаштар" дүние.ң келбетін көз алдыңа елестетеді. Бас киім.ң жоғ. жағындағы алтын қой.ң бейнесі Митра Құдайы.ң кеңінен таралған рәмізі. Шаншылған алтын жебе.р күн7ң сәулесі болып есептеледі." Алтын адам.ң" өзі Күн Құдайымен теңестірілді. Бас киім.ң беткі жағындағы алтын жебе, ешкі мүйізді, алтын қанатты пар ат эмблемасы "патшалық.ң белгісін" білдіреді. Бұл белгі К.А.Ақышевтің пікірінше, барлық бейне.рді бір жерге топтастырады: құс — жоғ. әлем, аспан; ат — орт. әлем, жер; ешкі — төм. жақ, жер асты әлемі; қанатты жебе/р — Жер.ң 4 тарабы. Бұл рәміз көсем.ң билігі туралы және оған бағынышты қоғам құрылымы туралы түсінікті бейнелейді. Сақтарда жоғ. билікті осылайша негіздеу тұжырымдамасы қалыптасты. Бас киімдегі ағаш басындағы құс/р.ң бейнеленуі, сондай-ақ құс тәрізді бейне/р өз мәніне ие болды. Құс — аспан мен Күн.ң жалпы адамзаттық рәмізі. Құс күллі әлемді барлап, Құдай.рға ғарыш шекарасын қорғауға көмектеседі. Құс/р бейнесі жоғары әлем рухына, аспанға ұшумен байланыстырылады. Бас киімдегі қанат/р "Алтын адамның" абыздық қызметін көрсетеді.Әскери жасау/рда жыртқыш/р.ң яки барыс.ң, арыстан.ң, жолбарыс.ң, қасқыр.ң бейнеленуі осы аң/р.ң жауынгер мен оның қару-жарағына дем беруші күш деп есептелді. Сондай-ақ жолбарыс.ң бейнесі отқа табынушылықпен байланысты болды. Нақ солар.ң бейне.рі мен табыну бұйым.ры алтарь және темекі тартатын бөлмеге хош иісті түтін шығаратын аспапты қорғайды.Белгілі бір түс және олар.ң туғызған әсері дүниені мифологиялық түрде пайымдау.ң маңызды элементі деп табылады. Киім.ң қызыл түсі және оның алтын жасауы — Күн.ң түстері, күміс түс — Айдікі, көгілдір түс — аспан түсі деп есептелді. Түс ерекше ақпараттық құндылыққа ие болды. Қызыл және алтын түспен байланысты эмоция.қ сипаттама.р Құдайға және күйдіретін Күн.ң буырқанған қуаты мен құдіреттілігін бейнеледі.Осылайша сақ/рда Күн Құдайымен байланыстырылған әскери және діни жолбасшыға табынатын әлеумет пен кеңістік.ң антропоцентрлік үлгісі өмір сүрді.Қоғам.қ құрылысы:Сақ қоғ.да халық-ң 3 тобы б-н.Олар:жауынгер/р,абыз/р,қауымшыл сақ.Патша/р.ң белгісі жебелі садақ б-ды.С әйел.рі қоғамдық өмір.ң барлық сала.рына,тіпті соғыс шайқас.рына да ер/мен бірдей қатынасып,ерлік көрсетіп отырған.Б.з.д 4-5 ғ-р-ң өзінде-ақ сақ/р.ң қоғамдық құрылысы.ң сол заманғы прогрес.ң неғұрлым жоғ. сатысына көтерілгендігін,оған эконом-қ ж.е саяси алғы шарт-р-ң болғандығын көрсетеді.пр
№5 сұрақ. Ұлы жібек жолы ж/е орта ғасырлық Қаз-н. Ұлы жібек жолы туралы алғашқы мәліметті будда діндары Сюань-Цзяннің қолжазбаларынан білеміз. Б.з.б. 3-2 ғасырлар – жібек жолмен алғашқы сауда байланысы жасалған.
Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі ( ұзындығы 7 мың шақырымнан астам). Бұл жол Орта Азия мен Қаз-н территориялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды:
Лазурит жолы: Бадахшан тауы-Иран-Месопотами-Мысыр-Сирия-Қытай.
Нефрит жолы: Жаркентдария-Шығыс Түркістан- Қытай.
Дала жолы (б.з.б. 1 мыңжылдықтың ортасы): Қара теңіз жағалауы-Дон-Оңтүстік Орал-Ертіс,Алтай-Зайсан көлі (Геродот дерегі).
Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп, 4 тармаққа бөлінеді:
1. Батыстан шығысқа бағытталатын жол.
2. Іле бағыты.
3. Еуропа бағыты.
4. Орталық ж/е шығыс Қаз-н.
Ұлы Жібек жолының 6-7 ғ.ғ. ең гүлденген бағыты – Қытайдан Жетісу ж/е Оңтүстік Қаз-н арқылы батысқа баратын жол.
Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар:
Құлан, Ілебалық, Екіоғыз, Отырар, Шауғар қалалары. Хан жолы: Тараз қаласы-Талас өзені-Мойынқұм , Бетпақдала-Атасу өзені.
Тауар тасымалы.
Саудадағы басты тауар-жібек. Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған.
Жалақы мен қарызды жібекпен төленген. Ұлы Жібек жолымен алғашқыда Қытайдын жібегі Батыс елдеріне жеткізілген. Кейін бұл жол арқылы Үндістан, Иран, Византия, Араб халифаты, Араб халифаты, Еуропа, Ресей таулары тасылды.
Ұлы жібек жолы арқылы тасылатын тауарлар: жасмин суы, мускат жаңғағы, женьшень, питонның өті, пілдер, мүйіз тұмсықтар, арыстандар, арғымақтар, түйелер,тотықұстар, сұңкарлар т.б.
Ортағасырлардағы Қазақстан қалалары тұрғындары арасында б.з. дейінгі 7-6 ғғ.ежелгі Иран территориясында туған зороастрлық діннің де өкілдері болған. Оның әдет-ғұрпы бойынша әлемнің төрт нәрсесі- су,от,жер мен ауа киелі деп қатты құрметтеледі. Зороастр діні ескерткіштерін Орта Азиядан, Соғдиядан, Сырдария қалалары мен Жетісудан кездестіруге болады. Олар мұнара секілді құрылыс қалдықтары, әдетте ол мұнараларына ұқсайды. Олар Қостөбе мен Қызылөзек қала жұртының топографиясында сақталған. Алайда Орта Азия мен Қазақстанда зороастрлықтың қағидаға айналған үйреншікті түрі емес,айрықша түрі таралған. Ол жергілікті мәжусилік байырғы дін мен отқа, ата-бабалар аруағына,жануарларға- қойға,ат пен түйеге табынушылықпен сіңісіп, бірге өріліп кеткен. Осы дінге байланысты табылған нәрселер: мәйітті оссуарилерге – қыш жәшіктерге, хұмдарға салып жерлеу, өлікті жербетіндегі мәйіттерге – наусаларға қою, сүйекті үйіп жерлеу сияқты болып келеді. Зороастр дініне байланысты көптеген табынудың ырым жырымдары Қазақстан қалаларында ислам пайда болғаннан кейін де сақталып жасалып жүрді.
Мәселен, 12 ғ. Отырар қалсының үйлері еденінен жерошақ- михрабтар табылған. Бедерлі оюлармен өрнектелген сол ошақтар киелі отты жағуға арналған. Бұл қала тұрғындарының, тіпті исламды мойындап, араб жазуын қабылдаған кісілер үйлерінің өзінде жылтырап жанып тұратын ұлы маздеизмнің қасиетті отының алыстан жеткен сәулесі болатын.
Дегенмен Қазақстанда бел алған ислам бірте-бірте христиан дінін де, будда дінін де, жергілікті тәңірге табынушылықты да ығыстырып, ысырып тастады. Жаңа дін Жібек жолының көптеген қалаларында біржолата қоныс тебеді.
№6 сұрақ.Үйсіндердің таралып, қоныстануы Қытай деректерінде үйсіндердің Орталық Азиядан шыққандығы атап көрсетіледі. Сондай-ақ олар үйсіндерді аса ірі ежелгіхалықтардың қатарына жатқызды. Үйсіндер Жетісуға Орталық Азияның түкпірінен қоныс аударып келді.Үйсіндер және оның мемлекеті жазба деректерде біздіңзаманымызға дейін IV—III ғасырларда аталады. Жер аумағы Тянь-Шаньнан Алтай тауларына дейін созылып жатыр. Үйсіндердің шекарасы басында Шу, Талас өзендері бойымен Қаратаудың шығыс бөктеріне дейін, шығыс шекарасы Бесбалық ауданымен шектесті. Орталығы — Іле аңғары. Жоңғар ойпаты мен Жетісудағы үйсіндер жартылай көшпелі ел болса, өзен аңғарларында суармалы егіншілікпен де айналысты. Қытай деректері: "Шығысында — ғұндармен, батыс жағында кангюй елімен шектеседі. Жері ұлан байтақ, кең әрі жазық, жауын-шашыны көп. Ауа-райы суық. Тауларында қалың қарағай өседі", — деп суреттейді. Үйсіндер жері біздің заманымызға дейін II ғасырда Қытай мен Батыс Еуропа елдерінің арасында сауда, мәдени қарым-қатынастардың күре тамыры іспеттес еді. 'Үйсін-қытай қарым-қатынастары. Біздің заманымызға дейін 138 жылы ғұндарға қарсы одақ жасау жөнінде "Батыс өңірге" келген Қытай елшісі әрі саясатшы Чжан Цянь: "Қазір үйсіндер күшті елге айналыпты. Мол сыйлық-тартулар ұсыну арқылы үйсіндерді шығыстағы атамекеніне көшіріп әкелуге, оларға ханшамызды ұзатып, күнбимен құдандалық байланыс орнатып, ғұндарға қарсы қолдануға болады", — деп жазды. Қытай императоры бұл ұсынысты назарда ұстай отырып, біздің заманымызға дейін 119 жылы Чжан Цяньды тағы үйсіндерге аттандырды. Үйсін күнбиі елшілерді жылы қарсы алады. Алтын ақшадан тұратын тарту жоралғылар жасалады. Нәтижесінде, күнби ғұн үстемдігінен бас тартып, Қытай империясымен жақындасады. Елшіліктер алмасып, туысқандық — некелік қарым-қатынас орнайды. Біздің заманымызға дейін 106—105 жылдары Қытай ханшасы асқансалтанатты жағдайда үйсін күнбиіне ұзатылды. Өз тарапынан үйсіндер қалыңмал ретінде 1 мың жылқы берген. Біздің заманымызға дейін 70 жылдары үйсіндер арасында ғұн елшілігі болып қайтты. Ғұндар бір қызын күнбиге әйелдікке береді. Осылайша үйсіндер Қытаймен ғұндардың арасындағы күресте маңызды салмағы бар елге айналғанды. Біздің заманымызға дейін 74 жылдан кейін Хань империясы мен ғұндардың (соғыс алаңы Батыс өңірге ауысқандықтан, үйсіндер мен ғұндар арасында қақтығыстар бола бастайды. Бұл өз кезегінде үйсіндердің билеуші топтарының ішінде толқу туғызды. Тақ мұрагерлері оны үш бөлікке бөліп алды. Біздің заманымызға дейін 73 жылы Солтүстік (Шығыс), Оңтүстік (Батыс) және Орталықты күнби өзі басқарды. Қалған екі қанаты да күнбиге тәуелді болды. Біздің заманымызға дейін 64—51 жылдары Хань империясы үйсіндердің ішкі ісіне, тіпті таққа мұрагерлік ісіне дейін араласа бастады. Бұл халық бұқарасының қарсылығын туғызды. Сондықтан үйсін халқы екі аймаққа ыдырап кетті. Ендігі үйсіндердің тарихы осы екі аймақтың тақ таласы күресіне толы. Демек, біреуі — Хань империясын қолдайтындар болса, екіншісі — ғұндармен одақты жақтайтындар еді. Үйсіндердің саяси тарихын қорытындылайтын болсақ, біздің заманымызға дейін 170—160 жылдары Үйсіндер мемлекеті құрылды.Жетісуда Үйсін мемлекеті дамып-нығайып, гүлденді. Саны 630 мың адам тұратын сол аймақтағы ең ірі елге айналды. Ғұндардың тегеурініне төтеп беру үшін үйсіндер Хань империясымен тығыз байланыс орнатты. Ал Хань империясы үшін үйсіндер ғұндарға қарсы күресте таптырмас күш еді. Хань империясының қашаннан "көшпенділердің бірігуін болдырмау", "көшпенділерді көшпенділердің күшімен талқандау" саясатын ұстанғандығы белгілі. Бұл саясат өз нәтижесін берді. Сол кездегі қалыптасқан тарихи ахуалға байланысты үйсіндердің көрші ғұндармен, Хань империясымен, қаңлылармен қарым-қатынасы өзгеріп отырды. Біздің заманымыздың V ғасырға дейін Жетісудаөмір сүрген Үйсін мемлекетін аварлар (жужандар) құлатты.
Қаңлылар мемлекеті. Біздің заманымызға дейін II ғасырдың екінші жартысындағы "Халықтардың ұлы қоныс аударуы" деп аталынған оқиғаның нәтижесінде Еуразияның, соның ішінде Қазақстанның саяси картасында өзгерістер пайда болды. Тайпалар мен халықтардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруынан Қазақстанның оңтүстігінде біздің заманымызға дейін II ғасырда Қаңлы мемлекеті бой көтерді. Қытайдың деректеріне сүйенсек, "Кангюй" деп аталынады. Қытай тарихының атасы Сыма Цяньның (145—86 жылдары) еңбегінде: "Қаңлы Ферғананың (Даван) солтүстік батысында, шамамен, 2 мың ли (1 ли — 500 м) қашықтықта орналасқан көшпелі мемлекет. Үлкен юэчжилермен тұрмыс-салты өте ұқсас, 90 мың әскері бар яньсай кангюлердің солтүстік-батысында 2 мың ли жерде. Көшіп-қонып жүретін олардың әдет-ғұрыптары кангюйлерге ұқсас келеді. Әскері 100 мың адам, әдетте, кангюмен араласып тұрады. Ол Ұлы көлге жапсарлас жатыр. Кангюйдің бес кіші князьдігі бар". Мәліметтерге сүйене отырып, Кангюй мемлекетінің аумағын Сырдарияның төменгі ағысына, яньсайларды Арал теңізі мен Каспий теңізінің аралығына орналастырамыз. Бұл мемлекет күш-қуаты жағынан юэчжилер мен ғұндардан кем түскенімен, Еділдің төменгі ағысын қоныстанған Яньсай (Сармат-алан тайпалары одағы) иеліктерш өз ықпалында ұстаған. Қытай дерегі Яньсайдың Қаңлыға тәуелді болғандығын атап көрсетеді. Кейін Яньсай Алания болып өзгерді. XX ғасырдың ортасына дейін кангюйлердің орналасуы туралы мәселе даулы болып келді. Қалай дегенде де, Сырдария мен Әмудария аралығына (Хорезмге дейінгі қосөзен арасы) кіргендігі белгілі. Бұл тарихи дәуірдізерттеген К. Ақышев, К. Байпаков: "Кангюй мемлекетінің аумағына Сырдың төменгі ағысынан Отырарға дейінгі аймақты енгізіп, орталығы Отырар", — деп көрсетеді. Ал қытай жылнамаларына сүйенген С. П. Толстов болса, оның шығыста Ферғана, оңтүстікте Парфия, Бактрия, батысында Хорезм, Бұхарамен шектесіп жатқанын айтады. Айтылған аймақта археологтер кангюй мәденетіне тән Қауыншы, Отырар — Қаратау, Жетіасар мәдениетін бөліп көрсетеді. Н. Я. Бичурин кангюй билеушісінің қыстыгүніБитянь қаласында тұратындығын, шығысында олардың ғұндарға бағынышты болғандығын жазады.Тағы да осы деректерден Кангюй мемлекеті Орталық Азия менҚазақстан жерін қамтыған кішігірім бес бөліктен тұрғандығын аңғарамыз. Қаңлылардың арғы ата-бабалары юэчжилерден шыққандығы, ежелгі мекені ғұндарға көршілесболғандығы туралы мәліметтер бар. Кейін олар ғұндардан жеңіліп (біздің заманымызға дейін 174 жылы), Іле-Жетісу, Ферғана өңіріне келген. 'Қаңлылардың мемлекеттік — саяси дамуы. Қытайдың "Солтүстік патшалықтар тарихында": "Олар үнемі көшіп-қонып жүреді, бір өңірде тұрақтамайды. Хань империясынан бері ұрпақтан-ұрпаққажалғасып келеді. Олардың патшасының ата тегі — Үн, арғы тегі Юэчжиден шыққан... Ғұндар олардың тас-талқанын шығарғанда, батысқа ауып, Памир асып кеткен. Содан өз мемлекетін құрған", — деп көрсетеді. Үйсіндер ғұндардың көмегімен юэчжилерді Іле — Жетісу өңірінен ығыстырған еді. Ауыр жеңілістерден күйзелген юэчжилердің бір тобы Ферғананың солтүстік батысына кетсе, екінші бір тобы юэчжилерден бөлініп шығып, Талас өзенінің бойында Қаңлы мемлекетінің іргесін қалады. Бұл, шамамен біздіңзаманымызға дейін 150 жыл деп топшылауға болады. Ал Қытай елшісі Чжан Цянь біздің заманымызға дейін 138—125 жылдар қаңлылардың арасына келгенде толық қалыптасқан кезі болатын. Дегенмен юэчжилер мен ғұндар ықпалы әлі де байқалып тұрды. Біздің заманымызға дейін II ғасырдың соңы — I ғасырдың басында каңлыларда жоғарыда аталынған бес иелік пайда болды. Олар өздеріне Арал — Каспий аралығындағы Яньсай (сармат-алан) тайпаларын бағындырды. Сыма Цянь мен Бан Гуеңбектерінде каңлылар біздің заманымызға дейін II ғасырда Іле бойын мекендеген үйсіндердің көршісі ретінде қарастырылды. Қытай елшісі Чжан Цянь біздің заманымызға дейін 138 жыл Орталық Азияны билеп тұрған юэчжилерге келе жатып, қаңлыларға жол-жөнекей соққан екен. Бұл қаңлы мемлекетінің күшейіп тұрған кезі еді. "...Кезінде кангюй князі өз ұлын Қытай сарайына жіберді, жердің шалғайлығы себепті тым тәкаппарланып кетті. Басқа иеліктер сияқты тәуелді болғысы келмеді... кангюй өміршісі өркөкірек, тіпті елшілерімізге бас имейді. Біздің жіберген адамдарымызды үйсін елшілерінен төменірек отырғызды", — деп хабарлайды. Бірақ ғұн, үйсін, қаңлысияқты үш мемлекеттің бір-бірін жақын тартатындығы, байланыстарын үзбейтіндігі де сөз болған. Шаруашылығы мен тұрмыс-салтының ұксас болуы да олардың этникалық жағынан да жақын, туыскан екендігін аңғартады. Қаңлылар біздің заманымызға дейін I ғасырда гүлденді. Өзінің тәуелсіздігін сақтап, Кытайға аманат ретінде адамжіберуден бас тартқан. Алайда қаңлылар ғұндармен жақындасып одақ құрды. Ғұндар солтүстік және оңтүстік болып бөлінгенде, солтүстік ғұндардың билеушісі Чжи-Чжиді қолдады. Чжи-Чжи бастаған елге өз жеріне қоныстануға жағдай жасады. Қаңлы билеушісі Чжи-Чжиге өз қызын әйелдікке берді. Ал Чжи-Чжи өз кезегінде күш жинап, қаңлыларды менсінбеуге айналды. Орталық Азиядағы үстемдікке ұмтылды. Ғұндар қаңлы мен үйсіндер арасындағы соғысқа араласты. Ал үйсіндерді Хань империясы колдап отырды. Біздің заманымызға дейін 42 жылы ғұндар мен қаңлылардың біріккен күштері үйсіндердің астанасын (Ыстықкөл жағасындағы "Қызылаңғар қаласын") талқандайды. Ферғаналықтарға жорық жасайды. Чжи-Чжи Талас өзенінің жоғары ағысына қорған салдырып, оған каңлы, Ферғана, Бактриялықтарды шақырды. Қытайғақарсы күресте көрші елдерден көмек іздестіре бастайды. Бұл Қытайдың сыртқы саясатына қарама-қайшы келді. Батыс өңірде үстемдік орнатуға кедергі болып отырған Чжи-Чжи тәңірқұтының көзін жою кезек күттірмейтін мәселеге айналды. "Чжи-Чжидің бүгінде күш-құдіреті, айбаты асқақтап, атағы алысқа тарады. Үйсін Ферғананы өзіне бағындырғалы жүр. Егер ол осы екі елді бағындырып алатын болса, онда қалалық елдерге қауіп төндіреді. Оның үстіне, адамдары сом денелі, батыр, соғыста әбден шыңдалған. Егер осылай күшейіп кете беретін болса, Батыс өңірге лаң салуы мүмкін". Жалпы саны 40 мыңдай біріккен қытай және үйсін әскерлері Чжи-Чжиға қарсы жорыққа шықты. Әскердің бір бөлігі оңтүстіктен Памир арқылы Ферғана бағытын ұстаса, қалған бөлігі солтүстіктен үйсіндердің жері арқылы қаңлылардың Ыстықкөлмаңындағы шекарасына бет алды. Біздің заманымызға дейін 36 жылы Чжи-Чжи мен Қытай әскерлерінің арасындағы шайқас Талас қорғанында екі күнге созылды. Л. Гумилев: "Бұл шайқасқа римдік легионерлер қaтысты", — деп көрсетеді. "Ғұндардың бір бөлігі Батысқа қоныс аударып, Талас өзенінің бойындағы далаға орын теуіп, парфиялықтармен одақ құрды. Олар ғұндарға көмек көрсету үшін римдік әскери тұтқындардың жасағын жіберді". Ал қытай жылнамашысы Чжи-Чжидің соңғы демі таусылғанша қалай жанқиярлықпен шайқасқанын былайша баяндайды: "Тәңірқұты өзі сауыт киіп, қамалдың мұнарасына шықты. Әйелдер де қолдарына садақ алып, қорғанға ұмтылған әскерлерді ата бастады. Тәңірқұтына оқ тиді. Әйелдер де түгелдей оққа ұшты. 1518 адамның басын алып, 145 адам тірідей ұсталып, 1000 адам тұтқындалды". Қаңлылар өз тараптарынан Қытай басқыншылығына қарсы тұруға ұмтылды. Өз жерін қорғап, ғұндарға көмекке келгенімен, бұл ұмтылыс сәтсіз аяқталды.Қаңлы мемлекеті біздің заманымдың III ғасырына дейін өмір сүрді. Мемлекеттің ыдырауына экономикалық әлсіздігі себепші болды. Оңтүстіктегі отырықшылықпен айналысатын аудандардың солтүстіктегі көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын аудандармен байланысы нашар болды. Мұның өзі біртұтас елге айналу жолында кедергі келтірді.
№7 сұрақ.Ғұндар: саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениеті.
Тарихта ғұндар аты кеңінен белгілі. Осынау жоғалып кеткен халық аты- жауынгерліктің, қаталдық пен тағылықтың бейнесіндей көрінеді. Аттила бастаған ғұндар Еуропа елдеріне жортуыл-жорық жасап, оларды құлазытып кетеді, олар халықтартың ұлы қоныс аударуын бастайды. Б.з.д. дәуірдің соңғы ғасырлары мен б.з. алғашқы ғасырларында Орта Азияны, оның ішінде Қазақстан жерін мекендеген азиялық ғұндар тайпалары онша мәлім емес. Тариғи әдебиетте олар хунну н/е сюнну деген атпен белгілі.
Деректерде ғұндар мен қаңлылардың өзара қарым-қатынас жасағаны жайлы мәліметтер сақталған.
55-жылы аса құдыретті ғұн мемлекеті-оңтүстік ж/е солтүстік болып-екі елге бөлінеді. Солтүстік-батыс Моңғолиядағы Қырғыз Нұр көліне таяу жерден теріскен ғұндардың билеушісі Чжичжи өз ордасын орнатады. Осы арадан ол үйсіндердің көрші тайпаларына жорық жасап тұрады.
Ғұндардың қоныс аударуының екінші толқыны б.з. 93 жылы басталады.Олар бірқатар тайпаларды бағындарап,екіншілерін соңынан ертіп, Сырдария бойымен арал өңіріне, Орталық ж/е Батыс Қаз.аймақтарына барып енеді. Б.з. IV-ғасырда олар Еуропадан бой көрсетеді.
Зерттеушілердің басым көпшілігінің пікіріне үңілсек, ғұндар түріктердің арғы ата-бабалары, олардың Қазақстан жеріне келіп кіруіне байланысты, шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады.
Шаруашылығы: Ғұндардың өмір-тіршілігіне мал өсіру, әсіресе, жылқы өсіру басты рөл атқарған. Жылқы болмаса, көшпелі мал шаруашылығының өзі өмір сүре алмас еді, әскери жортуыл-жорықтарда ат әскердің өзін ғана алып жүрмей, оларды аспен де қамтамасыз етіп отырған. Ғұндардың аттарының көпшілігінің шоқтығы аласа, жатаған, дене бітімі тығыз да дөкірлеу, басы үлкен болып келеді. Олар жүріске төзімді, жарлауыт тау қыраттарына емін-еркін шығып, өзен-сулардан қиналмай өте беретін болған.
Ғұндар шаруашылығының жүйесін алғашқы қауымдық н/е экстенсивті мал шаруашылығы деп атауға болады. Оларда отырықшылық пен егіншілікте болған. Ғұндар өмірінде аңшылық та үлкен орын алған.
Мәдениеті: Ғұндар арасынада қолөнер кәсібінің өркен жайғаны металдан,сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан жасалған бұйымдардың көп табылғанынан белгілі. Қабырларда кездесетін н/е құмыра шеңберінде жасалған керамика, құмыралар мен көзелер, саптыаяқтар- құмырашы өнерінің жоғары дәрежеде өркендегенінің дәлелі.
Ғұндар қоғамында патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Деректердегі мәліметтерге қарағанда, ғұндар 24 руға бөлінген,олардың басында ұрпақ ұлықтары тұрған.
№8 сұрақ.Түрік қағанаты Ежелгі түріктер тарихи аренаға VI ғасырдың орта шенінде шыққан. VII ғасырдың аяғында оның шекарасы шығыста Қытаймен, батыста Византиямен шектесті. Қазақстан мен Еуразияның басқа да елдерінің тарихында жаңа кезең ашты. 460жылы түркілерді Жужандар бағындырып, қазіргі Түркістанға қоныс аудартады. Аварлардың қол астында түріктер күш жинап алды. Ақырында түріктер бас көтеріп, аварларды талқандады. 551 жылы түріктің билеушісі Бумын қаған атағын алды. VI ғасырдың ортасында Евразияның тарихи аренасына Түрік қағанаты шықты. Бумынның өлімінен кейін 552 жылы таққа оның ұлы Қара Еске хан отырып, Аварларды толықтай тізе бүктірді. Жеңістен кейін ол қаған жұмбақ жағдайда қайтыс болады, сосын мемлекетті оның інісі Мұқан қаған басқарды. 553 ж. Аварлар қайтадан талқандалып, түріктер Алтайдан Шығысқа дейінгі барлық даланың қожасы атанады. Келесі жылы түріктерді Бумынның кіші інісі Ештеми қаған бастап батысқа жорыққа аттанады аварлардың шапқыншылығынан әлсіреген үйсіндер қарсылық көрсете алмады, 555 жылы Ештеми әскері Арал теңізі мен Ташкент маңына жетті. Түріктердің батысқа жасаған жорығы тек жаулап алу ғана емес, өз тайпаларын Орта Азияның солтүстігі мен шығысындағы таулы-далалық аудандарға, ең алдымен Қазақ даласына қоныстандыру болатын. Кейін түрік деп аталған тілде сөйлейтін мейілінше ірі тайпалар бірлестігі оғыз тайпалық одағы еді, ол қытай жазбаларында теле деген атаумен бегілі. Түріктерге тілі ұқсайтын жергілікті тұрғындар, сондай-ақ Қазақстанның солтүстік-батысындағы сақтардың, үйсіндердің, қаңлылардың, фин-угор тайпаларының ұрпақтары және аварлар Түрік қағанатының құрамына енді, ал енбегендері батысқа қарай қашты. Поволжьеде, Азау теңізінің жағалауы мен Солтүстік Кавказдағы көптеген ғұн тайаларын өз ордасының қатарына қосып алған аварлар 558-568 жылдары Византияның шекарасына басып кіріп, Дунай алқабында өзінің мемлекетін құрып, Орталық Еуропаның елдерін талай мәрте қаңыратып кетті. Ал Орталық Еуропаға кеткен фин-угор тайпалары кейіннен венгер халқының қалыптасуына ықпал етті. Түріктердің батысқа жасаған жорықтар нәтижелі болды.VІ ғасырдың 60 жылдарының аяғында Түрік қағанаты Византия, Сасанидтік Иран, Қытай тәрізді сол кезеңдегі ірі мемлекеттерімен саяси және экономикалық қарым-қатынаста болып, Қиыр Шығысты Жерорта теңізі елдерімен байланыстыратын сауда жолына бақылау орнату үшін күресті. Каспий теңізінен солт. Индия мен Шығыс Түркістанға дейінгі аралықта созылып жатқан аймаққа билігін жүргізген эфталиттермен күресте түркілер Сасанидтік Ираннның көмегіне сүйенеді. Ақ ғұндарға (Эфталиттер) вассальды бағынышты болған парсылар түріктермен одаққа қуана келісті, сосын 564 жылы Тохаристанға соғыс басталды. 565 жылы Нэфестегі шайқаста Иштеми-қаған бастауымен түріктер жеғіске жетті және соғды жері қағанатқа қосылды. Бірақта түрік-эфталит соғысы аяқталған соң Иранға шығыстан қысым көрсетіле басталды. Дау Ұлы Жібек Жолына деген бәсекелестіктен басталды. Иранға қарсы күресте түріктер Взантияның императоры II Юстинианды одақтас ретінде тауып ала қойды.567 жылы соғды Маниах қағанат атынан Константинопольде Иран әскеріне қарсы бірлескен әрекет туралы келіссөз жүргізді. 570-576 жылдары түріктер солт. Кавказды, ал 576 жылы Босфорды жаулап алды. Осының нәтижесінде түрік қағанаты Ұлы Жібек жолының барлық маңызды бөліктерін бақылауға алды, мұның өзі түрік бекзаттарына керуен саудасынан қыруар пайда түсірді. Алайда түрік мемлекетінің қуаты көп кешікпей өзара қырқыстардан әлсірей бастды. 588 жылы батыс түріктерінің ханы Қара-Шүрен мен шығс түріктерінің ханы арасында жаулық көзқарас қайта басталды. Қара-Шүреннің тәуелсіздік үшін соғысы 593 жылға дейін созылды. Бірақ, батыс және шығыс түріктері арасындағы жоғалтқан нәрсе тым қымбатқа түсетін, өйткені, 598 жылы Қытаймен басталған соғыс кезінде шығыс түріктері Жангардың бастауымен Суй империясын қолдап кетті. Қара-Шүрен өлтірілді, сондықтан Түрік қағанаты одан кейін біріге алмады. 603 жылы батыс қағанатының ханы Қара-Шүреннің шөбересі жас бала Таман болды. Біртұтас Түрік қағанаты осылайша өмір сүруін тоқтатты. Түрік қағанаты 10 ұлысқа бөлінді, әр ұлысты шад басқарды. Ұлытық үстемдік белгісі ретінде 10 алтын жебе берілді.
№9 сұрақ Көне турік жазба ескерткіштері. Мәдениеті: Батыс түрік қағандығының халқы аздаған диалектілік айырмашылығына қарамастан,бірыңғай түркі тілінде сөйледі. Орхон жазуы кең таралып, мәдениеттің дамуына игі әсерін тигізді. Орхон жазуы бар тастар қазір көп жерден табылды. Оны тұңғыш рет оқыған атақты дат ғалымы Томсон болды. VI-VII ғ-дан қалған үш ескерткіш- Білге қағанның, оның інісі Күлтегіннің және Тоныкөктің құлпытастарына жазылған жазулар еді. Бұл еск-р әдеби жанры жағынан қазақ әдебиетіндегі батырлар жырына ұқсайды. Тоныкөк Білге қағанның қайын атасы және әйелі қолбасшы. Ол жас кезінде 13 жыл Жыңғоның астанасында тұрып,тәрбие алған. Осы еск-ті 716 жылы өз қолымен жазған. Тоныкөк қайтыс болғаннан кейін бұл ескер-ш оның моласына қойылған.Тарихшы Ма Шаңшудың айтуынша:’Осы Тоныкөк Алтайдағы Қара Ертісті мекен еткен Қарлұқ елінің сабек тайпасынан шыққан адам’. ХІІІ ғасырдың басында найман Таян ханның хатшысы болып,кейін Шыңғыс ханға тұтқынға түсіп, оларға ескі ұйғыр жазуын үйреткен Тататунға осы Тоныкөктің ұрпағы екен. Жоңғоның жазба деректері б/ша VII ғ-ң басында Батыс түрік қағандығында жазба әдебиет дамып, әдеби дәстүр қалыптасқан. 630 жылы Батыс түрік қағандығының астанасы Суябқа келген Шуан Заң өзінің естелігінде:»Түрік жазуы 25 дыбысқа негізделіп жасалған,ол жазба нұсқаларда солдан оңға қарай көлденеңінен оқылады.VII ғ-ң 30 жылд-н бастап Батыс түрік қағандығында өкімет билігіне таласқан ішкі талас-тартыс, қырқыстар үдей түсті. Наразылық білдірген тайпалар Таң патш-на көшіп кетіп отырды. Бұлардың арасында ұзаққа созылған қанды шайқас басталды. Батыс түрік қағандығы жеңіліс тапты,VIII ғ-ң басында Батыс т-к қағ-ғы құлады. 704жылы соңғы қағанын Құлан қаласында түркештер өлтірді. Б . Т қағ-ң орнына Түркеш қ-ғы
№10 сұрақ.Батыс түрік қағанаты
Б.Т.Қ. ертдегі уйсін жерінде қоныстанады, яғни Қаратаудың шығыс беткейінен жоңғарияға дейінгі алқапты алды және түрік қағанатының батыста жаулап алған иеліктеріне мұрагер болып қалды. Оның иеліктерне Шығыс Түркістан, Орта Азия,Қазақстан даласы мен солт. Кавказ кірді. Олар 10 тайпадан тұрды. 5айпа дулу,5тайпа нушеби.
Б.Т.Қ өркендеу кезеңі Шегу (618-619) және Тон- Жабғу (618-630) қағандар билік еткен уақытқа сәйкес келеді. Бұл кезең жас мемлекеттің көп аумақтарды барынша молынан басып ал, тез баю және әскери- тайпалық бекзаттардың ықпалының артуы, қаған билігінің қоластында тайпалар күшінің бірігуі, толассыз табысты жорықтар кезеңі болды. Шегу өзінен бұрынғылардың әскери күштерін жаңартып, өз империясының аумағын Әмударияның жоғарғы сағасы мен Гиндукушке, Тарим өзенінің бассейніне дейін жылжытты.
Тон- Жабғу (618-630) қағанаттың батыстағы саясатын белсенді жүргізіп, өзінің қысқы ордасын Суябқа – Шу өзені бойындағы ірі сауда – қолөнер орталығына, ал жазғы ордасын Исфиджабқа жақын маңдағы Мыңбқлаққа көшірді. Жаңадан жасалған жорықтар шекараны Әмударияның жоғарғы сағасы мен Гендукушқа дейін созды. Тон- Жабғу ордасы Құндызда болған, оңтүстікті басқаруды өзінің ұлы Тарду-шадқа берді. 627-628 жылдары Тон- Жабғу өзініің әскерлерәмен Ираклийге, Витзантия императорына, Кавказға жасалған жорықтарға тікеей өзі қатысты. Түріктер Чоре мен Тифлисті басып алғанда мол олжаға кенелді. Тон- Жабғу қағанның ғажайып табысы оның Тифлис қабырғасында Ираклиймен кездесуі болды, сол кезсуде Византия императоры Түрік қаағанатының басшысына өзінің тәжін ұсынып, оған өзінің қызы – ханша Евдокияны беруге уәде етті. Тон- Жабғудың жорығы Орта Азияда да табысты болды, онда ол солтүстігінде Жетісудан бастап оңт Ауғаныстан мен оңт-де солт батыс Пәкістанға дейін билігін күшейтті. БТҚ – ның мемлекеттік жүйесіне кіетін жегілікті Иран вассалдаына түріктің титтулдары берілді.Тон- Жабғу Орта Азияда «өзін әлемнәі мықтысы санағандармен»жеке байланыс онатып, беделі күшті Самарқандтың билеушісіне өзінің қызы берді. Тон- Жабғу патшалық құрып тұрған кезде «ешқашанда мұндай құдіреттілік болған жоқ» деп жазды шежіреші. Бірақта мұндай шарықтау ұзаққа созыла қойған оқ. Өкінішке орай таих қайтланып, БТҚ өзінен бұрынғылар басынан кешірген сәтсіздікке ұшырады. Мемлекет ұзаққа созылған саяси даағдарысқа түсті, оның басты себебі БТҚтайпалық одағын құрайтын дулу мен нушеби – конфедерацияның ақсүйектері билікке таласты. Осчы кезде Таң имериясы Жетісуды басып алды. Түріктердің Таң империясына қарсы күресі қағанат құрамындағы түркештердің күшеюіне әкелді.704- түркештер Жетісудағы саяси билікті жеңіп алды. Қағанатты түріктін агна тайпасынан шывққан ақсүектер биледі. Қаған→шад, жабғу, елтебер→бек(ру, тайпа басқарушысы), тархан, бұйрықтар(сот қызметін атқарушылар)→Тұдын(салық жинаушы) →Қара бұдын(қарапайым халық)→Таттар(құлдар).Халқы – үйсіндер, қаңлылар, қарлұқтар, түркештер, шығыл руы, яғма руы.
№11 сұрақ Түргеш мемлекеті.
Түріктердің Таң империясына қарсы күресі қағанат құрамындағы түркештердің күшеюіне әкелді. 704ж. –түргештер Жетісудағы саяси билікті жеңіп алды. Түргештер негізінен Шу мен Іле аралығын қоныстанған. Түргеш қағанатының негізін салушы ж/е алғашқы қағаны Үшелік ғаңан Күңгіт қаласы болды. Әкімшілік террияториясы бойынша 20 түтікке бөлінді, әр түтік 7 мың әскерден тұрды. Қағанатта негізінен екі қарсылас топ болды. Сары түргештер(шулық), орталық қаласы –Суяб, Қара түргештер(ілелік), орталық қаласы –Талас өзені алқабындағы Тараз қаласы.
Саяси тарихы. VII ғ. басы орта Азия мен Қазақстан жеріне арабтардың жорығы басталды.706ж. түргештер соғдылықтармен одақ құрып, арабтарға қарсы соғысып, Бұхар маңындағы шайқаста арабтарды жеңеді. 709ж. араб қолбасшысы Кутейб екі одақтың арасында алауыздық туғызуының салдарынан соғды ханы Тархун көмектесуден бас тартып, нәтижесінде арабтар Бұхарды жаулап алады. Үшеліктің ұлы Сақал қаған (сары түргеш) бүкіл Орта Азияны бағындырды. Алайда 708ж. сары түргештер мен қара түргештердің арасындағы шиеленіс күшейе түсті. 711ж. қара түргештердің шақыруымен келген Шығыс Түрік қағаны Қапаған Болучу(Жоңғария) түбінде сары түргештер әскерін жеңіп, Сақал қаған тұтқынға түседі. Нәтижесінде қағанат күйреп, Түргеш қағанаты 7 жыл өткеннен соң ғана, билікке Сұлу қаған(қара түргеш) келгенде қайтадан нығаяды. Ендігі кезекте билік қара түргештерге көшіп, орда Тараз қаласына ауыстырылады. Сұлу қаған өте батыл жаунгер ретінде көзге түседі, Сұлудың батылдығына байланысты арабтар оны Әбу-Мұзахим (Сүзеген) д/а. Сүлу екі майданда күресті: батыста –арабтармен; шығыста –Қытаймен одақтасып бар күшін Таң патшалығымен шайқасқа салды. 736 ж. сұлу қаған арабтарға қарсы жорыққа шығып, Тоқырстанға дейңн барады да жеңіліске ұшырайды. Осы тұста қара түргештер мен сары түргештердің арасында күрес қайта өрши түсті. 738ж. қолбасшы Баға-Тархан сұлу қағанды өлтіріп, оның ұлына қарсы соғысты бастады. Түргештердің арасындағы алауыздық 738-748жж. арабтарға Оңт Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуға жағдай жасады. Осының салдарынан түргештер 746ж. Жетісуға ұмтылған қарлұқтарға қарсылық көрсете алмады. Түріктердің қиын жағдайын Қытай пайдаланып, 748ж. Суяб қаласын басып алды. 751ж. арабтар мен қытайлар арасында ірі шайқас болды. Бес күнге созылған бұл шайқастың соңғы кезінде қарлұқтар арабтар жағына шығып, қытайлар жеңілді. Атлах шайқасының түргештер үшін маңызы зор болды. Қытай әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды тастап шегінді. Арабтар Талас аңғарынан Ш ашқа қарай ығысты. Ішкі қақтығыстың әсерәнен және араб—қытай Түргеш қағанаты әлсіреп, 756ж. қарлұқтардың тегеурініне төтеп бере алмай біржолата құлайды.
№12. Қарлұқ мемлекеті: этносаяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
Vғ. жазылған деректерге қарағанда Қарлұқтар туралы «Суй әулеті тарихында» кездеседі. Онда қарлұқтар өздерінің басты руының атымен Алтай баурайларында мекендеген, олар бұлақ(болаттар) д/а. VIIғ. oртасында қарлұқтардың құрамындағы үш ірі ру бірлестіктері –Моула, Чжисы ж/е Ташли. Бірінші тайпаның аты Моула–бұлақ д/а. Басқа бір тобы Чжисы –шігіл д/а. Әмудариядан бастап Қытайға дейінгі түрріктердің бәрін шігіл д/а. Олардың біразы Таласқа жаққын Шігіл деп аталатын қалада тұрды. Осы тайпалық бірлестіктер бірігіп, қарлұқ бірлестігін құрды. 742ж. қарлұқтар ұйғыр ж/е басмыл тайпаларымен бірігіп Шығыс Түрік қағанатына қар сы күресіп, жеңіске жетті. Шығыс Түрік қағанатының орнына Ұйғыр қағанаты келді(744-840ж.). VIIIғ. ортасында (746ж.) қарлұқтар ұйғырлардың қысымымен Жетісуға қарай ығысады. 756ж. Қарлұқ қағанаты тарих сахнасына келеді. Астанасы –Суяб, Тараз қалалары. Қарлұқ тайпалары VIII –Xғғ. Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап Сырдарияның орта бойына дейінгі кең-байтақ жерлердің бәрінде қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстықкөлдің арасын, Ыстықкөлдің айналассын, Іле, Шу, Талас аңғарларын, Тянь-Шаньның баурайларын мекендеді. Қарлұқ қағанатының билеушісі –жабғу, 840 жылдан бастап –қаған. Қарлұқтардың бір тобы 766-775жж. Қашғарды басып алған, ал VIIIғ. Аяғында олардың екінші бір бөлігі ферғанаға өзінің үстемдігін жүргізіп отырған.Қарлұқтар көбіне ұйғырлармен ж/е қырғыздармен соғысып тұрды. Олар 791ж. ұйғырлардан, 812ж. арабтардан жеңіліп, Ұйғыр қағанатының тәуелділігін қайтадан мойындайды. 840ж. ұйғыр қағанаты Енисей қырғыздарының соққысынан құлағаннан кейін Білге Күл Қадыр хан өзін қаған деп жариялап, құрлұқтар бостандығын жариялады. Араб географы ибн Хаукаль дерегінде көрсетілгендей «Қарлұқ жерін батыстан шығысқа қарай жүріп өту үшін 30 күн қажет. Қарлұқтардың 25 қалалар мен елді мекендері болған: Тараз, Құлан, Мерке, Атлах, Талғар, Тараз,Исфиджаб, т.б. IXғ. Аяғы саманилер Исфидджабты басып алып, Таразд қоршады. Қағанның ордасы Тараздан Қашғарға ауыстырылды. Саманилерге қарсы күресті Базар Арслан хан мен Оғұлшақ ( Білге Құл Қадір ханның балалары) жүргізді. Қарлұқтар Жетісуда 200 жылдай билік құрды, алайда бұл қағанаттың әлсіреу себебі ол ішкі таластар мен жайылымдық жерлер үшін үздіксіз жүргізілген күрес. 940ж. Қашғардың түрік билеушілері Баласағұнды жаулап алып, қарлұқ мемлекеті мүлдем өмір сүруін тоқтатты. Ел негізінен суармалы егіншілікпен айналысты. Мұнда егістік жерлер көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды таудың төменгі етектерінде Талғар, Есік, Қаскелең, үлкен ж/е кіші Алматы, Лепсі өзендерінің орта ж/е төменгі ағыстарының бойында да суландыру құрылыстары болды. Талас өзенінен Тараз қаласына тартылған су жолы арқылы қаланың айналасындағы бау –бақшалар суарылып, онда тұрғындар жүзім шаруашылығмен ж/е шарап жасаумен айналысты.
№13.Қимақ қағанаты - Шығыс және Орталығы Қазақстанда 9 ғасырдың ақыры – 11 ғасырдың басында болған ертедегі мемлекет. Мемлекеттің орталығы [1]Ертістің орта алабында болған. Қимақтар 7 ғасырда Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс түрік қағандығының құрамына кірген. 8 ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. 9 ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады. Олардың батыс шекарасы Оңтүстік Оралдың шығыс бөлігі мен Арал жағалауларына дейін жетті. 10 ғасырдың ортасында қимақтар шығыстан батысқа қарай ойысты. Олар Оңтүстік Орал тауының оңтүстік және оңтүстік-батыс бөктерінде, Каспий жағалауында көшіп-қонып жүрді. 10 ғасырдың ақырында қимақтардың бір тобы Сырдария жағалауына қарай жылжып, Түркістанның мұсылман облыстарымен араласты. 11 ғасырда Орталық Азия тайпаларының батысқа қарай ойысуы нәтижесінде қимақтардың орналасу картасы өзгерді. Махмұт Қашқаридың имақтар (қимақтар) туралы деректері (11 ғасыр) осы уақытқа саяды. «Диуани лұғат ат-түркте» берілген картада имақтар өздері бір тұтас топ болып тұрған Ертістің жағалауындағы жерлерде ғана көрсетілген. 656 жылы Батыс түрік қағандығы тарағаннан кейін қимақтар өз алдына бөлініп шықты. 840 жылы Турфан қағандығы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы эймур, баяндур, татар тайпалары қимақтарға қосылды. Қимақ тайпалары федерациясының қалыптасуы осы кезге сай келеді. Гардизидің баяндауынша, қимақтардың тайпалық одағы алғашында жеті тайпадан: эймур, имақ, татар, баяндур, қыпшақ, ланиказ, ажлад тайпаларынан құрылған. Шамамен, 9 ғасырдың ортасы мен ақырында қимақтар оғыз көсемдеріне қаңғар-печенег тайпалары мекендеген Сырдария алабы мен Арал жағалауларын жаулап алуға белсенді көмек көрсетті. Қимақтар тоғыз оғыз және Енисейдегі Қырғыз мемлекеттеріне әскери жорыққа шығып, 8–9 ғасырлардың екінші жартысында Орталығы Ертістен Жоңғар қақпасына дейінгі аймаққа бекініп алды. Сөйтіп, Қимақ мемлекетінің құрылуына қадам жасалды. Қимақ қағанаты туралы алғашқы деректер 9 ғасырдың ақыры мен 10 ғасырдың бас кезіндегі араб тілдеріндегі тарихи геогр. шығармаларда кездеседі. «Түркістан мен түріктер, – деп жазады әл-Якуби (9 ғасыр), – бірнеше халықтар мен мемлекетке бөлінеді, соның ішінде қарлұқтар, тоғыз оғыздар, қимақтар және оғыздар бар. Түріктердің әр тайпасы жеке мемлекет және бірімен-бірі соғысып тұрады». Қимақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың патшалары ең жоғарғы түрік атағымен хакан (немесе қаған) деп аталды. Ол жабғу атағынан екі дәреже жоғары. Қимақ қағанаты үлестік-тайпалық құрылымда болды. Елді хакан мен оның аймақтардағы он бір мұрагері (әмір) биледі. Ел билеушілері бір жағынан әскери көсемдер болды да, хаканнан тиісінше үлес алды. Әрбір иеліктер хаканға белгілі көлемде әскер беріп тұрды. Бұл мемлекетте салық жиналған, көне түркі жазуы болған.
Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егіншілікпен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайғалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнері де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды. 9 – 11 ғасырлардағы араб-парсы авторлары отырықшы қимақтардың тұрақты мекендері болғанын жазады. әл-Идрисидің (12 ғасыр) дерегіне қарағанда, олардың өзендер мен көлдер жағасына, таулы аудандарда, пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болғаны келтіріледі. Олардың көпшілігі сауда жолдарына орналасқан. әл-Идриси қимақтар хақанының Ертіс өзенінің жағасындағы астанасы мықты қорғанмен қоршалғанын жазады. 9 – 11 ғасырларда қимақтар арасында ежелгі түркі діни нанымының қалдықтары өріс алды, онда тәңірі мен аруаққа сенушілік басым болды. Сонымен қатар, олардың арасында түрік халықтарына кең тараған бақсылық та етек алды. Қимақ тайпалары мекендеген аймақтарда тас мүсіндер қою салты кең тараған, олар сол мүсіндерге табынған. Қимақтар әлеуметтік және мәдени жағынан 6 – 8 ғасырларда ежелгі түркі ортасында қалыптасқан дәстүрлерді ұстап, одан әрі дамытты. 11 ғасырдың басында қимақтардың орнына жаңадан нығайған қыпшақ тайпалары келді.
№14.Оғыз мемлекеті: этносаси тарихы, шауашылығы, мәдениетіОғыз мемлекеті (ІХ-ХІ басы) VIII ғасырдың ортасында оғыз тайпалары Жетісудан Шу өзеніне қарай қоныс аударды.IX басы – Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал өңірі далаларын қоныстанды. IX ғасырдың аяғы – Жайық пен Еділ аралығын мекендеді. . Оғыздар көптеген рулардан құралған тайпаларға бөлінді. Махмуд Қашғаридің(11ғ): «Алғашында онда 24 тайпа болған және Бұзықтар мен Ұшықтарға бөлінген. Бұзықтар көптеген артықшылықтарға ие болған».9ғ-ң басы мен 11ғ-ң басының аралығында Оғыз тайпалары Сырдан Еділге дейінгі аймақты алып жатты. Оғыздардың өз мемл-ті болғандығы жайлы ең алғашқы мағлұмат әл-Якубидің(9ғ) жазбасында берілген. Оғыз тайпасы жайлы атақты мәлімет қалдырған ибн әл-Факих(10ғ). 10ғ-да астанасы – Янгикент.IX-X ғасырлар – Оғыз мемлекеті қалыптасыты(Сырдарияның орта және төменгі ағысы, Арал өңірі мен Батыс Қазақстан далалары). X ғ батыста Хазарияға дейінгі жер солт Каспий маңы, орталық, оңт –шығыс Қарақұм және Арал маңындағы Қызылқұм аймағы «оғыз даласы деп аталады». IX аяғы – XI басындағы оғызлардың территориясы: Сырдария – Еділ аралығы. Астанасы – Янгикент. Билеушісі – жабғу. Орынбасаы – күлеркін. Әскербасы – сюбашы. Басқрушылардың ұрпақтары – иналдар. Оларды атабектер жас кезінен басқару ісіне тәрбиеледі. X-XI ғ басында Сырдария жабғуының тұрақты түрде салық жинауының жүйесі жұмыс істеді. Оғыз мемлекеті жайлы алғашқы дерек Әл Якуби (IX) жазбасында берілген. Олардың тайпалары (Сырдария ме Жетісу, Сібір жерлері): Қалаш, жағра, жарұқ, қарлұқ, баяндұр. М. Қашқаридың дерегі бойынша оғыз одағында 24 тайпа болған. Олар бұзықтар мен қшықтарға бөлініп, бқзықтар артықшылықтарға ие болған.Мүлік теңсіздігінің негізі – жеке меншік мал. Оғыздарда басты шаруашылық – мал шаруашылығы. Жент,Сауран,Қарнақ, Сүткент, Фараб, ығанақ қалаларының халқы егіншілік пен қолөнершілікпен айналысты. Оғыздардың діні: бұтқа табыну, шаманизм, кейінірек ислам діні енді Оғыздар Еуразия өмірінің саяси өміріне араласқан. 965 жылы Киев Русімен одақтасып, Хазарияны талқандады.985 жылы Еділ Бұлғариясын жеңді. X ғ екінші жартысында Әли жабғу тұсында салықтың ауыртпалығына қарсы халық көтерілістері жиілеп, оны селжұқтар пайдаланады.Әли жабғудың мұрагері Шахмәлік өз өкіметін күшейтіп, көтерілістерді басып 1041 жылы Хорезмді жаулады. 1043 жылы Шахмәлік селжұқтардың қолына қаза тапты. Ол – оғыздардың соңғы билеушісі.n Оғыз мемлекетінің әлсіреу себептері:Селжұқтармен ұзаққа созылған соғыстар. Ішкі тартыстар. Қыпшақ тайпаларының шабуылдары. XI ғ басы оғыз одағы ыдырап, қыпшақ мелекетінің қрамына кірді. Оғыздар бірнеше бөліктерге бөлінді:Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға көшті.Қарахан, Селжұқ мемлекеттерінің құрамына енді.Дешті - Қыпшақ тайпаларына сіңісіп кетті.
№15. Қыпшақтардың мемлекеті: құрылуы саяси құрлысы және шаруашылығы
11ғ-дың басында Қимақ қағанаты құлағаннан соң, Қаз-н аумағындағы әскери саяси басымдылық қыпшақ тайпаларының қоластына көшті. Қыпшақ ақсүйектері оғыз жабғуын Сырдариның төменгі және орта ағысынан, жіне Каспий маңы даласынан ығытырып шығарды. 11ғ-дың 2-ширегінде сол кезге дейінгі деректерде оғыз даласы аталып келген дала Дешті-Қыпшақ деп атала бастады. 11ғ-дың ортасында батысқа қарай жылжыды, Русь,
Византия, Венгрия халықтарымен қатынас жасады. 1). Бұл кезеңде қимақ тайпалар олағы қалыптасып, оның ішіндегі қыпшақтар басты рөл атқарды(7-8ғғ).2). (8ғ-басы – 9ғ). Қыпшақтар Алтайдан Ертіске Оңт.Орал тауларынан Еділге дейінгі кең-байтақ аймаққа біртіндеп қоныстана бастады.3). (11-12ғғ). Қыпшақ хандарының, әсіресе, шығыс ұлыстың құдіреті асып айбындана түсті. Қыпшақ тайпалары 11-13ғғ Орта Азиядағы, Шығ.Еуропадағы саны жағынан ең көп үркі тілдес тайпа болды. Қыпшақтардың таризи көшкін жолдары арқылы араб географы әл-Омари(14ғ):«Қыпшақ хандары қыста сарайда, ал жайлаулары бұрынғы Орал тауларының аймағында»,-деп жазған. Қыпшық мем.ң териториясы және этникалық құрылымыҚыпшақтар Есіл мен Тобыл, Нұра, Елек, Сарысу өңірінде көшіп қонып жүрген.Қыпшақ этникалық дерекі:VI—VIIIғ.ғ Қимақ Қыпшақтар туралы мағлұматтар алғаш рет деректерінде кез. IV-VIIғҚыпшақ арғы тегі Си ордасының шығыс бөлігін мекендеген және олардың көршісі яньто тайпасы болғанын, оны қыпшақтар бағындырып, екі тайпа бірігіп Сеяньто аталған.691ж Сеяньто тайпасы Сир мемлекеті деген атауды өзгертіп. 760ж қыпшақ этнонимі қабылданды. Қыпшақтар этникалық құрамы 2 бөліктен тұрады:батыс бірлестігі 11тайпадан тұрады(елбөрілі, тоқсоба,истиоба,дурут т.б);шығыс бірлестік 16 тайпадан тұрады.11-12 ғ Ұлы даланы мекендеген біртұтас болып бірікті. Бұл кейінен қазақ халқының қалыптасыунын негізгі ұйтқы болды.Шынғыс хан әскерлері ретінде Дешті қыпшықа келіп сінген түркі монғол тайпалары (керей,меркіт,нйман,уақ, жалайыр,қоңырат т.б)Жошы хан ұрпақтары жергілікті қыпшықтармен араласып біртұтас халыққа айналды. Сондықтан көп ұзамай Алтын Орда халықтары «Қыпшақ ұлысы» д. а. 13ғ Алтын Орда құрамындағы қыпшақ тайпалары негізінде құрылған автономиялық бірлестік—Ақ Орда күшейе бастады.14ғ-аяақ кезінен бастап Ақ Орданы мекендеген қыпшақ тайпалары «өзбек» деген жалпылама атаумен аталды.15ғ орта тұсынан бастап «өзбек» термині «қазақ» атауы ығыстырып шығарды.
№16.Қарахандар мемлекеті. Қарахандықтар мемлекетінің қалыптасуында Жетісуды мекендеген қарлұқ бірлестігініңи тайпалары басты роль атқарады. Қарахан мемлекетінің негізін салушылардың бірі Сатұқ Боғра хан Білге Күл Қадыр ханның немересі. Ол ислам дінін қабылдаған саманилерден қолдау тауып, туысы Оғұлшақты жеңіп, Тараз бен Қашғарды бағындарды. 942 ж. Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялады. Қарлұқ қағанатының ыдырауына байланысты Жетісу мен Қашғар жерлері Қарахан мемлекетінің қоластына көшті. Қарахан мемлекетінің саяси тарихы осы уақыттан басталады. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның інісі мұсаға көшті, ол 960ж. Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. 942 ж. дүниеге келген Қарахан қағанаты Шығыс Түрркістан, Жетісу, Талас, Сырдария, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның орталығы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы болды. Қарахан мемлекетінің саяси тарихы екі әулеттің арасындағы, Әли Арслан хан( Мұса ханның баласы) мен Хасан Боғра хан (Сүлеймен ханның баласы) арасындағы өзара күреске толы. Xiғ. 30ж. мемлекет екіге бөлінді: Жетісу ж/е Шығыс Түркістан жері Шығыс қағанатына қарап, оның орталығы Баласағұн болды. Мауараннахр жері Батыс қағанатына қарап, оның орталығы Бұхар қаласы, кейіннен Самарқанд болды.1089ж. селжұқтар сұлтаны Мәлік шах Батыс қағанатты бағындарды, нәтижесінде қарахандықтар селжұқтарға вассалдық тәуелділікте болды. 1102ж. Баласағұн мен Тараздың билеушісі Қадыр хан Жебірейіл Мәуереннахрды жаулады. Нәтижесінде Амударияға дейінгі жері өзіне қаратты. Кейін Термезге шабуыл кезінде селжұқтардан қаза тапты. Селжұқтардың сұлтаны Санжардың Мәуереннахрға ықпалы артқан кезден бастап, қарахандықтардың саяси құлдырауы байқалды. Қарақытайлар шапқыншылығы басталды.1128ж. қарақытайлар Шығыс хандықты жаулап алып, Жетісуда үстемдік етті. Осыдан бір мезгілде хорезмдіктердің батыс хандықтарға шабуылы басталды. XIIғ. 30ж. Қарақытайлар Шығыс қағанаттың қалған иелігін жаулап алып, Батыс хандығына шабуылдады. 1141ж. Қарақытайлар қараххандықтарды толықтай бағындырды. Қарахандықтардың мемлекеттік құрылымы билеушісі –хан, мемлекетті ягма ж/е шігіл тйпалары басқарды. Ұсақ аймақтардың басшылары –иналық тегін, уәзір –жоғарғы билеушінің ең жақын көмекшісі, бектер –сот үкімдерінің ж/е әдеттегі құқық нормадларының орындалуын қадағалады, ялавашылар –елшілер, мехтарлар –Жетісу мен Мәуереннахрдағы қоныстар мен қалалардың басшылары, мұстафаулар -қаржы-салық мекемелерінің басшылары. Салық түрі –икта, ал оны жинаушыға иктадар деген атақ берілді.Қарахандар дәуіріндегі мәдениет.Қарахандықтар кезеңі –саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени өмір жоғарғы деңгейде дамыған жаңа кезең. IXғ. мен XIIIғ. бас кезіндегі ескерткіштерге археологиялық қазбалар жүргізген кездері сол аймақта мұсылмандардың қалалық мәдениетінің құрылып, қалыптаса бастағанын байқаймыз. Тараз бен Меркеде христиан шіркеулері мешіттерге айналды . исламды ұстанатын халық саны көбейген сайын қалаларда мешіттер көптеп салынды. Исламды тарату заманы кезінде Орта Азия мен Қазақстан қалаларында п/б құрылыстар қатарына моншалар да жатады. IX-Xғғ. Екінші жартысында өлікті жер қазып қабырға қою ғұрпы өзгертіліп, мәйіттің басы құбылаға қаратылатын болды. Қабырға әр түрлі заттар қойылмайтын болды. Мұсылмандардың ең ертедегі қорымы Отырар көгалды аймағында IX-Xғғ. п/б, ал Боран қала жұртының қорымы Xғ. жатады. XI-XIIғғ. басында қорымдарда зират басына үлкен мазарлар, сағаналар салына бастады. Мәселен, Айша бибі, Бабаджа хатун, Қарахан, Аяққамыр, Алаша хан, Әулие ата, Талас өзеніндегі тас көпір, Тараз моншасы. Тараз қаласына жақын жерде Айша бибінің күмбезі көтерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпіштен қаланып, қабырғаларға ою-өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бұрышы сақталып қалған бұл күмбез қазір қалпына келтірілді. Бұл кездегі сәулет өнері ескерткіштерінің бірі –Қарахан күмбезі. өкінішке орай қираған күмбез XXғ. Қайта тұрғызылып, соның салдарынан бастапқы жоспары бұзылып, ою-өрнектері өшіп қалған. Бізге дейін жеткені тек оның суреті ғана. Ежелгі түрік жазуының орнына араб графикасы енді. Түркі тіліндегі мұсылман әдебиеті шыға бастады. Ж. Баласағұнидің «Құтадғу білік» шығармасы, М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» шығармалары мысал бола алады. Араб әрпінің көркемдік мүмкіндігін пайдалануға арналған керамика табылды. Сондай жазулардың бірсыпырасының көркемдік сипаты ғана болса, кейбіреулерінде әралуан игі тілеулер, өсиеттер айтылады.
№17сұрақ. Шежіреде айтылғандай, ертедегі түріктер ағаш тақтайларға «қажетті адамдардың, аттардың, салық пен малдың санын» есептеу мақсатында ойықтар (белгілер) салатын болған. Сонымен қатар түрік елшілері грамотамен жабдықталды. 567 жылы Константинопольге II Юстиниан императоры сарайына келген түрік елшісі соғды Маниах қағаннан «скиф жазуымен» жазылған хатты әкелген. Онда соғды тілінде жазылған жазу бар.Руна әрпі пайда болғанға дейін түріктер соғды әліппесін кеңінен қолданған, ол Түрік қағанатының бірінші есми жазуы болды.
Жаңа жазба – көне түрік әліппесі – түріктердің арасында VII ғ бірніші жартысында пайда болған. Әліппе алғашқыда бір – бірінен бөлекм жазылатын геометриялық белгілерден құрылып, 37 немесе 38 әріптен тұрған, оның соғды әліппесінен айырмашылығы ағаш пен тасқа жазуға (жырып не ойып жазуға) қолайлылығымен ерекшеленеді. Руна ғаріптері түркі тілінің ерекшеліктерін дәл бере білді.
Көне түркі мәдениетінің ең таңғаларлығы жазудың пайда болуы мен жазба әдебиетінің байлығы дер едік. Білге – қаған мен Күлтегіннің және басқа түрік елінің көрнекті қайраткерлерінің құрметіне арналған руна мәтіндері ең құнды әдеби шығармалар ретінде және сол кезеңнің тарихын баяндайтын дерек ретінде жоғары бағаланады.
Б з I мыңжылдығының ортасында Қазақстан тайпалары түркі тілінде сөйледі. Олар үш топқа бөлінді:
Бұлғар- хазар.
Батыс- түрік (оғыз).
Қарлұқ.
VIII-X ғ. Батыс- түрік тілдер тармағынан Қимақ-қыпшақ тілдер тобы бөлінді. Оңт. Қазақстан халқы монғол-қидан, соғды, сирия, араб тілдерінде сөйлеген.
Түріктердің жазуы туралы алғашқы деректерді Менандр Протектор қалдырды (VI ғ. II жартысы). Ежелгі түрік жазуының ескерткіштері – Солт. Монғолиядан, Орхон, Толы, Селенга өзендерінің бойынын табылған тастағы жазулар. Бұл жазулар Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құрметіне жазылған.
Көне түрік жазуын тұңғыш рет XVIII ғ. 20 –жылдарында Енесей аңғарынан Д.Миссершмидт пен Ф. Страленбрг ашқан. Жазу скандинавиялық руна жазуынп ұқсас болғандықтанируна жазуы деп аталады. 1889 жыл- Н.М. Ядринцев Солт. Монғолияда, рхон өзені аңғарынан руна жазуы бар тас тапты.
1893 жылы 15 желтоқсан – дат ғалымы В. Томсон руна жазуын тұңғыш оқыды.
Руналық жазулар сипаты:
Маңызды зор тарихи құжаттар.
Әдеби көркем шығарма.
Шешендік өнердің және батырлық туралы ауызша әңгіме дәстүрлерін сақтаған саяси проза.
Қазақстандағы руналық ескерткіштер Талас аңғарынан табылды.
VI-X ғ. Руна жазуымен қатар соғды жазуы және сирия, ұйғыр алфавиті болған. VI-VIII ғасырларда түркі тілдес тайпалар арасында ерте дәуірден басталған ауызша шығармашылық дәстүр дамыды. VIII-X ғасырларда Сырдария алқабында қыпшақ-оғыз арасында «Қорқыт ата» эпосы тарады.
№18 сұрақ. Қазақстанның орта ғасырдағы қалалары.
Архелогиялық зерттеулерде ерте орта ғасырға қарағанда орта ғасырдың дамыған кезінде отырықшылықмәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген.
Егер бұрын Оңтүстік қазақстанда 30 қаланың орны белгілі болса, ал кейнгі кезде зерттеулер бойынша, олардың саны 37 қалаға жеткен. Жазба деректерде алғашқы кезенде 6 қала ғана аталса, соңғы кезде 33-ке жетті.
Қалалар санының өсуі Шығыстың экономикалық, мәдени байланыстар жүйесіне қатысуға байланысты қалалар маңызының артқандығын көрсетеді. Екіншіден, қала манында жартылай көшпелі мал өсірушілердің отырықшылана бастауы қала санының өсуіне әсер тигізген.
Оңтүстік Қазақстанда қалалардың топтаса орналасқан жерлері – Арыс өзенінің Сырдариядағы қосылатын тұсындағы сағалары. Арыстың орта ағысында орталығы Осбаникент қаласы болған Кенже аймағы құрылса, ал өөзеннің сырдарияға құяр жерінде орталығы Отырар қаласы болған Фараб аймағы орын тепкен. Ал Шауғар аймағында
Қарнақ, Шур , Шағылжан қалалары болған. Сырдың орта ағысында – Сүткент, төменгі ағысында Сығанақ , Жанкент, Асынас Жент, Баршынкент қалалары өмір сүрген.
Қалаллық отырықшылық мәдениеттің тағы бір қанат жайған жері – Жетісу аймағы. Әсірісе оңтүстүк-батыс Жетісудың орталығы Таразда да қала мәдениеті өркендеген. Бұл аймақта 36 қала жұрты табылды. Солтүстік-шығыс Жетісудан (орталығы – Лабан, Алматы, Талхир қалалары) 70 қала жұрты ашылған.
Қалалар тек саны жағынан ғана емес, көлемі, экономикалық жағынан да өсіп отырған. Оны негізінен үш топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топқа көлемі 30 гектардан асатын қала жұрттары жатады. Ондай қалалар Испиджаб, Отырар, Сауран, тағы басқалар. Екінші топқа 10 гектардан 30 гектарға дейінгі қалалар жатады. Мұндай қалалар Бурух, Хурлуг, тағы басқалар. Ал үшінші топқа көлемі 10 гектарға жетпейтін қалалар - Алмалық , Лавар , Қапал , Ақтам , Арасан , тағы басқалар жатқызылған.
Мұнадай қалалар 1 және 2- топқа қарағанда өте көп кездеседі. Қалалар көлеміндерінің үлкен-кіші болуының өзі, олардың тұрғындарының санына ғана емес, ішкі құрұлыс жүйелеріне, қоғамдық сауда , діни орындардың орналасуына да байланысты.
X-XII ғасырлардағы қалалар дамуының өзіне тән бір ерекшелігі - бұл кезде отырықшылық мәдениеттің дамуы Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарына қарай жайыла бастауы. Мәселен , Ұлытау етегіндегі Басқамыр, Аяққамыр немесе Кеңгір өзенінің бойындағы Сарайлы, Торайлы қалаларының өмір сүруі қалалық мәдениеттің дамуын көрсетеді.
Қала құрылысындағы өзгерістер. Қалаларға жүргізілген археологиялық
Зерттеу жұмыстары олардың ішкі құрылыс жүйелерінен толық мағлұмат береді.
Дамыған ортағасырлық қалалар Отырар, Тараз, Талғар, Баба-Ата, Құйрықтөбеге кең көлемде жүргізілген қазаба жұмыстары, бұл қалалардың қоғамдық құрылыс орындары жобаларының қанадай дәрежеде болғандығын көрсетті. Көшелер онын екі жағына салынған үйлер, шаруаға қажетті бөлмелер, олардан аулақтау жерге шеберханалар аршылған. Шеберханалар – қыш-құмыралардың махалласы тұрғын үйлерден алыстау салынатын болған. Жазба және археалогиялых деректерді салыстырғанда, ертедегі орта ғасырдағы қыш құмырашылар махалласына қарағанда дамыған орта ғасырдағы құмырашылар шеберханалары екі-екі жарым есе ұлғайған. Бұған байланысты үйлер саны да өскен. Отырар қаласын қазған кезде сауда орны анықталған. Оған басты дәлел, бұл аумақта жүріс-тұрыс көп болғандықтан , көшеге қыш-құмыралардың сынағы төселген. Құмыршылардың шеберханасы қаланың оңтүстік жағында, биіктеу жерге салынған. Қолөнер шеберлері шоғырланған қала көшелелері сол негізгі кәсіп атымен (Зергерлер көшесі) аталған.
X-XII ғ. Қалаларыедағы басты бір жаналық – жаңадан салына бастаған қала құрылысының ерекше бір жүйесі – мұсылман дінінің енуі байланысты мешіттердің пайда болуы. Осы кездегі қалалардың құрылыс жүйесінің тағы бір жаңа түрі – шығыс моншасы. Отырар қаласының екі жерінен шығыс моншасының орны табылған. Мұндай моншалар Тараз, Йасы, тағы басқа қалалардан да белгілі болған. Тараз, Отырар моншаларына су қыш құбырлармен тартылған. Мұның өзі орта ғасыр мәдениетінің даму дәрежесін көрсетеді.
Зерттеу жұмыстары қалалардың бекінісітері жайлы да мәлімет береді. Отырар қаласының дуалы да мәлімет береді. Отырар қаласының дуалы табанының қалындығы 6,2 м болса, ол жоғарылаған сайын сүйірленіп, 1,5 м-ге дейн жұқарған. Қалалардың қорғаныс жүйелері олардың үлкен-кішілігіне байланысты әрқалай болған. Мәселен, Х ғасырдағы Баба-Ата қаласының шахристанының дуалы екі қатар етіп кірпіштен тұрғызылған. Дуалдың жиегіне кірпіштен кемер жасалған. Ол жерге қарауыл немесе қаланы немесе шабуылдан қорғаушылар тұрған.
Жетісу аймағындағы қалалардың қорғаныс жүйелері, ішкі құрылыс жүйесі де өзгеше болған. Жергілікті ру-тайпалардың отырықшылануына байланысты, Талғар қаласының ішіндегітұрған үйлердің жанында малға арналған қора-жайлар да салынған.
Сонымен, Х ғасырдан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі кезенде Қазақстандағы қалалардың құрылыс жүйелерінде елеулі өзгерістер болды. Ол қаланың үшінші сыртқы бөлігінде қалыптасуы, махаллалар көлемнің ұлғаюы, қала құрлымындағы жаңа элементтер – мешіт, монша сияқты қоғамдық құрылыстар салынып, қорғаныс бекіністерінің неғұрлұм мықты бола түсуіне көрінеді.
Тұрғын үйлер. Х-ХІІ ғасырлар қалаларына жүргізілген қазба жұмысының кезінде аршылған үйлердің құрылыс жұйелері ерте орта ғасыр кезінде (VІ-ІХғасырлар) салынған үйлерге ұқсас екендігі байқалды. Бірақ Х ғасырдың тұрақ-жайларында бөлме сандары көбйе бастайды. Бөлменің еден дейіңгі тек кіреберіс алдындында ғана сақталды. Сәкілер бөлменің жартысын, тіпті үлкен бөлігін алып тұрады. Бөлмеге аузын есік жаққа қаратып тандыр ошақ орнатылды. Мұражасы тандырдың артқы жағынан тесіліп, түтін қабырғаның бойымен үйдін төбесі арқылы шығарылған. Ал тандырдың жанында төрт бұрышты 30х30 см, беті ашық ошақ болады. Оған қазап тұрған шоқ салып қояды. Ол үйге жылу беру үшін пайдаланылған. Үйдің төбесі бір немесе 3-тен 5-ке дейін белағаш қойылып немесе итарқа етіліп жабылған. Үйдің төбесінің жабылуы оның көлеміне байланысты болған.
Тандыр ошақтың оң жақ бұрыш қабырғасында ыдыс-аяқ қоятын
ұя-тақта жасалады. Қабырғанын ортасында шырақ немесе әр түрлі ұсақ-түйек құрал-саймандар қоятын ойықтар болады. Ал ошақтың алдында күл түсетін шұңқырлары бар.
ХІ-ХІІ ғасыр тұрғын үйлері құрылысында да өзгерістер болған. Мәселен, Құйрықтөбе қаласын қазғанда қатар жасалған үш бөлмелі, бір-бірімен байланысты үйлер аршылған. Қазақтар ондай үйлерді “қоржын үй” деп атаған. Ондай үйлер қазақ қыстауларында көптеп кездеседі. Олардың сәкілері бөлмелердің тең жартысын алып жатады. Сәкілердің үстіне, еденге орналасқан ашық ошақтар соқпақша, дөңгелек, таға тәрізді болып келеді. Бөлмелердің көлемі әртүрлі болған. 30 шаршы метрден 40-50 шаршы метрге дейін жететіндері кездеседі. ХІІ ғасырдың тұрғын үйлеріндегі тағы бір ерекшелік – еденге орнатылған дөңгелек немесе тік бұрышты темір ошақтар. Олар өсімдік және геометриялық өрнектермен безендірілген. Бұл ошақтар Орта Азия тұрғын үйлері бөлмесінің ортасындағы сандалдарға ұқсас. Бірақ тардың кигіз үй ортасындағы ошақтарынан ешбір айырмашылығы жоқ. Мұндай ошақтардын маңызы өте зор болған Олар үйге әрі жылу, әрі жарық берген. Ошақ айналасына отырған отбасы мүшелері әңгіме-дүкен құрған, тәлім тәрбие мәселелерін талқылаған.
ХІІ ғасырдағы және бір жаңалық, бөлмелерде ошақ алдында ташнау болған. Ташнау деген бүгінгі күнде көп қабатты үйлерде пайдаланып жүрген канализацияның қарапайым түрі. Ол үшін ошақ алдында терендігі екі үш метр шұқыр қазылып, оған түбі арнайы тесілген күбі құбыр орнатылады. Тесіктін үстінен қалындығы 4 – 5 см, төрт бұрышты 30х30 см күдірілген кірпіштер төселіп, олардың тесігінің астындағы күбі құбыр тесігінің тұсы ашық қалдырылады. Кейбір ірі қалаларда ташнаудан арнайы қыш құмыралар тартылып, қаланың сыртына қарай шығарылған.
Х – ХІІ ғасырлардағы Жетісу аймағындағы қалалардың үй құрлыстарында өзіне тән жергілікті ерекшеліктері болды. Үй бөлмөлері белгілі бір негізгі құрылыстың төңірегіне топтастырылып салынады. Көлемі 500 – 600 шаршы метр келетін аумақ дуалмен қоршалып , оның ішкі жағынан дуалға тақап жағалай тұрғын үйлер салынады да, ортасы аула ретінде пайданылады. Мұндай тұрақжайлар кішігірім қорған сияқты болған. Бөлмелері қатар – қатар орналасқан. Ортадағы ашық аланаға мал қораланып, киіз үйлерде тігіледі. Мұндай жағдай Жетісу қалаларында жиі кездеседі.
Мәдени мұраларды зерттеу, сақтау және оны қолданудағы бетбұрыс Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бүгінгі Қазақстанның алдында тұрғын маңызды міндеттерімен өатар мәдени мұрамызды дамыту мәселесі жайлы айтқан Үндеумен тығыз байланысты. Осыған байланысты 2004 – 2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» атты мемлекетік бағдарлама жасалды. Қазақстанның ежелгі және ортағасырлардағы тарихы жазылуда, біздің туған тарихымыз осылайша тірнектеп жинақталуда.
№19. Қожа Ахмет Йассауи–1093жылы тулыған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Йассауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады.Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. 9 ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Ясы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук,Өзкент, тағыда басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, 10 ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Йассауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Ясауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Ясауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жылы қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Ясауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады. Қожа Ахмет Ясауидың өмірі мен қызметі туралы Жазба деректерде (Хазини, “Жауаһир-ул Абра Мин Амуаж-ил Биһар”) оның Юсуф Хамаданидың шәкірті екендігін көрсететін деректер болғанымен, соңғы зерттеулерде оны теріске шығаратын тұжырымдар айтыла бастады. Қожа Ахмет Йассауидың алғашқы шәкірті – Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті – Сайид Ата Хорезми, үшінші шәкірті – Сүлеймен Бақырғани. Осылардың ішіндегі ең көрнектісі – Бақырғани (Хакім Ата) (Кашифи, “Рашахат-ул айн-ил хайат”). Тағы бір танымал шәкірттерінің бірі Мұхаммед Данышменди сопы Қожа Ахмет Ясауидың “Мират-ул Қулуб” атты мұрасын хатқа түсірді. Сондай-ақ Садр Ата, Бадр Ата, Қажы Бекташ Әулие, Сары Салтұқ, Шейх Лұқпан Перенде сияқты тұлғалар да Қожа Ахмет Йассауидың шәкірттері саналады. А.БеннигсонҚожа Ахмет Ясауидың Шопан Ата және Зеңгі Баба атты да шәкірттерінің болғандығын айтады. Ясауи шәкірттері жөнінде Фуат Көпрулу: “Мутасаууфтардың (сопылардың) өмірбаяны жайлы еңбектерде Ирак, Хорасан және Мауераннахр сопыларынан басқа түркі шейхтары деп жүрген сопылардың барлығы дерлік Қожа Ахмет Йассауи тариқатының шейхтары еді” дейді. Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайкылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді
Диуани хикмет, «Ақыл кітабы» – Қожа Ахмет Йасауидің сопылық идеясын жыр еткен, этикалық-дидактикалық мазмұндағы әдеби шығармасы. Ақын өз кітабын қыпшақ даласы мен Орталық Азия түркілеріне кезінде түсінікті болған шағатай тілінде жазған. Мұның өзі араб тілінде жазылған Құран Кәрім мен түрліхадис, тәфсирлердің күрделі қағидаларын жергілікті түркі халықтарының түсініп оқуына мүмкіндік берді. «Диуани хикмет» – көшпелі елдің ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделіп, түркі халықтары фольклорының тілдік-стильдік, модельдік тәсілдерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жазылған көркем туынды. «Диуани хикметтің» түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы XV ғ-дың орта кезінде араб әрпімен көшірілген. Бертін келе «Диуани хикмет» Қазан (1887–1901), Стамбұл (1901), Ташкент (1902–11) баспаларынан жарық көрген. Қожа Ахмет Йасауи хикметтерінің жазылу тарихын, поэтикасын, сопылық-философиялық идеясын, қоғамдық-әлеуметтік мән-мағынасын, ислам дінін таратудағы рөлін М.Ф.Көпрүлузаде, Н.С.Банарлы, Е.Э.Бертельс, А.К.Боровков, Э.Р.Рустамов, В.И.Зохидов, т.б. ғалымдар жан-жақты зерттеді. Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикметте» «Аллаға жақындай түсу үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін айтады. Біріншісі – шариғат. «Шариғат» – ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді. Екіншісі, «тариқат» – дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып табылады. Бұл басқыш сопылықтың негізгі идеясын, мұрат-мақсатын аңғартып тұр. Үшіншісі, «мағрифат» негізінен дін жолын танып-білу сатысы деуге болады. Бұл басқыштың негізгі талабы – күллі дүниедегі болмыс-тіршіліктің негізі «бір Алла» екенін танып-білу, түсіну. Төртіншісі, «хақиқат» («фано») – Аллаға жақындап, оны танып-білудің ең жоғары басқышы. Сопылық түсінік бойынша, «шариғатсыз» «тариқат», «тариқатсыз» «мағрифат», «мағрифатсыз» «хақиқат» болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады. Қожа Ахмет Йасауи Аллаға (яғни Хаққа) жету жолында міндетті түрде төрт асудан мүдірмей өтуі керек деген пікір айтады. Ақынның айтуы бойынша, Хаққа жету жолындағы әрбір асудың он-оннан мақамы (тоқтамы) бар. Демек, осы төрт асудың қырық мақамын игерген пенде ғана «жабарут» (адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік), «мәләкут» (өмірдің мәнмағынасына қанық болу), «лахут» (бұл жалғаннан безіп, о дүниенің рухани әлемін меңгеру), «насут» (жоғарыда аталған үш өлшемнің басын қосып тұрған күш) деп аталатын рухани дүниенің сырын пайымдауға мүмкіндік алады. «Диуани хикмет» әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін құдіретті күш, айқын бағдарлама деуге болады. Қожа Ахмет Йасауиәрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты деген түйін жасайды. Ал имандылық дегеніміздің өзі Алланың құлына ғана тән, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, оны құдай жолына салып отыратын киелі күш деп түсіндіреді. Ақынның айтуы бойынша, имандылықтың ең басты көрінісі – мейірімді, кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қарау болып табылады. «Диуани хикметте» әрбір адамға қажетті қанағат-ынсап сезіміне ерекше мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екенін ақын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады. «Ақыл кітабы» адамның ішкі жан-дүниесінің түрлі теріс ой-пиғылдардан, жаман ниеттерден таза болуын талдап, Алла алдында пәк, кіршіксіз болуға шақырады.[1] Бүкіл әлемдегі түркі халқы «Диуани хикмет» арқылы исламның рухани әлемімен, сол дәуір үшін ілгерішіл саналған сопылық ағымның философиялық ой-пікірлерімен танысты. «Диуани хикметте» жырланған адамгершілік, имандылық, қанағат, кішіпейілділік, жомарттық жайындағы этикалық-дидактикалық тұжырымдар бертін келе, қазақақын-жыраулары поэзиясынан өзінің көркемдік жалғасын тапты.
Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмед әл-Бируни – ортаазиялық энциклопедист-ғалым. Әбу Райхан әл-Бируни 973 жылы қазан айының төртінде Қият қаласының маңында өмірге келген. Негізгі еңбектері тарих, математика, астрономия,география, топография, физика, медицина, геология, минералогия, т.б. ғылым салаларын қамтиды. Ол Орта Азия мен Иранқалаларында болып, атақты астроном, математик Әбу Наср Мансур ибн Ирактан дәріс алды. Әбу Райхан әл-Бируни – парсы, араб, грек, үнді (санскрит) тілдерін меңгерген оқымысты. 995 – 1010 жылдары Иранда тұрды. Ол 1000 жылы орта ғасыр ғылымының энциклопедиясы аталған, өзінің әйгілі «әл-Асар әл-Бақйия ән әл-Құрұн әл-Халийа» («Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші») деген еңбегін жазды. 1010 жылы Хорезм әкімі Мамун ибн Мұхаммед ұйымдастырған Үргеніштегіғылыми орталықта Әбу Райхан әл-Бирунидің басшылығымен Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Саһл Массих, Әбу-л-Хасан ибн Хаммар, ибн Мискуайх, т.б. көрнекті ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Әбу Райхан әл-Бирунидің ғылыми мұрасының бірсыпырасы бізге жетпеген, сақталып қалған шығармаларының көпшілігі толық жиналып жарияланбаған. Жалпы алғанда ол жүз елу еңбек жазған, олардың қырық бесі астрономия мен математикаға арналған. Астрономиялық шығармаларында Әбу Райхан әл-Бируни дүниенің гелиоцентрлік жүйесін (Коперниктен 500 жыл бұрын), денелердің Жерге қарай тартылуын (Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын) болжаған.Арал теңізінің жағасында, Үндістанда, Ауғанстанда астрономиялық бақылау жұмыстарын жүргізіп, жер мөлшерін дәл анықтаған. Әбу Райхан әл-Бирунидің географиясында сол кездегі белгілі жерлердің бәрі айтылған, сонымен қатар мұхит,теңіз, тау, өзен, шөл, мемлекеттер мен халықтардың аттары толық келтірілген. Әбу Райхан әл-Бирунидің картасы Тынық мұхиттан Атлант мұхитына, Үнді мұхитынан Солтүстік мұзды мұхитқа дейінгі жерлерді қамтыған. Әбу Райхан әл-Бируни түрлі өсімдіктерді, дәрілік шөптерді, сан алуан жануарлар тіршілігін зерттеген. Әбу Райхан әл-Бируни топографияға байланысты «Геодезия» атты үлкен еңбек жазды. Онда Әмударияның бұрынғы кездегі ескі арналары жөніндегі зерттеулері аса қызғылықты баяндалған. Әбу Райхан әл-Бирунидің тарихи-географиялық еңбектерінде Орта Азиямен Шығыс Сібірдің тарихи этнографиясы, сондай-ақ Орта Азия көшпелі тайпаларының батысқа, Шығыс Еуропағадейін қоныс аударулары, Қазақстан географиясы, оны мекендеген түркі тайпалары, олардың әдет-ғұрпы, салт-жоралғылары жөнінде құнды деректер беріледі. «Үндістан»(1031), «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші» (1048),«Масғуд каноны», т.б. еңбектері ағылшын, неміс, орыс, парсы, т.б. тілдеріне аударылған. Ол 1048/50 жылы желтоқсан айының он біріне қараған күні Ғазни қаласында қайтыс болған.
Әбу Насыр әл-Фараби. IX-X ғ (870-950жж) Фарабта (Отырар) дүниеге келіп, Бұхар мен Шашта, Бағдатта бім алған. Өмірінің соңғы жылдарын Дамаскіде өткізді. Ол – энциклопедист ғалым. Ғылымының барлық салаларын меігеріп: 50-ге тарта трактаттар жазды. «Ғылымдар энциклопедиясы», «Ғылымдардың шығуы », «Қайырымды қала тұрғындарыныңкөзқарасы туралы», «Жұлдыз бойынша болжаулар», «Ваккум туралы трактат», т.б. Әсіресе философия ғылымындағы еңбегі ерекше. Грек ғылымын меңгеріп, Пифагор, Архимед, Аристотель, Евклид, Птоломей шығармаларын сол тілде оқыған. Аистотельден кейінгі екінші ғұлама атанған.
Әбу Насыр Әл-Фараби (араб.: أبو نصر محمد الفارابي ) Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі.Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «... философияға, даналыққазор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), - деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,» - деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет.[4]
Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында «өзін танымақтың» немесе «жан қуаты» туралы ойлардың қалыптасу жолдарын танып білу күрделі мәселеге айналып, бастан-аяқ қарама-қарсы көзқарастардың өріс алуына түрткі болды. Адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне дүние философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі. Жалпы «жан қуаты» немесе «өзін танымақтық» жайлы күрделі ой сарасына қазақ топырағында арғы заманда Фараби, соңғы дәуірде Абайға терең барлап барған. Абай өлеңдері мен қарасөздеріндегі жан қуаты жайлы ой толғануында «жан құмары», «жанның жибили қуаты», «жан қуаты», «жанның азығы» т. б. осы іспеттес филос. сарындағы ойларын таратқанда: «Жан қуаты деген қуат-бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт сиғызбайды» - деп, айрықша ескертуінің өзіндік себептері бар. Бұл тұжырымынан ақынның «өзін танымақтығы» жөніндегі ілімнің тарихымен толық таныстығы анық байқалып, өз тарапынан ойларын кең түрде тыңдаушыларына молынан жеткізе алмаған өкініші де сезіледі. Жан қуаты жөнінде Фараби қолданған филос. терминдер Абайдың өлеңдері мен жетінші, Он жетінші, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші қарасөздеріңде сол түпнұсқадағы қапыңа немесе қазақы ұғымға сай балама сөздермен беріледі. Ақынның Он төртінші, Он жетінші қарасөзі мен «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек...», «Көзінен басқа ойы жоқ...», «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа...», «Алла деген сөз жеңіл...», «Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі асыл тас... «өлеңдерінде арнайы сөз болып, талқыланатын ақыл, қайрат, жүрек жайлы филос. мағынадағы ойларының бастау алар көзі Фараби еңбектеріңде жатыр.
№20 сұрақ.
Махмұд Қашқари (ұйғ. مەھمۇد قەشقىرى, Mehmud Qeshqeri; 1029—1101) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуану лұғат-ит-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргіҚырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен. Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» - Қ. ең ұлы шығармасы. Онда көшпелілердің ой әлеміне қатысты да тамаша мұра жинақталған. Бұл тамаша энциклопедиялық туынды 1072-1078 жылдары Бағдатта жазылған. Түпнұсқасы жоғалып кеткен. 1206 жылы М.А.Абулфатх жасаған жалғыз көшірмесі Стамбулда сақтаулы. Толық нұсқасын қазақ тіліне А. Егеубаев тәржімәлады.
Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты.Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады.
Диуану лұғат-ит-түрк — Қашғарлы Махмұд 1072-1074 жылдары Бағдат қаласында жазған түркіше-арабша сөздік. Ол түркі тілдері бойынша ең ауқымды және ең маңызды ежелгі тіл жәдігері. Оның қолжазба нұсқасы 638 беттен тұрады, онда 9000-нан астам түркі сөзінің араб тіліндегі егжей-тегжейлі түсіндірме-аудармалары қамтылған. Түркілердің тарихы, жағырапиялық таралуы, тайпалары, диалектілері және дәстүрлеріне бойынша қосымша мәліметтер берілген.
Классикалық араб лексикографиясының қағидалары бойынша дайындалған бұл сөздік Қашғарлы Махмұттың түркі тілі туралы білімінің ауқымдылығын ғана емес, араб филологиясы ғылымы бойынша дайындығының да көлемді екендігін айғақтайды.[1]
Сөздіктің қазір бізге келіп жеткен жалғыз ғана жазба нұсқасы 1266 Дамаск (Шам) қаласында жаңадан көшіріліп жазылып, оны тек 1915 жылы ғана Әли Емірі ефендіЫстамбұл қаласында кездейсоқ тауып алады. (Одан бұрынғы ғасырларда Антеплі Айни және Кәтіп Челеби сияқты ғалымдар сондай кітаптың бар екендігі туралы айтқан болатын.) Әли Емірінің көшірмесі 1917 жылы Талат пашаның (1874-1921) қолдауымен және Кіліслі Рифат білгенің (1873-1953) бақылауымен басылып шығып, бүкіл дүние жүзінің түркологтарының назарын өзіне аударды. 1928 жылы түрколог Карл Брокельманн сөздіктің егжей-тегжейлі түсініктемелермен жабдықталған алман тіліндегіаудармасын жариялады. Бесім Аталайдың қазіргі түрік тіліне аудармасын 1940 жылы Түрік тілі қоғамы басып шығарды. Соңғы жылдары шыққан Данковтың аудармасында соңғы ғылыми деректердің негізінде жасалған жаңа өзгерістер орын алған.
Диуани лұғат ат түрк үзінді: Мен Тәңірінің дәулет ұясын түріктер бұржысында (жұлдызында) жаратқандығын және ғарышты солардың заманы үстінде айналдырғанын көрдім. Тәңірі оларды «Түрік» деп атадыжәне оларды мемлекетке еге қылды; заманымыздың хақандарын түріктерден шығарып, дәуір, халықтың ақыл-ерік тізгінін солардың қолдарына ұстатты; оларды адамдарға бас қылды; хақ істерде соларды қолдады; олармен бірге күрескендерді әзіз қылды әрі түріктер ішінен оларды барша тілектеріне жеткізіп, жамандардан, зұлымдардан қорғады. Түріктердің оқтарынан сақтану үшін, олардың жолын берік тұту әрбір ақыл иесіне лайықты уа парыз іске айналды. Өз дертін айту уа түріктерге жақын болу, жағу үшін оларға түрік тілінде сөйлесуден пайдалы жол қалмады. Кім өз дұшпандарынан ажырап, түріктерге сағынып, мұңайып келсе, оларды түріктер қанатының астына алып, қауіптен құтқарады; олармен бірге басқалар да қамқорлық, пана табады.
Түркі тілін неге үйрену керектігін ол былай түсіндіреді:
"Бір бұхаралық ғалым мен Нисапурлық басқа бір ғалымның тәңір әзіз көрген Пайғамбарымыздан дәлел келтіріп айтқан төмендегі сөздерін анық естіген едім: Пайғамбарымыз қиямет белгілері, ақырзаман бітінәләрі және оғыз түріктерінің жорыққа шыққандығы туралы айтқанда: «Түрік тілін үйреніңіздер, сонда олардың егелігі ұзақ дәуірлі болмақ,» — деген екен.
"Бұл хадистің (қағида сөздің) дұрыс-бұрыстығына сол айтушы кісілердің өздері жауапкер. Бұл сөз шын болса, түрік тілін үйрену уәжіп, білген абзал, шын болмаған жағдайда, түрік тілін үйренудің зияндылығын ақыл ажыратар.
Жүсіп Баласағұн.Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. философиа, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, "Құтты білік" дастанының ғылымының негізделген толық мәтінін жасап шықты. Венгер ғалымы Герман Вамбери (1832 - 1913) "Құтты біліктің" бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, 1870 жылы Инсбрук қаласында жеке кітап етіп бастырып шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғылымының мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В.В. Радлов (1837 - 1918) жиырма жыл бойы (1890- 1910) айналысқан. Түркия ғалымдары 1942-43 жылдары "Құтты біліктің" үш нұсқасын да Стамбұлдан үш том кітап етіп шығарды. "Құтты білік" дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Карахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Оны Қаримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (1984) тәржімалаған. "Құтты білік" дастаны белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күн туды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге күт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.[1]
Құтты білік дастаны
“Құтты білік” дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Оны Қ.Каримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады. Қарахан әулеті билік жүргізген дәуің тілген. Кезінде “Құтты білік” дастаны Шығыстың әр елінде әр түрлі аталып кеткен. Бір елде – “Айнак ул-мамлакат” (“Мемлекет тәртібі”), екіншісінде – “Панунаман мулук” (“Әкімдерге насихат”), үшіншісінде – “Адаб ул-мулук” (“Әкімдердің әдептілігі”) деген атпен мәлім. Бұл атаулардың бәрі – “Құтты білік” дастаны, негізінен, мемлекетті басқару мәселесіне арналған шығарма екенін растай түседі. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Ортағасырлық Шығыс ойшылдарына тән үйлесім – танымды көркем және ғылыми әдістермен ұштастыра қолдану Жүсіп Баласағүни ғибратында суреткерлік, ойшылдық, ғұламалық, философтық қасиеттердің үйлесім табуынан, ғылым даналығының біртұтастығынан көрінеді. Түркі мәдениетінің нәрлі бұлағынан сусындап, мұсылман өркениетінің қуатты ықпалымен толысқан ойшыл өз шығарм-ғында адамның қоғамдағы орны мен қызметін түсінуге ұмтылып, мінсіз қоғам жайындағы өзінің биік филос. мұраттарын баяндайды. Жүсіп Баласағүниның “Құтты білігінде” өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған. Жүсіп Баласағүни ақиқатқа жету жолын адам мен әлемнің, ұлы ғалам мен микроғаламның үйлесімді болуы туралы қағидаға негіздейді. Төрт құдірет – от, су, ауа, жер жайлы ежелгі дәуірдің философиялық түсінігіне сүйене отырып, ойшыл әлем осы төрттағанның үйлесімінен жаралған деп санайды. Осындай тағы бір төрттаған Жүсіп Баласағүниның қоғам туралы ойларында, яғни қазіргі түсініктегі әлеум. философиясында әділет, бақыт, ақыл және қанағат ретінде бейнеленіп, “Құтты біліктің” төрт кейіпкерінің бойына жинақталған. Ғалам мен микроғаламның тұтастығы, барабарлығы туралы ой Жүсіп Баласағүни дүниетанымының өне бойынан байқалады. Бұл жалған дүниені ақыл тезіне салып түзетуге болатынына да сенген ғұлама әлемдік үйлесімділік негізінде әділетті адамзат қоғамын құруды армандады. Сондықтан ол ғылым мен білімге зор мән берген. Жүсіп Баласағүни жалпыға ортақ парасаттың танымның нәтижесі ретіндегі білімге көшуі адам мүмкіндігінің жүзеге асуы деп біледі. Ғұлама білімнің туа бітетіндігі жайлы пікірге қарсы шығып, оған парасатты іс-әрекеттің нәтижесінде қол жеткізуге болатынына сенеді. Білімге молынан сусындаған адам ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады. Оның пікірінше, білім – даналық, денсаулық және жан толысуы. Жүсіп Баласағүнидің ойынша, қоғам құрылымындағы кемелдіктің өлшемі әлеум. тәртіп бұзылғанда ғана көзге түсе бастайды. Сол кезде жаңа мұраттар мен ұрандар пайда болып, халық қолдауына ие болады. Ол қоғамдық құрылымның кемелдігін жеке адамның бостандығы, тәуелсіздігі анықтайды деп санады. Жүсіп Баласағүни өзінің әлеуметтік философиясында қоғамдағы кемелдіктің негіздері мен іс жүзіндегі көріністерін өзара тығыз байланыста қарастырады. Танымдағы кемелдік – білік, оның іс жүзіндегі көрінісі – укуш деп біледі ол. Жүсіп Баласағүни өз еңбегінде зердеге айрықша тоқталған. “Құтты білікте” ол, ең алдымен, даналық яғни қазіргі түсініктегі теориялық зерде туралы ой толғап, даналық табиғатын, оның ерекшелігін, туа біткен қабілеттер мен кейінгі білім жинақтаудағы адамның өз рөлі, таным процесінде ақиқатқа ұмтылу, т.б. мәселелерді қарастырады. Ғұлама өз туындысын Шығыс перепатизмінің арнасында, сопылық ағымның қуатты ықпалымен жазып шыққан. Ойлау қызметі тек адамға ғана тән, жануарларда жоқ қасиет деп біледі ол. Егер сезім алдамшы болса, онда оған толық сенуге болмайды, ал ақыл, зерде әрқашан адамға қызмет етеді, оның жалғандығы жоқ. “Құтты біліктің” негізгі айтар ойы – адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету. Кісілік кемелдену жолына түскен адам – өзінің қасиетіне, қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл жан. Дастан оқырманына құт-берекемен, бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырады. Ондағы “өзіңді сақтау”, “өзіңді ұмытпау” қағидасы адамның адамшылығын танытар қасиеті – адамгершілік пен кісілікті жетілдіруге бағытталған. Ақын өтпелі өмір мен өлім жайында терең толғанады. Оның ойынша, өкініштің ең ауыры өлшеулі өмірде дүние қызығы мен тән тілегі жетегінде кетіп, діл тазалығын сақтай алмаудан туады, сондықтан адам өзінің кісілік қасиетімен бірге өмірдің өткіншілігін де ұмытпауы қажет. Мұнан өзге Жүсіп Баласағүни шығармашылығына ізгілікке құштарлық пен іңкәрлік, сопылық танымдағы Алланы сүю, әлем мен адам сырына терең бойлауға ұмтылушылық белгілер тән.[2] “Құтты білік” дастаны 6520 бәйіттен (екі жолдық өлең) тұрады. Демек дастанда 13040 өлең жолы бар. Соның бәрі 85 тарауға бөлініп берілген. Дастанның кіріспесі қара сөзбен, ал негізгі бөлімдері аруз өлең өлшемінің ықшамдалған мутакариб деп аталатын түрімен жазылған. “Құтты білік” дастанының сюжеттік желісі негізінен шығарманың бас қаhармандарының өзара әңгімесінен, сұрақ-жауаптарынан, бір-біріне жазған хаттарынан тұрады. Төрт түрлі ізгі қасиеттің символдық көрінісі ретінде бейнеленген негізгі төрт қаhарман қоғамның көкейкесті мәселелері туралы әңгімелеседі. Мұндай сұхбатта олар ел басқарған әкімдер қандай болуы керектігін, оқу-білімнің қажеттігін, әдептілік пен тәлім-тәрбие мәселелерін дидактикалық-филос. тұрғыдан сөз етеді. Мәселен, ақын әдептіліктің алуан түрін жырлай келіп, солардың ішіндегі ең бастысы – тіл әдептілігі деген түйін жасайды. “Құтты білік” дастанының авторы метафора, аллегория, гипербола, меңзеу, астарлап сөйлеу сияқты көркемдік құралдарды аса білгірлікпен пайдаланады. Дастанның әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан ғыл. мәні ерекше. Бұл дастан бертін келе қазақ халқының этникалық құрамын қалыптастырған ру-тайпалардың орта ғасырлардағы тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, әдет-ғұрпын, сөз өнерін, тілін, т.б. зерттеп білу үшін аса қажетті, құнды мұра болып табылады.
Ибн Сина 980 жылы 16 тамызда Бұхара маңындағы Афшана ауылында дүниеге келген. Оның өзі жазған (ол оның алғашқы 30 жылын қамтиды) және оның шәкірті Джурджани жалғастырған өмірбаяны сақталған. Өзінің шыққан тегі туралы Ибн Сина былай деп жазады: «Менің әкем Балхадан, Нуха ибн Мансураның билік жасаған саманидасы кезінде Бұхараға көшіп келіп, онда төрелер кеңесінде жұмыс істеді. Оның қарамағына Бұхара өңіріндегі ауданның орталығы Хармайсананы береді. Афшанға жақын ауылдан, менің анам Ситара – жұлдызды өзіне әйел етіп алды. Онда алдымен мен, содан кейін менің інім дүниеге келді».
Хусейн 5 жасқа келгенде (Ибн Синаны ата-анасы солай деп атаған), сол кездегі Шығыстың ірі орталықтарының бірі Бұхараға көшіп келеді. Баланы бастапқы мұсылманмектеп-мактабка орналастырады. Хусейн хатыб Убайдының ең кіші шәкірті болды. Өзінің сирек кездесетін қабілетімен ерекшеленді, 10 жасқа жеткенде Құранды жатқа білді, оның ана тілі парсы-дары болса да, араб тілінің грамматикасын меңгеріп алды. Өзінің үйден оқытатын мұғалімі Абу Абдаллах Натилидің жетекшілігімен ойлау туралы ғылымды, евклидтік геогметрияны, астрономияны оқи бастады. Оқудың соншалықты табысты жалғасқаны, шәкірті мұғалімнен озып, кейде оны тұйыққа тіреп қоятын.Ибн Синаның өмірбаянындағы мынадай оқиғаны суреттейді: «Ол осыған ұқсас нәрсені естімеген, сондай талдау анықтамасын бердім. Ол маған таң қалып, менің ата-анама мені ғылымнан басқа ешнәрсемен айналыспауыма кеңес берді. Евклида кітабымен де солай болды. Мен бес-алты теореманы мұғалімнің көмегімен меңгердім, ал қалғанын өз бетіммен меңгердім. Натилидің мені оқытуға шамасы жетпеді. Мен кітаптарды өзім оқып үйрене бастадым. Осы уақытқа дейін өзі білмеген сұрақтарды, менен үйренді».Ибн Сина жаратылыстану ғылымын, әсіресе медицинаны беріліп оқыды. «Содан кейін мен дәрігерлік ғылымға еліктедім, - өмірбаянында осылай айтылды, оған арналған кітаптарды оқи бастады. Мен аз уақыт ішінде медицинада табысқа жеттім, сол кездегі атақты дәрігерлер менен кеңес сұрап келе бастады. Ауруларға баратын болдым, өзімнің алған тәжірибемнің нәтижесінде, айтып жеткізе алмайтын, маған сауықтыру қақпасы ашылды. Бұл кезде мен он алты жаста едім».
№21 сұрақ. Найман мен керейт тайпаларының негізігі мекендеген жерлері –Монғолия аймағы. XIIIғ. бастап олар Қазақстанға қоныстана бастады. Найман тайпалық одағы VIIIғ. Ортасында Ертіс пен Орхон өз. бойында п/б. Олардың құрамында 8 тайпа болғандықтан оларды найман д/а( монғолша сегіз –найман) . наймандар батыста қаңлы мен қарлұқтар, солт. Енисей қырғыздары, оңт ұйғыррлар, шығ. Керейлермен шектеседі. Xғ. найман мем. құрылды. Негізнен олар Жетісу аймағын, Батыс Хангай –Тарбағатай аймақтарын мекендеді. Билеушісі –хан. Мемлекет бірнеше ұлыстардан тұрды, әр ұлыстың ханы болды. Ұлыс әскері ондық принципке негізделген. Іс қағаздар ұйғыр жазуындда жүргізілді.1007ж. наймандар мен керейлер христиан дінін қабылдады. 1204ж. Шыңғыс хан 45мың әскерімен наймандарды бағындырды. Найман ханы күшлік өз адамдарымен керейлерге .1211ж. Жетісудағы билікті қарақытайлардан тартып алды. 1218ж. Жебе ноян шапқыншылығынан Найман хандығы құлады. Наймандар кейін Орта жүз құрамына енді.
Керейлер бат. наймандармен, солт. меркіттермен, шығ. татарлармен,оңт. тарғұттармен шектеседі. Керейлердің екі астанасы болды: бірі солт. –Орхон өз. бойындағы Қатынбалық, оңт –Хуанхэ өз. бойында. Негізгі территориясы Селенга-Хуанхэ өз., ХАНГАЙ ТАУЫ –Хаплқын көлі аралығы. 1203ж. Монғолдар шапқыншылығынан керейттер құлады. Халқының бір бөлігі монғолдарға қосылып кетті, біраз бөлігі Солт. Қаз. мен Жетісға көшті. Керейттер қара керей, абақ керей атанып, қазақтың Орта жүзі құрамына енді.
№22 сұрақ.Қытай деректерінде Монғолия халқы «Татарлар» д.а.Оның нег.салушы Бөржігін тайпасының билеушісі Есугей Баһадүрдім баласы Темучин.Шыңғысхан мен халқы өздерін монғолдар деп,ал мемл\н Монғол мемл\і д.а.Қытайда монғолдар соғыс ісінің сол замандығы жоғары тех\мен танысты.Қытайдан көптеген қару-жарақ қамал бұзатын машиналар алған Шыңғысхан өз әскерлерінің санын көбейтеді.Сөйтіп ол Шығыс Еуропамен алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алу жорығына жан-жақты әзірленді.Бұл үшін ол мұсылман көпестерінен Хорезм шахындағы ішкі жағд\ды біліп,жоспар жасады.Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқ.жүргізбекші болды.ОЛ үшін ол Жебе ноян бастаған әскерді жіберді.Жетісуды Шыңғысхан аса көп қарсылықсыз басып алды.Жетісуды бағындырғаннан кейін ол Хорезмге бағыттады.Шыңғысхан 1219 ж саны 120-150мыңға таяу әскері Ертіс жағалауында соғысады.Монғол әскері Отырырға таяп келгенде Шыңғысхан Үгедей мен Шағатайды осы қаланы қоршау үшін қалдырып,Жошы бастаған бір топты сыр бойымен төмен жібереді.Шыңғысхан ұлы Толей екеуі әскердің нег.күштері мен Бұхарға беттеді.1219ж Шыңғысхан алғашқы соққыны Сырдария бойындағы қалаларға бағыттады.1219ж қыркүйекте Шыңғысхан әскерлері Отырар қаласына келіп оны қоршауға алады.Отырар қорғанысы Қазақстан мен Орта Азияны халық бұқарасының Монғол басқыншыларына қарсы ерлік күресінің айқын көрінісі болды.Қаланың құлауына опасыздық себеп болды.Сөйтіп,Отырар қамалын жермен жексен етіп,Шағатай мен Үгедей бастаған Монғол шоғырлары Шыңғысханға келіп қосылды.Бұл кезде Шыңғысхан Бұхара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын.Сыр бойындағы қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды соның бірі Сығанақ қаласы еді.Жошы бастаған Монғолдардың жеті күнге созылған шабуылына қала тұрғындары табан тіресіп қарсыласты,бірақ көп ұзамай жеңілді.Кейіннен Үзгент ж\е Баршынкент қалалары алынды.1220ж Монғол әскерлері Жент қаласын бағындырды.Әскердің Жошы жіберген бөлігі Янзикентті басып алды.1219 -1221 жылға дейін Шыңғысхан әскерлері бүкіл Орта Азияға ойран салып өтті.Талай қалаларды талап, жойып жіберді.Хорезм шахы Мұхамед Иранға қашып кетті.Сонымен,1219-1221жылдардағы шапқыншылықтың салдарынан Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына енді.Шыңғысханның жаулап алған байтақ жері оның балаларына бөліп берілді:Жошы ұлысы – Батыс Қаз. Дешті қыпшақ жері;Шағатай ұлысы-Оңт. ж\е Оңт.Шығыс Қазақстан;Үгедкй ұлысы Жетісудың Солт.шығыс бөлігі.
№23 сұрақ. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы өзінің ұлысын тәуелсіз мемлекет етуге күш салды. 1227 жылғы қысты оның өлуі ғана әкесі екеуінің арасындағы соғысқа кедергі болған еді. Жошының мирасқоры оның ұлы Батый болды. Батый қолының Русьқа және Волгадан батысқа қараған басқа да жерлерге жасаған қанды жорықтары Жошы ұлысын Алтайдан Дунайға дейінгі байтақ өлкені алып жатқан, орталығы төменгі Волгада орналасқан ұлан-байтақ мемлекетке айналдырды. Тарихи әдебиетте бұл мемлекет Алтын Орда деген атқа ие болды. Астанасы Сарай-Бату (қазіргі Астрахань маңында) болды, кейіннен Сарай-Беркеге көшірілді. Батый өзінің інісіне былай деген: Шығыс Еуропаға жасаған жорықта сен біздің ісімізді аяқтауға жәрдемдестің, сондықтан 10 мың семьядан тұратын халық саған беріледі, енді бір аудармада сол сенің әкең тұрған жерде, яғни Ертістің жоғарғы ағысында деген сөздер қосылған. Орда Ежен ұлысына Жетісудің солтүстік-шығыс бүлігіндегі жерлер, Ертіс бойындағы кең байтақ аймақ, Ұлытау мен Қаратауға дейінгі жерлер кірді. Ұлыстың территориясы біртіндеп кеңейе берді. XIII ғасырдың екінші жартыснда-ақ Орда-Еженнің немересі Қонышаның тұрған жері деректеме бойынша Орта Сырдариядағы Жент пен Үзкент маңында болған, ұлыстың саяси орталығы осы жерге ауысқан еді.
Алғашқы билеушісі Батый хан. Территориясы:Шығыс Дешті Қыпшақ, Хорезм, Батыс Сібір территориясының бір бөлігімен қоса Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі жерлер. Алтын Орда шығыс деректерінде Жошы ұлысы, Жошы ұрпақтары атымен Батый ұлысы, Берке ұлысы деп аталды. Алғашқыда Алтын Орда монғол империясының құрамындағы ұлыс болды. ХІІІ ғ 60 жылдарынан дербес хандық болып бөлінді. Алтын Орданың қоғамдық құрылымы. Алтын Орда көп ұлтты мемлекет. Көшпелі халқы негізінен түркі тілдес тайпалар-қыпшақтар, наймандар, қаңлылар, т.б. Отырықшы халқы – Еділ бұлғарлары (қазіргі Қазан татарларының арғы тегі), мордвалар, орыстар, хорезмдіктер, т.б. Монғолдар аз болды. ХІІІ-XIV ғ жазба деректер Алтын Орда ханын татарлар деп атаған. Тілі- қыпшақ тілі. XIV ғ Алтын Ордадағы монғолдар толығымен түркіленді. Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Қазақстан жерінде Шыңғыс ханның «Яса» заңдар жинағы және отырықшы аудандарда шариғат заңдары қолданылды.
№24 сұрақ.ТАБУ КЕРЕК!!!
№25 сұрақ. 14-15 ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты.Ақ Орданың халқы - қыпшақтар, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер,қарлұқтар Ақ Орда хандары - Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Қойыршақ,Барақ
Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып,Хажы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болды. Ақ Орда иелігі Орыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады. 1423-1424 жылдары Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды.
№26 сұрақ. Әбілхайыр Ордасы — 15 ғ. алғашқы ширегінде Қазақстанның солтүстік-батыс және орталық аймағында пайда болған.[1]
Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс бетінде бірнеше тәуелсіз феодалдық иеліктер құрылып, олардың арасында билік үшін күрес толассыз жүрді. Ноғай Ордасы мен Әбілхайыр хандығының пайда болуына әкелді.
Осындай жағдайда Жошы әулетіндегі Шайбанның ұрпағы Дәулет Шайхтың баласы Әбілхайыр саяси өмір сахнасына шықты. Орталық және Солтүстік Қазақстан тайпаларын билеп отырған топтардың қолдауымен ол 1428 ж. Тура өңірінде (Батыс Сібір) хан болып жарияланды.
Оның хандығының құрамына Қият, Маңғыт, Шынбай, Найман, Қарлұқ, Үйсін т.б. тайпалар кірді.
Шығыс Дешті-Қыпшақтың феодалдық бытыраңқы жерлерін біріктірген «көшпелі өзбектер мемлекетінің» яғни Әбілхайыр хандығының Қазақстан тарихында елеулі орны бар. Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс бетін, батыста Жайық, шығыста Балқаш жерлеріне дейінгі, оңтүстікте Арал теңізі мен Сырдың төменгі ағысына, солтүстікте Тобылмен Ертіс орта ағыстарына дейінгі жерлерді қамтыды.
Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде елдің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады. Оның қолынан билікті алу үшін күрескен әр түрлі топтармен күрес жүргізуге тура келді. Жошы әулетінің оның ішінде Орда Ежен хан, Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек, Керей Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды. 1446 ж. оған қарсы болып жүрген күшті шонжарлардың бірі Мұстафа ханның әскерлерін талқандады. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария мен Қаратау бауырындағы Созақ, Сығанақ,Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығанақты өз хандығының астанасына айналдырды.
1450 жж. Әбілхайыр Мәуранахрдағы Темір ұрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқан пен Бұқарға жорық жасайды.
1456—57 жж. ойраттармен болған шайқастарда жеңіліске ұшыраған Әбілхайыр елдің бірлігін қамтамасыз ете алмады.
Оған наразы Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған халықтың бір бөлігі Моғолстан жеріне қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы (Талас) өзендерінің бойына орнықты.
1468 ж. Әбілхайыр көп жорықтарының бірінде қайтыс болып, «Көшпелі өзбектер мемлекеті» ыдырап кетті.
№27 сұрақ. Моғолстан — 14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды.
Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркіше, парсыша атауы болып табылады.
14—15 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, барластар кірді. Орталығы — Алмалық қаласы.
Бұрынғы Шағатай ұлысының жерін толық билеуді көздеген Тоғылық Темір Мәуереннахрды Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 ж. Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жылдан кейін Қазағанның мұрагері Абдолла да қаза болды. Осыдан кейін Мәуереннахр тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Оны пайдалану үшін Тоғлық Темір жанталасты.
Ал Осы кезде Ақсақ Темір өзінің шағын әскерімен Кеш қаласының әміріне қызмет етіп жүрді. Тоғылық әскерлері Кешті алады. Темір Тоғылық Темірге қызметке кіреді.
1361 ж. Мәуереннахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық темір баласы Ілияс қожаны оған билеуші етіп қалдырды. Бұл жолы ол Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады.
1362 ж. Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс қожаға көшкенде Мәуереннахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайн тағайындалды. Ақсақ Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуереннахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Ақсақ Темір мен Хұсайн Моғолстан әскерлерін талқандады.
Енді Хұсайн мен Ақсақ Темір арасында билік үшін күрес басталды. Осындай шайқастардың бірінде Темір Балқы қаласында Хұсайнды өлтіріп, Мәуереннахрға ие болды.
1456 ж. Керей хан мен Әз Жәнібек ханның Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне, Моғолстан жеріне таман қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға еді. Бұл оқиғаның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр хандығы мен Ноғай одағы құрылды. Шайбани тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан бұрын Орда Ежен ұрпағы билеген Ақ Орда территориясы - Шығыс Дешті-Қыпшаққа 40 жыл (1248-1468) үстемдік етті. XV ғасырдың ортасында Әбілхайыр хандығында толассыз болып отырған қан төгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқыстар болған сайын үдеп феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын ауыр күйзеліске түсірді. Аласапыран соғыстар мен феодалдық бытыраңқылық салдарынан Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан мал жайылысын пайдаланудың дағдылы көшіп-қону тәртіптері бұзылды, көшпелі тайпалар мезгілінде жайлау-қыстауларына бара алмайтын болды. Бұл көшпенді мал шаруашылығына ауыр зардабын тигізді. Осындай ауыр тауқымет тартқан халық бейбіт өмірді, Әбілхайырдың үстемдігінен құтылып, өз алдына тіршілік етуді армандады. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и -Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шетіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466) билей бастады»…
Алғашында қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Міне, нақ осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақстан» деген атау қолданылды, ежелден осы алапты мекендеген қазақтың ұлы жүз тайпалары Дешті-Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан қанжілік болған қазақ халқы бұл араға келіп ес жиып, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ көшпенділері Әбілхайыр хан қоластынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып қазақ хандығына келіп жатты. XV ғасырдың 50-жылдарының ортасынан 70-жылдарының басына дейін Әбілхайыр ханның қарамағынан батыс Жетісуға 200 мың адам көшіп барды. 1462-жылы Моғолстан ханы Есенбұға қайтыс болған соң, бұл мемлекетте ішкі феодалдық қырқыс күшейіп, өкіметсіздік жағдайдың өріс алуы, Амасанжы Тайшы бастаған ойрат жоңғарларының жасаған шабуылы салдарынан Моғолстан мемлекетінің шаңырағы шайқалған кезде, Жетісуды мекендеген қазақ тайпаларының қазақ хандығына келіп қосылуы үдей түсті. Бұлар жаңадан құрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери, саяси күш-қуатын арттыра түсті.
№28 сұрақ. 1535-1538 жж хан атағы болған қазақ сұлтан-ы: Тоғым хан, Ахмет хан, Хақназар хан, Наурыз-Ахмет хан. Қасым ханнан кейінгі тартыстан әлсіреп қалған хандықты қайтадан нығайтып, біріктіруге Хақназар хан әрекет жасады. Негізгі мақсаты: Қасым хан кезіндегі иелікті қалпына келтіру. Териториясы: Сырдария, Арал маңы, Жетісу, Жайық-ң сол жағалауы Хақназар сыртқы саясатын Ноғай Ордасынан бастап, Жайық-ң сол жағалауындағы ноғайлар Қазақ ханы-ң билігіне өтті. 50-60ж Моғол ханы Абдар Рашид Жетісу мен Ыстықкөл маңындағы жер-ді басып алу мақсатымен, соғысты қайтадан бастады. Моғолстанға қарсы қазақ-қырғыз соғыс одағы құрылды.дерек-де Хақназарды “қазақ-р мен қырғыз-ң ханы”д.а. 1560ж моғолдар қазақ-қырғыз соғыс одағын женді. II Абдаллах(1538-1598) пен Хақназар арасында бейбіт қатынаста болу турулы шарт жасалды. Сыр бойындағы қалаларға орнығып алуға ұмтылған Хақназар хан, 1570ж аяғында Абдаллах-ң қарамағынан бөлініп шыққысы келген Баба сұлтан-ң әрекетін пайдаланды. Қазақ билеушісіні-ң Абдаллах жағында екенін байқаған Баба сұлтан келіссөз жүргізуге келген Жалым сұлтанды, оның бала-ы мен Хақназар-ң екі баласын өлтірді. 1580ж Баба сұлтан-ң тыңшысы Хақназарды өлтірді. Жошы хан-ң немересі Ноғай Алтын Орда әскері қолбасшысы-ң бірі болған. Ол Кавказ, Польша, Венгрия, Балкан және Парсы елдеріне әскери жорық-р жасайды. 1273ж ол Византия елі-ң қызына үиленді. 1306ж Доннан Дунайға дейінгі ұлан-ғайыр өлкені билеген Ноғай Тоқтамыс-ң қолынан қаза табады. Ноғай-ң қарамағындағы Каспий маңы-ң халық-ы Ноғай елі атанады. Осылай XIVғ бойында жаңа мемлекет Ноғай ордасы пайда болады. Терит: Еділ мен Жайық алабы-Қазан мен Түменге дейінгі жер-р. Астанасы-Сарайшық. Ноғай ордасы-ң дербес мемл-т болуына Едіге көп ықпал еткен. Ол 1396ж 1411ж дейін Ноғай ордасын биледі.1426ж 1440ж Едіге-ң баласы Нұраддин билік құрған тұста Ноғай ордасы күшейді. Ресей-ң Қазан және Астрахань хандық-н жаулап алғандықтан кейін, Ноғай ордасы бірнеше иеліктерге бөлініп кетеді. Ноғай ордасы құрамындағы қоңырат, арғын, тама, қыпшақ, қаңлы сияқты тайпа-ң бір бөлігі қазақ-ң кіші жүзіне кірді. Ал қалғандары Орыс княздығына, Қырым хандығына қарады.
№29 сұрақ.ТАППАДЫМ!!!
№30 сұрақ. Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі (б.д.д.2-1 мыңжылдықтар) мен темір дәуірі (б.д.д. 7-4ғғ.) кезеңдерінен басталады. Олар негізінен Қазақстанның жерін мекендеген (байырғы) тайпалардан құралған.
Этнос - (халық, тайпа, жұрт, ұлт) жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпІ ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним) бекітілген адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығы. Сондай-ақ территориясы да бірыңғай болуы тиіс.
Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, біздің жерімізде қола дәуірі (Андрон, Бегазы-Дәндібай мәдениеттері) мен темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың (сақ, сармат) иран тілдес болғандығы айтылады. Бұл кездегі тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық белгілері бар европеидтық нәсілдерге жатты. Қазақ халқының бастауына сақтар, үйсіндер, қаңлылар да кіреді.
Қазақ халқының шығу тегі туралы аспектілерге лингвистикалық және антропологиялық мәселелер жатады. Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі процестің екеуі де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге: үндіевропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Атап айтқанда, лингвистика жағынан қарғанда - ежелгі европалық- үндіирандық- прототүркілік-түркілік- қазақ. Түркі тілі Алтай тіл семьясына (монгол-манчжұр-танғыс) жатады. Алтай қауымдастығы мезолит дәуірінде Орта Азия мен Байкал бойында пайда болды. Түркі тіліне ғұн, оғыз, қыпшақ, үйсін, хазар. Тұнғыс-маньчжұр тобына - нанай, эвенкі, манчжұр.Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобының батыс тармағына жатады. Оған қарақалпақ, қарашай-балқар, башқұрт, қырым татары, қырғыз тілдері кіреді.Ал антропологиялық тұрғыдан қарағанда - европалық-европа-монголдық- монголдық-европалық. Бірінші кезеңде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үндіевропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді. Бұл кез б.з.д. 3-1 мыңжылдықтарды қамтиды.
Екінші кезеңде Қазақстанға шығыс жақтан көшпелі тайпалардың, ғұндардың Батысқа қарай қоныс аударуына байланысты, сақ және сармат тайпаларының жалғасы - үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен.
Б.з.б. 1 ғасырда Солтүстік ғұндардың құрамына кірген көптеген түркі тілдес тайпалар Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, Қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды. Ғұнжардың Қазақстанға өтуінің екінші толқыны б.з. 2 ғ. 1 жартысында орын алды. Бұл кезде солтүстік ғұндардың тайпалары Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып, 6 ғасырға дейін өмір сүрген Юэбань мемлекетін құрды. Ғүндардың біріктіруші ролінің арқасында сырттан келген тайпалармен байырғы тұрғындардың этникалық жақындасуы іске асты. Мұның өзі тайпалардың жаңа этникалық қауымдастығының қалыптасуына әкелді және сол этникалық процестердің бағыт-бағдарын айқындап отырды. Этномәдениеттік жағдайда түркі тілінің одан әрі дамып жайылған аймақтарда сол сияқты моңғол түрінің белгілі әсері де көбейді.
Сөйтіп, үйсіндер мен қаңлылардың монголоидтік нәсілге өтуі басталды. Бұл процесс тарихи деректерге қарағанда б.з. 1-5 ғғ. қамтиды, мұның өзі жергілікті жұрттың кескін-кейпіне, оның тіліне әсер еткені даусыз. Б.з. 6 ғасырынан бастап үйсін, қаңлы және басқа тайпалар тарих сахнасынан көрінбейді, аттары аталмайды. Оған себеп, бұл кезде Қазақстан жерінде , оңтүстік аймақта шығыстан Алтай, Сібір жақтан келген түркі тайпаларының басымдығынан болса керек. Олар негізінен байырқу, Бұлақ, қарлұқ, кимек, қыпшақ тайпалары еді. 6 ғасырда Қазақстан жері Түркі қағанаты құрамына енді. Осы қағанаттар құрамында 30-дан астам түркі тілдес ру-тайпалар болды. Үйсіндер мен қаңлылар оларға сіңісіп кеткен. 702 жылы Батыс түркі қағанаты тарағаннан кейін оның орнына Түргеш қағанаты (704-756), Қарлұқ қағанаты (756-940), Оғыздар (9 ғ. соңы 11 ғ. басы), Кимек қағанаты) 893-11 ғ. б.), Қыпшақтар (11-1219 ж.), Қарахандар (942-1212 ж.) өмір сүрді. Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсіресе екі мемлекеттің тарихи ролі күшті болды. Оның біріншісі Қыпшақ хандығы. Ертіс пен Еділ арасын мекендеді.
Қазақ халқының қалыптасуына ықпал еткен тағы бір мемлекет - ол оңтүстік, оңтүстік шығыс Қазақстанда өмір сүрген Қарахан феодалдық мемлекеті. Бұл мемлекетте қарлұқтардың ықпалы күшті болды. Шығыстан монғол тектес көшпелі халықтар жасаған шапқыншылық оңтүстік және оңтүстік -шығыс Қазақстанның қалыптасқан этникалық жайына соншалықты өзгеріс жасаған жоқ.
Алтай жақтан ығыса келіп, өздерінің мемлекеттік бірлестігін құрған наймандар мен керейттер Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына елеулі әсерін тигізді.
Бірақ осы бір сапырылыс кезінде шығыстан қидандардың (қарақытайлықтардың) шапқыншылығы болып, Қарахан мемлекетінің жағдайы нашарлайды. 13 ғ. басында Қарахан мемлекеті қайта көтеріліп келе жатқанда мронғол шапқыншылығы басталды. Сондай-ақ орталық, солтүстік, шығыс, батыс Қазақстан жеріндегі Қыпшақ мемлекеті де сондай жағдайға душар болды. Монғолдар екі мемлекеті де қиратты. Сөйтіп, халық болып қалыптасуы процесі 15 ғасырға дейін кешікті.
Монғол шапқыншылығы салдарынан тұтас Ұлыстар орнағанмен, Қазақстан жеріндегі ру-тайпалардың арасындағы байланыстар бұзылғанын, Алаш халқының әртүрлі аймақтарға (Жошы ұлысы, Шағатай ұлысы, Үгедей ұлысы, Алтын Орда, Ноғай Ордасы, Көк Орда, Ақ Орда) қарағанын да мойындау керек. Ірі ру-тайпалардың бірсыпырасы қоныс аударды. Мәселен, қыпшақтардың бір бөлігі солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірге көшті. Дегенмен тіл бірлігі жойылмады. Себебі бұл халық монғол шапқыншылығынан бұрын-ақ мәдени қалыптасып қалған еді. Қайта монғолдар түркіленіп кетті. Бірақ бұл кезде бұрынғы екі үлкен нәсілдің байырғы европеидтік және кейін қосылған монғолоидтік нәсілдердің күрделі араласуы нәтижесінде қазіргі қазақ халқы құрамының (антропологиялық, этникалық, лингвистикалық негізде) бірыңғай тұтас қосындысы келіп шығады.
Алайда, Қазақстан жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге ұшырап Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Атақты "92 баулы қыпшақ" атты шежіреде көрсетілген бұл ру-тайпалардың барлығы кейіннен қазақтардың құрамына кірді.
14-15 ғғ. феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында болып жатқан түрлі соғыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу пооцестері барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендерінің тарихи-географиялық, экономикалық және саяси оқшаулануының тарихи қалыптасқан жағдайларына байланысты этникалық жағынан біртұтастық пен бүтіндікке ұмтылды. Нәтижесінде үш этникалық-шаруашылық топқа бөлінді. Үш жүз осылай пайда болды. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Ұлы жүз Жетісу, оңтүстік қазақстанды, Орта жүз Орталық, солтүстік Қазақстан, Кіші жүз Батыс Қазақстан да болды.
Ұлы Жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлады. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, шанышқылы, ысты және т.б. Орта жүз Орталық Қазақстан мен солтүстік-шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етті. Оның құрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ т.б. Кіші жүздің мекені - Сырдың төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей жағы. Оның құрамындағы тайпалар одағы -Әлімұлы (Қарасақал, қаркесек, кете, төртқара, шөмекей, шекті. Беріш; Байұлы - адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқұрт, шеркеш; Жетіру (табын, тама, кердері, жағалбайлы). Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай құрылғаны туралы түрлі пікірлер бар.
Осы арада қазақтың үш жүзіндегі тайпалардың бірыңғай болмағанын айту керек. Мәселен, арғын, қыпшақ, алшын сондай-ақ басқа руларға да жататындар үш жүздің қай-қайсысында да кездеседі.
Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған "қазақлық" "қашақ" деген атаудан шықты дейді. Немесе "қазақ" атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кеткендерді "өзбек-қазақ" , кейін "қазақ" түрінде пайдаланылған деп санайды. "Қазақ" термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда "қазақ" деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша "қазақ" терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған.
Кейде бұл термин ертедегі екі тайпалық (каспий және сақ) одақтардың атынан шыққан деп жорамалдайды. Ал кейбір тарихшылар "хас" нағыз және "сақ" деген сөзден құралған деп болжам жасайды. Қазақстан тарихының 2 томында "...қазақ атауы 9-10 ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында әлеуметтік, ал 11-12 ғғ. этникалық-әлеуметтік топтарға қолданылған. Және осы ғасырларда қыпшақ тайпаларының топтасуы қазақ қауымдастығы қалыптасуының да маңызды кезеңі болды" деп жазылған. Яғни бұл процесс түрлі кезеңде де тоқтамай, әмбебап мағынада қолданылып келген. Нәтижесінде қыпшақ тайпасы өзегі болған 14 ғ. басында құрылған Ақ Орда халқының құрамы қазақтар болған. 15 ғ. 2 ж. қазақ халқы құрылып болғаннан кейін, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын "қазақ" атауы, этникалық маңызға ие болды.
№31 СҰРАҚ. Қазақ атауының шығу тегі туралы
Зерттеушілер екі жүз жылға жуық уақыт бойы «қазақ» терминінің шығуын түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасап келеді. Айтылған көзқарастар ауқымы өте кең, мейлінше иланымды ғылыми болжамдардан қиыннан қиыстырылып шығарылған этимологияларға дейін бар. Алайда, қазақ сөзін түсіндіретін түпкілікті пікірді, тегінде, әзірше ешкім айта алған жоқ. Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуына байланысты соңғы уақытта жалпы қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне және атап айтқанда қазақ терминіне ден қою едәуір арта түсті. Ғылыми басылымдар мен газет-журналдардың беттерінде қазақ терминіне қатысы бар жарияланымдар пайда болды. Бірен-сарандарында ғана болмаса, оларда баяндалған пікірлер өткен кездерде айтылған көзқарастарға негізделген.
Қазақ атауының шығу тегі туралы мәселені шешкен кезде зерттеушілердің едәуір бөлігі тайпа атауына терминологиялық сәйкестікті іздестіру жолына түсті. Алдын ала атап өткен жөн, бұл әдістемелік тәсіл, зерттеушілік практиканың көрсетіп отырғанындай, салғастырылатын ұғымдардың жақындық дәрежесі туралы неғұрлым айқын тұжырымдар жасау үшін әлі де көп жеткіліксіз. Қазақ сөзіне үндес терминдерді ғалымдардың Қазақстан аумағынан едәуір алыс жерлерден тапқаны аз кездеспейді. Бұл орайда олардыңэтникалық байланыстарының терендігін көрсете алатын тарихи-мәдени сипаттағы жүйелі сәйкестіктерді анықтау қажетінен айналып өтілді. Тарихнамада қабылданған ұқсастыру жөнінде мынадай негізгі болжамдар бар. Н. М. Карамзин мен А.Вамберидің ізімен зерттеушілер көбінесе Византия императоры Константин Багрянородныйдың (X ғасырдыңорта шені) Кавказдың солтүстік-батысында жатқан «Казахия елі» деп айтқан мәліметтерін келтіреді. Айтылуының үндестігі негізінде авторлар «Казахия» терминінде қазақ этнонимі көрініс тапқан деп санайды. Сөйтіп осы негізде қазақ халқы X ғасырдан бастап белгілі болған деген тұжырым жасалады. «Казахия» деп оқудың дұрыстығына қатысты біз түзету жасауға тиіспіз, ол мынадай: түпнұсқада (грекше) екінші сөзде «дзета» (з) емес, қайта «сигма» (с) берілген. Демек елдің атауы Касахия деп оқылуға тиіс. Константин Багрянородныйдың хабарын түсіндіре келіп, В.Минорский Касахия деп касогтар айтылып отырғанын әбден айқын көрсеткен. Казахия және қазақ халқы атауын ұқсастыру тарихшылардың қосымша материалдар, атап айтқанда, мұсылмандар дүниесінің жазбаша деректемелерінен алынған материалдар тарту мүмкіндігін кеңейтті.
Мәселен, араб тарихшысы әрі географы әл-Масудидің (X ғ.) «Китаб ат-танбих ва-ль-ишраф» деген шығармасында Кубань өзені ауданындағы кавказ халықтары мен тайпаларының атаулары арасында кашак этникалық қауымы - әл-касакия атап өтіледі. Көрнекті неміс шығыстанушысы И.Маркварт бұл екі терминнің бір ғана этнос-касогтардың атауын беретіндігін көрсетті. Кім жазғаны белгісіз парсы тілді «Худуд әл-алам» деген географиялық еңбектің (Хғ.) аландар өлкесі туралы хабарлары да қарастырылып отырған тақырып аясына жатады, онда Қара теңіз жағалауында орналасқан Касаг қаласы, әдебиетте жазылып жүргеніндей, этникалық қауым емес, нақ қала туралы деректер келтіріледі. Касогтар туралы орыс жылнамаларында да айтылады. «Повесть временных лет»шығармасын да Кубань өзенінің оңтүстігінде орыс княздары Святослав (965 ж.) пен Мстиславтың (1022 ж.) касогтармен жүргізген соғыстары туралы ақпарат бар. Касог термині бірінші рет VIII ғасырдың аяғы - IX ғасырдың басында монах Епифанийдің шығармасында ауызға алынады. Бұл ақпардан касах, касахия, касак, кашак, касог атаулары алдыңғы орта ғасырлардағы белгілі бір шағын кавказ тайпасын білдірудің әр алуан түрлері болып табылады деген тұжырым шығады. Кавказтанушылар касогтарды (ертедегі грузин ескерткіштерінде кашаг түрінде белгілі) Кіші Азияның хет-то-несит дәуіріндегі каска/кашка этнонимімен көптен бері жақындастырып жүр. Осыдан касогтардың қазақтарға қосылысы туралы көзқарас қаншалықты ақталған және дәлелденген деген заңды сұрақ туады. Қазақ этнонимінің касог, касахия атауымен байланысы туралы пікір - мейлінше декларативтік сипаттағы пікір, олардың арасыңда ешқандай тарихи сәйкестік болмаса да, ол пікір сөздердің үндестігінен туындайтын болжамға негізделген. Касогтар автохтондық кавказ тілдерінің біреуінде сөйлейтін абхаз-адыгей тобының ерекше кіші тобына кірген. Тілі, шыққан тегі, тұрмыс жағдайы және дене тұрпатының ерекшеліктері жағынан олардың қазақтардан және олардың түркі тілдес ата-бабаларынан айырмашылығы күшті. Касогтардың этникалық бөліну процестері және соларға байланысты Кавказдан орта ғасырлар дәуірінде Қазақстан аумағына көшуі байқалған жоқ. Касогтардың көршілері Балқанға барып қоныс теуіп, оған қазіргі Болгария атағын берген ертедегі түркі тілдес бұлғарлардың тарихи аренада атқарғаны сияқты рөл оларға берілмеді.
Сондықтан касогтардың қазақтармен байланысы туралы пікір ешқандай сын көтермейді. Әдебиетте қазақ сөзін араб тарихшысы Ибн Асам әл-Куфи айтады-мыс деген 3. В. Тоганға сілтеме жасайтын көзқарас та бар. Біз денқойып отырған термин Арран мен Дағыстанда хазарларға қарсы соғыс жүргізген араб қолбасшысы Марванға арналған «Китаб әл- футух» тарихи шығармасында (IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың басы) айтылады. Еңбектің түпнұсқасында былай деп жазылған: «736 жылы Марван Касак деп аталатын жерде қыстап шықты, Кура өзенінен өтіп, Шаки қаласына беттеді». Контекстен әл- Куфидің туындысында қазақ термині болмағаны, бірақ Үлкен Кавказдың таулы ауданында, Азербайжанның батысында орналасқан Касак деген жердің аталатыны көрінеді. Касак және қазақ терминдерін VIII ғасырдағы хронологиялық проблемаларға байланысты ғана емес, сонымен бірге бір-бірінен алшақ жатқан тарихи, географиялық және шаруашылық-мәдени өлшемдер кешені бойынша да салғастыруға болмайды. Фин алтайшысы Г. И. Рамстедке барып тірелетін тағы бір пайымдауды көрсете кетуге болады, ол қазақ терминін монғолдың «хасаг-терген» деген сөз тіркесінен шығарады. «Қасиетті жылнамада» (XIII ғ.) айтылатын бұл қос сөзді ұғым арбаны білдірген. Иранист А. А. Семенов қолдаған бұл көзқа-растың еш дәлелі жоқ. Оның иланымды болмайтын себебі - синхрондық тұрғыдан алғанда да, тарихи перспективасы тұрғысынан алғанда да «хасаг-терген» термині Қазақстанды мекендеген түркі тілділер арасында арбаның атауы ретінде көрініс таппаған. Енисейден табылған VIII ғасырдағы ертедегі түрік ескерткішінен В. В. Радлов «қазғақым оғлым» (менің асырап алған ұлдарым) деген тіркесті оқыған.
Сыртқы ұқсастығы жағынан ғана емес, сонымен қатар «қазғақ» және «қазақ» терминдері мәндерінің жақындығы негізінде В.П.Юдин бұл сөздерді салыстыруға болады деген. Зерттеушінің пікірінше, «қазғақым» ұғымындағы «ғ» дыбысының VII—VIII ғасырларда түріктердің ауызекі сөзінде қолданылуы әбден мүмкін, ал кейініректе түсіп қалып, бұл сөздің қазақ түріне ие болуы ықтимал. Ол «қазғақ» түріндегі «қазақ» терминін кейіннен этникалық мағынаға ие болған саяси мәні жағынан алып қараған. Бұл көзқарас түркі тілдерінің тарихи фонетикасының зандылықтарымен үйлеспейтіндігі себепті ол бұдан кейін мамандар тобынан қолдау таппады. Сонымен бірге нарративтік деректемелердің басқа материалдары негізінде Қазақстан аумағы шегінде шоғырланған бірнеше салыстырулар жасалды. Олардың бірі үш қарлұқ тайпасының «хасактар» (хаски) деп оқылуы жөнінде И. Маркварт айтқан пікір болып табылады, зерттеушілер соңғыларын қазақтармен салыстырды. Бірқатар авторлар қазіргі кезде де осы көзқарасты ұстанғанымен, оны дәлелденген деп санауға болмайды. Тоғыз қарлұқ тайпасының атауларын XIII ғасырдағы парсы тілдес әдебиетші Ауфидің «Джавами әл-хикаят ва лавами ар-риваят» антологиясының көрінеу бұрмаланған мәтіні бойынша Маркварт ұсынғандай оқу алдын ала, сындарлы емес сипатта болды. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда мекендеген қарлұқ конфедерациясы туралы қарастырылып отырған мәліметтер ІХ-Х ғасырларға жатады. Неғұрлым ертеректегі жазбаша ескерткіштерден, атап айтқанда, әл-Марвазидің арабша географиялық еңбегінен алынған материалдарға В.Минорскийдің текстологиялық және салыстырмалы-тарихи талдау жолымен қарлұқтардың тайпалық Құрамы жөніндегі контекстің оқылуына елеулі түзетулер енгізді. Бұл ретте, «хасактардың» орнына «баскиль» деген негізделген коньюнктура енгізілді.
Фирдоусидің (935—1020) «Шахнамасында» қазақ халқы және қазақ хандары туралы айтылғаны жөнінде А.Левшиннің пайымдауы негізінде кейбір ғалымдар қазақ халқының құрылуын X ғасырға жатқызады. Солай бола тұрса да, ғылыми әдебиетте шығыстанушылар парсы авторының тарихи дастанында «қазақ» термині туралы ешқандай ақпарат жоқ екенін талай рет көрсетті. Бұл түсініспеушілікті түсіндіруге болады және оған қайран қалуға болмайды, өйткені А.Левшин өз білімі қаншалықты мол болғанымен, қазақтар мен олардың ортасының тарихшысы, алайда ол парсы және араб тілдерің білмеген. Сонымен, ұсынылатын болжамдардың көп жағдайларында салыстыруға келмейтін атаулар салыстырылды. Сонан соң, этнонимдер нақты-тарихи көзқарастардың бүкіл жиынтығында емес, қайта оқшау алып қарастырылды. Соның ішінде этникалық процестердің өзі - этностағы уақыт жағынан өзгерістер ескерілмеді. Әдетте, деректемелерде этнонимнің пайда болуы халықтың құрылу уақытымен сәйкес келе бермейді. Зерттеу жұмыстарында этноним мен этностың нақты-тарихи жағдайлардағы арақатынасы проблемаларын талдап шешу қажеттігін түсіну әсте де барлық уақытта бірдей бола бермейді. Ал белгілі бір этноним этностың (тайпаның, тайпалар одағының, халықтың, ұлттың) әр түрлі жай-күйін білдіре алады. Мәселен, бәз-баяғы бір этноним (қыпшақ) жағдайында III ғасырдан XIII ғасырға дейін қыпшақ этносы этникалық дамудың әр түрлі бес жағдайында - Ішкі Азиядағы тайпадан Қазақстан аумағында қыпшақ халқы қалыптасуының аяқталу кезеңіне дейінгі жағдайда болды. XIII ғасырдағы монғол шапқыншылығы қыпшақ халқының белгіленіп қалған құрылу процесін үзіп тастады. Монғолдарға дейінгі кезеңнен айырмашылығы, одан кейін қыпшақ қоғамындағы тарихи процестің дамуы олардың өзінің этникалық қалыптасуы бойынша жүрмей, олардың бөлшектенуі, ең алдымен қазақ халқының, сондай-ақ толып жатқан өзге де түркі тілдес халықтардың құрылуына қатысу арнасына түсті. Бұл кезеңде қыпшақтар этникалық дамудың енді басқа бір таксономикалық деңгейінде болды. Сөйтіп қыпшақтардың тарихи құрылған этникалық қауымдары қыпшақтардың белгілі бір этнонимі жағдайындағы серпінділігі мен өзгеруі кезінде қалыптасты. Бір этнонимді басқаларымен салыстыру жай ғана декларациялауды емес, қайта асқан дәл зерттеулер жүргізуді сөзсіз қажет етеді. «Қазақ» сөзінің өзі қыпшақтар мекендейтін аймақта пайда болған деп санауға барлық негіздер бар. Бір қатар түркологтардың пікірі бойынша, «қазақ» терминінің бастапқы таралған жері Шығыс Дешті Қыпшақпен байланысты болған.
Қыпшақ тіліне тән осы фонетикалық ресімделуінде «қазақ» сөзінің пайда болуынА.Н.Самойлович уақыты жағынан ерте дегенде XI ғасырға жатқызған. Жазбаша әдебиетте «қазақ» термині 1245 жылы мамлекеттік Египет мемлекетінің қыпшақтары ортасында жасалған араб-қыпшақ сөздігінде жазбаша деректемелер ішінде бірінші рет қолданылған деп саналып жүр. Онда «қазақ» сөзіне «еркін, кезбе» деген мән беріледі. Бұл семантика «қазақ» терминіне әлеуметтік мағына берілген және өз руынан, тайпасынан, мемлекетінен бөлініп шығып, тіршілік құралдарын соғыс істеріне қатысу арқылы тапқан индивидтерді, адамдарды білдірген деп санауға мүмкіндік берді және ол қазақшыландыру институтымен байланыстырылды. «Қазақ» ұғымының пайда болуы уақыты жағынан XIII ғасырдан неғұрлым ертерек кезге жатады деп санауға да болады, алайда жазбаша Ескерткіштерде хронологияны нақтылайтын ешқандай да тікелей деректер жоқ. Айта кетелік, бұл жөнінде жанама мәліметтер бар. Қазаққа айналу институтының сипаттамасы мен жұмыс істеу уақытын сипаттау үшін X ғасырдағы араб географы Ибн әл-Факихтің шығармасында мейлінше қызықты мәліметтер бар, бұл шығармасында ол оғыз ханзадасы Балқиқ ибн Жабғудың мынадай мазмұндағы әңгімесін келтіреді: «Менің аталарымның бірі,- дейді Балқиқ, сол кезде патша болған әкесіне ашуланып, одан бөлініп кетіпті. Ол өзіне келгендерді, жасақтарды және талап-тонауды ұнататын басқа да адамдарды серік етіп алыпты. Ол елдің шығысы жағына бет алып, адамдарға шабуыл жасап, өзінің және өз серіктерінің жолында кездескендерін қолға түсірген». Бәрінен де IX ғасырға жататын қазаққа айналудың осы, тегінде, классикалық суреттеуінде Ибн әл-Факих «қазақ» терминінің синонимі ретінде арабтың «су'луқ» сөзін алса керек. «Салақа» деген атпен әрекет жасайтындар бәдәуилерде тайпада өзіне орын таба алмаған, сондықтан топтар құрып, талап-тонау арқылы бақытын іздеуге аттанған кедей және алғыр адамдарды білдірген. Терминдегі айырмашылықтарына қарамастан, екі түрлі көшпелі қоғамдардағы қазаққа айналу институтының мазмұны жағынан сәйкес келуі айқын аңғарылады. Балқиқ ибн Жабғу ханзаданың суреттелген әңгімесі, сірә, Сырдариядағы оғыз билеушілері жабғулардың тарихи арқауы, орта есеппен алғандағы көрсеткіштер бойынша, IX ғасыр деп белгіленетін оқиғаларымен байланысты болса керек.
Өкінішке қарай, Ибн әл-Факих арабтың «су'луқ» терминінің оғыз синонимін келтірмейді. Айта кетейік, оғыздарда мұндай ұғым сол кездің өзінде-ақ қыпшақгар ортасы қабылдап алған «қазақ» термині болуы мүмкін. Мұндай сілтеме оғыздар мен қыпшақтардың сан ғасырларға созылған аса тығыз этникалық-саяси және этникалық-мәдени өзара байланыстарының сайып келгенде генетикалық, тілдік, әлеуметтік және шаруашылық-мәдени жақындығын қалыптастырған объективті мән-жайларынан ғана туындамайды, сонымен қатар ол жазбаша деректемелердің қосымша материалдарына да негізделген. Мәселен, XIII ғасырда хорасан түрікмендері арасында антропоним құрамында «қазақ» термині ұшырасады. «Данишкеде-и Маққул у Манқул» кітапханасы қолжазбасы бірінің колофондағы белгіде былай деп айқын қолтаңбамен жазылған: «Бұл қолжазбаны Біләл ибн Жабрайыл бин Мұхаммед Әли ат-Туркмани әл-Қазақи сатып алған, хижраның 660 жылы» (яғни біздің заманымыздағы 1262 ж.). Бұл тікелей жеке есімдегі әл-қазақи сөзін, сірә, этникалықтегін (түрікменнің) көрсететін басқа нисбамен қосарластырыла ұштастырылған нисба ретінде қабылдаған жөн. Әл-қазақ терминінің түрікмен этнонимімен ұштастырылуы бұл ұғымның әдеттегідей әлеуметтік сипаты болмай, қайта этникалық сарыны болған деп санауға мүмкіндік береді. Қарастырылып отырған есімнің өзінде, 3. В. Тоганның пікірінше, хора-сан түрікмендері қоғамындағы қыпшақ қазақтарының өкілі айтылып отыр. Одан кейінгі уақытта Рашид ад-Дин Раб-и-Рашидидің хорезм-хорасан жазбасына жататын «Вақфнаме» деген жазбаша құжатында сөзсіз этникалық сипаты бар «қазахлу», «қазахлар» атауының кездесуіне қарағанда, бұл аймақта қазақтар айтарлықтай топ болған. Ол кезде «қазақ» түрі қыпшақтардың тіл нормаларына сәйкес келсе, түрікмен-оғыз ортасына «қазақ» деп жазылған терминнің занды болғаны атап өтерлік. Баяндалған материал ІХ-Х ғасырларда Шығыс Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында «қазақ» атауымен әлеуметтік, ал XI-ХІІ ғасырларда этникалық әлеуметтік топтардың болғаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Алайда бұдан монғолдардан бұрынғы уақытта қазақ этносының қалыптасуы туралы, оның бер жағында қазақ халқының құрылуы туралы тұжырым жасамаған жөн. Оның бер жағында басқасы да айқын XI-XII ғасырларда қыпшақтайпаларының топтасуы қазақ қауымдастығы қалыптасуының маңызды кезеңі болды. ХІ-ХІІ ғасырларда Қыпшақ хандығында этникалық процестердің даму барысында қазақ халқының этникалық ұйытқысы қалыптасады. Монғолдардың жаулап алуы қыпшақ тайпаларының едәуір топтары Дешті Қыпшақ шегінен бытыратып жіберді. Қыпшақтардың орын ауыстыруы қазақ терминінің орын алуына және оның әмбебап мәнге ие болуына себепші болды. «Қазақ» сөзі тұтас алғанда алуан түрлі еріктілерді айту үшін қолданылды.
Ол кезде этникалық және мемлекеттік кедергілерге қарамай қазаққа айналып, қазақ бола берді. Мұсылман деректемелерінде түрік халықтарында қазаққа айналу — қазақлық институтының кең таралғаны атап өтілген. XIV ғасырдың басында байырғы дәстүрлер жаңғыру барысында қыпшақ тайпасы ұйытқы болған жергілікті этникалық негізде алғашқы ірі мемлекет Ақ Орда құрылды. Ақ Орда этникалық құрамы жағынан қазақ халқы болса да, оның атауы деректемелерде кейінірек жазылып, анықталды. Дәлірек айтқанда, XV ғасырдың екінші жартысында қазақ халқы құрылғаннан соң, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын «қазақ» атауы этникалық маңызға ие болды.
№32 сұрақ. «ТАРИХИ РАШИДИ» – «Рашидтің Тарихы» – 1499 – 1551 жж. өмір сүрген тарихшы, мемлекет қайраткері. Мұхаммед Хайдар Мырза Дулатидің еңбегі. «Тарихи Рашиди» 1541 – 46 жж. аралығында Кашмир өлкесінде жазылған. Еңбекте 14 ғ. ортасынан 16 ғ. 40-шы жылдарына дейінгі Моғолстанның, Шығыс Түркістанның тарихы баяндалады. Сондай-ақ, «Тарихи Рашидиде» 14 – 16 ғ. Қазақстан, Орта Азия, Ауғанстан, Солтүстік Үндістан, Тибет тарихына қатысты құнды көптеген мәліметтер бар. «Тарихи Рашиди» парсы тілінде жазылған шығарма. Ол екі бөліктен (дафтар) тұрады және 1541/42 жылы екінші бөлік, ал 1546 ж. бірінші бөлік жазылған. Бірінші дәптер хронологиялық жағынан алғанда Моғолстан мен Қашқариядағы Тоғылық Темір ханнан (1347/48 – 1362/63 жж. билік құрған) Рашид ханға (1533 билікке келген) дейінгі кезеңді қамтиды. 70 тараудан тұратын бірінші дәптер тарихи баяндау түрінде жазылған. Екінші дәптер мемуарлық сипатта жазылып, автордың дүниеге келген кезінен 1541/42 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл дәптер 117 тараудан тұрады, көлемі жағынан бірінші дәптерге қарағанда 4 есе көп. Кітаптың «Тарихи Рашиди» деп аталуының үш себебі болған: 1)Тоғылық Темір ханды ислам дініне енгізген Аршададдин шейхтың құрметіне; 2) Тоғылық Темір ханның өз халқын дұрыс жолмен (Рушд) бастап жүргенінің құрметіне; 3) Сол кездерде Қашқарда билік құрып отырған Абдрашид ханның құрметіне арналған. «Тарихи Рашидидің» тарихи және мемуарлық бөліктерінде Моғолстандағы Шағатай әулеті билеушілерінің тарихы жүйелі түрде баяндалады, дулат тайпасы әмірлерінің өміріне қатысты тарихи жәйттер суреттеледі. Сондай-ақ, Орта Азияда Темір әулетінің құлап, Шайбанилық әулеттің орнығуы, Сұлтан Сайд ханның Қашқарға баруы мен онда билікке келуі, моғол хандарының көрші аймақтарға жорықтары, моғол хандарының Қазақ хандығымен, Шайбанилар әулетімен қарым-қатынастары және т.б. көптеген мәселелер қарастырылады. «Тарихи Рашиди» еңбегінің ортағасырлық Қазақстан тарихы үшін маңызы өте жоғары. Алғаш рет бұл еңбекте 15 ғ. ортасында Қазақ хандығының Шу өзені бойымен Қозыбасы тауы аралығында құрылғандығы, 15 ғ. ортасынан 15 ғ. 30-шы ж. аяғына дейінші Қазақ хандығының қысқаша саяси тарихы баяндалады. «Тарихи Рашиди» еңбегінің деректеріне моғолдар арасында Шағатайлық хандарға, дулат әмірлеріне қатысты кең таралған тарихи аңыз-әңгімелер, автордың өзі көріп, қатынасқан оқиғаларды баяндауы, сондай-ақ, тарихшылар: Йаздидің, Рашид ад-Диннің, Қаршидің, Йақуттың, Жувейнидің, Абдразақ Самаркандидың еңбектеріндегі мәліметтер негіз болған.
«Тарихи Рашиди» Шығыста кең тараған және танымал болған шығарма. Көптеген ортағасырлық авторлар: Амин бен Ахмед Рази, Хайдар бен Али Рази, Махмуд бен Уәли, Шах Махмуд Уорас, Мұхаммад Қасим Фиришта және т.б. Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Үнді, Ауғанстан тарихына қатысты тарихи, географ. мәліметтерді «Тарихи Рашидиден» алған.
«Тарихи Рашидидің» нұсқалары әлемнің көптеген қалаларының қолжазбалар қорында, ТМД елдері ішінде Санкт-Петербург, Ташкент, Душанбе қалаларында сақтаулы.Еуропа ғалымдары ішінде «Тарихи Рашидидің» деректерін В.Эрскин 19 ғ. ортасында пайдаланса, Денисон Росс 1895 ж. алғаш рет еңбекті ағылшын тіліне аударып, баспадан шығарады. Орыс тілінде «Тарихи Рашидидің» деректерін бірінші рет ХІХ ғ. ортасында В.В. Вельяминов-Зернов өз еңбегінде қолданады. «Тарихи Рашидидің» орыс тіліндегі толық ғыл. аудармасы 1996 ж. Ташкентте, 1999 ж. Алматыда жарыққа шықты.
№33 сұрақ. ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда Қазақ Ордасы нығая түсті, оның шекарасы қазақтардың этностық аймағының негізгі бөлігін қамтыды. Күмән келтірмейтін деректерге қарағанда 1695 жылы Қазақ Ордасына 32 қала кірген. Сол тұстағы тарихшы Нұр-Мүхаммед былай деп жазған: "Қазақ хандарының ерекше мекендері бар. Үлкен Орданың сарайы - Тәшкентте, Орта Орданікі Түркістанға орналасқан. Қалада көңілі соққанда ғана тіршілік етеді, көбіне ордаларымен далада көшіп жүреді. Шаруаларына қалдырып кеткен арнайы адамдары иелік жасайды". Қазақ жерінде мемлекет қалыптастырудың бай тәжірибесі бар. Мұнда әуелде басқарушы бекзаттардың дәстүрлері, әдет-ғүрыптары, беделіне негізделген билік үстемдік жүргізді. Түркі қағанаты кезеңінен бері қарай өктем билікке ауысу басталды. Жоңғар шапқыншылығы кезінде биліктің екі түрінің бірігуі орын алды. Өзіндік далалық демократия орнықты, онда хандардың (Шыңғыс әулетінің) мықты билігімен қатар халықтан шыққан билер мен батырлардың ықпалы күшейді. Осы мемлекеттердің барлығында да жауынгерлер жинақтаудың жүйесі, билік ету мен бағынудың қарым-қатынастарын реттейтін қүқықтық тәртіп орнады. Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі қалыптасуы - уақыт жүйесіндегі тынымсыз ғамалия - этнополитогенездің оның мемлекеттігінің өткені, бүгінгісі мен болашағына қатынасы. Бірақ бұл үздіксіз процесс тарих мезгілінің әрқилы сатыларында оның сандық және сапалық тұрақтылығын бейнелемейді. Сондықтан сандық және сапалық өзгерістердің ара қатысына, егемендік нышандарының пісіп жетілуіне қарай көшпенді тайпалар этнополитогенезінің даму уақытын дәуірлер мен кезеңдерге саралап жіктеуге болады. Түптеп келгенде, олардың барлығы да Қазақстан мемлекеттігінің қалыптасуын бейнелейді. Жалпы біздің мемлекеттің қаз түруы мен дамуы уақыт бойынша үздіксіз де үзілмейтін жағдаят. Өйткені қола дәуірдің басында пайда болған еуразиялық далалықтардың тарихы мен мәдениетіндегі бірлік пен сабақтастық жоғалған жоқ, тек қана көнетүркілік дәуірдің тууына орай жаңа этностық реңдерге ие болды. Көптеген өзге халықтар сияқты, қазақтардың арғы аталары өздерінің жалпы мемлекеттігіне біздің дәуірдің орта ғасырларында келді. Қазақ мемлекеттану пәнін зерделеу түрғысынан алғанда, Қазақстан Республикасының егемендігінің бой көтеруі тұрғысынан алғанда қазақтардың бірнеше мың жылдықтарға созылатын ұлттық мемлекеттігі тарихын төрт дөуірге бөлуге болады:
Қазақтардың арғы аталары - далалықтардың бірлескен тіршілігін потестарлық тұрғыда ұйымдастыру дәуірі. Бұл жерде далалықтардың табиғи қоғамдастықтарының ұйымдастырылуын айтып отырмыз;
Қазақ мемлекеттігінің әулеттік (династиялық) дәуірі;
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздікке конституциялық даму жолымен жақындау дәуірі,
Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастықта тәуелсіз мемлекеттік даму дәуірі.
Батыс Еуропаның ақсүйек корольдіктері мен Қытайдың төрешілік империяларына қарағанда далалық ұлыстар әскери демократиялар ретінде өмір сүрді. Хан құрылтайда сайланатын, ал билік оның танымалдығына бағынышты болды. Сайып келгенде хан, патша, немесе өмір бойлық президент болмаған,- деп атап көрсетеді Л. Гумилев, - оның айырмасы -ол қайта сайланбайтын, тақты тек өмірімен бірге тапсыра-тын болған. Биліктің қоғам алдындағы жауапкершілігі осылайша жүзеге асырылған. Қазақстан аймағында пайда болған, тайпалары кейін қазақ халқының негізін қалаған мемлекеттерде отырықшы егіншілердің мәдениетімен астасқан көшпенді өркениетке тән биліктің өзіндік саяси жүйесінің іргесі бекіді. Ол өзіне әскери-ақсүйектік далалық демократияның нышандарын жинақтаған өктемдік-ақсүйектік биліктің қосындысы іспеттес болды. Қазақ қоғамында монархияның, парламентаризмнің және де басқа биліктін классикалық түрлерінің болмауы Қазақстандағы мемлекеттік бастауының тұрпайылығы немесе жабайылығы деуге ешқандай хақымыз жоқ. Мұндағы өркениет пен мемлекеттік құрылымның Еуразия халықтарындағыдан бірде бір кем еместігіне күмән келтіруге болмайды. Сонымен қатар биліктің осынау екі түрінің өзінде көп-теген бір нышандар мен өзгешеліктер бар. Хан лауазымы бізге Орталық Азия көне түркілерінің дәуірінен жетсе, президент қызметі демократиялық Еуропадан келді. Хан болуға тек таза қанды шыңғыстық, билеуші хандық-сұлтандық әулет мүшесінің ғана құқығы бар еді, ал Қазақстан президенті болып белгілі бір әлеуметтік-демократиялық өлшемдерге лайық кез-келген азамат сайлана алады. Президент тұлғасы қол сұғуға жатпайды, ал хандарды билік үшін тәжіге, текетірес барысында өлтіріп тастау онша қиын болмаған. Ханның тағында әрқилы адамдар отырған және олар бір-біріне жеке қасиеттері, саяси салмағы, тағдыры және тарихтағы орны жағынан ұқсамайтын болған. Олардың ішінде қуатты топтық-рулық ақсүйектердің қақпалауындағы қол-жаулықтар да кездескен, сондай-ақ айтарлықтай адуын, оз-быр түлғалар да болған. Бірақ, ортағасырлық хандарды да, қазіргі заманғы билеушілерді де біріктіретін жалпы жағдаят - халықтың олардан мемлекеттік құрылыс, мықты биліктің бейнесін, ұлттық тәуелсіздік пен аймақтық тұтастықтың өзіне бейбіт өмір мен тыныштықты қамтамасыз ететіндей кепілдігін көргілері ке-леді. Халық өз билеушілерін Дана, Ұлы, Жаужүрек деп қана емес, егер олар "ылайық" болса Қанішер, Алабақан, Майкөт деген тым "тоңторыстау" теңеулерге де теліген. Қазақтық саяси дәстүр, хандардың жоғарғы билеушілер және жөн сілтеушілер тұрғысындағы шек келтірілмейтін ролін мойындай отырып, сондай-ақ бүкілхалықтық жиындар мен құрнылтайларға өлшеусіз хан билігіне қарсы тұрар өзіндік күш ретінде иек артқан. Көшпенділер парламенті - құрылтайдың ең жоғары алқалы сессиялары жыл сайын күзде Күлтөбе мекенінде шақырылып ішкі және сыртқы саясаттың барлық маңызды мәселелерін талқылап отырды. Мұндай құрылтайлардың шешімдерінде заң күші болды жөне олар баршаға бірдей міндеттілігімен ерекшеленді. Тарих жас мемлекеттің тағдыры шешуші шақтарда, көп жағдайда оның басшысының түлғасына көп тәуелді болады деп үйретеді. Қасым, Хақназар, Есім, Тәуке, Абылай, Кене-сары сияқты ерен түлғалы хандары болған, Қазақ мемлекеті гүлдену мен өрлеу дәуірін бастан өткерді, онымен жақындағы, алыстағы көршілері санасты да. Сондай-ақ әлжуаз және жігерсіз билеушілер мемлекет пен халықты ажал жиегіне сан алып келді, өзара қырқыс пен былыққа душар етті. Қазақ халқы, Мұхтар Әуезов айтқандай, "далалар мен ғасырларда тыным таппай көшіп жүрген трагедиялық кезбе іспеттес" ғасырлар бойында жан сақтауға, мәдени тұрғыдан тірі қалуға, ұлттық жөне адами қадір-қасиетін сақтау, өзіндік ерекшелікке деген құқығын сақтай отырып, күресіп бақты. Сондықтан бүгінде біздің жетекшілеріміз бар күш-жігерін Қазақстанның қайта жаңғыруы мен демократиялық негіздердің бекуіне жұмсауы керек. Қазіргі Қазақстанды оның өткені мен жақсы да нашар тарихи дәстүрлерін білмей түсіну қиынға соғады. Тарих пен қазіргі заман қашанда бір-бірін демеп, қол ұстасып қатар жүрген. Тек тарихтан саяси және адамгершілік сабақтарын ала білген абзал. Біз бүгінде отан тарих сабағында отырған шәкірттер іспетті оның сарғайып кеткен беттерін жаңадан аударыстырып отырған жайымыз бар. Осылай еткенде ғана көптеген қазіргі мәселелердің тамыры ғасырлар қойнауына, Қазақ Ордасының туған, өрлеген және құлдыраған дәуіріне бойлап баратындығын бағамдаймыз. Қазақ тарихының шымыр да шоғырлы тұсы деп ХҮІІ ғасырдың екінші және ХҮІІІ ғасырдың алғашқы жартысы бекерге аталмаса керек. Осынау кезең қазақ үлтының тарихындағы ең ауыр белес болып табылады, сонымен қатар халық санасына жоңғарлардың шапқыншылығынан туындаған қасірет пен жоқшылық жайлаған жылдар ретінде сіңіп қалды. Жалпы адамзат тарихында орта ғасырдың соңын ала айқын байқалған акселерациялық нышандар, технократтық дамудың төбе көрсетуі, отты қарудың пайда бола бастауы, құрлықаралық ықпалдастықтың қарқын алуы енді ел болып, еңсе тіктей бастаған Қазақ Ордасына да өсер-ықпалын тигізбей қалған жоқ. Дәл осы тұста Қазақ Ордасымен іргелес өңірде Жоңғар Ордасы да бой көтеріп, айбынды күшке айналып үлгерген. Ұлы дала экожүйесімен кіндіктес көшпенді өмір салты қалыптастырған Қазақ, Жоңғар Ордалары өздерін әлі де болса табиғаттың қарсыластары емес, табиғаттың бел баласындай сезінетін. Алайда, сол кездегі Қазақ, Жоңғар Ордаларының батысы мен шығысында аграрлық мәдениетін дәуірлетіп, технократтық дамуға тұяқ іліктіріп үлгерген елдер үшін көшпенді өмір салты жәй ғана анохранизм емес, олардың кең қарымды стратегиялық ындындарының жүзеге асуына әрі кедергі, әрі әлі де болса қауіпті күш еді. Мұндай ахуал, әсіресе, Ресей мен Қытайды аландатып, бүйірлеріне шаншудай қадалды. Олар қайтсе де, осынау тау суындай екпінді көшпенді екі мемлекетті бір-біріне айдап салу арқылы ғана аз шығынмен өз мақсаттарын жүзеге асыруға болатынын жақсы түсінді. Бұл мақсаттарын жүзеге асыру жолындағы әрекет барысында Ресей мен Қытай бәсекелес болды және қолданған қулық-сұмдықтары жөнінен бірінен-бірі асып түсті. Әсіресе, Ресей жоңғарлармен елшілік орнатып, отты қарулармен астыртын жасақтап, оларды қайтсе Қазақ Ордасымен арандатудың неше түрлі зымиян шараларын жасады. Ресей патшалығы ойластырған осы шаралардың ішінде, Жоңғар мемлекетінің Торғауыт, Дүрбіт, Хошауыт сияқты іргелі тайпаларына Қазақ Ордасының жерін аттатып өткізіп, Еділ бойынан қоныс беру қазақ пен жоңғар арасындағы ғасырдан астам уақытқа созылған қанқасап соғыс өртінің тұтануына себепші болды. Жоңғарлар мен қазақтардың әскери қарым-қатынас, қақтығыстарын суреттеуге көшпес бұрын "жоңғар" атау сөзінің мағынасын аша кеткен жөн деп есептейміз. Жоңғар - ұлт емес. Бүл атау "сол жақ", "сол қанат" деген түсініктен шыққан. Бір деректерге қарағанда Шыңжаң, Шығыс Түркістан аймағын Тянь-Шань таулары, дәлірек айтқанда Хан-Тәңірі ұлы шыңының өзі екі бөлікке бөледі. Егер адам Хан-Тәңірінің ұшар биігіне көтерілсе, оның сол қолы жағында "Сол-түстік ойпат" - Жоңғар, оң қолы жағында "Оңтүстік ойпат" -Қашғар көсіліп жатады. "Ғар" деген сөз түркі тілінде ойпат, үңгір, шүңқыр дегенді білдіреді. Кейбір мәліметтер бойынша, Шыңғысхан армиясы "сол қанатының" "жоңғар" деген атауы болған. Бұл кезеңде Жоңғарияны түркілік және моңғолдық төркіні бар ойраттар жайлады. Ол шорас, хошауыт, торғауыт, дүрбіт тайпаларының әрқилы атаулары. Бұларды да жоңғарлар деп атаған. Сөйтіп, "жоңғар" термині, қалмақтар, ойраттар, элюттер - сайып келгенде "сол жақтың", "сол қанаттың" адамдары. Олар ХІҮ ғ. екінші жартысында .моңғолдар ханы билігінің астынан шығып, өз жетекшілері - тайшылардың қол астына қараған, "Ойрат одағын" құрып, ыдыраған тайпаларды біріктірген. Жоңғарлар өз дәуірінде Ұлы Қытай қабырғасы мен Ти-ет, екінші жағы - Моңғолия мен Жоңғар ойпаты аралығындағы аймаққа билік жүргізген. Олар ғасыр бойына Қытай империясы мен Қазақ даласы арасындағы жұмсартқыш (буфер) рөлін атқарып, қытайлардың шығыстан мезгіл-мезгіл тықсыруларын тежеп отырған. ХҮ ғасырда қытай саясатшылары жоңғар мемлекетінің ішіндегі алауыздықтарды пайдаланып, оларға қарсы жорыққа шығады. Жаугершілік зардабынан жоңғарлардың бір бөлігі өз жерінде қалады да, қалғандары елді тастап кетуге мәжбүр болады. Отандарын тастап шыққан жоңғарлардың бір бөлігі Қазақстан аймағында, Самара далаларында, Қалмақияда тұрақтанып қалады. Қазіргі Қалмақияда сол жоңғарлардың ұрпақтары түрып жатыр. Жоңғар тілі қазақ тілімен тамырлас болғандықтан, біздің жерге орныққандары қазақтарға сіңісіп кетті. Қытайдың Іле автономиялық облысында ойрат-жоңғарлардың төрт автономиялық мекендері бар. Сондықтан кейбір тарихшылардың жоңғарлар тарих сахнасынан мүлде жоғалып кетті деген тұжырым шындыққа сәйкеспейді. Жоңғарлар мен қазақтар ұдайы жауығып, ылғи шайқасып өткен деген пікір де - қате түсінік. Рас, олардың арасында әлсін-әлсін саяси, экономикалық, аймақтық тұрғыдағы келіспеушіліктр болып тұрған. Әскери әрекеттер көбінесе көрші империялардың саясатынан туындаған. Бұл тұрғыда Қытай мен Ресейдің қазақтар мен жоңғарлар арасындағы қарама-қайшылықтарды тереңдете түсу мақсатымен екі елді кезек көтермелеп отырғандықтарын айтсақ та жеткілікті. Қазақтар мен жоңғарлардың ылғи қырғи қабақ емес, бейбітшіл, кей шамада ағайыншылық қарым-қатынастары турасында мына мәліметтер куәлік ете алады. 1595 жылы Мәскеудегі қазақ елшісі былай деп жазды: "Сенің туысың Тәуекел Қазақ Ордасына хан болса, оның інісі Шахмұхамбет қалмақтардың ханы болып сайланды". Ал, хан Тәуекел Ре-сейге жолдаған хатында: "Мен қазақтар мен қалмақтардың патшасымын"деп жазған. Қазақ хандығы құрылған уақытпен бір мезгілде түркі тектес батыс моңғол халықтарының тобы, будда дінін ұстанатын қалмақтардың арғы аталарынан тұратын Жоңғар (ойрат) мемлекеті бой көтереді. Бұл тұста халықаралық жағдай былай болатын. Батыста - I Петрдің қазақ жерлерін өзіне қосуды мемлекеттік саясат деңгейіне дейін көтерген Ресей империясы. Қытай империясы тарапынан да басқыншылық қаупі аз төнген жоқ. Осындай жағдайды пайдаланған және дүрдараз көршілердің түртпектеуімен жоңғар-қалмақтар 150 жыл бойына, 1599-1750 ж. ж. аралығында қазақ жерлеріне ұдайы жортуылдар жасап тұрды. Қазақ жоңғар соғысы тарихының айшықты беттерінің бірі Салқам Жәңгір сұлтанның Ерден-Батыр Қоңтажының жер қайысқан қолына қарсы тұрып, Жоңғар мемлекеті билеушісінің ең басты мақсаты - Қазақ Ордасын талқандауына мүмкіндік бермеген ерен ерлігі болып табылады. Бүл әскери әрекеттерде Жәңгір жау әскерінің саны қаншама басым болса да, Қазақ Ордасының аймағы мен мақсаттарын қорғап қала алды. Белгілі тарихшы В. В. Вельяминов-Зернов Орбұлақ жеңісі туралы мақала жазса, кеңестік зерттеуші И. Златкин осы шайқас жөніндегі мәліметтер ауқымын өз кітабында толық келтіреді. Сөйте тұра, бес томдық "Қазақ ССР тарихында", 1993 жылы жарық көрген "Қазақстан тарихы" очерктерінде Орбұлақ шайқасы жөнінде мардымды ақпарат берілмеуі өкінішті-ақ жағдай. Кейбір авторларымыздың отандық тарих-тағы жеңістер мен ұлы істердің маңызын төмендетуге, немесе елемеуге тырысуы кездейсоқ емес, ол кезінде А. М. Панкратова атап өткен қазақ тарихшыларына тән тарихи шындықты көпе-көрнеу бұрмалап, ата тарихымызды әлсіретуге бейім аурудан арылмауымыздың себебі. Жәңгір сұлтанның Батыр Қоңтажыға қарсы әскери әрекеттерін жан-жақты су-реттеген авторлардың ең алқашқыларының бірі жазушы-зерттеуші М. Мағауин. 1644 жылы Жоңғарияға барып қайтқан орыс елшісі Жәңгір сұлтанның 600-ақ жауынгері болғанын жазады. Бәлкім, бұлар ататын от қаруы бар, әскердің авангардын құрайтын адамдар болар. Тұтанатын от қару-мылтық ол кезде Қазақ Ордасы ғана емес, бүкіл Орта Азияның әскері үшін соны жаңалық болатын. От қаруды қолданып, шайқас жүргізудің жаңа әдісін жүзеге асырған, шатқалға жақын жерлердің табиғи-жағрапиялық ерекшеліктерін ұтымды пайдалана білген Жәңгір, Ресейдің Сібір губернаторлығы жылнамасының мәліметіне қарағанда, екі ұрыста Қоңтайшының 10 мыңнан астам жауынгерін жойып жіберген. Ал үшінші шайқастың басталуына Қазақ хандығы мен Бүхар хандығының әскери одағының келісімі бойынша Самарқан өміршісі Жалаңтөс жиырма мыңдық әскермен келіп жетеді. Қосылған күштерге қарсы тұра алмаған Батыр Қоңтажы ұрыс даласын тастай қашады. Баяндауды аяқтай келе, мына бір жағдаяттарды атап өткіміз келеді. Біріншіден, Қазақ Ордасы мен Батыр Қоңтажы әскері арасындағы соғыс тұтқиыл, қысқа мерзімді, келте жорық емес, мұқият ойластырылған, жауласушы екі жақ та өздерінің барлық күш-қуатын сарқа жұмсаған, нәтижесінде әлденеше айға созылған кең көлемді қан майдан болды. Екіншіден, Жәңгір сүлтан жоңғарлардың елу мың қолын жеңді деп түсіндіріліп келген алты жүз адам, сайып келгенде қазақ әскерінің сауыт бұзар екпінді тобы, сол замандағы құдіретті қару - от қарумен қаруланған бір ғана бөлігі. Үшіншіден, қазақтарға көмекке 20-мындық қолмен Жалаңтөстің келіп жетуі жарты жылға жуық текетірестің шешуші оқиғасы емес, тек түйіндеуші факторы ғана.
№34 сұрақ. Қазақ жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі (б.д.д.2-1 мыңжылдықтар) мен темір дәуірі (б.д.д. 7-4ғғ.) кезеңдерінен басталады. Олар негізінен Қазақстанның жерін мекендеген (байырғы) тайпалардан құралған.
Этнос - (халық, тайпа, жұрт, ұлт) жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпІ ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним) бекітілген адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығы. Сондай-ақ территориясы да бірыңғай болуы тиіс.
Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, біздің жерімізде қола дәуірі (Андрон, Бегазы-Дәндібай мәдениеттері) мен темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың (сақ, сармат) иран тілдес болғандығы айтылады. Бұл кездегі тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық белгілері бар европеидтық нәсілдерге жатты. Қазақ халқының бастауына сақтар, үйсіндер, қаңлылар да кіреді.
Қазақ халқының шығу тегі туралы аспектілерге лингвистикалық және антропологиялық мәселелер жатады. Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі процестің екеуі де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге: үндіевропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Атап айтқанда, лингвистика жағынан қарғанда - ежелгі европалық- үндіирандық- прототүркілік-түркілік- қазақ. Түркі тілі Алтай тіл семьясына (монгол-манчжұр-танғыс) жатады. Алтай қауымдастығы мезолит дәуірінде Орта Азия мен Байкал бойында пайда болды. Түркі тіліне ғұн, оғыз, қыпшақ, үйсін, хазар. Тұнғыс-маньчжұр тобына - нанай, эвенкі, манчжұр.Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобының батыс тармағына жатады. Оған қарақалпақ, қарашай-балқар, башқұрт, қырым татары, қырғыз тілдері кіреді.Ал антропологиялық тұрғыдан қарағанда - европалық-европа-монголдық- монголдық-европалық. Бірінші кезеңде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үндіевропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді. Бұл кез б.з.д. 3-1 мыңжылдықтарды қамтиды.
Екінші кезеңде Қазақстанға шығыс жақтан көшпелі тайпалардың, ғұндардың Батысқа қарай қоныс аударуына байланысты, сақ және сармат тайпаларының жалғасы - үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен.
Б.з.б. 1 ғасырда Солтүстік ғұндардың құрамына кірген көптеген түркі тілдес тайпалар Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, Қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды. Ғұнжардың Қазақстанға өтуінің екінші толқыны б.з. 2 ғ. 1 жартысында орын алды. Бұл кезде солтүстік ғұндардың тайпалары Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып, 6 ғасырға дейін өмір сүрген Юэбань мемлекетін құрды. Ғүндардың біріктіруші ролінің арқасында сырттан келген тайпалармен байырғы тұрғындардың этникалық жақындасуы іске асты. Мұның өзі тайпалардың жаңа этникалық қауымдастығының қалыптасуына әкелді және сол этникалық процестердің бағыт-бағдарын айқындап отырды. Этномәдениеттік жағдайда түркі тілінің одан әрі дамып жайылған аймақтарда сол сияқты моңғол түрінің белгілі әсері де көбейді.
Сөйтіп, үйсіндер мен қаңлылардың монголоидтік нәсілге өтуі басталды. Бұл процесс тарихи деректерге қарағанда б.з. 1-5 ғғ. қамтиды, мұның өзі жергілікті жұрттың кескін-кейпіне, оның тіліне әсер еткені даусыз. Б.з. 6 ғасырынан бастап үйсін, қаңлы және басқа тайпалар тарих сахнасынан көрінбейді, аттары аталмайды. Оған себеп, бұл кезде Қазақстан жерінде , оңтүстік аймақта шығыстан Алтай, Сібір жақтан келген түркі тайпаларының басымдығынан болса керек. Олар негізінен байырқу, Бұлақ, қарлұқ, кимек, қыпшақ тайпалары еді. 6 ғасырда Қазақстан жері Түркі қағанаты құрамына енді. Осы қағанаттар құрамында 30-дан астам түркі тілдес ру-тайпалар болды. Үйсіндер мен қаңлылар оларға сіңісіп кеткен. 702 жылы Батыс түркі қағанаты тарағаннан кейін оның орнына Түргеш қағанаты (704-756), Қарлұқ қағанаты (756-940), Оғыздар (9 ғ. соңы 11 ғ. басы), Кимек қағанаты) 893-11 ғ. б.), Қыпшақтар (11-1219 ж.), Қарахандар (942-1212 ж.) өмір сүрді. Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсіресе екі мемлекеттің тарихи ролі күшті болды. Оның біріншісі Қыпшақ хандығы. Ертіс пен Еділ арасын мекендеді.
Қазақ халқының қалыптасуына ықпал еткен тағы бір мемлекет - ол оңтүстік, оңтүстік шығыс Қазақстанда өмір сүрген Қарахан феодалдық мемлекеті. Бұл мемлекетте қарлұқтардың ықпалы күшті болды. Шығыстан монғол тектес көшпелі халықтар жасаған шапқыншылық оңтүстік және оңтүстік -шығыс Қазақстанның қалыптасқан этникалық жайына соншалықты өзгеріс жасаған жоқ.
Алтай жақтан ығыса келіп, өздерінің мемлекеттік бірлестігін құрған наймандар мен керейттер Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына елеулі әсерін тигізді.
Бірақ осы бір сапырылыс кезінде шығыстан қидандардың (қарақытайлықтардың) шапқыншылығы болып, Қарахан мемлекетінің жағдайы нашарлайды. 13 ғ. басында Қарахан мемлекеті қайта көтеріліп келе жатқанда мронғол шапқыншылығы басталды. Сондай-ақ орталық, солтүстік, шығыс, батыс Қазақстан жеріндегі Қыпшақ мемлекеті де сондай жағдайға душар болды. Монғолдар екі мемлекеті де қиратты. Сөйтіп, халық болып қалыптасуы процесі 15 ғасырға дейін кешікті.
Монғол шапқыншылығы салдарынан тұтас Ұлыстар орнағанмен, Қазақстан жеріндегі ру-тайпалардың арасындағы байланыстар бұзылғанын, Алаш халқының әртүрлі аймақтарға (Жошы ұлысы, Шағатай ұлысы, Үгедей ұлысы, Алтын Орда, Ноғай Ордасы, Көк Орда, Ақ Орда) қарағанын да мойындау керек. Ірі ру-тайпалардың бірсыпырасы қоныс аударды. Мәселен, қыпшақтардың бір бөлігі солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірге көшті. Дегенмен тіл бірлігі жойылмады. Себебі бұл халық монғол шапқыншылығынан бұрын-ақ мәдени қалыптасып қалған еді. Қайта монғолдар түркіленіп кетті. Бірақ бұл кезде бұрынғы екі үлкен нәсілдің байырғы европеидтік және кейін қосылған монғолоидтік нәсілдердің күрделі араласуы нәтижесінде қазіргі қазақ халқы құрамының (антропологиялық, этникалық, лингвистикалық негізде) бірыңғай тұтас қосындысы келіп шығады.
Алайда, Қазақстан жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге ұшырап Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Атақты "92 баулы қыпшақ" атты шежіреде көрсетілген бұл ру-тайпалардың барлығы кейіннен қазақтардың құрамына кірді.
14-15 ғғ. феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында болып жатқан түрлі соғыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу пооцестері барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендерінің тарихи-географиялық, экономикалық және саяси оқшаулануының тарихи қалыптасқан жағдайларына байланысты этникалық жағынан біртұтастық пен бүтіндікке ұмтылды. Нәтижесінде үш этникалық-шаруашылық топқа бөлінді. Үш жүз осылай пайда болды. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Ұлы жүз Жетісу, оңтүстік қазақстанды, Орта жүз Орталық, солтүстік Қазақстан, Кіші жүз Батыс Қазақстан да болды.
Ұлы Жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлады. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, шанышқылы, ысты және т.б. Орта жүз Орталық Қазақстан мен солтүстік-шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етті. Оның құрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ т.б. Кіші жүздің мекені - Сырдың төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей жағы. Оның құрамындағы тайпалар одағы -Әлімұлы (Қарасақал, қаркесек, кете, төртқара, шөмекей, шекті. Беріш; Байұлы - адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқұрт, шеркеш; Жетіру (табын, тама, кердері, жағалбайлы). Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай құрылғаны туралы түрлі пікірлер бар.
Осы арада қазақтың үш жүзіндегі тайпалардың бірыңғай болмағанын айту керек. Мәселен, арғын, қыпшақ, алшын сондай-ақ басқа руларға да жататындар үш жүздің қай-қайсысында да кездеседі.
Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған "қазақлық" "қашақ" деген атаудан шықты дейді. Немесе "қазақ" атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кеткендерді "өзбек-қазақ" , кейін "қазақ" түрінде пайдаланылған деп санайды. "Қазақ" термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда "қазақ" деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша "қазақ" терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған.
Кейде бұл термин ертедегі екі тайпалық (каспий және сақ) одақтардың атынан шыққан деп жорамалдайды. Ал кейбір тарихшылар "хас" нағыз және "сақ" деген сөзден құралған деп болжам жасайды. Қазақстан тарихының 2 томында "...қазақ атауы 9-10 ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында әлеуметтік, ал 11-12 ғғ. этникалық-әлеуметтік топтарға қолданылған. Және осы ғасырларда қыпшақ тайпаларының топтасуы қазақ қауымдастығы қалыптасуының да маңызды кезеңі болды" деп жазылған. Яғни бұл процесс түрлі кезеңде де тоқтамай, әмбебап мағынада қолданылып келген. Нәтижесінде қыпшақ тайпасы өзегі болған 14 ғ. басында құрылған Ақ Орда халқының құрамы қазақтар болған. 15 ғ. 2 ж. қазақ халқы құрылып болғаннан кейін, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын "қазақ" атауы, этникалық маңызға ие болды.
№35 сұрақ. Қасым хан (шамамен 1445 – 1521 жылдары) – Қазақ хандығының ханы (1511 – 1521), Жәнібек ханның ұлы. Тарихта Қасым ханның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты. Жазба деректерде Қасым хан 15 ғасырдың 70 – 90 жылдары Қазақ хандығының Сыр бойындағы қалалар мен өңірлер үшін жүргізген күрестерге белсене қатысады, басшылық етеді. Бұл кезде қазақ ханы Керейдің ұлы Бұрындық, қазақ әскерінің қолбасшысы Қасым хан болды. Осы кезеңдегі оқиғаларды баяндайтын деректер Қасым ханды «белгілі сұлтан және атақты баһадүр» деп атайды. Ширек ғасырға созылған Сыр бойы үшін күресте Қасым хан және Жәнібек ханның басқа да ұлдары Сығанақ, Сауран, Отырар, Сайрам түбінде бірнеше рет Шайбани хан әскерін тас-талқан етіп жеңеді. 15 ғасырдың 90 жылдары жасалған бейбіт келісім бойынша Қазақ хандығына Сығанақ пен Сауран өтеді. Бұл қалаларда Жәнібек хан ұлдары билік жүргізеді. 15 ғасыр басында Мауераннахрды бағындырып, үлкен күшке ие болғанМұхаммед Шайбани хан 1506 – 10 жылдары үздіксіз төрт рет қазақтарға жорық ұйымдастырады. Бұрындық ханШайбани ханның алғашқы үш жорығына тойтарыс ұйымдастыра алмайды. Оның беделі төмендейді. Ал жазба деректерде «бұл кезде Қасым хандық билікте болмаса да, оның беделі ханнан күшті болды» және «өзін дербес ұстау үшін Бұрындық ханнан алыста көшіп-қонып жүрді» делінеді. 1510 жылы Шайбани ханның соңғы, төртінші жорығыҰлытау өңіріндегі Қасым ханның ұлысына бағытталады. Қасым хан әскері Шайбани хан әскерін тас-талқан етеді де, жауды Сыр бойынан қуып шығады. Осы жеңістен соң, ешкім де Бұрындық хан туралы ойламай, Қасым хан билігін мойындайды. Бұрындық болса Самарқан жаққа кетуге мәжбүр болады. 1511 – 13 жылдары Қасым хан Шайбанилар ісімен айналысады. 1512 – 13 жылы ерте көктемде Қараталдағы Қасым ханға Сайрам қаласының әкімі Қаттабектен адам келіп, Қасым хан билігін алуын сұрайды. Қасым хан Қаттабектің ұсынысын қабыл алып, ол жаққа бір әмірін жібереді де, өзі Тараз жаққа бағыт ұстайды. Қаттабектің ұсынысымен Қасым хан Ташкентке жорық жасайды. Бірақ жорық сәтсіз болып, Қасым хан Сайрам маңына қайта оралады. 1513 жылы жазында Шу бойындағы Қасым хан Ордасына Әндіжаннан моғол ханы Сұлтан Сайд хан елшілікпен келеді. Оның мақсаты – ТашкенттегіСүйініш ханға, жалпы Мауераннахрдағы шайбанилар әулетіне қарсы бірігіп күрес ұйымдастыру еді. Қасым хан бұл ұсынысқа дипломат. жолмен жауап береді. Сұлтан Сайд хан мақсатына жетпесе де, Қасым ханның көрсеткен құрметіне өте риза боп қайтады. 1517 – 21 жылдары Қасым хан Қазақ хандығының батысында белсенді саясат жүргізеді. Ноғайлардың бір бөлігі қазақтарға қосылып, шекара Еділге дейін жетеді. Орыс деректері бойынша Қасым хан 1521 жылы қыста қайтыс болады. Денесі Сарайшықта жерленеді. Қасым хан тұсында қазақ әскерінің саны 200 мың, халқының саны 1 млн-ға жетеді. Шекара батыста – Еділге, оңтүстікте Ташкентке дейінгі жерлерді қамтыды. Қасым хан өз тұсында берік және адал хандардың бірі болдыБұрындық хан Самарқанға кетуге мәжбүр болып, жат елде қаза болған соң, Қасым хан билікті өз қолына алды.1511 жылы Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін, Қазақ хандығы Қасым хандығы деп атала бастады. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында Түркістан қалаларына дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың солтүстік бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты. Кейбір мәліметтер бойынша, Қасым хан тұсында Қазақ хандығының шекарасы солтүстік-шығыста Ұлытау қыраттары мен Балқаш өзенінің жағалауын қаитып, ал солтүстік-батыста Жайық өзеніне дейін жететін. Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны бір миллионнан асатын.
«Қасқа жол» — деп аталатын заң, қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған. Оның жасалуына себеп болған жағдайлар мыналар:
Қасым ханның билігі тұсында Керей, Жәнібек және Бұрындық хандар кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтерілді;
Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді;
Хандық билік этникалық территорияға толық тарап, рөлі артты;
Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет-ғұрып заңы сай келмейді.
Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.
№36 сұрақ.Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік-батыста Сырдың оң жағалауына, Аралдан Маңғыстауға дейінгі жерлерді алып жатты. Оған Сыр бойындағы қалаларқосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Ілеөлкелері) қарады.
Бастапқы кездерде қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болды. Кейіннен Түркістан қаласы қазақ хандығына өткеннен кейін қазақ хандығының астанаcы Түркістан қаласы болды. Қазақ хандығы Түркістандағы Ақ сарайда отырып билік жүргізген.
Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттік беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қазақ хандығы өмір сүрген Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен және орыс мемлекеттерімен сауда және дипломатиялық қатынас орнатты.
Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек, Керей, Бұрындық хандар – Ақ Орданың атақты ханы Ырыс ханның мұрагерлері, Алтын Орда мен Ақ Орданың 200 жыл ел билеген дәстүрін дамытушы, әскери-саяси және дипломатиялық күрес тәжірибесіне бай адамдар болды. Ал Қасым хан өте үздік шыққан мемлекет қайраткері болды.
Қазақ хандығы алғашқыда Моғолстан мемлекетімен достық қарым-қатынас орнатып, Әбілхайыр ханның Жетісуға төндірген қаупіне және ойратжоңғар тайпаларының Моңғолстанға жасаған шабуылына қарсы күресті. Жошы тұқымынан шыққан хандармен одақтасып Әбілхайыр ханның мұрагері Шаих Хайдарды жеңді.
Қазақ хандығы Қасым хан тұсында орыс мемлекетімен дипломатиялық қатынас жасап, батыс Европаға танылды.
Ұлы князь Василий III тұсында (1505-1533) Мәскеу князьдығымен дипломатиялық байланыс орнатты.
Қасым хан алғашқы қазақ заңы – «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Сол үшін, ол Қасым ханның атымен байланыстырылып: «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталды. Әйгілі тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати Тарихи Рашиди кітабінда: «Қазақ хандары менсұлтандары арсында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес» дейді. Қасым хан өлгеннен кейін сұлтандар мен феодалдардың өзара бақталасы, қырқысы күшейді. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып тұрған кезде, өзара қырқысуының зиянды зардаптары хандықты әлсіретуге әкеп соқты.
Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты.
XVI ғ. – II жартысында әлсіреген хандықты біріктірерде Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) (1538-1580) өз үлесін қосты.
Ол 42 жыл биледі. Хақназар хан – таққа отырған соң хандық үкіметінің билігін нығайтуға қажырлы күш жұмсады. Өзінен бұрынғы Таһир хан мен Бұйдаш хан тұсындағы бытыраңқылықты қайта қалпына келтірді.
Ол билік құрған кезде сыртқы саясатта аса ірі тарихи оқиғалар болды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай іргесін кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахань хандығын Россияға бағындырды. Осыған байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Ноғай ордасын билеген маңғыт мырзаның арасында үкімет билігіне таласқан феодалдық қырқыс күшейді, бұл халық бұқарасын күйзелтті.
Хақназар тұсында Қазақ хандығының күшеюі Ноғай ордасындағы қазақ тайпаларын қызықтырып өзіне тартты, кейіннен келіп қосылды.
Хақназар хан қаза болғаннан соң, оның орнына Жәдік сұлтанның баласы Әз Жәнібек немересі Шығай (1580-1582) хан болды.
Ол билік құрған кезінде Хақназарды өлтірген Бұхар ханы Абдолла II (1557-98) тұсында Ташкент маңын билеген Норазахмет (Барақ) ханның баласы Баба сұлтаннан өш алумен болды. Сол жорық кезінде қайтыс болды.[2]
Шығай ханның орнына отырған Тәуекел хан (1586-1598) тұсында Ресей мемлекеті мен қазақ хандығы арасында дипломатиялық қатынас күшейе түсті. Ресейдің мұндағы мақсаты: Қазақ хандығымен одақтасып, Сібір ханы Көшімге қарсы күресу, осы одақтасты пайдаланып, Орта Азия хандарымен келіссөз жүргізу еді. Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін белсене күресті.
1583 жылы ол бұрынырақ Бұқарамен жасалған шартты бұзып, Сырдария бойындағы қалаларды алып, Ташкент, Андижано, Акси, Самарқанд сияқты қалаларды қазақ хандығына қаратты. Бұқара қаласын қоршауға алған кезде Тәуекел хан жараланып қайтыс болды. Тәуекел алғаш рет 1594 жылы Мәскеуге достық қарым-қатынас орнату мақсатында Құлмұхаммед бастаған қазақ елшілігін жіберді.
Одан соң хандыққа Есім хан Шығайұлы (1598-1628) билік етті. Ол 1598 жылы Бұқарамен бітім шарттын жасасты, шарт бойынша өзбектер бұрын тартып алған Сыр бойындағы қалалар мен Ташкент қазақ хандығына бектіп берілді. Ол қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. Есім ханның бұл саясатына қарсы болған сұлтандар Қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты.
Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң, оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді.
Екеуінің арасында билік үшін саяси күрес болды. Есім хан елді жуасытып бағындыру саясатын жүргізді. Сондықтан ол қанға-қан, кек алу, құн төлеу, әмеңгерлікті сақтау, зекет, ұшыр жинау, айып салу, діни патриархалдық екі салтқа арқа тіреу және т.б. уағыздады. Халық Есім хан заңдарын «Есім хан салған ескі жол» деп атады.
Ол ел арасында Еңсегей бойлы – Ер Есім деген атпен белгілі болды. XVI ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталығы Түмен ) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы арасындағы ұзақ жылғы күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті.
Сібір хандығының халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар тайпаларының ала-құла жиынтығынан тұратын еді. Хандықтың негізгі халқы Батыс Сібірдің орманды далалық бөлігінде, Есіл, Тобыл және Тура өзендерінің орта ағысын, Ертіс пен Обь өзендерінің алқаптарында қоныстанған түркі тілдес «Сібір тайпалары» деген атпен белгілі.
1628 жылы Есім хан қайтыс болғаннан кейін орнына Жәңгір хан болған. Ол басы үлкен, кеудесі кең, аласа адам болған екен. Сол себепті халық арасында оны «Салқам Жәңгір» деп атаған.
Оның тұсында ойрат-жоңғарларының көсемі батыр Хұнтайшының күшейген кезі еді. Олар қазақ хандығына бірнеше рет жорық жасады. Жәңгір хан Бұхара хандығымен одақтасып, Жоңғар феодалдарының шабуылына қарсы күресті.
“Қазақ-ойрат” қарулы күресінің тууына мынадай жағдайлар себеп болған еді.
Біріншіден көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан екі жақтың билеушілері үшін көшіп-қонатын жерді кеңейту керек болды;
Екіншіден Жоңғар феодалдары Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алғысы келді.
Жәңгір хан тұсында ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас – біріншісі 1635 ж., екіншісі 1643 ж., үшіншісі 1652 ж. болған.
1643 жылы екінші шайқаста қазақтар жеңіп шықты. Осы жылдың қысында батыр Хұнтайшы қазақ жерлеріне шабуыл жасайды, ол сәтсіздікпен аяқталады. Бұл шабуылға Жәңгір 600 адаммен аттанады.
Жәңгір хан екі таудың арасындағы тар жырауда ор қазып, бекініс жасайды. Өзі екінші бөлігімен таудың екінші бетіне жасырынады. Хұнтайшы ор қазып алып, ерлікпен қорғанып жатқандарға қарсы күрес жасайды. Осы кезде Жәңгір жаудың ту сыртынан соққы береді. Сөйтіп, жоңғарларды қатты жеңіліске ұшыратып, 10 мыңдай адам қырылады. Ұрыс бітуге жақындағанда 20 мыңдай әскермен Самарқан билеушісі атақты Жалаңтөс батыр Жәңгірге көмекке келеді. Хұнтайшы шегінуге мәжбүр болады. Одан кейін ол жан-жақты дайындалып 1652 жылы қайтадан қазақ даласына аттанады. Осы шайқаста Жәңгір қаза табады
№37 сұрақ. Жәңгірұлы Тәуке хан (1626-1718) [1][2] – Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Шешесі – қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Күнделен-тайшының қызы. Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығының билік тізгінін қолға алған кезде (1680ж.) Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын. Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытанын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде. Бұл ретте ол ұлы бабасы Қасым ханға қарай бейімделеді.
Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша назар аударады. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел аудырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы. Ол төңірегіне топтан торай шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып - өргізетін, беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты. Тарих дерегі сол кезде Тәукенің қасында Ұлы жүз Әлібекұлы Төле, Орта жүз Келдібекұлы Қазыбек,Кіші жүз Байбекұлы Әйтеке, қырғыз Қарашораұлы Көкім, қарақалпақ Сасық би, қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың өзі екшеп шығарған, даналық сөзімен, әділетті ісімен, қара қылды қақ жарған тура билігімен аттары бұл күнде аңызға айналған атақты билердің болғанын айтады. Осындай алыптардың замана тынысын тамыршыдай тап басып танып, халықтың басын қосып, елдің бірлік – берекесін кетірер ішкі дау – жанжалды, барымта – сырымтаны тиып, елді ынтымақта ұстау мақсатында ой тоғыстырып, бір бағытта игілікті іс-қимыл жасау арқасында Қазақ хандығының жағдайы күрт жақсарып, сыртқа айбарын асырды. Жұрт ерді ел қолдаса - береке, ханды ел қолдаса мереке екенін көрді. Сол себепті де Тәуке хан ел билеген кез - халық есінде « қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш берекелі заман болып қалды.
Бірақ, бұл, әрине ол кезде ешқандай шапқыншылық болған жоқ, бірыңғай бейбіт күн туып, қазақ халқы сыртқы жаудан қаймықпай алаңсыз ғұмыр кешті дегенді білдірмесе керек. Керісінше, Тәукенің кезінде қалмақтармен қақтығыс жиілей түспесе, кеміген жоқ. Сонау 1681 жылғы қалмақтың қоңтайшысы Галдан Бошоктудың қалың қолмен Шу өзенінің бойына жетіп, Сайрам қаласын қоршағаннан басталған шабуылдар легі кейін оның немересі Цеван Рабтан билік басына келген кезде де толастаған емес. Ұсақ қақтығыстарды есептемегеннің өзінде 1711-1712, 1714, 1717 жылдары қазақ пен қалмақ арасында ірі соғыстардың болғаны белгілі. Бұл арада мәселе елдің өз ішінде тыныштық орнауында, халық арасында ырыс қазығы - ынтымақтың берік қағылып, ағайынаралық алауыздықтың жойылуында, осыған ұйытқы болған ел басшысының төңірегіне халықтың ақыл-ойының жоғары көтеруінде. Сондықтан тарихшылар Тәукені «Қазақ ордасының Ликургі» деп бағалайды.
Тәуке ханның тұсында тұрақты мемлекеттік органдар: хан кеңесі, билер кеңесі жұмыс істеп, жыл сайын үш жүздің шонжарларының съезін өткізу қалыптасты. Тарихқа «Жеті жарғы» деген атпен енген Тәуке ханның заңдарын зерттеушілер қазақтардың бұған дейінгі қолданылып келген әдеттегі құқық нормаларының бір жүйеге келтіріліп, толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды.
Тәуке хан билік басында өте ұзақ, әбден қартайып, қаусаған шал болғанша отырып, 1718 жылы өз ажалынан қайтыс болды.
Тәуке ханның аты тарихта «Жеті жарғы» заңдарымен де тығыз байланысты. Ол қазақтың атақты билерімен ақылдаса отырып, қазақтың әдет-ғұрып заңдарын, билер сотының тәжірибелерін, аса дарындылықпен айтылған түйінді биліктерді жинақтап, өзінен бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» сияқты қазақ заңдарын жаңа жағдайға сай өзгертіп, толықтырып, дамыту негізінде «Жеті жарғы» атты заңдар жинағын құрастырды. «Жеті жарғы» орыс деректерінде «Тәуке хан заңдары» деген атпен белгілі. Жеті жарғыға әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған. Оларда орта ғасырдағы қазақ қоғамының патриархаттық-феодалдық құқығының негізгі принциптері мен нормалары баянды етілген. Қазақша «жарғы» әділдік деген ұғымды білдіреді. Жеті жарғы» - жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. Олар: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік, рулар арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
«Жеті жарғыны» қазақ халқы ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданып келді. Ал кейбір заңдар Қазан төңкерісіне дейін қолданылды. Сонымен бірге «Жеті жарғының» өз кезінде қағазға түсірілмегені де белгілі. Кеңестер дәуірінде «Жеті жарғыға» «феодалдық қатынастардың сарқыншығы» деген сипат тағылып, мүлдем зерттелінбеді. Бізге «Жеті жарғы» орыс ғалымдарының жазбалары негізінде белгілі. Алғаш рет орыс ғалымы Г.Спасский жаппас руының старшыны Күбек Шүкіралиевтің мәліметтері негізінде «Жеті жарғының» 11 үзіндісін 1820-шы жылы «Сибирский вестник» баспасөзінің бетінде жариялады. «Жеті жарғының» екінші нұсқасы ( 34 үзінді) А.Левшиннің зерттеулерінде беріледі. Бұл нұсқалар «Жеті жарғы» дүниеге келгеннен кейін 100 жылдан соң халық ауыз әдебиеті негізінде жариялады. Сондықтан, бұл заңдар жинағының толық нұсқасының бізге жетпегені белгілі.
«Жеті жарғы» заңдар жинағы мемлекеттің ішкі жағдайын күшейтуге бағытталды. Осы заң негізінде қазақтың тайпа, ру басыларын жылына бір рет жиналуға міндеттеді. Бұл жиындарда мемлекеттің сыртқы және ішкі жағдайына байланысты мәселелер дауыс беру негізінде шешілді. Жиынға қару асынып келген азаматтардың ғана дауыс беру құқықтары болды. Сонымен бірге қару ұстап келген азамат жылына өз байлығының жиырмадан бір бөлігін салық ретінде мемлекетке беруге міндеттелді. Жиынға қатысушы әр рудың өз таңбасы болды. Бұл таңбалар құрылтайда мемлекеттік рәміз дәрежесінде бекітілді.
Қазақтың негізгі байлығы мал болғаны белгілі. Сондықтан «Жеті жарғы» заңдарына сай әр меншік иесі өз малдарына ен салуға міндеттелді. Сонымен қатар, әр рудың жайылым жер меншігі қатаң белгіленді.
«Жеті жарғыда» қылмысты іс-құқық нормаларына үлкен орын бөлінген. Қылмыс ретіне: кісі өлтіру, мертіктіру, әйелді зорлау, соққыға жығу, қорлау, ұрлық істеу және тағы басқалары жатқан. Кінәлілер жасаған қылмыс деңгейіне сай әртүрлі жазаға кесілген. Бұл жинақта «қанға қан» заңы сақталды. Бірақ билер сотының екі жақ келісуі бойынша жазаны құн төлеумен алмастыруға мүмкіншілігі болған. Құн төлеу төрт жағдайда рәсімденген. Олар: егер әйелі күйеуін өлтірсе және күйеуінің туыстары оны кешірмеген жағдайда, егер әйел некесіз туған баласын өлтірген жағдайда, жұбайлар арасындағы «көзге шөп салушылық» дәлелденген жағдайда және «құдайға тіл тигізгені анықталған жағдайда». Өлім жазасының екі түрі болған: дарға асу және тас лақтыру әрекеттерін қолдану.
Жазалаудың ең көп таралған түрі – құн төлеу болған. Қылмыскердің және өлген адамның әлеуметтік жағдайына байланысты құн мөлшері өзгеріп отырған. Мысалы, өлген ер адамның құны 1000 қой болса, әйел адамның құны 500 қой болған. Ал өлген адамның әлеуметтік жағдайы ақсүйек болса құн мөлшері жеті есе өскен, яғни сұлтан немесе қожа тұқымынан өлтірілгендерге жеті адамның құнын төлеген. «Сұлтан» немесе «қожаға» тіл тигізгені үшін 9 мал, қол жұмсағаны үшін 27 мал төленетін болды. Құлдың құны бүркіттің немесе тазы иттің құнымен теңескен. Дене мүшелеріне зақым келтірген қылмыскер де белгілі мөлшерде құн төлеген. Атап айтқанда, бас бармақ – 100 қой, шынашақ 20 қой болған. Ұрлық жасалған кезде ұрланған заттың құны иесіне «үш тоғыз» етіп қайтарылған. Мысалы, ұрланған 100 түйе 300 жылқыға немесе 1000 қойға теңелген. Бұл баптардан біз «Жеті жарғыға» сай қылмыс істеген әр әлеуметтік таптың құқықтары заңдастырылғанын көреміз.
«Жеті жарғы» бойынша өлім жазасы мен құн төлеуден басқа жазалар да қолданылған. Мысалы, әкесіне қол жұмсаған ұл баланы қара сиырға теріс отырғызып масқаралаған. Ата-анасына дауысын көтерген қыз баланың жазасын шешесі шешкен. Күйеуін өлтірген екіқабат әйел елден қуылса, христиан дінін қабылдаған адамның мал-мүлкі тәркіленген. Құдайға тіл тигізгендігі жеті адамның куәлігі арқылы анықталған адам таспен атып өлтірілген.
№38 сұрақ. Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кірулері салдарынан көшіп-қонудың дәстүрлі бағыттары мен жолдары ж/е оның ғасырлар бойы қалыптасқан бүкіл жүйесі тұтасымен бұзылды. Бұл жағдай ішкі қайшылықтар мен талас-тартысты, феодалдардың жайылымдар үшін күресін, ру аралық дауларды, қақтығыстарды күшейте түсті. Ал мұндай қиындықтан тек Ресей шекаралары маңындағы суы мен шөбі мол әрі басқа жердегіден гөрі қауіпсіз қоныстар есебінен құтылуға болар еді.
Дегенмен,Кіші жүздің бір бөлігінің Ресей азаматтығын алуды тездетуіне себеп болған негізгі жағдай- жоңғар феодалдарының агрессиясы еді. «Ақтабан шұбырынды» жылдары (1723-1727)аштық,қайғы-қасірет,материалдық құндылықтардың күйреуін ала келді, өндіргіш күштерді дамытуға орны толмас зиян келтірді. Жоңғар әскерлерінің қысымымен қазақ рулары ғасырлар бойы мекендеген өздерінің туып-өскен жерлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Мұның өзі қазақтардың іргелес аудандарға үдере көшуіне әкеп соқты.
Жоңғар хандығы әскери жағынан алғанда сұсты күш саналды. XVII ғ.аяққы кезінде-ақ саны жағынан мол жоңғар әскерінің қару-жарағында «білтелі отты қару» болды. Қазақтардың қару-жарағы жоңғарлардікінен әлде-қайда олқы еді.
1729 ж. Балқаш көлінен оңт.-шығысқа таманғы Аңырақай деген жерде қазақ сарбаздарының жоңғар басқыншыларымен қантөгісті шасқасы болып өтті. Онда үш жүздің бірлестірілген күштері тамаша табысқа жетті. Жаулап алушылардың әскерлері Іле өзені бойымен Шығысқа қарай шегіне бастады.Бірақ осы кезде Болат ханның қайтыс болуына байланыста қазақ жасақтарының жетекшілері билікке таласа жанжалдасып қалды да, мұның өзі ойраттардың жағдайын жеңілдетіп, қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресіндегі көетеген құрбандықтары мен күш-жігерін жоққа шығарды.
XVIII ғ.ортасында Орталық Азияда маңызды өзгерістер болып өтті. Жоңғарлардың қазақтарға қарсыжауластық әрекеттері Қалдан-Серен қайтыс болғаннан кейін Жоңғар хандығынын өз ішінде орын алған оқиғаларға байланысты әлсірей түсті. Жоңғарияның әлсіреуімен оның қазақ жерлерін жаулап алу қаупі жойылды.
№39 сұрақ.
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама — қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн туған аса қайғылы кезең (1723 – 25).[1] Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығының әскери-саяси қуатын әлсіретті. Құба қалмақтар 18 ғасырдың басында өздерінің ішкі қайшылықтарын реттеп, әскерін жарақтады. Орыс елімен қатынасын жақсартып, көрші мемлекеттерден қару, оқ-дәріні көптеп сатып алды. 1715 ж. орыстарда тұтқында жүрген швед шебері Ренатты қолдарына түсіріп, зеңбірек құю технологиясын меңгерді.[2]
1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасады. Тарихшы Алексей Левшиннің жазуынша және қазақ жырауларының куәлігіне қарағанда Жоңғария қалмақтары әрқайсысы 10 мың жауынгері бар 7 қолмен қазақтарды шапқан. Олар Балқаш, Қаратау бағытымен жылжып (қолбасшысы Қалдан Серен), Алтай асып, Көктал өзені бойымен өрледі (қонтайшы Құлан Батур), Нұра өңірін қанға батырып (Әмірсана), Шелек өзені (Доржы), Есік көлі (Лама Доржы), Шу өңірін таптап (Дода Доржы), тоқтаусыз Іледен өтіп (Севан Рабдан) қарудың күшімен, найзаның ұшымен қазақ жерлерін иемденді. Екпіні қатты шапқыншылар Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы бейбіт елді аяусыз қырғынға ұшыратып, Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алды. Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды, ал қорғансыз халықтың шығыны одан әлде қайда көп болды. Абылай ханның айтуынша, сол кезде әрбір он адамның төртеуі қаза тапты. Бұл деректі Шәкәрім Құдайбердіұлы да қостайды. Қорғануға мұршасы келмеген ел әсіресе Талас,Боралдай, Арыс, Шыршық, Сырдария өзендері бойында көп қырылды. Тірі қалғандар ата мекенін тастап шықты. Тарихта бұрын болып көрмеген алапат құбылыс – қазақ халқының үдере қашқан босқыншылығы туды. Тоз-тоз болған Ұлы жүз, Орта жүздің шағын бөлігі Сырға Шыршық құятын тұстан сәл жоғары өткелден өтіп Ходжент, Самарқан иеліктеріне көшті. Кіші жүз Сауран қаласын айналып, («Сайран айналған») Бұқараға ауды. Шұбырған халықтың басым көпшілігі Сырдан өтіп, Алқакөлге жетіп құлады. Кейбір тайпа-рулар Қызылқұм, Қарақұм ішіне сіңді. Осы тұста халықтың жүрегінде мәңгі сақталған ащы зар мен ауыр мұңға толы «Елім-ай» әні дүниеге келді. Жоңғар шапқыншылығынан күйзелген қазақ жеріне Еділ бойы қалмақтары (торғауыттар), Жайықтың казак-орысы, Орал башқұрттары, Қоқан бектері, Бұқар мен Хиуа хандары тұс-тұстан шабуыл жасады. Қазақ елі өз тарихында алғаш рет қасіретті зардабы өте зор зұлматқа тап болып, жер бетінен ұлт ретінде жоқ болу қаупіне ұшырады. Қазақтар бұл апаттың сырын түсінді, жасанған жауларына қарсылық жасап бақты, ұрпағын қырғыннан аман алып қалудың амалын іздеп қарманды.
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» шырғалаңы мен аласапыраны қазақтардың еркіндік пен ерлік рухын шыңдады. Ұлт перзенттері бардың басын қосып, халық бірікпей тірлік болмайтынын түсінді. Бөгенбай, Қабанбай, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Абылай, Әбілқайыр бастаған қалың ел жоңғарларға қарсы майдан ашып, Бұлантымен Бөленті өзендерінің жағасында, Аңырақай даласында ұлы жеңіске жетті. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қазақ халқының есінде ұлы қасірет болып мәңгі тарихқа хатталды.
№40 сұрақ. Орбұлақ шайқасы - XVII ғ. 30-жылдарындагы бытыраңқы ойрат тайпалары біртұтас мемлекетке бірігіп, Жоңғар хандығының негізін қалады. 1640 ж. қазақ жерін жорық нысанасы ретінде таңдаған құрылтай шақырды. Қазақстан мен Орта Азия турасында ойраттар ұстанған сыртқы саясаттың күшейуі қазақ-жоңғар қарым-қатынасын шиеленістіріп, жиі-жиі әскери қақтығыстарға әкеліп соқтырды. Жоңғарларға қарсы күресті Есім ханның ұлы, бұрын қалмақ тұтқынында болған Жәңгір хан (1629-1680) басқарды. 1643 ж. Батыр Қоңтайшының өзі бастаған ойрат қолы қазақ-қырғыз далаларына қарай қозғалды. Самарқандтан көмек келіп жеткенше оларды қарсы алуға бекінген Жәңгір хан 600 адам жинап, алдынан шықты. Жәңгір ұрыс жүргізуге қолайлы орын деп, Ор аталатын бұлақтан ағып жатқан кішкентай өзеншік маңындағы тау арасына тоқтады. Қарсы жақтың қандай тәсілмен соғысатынын білетін қазақтар тар жырада "ор қазу" әдісіне көшті. Бекіністің ұзақтығы 2,5-3 шақырымға созылды, алдыңғы шебі - кісі бойымен бірдей, соңғы жағы тегіс жазықтық болды. Сөйтіп, жүдырықтай жұмылған қолын үшке топтаған Жәңгір тау шатқалының үш тарабынан тап беруге даяр тұрды. Жар астында жасырынған қауіп бар деп ойламаған жау тар шатқалга кіріп, оңтайлы ойластырылган соғыс әдісінің амалынан 10 мың қолынан айырылды. Ӏ зіншеСамарқандтан 20 қол әскермен Жалаңтөс батыр көмекке келді. Соның арқасында тоз-тоз болып қашқан жоңғарларды кері қуып тастау сәті түсті. Қазақ жасағынан он есе әскермен жеңіліске ұшырауы Батырдың беделін түсірді. Осы шайқастан кейін қазақ-жоңғар соғысы аз уақытқа болса да тыншыды. Орбұлақ шайқасы ұлттық тарихтың жауынгерлік даңқ шежіресінде ерлік пен қаһармандықтың және отаншылдықтың өнегесі болып айшықталып қалды.
Аңырақай шайқасы (1729 ж., кей деректерде 1730 ж.) — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі.[1]
Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 жылы бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде жоңғарлар қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды.
Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, Сұңқар тауында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталды) жиналды. Шайқас солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы жерлерде өткендігін осы өңірлерде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Аңырақай аталатын да осы өңір. Бұл шайқаста (40—45 күн) қазақтар ірі жеңіске жеткен.
Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін бас қолбасшы Әбілқайыр хан жүзеге асырды. Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, Орта жүз қолынҚанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қаракерей Қабанбай, Кіші жүзді Тама Есет, Шекті Тайлақ т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Шайқасқа болашақ қолбасшы Шапырашты Наурызбай да қатысқан.
Бұл шайқаста көптеген батырлар жекпе-жекке шықты. Бұл соғыста көптеген атақты батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты.
Қазақтар бұл соғысты әрі қарай дамыта алмады. Оған шайқастың соңында Болат хан жараланып, қайтыс болғаннан кейін басталған тақ үшін талас кедергі келтірді. Көпшілік Болат ханның баласы жас Әбілмәмбетті қолдады. Бұған наразы болған Әбілқайыр майдан даласын тастап, Кіші жүздің қолын Ырғыз арқылы батысқа алып кетті. Орта жүз қолы Сәмеке хан соңынан солтүстікке бет алды. Бірақ Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін бекітті.
Халқымыз үшін Аңырақай шайқасының маңызы орыстардың Бородино даласындағы, Еуропаның біріккен қолыныңВатерлоо, КСРО халықтарының Ұлы Отан соғысындағы Сталинград түбіндегі жеңістерімен бірдей.