Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Политология шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
160.81 Кб
Скачать

13.Саяси идеология ұғымына анықтама беріңіз

Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі-саяси идеология. «Идеология» деген ұғым гректің идея-бейне және логос-білім деген сөздерден шыққан. Ғылыми айналымға, әдебиетке француз ғылымы және фәлсафашы А. Дестют де Траси (1754-1836ж) кіргізді. Идеология әр түрлі – саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық, фәлсафалық болып келеді. Сонымен қатар қандай идеология болсын саясат пен тығыз байланысты және саяси сипаты болады. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнақтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немесе оған ықпал ету арқылы өз ақсат мүдделерін білдіреді және қорғайды. Оның ерекшелігі саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс әрекетті бағыттайды Идеология – адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.Cаяси идеология қызметі - қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді:1) идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді;2) бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, түлға және билік және т.с.с негізгі түсініктер туралы мағлүматтар беріп, адамның іс- әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді;3) жүмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жүмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады;4) амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мүраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады;5) бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады. Саяси биліктің, мемлекеттің ұстанатын идеологиясы қоғамның, оның әрбір әлеуметтік топтарының, азаматтардың мүддесінің, ой-пікірлерінің, яғни идеяларының жиынтығы болуы тиіс. Ал халық мүддесімен мемлекеттік идеологияны сәйкестендіретін демократияның дамуы болып саналады. Саяси идеологиялар өз қызметі барысында бір-бірімен, сонымен қатар мемлекетпен және өзге де саяси институттармен,жалпы қоғаммен белгілі бір қарым-қатынасқа түседі.

14. Саяси мәдениет ұғымына анықтама беріңіз

Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Саяси мәдениет адамдардың жүріс тұрысы мен әртүрлі ұйымдардың қызметіне, олардың ішкі және сыртқы саясат құбылыстарын ұғынуға, саяси болжам жасауына тікелей әсер етеді. Бұл ұғым ХХ ғасырдың екінші жартысында Г.Алмонд, С.Верба, Л.Пай деген американдық зерттеушілердің көмегімен келді.Қызметтері: ТАНЫМДЫҚ, қоғам ен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар мен принциптерді танып білуге, субъектіні саяси салада табысты жұмыс істеуге керекті біліммен, қоғамды басқарудың әдіс тәсілдерімен қаруландыру; РЕТТЕУШІЛІК, саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әлеуеттік таптық, ұлттық қатынастарды реттеу; ТӘРБИЕЛІК, әркімді қоғамдық саяси қызметке, әрекетке, саяси белсенділікке ынталандыру, табандылыққа, кеңшілікке, төзімділікке, қоғам алдында жауапкершілікке баулу; БІРІКТІРУШІЛІК, қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқылы әлеуметтік топтар, таптарды біріктіру, бұқараны мемлекет пен қоғам жұмыстарын басқаруға жұмылдыру; ҚОРҒАУ, қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды, қазыналарды сақтау; САБАҚТАСТЫҚ, саяси тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз етеді. Саяси мәдениет үш деңгей түрінде көрініс табады: 1) саяси жүйе, оның рөлі, сол рөлдерді алып жүрушілер және оның қызмет етуі туралы білімді қамтитын танымдық бағдарлар; 2) саяси жүйе, оның қызметі, қатысушылары және қызметіне қатысты сезімдерді көрсететін эмоционалдық бағдарлар; 3) саяси жүйе, оның қатысушылары мен олардың әрекеттеріне жеке қатынасты көрсететін бағалау бағдары.Саяси мәдениеттің жіктелуі - Г.Алмонд пен С.Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері: "патриархалдық" мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен құндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың қасы. Қатысу мәдениетінің осы типіне негізделген жүріс-тұрыс үлгісі бүкіл ұлтқа қатысты саяси процеске деген немқұрайлылықпен, бұл саладағы еш үміттердің болмауымен және жергілікті немесе этникалық ынтымақтастыққа негізделген бірегей топталумен сипатталады;"Бағыну, тәуелділік пен табыну" мәдениеті саяси басшылық қадағалауға тиісті нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді "өндіруші мен сыйлаушы" ретінде қабылданатын жүріс-тұрыс үлгісін анықтайды. Бұл үлгідегі негізгі психологиялық мотивтер игіліктерді күтушілік пен жазадан қорқу болып табылады;"Қатысу" мәдениеті жүріс-тұрыстың біршама күрделі үлгісіне ие. Оны әлеуметтік серіктестік ретінде сипаттауға болады, мұнда мемлекеттік биліктің саналы сипаты мен тиімділігіне қарай бағынуды қажет ететін нормалар мен өкімдерді "өндіруші" ретінде де, саяси шешімдерді қабылдауға төменнен келетін қатысушы ретінде де қабылдана алады.