Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Политология шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
160.81 Кб
Скачать

11. Саяси билік легитимділігінің түрлері (м.Вебер бойынша).

Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өөз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Мемлекеттік билік барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. Легитимдік (латын тілінде legitimus-заңдылық, шындық деген мағынада) – халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Легитимдік терминін тарихи тұрғыда 1830 ж. Франциядағы шілде революциясы кезеңінде пайда болған легитимистер партиясының іс-әрекеттерімен байланыстырады.Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін мынадай екі шарт қажет: 1)ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мезгілге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс; 2) мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек. Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер билік басына келудегі легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсетті: 1.Әдет-ғұрыптық легитимдік – сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенді. Билік әкеден балаға мирас болып қалып келді, оны жұрт ата-салтымыз деп мойындап отырды. 2.Харизматикалық легитимдікте - өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді. Халық тек сол көсемге беріліп, соған ғана сенеді. Мысалы, Мұхаммед пайғамбар, Ганди, аятолла Хомейни және т.б. Ол адамдар жеке басқа табыну дәрежесіне жетті. Харизма деген сөздің өзі де көсемге, мемлекеттік басқарушының жеке басына табыну деген мағынаны білдіреді. 3.Ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігінде – саяси билік салт-дәстүрге немесе тарихи тұлғаға байланысты емес, қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді. Мұндай легитимдік саяси биліктің пайда болуы және өмір сүруі демократиялық талаптарға сәйкес келе ме, жоқ па сонымен анықталады. Қазіргі дамыған елдерге тән.

12. Саяси жүйенің типологиясы.

Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығын айтады. Саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады: 1) Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету және биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде, қалыптарда бекітілген, яғни институциалданған түрі. Сондықтан ол конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады, ол арқылы қоғамда тәртіп орнайды. 2) Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларын басқарады. 3) Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызмет атқарады. Ол ортақ әлеуметтік саяси мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметтік топтар, жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді. 4) Экономикалық қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау. 5) Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден қорғау.

Саяси жүйенің типологиясы: 1) өндірістік тәсілі бойынша: а) құлиеленушілік; б) феодалды; в) буржуазиялық; г) социалистік.

2) режим бойынша: а) демократиялы; б) авторитарлық; в) тоталитарлық.

3) идеология бойынша (Ж. Блондель): а) либералды; б) коммунистік; в) дәстүрлі; г) популистік.

4) саяси мәдениеті бойынша (Г. Алмонд): а) ағылшын-американдық; б) континенталды-еуропалық; в) индустрияға дейінгі; г) ішінара индустриялды; д) тоталитарлы.

5) тұрақтылығы бойынша: а) консервативті; б) трансформациялық немесе дәстүрлі; в) модернизацияланған.

6) саяси процесске қатысуы бойынша: а) либералды; б) коммунистік; в) дамушы.