
- •1. Жаңа дәуірдің саяси теориялары.
- •2.Антикалық философиядағы саясат табиғаты мен мемлекет мәні.
- •3. Саясаттану пәнінің қазіргі таңдағы қоғамдағы рөлі мен маңызын суреттеп түсіндіріңіз.
- •4. Азаматтық қоғам тұжырымдамаларын сипаттап түсіндіріңіз.
- •5. Саяси модернизация түсінігі және оның типтері мен критерийлері.
- •7. Қақтығыстарды зерттеудегі негізгі теориялар.
- •8. Мемлекеттік құрылыс пен басқарудың түрлері.
- •9. Биліктің тиімділігі мен легитимділігі.
- •10. Мемлекеттің пайда болу теориялары.
- •11. Саяси билік легитимділігінің түрлері (м.Вебер бойынша).
- •12. Саяси жүйенің типологиясы.
- •13.Саяси идеология ұғымына анықтама беріңіз
- •14. Саяси мәдениет ұғымына анықтама беріңіз
- •15.Мажоритарлық сайлау жүйесіне анықтама беріп, кемшіліктерін анықтаңыз
- •16. Г. Алмонд саяси жүйе теориясын сипаттаңыз
- •17.Тоталитарлық саяси режимнің пайда болу себептерін сипаттаңыз
- •18. Саяси жүйе ұғымына анықтама беріңіз
- •19. Сайлау жүйелер түрлерін көрсетіңіз.
- •20. Саяси жанжалдар ұғымы және түрлеріне сипаттама беріңіз
- •21. Саясаттанудағы мемлекет типтері және ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •22.Авторитаризмнен (тоталитаризмнен) демократияға өту ерекшеліктері
- •23. Саяси модернизацияның мақсаттары мен өлшемдері, оның негізгі белгілері.
- •24. Қазақстан Республикасындағы саяси-биліктік қатынастардың жай-күйі
- •25.Қазақстан Республикасында болып отыратын сайлау үрдістерін демократияландыру тенденцияларының ерекшеліктері.
- •28. Саяси партиялық жүйелер түрлерінің ерекшеліктері.
- •29.Дуалистік монархиямен парламенттік монархия арасындағы айырмашылықты ашып көрсетіңіз.
- •31.Демократиялық саяси режимдегі жеке адамның құқығы мен бостандықтар мәселесін сипаттаңыз.
- •32.Қазақстан Республикасындағы саяси режимнің ерекшеліктері.
- •33.Қазақстан Республикасының сайлау жүйесіне сипаттама беріңіз .
- •34.Қазақстан Республикасының территориалдық құрылымының және басқару формасының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •35.Саяси партиялардың басқа саяси ұйымдардан ерекшелік белгілері.
- •37.Мажоритарлық және пропорционалдық сайлау жүйелерінің арасындағы айырмашылықтарын көрсетіңіз.
- •38.Саяси қақтығыстар және олардың қоғам өміріндегі рөлі.
- •39.Саяси билікті жүргізу механизмдерінің ерекшелігі.
- •40.Ортағасырдағы саяси ілімдер арасындағы байланысты анықтаңыз. (Августин, ф.Аквинский, Мартин Лютер)
- •41.Саясаттану ғылымы мен сіздің мамандығыңыздың арасындағы ұқсастықтар, байланыстар және ерекшеліктерді қалай түсінесіз?
- •42.Қазақ ғалымдарының, ойшылдарының еңбектеріндегі саяси ойдың басым бағыттарын, ерекшеліктерін түсіндіріңіз (Әл Фараби, Жүсіп Баласағұни еңбектері т.Б негіздерде болады).
- •44.Қазақстан Республикасының Парламентінің төменгі палатасы Мәжіліс депутаттарын сайлаудағы соңғы сайлау (2012 жылғы) ерекшеліктері және оның келешегі.
- •45.Тәуелсіз мемлекеттер достастығы шеңберіндегі қазақстандық бастамалардың саяси маңызы мен рөлі.
- •47.1986 Жылғы желтоқсан оқиғасының саяси астарлары және ұлттық рухтың жаңғыруы феномені ұғымымен нені түсінесіз?
- •48.Кемеңгер Абылай ханның ұстанған дипломатиясы мен сыртқы саясатының ерекшеліктері мен қр‑ның қазіргі көпвекторлы сыртқы саясатының негізгі ерекшеліктеріне қысқаша саяси талдама жасаңыз.
- •50.Тмд кеңістігі көлеміндегі қр‑дың саяси көшбасшылық рөлін айқындап отырған басым факторларға нені көрсетуге болады?
- •51. Жаһандық‑ақпараттық кеңістіктің жағымсыз (негативті) әсерлеріне қарсы төтеп берудегі ұлттық діл мен мәдениеттің рөлі, гуманистік және саяси астарлары.
- •52.Әлемнің қарқынды дамыған елдері қатарына қосылудағы интеллектуалдық капиталды күшеюту рөлін қалай түсінесіз?
- •55. Қазақстандықтар үшін Президент н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» ұлттық даму стратегиясының мәнін қалай түсінесіз?
- •56. Қр‑ның Ата Заңына 2007 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгерістердің саяси‑құқықтық рөлі мен маңызын айқындаңыз.
- •57. Қазақстан Республикасын әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосу стратегиясын жүзеге асырудағы әрбір азаматтың рөлі.
- •58. Қазақстан Республикасындағы саяси жаңару үрдістерін талқылап, түсіндіріп беріңіз.
- •59. Мемлекеттің саяси ұйым ретіндегі ерекшеліктеріне шағын талдама жұмысын жазыңыз.
- •60. Саяси мәдениет пен саяси әлеуметтену үрдістерінің ерекшеліктерін, мемлекет өміріндегі маңызын түсіндіріңіз.
7. Қақтығыстарды зерттеудегі негізгі теориялар.
Қақтығыс (лат. conflіctus – қақтығыс) – екі немесе бірнеше жақтардың қарым-қатынасы барысында мақсаттары мен көзқарастарының өзара қарама-қайшылығы. Тартыс әлеуметтік және бейәлеуметтік болып екіге бөлінеді. Әлеуметтік Тартыс субъектілері адамдар, ал бейәлеуметтік Тартысқа табиғат құбылыстары жатады. Жанжалға адамзат өте ертеден-ақ көңіл аударған. Мысалы, б.з.б. VII-VI ғасырларда Қытай философтары дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс көзі оң және теріс бастаулардан тұрады деп есептеді. Ежелгі грек философшысы Гераклит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама- қарсылықтардың күресінен туады деді. Макиавелли қоғамдық процестердің дамуында қайшылықтардың пайдалылығын көрсетті. Гегель қарама- қарсылықтардың қайшылықтары мен күресін жоғары бағалады. Саяси жанжалдар теориясына көп көңіл бөлген Марксизм. Маркс пен Энгельс Коммунисттік партияның манифесінде «ерікті мен құл, патриций мен плебей, помещик пен крепостной, мастер мен кіші мастер, қысқасы, езуші мен езілуші біріне-бірі ылғи антагонист болып, бірде жасырын, бірде айқын түрде үздіксіз күресіп келеді, бұл күрес әрқашан бүкіл қоғам өмірін, тұрмысын революциялық түрде қайта құрумен немесе күресуші таптардың жалпы жойылуымен тынып отыратын» деген. Олар тап күресі таптық қоғамдардың дамуының заңдылығы және қозғаушы күші деп есептеді. Осы ғасырдың 50 жылдарында американдық Льюис Козер әлеуметтік шиеленістерге құндылықтар, мәртебе, билік, қаражат үшін күресті жатқызды. Мұндай көзқарас Батыс саясаттарында кең тараған. 60 жылдары немістің әлеуметтанушысы Дальф Дарендорф «қоғамның дау- дамайлық үлгісін» алға тартты. Ол «индустриалдық қоғамдағы таптар мен таптық шиеленістер» деген еңбегінде билікті бөлуге байланысты адамдар арасында теңсіздік п.б., олар кикілжіңге әкеледі. Соның нәтижесінде қоғамда құрылымдық өзгерістер жасалады. Капитализм біртіндеп терең өзгерістерге ұшырайды. Оларды өздері жүзеге асырады, сондықтан Карл Маркс айтқан, революциялық төңкеріске жол берілмейді делінген. Американдық әлеуметтанушысы Кеннет Боулдинг «жанжалдың жалпы теориясын» жасады. Оның ойынша, әлеуметтік шиеленістің мәні қалыптық реакциясына байланысты. Қандай кикілжің болмасын, тітіркендіргіштер, қоздырғыштырдың әрекеттері арқылы реакцияларды, құндылықтарды, жеке адамдардың құштарлықтарын өзгертуге болады. Соның арқасында қоғамдық құрылыс түбірімен өзгеріске ұшырайды.
8. Мемлекеттік құрылыс пен басқарудың түрлері.
Мемлекет – көпқырлы құбылыс. Мемлекет дегеніміз – арнайы мәжбүрлеу аппараты бар, басқарушы таптың немесе жалпы халықтың еркін және мүддесін қорғайтын ерекше ұйымдасқан қоғамның саяси билігі. Оның пайда болуы, шығу тегі әртүрлі факторлармен түсіндіріледі. Мемлекеттің белгілері: 1) мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдар жүйесі болады. (заң шығарушы, атқарушы және сот органдары); 2) мемлекеттің тұрғындары әкімшілік аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан) бөлінеді); 3)мемлекеттің шекарасы, анық белгіленген аумағы болады; 4) мемлекеттің тәуелсіздігі, егемендігі; 5) мемлекет заңдар және басқа нормативтік, құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады. Мемлекеттік қызметтер ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі қызметтері: 1) экономикалық бағдарламаны жасайды; 2) әлеуметтік өмірді ұйымдастырады; 3) заңдылықты қамтамасыз етеді; 4) мәдени-тәрбиелік салада халыққа білім беру және оқу-ағарту ісін ғылымды, әдебиет, өнерді дамыту жөнінде қамқорлық жасайды. Сыртқы қызметтері: 1) мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау; 2) егемендігін сақтау; 3) басқа елдермен тиімді қарым-қатынас орнату. Мемлекеттің территориялық құрылымдары: унитарлы, федерация, конфедерация. Унитарлы – (лат. унитас – біріккен, біртұтас) унитарлық құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан. Федерация – (ағыл. foederatio – одақ, бірлестік) белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп, одақтық жаңа бір мемлекетті құруы. Мысалы, АҚШ, Ресей, Малайзия, Бразилия. Конфедерация – белгілі бір мақсатты жүзеге асыру үшін бірнеше тәуелсіз мемлекеттердің одағы. Мемлекеттік басқару формаларына байланысты :
1. монархия (Сауд Арабиясы, Катар, Бруней т.б):
А) абсолюттік монархия
Б) конституциялық монархия
- дуалистік монархия ( Иердания, Кувейт, Марокко т.б) монарх парламент немесе үкіметтің төрағасы бола алады.
- Парламенттік монархия (Швеция, Бельгия, Испания, Голландия, Люксенбург т.б)
2. республика:
А) Президенттік республика
Б) Парламенттік республика
В) Президенттік-парламенттік