- •1. Жаңа дәуірдің саяси теориялары.
- •2.Антикалық философиядағы саясат табиғаты мен мемлекет мәні.
- •3. Саясаттану пәнінің қазіргі таңдағы қоғамдағы рөлі мен маңызын суреттеп түсіндіріңіз.
- •4. Азаматтық қоғам тұжырымдамаларын сипаттап түсіндіріңіз.
- •5. Саяси модернизация түсінігі және оның типтері мен критерийлері.
- •7. Қақтығыстарды зерттеудегі негізгі теориялар.
- •8. Мемлекеттік құрылыс пен басқарудың түрлері.
- •9. Биліктің тиімділігі мен легитимділігі.
- •10. Мемлекеттің пайда болу теориялары.
- •11. Саяси билік легитимділігінің түрлері (м.Вебер бойынша).
- •12. Саяси жүйенің типологиясы.
- •13.Саяси идеология ұғымына анықтама беріңіз
- •14. Саяси мәдениет ұғымына анықтама беріңіз
- •15.Мажоритарлық сайлау жүйесіне анықтама беріп, кемшіліктерін анықтаңыз
- •16. Г. Алмонд саяси жүйе теориясын сипаттаңыз
- •17.Тоталитарлық саяси режимнің пайда болу себептерін сипаттаңыз
- •18. Саяси жүйе ұғымына анықтама беріңіз
- •19. Сайлау жүйелер түрлерін көрсетіңіз.
- •20. Саяси жанжалдар ұғымы және түрлеріне сипаттама беріңіз
- •21. Саясаттанудағы мемлекет типтері және ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •22.Авторитаризмнен (тоталитаризмнен) демократияға өту ерекшеліктері
- •23. Саяси модернизацияның мақсаттары мен өлшемдері, оның негізгі белгілері.
- •24. Қазақстан Республикасындағы саяси-биліктік қатынастардың жай-күйі
- •25.Қазақстан Республикасында болып отыратын сайлау үрдістерін демократияландыру тенденцияларының ерекшеліктері.
- •28. Саяси партиялық жүйелер түрлерінің ерекшеліктері.
- •29.Дуалистік монархиямен парламенттік монархия арасындағы айырмашылықты ашып көрсетіңіз.
- •31.Демократиялық саяси режимдегі жеке адамның құқығы мен бостандықтар мәселесін сипаттаңыз.
- •32.Қазақстан Республикасындағы саяси режимнің ерекшеліктері.
- •33.Қазақстан Республикасының сайлау жүйесіне сипаттама беріңіз .
- •34.Қазақстан Республикасының территориалдық құрылымының және басқару формасының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •35.Саяси партиялардың басқа саяси ұйымдардан ерекшелік белгілері.
- •37.Мажоритарлық және пропорционалдық сайлау жүйелерінің арасындағы айырмашылықтарын көрсетіңіз.
- •38.Саяси қақтығыстар және олардың қоғам өміріндегі рөлі.
- •39.Саяси билікті жүргізу механизмдерінің ерекшелігі.
- •40.Ортағасырдағы саяси ілімдер арасындағы байланысты анықтаңыз. (Августин, ф.Аквинский, Мартин Лютер)
- •41.Саясаттану ғылымы мен сіздің мамандығыңыздың арасындағы ұқсастықтар, байланыстар және ерекшеліктерді қалай түсінесіз?
- •42.Қазақ ғалымдарының, ойшылдарының еңбектеріндегі саяси ойдың басым бағыттарын, ерекшеліктерін түсіндіріңіз (Әл Фараби, Жүсіп Баласағұни еңбектері т.Б негіздерде болады).
- •44.Қазақстан Республикасының Парламентінің төменгі палатасы Мәжіліс депутаттарын сайлаудағы соңғы сайлау (2012 жылғы) ерекшеліктері және оның келешегі.
- •45.Тәуелсіз мемлекеттер достастығы шеңберіндегі қазақстандық бастамалардың саяси маңызы мен рөлі.
- •47.1986 Жылғы желтоқсан оқиғасының саяси астарлары және ұлттық рухтың жаңғыруы феномені ұғымымен нені түсінесіз?
- •48.Кемеңгер Абылай ханның ұстанған дипломатиясы мен сыртқы саясатының ерекшеліктері мен қр‑ның қазіргі көпвекторлы сыртқы саясатының негізгі ерекшеліктеріне қысқаша саяси талдама жасаңыз.
- •50.Тмд кеңістігі көлеміндегі қр‑дың саяси көшбасшылық рөлін айқындап отырған басым факторларға нені көрсетуге болады?
- •51. Жаһандық‑ақпараттық кеңістіктің жағымсыз (негативті) әсерлеріне қарсы төтеп берудегі ұлттық діл мен мәдениеттің рөлі, гуманистік және саяси астарлары.
- •52.Әлемнің қарқынды дамыған елдері қатарына қосылудағы интеллектуалдық капиталды күшеюту рөлін қалай түсінесіз?
- •55. Қазақстандықтар үшін Президент н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» ұлттық даму стратегиясының мәнін қалай түсінесіз?
- •56. Қр‑ның Ата Заңына 2007 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгерістердің саяси‑құқықтық рөлі мен маңызын айқындаңыз.
- •57. Қазақстан Республикасын әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосу стратегиясын жүзеге асырудағы әрбір азаматтың рөлі.
- •58. Қазақстан Республикасындағы саяси жаңару үрдістерін талқылап, түсіндіріп беріңіз.
- •59. Мемлекеттің саяси ұйым ретіндегі ерекшеліктеріне шағын талдама жұмысын жазыңыз.
- •60. Саяси мәдениет пен саяси әлеуметтену үрдістерінің ерекшеліктерін, мемлекет өміріндегі маңызын түсіндіріңіз.
55. Қазақстандықтар үшін Президент н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» ұлттық даму стратегиясының мәнін қалай түсінесіз?
Қазақстан-2030 Стратегиясы – ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді: Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды. Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды. Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау. Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың
алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды. Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергет. инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды. Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникац. кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған. Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемл. қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемл. қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.
