
- •1. Жаңа дәуірдің саяси теориялары.
- •2.Антикалық философиядағы саясат табиғаты мен мемлекет мәні.
- •3. Саясаттану пәнінің қазіргі таңдағы қоғамдағы рөлі мен маңызын суреттеп түсіндіріңіз.
- •4. Азаматтық қоғам тұжырымдамаларын сипаттап түсіндіріңіз.
- •5. Саяси модернизация түсінігі және оның типтері мен критерийлері.
- •7. Қақтығыстарды зерттеудегі негізгі теориялар.
- •8. Мемлекеттік құрылыс пен басқарудың түрлері.
- •9. Биліктің тиімділігі мен легитимділігі.
- •10. Мемлекеттің пайда болу теориялары.
- •11. Саяси билік легитимділігінің түрлері (м.Вебер бойынша).
- •12. Саяси жүйенің типологиясы.
- •13.Саяси идеология ұғымына анықтама беріңіз
- •14. Саяси мәдениет ұғымына анықтама беріңіз
- •15.Мажоритарлық сайлау жүйесіне анықтама беріп, кемшіліктерін анықтаңыз
- •16. Г. Алмонд саяси жүйе теориясын сипаттаңыз
- •17.Тоталитарлық саяси режимнің пайда болу себептерін сипаттаңыз
- •18. Саяси жүйе ұғымына анықтама беріңіз
- •19. Сайлау жүйелер түрлерін көрсетіңіз.
- •20. Саяси жанжалдар ұғымы және түрлеріне сипаттама беріңіз
- •21. Саясаттанудағы мемлекет типтері және ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •22.Авторитаризмнен (тоталитаризмнен) демократияға өту ерекшеліктері
- •23. Саяси модернизацияның мақсаттары мен өлшемдері, оның негізгі белгілері.
- •24. Қазақстан Республикасындағы саяси-биліктік қатынастардың жай-күйі
- •25.Қазақстан Республикасында болып отыратын сайлау үрдістерін демократияландыру тенденцияларының ерекшеліктері.
- •28. Саяси партиялық жүйелер түрлерінің ерекшеліктері.
- •29.Дуалистік монархиямен парламенттік монархия арасындағы айырмашылықты ашып көрсетіңіз.
- •31.Демократиялық саяси режимдегі жеке адамның құқығы мен бостандықтар мәселесін сипаттаңыз.
- •32.Қазақстан Республикасындағы саяси режимнің ерекшеліктері.
- •33.Қазақстан Республикасының сайлау жүйесіне сипаттама беріңіз .
- •34.Қазақстан Республикасының территориалдық құрылымының және басқару формасының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •35.Саяси партиялардың басқа саяси ұйымдардан ерекшелік белгілері.
- •37.Мажоритарлық және пропорционалдық сайлау жүйелерінің арасындағы айырмашылықтарын көрсетіңіз.
- •38.Саяси қақтығыстар және олардың қоғам өміріндегі рөлі.
- •39.Саяси билікті жүргізу механизмдерінің ерекшелігі.
- •40.Ортағасырдағы саяси ілімдер арасындағы байланысты анықтаңыз. (Августин, ф.Аквинский, Мартин Лютер)
- •41.Саясаттану ғылымы мен сіздің мамандығыңыздың арасындағы ұқсастықтар, байланыстар және ерекшеліктерді қалай түсінесіз?
- •42.Қазақ ғалымдарының, ойшылдарының еңбектеріндегі саяси ойдың басым бағыттарын, ерекшеліктерін түсіндіріңіз (Әл Фараби, Жүсіп Баласағұни еңбектері т.Б негіздерде болады).
- •44.Қазақстан Республикасының Парламентінің төменгі палатасы Мәжіліс депутаттарын сайлаудағы соңғы сайлау (2012 жылғы) ерекшеліктері және оның келешегі.
- •45.Тәуелсіз мемлекеттер достастығы шеңберіндегі қазақстандық бастамалардың саяси маңызы мен рөлі.
- •47.1986 Жылғы желтоқсан оқиғасының саяси астарлары және ұлттық рухтың жаңғыруы феномені ұғымымен нені түсінесіз?
- •48.Кемеңгер Абылай ханның ұстанған дипломатиясы мен сыртқы саясатының ерекшеліктері мен қр‑ның қазіргі көпвекторлы сыртқы саясатының негізгі ерекшеліктеріне қысқаша саяси талдама жасаңыз.
- •50.Тмд кеңістігі көлеміндегі қр‑дың саяси көшбасшылық рөлін айқындап отырған басым факторларға нені көрсетуге болады?
- •51. Жаһандық‑ақпараттық кеңістіктің жағымсыз (негативті) әсерлеріне қарсы төтеп берудегі ұлттық діл мен мәдениеттің рөлі, гуманистік және саяси астарлары.
- •52.Әлемнің қарқынды дамыған елдері қатарына қосылудағы интеллектуалдық капиталды күшеюту рөлін қалай түсінесіз?
- •55. Қазақстандықтар үшін Президент н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» ұлттық даму стратегиясының мәнін қалай түсінесіз?
- •56. Қр‑ның Ата Заңына 2007 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгерістердің саяси‑құқықтық рөлі мен маңызын айқындаңыз.
- •57. Қазақстан Республикасын әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосу стратегиясын жүзеге асырудағы әрбір азаматтың рөлі.
- •58. Қазақстан Республикасындағы саяси жаңару үрдістерін талқылап, түсіндіріп беріңіз.
- •59. Мемлекеттің саяси ұйым ретіндегі ерекшеліктеріне шағын талдама жұмысын жазыңыз.
- •60. Саяси мәдениет пен саяси әлеуметтену үрдістерінің ерекшеліктерін, мемлекет өміріндегі маңызын түсіндіріңіз.
50.Тмд кеңістігі көлеміндегі қр‑дың саяси көшбасшылық рөлін айқындап отырған басым факторларға нені көрсетуге болады?
Қазақстан Республикасы, ең алдымен аумақтық тұтастық пен егемендікті азаматтардың саулығы мен олардың конституциялық құқықтарын астарлай отырып, өзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қорғау саясатын өзгеріссіз жүргізіп келеді. Қазақстанда болып жатқан ірі әлеуметтік-саяси және экономикалық түрленуді ескере отырып, Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның сыртқы саясатының ұзақ мерзімдік мақсаты ретінде ел ішінде реформаны табысты өткізудің, Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының қолайлы жағдайларын қалыптастыру мен қолдауын анықтады. Мұндай белгілеу, оның сыртқы прагматизміне қарамастан, дипломатиялық жұмыс саласының изоляционизміне немесе тарылуына шақыруын білдірмейтіндігі аян. Керісінше, ішкі реформаларды табысты жүргізудің шұғыл жағдайы ретінде Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа, барлық мүдделі елдермен екі жақты ынтымақтастықты және халықаралық ұйымдардағы белсенді жұмыстарын дамыту жолымен лайықты ену міндеті қойылды. Қазақстан өзінің геосаяси жағдайының ерекшеліктеріне қарай көп векторлық саясатын, еуропалық, сондай-ақ азия елдерімен тепе-теңдік қатынастардың даму бағытын жүзеге асыра отырып, ұстанады. Әлемдік қоғамдастық тарапынан құрмет пен мойындау Қазақстанның ядросыз статусқа деген талпынысын тудырды және біздің еліміздің СНВ-1 Келісім-шартына, ядролық қаруды таратпау туралы Келісім-шартына (ЯҚТК),ядролық сынаққа жан-жақты қамтылған тыйым салу туралы Келісім-шартына (ЯСЖҚТ) қол қойды. Жалпыға бірдей ядролық қарусыздану идеясының жақтаушысы болып табылатын Қазақстан Ресей мен АҚШ-тың ықпал етуімен 1995 жылы 26 мамырда демонтаж, кәдеге жарату және өз аумағынан ядролық қаруды шығаруды жасады.Қазақстанның сыртқы саясатында көрші мемлекеттер – Ресеймен,Қытаймен, Орталық азия мемлекеттерімен, барлық елдермен - ТМД мүшелерімен екі жақты қарым-қатынасты дамыту басымдық орын алды және алып келеді. Алғашқы сыртқы саяси қадамдарынан бастап Қазақстан Президентіне, аймақ шеңберінде қалып қоюға болмайтындығы анық болды. Сондықтан еліміздің басшылығы басынан бастап әлемнің барлық елдерімен, ең алдымен АҚШ-пен, Еуропалық одақ елдерімен, Жапониямен және басқа да Азия-Тынық мұхиты аймағының, Таяу және Орта Шығыс мемлекеттерімен қарым-қатынасты дамытуға талпынды.Қазақстан үшін ислам әлемінің мемлекеттерімен қарым-қатынас бекіту және дамыту үлкен мәнге ие болды. Осыған орай Қазақстан басшылығы, біздің еліміз мұсылман елдерімен қарым–қатынасты идеологиялық немесе діни негізде емес, өзінің мемлекеттік мүдделерін басшылыққа ала отырып және халықаралық құқықтың жалпы мойындалған қалыптарына сүйене отырып, қалыптастыратыны туралы атап айтты.
51. Жаһандық‑ақпараттық кеңістіктің жағымсыз (негативті) әсерлеріне қарсы төтеп берудегі ұлттық діл мен мәдениеттің рөлі, гуманистік және саяси астарлары.
Орталық Азия аймағының көшбасшысы саналатын біздің ел соңғы жылдары қарқынды даму жолында. Бұл жетістіктер бүкіл экономикамызды қайта құру нәтижесінде мүмкін болды. Тәуелсіз Қазақстандағы экономикалық реформалармен қатар жүргізілген саяси реформалар да мемлекетіміздің халықаралық аренадағы беделін жоғарылатты. Бүгін Қазақстан халықаралық және аймақтық ұйымдардың мүшесі ғана емес, батыс және шығыс елдерінің сенімді әріптесі. Қазіргі ақпараттық қоғам дәуіріндегі саяси имиджді қалыптастыру билік қатынастары жүйесіндегі өнер ретінде қарастырылады. Бұл контекске орай нақты айқындалған технологиялық тетіктер мемлекеттің имиджін қалыптастыруда ерекше мәнге ие. Алғашында мұндай тәсілдер биліктегі жеке тұлғаларға қолданылды. Кейінірек бұл жүйе бұқарамен ашық байланыс орнату барысында саяси жүйенің жетілдірілуіне оң ықпал тигізу ниетінде мемлекеттің даму стратегиясында пайдаланыла бастады. Қазақстанның халықаралық саяси аренадағы позициясын ақпаратпен қолдау көрсету шараларының қажеттілігі мемлекеттің оң имиджін қалыптастырудың негізі болып табылады. Аталған мәселенің шешімін табуда отандық ғалымдар бірнеше міндеттерді шешуі қажет. Дегенмен, еліміздің сыртқы саясаттағы имиджінің қалыптасуы мен дамуы тетіктерін айшықтайтын арнайы ғылыми жұмыстар жоқ. Сонымен қатар, мемлекетіміздің ақпараттық саясаты шеңберіндегі халықаралық аренадағы имиджі теориялық жағымен қатар, тәжірибе жүзінде толықтай зерттелмегені де шындық. Бұл КСРО құрамындағы бұрынғы Қазақстанның сыртқы саясатты жүргізудегі үгіт-насихаттық аппараты орталықтан бақыланып отырғандығынан деп білеміз. Бүгінде Қазақстан Республикасының дамуын жаһандық кеңістіктен тыс қарау мүмкін емес. Елдің мемлекеттік құрылыс тәжірибесі көрсеткендей, бүгінгі шарттардағы маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдауда жаһандық халықаралық үрдістерді ескеру қажет. Өйткені, қазіргі халықаралық саяси және экономикалық қатынастардың жаһандануы шарттарында еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып табылады. Еліміздің стагнация үдерістерін жоюы мен әлеуметтік-психологиялық оң көзқарас қалыптастыруы жаһандық шарттардағы маңызды шара. Мемлекетті әлемдік қоғамдастықтың жағымды қабылдауы жаһандық саяси, әлеуметтік және экономикалық алға жылжулар жетістігінің кепілі болып саналады. Қазақстан Республикасында позитивті қатынас қалыптастыруды қамтамасыз етудегі жұмыстарды билік орындары үздіксіз жүргізіп жатыр. Қазақстан – кең географиялық кеңістік иеленген, жер көлемі бойынша әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Мемлекетіміздің территориясында түрлі діндер мен ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл тарихи, мәдени, ұлттық және дүниетанымдық ерекшеліктеріміз мемлекеттілігіміздің қалыптасуының негізі болып табылады. ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "жаһандық ақпараттық кеңістіктің халықаралық құқықтық базанын қалыптастыру маңызды деп ойлаймын. Оның негізі - 2002 жылы қабылданған,
киберқауіпсіздіктің жаһандық мәдениетінің 9 элементі туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясы", - деп мәлім еткен Н. Назарбаев. Оның айтуынша, ақпараттық кеңістік - бұл сала адамзаттың болашағы үшін жер қойнауы, ауа мен су әлемі, ғарыш тәрізді маңызды..Алайда бүгінгі күні ақпараттық үдерістерді реттейтін бірде-бір халықаралық конвенция, бірде-бір көпжақты келісім жоқ. Банктерге, компанияларға, мемлекеттік мекемелепрге, әскери және ядролық нысандарға жасалған хакерлік шабуылдардың көп жағдайда жазасыз құтылуының себебі де сол емес пе", - деп ескерді Н. Назарбаев.