
- •1. Жаңа дәуірдің саяси теориялары.
- •2.Антикалық философиядағы саясат табиғаты мен мемлекет мәні.
- •3. Саясаттану пәнінің қазіргі таңдағы қоғамдағы рөлі мен маңызын суреттеп түсіндіріңіз.
- •4. Азаматтық қоғам тұжырымдамаларын сипаттап түсіндіріңіз.
- •5. Саяси модернизация түсінігі және оның типтері мен критерийлері.
- •7. Қақтығыстарды зерттеудегі негізгі теориялар.
- •8. Мемлекеттік құрылыс пен басқарудың түрлері.
- •9. Биліктің тиімділігі мен легитимділігі.
- •10. Мемлекеттің пайда болу теориялары.
- •11. Саяси билік легитимділігінің түрлері (м.Вебер бойынша).
- •12. Саяси жүйенің типологиясы.
- •13.Саяси идеология ұғымына анықтама беріңіз
- •14. Саяси мәдениет ұғымына анықтама беріңіз
- •15.Мажоритарлық сайлау жүйесіне анықтама беріп, кемшіліктерін анықтаңыз
- •16. Г. Алмонд саяси жүйе теориясын сипаттаңыз
- •17.Тоталитарлық саяси режимнің пайда болу себептерін сипаттаңыз
- •18. Саяси жүйе ұғымына анықтама беріңіз
- •19. Сайлау жүйелер түрлерін көрсетіңіз.
- •20. Саяси жанжалдар ұғымы және түрлеріне сипаттама беріңіз
- •21. Саясаттанудағы мемлекет типтері және ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •22.Авторитаризмнен (тоталитаризмнен) демократияға өту ерекшеліктері
- •23. Саяси модернизацияның мақсаттары мен өлшемдері, оның негізгі белгілері.
- •24. Қазақстан Республикасындағы саяси-биліктік қатынастардың жай-күйі
- •25.Қазақстан Республикасында болып отыратын сайлау үрдістерін демократияландыру тенденцияларының ерекшеліктері.
- •28. Саяси партиялық жүйелер түрлерінің ерекшеліктері.
- •29.Дуалистік монархиямен парламенттік монархия арасындағы айырмашылықты ашып көрсетіңіз.
- •31.Демократиялық саяси режимдегі жеке адамның құқығы мен бостандықтар мәселесін сипаттаңыз.
- •32.Қазақстан Республикасындағы саяси режимнің ерекшеліктері.
- •33.Қазақстан Республикасының сайлау жүйесіне сипаттама беріңіз .
- •34.Қазақстан Республикасының территориалдық құрылымының және басқару формасының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •35.Саяси партиялардың басқа саяси ұйымдардан ерекшелік белгілері.
- •37.Мажоритарлық және пропорционалдық сайлау жүйелерінің арасындағы айырмашылықтарын көрсетіңіз.
- •38.Саяси қақтығыстар және олардың қоғам өміріндегі рөлі.
- •39.Саяси билікті жүргізу механизмдерінің ерекшелігі.
- •40.Ортағасырдағы саяси ілімдер арасындағы байланысты анықтаңыз. (Августин, ф.Аквинский, Мартин Лютер)
- •41.Саясаттану ғылымы мен сіздің мамандығыңыздың арасындағы ұқсастықтар, байланыстар және ерекшеліктерді қалай түсінесіз?
- •42.Қазақ ғалымдарының, ойшылдарының еңбектеріндегі саяси ойдың басым бағыттарын, ерекшеліктерін түсіндіріңіз (Әл Фараби, Жүсіп Баласағұни еңбектері т.Б негіздерде болады).
- •44.Қазақстан Республикасының Парламентінің төменгі палатасы Мәжіліс депутаттарын сайлаудағы соңғы сайлау (2012 жылғы) ерекшеліктері және оның келешегі.
- •45.Тәуелсіз мемлекеттер достастығы шеңберіндегі қазақстандық бастамалардың саяси маңызы мен рөлі.
- •47.1986 Жылғы желтоқсан оқиғасының саяси астарлары және ұлттық рухтың жаңғыруы феномені ұғымымен нені түсінесіз?
- •48.Кемеңгер Абылай ханның ұстанған дипломатиясы мен сыртқы саясатының ерекшеліктері мен қр‑ның қазіргі көпвекторлы сыртқы саясатының негізгі ерекшеліктеріне қысқаша саяси талдама жасаңыз.
- •50.Тмд кеңістігі көлеміндегі қр‑дың саяси көшбасшылық рөлін айқындап отырған басым факторларға нені көрсетуге болады?
- •51. Жаһандық‑ақпараттық кеңістіктің жағымсыз (негативті) әсерлеріне қарсы төтеп берудегі ұлттық діл мен мәдениеттің рөлі, гуманистік және саяси астарлары.
- •52.Әлемнің қарқынды дамыған елдері қатарына қосылудағы интеллектуалдық капиталды күшеюту рөлін қалай түсінесіз?
- •55. Қазақстандықтар үшін Президент н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» ұлттық даму стратегиясының мәнін қалай түсінесіз?
- •56. Қр‑ның Ата Заңына 2007 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгерістердің саяси‑құқықтық рөлі мен маңызын айқындаңыз.
- •57. Қазақстан Республикасын әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосу стратегиясын жүзеге асырудағы әрбір азаматтың рөлі.
- •58. Қазақстан Республикасындағы саяси жаңару үрдістерін талқылап, түсіндіріп беріңіз.
- •59. Мемлекеттің саяси ұйым ретіндегі ерекшеліктеріне шағын талдама жұмысын жазыңыз.
- •60. Саяси мәдениет пен саяси әлеуметтену үрдістерінің ерекшеліктерін, мемлекет өміріндегі маңызын түсіндіріңіз.
37.Мажоритарлық және пропорционалдық сайлау жүйелерінің арасындағы айырмашылықтарын көрсетіңіз.
Берілген дауысты есептеу тәсілі мен соның нәтижесінде орындарды бөлу принципіне қарай сайлау жүйелері мажоритарлық, пропорционалдық, аралас түрі болып бөлінеді. Мажоритарлық сайлау жүйесінде әрбір округте депутаттық орындар белгіленген дауыстың көпшілігіне ие болған үміткерге тиеді. Қалғандары билік органдарына кіре алмайды. Мажоритарлық жүйенің 2 түрі бар: абсолютті ж/е салыстырмалы. Абсолютті жүйеде сайланды деп басым көпшілік дауысты (50% ж/е бір дауыс) алған талапкер саналады. Мажоритарлық жүйенің салыстырмалы көпшілік түрінде қай үміткер көбірек дауыс жинаса, сол сайланады. Онда 50% -н артық дауыс алу шарт емес. Мажоритарлық жүйе қарапайым ж/е оңай сияқты көрінеді. Ең басты кемшілік – сайлаушылардың қалған 49% еркі, ықтияры ескерілмейді. Пропорционалдық жүйенің мажоритарлықтан айырмасы – ол көпшілік принципіне негізделмейді. Ол жинаған дауыс жеңіп алған мандаттың арасындағы пропорционалдықты басшылыққа алады. Мұнда депутаттық мандат жеке үміткерлердің арасында емес, партиялардың арасында оларға берілген дауыс санына сәйкес бөлінеді. Сайлау кезінде қай партия көп дауыс алса, соншалықты оның мүшелері депутат болады. Бұл жүйеде сайлау округінен бір емес, парламенттің бірнеше депутаты сайланады. Сайлаушылар партиялық тізімге, нақтырақ айтқанда бағдарламаға даауыс береді. Мұндай сайлау жүйесі Европа елдерінде (Ұлыбритания мен Франциядан басқа) кең дамыған. Сайлаудың пропорционалдық жүйесінің кемшілігі – сайлаушы партияға дауыс бергендіктен жеке үміткермен кездесе алмайды.
38.Саяси қақтығыстар және олардың қоғам өміріндегі рөлі.
Қоғам салаларының ішінде, әсіресе, саяси сала әр түрлі қақтығыстарға толы. Онда көп қырлы үстемдік пен бағыныштылықты көрсететін биліктік қатынастар жүріп жатады.Көптеген танымал философтар, әлеуметтанушылар және саясаттанушылар да қоғамдағы қақтығыстар мен саяси күрес феномендері мен оның себептерін, оны шешудің, алдын алудың жолдарын қарастырған. Жалпы саяси ғылымдардағы ең ықпалды концепциялары
(К. Маркстің конфликт теориясы, Г. Зиммельдің «конфликтілік функционализмі», Р. Дарендорфтың «қақтығыстың функционалдық теориясы», Л. Козердің «позитивті-функционалды қақтығыс», Джон Бертонның «қақтығыстарды шешудің және алдын алудың жалпы теориясы»), қақтығыстар қоғамдық өмірдің ажырамас құбылысы екендігін көрсетеді.
“Conflictus” термині “con” – біреуге қарсы, біреумен бірге дегенді білдірсе, “flictus” етістігі ұру, итеру, құлату секілді мағынаны білдіреді. Демек, конфликт терминін қақтығыс, талас, күрес, қарама-қайшылық ұғымдарына сәйкес келеді деуге негіз бар.Мемлекеттік саяси билік, оны иелену, биліктік институттардың құрылымы, әлеуметтік топтардың саяси дәрежесі, құндылықтар мен нышандардың барлығы саяси биліктің негізі болып табылады және саяси қақтығыстардың нысаны мен пәнін құрайды. Бұл саяси қақтығыстың басқа конфликтілерден негізгі ерекшелігі. А. Глухованың айтуы бойынша: “Егер экономикада ресурстарды бөлудің біршама әділ жолы болса, яғни, өндірісті ұлғайту үшін кооперацияға келісіп барып, оны сосын бөлсе, ал саясатта бұл көбінесе мүмкін емес. Экономикада барлық заттар айырбасты бағаға ие болса, ал саясатта өзгеше: саяси еркіндік пен саяси тәуелсіздіктің орнын басатын ешқандай әділ эквивалент жоқ”. Сондықтан саяси қақтығыс биліктік ресурстарды, игіліктерді ұстап қалуға және бөлісуге ұмтылған екі немесе бірнеше жақтың өзара әрекеті болып табылады. Саяси қақтығыстардың негізінде әр түрлі факторлар бар. Мәселен, Л.Н. Тимофеева саяси қақтығыстың бес бастауын бөліп көрсетеді.Бірінші бастау саясат субъектілерінің дәрежесі сәйкес келмеуімен, оның рөлдері, қызметтері, мүдде мен қажеттіліктерімен, ресурстардың тапшылығымен сипатталады. Мысалы, билеуші және контрэлита арасындағы қақтығыс тұтасымен алғанда биліктік қатынастар жүйесіндегі барлық саяси субъектілердің конфликтісі болып табылады. Бірақ, биліктік өкілдікті тең бөлу мүмкін емес. Қақтығыстың екінші бастауы адамдардың басты құндылықтары мен саяси идеяларының, тарихи ағымдық оқиғаларды бағалауындағы сәйкессіздіктерге байланысты. Бұл теория бойынша қақтығыстар адамның және табиғаттың құрайтын қажеттіліктерінің шектелуі немесе қанағатталмауына байланысты туындайды.Қақтығыстардың үшінші бастауы азаматтардың бірегейлік процесіне байланысты. Демек, әр азамат өзінің әлеуметтік, діни, саяси, т.б. саяси жүйедегі орнын тапқысы келеді. Қақтығыстың төртінші бастауын Л.Н. Тимофеева саяси коммуникация технологиясында, ең алдымен ақпараттың қателігінде немесе оны арнайы бұрмалаудан көреді.Қақтығыстың бесінші қайнар көзі, билік үшін күресетін саяси қақтығыстағы субъектілердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінде астарланған. Саяси лидерлердің осындай жақтары, яғни, шектен шыққан авторитаризм, бақылаусыз өзімшілдік және т.б. саясаткерлер арасындағы араздықтың себебіне айналып, елдегі жағдайға тұтасымен ықпал етуі мүмкін.Саяси қақтығыстардың себептерін зерттей отырып, келесі қорытындыларға келуге болады.Біріншіден, оның негізінде әлеуметтік топтар, саясат субъектілері, индивидтердің арасындағы теңсіздік жатыр. Сонымен қатар, бұл жағдай
қоғамда үнемі орын алатын материалдық және рухани құндылықтардың тапшылығымен толықтырылады. Ресурстар шектеулілігінің өзі қақтығысқа себеп болады. Нәтижесінде қоғамда жақсы өмір сүру үшін күрес басталады, оның ішінде: билік, мәртебелік позициялар, жоғары табыс пен байлық.Екіншіден, қақтығыстар индивидтің немесе әлеуметтік топтың базалық қажеттіліктерге қанағатсызданбау нәтижесінде пайда болады.Үшіншіден, индивидтер мен әлеуметтік топтардың күрделі қарама-қайшылықтарда орын алатын құндылық бағдары мен мүдделік кереғарлық қақтығыстың себебі болуы мүмкін.Төртіншіден, азаматтардың әлеуметтік топтармен сәйкестендіру процесі саяси қақтығыстардың қайнар көзі болып табылады және олардың қоғамдағы орнын анықтайды.Бесіншіден, саяси қақтығыс ақпараттың жоқтығымен, берілген қақтығыс бойынша дезинформация ұсыну себептерімен орын алуы мүмкін және оны реттеу процесін қиындатады.Алтыншыдан, қақтығыстың себебі саяси қақтығыстардағы субъектілердің психологиялық ерекшеліктерінде жасырылады. Мысалы, саяси лидерлердің эмоционалды-жігерлі белгілерінің дамуы саяси қақтығыстың нәтижесін реттеудің динамикасына негативті түрде ықпал жасауы мүмкін.Жоғарыда аталғандарды қарастыра келе, саяси қақтығыстардың негізінде мүдделер мен саясат субъектілері мақсаттарының сәйкес келмеуі олардың материалдық және рухани қажеттіліктерге қанағантанбаудан деп қорытындылаймыз. Себебі, азаматтардың қажеттіліктері өседі, ал оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері үнемі шектеулі.Саяси қақтығыстардың әрқайсысының өзіне тән белгілері бар және саяси процестерде ашық, конструктивтік немесе деструктивтік рөлдерге ие.
Конструктивтік рөлі. Біріншіден, саяси қақтығыс қоғамдағы қарама-қайшылықтар мен мәселелердің пайда болуындағы әлеуметтік-саяси өзгерістердің себепшісі болып табылады. Олар социумдағы жағымсыз тұстар туралы ескерту береді, индивидтер мен әлеуметтік топтардың қанағаттанбау және қарама-қайшылықтар себептерін айқындайды.Екіншіден, қақтығыстың өзі қоғамда жинақталған алаңдаушылықты төмендету арқылы өзіндік шығыны бар тетік ретінде қызмет атқарып, қақтығысқа әкелген кемшіліктер мен жаңсақтықтың қарама-қайшылықтарын шешудің тәсіліне айналады.Үшіншіден, қақтығыс қоғамда болуы мүмкін тоқырауды, жүйенің ыдырауын алдын алып, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Қақтығыстық жағдайда индивидтер немесе әлеуметтік топтар оны реттеу мен шешу тәсілдерінің тәжірибесін алады.Енді деструктивтік қақтығыстарға тән сипаттамалық ерекшеліктерін көрсетейік.Біріншіден, саяси қақтығыс қоғамның бірігуіне қатер туғызады, қалыптасқан әлеуметтік-саяси
құрылымды құлатады, мемлекетте қауырттылықтың жоғары деңгейін қалыптастырады, қоғамда жіктелу орын алады.Екіншіден, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму қарқынын тежеуге ұрындырады, әлеуметтік жүйенің дағдарысы мен стагнациясына апарады.Үшіншіден, саяси қақтығыстар индивидтің немесе әлеуметтік топтың адамгершілік қағидаларының бұзылуына ықпал етеді, физикалық және психологиялық озбырлықтың, көп құрбандардың болуы адамның өшпенділік сезімі мен өш алу ықыласын қалыптастырады.Төртіншіден, деструктивті қақтығыстардағы өзара қимылдары оның субъектілері мен қатысушылары арасындағы қашықтықты жоғарылатып, олардың көзқарастарын полярландыра түседі.
Бесіншіден, оны реттеу мен шешудің жолында орнықты тосқауылдар пайда болып, қақтығыс жаңа деструктивті қақтығыстармен жалғасуы мүмкін.