- •1. Жаңа дәуірдің саяси теориялары.
- •2.Антикалық философиядағы саясат табиғаты мен мемлекет мәні.
- •3. Саясаттану пәнінің қазіргі таңдағы қоғамдағы рөлі мен маңызын суреттеп түсіндіріңіз.
- •4. Азаматтық қоғам тұжырымдамаларын сипаттап түсіндіріңіз.
- •5. Саяси модернизация түсінігі және оның типтері мен критерийлері.
- •7. Қақтығыстарды зерттеудегі негізгі теориялар.
- •8. Мемлекеттік құрылыс пен басқарудың түрлері.
- •9. Биліктің тиімділігі мен легитимділігі.
- •10. Мемлекеттің пайда болу теориялары.
- •11. Саяси билік легитимділігінің түрлері (м.Вебер бойынша).
- •12. Саяси жүйенің типологиясы.
- •13.Саяси идеология ұғымына анықтама беріңіз
- •14. Саяси мәдениет ұғымына анықтама беріңіз
- •15.Мажоритарлық сайлау жүйесіне анықтама беріп, кемшіліктерін анықтаңыз
- •16. Г. Алмонд саяси жүйе теориясын сипаттаңыз
- •17.Тоталитарлық саяси режимнің пайда болу себептерін сипаттаңыз
- •18. Саяси жүйе ұғымына анықтама беріңіз
- •19. Сайлау жүйелер түрлерін көрсетіңіз.
- •20. Саяси жанжалдар ұғымы және түрлеріне сипаттама беріңіз
- •21. Саясаттанудағы мемлекет типтері және ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •22.Авторитаризмнен (тоталитаризмнен) демократияға өту ерекшеліктері
- •23. Саяси модернизацияның мақсаттары мен өлшемдері, оның негізгі белгілері.
- •24. Қазақстан Республикасындағы саяси-биліктік қатынастардың жай-күйі
- •25.Қазақстан Республикасында болып отыратын сайлау үрдістерін демократияландыру тенденцияларының ерекшеліктері.
- •28. Саяси партиялық жүйелер түрлерінің ерекшеліктері.
- •29.Дуалистік монархиямен парламенттік монархия арасындағы айырмашылықты ашып көрсетіңіз.
- •31.Демократиялық саяси режимдегі жеке адамның құқығы мен бостандықтар мәселесін сипаттаңыз.
- •32.Қазақстан Республикасындағы саяси режимнің ерекшеліктері.
- •33.Қазақстан Республикасының сайлау жүйесіне сипаттама беріңіз .
- •34.Қазақстан Республикасының территориалдық құрылымының және басқару формасының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •35.Саяси партиялардың басқа саяси ұйымдардан ерекшелік белгілері.
- •37.Мажоритарлық және пропорционалдық сайлау жүйелерінің арасындағы айырмашылықтарын көрсетіңіз.
- •38.Саяси қақтығыстар және олардың қоғам өміріндегі рөлі.
- •39.Саяси билікті жүргізу механизмдерінің ерекшелігі.
- •40.Ортағасырдағы саяси ілімдер арасындағы байланысты анықтаңыз. (Августин, ф.Аквинский, Мартин Лютер)
- •41.Саясаттану ғылымы мен сіздің мамандығыңыздың арасындағы ұқсастықтар, байланыстар және ерекшеліктерді қалай түсінесіз?
- •42.Қазақ ғалымдарының, ойшылдарының еңбектеріндегі саяси ойдың басым бағыттарын, ерекшеліктерін түсіндіріңіз (Әл Фараби, Жүсіп Баласағұни еңбектері т.Б негіздерде болады).
- •44.Қазақстан Республикасының Парламентінің төменгі палатасы Мәжіліс депутаттарын сайлаудағы соңғы сайлау (2012 жылғы) ерекшеліктері және оның келешегі.
- •45.Тәуелсіз мемлекеттер достастығы шеңберіндегі қазақстандық бастамалардың саяси маңызы мен рөлі.
- •47.1986 Жылғы желтоқсан оқиғасының саяси астарлары және ұлттық рухтың жаңғыруы феномені ұғымымен нені түсінесіз?
- •48.Кемеңгер Абылай ханның ұстанған дипломатиясы мен сыртқы саясатының ерекшеліктері мен қр‑ның қазіргі көпвекторлы сыртқы саясатының негізгі ерекшеліктеріне қысқаша саяси талдама жасаңыз.
- •50.Тмд кеңістігі көлеміндегі қр‑дың саяси көшбасшылық рөлін айқындап отырған басым факторларға нені көрсетуге болады?
- •51. Жаһандық‑ақпараттық кеңістіктің жағымсыз (негативті) әсерлеріне қарсы төтеп берудегі ұлттық діл мен мәдениеттің рөлі, гуманистік және саяси астарлары.
- •52.Әлемнің қарқынды дамыған елдері қатарына қосылудағы интеллектуалдық капиталды күшеюту рөлін қалай түсінесіз?
- •55. Қазақстандықтар үшін Президент н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» ұлттық даму стратегиясының мәнін қалай түсінесіз?
- •56. Қр‑ның Ата Заңына 2007 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгерістердің саяси‑құқықтық рөлі мен маңызын айқындаңыз.
- •57. Қазақстан Республикасын әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосу стратегиясын жүзеге асырудағы әрбір азаматтың рөлі.
- •58. Қазақстан Республикасындағы саяси жаңару үрдістерін талқылап, түсіндіріп беріңіз.
- •59. Мемлекеттің саяси ұйым ретіндегі ерекшеліктеріне шағын талдама жұмысын жазыңыз.
- •60. Саяси мәдениет пен саяси әлеуметтену үрдістерінің ерекшеліктерін, мемлекет өміріндегі маңызын түсіндіріңіз.
33.Қазақстан Республикасының сайлау жүйесіне сипаттама беріңіз .
Қазақстан Республикасындағы сайлау өткізудің принциптері Конституцияда бекітіліп, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституцилық Заң күші бар “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Жарлығында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының құқықтық-нормативтік сипаттағы актілерінде егжей-тегжейлі белгіленген. Осы ережелер бойынша, 1995 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының сайлауы және онан кейін қабылданған жаңғыртулық өзгерістерге сай 2012 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан парламенті-Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткізілді. Республикалық референдум - Конституция, Конституциялық заңдар мен басқа да Қазақстан Республикасының мемлекеттік өміріндегі өте маңызды мәселелер жөніндегі шешімдердің жобалары бойынша, Республиканың барлық аумағында өткізілетін бүкілхалықтық дауыс беру. Бұл халық билігін тікелей жүзеге асырудың ең маңызды тәсілі саналады. Референдум қабылдаған шешім ең жоңары талап етуші күшке ие. Оның Қазақстанның барлық аумағына бірдей міндетті күші бар және әлдеқандай органдар тарапынан бекітуді қажет етпейді. Конституцияның, Конституциялық заңдардың, басқа да құқықтық актілер мен заңдардың арасында сәйкессіздік болған жағдайда, ол өзгешеліктер Конституцияны және басқа да аталған актілердің барлығын Республикалық референдум қабылдаған шешімге сай жүйелендіру жолымен түзетілінді. Республикалық референдумға азаматтар ерікті түрде қатысып, жабық дауыс береді.Он сегіз жасқа толған Республика азаматтары тегіне, әлеуметтік, лауазымдық, мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, мекен-жайына немесе басқа да жағдайларына қарамастан, республикалық референдумға қатысуға құқықты. Әр азамат референдумда теңдей дауысқа ие. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың референдумға қатысуға құқығы жоқ. Республикалық референдум өткізудің ерікті сайлаумен ортақ жағы көп. Референдум мақсаты – адамды сайлау емес, мәселе шешу. Референдумға қойылатын мәселе азамат оған “иә” немесе “жоқ” деп бір жақты жауап беретіндей, не ұсынылған бірнеше шешімдердің біреуін таңдай алатындай деңгейде болуы тиіс. Қатысуға құқықты азаматтардың жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, референдум өткізілген болып есептеледі. Республикалық референдум өткізу жөніндегі шешімді, Конституцияға сай, Республика Президенті қабылдайды. Республикалық референдум өткізу
жөніндегі ұсыныс, сондай-ақ, Парламент пен Үкімет тарапынан және республикалық референдумға қатысуға құқықты кемінде екі жүз мың республика азаматының қолдауымен қойылуы мүмкін. Республикалық референдумды ұйымдастырып, өткізу мен оның нәтижесін анықтау Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 2 қарашадағы конституциялық күші бар “Республикалық референдум туралы ” Жарлығы бойынша жүзеге асады. Күшіне енген жаңа Конституцияға сәйкес және дамыған демократиялық, елдердің тәжірибесіне сүйене отырып қабылданған бұл актіде республикалық референдумға негіз бола алмайтын мәселелердің жеткілікті тізімі келтіріледі. Тәуелсіз мемлекет тарихындағы алғашқы республикалық референдум Қазақстанда 1995 жылғы сәуір мен тамыз айларында өткізілді. Оларда Қазақстан Республикасының бүкіл халық сайлаған Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2000 жылға дейін ұзарту және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі мәселелер шешімін тапты. Соңғы референдумның алдында Н.Ә.Назарбаев ұсынған Конституция жобасы талқыланды. Жалпыхалықтық талқылаудың мақсаты – көпшіліктің ұсынысын есепке ала отырып, Заң жобасын жетілдіре түсу және оған қолдау көрсету. Қазақстандық демократияның ажырамас конституциялық институты, сонымен бірге мемлекеттік жоғары лауазымды адамның (Президенттің) орнын алмастыру мен өкілдік органдарды (Парламентті, мәслихаттарды және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын) құру тәсілі – ерікті сайлау.
