- •1. Жаңа дәуірдің саяси теориялары.
- •2.Антикалық философиядағы саясат табиғаты мен мемлекет мәні.
- •3. Саясаттану пәнінің қазіргі таңдағы қоғамдағы рөлі мен маңызын суреттеп түсіндіріңіз.
- •4. Азаматтық қоғам тұжырымдамаларын сипаттап түсіндіріңіз.
- •5. Саяси модернизация түсінігі және оның типтері мен критерийлері.
- •7. Қақтығыстарды зерттеудегі негізгі теориялар.
- •8. Мемлекеттік құрылыс пен басқарудың түрлері.
- •9. Биліктің тиімділігі мен легитимділігі.
- •10. Мемлекеттің пайда болу теориялары.
- •11. Саяси билік легитимділігінің түрлері (м.Вебер бойынша).
- •12. Саяси жүйенің типологиясы.
- •13.Саяси идеология ұғымына анықтама беріңіз
- •14. Саяси мәдениет ұғымына анықтама беріңіз
- •15.Мажоритарлық сайлау жүйесіне анықтама беріп, кемшіліктерін анықтаңыз
- •16. Г. Алмонд саяси жүйе теориясын сипаттаңыз
- •17.Тоталитарлық саяси режимнің пайда болу себептерін сипаттаңыз
- •18. Саяси жүйе ұғымына анықтама беріңіз
- •19. Сайлау жүйелер түрлерін көрсетіңіз.
- •20. Саяси жанжалдар ұғымы және түрлеріне сипаттама беріңіз
- •21. Саясаттанудағы мемлекет типтері және ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •22.Авторитаризмнен (тоталитаризмнен) демократияға өту ерекшеліктері
- •23. Саяси модернизацияның мақсаттары мен өлшемдері, оның негізгі белгілері.
- •24. Қазақстан Республикасындағы саяси-биліктік қатынастардың жай-күйі
- •25.Қазақстан Республикасында болып отыратын сайлау үрдістерін демократияландыру тенденцияларының ерекшеліктері.
- •28. Саяси партиялық жүйелер түрлерінің ерекшеліктері.
- •29.Дуалистік монархиямен парламенттік монархия арасындағы айырмашылықты ашып көрсетіңіз.
- •31.Демократиялық саяси режимдегі жеке адамның құқығы мен бостандықтар мәселесін сипаттаңыз.
- •32.Қазақстан Республикасындағы саяси режимнің ерекшеліктері.
- •33.Қазақстан Республикасының сайлау жүйесіне сипаттама беріңіз .
- •34.Қазақстан Республикасының территориалдық құрылымының және басқару формасының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •35.Саяси партиялардың басқа саяси ұйымдардан ерекшелік белгілері.
- •37.Мажоритарлық және пропорционалдық сайлау жүйелерінің арасындағы айырмашылықтарын көрсетіңіз.
- •38.Саяси қақтығыстар және олардың қоғам өміріндегі рөлі.
- •39.Саяси билікті жүргізу механизмдерінің ерекшелігі.
- •40.Ортағасырдағы саяси ілімдер арасындағы байланысты анықтаңыз. (Августин, ф.Аквинский, Мартин Лютер)
- •41.Саясаттану ғылымы мен сіздің мамандығыңыздың арасындағы ұқсастықтар, байланыстар және ерекшеліктерді қалай түсінесіз?
- •42.Қазақ ғалымдарының, ойшылдарының еңбектеріндегі саяси ойдың басым бағыттарын, ерекшеліктерін түсіндіріңіз (Әл Фараби, Жүсіп Баласағұни еңбектері т.Б негіздерде болады).
- •44.Қазақстан Республикасының Парламентінің төменгі палатасы Мәжіліс депутаттарын сайлаудағы соңғы сайлау (2012 жылғы) ерекшеліктері және оның келешегі.
- •45.Тәуелсіз мемлекеттер достастығы шеңберіндегі қазақстандық бастамалардың саяси маңызы мен рөлі.
- •47.1986 Жылғы желтоқсан оқиғасының саяси астарлары және ұлттық рухтың жаңғыруы феномені ұғымымен нені түсінесіз?
- •48.Кемеңгер Абылай ханның ұстанған дипломатиясы мен сыртқы саясатының ерекшеліктері мен қр‑ның қазіргі көпвекторлы сыртқы саясатының негізгі ерекшеліктеріне қысқаша саяси талдама жасаңыз.
- •50.Тмд кеңістігі көлеміндегі қр‑дың саяси көшбасшылық рөлін айқындап отырған басым факторларға нені көрсетуге болады?
- •51. Жаһандық‑ақпараттық кеңістіктің жағымсыз (негативті) әсерлеріне қарсы төтеп берудегі ұлттық діл мен мәдениеттің рөлі, гуманистік және саяси астарлары.
- •52.Әлемнің қарқынды дамыған елдері қатарына қосылудағы интеллектуалдық капиталды күшеюту рөлін қалай түсінесіз?
- •55. Қазақстандықтар үшін Президент н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» ұлттық даму стратегиясының мәнін қалай түсінесіз?
- •56. Қр‑ның Ата Заңына 2007 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгерістердің саяси‑құқықтық рөлі мен маңызын айқындаңыз.
- •57. Қазақстан Республикасын әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосу стратегиясын жүзеге асырудағы әрбір азаматтың рөлі.
- •58. Қазақстан Республикасындағы саяси жаңару үрдістерін талқылап, түсіндіріп беріңіз.
- •59. Мемлекеттің саяси ұйым ретіндегі ерекшеліктеріне шағын талдама жұмысын жазыңыз.
- •60. Саяси мәдениет пен саяси әлеуметтену үрдістерінің ерекшеліктерін, мемлекет өміріндегі маңызын түсіндіріңіз.
31.Демократиялық саяси режимдегі жеке адамның құқығы мен бостандықтар мәселесін сипаттаңыз.
“Саяси режим” түсінігі маңызды орын алады, өйткені ол сан қырлы саяси, құқықтық құбылыстарды, байланыстарды зерттейді, қоғамда қалыптасқан қатынастарды, билік қағидаттары мен әр түрлі институттарды қарастырады. Саяси режим қоғамның құқықтық, саяси тыныс-тіршілігіндегі билік жүргізу негізін ұйымдастырудың қайнар көзі болып табылады. Ол саяси бостандықтың дәрежесін білдіреді. Адамзат тарихы режимдердің бір қатарын басынан өткерді: Деспотиялық; Тираниялық;Тоталитарлық;Авторитарлық; Демократиялық; Саяси режим саяси жүйенің құрылымдық элементтеріне олардың саяси басымдылықтарына, биліктік әсер етудің әдістерін құралдарын таңдауына ықпал етеді. Мұндай режимде ел халқының кең әлеуметтік жіктері, халық, қоғамды қоғамдық істерді басқарып, билікті жүзеге асырады. Демократия - әлеуметтік өмір агенттері өздері құрған билік құрылымында шешімдердің қабылдануына тең дәрежеде қатыса алатын басқару формасы болып саналады. Демократияның басты ерекшеліктері: -Еркіндік принципі;-Саяси бәсекелестік;-Билік құрушы саяси элитаның қызметін бақылауды қамтамасыз ету мүмкіндігі.-Мемелекеттік биліктің құрылымдық икемділігі-Демократиялық режимнің саяси жаңалықтарды қабылдай білу қабілеті-Саяси қатынастар субъектілерінің іс әрекеті мен қызметі үшін саяси кеңістік жасау-Саяси және идеологиялық плюрализм-Демократиялық қоғам ашық қоғам.Демократия консепциялары:-Ұжымдық антикалық. Ж.Руссо теориясы социялистік демократия-Антикалық демократия: көпшіліктің шексіз белгісі;-Руссо теориясы: билік жалпы еріктің негізінде жеке адамдардың бірігуі нәтижесінде пайда болған халықтың қолында болады.Қазіргі саяси ғылымда саяси режим түсінігін елдегі саяси өмірдің сипатын, еркіндік деңгейіне, билік органдарына құқықтық негіздеріне қарым қатынасқа байланысты анықтайды. Осы түсінік турасында анықтама беруде талас тартыстар саяси талдаудың басқа категорияларымен салыстырғанда аз емес. Бірак көпшілік зерттеушілер саяси режимді саяси жүйе құрылымының өзара әрекеттестіктегі реттілігімен саяси билікен мақсаттардың жүзеге асырууымен байланыстырылады. Саяси режимнің функционалды мазмұны маңызды сұрақтарға жауап береді, яғни саяси жүуй қызметтерінде өзекше орын алады. Саяси режим жоғарыда аталып өткендей, мемлекеттік билікті жүзеге асырушы әдістер мен құралдардың жиынтығы деп есептеледі.
32.Қазақстан Республикасындағы саяси режимнің ерекшеліктері.
Қазақстан Республикасының Конституциясында: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм, мемлекет әмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық, әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентке дауыс беру арқылы шешу” деп көрсеткен (Жалпы ережелер, 1-бап). 1990 жылы 25 қазанда, КСРО тарамай тұрғанда-ақ, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум нәтижесінде жаңа Конституция қабылданды. Қазақстан Республикасының егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иеленіп кете алмайды. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. “Қазақстан халқы” деген конституциялық ұғым жергілікті қазақ ұлтымен тарихи тағдыры бір және ежелгі қазақ жерінде тұрақты дамыған көп сатылы біртұтас экономика мен жарқын өмір салтының негізінде ортақ тілекпен топтасқан адамдардың саяси этностық бірлігі болып табылатын Қазақстан халқының әлеуметтік ерекшелігін; Конституциялық жолмен белгіленген ұлттық, кәсіптік және азаматтық теңдігін, тең қолданылатын мемлекеттік және ресми тілдерді – сан қырлы қазақстандық мәдениет пен туысқандық менталитетті барынша нығайта түседі. Қазақстан Республикасы – демократиялық мемлекет. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сөз, ар-ұждан бостандығы, тілі мен ұлтын өзі анықтауын қамтамасыз ете отырып, бірлесу, митингілер, демонстрациялар, шерулер өткізу ереуілге шығу құқығымен қоса, жекелей және ұжымдық, еңбек дауын шешу, сондай-ақ мемлекеттік қызметке араласып, мемлекеттік, тағы басқа да істерді басқару қызметіне қатысуға тең құқықтар беріледі. Демократиялық мемлекеттің сипаттық ерекшелігі республика азаматтарының мемлекеттік қызметке араласуын ретке келтіру болып табылады. Демократиялық мемлекет саяси тәртіп жүргізудің демократиялық тәсілдері мен әдістерін көбірек қолданады.
